Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кейбір республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 561 қаулысына қосымша |
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 561 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.";
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 61-25), 61-26) және 61-27) тармақшалармен толықтырылсын:
"61-25) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;
61-26) инвесторлар үшін "бір терезе" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
61-27) мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп инвесторларға осы қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындайды;";
ведомстволардың функциялары:
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
"51-1) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлеу;".
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.";
16-тармақ:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2), 27-3), 27-4), 27-5), 27-6) және 27-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"27-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау жөнінде мемлекеттік кепілдіктер беру үшін қорытындыны әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды белгілеу;
27-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен экспортты қолдау жөнінде мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындау үшін соманы белгілеу;
27-3) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
27-4) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
27-5) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін келісу;
27-6) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін келісу;
27-7) арнайы комиссияның жұмысына қатысу;".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.