Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кейбір республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 561 қаулысына қосымша |
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 561 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.";
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 61-25), 61-26) және 61-27) тармақшалармен толықтырылсын:
"61-25) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;
61-26) инвесторлар үшін "бір терезе" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
61-27) мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп инвесторларға осы қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындайды;";
ведомстволардың функциялары:
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
"51-1) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлеу;".
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.";
16-тармақ:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2), 27-3), 27-4), 27-5), 27-6) және 27-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"27-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау жөнінде мемлекеттік кепілдіктер беру үшін қорытындыны әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды белгілеу;
27-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен экспортты қолдау жөнінде мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындау үшін соманы белгілеу;
27-3) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
27-4) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
27-5) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін келісу;
27-6) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін келісу;
27-7) арнайы комиссияның жұмысына қатысу;".
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағы орталық аппарат функцияларының 578-1), 578-2), 582), 590), 591), 592), 597), 600), 601) және 612) тармақшаларын және ведомстволар функцияларының 333), 334), 335), 337), 338), 339), 340), 341), 342), 345), 346), 348), 349), 350), 353), 353), 354), 356), 357), 359), 360), 361), 362), 363), 364), 365), 367), 368), 369), 3773), 374), 375), 376), 377), 378), 379), 380), 381), 382), 383), 384), 385), 386), 387), 388), 389), 390), 394), 395), 396), 397), 398), 399), 400), 401), 402), 403), 404), 405), 406), 407), 408), 409), 436), 437), 438), 439), 440), 441), 442-1) және 442-2) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрия және индустриялық даму, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және тарату; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, аэронавигация және әуежайлар қызметі саласындағы табиғи монополия, әуежайлар қызметі саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы; арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және тарату; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;";
орталық аппараттың функцияларында:
149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"149) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 149-1), 149-2), 149-3), 149-4), 149-5), 149-6), 149-7), 149-8), 149-9), 149-10), 149-11), 149-12), 149-13), 149-14), 149-15), 149-16), 149-17), 149-18) және 149-19) тармақшалармен толықтырылсын:
"149-1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбелерін әзірлеу және бекіту;
149-2) республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешімді келісу;
149-3) арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;
149-4) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтініш пен сауалнаманың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
149-5) республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту;
149-6) арнайы комиссияны құру және оның ережесін бекіту;
149-7) сарапшылық кеңесті құру және оның ережесін бекіту;
149-8) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
149-9) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
149-10) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
149-11) шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
149-12) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөнінде шарт жасасу;
149-13) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөнінде шарт жасасу; 149-14) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
149-15) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту;
149-16) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік органдардың және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 149-17) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы ұсыныстар енгізу;
149-18) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктерін әзірлеу және бекіту;
149-19) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;";
150) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"150) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпарат беру;";
154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"154) қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды әзірлеу және бекіту;";
156), 157), 158), 159), 160), 161) және 162) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"156) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын бекіту;
157) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын бекіту;
158) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шартын бекіту;
159) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шартын бекіту;
160) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
161) жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту;
162) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
163) тармақ алып тасталсын;
164), 165) және 166) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"164) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ қатысушысының қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы үлгілік актінің нысанын әзірлеу және бекіту;
165) тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
166) арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;";
167) тармақ алып тасталсын;
285) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"285) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;";
296) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"296) жылжымалы құрамды және оның кепілін міндетті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бекіту;";
344) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"344) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту;";
351) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"351) навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану тарифтерін (бағасын) бекіту;";
362) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"362) теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту;";
423) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"423) теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;";
433) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
434) және 435) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"434) жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту;
435) теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 479-1), 479-2), 479-3), 479-4), 479-5), 479-6), 479-7), 479-8), 479-9), 479-10), 479-11), 479-12), 479-13), 479-14), 479-15), 479-16), 479-17), 479-18), 479-19), 479-20), 479-21), 479-22) және 479-23) тармақшалармен толықтырылсын:
"479-1) жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;
479-2) теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;
479-3) қауіпсіздік сертификатының нысанын бекіту;
479-4) кiрме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын бекіту;
479-5) тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту;
479-6) жасанды құрылысжайларды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;
479-7) жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;
479-8) жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпараттың нысандарын бекіту;
479-9) кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту;
479-10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды бекіту;
479-11) теңіз порты мәртебесін беру қағидаларын бекіту;
479-12) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту;
479-13) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидаларын бекіту;
479-14) мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдарын жұмсау (заттай мәндегі) нормаларын бекіту;
479-15) суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін бекіту;
479-16) уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту;
479-17) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу тәртібін бекіту;
479-18) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды бекіту;
479-19) Ұлттық теңіз тасымалдаушысы мәртебесін беру қағидаларын және шарттарын бекіту;
479-20) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, Қорғаныс министрлігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларын бекіту;
479-21) материалдар мен жабдықтардың азайтылмайтын қорларының тізбесін, кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін бекіту;
479-22) Жылжымалы құрам мемлекеттік тізілімінен алып тастау тәртібін белгілеу;
479-23) шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру актісінің және ұйғарымның нысанын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 578-1) және 578-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"578-1) Авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту;
578-2) Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тәртібі мен олардың нормативін бекіту;";
582) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"582) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп авиациялық оқиғаларды және инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беру, сондай-ақ осы ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізу;";
590), 591) және 592) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"590) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетіктерін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді міндетті және ерікті түрде беру жүйесін әзірлеу, енгізу, зерделеу және қолдау;
591) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпаратты таратуға қатысу;
592) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігімен байланысты ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ осындай ақпаратты азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізу;";
597) тармақша алып тасталсын;
600) тармақша алып тасталсын;
601) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"601) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды бекіту;";
612) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"612) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп Қазақстан Республикасының авиация қызметі және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 656-1) және 656-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"656-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын бекіту;
656-2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 659-1) тармақшамен толықтырылсын:
"659-1) тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 708-1) және 708-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"708-1) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;
708-2) электр энергиясын беру және онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;".
16-тармақта:
ведомстволардың функциялары:
186), 187), 188), 189), 190) және 191) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"186) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік органдардың және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
187) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу;
188) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу;
189) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу;
190) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу;
191) жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;";
192) тармақша алып тасталсын;
193), 193), 194), 195) және 196) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"193) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақты құру тұжырымдамасының арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру;
194) республикалық маңызы бар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақты құру тұжырымдамасының орындылығын сараптамалық кеңестің қарауы және оның арнайы экономикалық және индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруі қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы өтініш берушіге немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жазбаша негізделген жауап жіберу;
195) сараптама кеңесінің қарауына арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақты құру туралы ұсыныс жіберу;
196) республикалық маңызы бар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтардың аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың республикалық маңызы бар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтардың аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстарын қарау;";
мынадай мазмұндағы 196-1), 196-2), 196-3) және 196-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"196-1) арнайы комиссия туралы ережені әзірлеу;
196-2) сарапшылық кеңес туралы ережені әзірлеу;
196-3) қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішті арнайы комиссияны қарауына жіберу;
196-4) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды әзірлеу;";
197), 198) және 199) тармақшалар алып тасталсын;
314) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"314) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру;";
мынадай мазмұндағы 332-1), 332-2) және 332-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"332-1) қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген жағдайда шағын көлемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргiзу;
332-2) қауіпсіздік сертификатын беру;
332-3) басқа мемлекеттердің аумағында кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;";
333) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"333) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды бекіту, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды шығару;";
334) және 335) тармақшалар алып тасталсын;
337), 338), 339), 340), 341) және 342) тармақшалар алып тасталсын;
345) және 346) тармақшалар алып тасталсын;
348), 349) және 350) тармақшалар алып тасталсын;
352), 353) және 354) тармақшалар алып тасталсын;
356) және 357) тармақшалар алып тасталсын;
359), 360), 361), 362), 363), 364) және 365) тармақшалар алып тасталсын;
367), 368) және 369) тармақшалар алып тасталсын;
373), 374), 375), 376), 377), 378), 379), 380), 381), 382), 383), 384), 385), 386), 387), 388), 389) және 390) тармақшалар алып тасталсын;
394), 395), 396), 397), 398), 399), 400), 401), 402), 403), 404), 405), 406), 407), 408) және 409) тармақшалар алып тасталсын;
436), 437), 438), 439), 440) және 441) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 442-1) және 442-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"442-1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтық әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын тоқтату жөнінде шаралар қабылдау;
442-2) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтарын есепке алуды жүргізу, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтың барлық жағдайлары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;";
осы қаулыға 2-қосымшада:
қайта аталатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесінде:
"республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар" деген бөлімде:
2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.