Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1074-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |