"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-117-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"21-117. "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 386-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"386. "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы.".
3. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінде:
реттік нөмірі 19-жол, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ" деген сөздер мен аббревиатура "QazTech Ventures" АҚ" деген сөздермен және аббревиатурамен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан индустриясын дамыту институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";
"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"QazTech Ventures" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)".
5. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:
1) өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
5) аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;
8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындылар әзірлеуді көздейтін индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсету;
9) технологиялық болжау процесіне қатысу;
10) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
11) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысу;
12) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
13) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
14) технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысу;
15) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар беру;
16) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсету;
17) технологиялық даму саласындағы ақпаратты жинауды жүзеге асыру және индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдау;
18) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу;
19) жергiлiктi қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
20) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға iшкi нарықта отандық тауар өндірушілерді, жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсету;
21) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсету;
22) жергiлiктi қамту бойынша сараптаманы жүзеге асыру;
23) субконтрактация орталығы шеңберінде қызмет көрсету;
24) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға iшкi нарықтағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистік қолдау бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
25) ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін талдау;
26) жергілікті қамту мәселелері бойынша конференциялар, бизнес-форумдар, тренингтер, тұсаукесерлер, семинарлар, көрмелер және көрме іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
27) сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;
28) әлеуетті экспорттық нарықтарды іздеу және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарыққа ілгерілету мәселелері бойынша отандық экспорттаушыларға ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету;
29) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсету;
30) транзиттік әлеует пен көлік логистикасын дамытумен қатар, экспортты ілгерілетуді талдау және мониторинг жүргізуге қатысу.".
6. "Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
"Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері" деген 2-бөлімде:
"Қазақстанның кластерлік саясатының негізгі бағыттары" деген кіші бөлімде:
"интегратор: қордың атқарушы органы ("АТП Ұлттық басқарушы компаниясы" АҚ) не Технологиялық даму ұлттық агенттігі (бұдан әрі –ТДҰА);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"интегратор: қордың атқарушы органы ("АТП ұлттық басқарушы компаниясы" АҚ) не "QazTech Ventures" АҚ";";
"Кластерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау" деген кіші бөлімде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының және Ғылым қорының технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарын бөлуі, кластерлерге қатысушы ірі кәсіпорындардың бірлесіп қаржыландыруы арқылы кластерлер үшін перспективалы ҒЗТКЖ-ні қолдау;".
7. "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау" деген 1-міндеттің реттік нөмірі екінші жолы "ҚИЭО" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатурамен және сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірлері 15, 19, 34, 35, 36, 37, 38, 86, 87-жолдардағы "ҚИДИ" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатура мен сөздер "ҚИЭО" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 53, 54-жолдардағы "NADLoC" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатура мен сөздер "ҚИЭО" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 55, 59, 60, 61, 62-жолдардағы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатура мен сөздер "ҚИЭО" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
"Инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау" деген 4-міндеттің реттік нөмірлері 1 және 2-жолдарындағы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатура мен сөздер "ҚИЭО" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 80, 85-жолдардағы "ҚИДИ" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатура мен сөздер "ҚИЭО" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын, "NADLoC" АҚ (келісім бойынша)" деген аббревиатура мен сөздер алып тасталсын;
Ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
"ҚИДИ – "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚИЭО – "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы";
"NADLoC" АҚ – "NADLoC" жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы" деген жол алып тасталсын.
8. "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 41-42-43, 258-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Технологиялық даму саласында:
"Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;
"QazTech Ventures" акционерлік қоғамы.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жергілікті қамтуды дамыту саласында:
"Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Экспортты дамыту және ілгерілету саласында:
"KazakhExport" экспортты сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы;
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы.".
9. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.07.2022 № 482 қаулысымен.10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2022 № 311 қаулысымен.
11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.
12. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;".