Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
19-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көтеріліп отырған мәселелер жекелеген мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жататын және тиісінше олардың өздері шеше алатын жағдайда, мемлекеттік органдардың, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет басшылығында кеңестер өткізу жөніндегі өтініштерін;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін;";
23-тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жол жүргенге дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын министрліктер басшыларының, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"), "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" (бұдан әрі – "ҚазАгро" ҰБХ"), "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ") акционерлік қоғамдары басқарма төрағаларының іссапарға шығуына рұқсат алуға байланысты өтініштер;";
28-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының таяу және алыс шетелге сапарларына байланысты құжаттар (материалдар) ЭҚАБЖ арқылы Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөліміне жіберіледі.";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өтініштері мен қаулылары бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарларының жобалары мен Үкіметтің жауаптары Экономикалық бөліммен қосымша келісіледі.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тапсырмалары мен ұсынымдарының орындалуын тұрақты мониторингілеуді Экономикалық бөлім жүзеге асырады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі – жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, "Үкімет үйі" мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық, сол сияқты оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.";
екінші бөліктің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Кеңсенің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің Премьер-Министр Кеңсесімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өңірлік даму мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын бақылауды;
қажет болған кезде Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне Үкімет отырыстарының материалдарын жіберуді;
өңірлер өкілдерінің БКБ-де Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестерін өткізу сценарийлерін сақтауы, сөз сөйлеушілердің даярлығы (Т.А.Ә., сөйлеу кезегі және сөйлейтін орны) бөлігінде алдын ала дайындығын бақылауды;
селекторлық режимде өткізілетін кез келген кеңеске облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері өкілдерінің қатысуы мәселелері бойынша Кеңсенің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
4) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің аппарат басшылары:
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын;
Үкімет отырыстары және Премьер-Министрдегі, оның орынбасарлары мен Кеңсе басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын;
"Үкімет үйі" залдарынан тестілік қосылуды дайындау және жүргізу кезеңінде өңірлердегі отырыс залдарында регламенттік және дайындық жұмыстарының (техникалық сынап-байқау және Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестеріне әзірлік, қатысушылардың сөйлейтін орындарын айқындау және т.с.с.) өткізілуін;
соңғы тестілік қосылуды өткізгеннен кейін (іс-шара басталғанға дейін 2 сағат бұрын) өңірлерде отырыс залын өзгертуге, жабдықтардың (жарықтандыру, БКБ-ны күйге келтіру, байланыс, дыбыс күшейткіш) күйге келтірілуін өзгертуге жол берілмеуін;
іс-шараны өткізу кезінде сценарий (сөз сөйлейтін қатысушылардың болуы, кезектілік және даярлық тәртібі) мен тәртіптің сақталуын, сондай-ақ жергілікті жерлерде шақырылғандардың БКБ мен дыбыс күшейткіш жүйесін пайдалануы бойынша нұсқау өткізуді;
бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) және басқа да бөгде адамдардың зал жабдықтарына (микрофондар, бейнекамералар, сымдар және т.б.) қолжетімділігін шектеуді;
іс-шараны өткізу кезеңінде мобильді байланысты пайдалануға салынған тыйымның сақталуын;
жабық немесе оқшаулы жұмыс режиміне ауысқан жағдайда, шақырылған адамдар мен баспасөз өкілдерінің уақтылы шығарылуын;
зал жабдықтарының электрмен үздіксіз жабдықталуын, сондай-ақ залды жарықтандырудың біркелкілігін (сөз сөйлеушілерге жарық түсіру көздерінің болуы, перделердің және басқа да күңгірттендіру элементтерінің болуы);
Премьер-Министрдің баспасөз қызметімен келісу бойынша өңірлерде БАҚ өкілдерінің қатысуын;
тәртіп бұзушылардың залдан дер кезінде шығарылуын қамтамасыз етеді;";
97-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Кеңсенің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөліміне береді;";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. БҚҚБ ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады. Шетел азаматтарының баяндамаларын тыңдаған не олар қатысқан кезде Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі ілеспе аудармашының қатысуын қамтамасыз етеді, Өңірлік даму бөлімі жергілікті жерде аудармашымен қамтамасыз ету үшін бұл туралы әкімдер мен өңірлердің басқа өкілдеріне хабарлайды.";
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Куверттік карточкаларды қоюды және отырысқа қатысушыларды отырғызуды Кеңсенің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі жүзеге асырады.";
134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"134. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын БҚҚБ күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін МОИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды.
Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобаларын, Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық форматтарда (нысандарда) ЭҚАБЖ арқылы қабылдайды.
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық тасығыштарда қабылдайды.";
137-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңсеге енгізілетін, заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулылары жобаларының, Үкімет қорытындылары жобаларының, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалардың әр парағын Үкімет Регламентіне сәйкес әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми жүктелген адам не бірінші басшы Үкімет пен Кеңсе басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға ресми уәкілеттік берген адам) немесе облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі (облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімінің міндетін атқару ресми жүктелген адам) дәйектеуге тиіс.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулерін, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заң техникасы бойынша ескертулерін ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми жүктелген адам не бірінші басшы Үкімет пен Кеңсе басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға ресми уәкілеттік берген адам) немесе облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі (облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімінің міндетін атқару ресми жүктелген адам) ЭЦҚ арқылы электрондық түрде келіседі және қайта қолбелгі қояды, ал қажет болған кезде басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жобаларды БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлері, жауапты бөлімнің және бірлесіп орындаушы бөлімдердің, Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) МОИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келіседі және МОИП арқылы әзірлеуші мемлекеттік органдарға қайта келісуге жолданады.
МОИП және ЭҚАБЖ арқылы келісілгеннен кейін елтаңбалық бланкідегі жобаны жобаның өтуіне жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі, БҚҚБ-ның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлері, Кеңсе Басшысы, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) қолбелгі қою арқылы келіседі, бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік органның қайта келісу нәтижелері (бірінші басшысының Т.А.Ә., қайта келісу датасы мен уақыты, ЭЦҚ-ны тексеру нәтижелері, жобаның нөмірі мен нұсқасы) жобаның әрбір парағы мәтінінің төменгі бөлігінде мәтіндік ақпарат және штрих-код ретінде көрсетіледі.
Заң жобаларын Парламентке жіберуді не оларды Парламенттен кері қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларын, сондай-ақ Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкімет қорытындыларын Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қосымша келіседі;";
151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"151. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге электрондық құжаттар нысанында жауаптар немесе ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар бойынша, сондай-ақ Үкімет мүшесі Қазақстан Республикасының аумағында қызметтік іссапармен болған жағдайда) жазбаша жауаптар жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады.
Үкімет мүшелері дауыс беруді алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.";
3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
11-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергілiкті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі нұсқаулықта:
14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет отырыстары хаттамаларының, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі мен Экономикалық бөлім жүзеге асырады.";
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Шетелдік сапарлардың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке берген тапсырмаларды үйлестіруді Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі жүзеге асырады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімі жүзеге асырады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы әрi сапалы орындалуы, заңнамалық және нормативтiк құқықтық актілер жобаларының әзiрленуi, олардың Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрдiң қарауына ұсынылуы бойынша жауапкершiлiк орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкiмдерiне жүктеледi. Бұл ретте, көрсетiлген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлiмшелер мен лауазымды адамдарды белгiлейдi.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, өтініштермен жұмыс істеу секторының өтінішті және сұрау салуды қабылдаған қызметкерінің тегі мен инициалдары көрсетілген талон (1а-қосымша) беріледі.";
5-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңсенің өтініштермен жұмыс істеу секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде түбегейлі жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері және сұрау салулары қосымша қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш берушіге үш күн мерзімде хабарланады.";
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініштерді және сұрау салуларды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, БҚҚБ-нің өтініштермен жұмыс істеу секторы арқылы жүргізіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. БҚҚБ-ның өтініштермен жұмыс істеу секторы басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары бойынша нақты мерзімдері көрсетілген, "баяндалсын", "хабардар етілсін" деген және Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін және басқа да белгілері бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштерге, сұрау салуларға және карточкаларға "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ" ("Взято на контроль") және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады" ("Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом") деген мөртабандар қойылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, бұл туралы БҚҚБ-ның өтініштермен жұмыс істеу секторы хаттың есеп карточкасының сырт жағына белгі қояды, тиісті түзету енгізеді және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепке алу деректерін енгізеді.";
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін болмайтын, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылмаған, пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері және сұрау салулары анонимдік деп саналады және оған мұндай өтініште және сұрау салуда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда өтініштермен жұмыс істеу секторы зерделеп, БҚҚБ-нің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.";
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Анонимдік өтініштер және сұрау салулар өтініштермен жұмыс істеу секторында зерделенеді және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.";
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 371 қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша |
Премьер-Министр Кеңсесінде тіркеуге жатпайтын құжаттардың
ТІЗБЕСІ
Кеңсеге түсетін, олар бойынша шешімдер қабылдау талап етілмейтін (ешқандай мәселе қойылмаған) мынадай құжаттар тіркелмейді:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы;
3) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің жанындағы алқа отырыстарының хаттамалары, сондай-ақ олардың жекелеген шешімдері;
4) Кеңсеге мәлімет үшін түсетін хаттардың көшірмелері;
5) тағайындалатын қызметкерлер жөніндегі есепке алу деректері;
6) мемлекеттік органдардың жұмысы, экономика мен әлеуметтік-мәдени салалар туралы статистикалық есептер, мәліметтер, анықтамалар және мәлімет үшін жіберілген басқа да ақпарат;
7) ІІМ және басқа да жедел қызметтердің шұғыл ақпарлары;
8) метеоақпарлар;
9) Кеңсе сұрау салатын алқа қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары және нұсқаулықтары;
10) әлеуметтанушылық зерттеулердің материалдары;
11) баспа басылымдары (кітаптар, брошюралар, газеттер, журналдар және т.б.);
12) құттықтау жеделхаттары мен ашықхаттары (мемлекет пен үкімет басшыларының жолдауларынан басқа);
13) шақырулар;
14) жарнамалық ақпарат;
15) телефондар орнатуға өтінімдер;
16) рұқсаттамалар беруге өтінімдер;
17) бухгалтерлік құжаттар;
18) кездесуді ұйымдастыру туралы өтініштері бар хаттар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 371 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша |
Шығыс жеделхатты ресімдеу
ҮЛГІСІ
Үкіметтік |
Ескертпе. Құттықтау немесе көңіл айту жеделхаттарына шығыс нөмірі сызықтың астына қойылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 371 қаулысына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа 11-қосымша |
Қазақстан Республикасы |
Бекітемін |
Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы № ___ АКТ
Нұр-Сұлтан қ. 20__ жылғы "___" _____________
20__ жылғы "_________ құжаттар тізбесінің" негізінде мынадай құжаттар практикалық мәнін жоғалтқандар ретінде жоюға іріктеп алынды:
Р/с № | Істің немесе құжаттың тақырыбы, жылдар | Істердің саны | Тізбелер бойынша баптардың № | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны: | ||||
Құжаттар саны ____________________________________________________________
(актіні ресімдеген адамның лауазымы, Т.А.Ә.) __________________________________
БҚҚБ келісті ___________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" РМК
Жөндеу-ресімдеу қызметіне тапсырылды (лауазымы, Т.А.Ә. ______________ _____________)
Күні 20__ жылғы "___" _____________