Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 396 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-103-жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 224-28-жол алып тасталсын.
3. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 119-жол алып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.";
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 53-жол алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі".
5. "Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 307 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 19, 146-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық пантеон туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.".