Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5 және 7-тармақтарына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары;

      2) Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары;

      3) Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары;

      4) Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 28.02.2020 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1082-құжат);

      2) "Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазанда № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 15-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі

      2. Қызметкерлерге шығындар:

      1) медициналық айғақтар бойынша стационарда емделуге жол жүру және кері қайту;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;

      3) қызметі бойынша ауысу;

      4) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметтен шығарылу кезінде өтеледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қызметкерлерге шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

      Болған оқиғаның фактісі бойынша Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметкерлерге шығындарды өтеуді қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүзеге асырады.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарды өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұрғылықты жерінен оқиға өтетін жерге дейін және кері қайту жолы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.

      5. Көлік уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, қызметкер жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты көрсетеді.

      6. Қызметкерге шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін оқиға аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде мекемеге Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) қызметкерлер үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) қажет болған жағдайда – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсеткіштерінің бар екендігі туралы көрсете отырып, қабылданған стационарлық емі не медициналық тексерілу (куәландыру) туралы әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың) анықтамасы;

      4) жол жүру құжаттары;

      5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;

      6) қажет болған жағдайда – Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар.

      7. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріне шығындарды өтеген жағдайда қызметтен шығарылған кезде тұрғылықты жері бойынша қызметкер таңдаған аумақтық орган қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзіндіні сұратады.

      8. Шығындарды өтеу Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа)
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Кімге: ___________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
  лауазымды адамға)

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шығындарды өтеуге арналған баянат

      Сізден ________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      ______________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      ...__________________________________________________________________

      _________________________________________________ _____________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы

      ______ жылғы "______" ______ (жылы) (күні) (айы)

      Бастық: ________________ _____________ __________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа)
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Кімге: ____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
  кімнен: _________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
___________________ тұрады
тел. ______________________

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шығындарды өтеуге арналған өтініш

      Сізден _______________________________________________________ жол

      (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ________________________________________________

      ____________________________________________ аударуды сұраймын

      _________________ банктің № ___________________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот ______________________________________________

      Алушының ЖСН ____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      ...__________________________________________________________________

      ____ жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ ____________________

      (күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      Бастық: ________________ __________ __________________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа)
шығындарын өтеу қағидаларына
  3-қосымша

Анықтама

      ________________________________________________________ берілді,

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      оған _____________________________________________________________

      (емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)

      __________________________________________________________________

      (медициналық айғақтары көрсетіледі)

      ___________________________________ медициналық айғақтары бойынша

      ______ жылғы "____" _________ _____ жылғы "____" ________ аралығында

      _______________________________________ көрсетілді.

      (медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)

      Анықтама Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.

      М.О.

      Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)

      төрағасы ________ ___________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген

Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі

      2. Қызметкерлер қызметі бойынша ауысқан кезде, сондай-ақ қызметтен шығарылғанда Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, оларға бұрынғы қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) жаңа қызмет орнына (тұрғылықты жеріне) жеке мүлкінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындары автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қызметкерлер қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарын өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Шығындары өтеу үшін уәкілетті басшыға:

      1) қызметкер – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған қызметкер – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аудару үшін қажетті банк құжаттарын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

      Тасымалдау маршрутын, қашықтығын, мүліктің салмағын және төлем мөлшерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке мүлікті тасымалдауға кеткен шығындарды өтеу туралы бұйрықты:

      1) уәкілетті басшы – қызмет өткеру орны бойынша қызметін одан әрі өткеру үшін келген қызметкерге;

      2) аумақтық органның уәкілетті басшысы – қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірменің негізінде қызметтен шығарылған қызметкер таңдаған тұрғылықты жері бойынша қызметтен шығарылған қызметкерге;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің уәкілетті басшысы – қызметтен шығарылғанға дейін штатында тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерге шығарады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріне шығындарды өтеген жағдайда қызметтен шығарылған кезде тұрғылықты жері бойынша қызметкер таңдаған аумақтық орган қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзіндіні сұратады.

      7. Шығындарды өтеу:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында бюджеттік қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлей отырып;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында бюджеттік қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қызмет бойынша ауысқан кезде
және қызметтен шығарылғанда
арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке
мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі
көлемін тасымалдауға кеткен
шығындарын өтеу қағидаларына
  1-қосымша

      Нысан

  Кімге:
  ___________________________
  (шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)

Шығындарды өтеуге арналған баянат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Маған _____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________
(оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты, қашықтығы және мүліктің салмағы көрсетіледі)

      ___________________________________________ шығындарын өтеуді сұраймын.

      ______________________________ ___________________________________
(лауазымы, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      ______ жылғы "______" _____________ (жылы) (күні) (айы)

      Бастық: _____________________ ____________ __________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)


      Қызмет бойынша ауысқан кезде
және қызметтен шығарылғанда
арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа) жеке
мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі
көлемін тасымалдауға кеткен
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

  Кімге:
  _________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
кімнен: ___________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________ тұрады
тел. ___________________
 

Шығындарды өтеуге арналған өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Маған ____________________________________________________________
(оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты, қашықтығы мен мүліктің салмағы көрсетіледі)

      шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ____________________________________ аударуды сұраймын.

      __________________ банктің № _________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот __________________________________

      Алушының ЖСН_________________________________________

      ____ жылғы "____" _______ Өтініш беруші __________________
(күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бастық: __________ ____ __________________________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген

Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының (бұдан әрі – курсанттар, тыңдаушылар) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Курсанттардың, тыңдаушылардың шығындарын өтеу тәртібі

      2. Курсанттарға, тыңдаушыларға:

      1) стационарлық емделуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлігімен;

      2) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлігімен жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі.

      Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында оқитын курсанттарға, тыңдаушыларға оқуға жіберу, тағылымдамадан өту, каникулдық демалысқа бару кезінде (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары өтеледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Әскери, арнаулы оқу орындарында және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға шығындарды өтеуді курсанттар, тыңдаушылар штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал курсант, тыңдаушы қызметтен шығарылған жағдайда – таңдаған тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органның аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган) жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Курсанттардың, тыңдаушылардың жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.

      5. Көлік уақтылы келмеген және (немесе) жөнелтілмеген жағдайларда, курсанттар, тыңдаушылар жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты ұсынады.

      6. Шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін отыз жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында аталған мекемеге немесе аумақтық органға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) жол жүру құжаттары;

      4) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;

      5) қажет болған жағдайда – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық айғақтарын көрсете отырып, қабылдаған стационарлық емі не медициналық тексерілу (куәландыру) туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

      6) қажет болған жағдайда – Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжат;

      7) құжаттарды өкіл арқылы беріп жіберген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

      7. Ұлттық қауіпсіздік органдарының курсанттары, тыңдаушылары қызметтен шығарылған кезде шығындарды өтеген жағдайда, тұрғылықты жері бойынша курсант, тыңдаушы таңдаған аумақтық орган курсанттың, тыңдаушының қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.

      8. Шығындарды өтеу Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

  Көлікте жол жүргені үшін
әскери, арнаулы оқу орындары
курсанттарының, тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шығындарды өтеуге арналған баянат

      Сізден ________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      __________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) (қолы)

      ______ жылғы "______" ______(жылы) (күні) (айы)

      Бастық: ________________ _____________ ___________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Көлікте жол жүргені үшін
әскери, арнаулы оқу орындары
курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Кімге: ______________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
  кімнен: ____________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
___________________ тұрады
телефоны _________________

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шығындарды өтеуге арналған өтініш

      Сізден ____________________________________________________

      жол (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі) жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ________________________________________________

      _____________________________________________ аударуды сұраймын.

      _________________ банктің № _____________________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот _________________________________________

      Алушының ЖСН _________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________

      ..._________________________________________________________ ____

      жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ _________________

      (күні) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы)

      Бастық: ________________ __________ _________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Көлікте жол жүргені үшін
әскери, арнаулы оқу орындары
курсанттарының, тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Анықтама

      ____________________________________________________________

      берілді, (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      оған ___________________________________________________________

      (емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)

      ________________________________________________________________

      (медициналық айғақтары көрсетіледі)

      ___________________________ медициналық айғақтары бойынша

      ______ жылғы "____" _________ бастап _____ жылғы "____" _________

      аралығында ________________________________________ көрсетілді.

      (медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)

      Анықтама көлікпен жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.

      М.О.

      Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)

      төрағасы ______________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2019 жылғы 11 ақпандағы
  № 49 қаулысымен
  бекітілген

Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 78-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу тәртібі

      2. Қызметкерлердің отбасы мүшелеріне шығындарды өтеу:

      1) қызметкер қызмет бойынша ауысқан;

      2) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметкер қызметтен шығарылған кезде жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қызметкерлердiң отбасы мүшелерiнің шығындарын өтеу болған оқиға фактісі бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады және қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.

      Қызметкер қызмет бойынша ауысқан кезде оның отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді қызметкер әрі қарай қызмет өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.

      Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған кезде – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған кезде – шығарылғанға дейін штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұратын жерінен оқиғаның өткізілетін жеріне дейінгі және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге жатады.

      5. Қызметкер ауысқан кезде, сондай-ақ қызметкер қызметтен шығарылған кезде қызметкердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді жүзеге асыру үшін оқиға аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде қызметкер мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қызмет бойынша ауысатын қызметкерлер үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) жол жүру құжаттары;

      4) қызметкердің отбасы құрамы туралы мекеменің кадрлар бөлімшесі берген анықтама;

      5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері.

      6. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері қызметтен шығарылған кезде қызметкердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеген жағдайда тұрғылықты жері бойынша аталған тұлға таңдаған аумақтық орган қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.

      7. Шығындарды өтеу Қағидалардың 5-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

  Арнаулы мемлекеттік
органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ
арнаулы мемлекеттік органның
қызметкері қызметтен
шығарылған кезде
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлiкте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан, тыңдаушылардан басқа),
олармен үнемі бірге тұратын
отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Кімге:___________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға)

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шығындарды өтеуге баянат

      Сізден_________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      ____________ маған отбасы мүшелерімнің жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      __________________________________________ _________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, (құжатта бар болса) (қолы)

      ________ жылғы"____"___________ (жылы) (күні) (айы)

      Бастық: ________________ _____________ _______________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Арнаулы мемлекеттік
органның қызметкері орын
ауыстырған кезде, сондай-ақ
арнаулы мемлекеттік органның
қызметкері қызметтен
шығарылған кезде
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлiкте
жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан, тыңдаушылардан басқа),
олармен үнемі бірге тұратын
отбасы мүшелерінің
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Кімге: ___________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
кімнен: _________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________ тұрады
тел. ___________________

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шығындарды өтеуге өтініш

      Сізден_____________________________________________________

      үшін (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      маған отбасы мүшелерімнің жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы___________________________________________________

      _______________________________________________аударуды сұраймын

      ______________________________ банктің №____________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот_______________________________________________

      Алушының ЖСН_____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ____________________________________________

      2. ____________________________________________

      3. ____________________________________________

      ____ жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ ___________________ (жылы)

      (күні) (айы) қолы (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      Бастық: ________________ _____________ _______________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)