Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5 және 7-тармақтарына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары;

      2) Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары;

      3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары;

      4) Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1082-құжат);

      2) "Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазанда № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 15-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі

      2. Қызметкерлерге шығындар:

      1) медициналық айғақтар бойынша стационарда емделуге жол жүру және кері қайту;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;

      3) қызметі бойынша ауысу;

      4) Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметтен шығарылу кезінде өтеледі.

      3. Қызметкерлерге шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

      Болған оқиғаның фактісі бойынша Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметкерлерге шығындарды өтеуді қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүзеге асырады.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарды өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұрғылықты жерінен оқиға өтетін жерге дейін және кері қайту жолы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.

      5. Көлік уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, қызметкер жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты көрсетеді.

      6. Қызметкерге шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін оқиға аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде мекемеге Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) қызметкерлер үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) қажет болған жағдайда – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсеткіштерінің бар екендігі туралы көрсете отырып, қабылданған стационарлық емі не медициналық тексерілу (куәландыру) туралы әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың) анықтамасы;

      4) жол жүру құжаттары;

      5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;

      6) қажет болған жағдайда – Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар.

      7. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріне шығындарды өтеген жағдайда қызметтен шығарылған кезде тұрғылықты жері бойынша қызметкер таңдаған аумақтық орган қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзіндіні сұратады.

      8. Шығындарды өтеу Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа)
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге: __________________________
  (шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің) басшысына)

Шығындарды өтеуге арналған баянат

      Сізден ________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      ______________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      ...__________________________________________________________________

      _________________________________________________ _____________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы

      ______ жылғы "______" ______ (жылы) (күні) (айы)

      Бастық: ________________ _____________ __________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа)
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына)
  Кімнен: ___________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
______________ тұратын
тел. _________________

Шығындарды өтеуге арналған өтініш

      Сізден _______________________________________________________ жол

      (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ________________________________________________

      ____________________________________________ аударуды сұраймын

      _________________ банктің № ___________________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот ______________________________________________

      Алушының ЖСН ____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      ...__________________________________________________________________

      ____ жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ ____________________

      (күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      Бастық: ________________ __________ __________________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа)
шығындарын өтеу қағидаларына
  3-қосымша

Анықтама

      ________________________________________________________ берілді,

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      оған _____________________________________________________________

      (емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)

      __________________________________________________________________

      (медициналық айғақтары көрсетіледі)

      ___________________________________ медициналық айғақтары бойынша

      ______ жылғы "____" _________ _____ жылғы "____" ________ аралығында

      _______________________________________ көрсетілді.

      (медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)

      Анықтама Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.

      М.О.

      Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)

      төрағасы ________ ___________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген

Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі

      2. Қызметкерлер қызметі бойынша ауысқан кезде, сондай-ақ қызметтен шығарылғанда Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, оған бұрынғы қызмет орнынан (тұрғылықты) жаңа қызмет орнына (тұрғылықты) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындары өтеледі.

      3. Қызметкерлер қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарын өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қызметкерлерге шығындарды өтеу баянаттың немесе өтініштің және жүктерді жөнелту және жеткізу құжаттарын ресімдеу бойынша жұмсалған шығыстарды растайтын ұсынылған құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      5. Шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін қызметкер Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мекемеге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қызметкерлер үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері.

      Автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде баянатқа немесе өтінішке мынадай растайтын құжаттар қоса ұсынылады:

      фискалдық чек;

      кіріс-касса ордеріне түбіртек;

      шот-фактура;

      орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі;

      жөнелту және келу орнын, жүк көлемі мен тасымалданатын мүлік тізімдемесін көрсете отырып, жеке мүлікті тасымалдауды көздейтін шарт;

      жүк тасымалдауды жүзеге асыратын адамның құқығын растайтын құжаттар (патент, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, кәсіпкерлік қызметтің түрі туралы анықтама).

      Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде баянатқа немесе өтінішке мынадай растайтын құжаттар қоса беріледі:

      фискалдық чек;

      кіріс-касса ордеріне түбіртек;

      шот-фактура;

      орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі;

      жүктерді тасымалдау жүкқұжаты;

      тасымалданатын жеке мүліктің тізімдемесі.

      6. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріне шығындарды өтеген жағдайда қызметтен шығарылған кезде тұрғылықты жері бойынша қызметкер таңдаған аумақтық орган қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзіндіні сұратады.

      7. Шығындарды өтеу Қағидалардың 5-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

  Қызмет бойынша ауысқан кезде
және қызметтен шығарылғанда
арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке
мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі
көлемін тасымалдауға кеткен
шығындарын өтеу қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  Кімге: ____________________________
  (шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің) басшысына)

Шығындарды өтеуге баянат

      Сізден ________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      __________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      ...__________________________________________________________________

      _________________________________________________ _____________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы

      ______ жылғы "______" ______ (жылы) (күні) (айы)

      Бастық: _____________ ________ _______________________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қызмет бойынша ауысқан кезде
және қызметтен шығарылғанда
арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа) жеке
мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі
көлемін тасымалдауға кеткен
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің) басшысына)
  Кімнен: ____________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
___________________ тұратын
тел. _________________

Шығындарды өтеуге өтініш

      Сізден ___________________________________________________

      жол (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ________________________________________________

      ___________________________________________________ аударуды сұраймын

      ___________________ банктің № _____________________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот ______________________________________________

      Алушының ЖСН _____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      ...___________________________________________________________________

      ____ жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ ______________________

      (күні) қолы (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      Бастық: ______________ _________ _____________________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының (бұдан әрі – курсанттар, тыңдаушылар) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін анықтайды.

2-тарау. Курсанттардың, тыңдаушылардың шығындарын өтеу тәртібі

      2. Курсанттарға, тыңдаушыларға:

      1) стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлігімен;

      2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі.

      3. Курсанттарға, тыңдаушыларға шығындарды өтеуді курсанттар, тыңдаушылар штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал курсант, тыңдаушы қызметтен шығарылған жағдайда – ол таңдаған тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органның аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган) жүзеге асырады.

      Курсанттар, тыңдаушылар қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді курсант, тыңдаушы қызметін одан әрі өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.

      4. Курсанттардың, тыңдаушылардың қызмет орнынан немесе тұратын жерінен оқиғаның өткізілетін жеріне дейінгі және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.

      5. Көлік уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайларда, курсанттар, тыңдаушылар жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты ұсынады.

      6. Курсанттар, тыңдаушылар оқиға аяқталғаннан кейін шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін отыз жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында аталған мекемеге немесе аумақтық органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) жол жүру құжаттары;

      4) қызметтен шығарылған арнаулы (әскери) оку орындарының курсанттары, тыңдаушылары үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;

      5) қажет болған жағдайда – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық айғақтарының бар екендігі туралы көрсете отырып, қабылданған стационарлық емі не болмаса медициналық тексерілу (куәландыру) туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

      6) қажет болған жағдайда – Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжат.

      7. Ұлттық қауіпсіздік органдарының курсанттары, тыңдаушылары қызметтен шығарылған кезде шығындарды өтеген жағдайда, тұрғылықты жері бойынша курсант, тыңдаушы таңдаған аумақтық орган курсанттың, тыңдаушының қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.

      8. Шығындарды өтеу Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы (әскери)
оқу орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына)

Шығындарды өтеуге баянат Шығындарды өтеуге арналған баянат

      Сізден ________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      __________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      ...__________________________________________________________________

      ________________________________________________ _____________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы

      ______ жылғы "______" ______ (жылы) (күні) (айы)

      Бастық: ________________ _____________ _______________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы (әскери)
оқу орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына)
Кімнен: ____________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________ тұратын
тел. _________________

Шығындарды өтеуге арналған өтініш

      Сізден _______________________________________________________

      жол (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ________________________________________________

      _____________________________________________ аударуды сұраймын

      _________________ банктің № _____________________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот ______________________________________________

      Алушының ЖСН _____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      ...__________________________________________________________________

      ____ жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ _________________ (күні)

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      Бастық: ________________ __________ _________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы (әскери)
оқу орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Анықтама

      ____________________________________________________________

      берілді, (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      оған ___________________________________________________________

      (емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)

      ________________________________________________________________

      (медициналық айғақтары көрсетіледі)

      ___________________________________ медициналық айғақтары бойынша

      ______ жылғы "____" _________ _____ жылғы "____" _________ аралығында

      ________________________________________ көрсетілді.

      (медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)

      Анықтама Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.

      М.О.

      Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)

      төрағасы _______ _________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2019 жылғы 11 ақпандағы
  № 49 қаулысымен
  бекітілген

Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 78-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу тәртібі

      2. Қызметкерлердің отбасы мүшелеріне шығындарды өтеу:

      1) қызметкер қызмет бойынша ауысқан;

      2) Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкер қызметтен шығарылған кезде жүргізіледі.

      3. Қызметкерлердiң отбасы мүшелерiнің шығындарын өтеу болған оқиға фактісі бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады және қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.

      Қызметкер қызмет бойынша ауысқан кезде оның отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді қызметкер әрі қарай қызмет өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған кезде – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған кезде – шығарылғанға дейін штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұратын жерінен оқиғаның өткізілетін жеріне дейінгі және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге жатады.

      5. Қызметкер ауысқан кезде, сондай-ақ қызметкер қызметтен шығарылған кезде қызметкердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді жүзеге асыру үшін оқиға аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде қызметкер мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қызмет бойынша ауысатын қызметкерлер үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) жол жүру құжаттары;

      4) қызметкердің отбасы құрамы туралы мекеменің кадрлар бөлімшесі берген анықтама;

      5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері.

      6. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері қызметтен шығарылған кезде қызметкердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеген жағдайда тұрғылықты жері бойынша аталған тұлға таңдаған аумақтық орган қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.

      7. Шығындарды өтеу Қағидалардың 5-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

  Арнаулы мемлекеттік органның
қызметкері орын ауыстырған
кезде, сондай-ақ арнаулы
мемлекеттік органның
қызметкері қызметтен
шығарылған кезде
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің (курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын
отбасы мүшелерінің
шығындарын өтеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге: _________________________
  (шығындарды өтеуді жүзеге
  асыратын арнаулы мемлекеттік
  органның (мекеменің) басшысына)

Шығындарды өтеуге баянат

      Сізден_________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      ____________ маған отбасы мүшелерімнің жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      __________________________________________ _________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, (құжатта бар болса) (қолы)

      ________ жылғы"____"___________ (жылы) (күні) (айы)

      Бастық: ________________ _____________ _______________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Арнаулы мемлекеттік органның
  қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы
мемлекеттік органның
қызметкері қызметтен
шығарылған кезде
  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлiкте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын
отбасы мүшелерінің
шығындарын өтеу
қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан
  Кімге: _____________________
  (шығындарды өтеуді жүзеге
  асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына)
Кімнен: ____________________,
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________ тұратын
тел. _________________

Шығындарды өтеуге өтініш

      Сізден_____________________________________________________

      үшін (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      маған отбасы мүшелерімнің жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы___________________________________________________

      _______________________________________________аударуды сұраймын

      ______________________________ банктің №____________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот_______________________________________________

      Алушының ЖСН_____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ____________________________________________

      2. ____________________________________________

      3. ____________________________________________

      ____ жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ ___________________ (жылы)

      (күні) (айы) қолы (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      Бастық: ________________ _____________ _______________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)