Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 672 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 641 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 672 қаулысымен
бекітілген

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 672 қаулысымен
бекітілген

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

      Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптар:

      1) тауарларға таңбалау кодтарын беру арқылы сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауардың әрбір бірлігін бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз ету.

      Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі тауарға немесе тұтыну қаптамасына немесе айналымнан шығарылмаған материалдық жеткізгішке салынған кодты қайта сериализациялауға жол бермеуі тиіс;

      2) тауарды таңбалау кодын рұқсатсыз шығарудан, көшіруден, жаппай шығарудан және қолдан жасаудың басқа да әдістерінен қорғауды қамтамасыз ету;

      3) сәйкестендіру құралдарын автоматтандырылған есепке алуды, оның ішінде таңбалау кодтарының мәртебесін ауыстыру жолымен қамтамасыз ету (өндіру, импорттау, айналымға енгізу, сату, айналымнан шығару, қайтару, бүлдіру, жоғалту кезінде және т.б.);

      4) тауар қаптамасын агрегациялаудың барлық деңгейлеріндегі сәйкестендіру құралдарының өзара байланысты есебін қамтамасыз ету (тұтыну - топтық - көліктік);

      5) Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің, салық және кеден заңнамасының сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының тиісінше орындауын қамтамасыз ету;

      6) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін салалық уәкілетті мемлекеттік органдарға мәліметтердің уақтылы және толық көлемде ұсынылуын қамтамасыз ету;

      7) тауарларды таңбалау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды және анықталған бұзушылық туралы хабарлама жіберу мүмкіндігімен мобильді қосымша арқылы тауарға түсірілген сәйкестендіру құралының түпнұсқалығын тексеруді қамтамасыз ету.

      Тауарға келтірілген сәйкестендіру құралының түпнұсқалығын тексеру кезінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі тауар туралы ақпаратты кем дегенде мынадай мәліметтер жиынтығымен сипаттауы тиіс: сауда атауы, өндіруші, импортер, кедендік декларацияның нөмірі мен күні, өндіріс күні (егер көзделген болса);

      8) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тауарлар айналымына барлық қатысушыларды тіркеу мен есепке алуды қамтамасыз ету;

      9) таңбаланған тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында олар туралы мәліметтерді қамтитын тауарлар айналымына қатысушылар арасында электрондық ілеспе құжаттарды қалыптастыру, өңдеу және алмасу;

      10) электрондық өзара іс-қимыл хаттамалары мен интерфейстерін пайдалана отырып, ақпараттық электрондық сервистер арқылы тауарлар айналымына қатысушылардың ақпараттық жүйелерімен деректер алмасу;

      11) ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы трансшекаралық сауда шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттер арасында өткізілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ету;

      12) таңбаланған тауарды өткізу туралы мәліметтерді алу бөлігінде Қазақстан Республикасының фискалдық деректерінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ету;

      13) уәкілетті мемлекеттік органдар үшін талдамалық және статистикалық ақпаратты қалыптастыру;

      14) таңбаланған тауарлардың иелері болып табылатын тауарлар айналымына қатысушылар үшін осындай тауарлар бойынша талдамалық ақпаратты қалыптастыру;

      15) шешімдерді қабылдауды одан әрі талдау, болжау және қолдау мақсатында талдамалық жүйелер үшін жинақталған деректерді құрылымдау және ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      16) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде оларды сәйкестендіру және аутентификациялау, сондай-ақ тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде құжат айналымын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану мүмкіндігі іске асырылуы тиіс;

      17) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде енгізілген деректердің сапасын тексеру үшін автоматтандырылған форматтық-логикалық бақылау тетігі іске асырылуы тиіс;

      18) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде пайдаланушылық операцияларды орындауға арналған web-қосымша іске асырылуы тиіс;

      19) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде пайдаланушылардың интерфейс тілін таңдау мүмкіндігін іске асыру үшін қазақ және орыс тілдерін қолдау қамтамасыз етілуі тиіс;

      20) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде анықтамалықтарды, тізілімдер мен сыныптауыштарды қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде қатысушылар пайдаланатын нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірлігі қамтамасыз етілуі тиіс;

      21) тауарлар туралы мәліметтерді сұрату кезінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің жауап беру уақыты 15 секундтан аспауы тиіс;

      22) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі кемінде 1 миллион пайдаланушының жүйені бір мезгілде пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс;

      23) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі күнін, уақытын, пайдаланушы компьютерінің IP-мекенжайын көрсете отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушылардың әрекеттерін тіркеуді қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      2. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық ресурстармен интеграциялық өзара іс-қимылына қойылатын талаптар.

      Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде мемлекеттік ақпараттық ресурстармен, оның ішінде сыртқы ақпараттық жүйелерден мәліметтерді бастапқы қабылдау және мезгіл-мезгіл өзектендіру бөлігінде "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы интеграциялық өзара іс-қимыл іске асырылуы тиіс:

      жеке кәсіпкерлер тізілімі;

      ұлттық куәландырушы орталық.

      Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық ресурстарымен, оның ішінде "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы, ал таңбаланған тауарлар туралы ақпаратты беру және/немесе алу бөлігінде:

      салықтық және кедендік әкімшілендіру мақсатында таңбаланған тауарлар туралы мәліметтер алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен;

      жекелеген тауар топтары бойынша салалық уәкілетті органдардың таңбалау мен олардың қадағалануы ақпараттық жүйелерімен (қажет болған жағдайда) интеграциялық өзара іс-қимыл іске асырылуы тиіс.

      3. Қауіпсіздікке және деректерді қорғауға қойылатын талаптар "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес айқындалады.