РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз.
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 219 қаулысымен.1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.
2. Мыналар:
1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармақша осы қаулының 8-тармағына сәйкес 31.12.2025 дейін қолданыста болады.
2) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу;
3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 219 қаулысымен.3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын әзірлеуді және бекітуді, оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады".
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 219 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына 1-қосымша |
"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Қалдық құны бойынша бірлік бағасы (теңге) | Қалдық құнының жиыны (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны балансындағы мүлік | |||||
1. | Еден жабыны 150 ш.м. (Алтын адамның әлем музейлері бойынша шеруі) | дана | 1 | 26 883 360 | 26 883 360 |
2. | Бөлек тұғырымен "Алтын адамның" үшкір бас киімі формасындағы витриналар", өлшемі: 75 см*25 см | дана | 24 | 3 385 884,12 | 81 261 218,88 |
3. | GlassVision экраны non-transparent шыны шолу экраны | дана | 10 | 1 043 178,25 | 10 431 782,50 |
4. | PDP мониторы PDP 103", 1920x1080, 1400ccd. 201kg PDP мониторы PDP 103" | дана | 1 | 11 009 229 | 11 009 229 |
Жиыны | 129 585 590, 38 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына 2-қосымша |
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесінің құрамы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесі туралы ереже
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-190-жолмен толықтырылсын:
"21-190. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-33-10-жолмен толықтырылсын:
"224-33-10. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.