Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.";
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жылдың қорытындысы бойынша Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары";
"Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл" деген бөлім алып тасталсын;
аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:
"аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ҚДМ – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
АҚ – акционерлік қоғам
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі".
3. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі есепті жылдан кейінгі
15 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 921 қаулысымен бекітілген |
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 - 2021 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шараның атауы |
Аяқтау |
Орындау |
Орындауға |
Болжанатын шығыстар | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Нәтиже көрсеткіші: ЖІӨ-ге шаққанда көлеңкелі экономика деңгейі %-бен 2019 жылы 23 %-дан аспайды, 2020 жылы 20 %-дан аспайды, 2021 жылы 15 %-дан аспайды | ||||||
1. | Көлеңкелі экономика статистикасының әдіснамасын жетілдіру | ҰЭМ-нің Статистика комитетіне ұсыныстар |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ІІМ, Еңбекмині, ДСМ, ИИДМ, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
2. | Халық пен бизнесті қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануға ынталандыру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау | Қаржыминіне |
2019 жылғы | ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
3. | Пластикалық карталарға балама төлем жүйелерін (атап айтқанда, электрондық ақша операторларын) дамыту үшін заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы | ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша) | талап етілмейді | |
4. | Салық төлеушінің салық кабинеті базасында жеке тұлғалар үшін жүргізілген қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар бойынша салық бонусын енгізу мәселесін пысықтау | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰЭМ | талап етілмейді | |
5. |
Ақшалай есеп айырысу кезінде азаматтардың чек талап етуін ынталандыру мақсатында | бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
6. | Қызметін ҰЭМ патенті немесе оңайлатылған декларациясы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдың шекті мәнін ұлғайту, онлайн-БКМ не үш құрауышты интеграцияланған жүйе сатып алу сомасына салық шегерімінің енгізілуін ескере отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша арнайы салық режимдерін қолдану үшін шекті кірісті ұлғайту мәселесін пысықтау | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
7. | Салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін қосымша декларациялар ұсынған жағдайда мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін төлемнің сомасына есептелетін өсімпұл еселігін төмендету бойынша ынталандыру шараларын әзірлеу | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
8. | Қосылған құн салығын әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру мәселесін пысықтау | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
9. | Жер қойнауын пайдаланушылардың шығыстарын келісу және бекіту кезінде пайдалану үшін сыртқы экономикалық қызметтің басқа қатысушылары әкелген тауарлармен салыстырғанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар не өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде әкелінетін тауарлардың орташа бағалары бойынша деректер ұсынуды қамтамасыз ету |
ЭМ-ге |
тоқсан сайын | Қаржымині | талап етілмейді | |
10. | Бірыңғай құқық қолдану практикасын әзірлеу және халықаралық бизнес-операцияларға қатысушылар мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы келіспеушілерді жою мақсатында жекелеген экспорттық тауарлар бойынша баға белгілеу қағидаларының жобаларын (әдістерін) келісу | Қаржыминіне ақпарат | 2019-2020 жылдар | ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
11. | Тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтермен алмасу бойынша Түркияның, Иранның уәкілетті органдарымен келісімдер жасасу бойынша шаралар қабылдау | келісімдер |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰЭМ, СІМ | талап етілмейді | |
12. | Заңнамаға сәйкес Қаржыминінің ақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау | пайдалануға беру актісі |
2020 жылғы | Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар | талап етілмейді | |
13. | Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету | Қаржыминіне ақпарат |
жыл сайын, | АКМ | талап етіледі | мемлекеттік- жекешелік әріптестік шеңберінде |
14. | Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау рәсімдерін жетілдіру | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | АШМ, ҰЭМ | талап етілмейді | |
15. | Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қолдана отырып, мониторинг жүргізу | Қаржыминіне ақпарат | жартыжылдық қорытындысы бойынша 20 қаңтар мен 20 шілдеден кешіктірмей |
Еңбекмині, | талап етілмейді | |
16. | Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру | Заң жобасы |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰЭМ, ЖАО, ЕК (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), ҰБХ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
17. | Қолма-қол ақшасыз нысанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді жүзеге асыруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | ҰБ (келісу бойынша), АКМ, ҰЭМ, ҚҚҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
18. | Қолма-қол ақшамен есеп айырысу төлемі 1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын сатып алынған тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстарды КТС, ЖТС бойынша шегерулерге жатқызудың мүмкін еместігі бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер енгізу | Салық кодексіне өзгерістер енгізу |
2020 жылғы |
Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша), | талап етілмейді | |
19. | Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тіркеу және деректерді беру функциялары бар БКМ қолдануға кезең-кезеңмен көшуін қамтамасыз ету | бұйрық |
2019-2020 жылдар, | Қаржымині | талап етілмейді | |
20. | Саудада автоматтандырылған есепке алу жүйелерін және бөлшек саудада белгілі бір қызмет түрлеріне қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау құралдарын міндетті түрде енгізу және қолдану мерзімдері бойынша мәселені пысықтау | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы |
Қаржымині, АКМ, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
21. | Көлеңкелі экономика саласындағы мәмілелер мен іс-әрекет үшін тараптардың жауапкершіліктерін күшейтудің қисындылығы мәселесін пысықтау | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | БП (келісу бойынша), Әділетмині, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
22. | Кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар жөніндегі деректерді Қазақстан Республикасының минералдық ресурстарының деректер банкіне енгізу мәселесін қарау | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | ИИДМ, АКМ, ЖАО | талап етілмейді | |
23. | Ақшаны жылыстату/терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау нәтижелері бойынша әзірленген ақшаны жылыстату/терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2019 жылғы | Қаржымині, МҚІСҚА (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ІІМ, ҰБ (келісу бойынша), Әділетмині, ҰЭМ, МСМ, ҚҚҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
24. | Электрондық сауда-саттықты жетілдіру мәселесін пысықтау | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | ҰЭМ, АКМ | талап етілмейді | |
25. | Тауарлар қозғалысының барлық кезеңдерінде (әкелу, өндіру, өткізу) оны жан-жақты бақылау мақсатында тауарларды таңбалауды кезең-кезеңмен енгізу | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
жыл сайын, | Қаржымині, ҰЭМ, АКМ, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
26. | СЭҚ жүзеге асыру кезінде "тәуекел тауарларын – бүркемелеу тауарларын" анықтау жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және қолда бар деректердің негізінде осындай тауарлардың тізбесін жасау | әдістемелік ұсынымдар |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
27. |
Тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде: | әдістемелік ұсыныстар |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
28. | Оңтүстік Кореяның тәжірибесі бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында үшінші тұлғалардың бірыңғай дерекқорын құру бөлігінде заңнаманы жетілдіру мәселесін пысықтау | Қаржыминіне ақпарат |
2020 жылғы | ҰЭМ, АКМ | талап етілмейді | |
29. |
Заңнаманы: | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы |
ҰЭМ, Қаржымині, | талап етілмейді | |
30. | Салық базасының жойылуына және салық салудан пайда алуды болдырмауға (ескертпелер мен хабарламаларды есепке ала отырып) қарсы іс-әрекет жасау мақсатында Салықтық келісімдерге қатысты шараларды іске асыру туралы конвенцияны ратификациялау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2019 жылғы |
Қаржымині | талап етілмейді | |
31. | "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесіндегі "Виртуалды қойма" модулінде тауарлардың тізбесін кеңейту | бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
32. | ҚҚС бақылау шотын ерікті қолдану нәтижелері бойынша 2020 жылдан бастап барлық ҚҚС төлеушілердің ҚҚС бақылау шотын міндетті түрде қолдануға көшуі мәселесін қарау | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
33. | Қазынашылықты сүйемелдеу жөніндегі пилоттық жобада тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды кеңейту | бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
34. | Камералдық бақылау мақсаттары үшін салық есептілігінің нысанын жетілдіру | бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
35. |
"Аэроғарыштық мониторингті пайдалана отырып, салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру" жобасын мынадай бөлікте іске асыру мәселесін қарау: | пилоттық жоба |
2019 жылғы | Қаржымині, ИИДМ, ҰЭМ, АШМ, ЖАО | талап етілмейді | |
36. | "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын өзектілендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | АШМ, ҰЭМ, ЖАО | талап етілмейді | |
37. | Озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, тұрғын үйді заңсыз жалға беретін адамдарды анықтау және кейіннен мемлекеттік кірістер органдарына есепке қою жөніндегі жұмысты күшейту. БАҚ, Интернет-ресурстар мониторингі, Жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша риэлторлар қауымдастығымен жұмыс істеу. | бірлескен бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині, ІІМ, ҰЭМ | талап етілмейді | |
38. | ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы энергия ресурстарының орын ауыстыруын бақылау саласында ақпарат алмасу туралы 2008 жылғы 30 қазандағы хаттама шеңберінде жұмысты жандандыру | ақпарат алмасу жөніндегі техникалық шарттар |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
39. |
Камералдық бақылаудың жаңа рәсімдерін әзірлеу, оның ішінде: | камералдық бақылау рәсімдерінің тізілімі | жыл сайын | Қаржымині | талап етілмейді | |
40. |
Мына: | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы | Қаржымині, ҚҚҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
41. | Жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильдік тасымалдаудың қалалық (қала маңы) бағыттарында жолаушыларды электрондық билеттендіру жүйелерін енгізу | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | ИИДМ, ЖАО, ҰБ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
42. | Бірыңғай электрондық тауар-көлік құжатын әзірлеу, "ЭШФ" АЖ-мен интеграциялау | жүйені әзірлеу және интеграциялау |
2019 жылғы | ИИДМ, Қаржымині | талап етілмейді | |
43. | Өткізілетін жүктер мен тасымалдаушылар туралы деректерді беру бөлігінде АӨЖЖ (авто өлшеу жүйелері жүйесі) Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жөнінде ұсыныстар әзірлеу | бірлескен бұйрық |
2019 жылғы | ИИДМ, Қаржымині | талап етілмейді | |
44. | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алу жүйесін автоматтандыру (автокөлік) бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | АШМ | талап етілмейді | |
45. | Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл процесін жетілдіру | ведомствоаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
46. |
Мұнай өндіретін зауыттар өндірісінің паспорттарын мына жағдайларда кері қайтарып алу тетігін пысықтау: | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | ЭМ | талап етілмейді | |
47. | Қылмыстық жаза белгілері болмаған жағдайда, олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз шикізатты сатып алу және қайта өңдеу кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жауапкершілік белгілеудің (айыппұл) орындылығы мәселесін пысықтау | Заң жобасының тұжырымдамасы |
2020-2021 | ЭМ | талап етілмейді | |
48. | Өндірілген көмірсутектерді дұрыс есепке алуды қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде жауапкершілікті күшейтудің (айыппұлды көбейту) орындылығы мәселесін пысықтау | Заң жобасының тұжырымдамасы |
2020-2021 | ЭМ | талап етілмейді | |
49. | Кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін, оның ішінде субъектілік-бағдарланған тәсілді және пост-кедендік бақылау жүргізуді жетілдіру | бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
50. | Кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді анықтау үшін пайдаланылатын бағалы ақпаратты қалыптастыру қағидаттарын бекіту | бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
51. | Міндетті алдын ала электрондық ақпараттандырумен (TIR EPD) ХЖТ жүйесін қолдану практикасын халықаралық автомобиль тасымалдарында кеңейту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру | бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
52. | Шағын бизнес үшін барлық арнайы салықтық режимдер бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерін бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттемесінен босату және олардың салықтық есептілікті тапсыруын жеңілдету мүмкіндігі мәселесін пысықтау | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы | Қаржымині, ҰЭМ | талап етілмейді | |
53. | Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың шарттарын қазынашылық сүйемелдеу тетігін айқындау жөніндегі мәселені пысықтау | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | ҚАӨМ, ҰЭМ | талап етілмейді | |
54. |
Заңнамада белгіленген тәртіппен акцизделетін өнімдер айналымы саласындағы жосықсыз салық төлеушілерге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке | тексеру нәтижелері туралы актілер | жартыжылдық қорытындылары бойынша 20 қаңтар мен 20 шілдеден кешіктірмей | Қаржымині | талап етілмейді | |
55. | Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит кезінде тауарларға және көлік құралдарына қатысты байланыс және бақылау жүйесін орнату мәселесін қарау | бірлескен бұйрық |
2019 жылғы | Қаржымині, ҚАӨМ, ИИДМ | талап етілмейді | |
56. | Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау | Қаржыминіне ақпарат |
2019 жылғы | ҰЭМ, ЖАО, БП (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | |
57. | Салық органдарының іс жүзінде тауарлар жеткізуді, жұмыстар мен қызметтердің орындалуын айқындау мүмкіндігі бөлігінде салық заңнамасына ұсыныстар енгізу мәселесін пысықтау | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2019 жылғы |
Қаржымині, ҰЭМ | талап етілмейді | |
58. |
ТБЖ пайдалануды кеңейту арқылы, атап айтқанда: | тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесінің модулін өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
59. | Астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумағында орналасқан автоотын құю станцияларында бақылау құрылғыларын енгізуді қамтамасыз ету | пайдалануға беру актілері |
2019 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді | |
60. | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша мониторинг жүргізу және шаралар қабылдау |
мониторинг |
2020 жылғы | ДСМ (жинақтау), ҰЭМ, Еңбекмині | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
АКМ | – | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
Әділетмині | – | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЕК | – | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖС | – | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
МСМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
МҚІСҚА | – | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
СІМ | – | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ҰБ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
ҰКП | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
ҚҚҚ | – | Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы |
ШЫҰ | – | Шанхай ынтымақтастық ұйымы |
АЕК | – | айлық есептік көрсеткіш |
БКМ | – | бақылау-касса машиналары |
БАҚ | – | бұқаралық ақпарат құралдары |
ЖТС | – | жеке табыс салығы |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
КТС | – | корпоративтік табыс салығы |
ҚҚС | – | қосылған құн салығы |
НҚА | – | нормативтік құқықтық акт |
СЭҚ | – | сыртқы экономикалық қызмет |
ТБЖ | – | тәуекелдерді басқару жүйесі |
ҰБХ | – | ұлттық басқарушы холдингтер |
"ЭШФ" АЖ | – | электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі |