"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 602 қаулысымен бекітілген |
Кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар
Р/с | Іс-шараның атауы |
Аяқталу | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Ойын бизнесiн ұйымдастырушыларға қатысты Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының, оның ішінде ҚКЗ/ТҚ туралы заң талаптарының сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу |
бірлескен | 2019 жыл бойы |
МСМ, Қаржымині |
2. | Ойын бизнесінде ҚКЗ/ТҚ саласында тиімді бақылау жүргізу үшін тәуекелге бағытталған тәсілді қолдану |
бірлескен | 2019 жыл бойы |
МСМ, Қаржымині |
3. | Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ҚКЗ/ТҚ туралы заңды тиісінше орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу | бірлескен іс-шаралар, МСМ хаттамалары | 2019 жыл бойы |
МСМ, Қаржымині |
4. | Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін әзірлеу | типологиялар мен схемалар |
2021 жылға | Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар (келісу бойынша) және қаржы мониторингі субъектілері (келісу бойынша) |
5. |
| әдістемелік құрал, ұсынымдар |
2021 жылға |
Қаржымині, халықаралық ұйымдар және ҚКЗ/ТҚ қатысушылары |
6. | "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 613 бұйрығына терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған толықтырулар енгізу | бұйрық |
2020 жылғы | Қаржымині, БП (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ІІМ |
7. | Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге және аудиторлық ұйымдарға қатысты ҚКЗ/ТҚ аясындағы бақылау саласындағы тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану ерекшеліктерін ескере отырып, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы уәкілетті органдардың бақылау функцияларын жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу | бұйрық |
2020 жылғы | Қаржымині |
8. | Банктік емес айырбастау пункттерінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, микроқаржы ұйымдарының және төлеу ұйымдарының осы субъектілердің ҚКЗ/ТҚ бойынша заңнаманы орындауына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға ҚКЗ/ТҚ мақсатында шараларды қолдануға қатысты талаптарды орындау туралы есепті (жарты жылда 1 рет) ұсынуы туралы талап енгізу | Басқарма қаулысы |
2020 жылғы | ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҚҚҚ (келісу бойынша) |
9. | Қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен, сондай-ақ арнайы және құқық қорғау органдарымен бірге коммерциялық емес ұйымдар тарапынан ҚКЗ/ТҚ саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру |
бірлескен |
2020 жылғы | Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ |
10. | ҚКЗ/ТҚ-ға қатысты жеке және заңды тұлғаларды одан әрі қарай салыстыру үшін күдікті операцияларды анықтау мақсатында КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар коммерциялық емес ұйымдарға қаржы мониторингін ұйымдастыру | тізілім |
2020 жылғы | Қаржымині |
11. | "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" № 1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 29 бұйрығына предикаттық қылмыс жасау нәтижесінде алынған кірістер туралы мәліметтерді көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу | бұйрық |
2021 жылғы | БП (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), Қаржымині, ІІМ |
12. | "Стандартты жедел іс-әрекеттерді" сипаттай отырып, кірістерді жылыстату бойынша іс қозғау жағдайларын қоса алғанда, экономикалық тергеу жүргізу бойынша тергеушілер үшін нұсқаулық (ұсынымдар) әзірлеу | ұсыным |
2021 жылғы |
БП (келісу бойынша) Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша) |
13. | Қылмыстарды тергеу кезінде қаржы мониторингінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, ҚҚО, АрМО өзара іс-қимыл тетігін айқындау | бірлескен бұйрық |
2021 жылғы |
Қаржымині, |
14. | ҚКЗ/ТҚ туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын жетілдіру | заң жобасының тұжырымдамасы |
2021 жылғы |
Қаржымині, ҚРБҚ |
15. |
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу рәсімінен өту кезінде Е-лицензиялау ақпараттық жүйесінде ҚКЗ/ТҚ туралы Заңның | техникалық құжат, хабарламаларды қабылдау және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу жүйелерін модификациялау |
2021 жылғы | Қаржымині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ |
16. | ҚКЗ/ТҚ саласында ҚМС бақылау жүргізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың тәуекелге бағытталған тәсілді енгізуі | бұйрық (Басқарма қаулысы) |
2021 жылғы | Мүдделі мемлекеттік органдар |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АрМО | – | арнаулы мемлекеттік орган |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
КЖ/ТҚ | – | кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру |
ҚКЗ/ТҚ | – | қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл |
ҚКЗ/ТҚ туралы Заң | – | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚҚҚ | – | "Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі |
ҚҚО | – | құқық қорғау органы |
ҚМС | – | қаржы мониторингі субъектісі |
ҚРБҚ | – | "Қазақстанның риэлторларының біріккен қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі |
МСМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
СҚА | – | Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) |
ҰБ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |