"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 900 қаулысы.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 900 қаулысымен
бекітілген

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясы

      Кіріспе

      1. Ағымдағы жағдайды талдау

      2. Миссия, пайымы және қызметтің стратегиялық бағыттары

      Қосымшалар


            Кіріспе

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – KAZAKH INVEST) "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына сәйкес құрылды.

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 - 2027 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) жақын арадағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттар мен міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктерін, қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналарда:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында;

      3) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында;

      4) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығында;

      5) "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығында;

      6) "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаны бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысында айқындалған негізгі бағыттарды ескере отырып әзірленді.

      Стратегияны әзірлеуге елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі саясаты негіз болады. Қазақстан өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы өз үлесін ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігі бойынша дамыған елдермен арадағы айырманы қысқарту жолымен 2035 жылға қарай өңдеуші өнеркәсібінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) ең озық елдердің бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізуге ұмтылады. Шетелдік инвестициялардың қомақты көлемін тарту Қазақстанды табысты индустрияландырудың және әртараптандырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 2010 жылдан бастап шамамен 28 млрд. АҚШ долл. немесе тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) жалпы ағымының 16 %-ы елдің өңдеуші өнеркәсіпке тартылды. Алайда ТШИ құрылымында өңдеуші өнеркәсіпке түскен 28 млрд. АҚШ долларының 23 млрд. АҚШ долл. металлургия өнеркәсібіне тиесілі. Демек, Стратегияның негізгі мақсаты өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды өсіруге ғана емес, оның ішіндегі металлургиялық емес секторлардың үлесін айтарлықтай ұлғайтуға да бағытталатын болады.

      Ағымдағы жағдайды талдау

      1.1. Сыртқы ортаны талдау

      Ескерту. 1-1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952 қаулысымен.

      Стратегиялық даму бағыттарын қалыптастыру кезінде KAZAKH INVEST әлемдегі және Қазақстандағы ағымдағы экономикалық жағдайды және Қазақстанның алдағы жылдарда арналған даму болжамдарын негізге алды.

      Әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялар

      Жаһандық инвестициялық үрдістер

      БҰҰ-ның сауда және даму бойынша конференциясының (бұдан әрі – ЮНКТАД) деректеріне сәйкес 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ТШИ түсімінің 40 пайызға ұлғайғаны байқалды және оның әлемдегі деңгейі 1,8 трлн. АҚШ долл. мөлшеріндегі ең үлкен мәнге жетті. 2016 жылы бұл деңгей шамамен 2 %-ға немесе 1,75 трлн. АҚШ долл. дейін төмендеді, бұл экономикалық өсімнің нашарлауымен түсіндіріледі.

      1-1-сурет. Әлем өңірлері бойынша ТШИ түсімі

      Экономикасы дамыған елдерге инвестициялардың түсімі 2014 жылы 522 млрд. АҚШ долларынан 1 032 млрд. АҚШ долл. дейін шамамен екі есе (98 %) өсті. Инвестиция түсімінің жоғары өсуі Еуропада тіркелді. АҚШ-та 2014 жылдың өткен кезеңдерімен салыстырғанда төмен болғанымен, ТШИ төрт еседей өсті. Сондықтан ТШИ-дің әлемдік ағымындағы дамыған елдердің үлесі 2014 жылғы 41 %-дан 2015 жылы 55 %-ға өсті, бұл дамушы елдер мен экономикасы өтпелі елдердің өңірлері жаһандық ТШИ-ді негізгі алушылар болып табылатын соңғы бес жылдағы үрдісті өзгертті. 2016 жылы ТШИ-дің аса ірі алушысы 391 млрд. долл. тартқан АҚШ болды.

      Алдыңғы 2 жылдағы терең құлдыраудан кейін экономикасы өтпелі елдерге ТШИ-дің түсімі 2016 жылы 68 млрд. долл. дейін жетіп, соңғы екі жылда орын алған құлдырау үрдісін жойды. Қазақстан ТШИ көлемі ең төмен экономикасы өтпелі елдердің тобына жатады. Сонымен бірге Қазақстанның инвестиция тарту бойынша осы елдер тобындағы көшбасшылардың бірі болуға мүмкіндігі бар. Сондықтан экономикасы өтпелі елдерге тиесілі ТШИ көлемінің жылына орта есеппен кемінде 25 %-ын тарту міндеті алға қойылды.

      Төменде Дүниежүзілік Банк деректері бойынша жалпы ішкі өнімдегі (бұдан әрі – ЖІӨ), сондай-ақ абсолютті мәндегі ТШИ үлесіне байланысты елдер рейтингі көрсетілген. Неғұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізу үшін ТШИ-дің жалпы деңгейі негізінде, сонымен қатар олардың ЖІӨ-дегі үлесін ескере отырып бірнеше ел таңдап алынды: Германия, Сингапур, Ирландия және Гонконг. Сондай-ақ осы елдердің шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктерінің қызметіне талдау жүргізілді.


      1-2-сурет. ЖІӨ-дегі ТШИ үлесі бойынша елдердің рейтингі, 2016 жыл


      1-3-сурет. ТШИ үлесі (абсолюттік мәнде) бойынша елдердің рейтингі, 2016 жыл


      Германия

      Германия тікелей шетелдік инвестицияларға қатысты қонақжайлылық саясатын жүргізеді. Неміс нарығы инвесторлар үшін өнеркәсіптің барлық секторларында дерлік ашық, ал коммерциялық қызмет күнделікті іс жүргізуді реттейтін қандай да болмасын қағидалардан босатылған. Германия заңнамасы арасында капитал салу немесе жаңа компаниялар ашу мәселелерінде неміс кәсіпкерлері мен шетелдік кәсіпкерлерін алаламайды.

      Германияда ТШИ үшін нормативтік-құқықтық база сыртқы сауда мен төлемдердің еркіндігі қағидатына негізделеді. Елде капиталмен операциялар жасау, валюталық аударымдар, жылжымайтын мүлік сатып алу жөніндегі мәмілелер, пайданы не шетелдік биржаларға қолжетімділікті репатриациялау үшін шектеулер мен кедергілер жоқ. ЮНКТАД деректері көрсеткендей, Германия тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде.

      Қазіргі кезде Германияда 55 мыңнан аса шетелдік компаниялар жұмыс істейді, олар 3 млн. жуық адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. 2008 – 2012 жылдары 4 мыңға жуық инвестициялық жоба тіркелді, бұл Германияға тартылған жобалар саны бойынша әлемде 5-ші орын алуға мүмкіндік берді.


      1-4-сурет. Германияға ТШИ түсімінің серпіні


      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Германияда төленетін субсидиялар капиталға шын мұқтаж инвесторларға арналған. Инвестицияларды бастапқы сатыда қаржыландыру қажетті қаражатты жаңа инвестициялық жоба басталған кезде-ақ тартуға мүмкіндік береді. Әдетте, ақшалай гранттар түрінде берілетін бұл субсидиялардың рөлі маңызды, өйткені олар инвестордың капиталға деген мұқтаждығы өте жоғары болған кезеңде инвестициялық жобаның өтімділігін кепілдендіреді. Келесі кезеңдерде инвесторға Германияда жұмыс күшін жинап алуды жеңілдету үшін (мысалы, еңбекке ақы төлеу субсидияларының көмегімен) және ғылыми-зерттеу жобаларына жан-жақты қолдау көрсету үшін әзірленген бағдарламалардың кең ассортименті ұсынылады.

      Германия инвестициялар агенттігі инвесторлар Германияда өз бизнестерін ашқан кезде оларға қолдау көрсетеді. Агенттік жобаларды басқару жөніндегі қызметті сүйемелдейді, сондай-ақ инвесторды өнеркәсіптің конъюнктурасы туралы: түйінді нарықтар, олармен байланысты жабдықтау көздері және қолданбалы секторлар жөнінде барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Агенттіктің 42 елде орналасқан 49 шетелдік өкілдігі бар. Агенттік қызметінің негізгі бағыттары:

      жобаны орналастыратын орынды дұрыс таңдау үшін консультациялық қызметтер;

      объектілерге баруды, әлеуетті әріптестермен, университеттермен және басқа ұйымдармен кездесулерді үйлестіру;

      салық салу және құқықтық сала бойынша өнеркәсіпке қойылатын нормативтік талаптар, қолданыстағы заңнама және т. б. туралы ақпарат беру арқылы компанияларға консультациялар беру;

      инвестициялар үшін оңтайлы қаржыландыру пакетін таңдауға, сондай-ақ ықтимал қаржылық әріптестермен байланыс орнатуға жәрдемдесу;

      инвесторды субсидиялаудың қолжетімді нысандары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету және өтініш беру кезінде жәрдем көрсету.

      Жалпы, Германия инвестициялар агенттігінің функциялары KAZAKH INVEST қызметінің бағыттарымен сәйкес келеді.

      Сингапур

      Сингапур көптеген инвестициялық ұсыныстарды елге тартады, бұл оның үнемі экономикалық даму үстінде екенін айғақтайды. Әсіресе, елдің экономикасын қайта құрылымдау жоспарына сәйкес келетін инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл, әдетте, арнайы білімді және білікті жұмыс күшін, сонымен қатар озық технологияларды қажет ететін салалар. Олар, мысалы электроника, ақпараттық технологиялар, аэроғарыш саласы, биотехнологиялар және биоинженерия, химия өнеркәсібі және т.б. Іске асырылатын жобалар әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан да бағаланады. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау және ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестік маңызды фактор болып табылады. Жерді немесе үй-жайларды жалға алу, сатып алу бағасының әлемдегі ең жоғары бағалардың бірі болып табылатынына қарамастан, Сингапурдың негізгі өндірісіне инвестиция салу қор қайтарымдылығының жоғары болуына байланысты тиімді пайда түсіреді. Бұл ретте шетелдік инвесторлар үшін бірқатар жабық секторлар бар, олар: телекоммуникациялар, радиохабар тарату, заңгерлік қызметтер және ішкі бұқаралық ақпарат құралдары.

      A.T.Kearney ТШИ сенім индексінде Сингапур 2016 жылы 5-тармаққа көтеріліп, 25 ел ішінен 10-шы орынды иеленді. Құқықтық орта бизнес пен шетелдік инвестицияларды дамыту үшін қолайлы болып табылады, бұл ТШИ-дің 302,9 % ЖІӨ-ге баламалы қор деңгейінде көрінеді. 2011 – 2014 жылдары кезеңінде ТШИ түсімі 67,5 млрд. АҚШ долл. дейін өсті.

      1-5-сурет. Сингапурға ТШИ түсімінің серпіні


      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Сингапурда шетелдік инвесторларды қолдау бойынша көптеген бағдарламалар жұмыс істейді, олардың арасында мыналарды ерекше атап өтуге болады:

      RISC – ғылым және технологиялар саласында зерттеулер жүргізуге және әзірлемелер жасауға мемлекеттік гранттар беру: жұмыс күшіне, оқытуға, консультациялық қызметтерге, жабдықтарға, бағдарламалық қамтамасыз етуге, зияткерлік меншікке және материалдарға 30 % грант, жергілікті жұмыс күшін жалдауға 50 %-дық субсидия;

      TGS - шетелде оқытуды қоса алғанда, персоналды оқытуға және біліктілікті арттыруға 30 %-ға дейінгі гранттар;

      PG - ресурстарды пайдалануды, еңбек тиімділігін және энергияны пайдалану тиімділігін және т. б. айтарлықтай жақсартуға бағытталған жобалар сомасының 30 %-ына дейін мемлекеттік грант;

      PC - 5 жылға дейінгі мерзімге корпоративтік табыс салығынан босату;

      LIA - құрылыс және логистика саласындағы компаниялар үшін: ғимараттар мен құрылыстарды салу бойынша күрделі шығыстарға бастапқыда 25 % және жыл сайын 5 %.

      Сингапурде ТШИ тартумен Economic Development Board Singapore мемлекеттік агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) айналысады. Бұл үкіметтік мекеме Өнеркәсіп және сауда министрлігіне бағынысты, оның 12 елде
19 шетелдік өкілеттігі бар.

      Агенттіктің негізгі функциялары:

      бағалау: әртүрлі салалар бойынша мол білім мен көптеген сингапурлық және шетелдік компаниялармен орнатылған іскерлік байланыстардың нәтижесінде Агенттік қандай да бір саладағы артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауға көмек көрсетеді, сонымен қатар қолданыстағы нормалар мен стандарттар туралы ақпарат береді;

      ынталандырушы төлемдер мен гранттар: Агенттік компанияларға олардың қызмет саласына сәйкес гранттар ұсынады;

      іскерлік байланыстар: Агенттік құқық саласында қолдау көрсететін, сол сияқты салық салу саласында консультациялар беретін мемлекеттік органдармен және әртүрлі жекеменшік әріптестермен байланысты қамтамасыз етеді.

      Ирландия

      Ирландия – бизнес жүргізу үшін әлемдегі ең үздік елдердің бірі және ол бүгінде ІТ компаниялар мен стартаптар үшін әлемдегі негізгі тартымды орталықтардың бірі болып табылады. Соңғы 20 жыл ішінде 1150-ден аса халықаралық компания, оның ішінде Google, Facebook, Twitter, Airbnb, LinkedIn, Dell IBM, Microsoft, Apple, HP, Intel және Paypal өздерінің еуропалық штаб-пәтерлері мен өндірістерін орналастыру үшін Ирландияны таңдап отыр.

      Әлемдегі инновациялық алыптардың Ирландияның бизнес кеңістігінен орын алуы стартаптар мен венчурлік капиталдың ауқымды қоғамдастығының құрылуына әкелді. Стартаптардың экожүйесі әлемдік жетекші ІТ компаниялармен көрші болудың артықшылығын және өз бизнестерін интернационалдандыру мен коммерцияландыру үшін дайын жүйені қолданады және Еуропа мен Америка нарықтарына тікелей қол жеткізе алады.

      Сонымен қатар Ирландия шетелдік компаниялар үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) салаларындағы жобаларды іске асыру, зияткерлік меншікті басқару, сату және маркетинг бойынша еуропалық штаб-пәтер, еуропалық офистер орналастыру үшін өте тартымды юрисдикция болып табылады.

      1-6--сурет. Ирландияға ТШИ түсімінің серпіні


      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Ирландияға ТШИ тартуға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі ирландиялық салық-құқық жүйесінің қарапайымдылығы мен тиімділігі болып табылады. Кешенді тәсіл кез келген кәсіпкерге немесе инвесторға компания құрудан бастап, басқару, сату және маркетинг бойынша жоғары білікті кеңестерге қолжетімділік арқылы бүкіл бизнес-цикл бойынша алға жылжуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Сонымен қатар жаңа бизнес ашуға немесе жұмыс істеп тұрған бизнеске инвестиция салуға қолайлы ел ретінде Ирландияның бәсекелік артықшылықтарының бірі болып табылатын бірнеше факторды бөліп көрсеткен жөн:

      Еуропадағы ең төмен корпоративтік табыс салығы - 12,5 %;

      жоғары білікті жас мамандардың жоғары пайызы;

      бизнес жүргізу үшін жоғары дамыған техникалық жасақтау;

      капиталдың өсіміне салық мөлшері 25 %-ды құрайды. Акцияларды сатқан жағдайда шетелдік резидент, әдетте, капитал өсіміне салық төлеуден босатылады;

      Еуропалық одақтың (бұдан әрі – ЕО) немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы шартқа қол қойылған мемлекеттің азаматтарына төленетін дивидендтер мен пайыздар түріндегі табысқа салынатын салық жоқ. Қазіргі уақытта осы шартқа қол қою туралы Қазақстанмен келіссөздер жүргізілуде;

      компанияның "жұқа" капиталдануын реттейтін заңнама жоқ;

      ең төменгі жарғылық капитал 1 евроға тең болуы мүмкін;

      ҒЗТКЖ жобалары Ирландияда іске асырылған жағдайда 25 %-дық салықтық жеңілдік;

      шетелдік инвесторлар үшін әртүрлі гранттар мен қолжетімді қаржылық құралдардың көптігі.

      Сонымен қатар, Ирландияда тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша IDA Ireland мамандандырылған агенттігі (бұдан әрі – IDA) құрылған. Оның әлемдегі 12 елде 20 шетелдік өкілдігі бар. IDA өз назарын ІТ және телекоммуникациялар, жоғары технологиялық жабдықтар өндірісі, фармацевтика және медициналық жабдықтар, қаржы және "жасыл" технологиялар сияқты секторлардағы ірі халықаралық корпорацияларға аударады. IDA Ирландияда офистерін ашуды немесе жобаларын іске асыруды көздеген шетелдік кәсіпкерлерге де жан-жақты тегін қолдау көрсетеді:

      реттеушілермен және сервис провайдерлермен кездесулер ұйымдастыру;

      шетелдік компанияның қажеттіліктеріне/бизнес жоспарына сәйкес коммерциялық жылжымайтын мүлік таңдауда жәрдемдесу;

      пікір алмасу мақсатында нарықтағы өзге ойыншылармен кездесулер ұйымдастыру;

      ҒЗТКЖ жобаларын бірлесіп жүргізу үшін Ирландияның академиялық және ғылыми орталарымен кездесулер ұйымдастыру және ынтымақтастық орнатуға жәрдемдесу;

      компанияға Ирландияда үнемі қолдау көрсету және оның ЕО нарығына шығуына көмек көрсету.

      Гонконг

      Гонконг әлемдегі аса ірі қаржы орталықтарының бірі және шетелдік инвесторлар үшін ең перспективалы алаңдардың бірі болып табылады. Мысалы, Дүниежүзілік Банктің деректеріне сәйкес 2016 жылы Гонконгке құйылған шетелдік инвестициялардың көлемі 117 млрд. АҚШ долл. құраған. Бұған валютаны реттеудің жоқтығы, компанияны тіркеу процесінің тез және қарапайымдылығы, тиімді салықтық мөлшерлеме, бухгалтерлік есептіліктің жеңілдетілген схемасы, бизнеске дамыған мемлекеттік қолдау көрсету сияқты факторлар ықпал етеді.


      1-7-сурет. Гонконгке ТШИ түсімінің серпіні

      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Гонконгте шетелдік инвестицияларды тартуға және бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жұмыс істейді, бұл көп жағдайда Гонконгтің әлемдік қаржы орталықтарының бірі ретінде қалыптасуына ықпал етті: инкубаторлар бағдарламалары, жабдықтар сатып алу және маркетинг бойынша қаржылық көмек, кредиттер беру бойынша кепілдіктер.

      Гонконгте инвестицияларды тарту мәселелерімен Invest Hong Kong мемлекеттік тікелей инвестициялар агенттігі (бұдан әрі – Гонконг агенттігі) айналысады. Гонконг агенттігінің Азия-Тынық мұхит өңірінің, Еуропаның, Таяу Шығыстың, Солтүстік және Оңтүстік Американың 30 қаласында орналасқан шетелдік өкілдіктері бар. Гонконг агенттігі компанияның Гонконгте әрбір даму кезеңінде ақпаратпен қамтамасыз етеді және қолдау көрсетеді, сондай-ақ Гонконгке көшуге көмек көрсетеді. Гонконг агенттігі ұсынатын негізгі қызметтер:

      кәсіби қызметтерді жеткізушілерді іздеуге көмек көрсету;

      офис немесе зауыт ашу үшін орын іздеу кезінде консультация беру;

      қажетті лицензияларды алу үшін Гонконгтің басқа мемлекеттік департаменттерімен өзара іс-қимыл жасау;

      тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жылжытуда жәрдемдесу;

      гранттар мен субсидиялар алуда көмек көрсету.

      1-1-кесте. Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жетекші агенттіктер пайдаланатын негізгі құралдар

Құрал/Ел

Германия

Сингапур

Ирландия

Гонконг

Ресей Федерациясы

Сала бойынша шолу










Салалық нормалар мен стандарттар туралы ақпарат











Институционалдық қолдау











Жергілікті әріптестер іздеуде көмек











Жергілікті консалтингтік компаниялармен байланыс










Гранттар беру







Коммерциялық жылжымайтын мүлік таңдауда жәрдемдесу









Ғылыми ұйымдармен байланыс








Гранттар алуда көмек








Маркетингтік іс-шаралар







Инвестициялық жобаларды басқару қызметтері








Шетелдік өкілдіктер (саны)

49

19

20

30

0


      Жоғарыда аталған агенттіктердің барлығына тән ортақ құралдар салалық шолу, салалық нормалар мен стандарттар туралы ақпарат, институционалдық қолдау және жергілікті әріптестерді іздестіруде көмек көрсету болып табылады. Осыған байланысты KAZAKH INVEST те өз қызметінде жоғарыда көрсетілген әмбебап құралдарды пайдаланады, Қазақстанның ерекшеліктеріне сәйкес оларды кеңейтеді және жаңа құралдармен толықтыратын болады.

      Қазақстандағы инвестициялық ахуалды талдау

      2014 – 2016 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының өсуі баяулады. 2013 жылдан бері ЖІӨ нақты өсімі 6 %-дан 2016 жылы 1,1 %-ға дейін төмендеді.


      1-8-сурет. Қазақстандағы номиналды ЖІӨ және ЖІӨ-нің нақты өсімі

      Ескертпе: (П) - болжам



      Қазақстан экономикасының құлдырау алдындағы өсуі айтарлықтай дәрежеде оның шикізаттық тәуелділігіне – тау-кен өндіру саласының кеңеюіне және шикізаттық тауарлар бағасының жоғарылығына байланысты болды, олар мемлекеттік кіріс пен шығыстың өсуіне, сонымен қатар ішкі тұтынудың өсуіне ықпал етті. Мұнайға және Қазақстанның өзге де экспорттық тауарларына әлемдік бағаның төмендеуі, сондай-ақ жоғары инфляция (елдегі ішкі тұтынудың төмендеуіне әсер еткен) республика экономикасының 2014 жылы болған тұралауына себеп болды. Бұдан басқа, Қазақстанның экономикалық өсімінің құлдырауы Қазақстанның негізгі сауда әріптестері және ТШИ көзі болып табылатын Ресей Федерациясы, ҚХР мен ЕО елдері экономикалары өсімінің баялауына байланысты болды.

      Экономиканың шикізаттық тәуелділігін төмендету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі өндіруден өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға және сауда секторын кеңейтуге көшу бағытын таңдады. Қазіргі уақытта бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар іске асырылуда, олардың аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік инвестицияларды тарту бойынша бірқатар шаралар қабылдады, соның арқасында "Doing Business" бизнесті жүргізу шарттарының қолайлылығы бойынша Дүниежүзілік Банктің рейтингіндегі елдің позициясы жақсарып, 2017 жылы 36 орынға жетті.

      Алайда, жалпы алғанда, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанға ТШИ өсімінің қарқыны кеміген, 2016 жылы 21 млрд. АҚШ долл. құрады. Шикізаттық секторға ТШИ үлесі 34 % құрады, бұл экономиканың экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторларына ТШИ үлесімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш болып табылады (өңдеуші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сияқты салалар – олардағы ТШИ үлесі тиісінше 19,4 % және 0,2 % құрады).

      Негізгі капиталға долларлық баламада инвестициялардың өсу қарқыны қысқарды және 2016 жылы 23 млрд. АҚШ. долл. құрады. Негізгі капиталға салынатын инвестицияның өсіміне қарамастан, олардың теңгедегі өсу қарқынын қараған кезде, экономиканың шикізаттық емес секторларында негізгі капиталға салынатын инвестициялардың үлесі қысқарды және 2016 жылы 65 %-ды құрады.

      Соңғы бес жыл ішінде экономикалық қызметтің көптеген түрлері бойынша негізгі құралдардың тозу дәрежесі 40 %-ды құрады, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметін кеңейту және жаңғырту үшін, сол сияқты жаңа объектілер салу үшін қажетті кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру тапшылығының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Банк секторы 2014 – 2015 жылдардағы қаржылық тоқырау және ұлттық валютаның құнсыздануының салдарын жоюды, сондай-ақ кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтуді жалғастыруда, соның ішінде ХҚЕС 9 енгізілуіне байланысты екінші деңгейдегі банктердің кредит беру мүмкіндіктері айтарлықтай шектелді. Ел экономикасында заңды тұлғаларға кредит беру үлесі 2016 жылы 16 %-ға дейін төмендеді. Жоғарыда көрсетілгендер кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың балама көздерін тарту қажеттілігін білдіреді.


      Қазақстанға ТШИ-дің жалпы түсімі

      1-9-сурет. Негізгі капиталға инвестициялар



      1-10-сурет. ТШИ-дің жалпы түсімі



      Қазақстан Республикасындағы қаржылық қолдау құралдарының картасы

      Жобаны іске асырудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті, қажетті тәжірибесі бар, сондай-ақ инвестициялаудың барынша тиімділігі, қайтарымдылығы, мақсаттылығы, мерзімділігі мен ашықтығы қағидаттарын сақтайтын шетелдік инвесторлар тартылған жағдайда, инвесторлар жергілікті ойыншылар қатарынан бірлесіп қаржыландырушы тарапты іздеуге байланысты және мәмілелерді құрылымдауға даму институттарының немесе квазимемлекеттік сектор компанияларының қатысуына байланысты талаптар қояды. Бұл шетелдік инвестордың сенімін жоғарылатуға ықпал етеді, мемлекеттің қызығушылығын және инвестициялық жобаны қолдаудың тұрақтылығын көрсетеді.

      Қазақстанда халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдіктерін қоса алғанда, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды сапалы құрылымдауға қабілетті қажетті даму институттары немесе квазимемлекеттік сектор субъектілері жеткілікті шамада құрылды.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамында (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) Қазақстанда инвестициялық бастамаларды қолдау үшін қажетті қаржылық және қаржылық емес құралдардың толық жиынтығы бар. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдары нарықта белсенді, олар ірі және орта бизнес секторында да, шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) сегментінде де кәсіпкерлікті қолдаудың әртүрлі құралдарын ұсыну арқылы Қазақстан экономикасының дамуына ықпал етуді жүзеге асыруда.

      1-2-кесте. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-дағы экономиканың дамуын қолдау құралдарының матрицасы



      Ескертпе: ТДҰА – "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы, Даму – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде жобалық құжаттама дайындаумен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын сүйемелдеумен және консультация берумен айналысады.

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Даму) кредиттік ресурстар ұсынады, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялайды және экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне кепілдіктер береді. Аталған құралдардың инвестициялау көкжиегі 5 жылға дейін, қарыз валютасы – көбінесе теңге, кредит беру мөлшерлемесі таңдап алынған қолдау бағдарламасына байланысты орта есеппен 8,5-10 %, коммерциялық банктің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 7 %-ға дейін. Даму қорының ШОБ секторындағы құзыреттерді дамыту бойынша (бизнес жоспарлар, қаржылық модельдер дайындау, бизнес жүргізу бойынша консультация беру) табысты тәжірибесі ірі және орта ойыншылар үшін де тиімді болар еді.

      "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ кепілдіктер беру (орнын толтыру) арқылы экспортқа қолдау көрсетеді.

      "Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік" АҚ гранттар берудің инновациялық-белсенді бизнесін қаржыландырады.

      "Қазақстанның даму банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттік ресурстар берумен айналысады. Аталған қаражатты инвестициялау көкжиегі 5 – 10 жыл, қарыз валютасы – теңге немесе АҚШ доллары, қарыздың ең аз сомасы экономика секторына байланысты 3-7 млрд. теңге, кредит беру мөлшерлемесі аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес орта есеппен 6 – 6,6 %, қаржыландыру құрылымы – инвестициялық жоба сомасының 80 %-ына дейін. Қарыз алушылардың ағымдағы қажеттіліктерін ескере отырып, ҚДБ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын және өндірістік инфрақұрылымды "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – ИИДМБ) іске асыру шеңберінде қолдауға назар аударады.

      "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның еншілес ұйымы – "ҚДБ – лизинг" АҚ отандық автокөлік, теміржол вагондарын, өзге де машина жасау өнімдерін өндірушілерге лизингтік қаржыландыруды ұсынады. Лизинг сомасы 1,5 млрд. теңгеден кем болмауы тиіс, лизинг мерзімі 20 жылға жетеді, сыйақы мөлшерлемесі қаржылық есептілікке сәйкес 6 %, бұл ретте "ҚДБ-Лизинг" АҚ жабдықтарды сатып алу, жеткізу, кедендік ресімдеу мәселелерін өзіне алады.

      "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ (бұдан әрі – ҚИҚ) қолданыстағы матрицада аталмаған, өйткені инвестициялық қаржыландыру нарығына қатыспайды, негізінен ҚДБ портфелінің мерзімі өткен борыштарын өндіріп алумен айналысады. ҚИҚ-тың бұрынғы қызметінде бірқатар тәуекелдер іске асырылған болатын, бұл оның үлестік қаржыландыру нарығын дамыту бойынша алдына қойылған міндеттерді толығымен орындауына мүмкіндік бермеді.

      "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның қорлары әлеуеті жоғары компанияларға инвестициялау үшін private equity құралдарын қарапайым үлестік қатысудан бастап шығу және мезониндік қаржыландыруға арналған опциондарға дейін кеңінен пайдаланады. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның меншікті капиталы 2016 жылдың соңындағы қаржылық есептілікке сәйкес шамамен 132,3 млрд. теңгені құрады. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ ірі халықаралық инвесторлармен бірлесіп, тікелей инвестициялар қорларын құруға инвестициялар тартады (2017 жылғы жағдай бойынша 12 қор).

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымдары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өнімдерін өндіруге және оларды экспортқа ілгерілетуге қолдау көрсетеді.

      "Қазагроөнім" АҚ мал бордақылау алаңдарымен және етті қайта өңдеу пункттерімен өзара іс-қимыл бойынша әртүрлі бағдарламалар шеңберінде ірі қара мал сатып алады және оларды өткізеді, кредит беру және лизингтік операцияларды қаржыландыру жолымен агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) саласындағы инвестициялық жобаларды іске асырады (11-16 % мөлшерлемесі бойынша).

      "ҚазАгроҚаржы" АҚ (ҚАҚ) лизинг құралдары арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруды; лизинг құралы және банктік қарыздар арқылы ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында лизинг нарығында үстем позицияны иелене отырып, Қазақстан Республикасының жиынтық лизингтік портфелінде ҚАҚ-тың үлесі 68 % құрайды және ауыл шаруашылығы техникасы лизингінде 95 %-дан асады. Инвестициялық жобаларды кредиттеу мөлшерлемесі – 6 %, ал қаржылық лизинг бойынша – 17 %.

      Аграрлық кредиттік корпорация АӨК субъектілерін банктік қарыздар ұсыну жолымен тікелей қаржыландыруды немесе екінші деңгейдегі банктерді, лизингтік компанияларды және микроқаржы ұйымдарын жеңілдікпен қорландыру арқылы жанама түрде қаржыландыруды жүзеге асырады.

      Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шаруа және фермер қожалықтарын микрокредиттеуді жүзеге асырады.

      Азия Даму Банкі (бұдан әрі – АДБ) мынадай құралдарды ұсынады – кредиттер беру, техникалық көмек көрсету (ТК), гранттар, акцияларға кепілдіктер мен инвестициялар. АДБ консультациялық қызметтер де ұсынады. Салымдардың басым салалары — көлік және байланыс, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы секторы.

      Еуропа Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) өңірдегі аса ірі инвестор болып табылады және өз қаражатын бөлуден басқа ТШИ-дің қомақты көлемін тартады. ЕҚДБ капиталды негізінен жеке кәсіпорындарға, әдетте, өзінің коммерциялық әріптестерімен бірлесіп салады, жаңа өндірістерге де, жұмыс істеп тұрған фирмаларға да қаражат салады. Бұдан басқа, ЕҚДБ әріптес банктерге кредит бере отырып, тұрақты энергетиканы және ресурстарды пайдалануды арттыру жобаларын инвестициялау үшін кредиттік желілер ұсынады, сондай-ақ өнеркәсіпті, сауданы және АӨК-ті тікелей қаржыландырады.

      Үлестік қаржыландыру тапшылығын өтеу үшін ЕҚДБ биржада бағаланатын немесе тіркеуге дайындық үстіндегі жеке компаниялардың акционерлік капиталына тікелей және тікелей емес салымдарды жүргізеді.

      Дүниежүзілік Банк тобында Халықаралық қаржы корпорациясына (IFC) қызығушылық туындап отыр, ол қарыздар ұсынады, кәсіпорындардың акционерлік капиталдарына инвестиция салуды жүзеге асырады және жекеменшік сектор кәсіпорындарына инвестициялауды ынталандыру үшін консультациялық қызметтер көрсетеді.

      Тікелей инвестициялар қорлары – жергілікті және жаһандық нарықтардағы жағдай

      Қаржыландырудың баламалы көздерінің қажеттілігі бүгінде қазақстандық бизнес үшін өзекті тақырып күйінде қалып отыр. Қазақстандағы банк секторының жағымсыз ортасы аясында Тікелей инвестициялар қорларының (бұдан әрі – ТИҚ) даму әлеуеті үлкен. Kazyna Capital Management қажетті қаржы құралдарын дамыту арқылы Қазақстанда өз private equity инфрақұрылымын құру жөніндегі міндеттерін табысты іске асыруы Қазақстанға портфельдік инвестициялардың қомақты ағымын жүзеге асырған болар еді, алайда бұлай болған жоқ. ТИҚ нарығында олардың қызметтерін реттеумен байланысты кедергілердің болуына қарамастан, тікелей жеке инвестициялар қаржыландырудың анағұрлым перспективалы түрлерінің бірі болып табылады. Екінші деңгейдегі банктер тарапынан бизнеске кредит беруді қатаңдату оң әсер беруде және ТИҚ-қа басымдық береді, өйткені олардың кәсіпорын қызметіне қаражат салу және капитал ресурстарын біріктіру мүмкіндігі бар.

      ТИҚ бизнестен қашық қаржылық инвесторлар ретінде кәсіпорындардың операциялық қызметіне белсенді араласпай жұмыс істей алады. ТИҚ, әдетте, жобаларға 5 жылдық және одан көп кезеңге кіріп, 30-40 % жылдық пайыз деңгейінде табыс алады. Кейбір жағдайларда ТИҚ-тың портфельдік компаниямен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға және нақты бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бірлескен табысқа және өсімге қол жеткізу мақсаттарында компания стратегиясына ықпал етуге мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, тікелей инвестициялардың банкроттық деңгейінің қысқаруына ықпал ететінін және мұның экономикада оң көрініс табатынын атап өту қажет. Мысалы, 2008 – 2012 жылдар аралығындағы кезеңде Frontier Economics таңдауы бойынша еуропалық 2000 кәсіпорын ТИҚ тарапынан қаржыландыру нәтижесінде күйреуден құтылды.

      Дамыған елдердің тәжірибесінен жеке тікелей инвестициялар сияқты баламалы қаржыландыру пайыздық қатынаста барлық нарықтық қаржыландырудың аз бөлігін алатынын атап өтуге болады. Алайда, қаржыландырудың бұл түрі кеңінен таралуда және көптеген елдерде банктік кредиттеу деңгейінің қысқаруына байланысты дамушы елдерде перспективасы зор.

      Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі жеке инвестициялар нарығының дамуы елдің қаржылық жүйесін одан әрі дамытуға серпін беретінін көрсетіп отыр. Осының жарқын көрінісі – Қытай Халық Республикасында (бұдан әрі – ҚХР) қаржы нарықтары жеткіліксіз деңгейде дамыған кезде жеке тікелей инвестициялар қорларының индустриясы дами бастады. Siguller Guf зерттеулеріне сәйкес (2014 жыл) ҚХР жеке секторы елдің ЖІӨ 60 %-ын өндіреді, бұл ретте жергілікті банктер берген кредиттердің тек 25 %-ына ғана қол жеткізе алады. Осындай саясаттың нәтижесінде шағын және орта бизнес (ел экономикасының түйінді қозғаушы күші) банктік кредит алуда проблемаларға тап болады. Осыған байланысты жеке тікелей инвестициялар қаржыландырудың дәстүрлі арналарына қол жеткізуі шектелген компанияларға үлестік қаржыландыруды ұсынады, сондықтан олар ҚХР-де маңызды рөл атқарады.

      Келтірілген фактілерге негізделе отырып, Қазақстанға жеке тікелей инвестициялар нарығының әлеуеті зор екенін және оны белсенді қолдану Қазақстан экономикасына инвестициялар өсімін ынталандыруға мүмкіндік беретінін атап өтуге болады.

      ТИҚ тетіктерін қолдану:

      индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына ортақ қаржыландыру шартымен, сондай-ақ экономиканың басым секторларында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды құру үшін өзге заңды тұлғаларды құру (білім беру) жолымен инвестицияларды;

      стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеуді және тартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      Сонымен бірге, акционерлік капиталға салынған инвестициялардың маңыздылығын ескере отырып, KAZAKH INVEST ең алдымен шетелдік инвесторлардың капиталға қатысуын ұлғайтуға бағытталған ТШИ тартуға бағдарланатын болады.

      Бәсекелес ортаны талдау

      Инвестициялар тартуда Қазақстанның басқа бәсекелестермен салыстырғандағы бәсекелік артықшылықтарын анықтаудың ерекше маңызы бар. Өңірлік бәсекелік шеңберінде біз мына елдерді қарастырамыз:

      Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдері: Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей;

      Орталық Азия елдері (ЕАЭО-дан тыс): Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан;

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері (өзге): Әзербайжан, Молдова, Украина (қауымдастырылған мүше).

      Инвесторлар тұтас өңірдің (ЕАЭО және Оталық Азия) инвестициялық тартымдылығын қарастыратынын ескерсек, инвестициялар тартудың манызды факторы өңірдегі басқа елдерге қарағанда тартымды бизнес-климаттың болуы, сондай-ақ осы елдердегі шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктердің жұмыс істеуі болып табылады.


      1-11-сурет. Орталық Азия елдеріндегі ТШИ түсімі



      Дүниежүзілік Банк жасаған елдердің рейтингін негізге алсақ, Қазақстан шетелдік инвестициялар түсімінің деңгейі бойынша Ресей Федерациясынан ғана артта қалып отыр. Осыған байланысты, сондай-ақ жоғарыда аталған елдердің көпшілігі шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің болмауына не олардың жақын арада ғана жұмыс істей бастауына байланысты, осы талдау шеңберінде Ресей Федерациясының шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігі Investin Russia ғана қарастырылатын болады.

      Ресей Федерациясы

      2012 жылы Ресей Федерациясының экономикасына 18,7 млрд. АҚШ долл. сомасында тікелей шетелдік салымдар түсті, олардың 40 %-ы Кипр, Люксембург, Виргиния және Бермуд аралдары сияқты мемлекеттерден түскен инвестицияларға тиесілі. Инвестициялардың географиясы өңірлер бойынша біркелкі емес.

      Ресей Федерациясының 10 субъектісіне бүкіл шетелдік инвестициялардың 80 %-ы келеді. Инвестициялардың ең қомақты үлесі - 32 %-ы Мәскеуге, 18 %-ы - шетелдік әріптестермен бірлесіп ірі энергетикалық жобалар іске асырылып жатқан Сахалин облысына тиесілі. Көшбасшылар ондығына Мәскеу облысы, Санкт-Петербург, Калуга облысы, Ленинград облысы, Челябинск облысы, Архангельск облысы, Нижегородск облысы және Коми Республикасы кіреді. Ресей Федерациясына байыпты бюджеттік саясат тән және оның мемлекеттік қарызы Еуропадағы және әлемдегі ең төмен мөлшерде –150 млрд. АҚШ долл. жуық немесе ЖІӨ-нің 8 %-ы. Бұл ретте алтын-валюта қорларының көлемі бойынша Ресей Федерациясы әлемде үшінші орында – 500 млрд. АҚШ долл. астам (ҚХР мен Жапониядан кейін).


      1-12-сурет. Ресей Федерациясына және Қазақстанға ТШИ түсімінің серпіні



      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Ағымдағы жылы Ресей Федерациясының Үкіметі ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалар қабылдады (олардың саны 42, ұлттық экономиканың барлық секторларын және әлеуметтік саланы қамтиды) және оларды іске асыру бойынша "жол карталарын" әзірледі. Мемлекеттік және корпоративтік даму институттарының жұмысы ірі инвестициялық, ең алдымен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған. Барлығы 60 жоба, олардың көбі аяқталған. Бірнеше жүз жоба іске асырылу сатысында. Жобалар шеңберінде мемлекет қаражаты есебінен – инфрақұрылым, жеке инвестициялар есебінен – өндірістік объектілер құрылады.

      Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жобалық қаржыландыру негізінде қолдау бағдарламасы жұмыс істейді: жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша кредиттер және т.б. Ұлттық әл-ауқат қорынан 450 млрд. рубль сомасын ірі көлік жобаларын іске асыруға бағыттау туралы шешімдер қабылданды: Транссібірді жаңғырту, жоғары жылдамдықты "Мәскеу – Қазан" теміржол магистралін салу, Мәскеудің айналасына Орталық айналма автожол салу. Ресей үшін әзірге негізгі қорлардың жағдайы, олардың әбден тозуы, көліктік және инфрақұрылымдық шектеулердің болуы, импорттың жоғары үлесі және экономиканың шикізаттық тәуелділігі, сондай-ақ табиғи монополиялар тарифтерінің деңгейі проблема болып қалуда.

      "Ресейге инвестицияла" ұлттық инвестициялық агенттігі 2013 жылғы желтоқсанда Ресей Федерациясының Өңірлік даму министрлігінің аясында және Инвестициялық агенттіктердің дүниежүзілік қауымдастығымен (WAIPA) ынтымақтастықта құрылған.

      Ресей Федерациясының инвестициялық агенттігінің негізгі мақсаты:

      шетелдік инвесторларға ресейлік нарыққа шығу кезінде жәрдемдесу арқылы Ресей Федерациясының экономикасына шетелдік инвестициялар тарту;

      коммуникацияның тиімді жүйесін құру және халықаралық инвестициялық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау арқылы Ресей Федерациясының инвестициялық мүмкіндіктері мен іскерлік беделін ілгерілету.

      Ресей Федерациясының инвестициялық агенттігінің негізгі міндеті бірыңғай клиенттік орталықтың функциясын орындау болып табылады, ол шетелдік инвесторлар үшін Ресей өңірлерінің инвестициялық әлеуеті, іске асырылып жатқан жобалар, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы ауқымды ақпарат көзі, сондай-ақ шетелдік компаниялардың Ресей нарығына шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасау құралы болып табылады.

      Ресей Федерациясының инвестициялық агенттігінің қызметтері:

      Ресей Федерациясының іскерлік имиджін жақсарту және ілгерілету бойынша қызметтер. Шетелдік инвестициялық агенттіктермен және инвесторлармен өзара қарым-қатынастар жүйесін құру;

      шетелдік инвесторларға Ресей Федерациясындағы жобалар және бизнес орта туралы қажетті ақпаратты жедел режимде беру;

      инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде шетелдік инвесторларға қолдау көрсетуді жүзеге асыру;

      шетелдік инвестициялар тарту бойынша қызметтер;

      өңірлік инвестициялық жобаларды ілгерілету;

      ақпараттық-талдамалық және басқа да көрсетілетін қызметтер.

      Ресей Федерациясының шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі инвестициялық агенттігі айтарлықтай тиімді жұмыс істейді, бұл ТШИ-дің жалпы түсімінде маңызды рөл атқарады.

      Қазақстандағы инвестициялық преференциялар

      Қазақстанда инвестициялық преференциялар атаулы сипатта болады және инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстанның заңды тұлғаларына (оның ішінде шетелдік үлесі бар) және инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстанның заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингтік компанияларға беріледі.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасына елеулі өзгерістер енгізілді.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылы 25 желтоқсандағы № 122-VI Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Салық кодексіне 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістер енгізілді, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің "Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген 25-тарауына өзгерістер енгізілді, оның ішінде инвестициялық субсидиялар ұсынуды, арнайы инвестициялық шарт бойынша инвестициялық артықшылықтар беруді, сондай-ақ салықтық преференциялар ұсынуды қоса алғанда, инвестициялық преференциялар беру шарттарының мазмұны өзгертілді.

      Қазақстанның заңнамасына сәйкес инвестициялар бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ИДМ) болып табылады.

      Заңнамаға сәйкес инвестициялық преференциялар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялық басым жобаларға және арнайы инвестициялық жобаларға беріледі.

      Инвестициялық жоба "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені" ретінде анықталады.

      Инвестициялық басым жоба дегеніміз:

      заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жаңа өндірістерді құру бойынша;

      заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық жоба.

      Жаңа өндірістерді құру немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық басым жобаны тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгілі бір басым қызмет түрлері бойынша заңды тұлға жүзеге асырады.

      Арнайы инвестициялық жоба дегеніміз арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асыратын жоба.

      Инвестициялық жобаның типіне байланысты преференциялар топтамасының құрамы анықталады.

      Инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

      1) кедендік баждар салудан босату;

      2) мемлекеттік заттай гранттар;

      3) салықтар бойынша преференциялар (импортты қосылған құн салығынан (бұдан әрі – ҚҚС) босату).

      Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

      1) салықтар бойынша преференциялар;

      2) инвестициялық субсидия (ерекшелігі: жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық басым жобалар бойынша берілмейді).

      Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

      1) кедендік әкелу баждарын;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар салудан босату (импортты ҚҚС-тан босату).

      Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және ҚР ИДМ белгілеген нысан бойынша заңнамаға сәйкес талап етілетін құжаттарды жiбередi.

      Инвестициялық преференциялар ҚР ИДМ мен инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.

      1.2. KAZAKH INVEST-тің ішкі ортасын талдау

      2017 жылы Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестициялар тарту жөніндегі бағдарламасы (бұдан әрі – Ұлттық инвестициялық стратегия) әзірленді және бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асырудың институционалдық тетіктерінің бірі "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ болып табылады.

      2017 жылы KAZAKH INVEST компаниясы қайта тіркелгеннен кейін ірі инвесторлармен Қазақстан Республикасы атынан Бірыңғай келіссөз жүргізуші мәртебесін алды. KAZAKH INVEST Директорлар кеңесінің мүшелері компанияға қажетті қолдау көрсетеді және барлық операциялық процестердің тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейін компания қызметін "бір терезе" қағидаты бойынша іске асыру мақсатында, оның ішінде инвесторларды инвестициялаудан кейін қолдауды қамтамасыз ету үшін KAZAKH INVEST мемлекеттік органдармен және ведомстволармен байланысты нығайтуға және өзара іс-қимылдардың тиімділігін жоғарылатуға ұмтылатын болады.

      Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

      KAZAKH INVEST өз қызметінде индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Президент пен Қазақстан Үкіметі алға қойған басқа да міндеттерді басшылыққа алады. Мемлекетті дамытудың негізгі векторларын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған елдер қатарына кіруіне ықпал ететін стратегиялық бағыттар белгіленген:

      1) адами капиталды – инновациялардың басты қозғаушы күшін дамыту;

      2) бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;

      3) ұзақ мерзімді перспективада ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу үшін қажетті салалық база қалыптастыруға негізделген кезеңдік тәсіл қабылдау арқылы ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамыту;

      4) ұлттық инновациялық жүйе құру, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру арқылы ғылымды қажетсінетін экономика құруды қолдайтын инфрақұрылымды жеделдетіп қалыптастыру;

      5) халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялануды тереңдету.

      Инвесторлар қызметінің ашықтығын және сенім деңгейін жоғарылату.

      KAZAKH INVEST-тің Қазақстанда да, сонымен қатар шет елдерде де танымалдылығын жоғарылату мақсатында коммуникациялық саясат өзгертіледі, мемлекеттің шикізаттық емес секторды инвестициялық қолдаумен айналысатын агенті ретіндегі KAZAKH INVEST-тің имиджін қалыптастыруды коммуникациялық сүйемелдеуге көңіл аударылатын болады.

      Бұл мақсаттарда мыналар:

      KAZAKH INVEST-ті мемлекеттің инвесторларды қолдаумен айналысатын агенті ретінде қайта брендтеу;

      қажетті ақпараттың KAZAKH INVEST-тің қызметіне қызығушылық танытатын тараптардың барлығы – акционер, инвесторлар, әріптестер, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар және т.б. үшін толық және уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен KAZAKH INVEST қызметінің мақсаттарын, міндеттерін және қағидаттарын түсіндіруге, сонымен қатар қолайлы ақпараттық орта жасауға бағытталған өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын болады.

      Бұл ретте коммуникациялық және ақпараттық саясатты іске асырудың негізгі арналарының бірі инвесторға бағытталған және KAZAKH INVEST туралы ақпаратты қамтитын KAZAKH INVEST-тің корпоративтік веб-сайты болады.

      IT-қамтамасыз ету

      ІТ-қамтамасыз етуді тиісінше дамытпайынша осы Стратегияны іске асыру мүмкін емес. ІТ-қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

      инвесторлармен өзара іс-қимылда тиісті статистика жүргізу және бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, білім беру базасы мен сабақтастықты сақтау үшін инвесторларды сүйемелдеу бойынша жеке процесті автоматтандыру. Инвесторларға да инвестициялық жобалар бойынша құжаттарды орналастыруға қолжетімділік берілетін болады;

      ақпараттық-технологиялық жабдықтарды стандарттау және сәйкестендіру;

      ІТ-қамтамасыз етуді басқару жүйелерін жетілдіру болуы тиіс.

      Бұдан басқа, электрондық құжат айналымы жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеу арқылы KAZAKH INVEST пен ҚР ИДМ арасындағы сапалы және тиімді өзара іс-қимылға ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар инвестициялық жобалармен жұмыс шеңберінде KAZAKH INVEST-те контрагенттерді ІТ сервистердің оңтайлы жиынтығымен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша ІТ қызметтерінің тиімділігі жоғарылатылатын болды.

      Корпоративтік басқару

      Жоғары сапалы корпоративтік басқару KAZAKH INVEST қызметінің табысты болуы үшін қажетті шарт болып табылады. KAZAKH INVEST-те Корпоративтік басқару кодексі және Іскерлік этика кодексі бекітілген, олардың мақсаттары корпоративтік басқаруды жүйелеу және жетілдіру, басқарудың жалпы ашықтығын қамтамасыз ету және Компанияның тиісті басқару стандарттарын негізге алуға әзірлігін растау болып табылады.

      KAZAKH INVEST Директорлар кеңесіне негізгі мемлекеттік органдар мен шетелдік инвестицияларды тартуға жауапты ұйымдардың басшылары кіреді. KAZAKH INVEST Директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.

      Компанияның алдына қойған міндеттерін орындау үшін басқаруға тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, іскерлік және салалық ортада оң жетістіктері бар тәуелсіз директорлар да тартылған.

      Сонымен қатар, Компания корпоративтік басқару деңгейін жетілдіретін болады, бұл әлемдік тәжірибе негізінде корпоративтік басқарудың озық практикасына сәйкестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Адами капитал

      Компанияны білікті адами ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында KAZAKH INVEST бірыңғай кадр саясатын қалыптастыру және енгізу жұмысын жүргізеді. Кадр саясатының міндеті Компания тиімділігінің дамуына және өсуіне құнды үлес қосуға қабілетті білікті мамандарды тарту және ұстау, сондай-ақ адами ресурстарға инвестициялардан барынша қайтарым алу болып табылады. Компанияның фронт-офисіндегі жұмыскерлердің 70 %-ының "қаржы" және "экономика" мамандықтары бойынша білімдері бар. Бұл ретте персоналдың 90 %-ы ағылшын тілін меңгерген, ал олардың 29 %-ы ағылшын тілінен басқа екінші шетел тілін меңгерген. Персоналдың 26 %-ы жоғары оқу орындарын шетелде аяқтаған және жартысынан көбінің (53 %) магистр дәрежесі бар. Жұмыскерлердің жас шамасы: 37 % – 30 жасқа дейін, 44 % – 31 жастан 40 жасқа дейін, 19 % – 40 жастан асқан.

      Кейіннен персонал іріктеуде инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде маңызды фактор болып табылатын айтарлықтай тәжірибесі мен бұрынғы жетістіктері бар, тау-кен және металлургия, мұнай-газ, телекоммуникация салаларында, сондай-ақ қаржылық қызметтер мен инвестициялық кредиттеу секторларында сараптама және жұмыс өтілі бар күшті басқару командасын жасақтауға көңіл аударылатын болады.

      Компанияның қаржылық саясаты

      Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес Компания инвестициялар тарту жөніндегі оператор рөлін атқарады, бұл KAZAKH INVEST компаниясының "пайдасыз және залалсыз" қағидаты бойынша операциялық қызметін білдіреді. Бұл ретте, қызметтің шығынсыздығына мынадай стратегиялық бастамаларды іске асыру арқылы қол жеткізуге болады. KAZAKH INVEST қосымша кіріс көздерін де іздейтін болады.

      Шығындарды үнемдеу саясатын енгізу

      KAZAKH INVEST менеджменті Компания ресурстарын ұтымды пайдалануға, ауыспалы, сол сияқты тұрақты операциялық шығындарды оңтайландыруға ұмтылатын болады.

      Компания бақылауға жататын шығындарды оңтайландыруы қажет және сыртқа берілетін қызметтер көлемін қысқарта отырып, өзінің еңбек шығындарын барынша пайдаға асыруға ұмтылуы керек. Персонал жасайтын құндылық оны ұстау құнынан жоғары болуға тиіс.

      Басқарушылық есептілік жүйесін имплементациялау

      Қызметтің негізгі бағыттарын анықтау барысында Компания ақпарат жинау және ұсыну жүйесін ретке келтіреді, оның негізінде менеджмент стратегиялық және тактикалық шешімдер қабылдайтын болады. Басқарушылық есептілік жүйесі өзгермелі бизнес орта талаптарына сәйкес келуге тиіс және менеджменттің сараланған, уақтылы және көреген шешімдер қабылдауына ықпал ететін болады.

      Ақша қаражатын басқару тиімділігін арттыру

      Қаржылық орнықтылық пен өтімділікті сақтау Компанияның тиімді операциялық қызметінің негізгі шарттары болып табылады. Сонымен қатар, валюталық тәуекелдерге сезімталдықты ескере отырып, уақытша бос ақша қаражатын басқару саясаты шетелдік валютада күтілетін жылыстауға сәйкес алдын ала валюта резервтеу арқылы валюталық тәуекелдерді барынша азайтуы керек. Кассалық айырмаға жол бермеу үшін Компания "cash pooling" техникасын енгізуге ұмтылуы қажет.

      SWOT-талдау

      Сыртқы ортаны талдау KAZAKH INVEST алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауы үшін бірқатар оң факторлар мен мүмкіндіктердің бар екенін көрсетеді. Мұндай факторлардың бірі шикізаттық емес секторға негізгі капиталға мемлекет тарапынан да, сол сияқты жеке сектор тарапынан да тікелей инвестициялардың тұрақты өсуі болып табылады.

      Саяси және құқықтық оң факторлар қатарына Үкіметтің кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударуы жатады. Бұдан басқа, елде инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған Ұлттық инвестициялық стратегияда басты назар экспортқа бағдарланған шикізаттық емес секторларға ТШИ тартуға бағытталған. Осылайша, Компания стратегиясы Ұлттық инвестициялық стратегияны толықтырады. Бұдан басқа, даму институттарымен тиісті өзара іс-қимыл және уәкілетті органның (ҚР ИДМ) қолдауы синергия үшін және инвесторларға оларды қолдау құралдарының кешенді жиынтықтарын ұсыну үшін мүмкіндіктер ашады.

      Төмендегі суретте KAZAKH INVEST қызметі мен ұстанымының күшті және әлсіз тұстарына талдау, сондай-ақ одан әрі дамуының мүмкіндіктері мен қауіптері көрсетілген.

      1-13-сурет. KAZAKH INVEST қызметінің SWOT-талдауы



Мүмкіндіктер

Қауіптер


- Мемлекеттік саясат шеңберінде инвестициялар тарту мәселесіне баса назар аудару

- Қазақстанға шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылықтың болуы

- Елдегі инвестициялық ахуалдың экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлардың өзгерістері есебінен жақсаруы

- Ұлттық инвестициялық стратегия

- Үкіметтің өндірістік секторды дамыту бойынша мақсатты саясаты

- Өндірістік секторды қаржылық және қаржылық емес қолдау шеңберінде жаңа құралдардың пайда болуы

- Халықаралық қаржы ұйымдарынан (бұдан әрі – ХҚҰ) (АДБ, ЕҚДБ және т.б.) қорландыруды тарту мүмкіндіктері

- Елдегі инвестициялық ахуалдың экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлардың өзгерістері есебінен нашарлауы

- Әлемдік тоқырау тәуекелі (индустриялық елдердің қомақты сыртқы қарызы, дамушы елдердің қаржы нарықтарындағы және жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақсыздық белгілері)

- Өңірдегі өршіп келе жатқан геосаяси тәуекел

- Реттеушілік және құқықтық шектеулердің күшеюі

- Әлемде және өңірде инвестициялар үшін бәсекенің артуы


Мықты тұстары

Стратегиялық іс-қимыл

Стратегиялық іс-қимыл

- Ұлттық компания мәртебесі

- Инвестициялар тартуда жинақталған тәжірибе

- Күшті кадр әлеуеті және әкімшілік ресурс

- Компанияның он жылдық кезеңге арналған жаңа даму стратегиясы

- Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыруға қатысу

- ХҚҰ-мен белсенді ынтымақтастық

- Инвесторларға инвестициялаудан кейінгі кезеңде қызмет көрсетуді дамыту


- Елдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ұсыныстар тұжырымдау және ілгерілету

- Инвесторлардың шағымдарына жауап беру бойынша жүйелі тетікті енгізу


Әлсіз тұстары

Стратегиялық іс-қимыл

Стратегиялық іс-қимыл

- Компания тиімділігінің сыртқы төрешілдік рәсімдерден тәуелділігі

- Шетелдік инвестициялар тарту шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі тиімділігінің жеткіліксіздігі

- Компанияның имидждік саясаты дамудың бастапқы сатысында

- Компанияның ұйымдастырушылық құрылымы мен функциялары одан әрі оңтайландыруды талап етеді

- Компания процестерінің автоматтандырылуының төмен дәрежесі

- Инвесторларға ұсыну үшін пысықталған бизнес бастамалардың сындарлы массасының болмауы

- Сапалы көрсетілетін қызметтер және тауарлар ұсынатын жергілікті өнім берушілер санының жеткіліксіздігі

- Бизнес ұсыныстар мен инвестициялық сұранымдардың барлығын KAZAKH INVEST компаниясының өңірлік өкілі деңгейінде шоғырландырып, өңірлік және орталық деңгейлерде "бір терезе" қағидатын енгізу

- Уәкілетті органдардың KAZAKH INVEST жобалары бойынша преференциялар беру мәселесін қарау тәртібін жеңілдету

- Өнім берушілерді дамыту бағдарламасын әзірлеу

- Компанияның ақпараттық-инновациялық қамтамасыз етілуін және инвестициялық жобалардың ақпараттық-мониторингтік жүйесін (IRM) одан әрі дамыту

- "Тауаша жобалар" іздеу және әзірлеу




- Инвестициялар тартудың белсенді тәсілдерін енгізу

- Таргеттелген маркетингтік бағдарлама әзірлеу

- KAZAKH INVEST компаниясы шетелдік инвесторлармен бірге бастамашылық еткен инвестициялық жобаларға жер учаскесін бөлуге әкімдіктер тарапынан KAZAKH INVEST компаниясына кепілдендірілген квота беру

- Басым инвестициялық жобаларды пайдалануға енгізгеннен кейін неғұрлым ұзақ мерзімде іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде шетелдік жұмыс күшіне (бұдан әрі – ШЖК) квота белгілеуді заңнамалық деңгейде жою


      Компанияның артықшылықтарын назарға ала отырып және сыртқы ортаның жоспарланған кезеңдегі мүмкіндіктерін ескере отырып, ұлттық компания мәртебесін, жинақталған тәжірибені, іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды барынша пайдалану қажет, сондай-ақ әлсіз тұстарды жою және қатерлердің әсерін мейлінше азайту үшін жұмыс істеу керек.

      2. Миссия, пайым және қызметтің стратегиялық бағыттары

      2.1. Компанияның миссиясы, пайымы және құндылықтары

      Компанияның миссиясы

      Экономиканың басым секторларына шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды кешенді қолдау арқылы Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік экономикалық дамуына ықпал ету.

      Компанияның пайымы

      Орталық Азия өңіріндегі, ТМД елдеріндегі және экономикасы өтпелі елдер топтарының арасында шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі жетекші агенттікке айналу.

      Компанияның құндылықтары

      Жаһандық тәжірибе – шетелдік және отандық инвесторларға озық құзыреттерді ұсыну, сондай-ақ қазақстандық нарықтағы мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Компания инвестициялар тарту үшін әртүрлі нарық инвесторларының қажеттіліктеріне сәйкес алуан түрлі тәсілдерді қолданатын болады.

      Білім – көп жылдардан бері деректер жинау және талдау, инвесторлармен ақпарат алмасу Компанияға нарық үрдістерін қадағалап, инвестициялар үшін перспективалы тауашаларды айқындауға мүмкіндік береді.

      Адами капитал – KAZAKH INVEST агенттігінің өз біліктіліктері мен машықтарын үнемі жетілдіріп отыратын білікті мамандарының командасы Компания мақсаттарына қол жеткізудің түйінді ресурсы болып табылады. Компания қолайлы іскерлік орта құрды, мұнда әр қызметкер ортақ іске өз үлесін қоса алады және инновациялық идеяларымен ұсына алады.

      2.2. Қызметтің 1-стратегиялық бағыты – "Шетелдік инвестициялар"

      1-мақсат. Тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестициялар тарту

      KAZAKH INVEST өз қызметінде инвестиция тартудың белсенді тәсілдерін ұстанатын болады. Инвестицияларды белсенді тарту үш негізгі элементтен тұрады:





      2-1-cурет. Инвестициялар тарту процесінің схемасы




      1-міндет. Инвестиция көздері – нысаналы елдерді айқындау

      Қазақстанмен ынтымақтастықтың геосаяси және экономикалық жағдайларына сүйене отырып, инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша мынадай нысаналы өңірлер анықталды:

      ЕАЭО-ға мүше елдер;

      Азия елдері;

      ЭЫДҰ-ға мүше елдер және әріптес елдер;

      Таяу Шығыс елдері.

      Бұл өңірлерде Орталық Азия өңірінің экономикасын инвестициялауға әзірлікті және қабілеттілікті куәландыратын: капиталдың болуы және оған қолжетімділік, Қазақстанға инвестициялау тәжірибесі, қазақстандық өндіріске технологиялар трансферттеу перспективасы бар дамыған технологиялар сияқты белгілер бар.


      2-1-кесте. Инвестиция тарту үшін нысаналы елдер



      Елдерді таргеттеу шеңберінде басымдықтар ретінде Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, АҚШ, Ресей Федерациясы, ҚХР, Корея Республикасы, Жапония, Түркия және БАӘ анықталды.

      Басым елдер картасы


     

      Әрбір нысаналы ел немесе елдер тобы үшін инвестициялар тарту кезінде нақты елмен жұмыс істеу бойынша анықтамалық құжат немесе жөнсілтер ("White paper") әзірленіп, онда мынадай ерекшеліктер көрсетілетін болады:

      1) жобаны қаржыландыру мүмкіндіктерінің болуы (инвестициялық қорлардың болуы, инвестициялар саласындағы заңнама, қаржыландырудың қолданылатын құралдары);

      2) басым салалардағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада шекаралық өңірлерге шығып, бизнесті кеңейтуді жоспарлайтын ықтимал әріптестер (таргеттік трансұлттық компаниялар мен нысаналы зәкірлі инвесторлар);

      3) ресми, оның ішінде үкіметтік деңгейдегі уағдаластықтар, сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламалары.

      Мұндай анықтамалықтар үнемі жаңартылып отыратын болады және қандай да бір елмен ынтымақтастықтың барлық аспектілерін ашып көрсететін негізгі құралға айналады. Басым елдердің шектеулі санына назар аудару Стратегия мақсаттарына қол жеткізуде маңызды фактор болып табылады. Алайда, Стратегияда келтірілген елдер тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Компания өз қызметін икемді тұрғыдан жүргізуді ұстанады және шетелдік инвестициялардың жаңа көздерін, оның ішінде аралас салалардан іздейтін болады.

      2-міндет. Инвесторларды таргеттеу

      Шетелдік инвестицияларды тартуда табысқа жетудің келесі қадамы инвесторларды таргеттеу болып табылады.

      Практикада инвесторлық база 2 типке бөлінеді, олардың инвестициялау кезіндегі мақсаттары мен міндеттері ерекшеленеді:

      стратегиялық инвестор – басқаруға қатысу үшін немесе компанияны бақылауға алу үшін бизнестен үлес алуға мүдделі инвестор. Әдетте, стратегиялық инвестор ретінде қызметі сатып алынатын компанияның немесе іске асырылатын жобаның бизнесімен байланысты компания әрекет етеді;

      институционалдық инвестор немесе портфельдік инвестор – пайда алу мақсатында үлеске салымды жүзеге асыратын заңды тұлға. Институционалдық инвесторларға инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, банктер, оның ішінде даму банктері жатады.

      Елдер инвестиция тарту бойынша саясатында өз елінің мүдделерін білдіретін компанияны таргеттеуден ықтимал инвесторлардың қызығушылығын тудыра алатын елдің бәсекелік артықшылықтарын жасауға бет бұруда. KAZAKH INVEST инвестициялық жобаның өмірлік цикліне байланысты инвесторлардың екі тобын таргеттейтін болады. Стратегиялық инвесторларды таргеттеу шеңберінде негізгі фокус трансұлттық компанияларға (бұдан әрі – "ТҰК"), олардың даму тарихын, жұмыс істейтін елдерді, сатып алу көздерін, өткізу нарығын және кеңею жоспарларын мұқият талдау негізінде жасалатын болады.

      ТҰК техникалық анықтамалары өзгешеленеді. Осы Стратегия ТҰК-ты мынадай сипаттамаларға сәйкес келетін коммерциялық кәсіпорын ретінде айқындайды:

      1) орналасқан елді (ТҰК-тың бас кеңсесі орналасқан елді) ескермегенде, кемінде екі елде өндірістік бөлімшелері бар компания;

      2) жылдық айналымы 1 млрд. АҚШ долл. асады.

      Әдетте, шетелдік инвестицияларды белсенді іздеу үстіндегі елдердің барлығы ірі компанияларды таргеттейді, бұл олардағы бәсекелестікті жоғарылатады. Сондықтан, KAZAKH INVEST тек ірі компаниялармен ғана шектелмей, бірегей технологиялары және/немесе инновациялары бар және экономиканың басым салаларын дамытуға түрткі бола алатын технологиялық стартаптар мен шағын орта кәсіпкерліктерге (бұдан әрі – ШОК) де өз назарын аударатын болады.

      3-міндет. Қазақстан экономикасының басым салаларына шоғырлану

      Инвестициялар тарту бойынша қызмет жүргізілген макроэкономикалық және салалық зерттеулер нәтижесінде айқындалған Қазақстан экономикасының басым салаларына шоғырландырылатын болады. Бұл міндетті орындау шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін инвесторлар үшін ыңғайлы форматта ашып көрсетуге мүмкіндік беретін салалық шолулар (құнды ұсыныстар) дайындалатын болады.

      Экономиканың басым салаларының негізгі 2 тобы анықталды:

      1) қазір әлеуеті бар салалар;

      2) перспективалы салалар.

      2-2-кесте. Инвестициялар тарту үшін басым салалар





      Өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына инвестициялар, күшті әрі жақсы басқарылатын корпоративтік сектордың қалыптастырылуына ықпал ету және экономиканы әртараптандыруды ынталандыру арқылы бәсекелестікке жағдай жасайды және елдің экономикалық сілкіністерге орнықтылығын жоғарылатады.

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды қолдау әлемдік экономика технологияларына бағдарланған жағдайларда кәсіпорындардың бәсекеде табысқа жетуіне көмектеседі.

      Туризмді дамыту ел экономикасының орнықтылығын жоғарылатуға ықпал етеді, жұмыс орындарының және валюталық түсімдердің өмірлік маңызды көзі болып табылады, адамдардың экономикалық өмірге қатысуын ынталандырады және ресурстардың тиімділігін арттырады.

      Компанияның негізгі операциялық жұмысы инвестицияларды осы басым салаларға тартуға бағытталатын болады, алайда бұл ретте KAZAKH INVEST қызметі көрсетілген салалармен ғана шектелмейді – экономиканың басқа секторларында, сондай-ақ венчурлік капитал мен стартаптарды қоса алғанда, басқа да жобаларды іске асырып жатқан инвесторларға да инвестициялаудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетілетін болады.

      4-міндет. Инвестициялар тарту үшін басым жобаларды талдау және іріктеу

      ТШИ тартудың келесі қадамы инвестициялау үшін ұсынылатын басым жобаларды анықтау және назарда ұстау болып табылады.

      Осы Стратегияда біз басым жобалардың үш тобын анықтаймыз:

      1) тауаша жобалар;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары;

      3) жекешелендірілетін кәсіпорындар.

      Тауаша жобалар

      KAZAKH INVEST елдің (өңірдің) артықшылықтары мен әлеуетті инвесторлардың іскерлік мүдделерінің арасындағы түйісу нүктелерін іздеп табатын болады. Бұл мақсат үшін нарықта сұранысқа ие тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі кезінде толық өндірістік циклдің әртүрлі кезеңдерін (қосымша құн тізбегіндегі үзілістер) толтыруға мүмкіндік беретін "тауаша жобалар" және/немесе нақты шетелдік компания үшін бизнес-кейстер әзірленетін болады. Мұндай жобалар, әдетте, мынадай сипаттамаларға сәйкес келеді:

      1) бос тауаша (өңірде ұқсас өндіріс жоқ немесе өндірілетін өнім/жұмыстар/қызметтер ұсынысы өңірдегі сұранысты қанағаттандыра алмайды);

      2) импорты алмастыруға және экспорты дамытуға бағытталуы;

      3) шикізаттық базаға қолжетімділік;

      4) өндіріс орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте коммерциялық пайдалы.

      Тауаша жобаларға жергілікті кәсіпорындар, квазимемлекеттік секторлар, мемлекеттік органдар бастамашылық етеді және бұл жобалар жаһандық қосымша құн тізбегіне елдің интеграциялануына мүмкіндік ашады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары

      МЖӘ тарихи тұрғыдан мемлекеттік сектор басым салаларға жеке капиталдың енуі үшін елеулі әлеует болып табылады. Көлік, энергетика, жаңартылатын энергия көздері, білім беру, телекоммуникациялар және денсаулық сақтау секторларындағы инфрақұрылымдық инвестициялар көлік желілерін, табиғатты қорғау объектілерін жаңғыртуға ықпал етеді, адамдар үшін сапалы қызметтерді қолжетімді етеді, интеграциялауды нығайту бойынша әрекеттерге маңызды үлес қосады, бұл нарықтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен өсуі үшін және жұмыс орындарын ашу үшін негіз болады. Мұндай жобалардың, әдетте, коммерциялық жобалармен салыстырғанда, тәуекел деңгейлері төмен, өйткені МЖӘ жобасында инвестициялардың қайтарымдылығының белгілі бір кепілдіктері қарастырылады. МЖӘ жобаларын қаржыландыруға халықаралық қаржы ұйымдарын тарту табысты шаралардың бірі болып табылады.

      KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасының Үкіметі және квазимемлекеттік сектор бастамашылық ететін инфрақұрылымдық жобаларды МЖӘ тетіктері есебінен іске асыру мүмкіндігі тұрғысынан бағалайтын болады. Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес KAZAKH INVEST-ке МЖӘ жобаларын ілгерілету бойынша функциялар берілетін болады және ол инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдейді.

      Жекешелендірілетін кәсіпорындар

      Мемлекеттің меншік иесі және реттеуші ретіндегі функцияларын анық бөлу және мемлекеттің нарықтық экономикадағы қатысу үлесін төмендету елдің орнықты дамуында шешуші рөл атқарады. Жекешелендіру процесіне жергілікті инвесторлар үшін де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де тең қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету жекешелендіруден барынша көп пайда алудың маңызды факторы болып табылады. KAZAKH INVEST технологиялар мен басқарушылық ноу-хауға ие шетелдік инвесторлар арасында жекешелендіруді ілгерілетуге қатысатын болады.

      Жекешелендіруге мұнай-газ секторындағы, көлік және логистика, өнеркәсіптік тауарлар өндірісі, коммуникациялар, пошта, электр энергиясын генерациялау және т.б. секторлардағы объектілер енетін болады.

      5-міндет. Іріктелген жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар дайындау

      Инвестициялар тарту қызметінің табысты болуы жобаның өзінің инвестициялық тартымдылығына (кірістілік көрсеткіштері, өтелу мерзімдері, жобаның перспективалары), сонымен қатар жобаны пысықтау/ресімдеу сапасына да (бизнес-жоспардың, техникалық-экономикалық негіздеменің болуы және т.б.) байланысты. Сапалы инвестициялық ұсыныстар дайындау жұмысы инвестиция тартудың негізгі кезеңі болып табылады.


      2-3-сурет. Инвестициялар тарту кезеңдері




      Инвестиция тартудың белсенді тәсілін іске асыру кезінде отандық бизнестегі өсу перспективасы бар, Қазақстан аумағында, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейлерде бәсекеге қабілеттіліктің көшбасшылары бола алатын ықтимал табысты компаниялар айқындалады.

      Қолдау шаралары 3 бағыттан тұрады:

      қаржылай қолдау алу үшін жәрдем көрсету (жобаларды bankable деңгейіне дейін жеткізу), консалтингтік сүйемелдеу (инвесторлар іздеу, басқару және технологиялар саласындағы озық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз ету, қызметтің тиімділігін арттыру) және институционалдық қолдау (мемлекеттік органдармен өзара қимыл жасау бойынша жұмысты үйлестіру, оның ішінде преференциялар алу кезіндегі тиімді диалогқа бастамашылық ету, салалық кедергілерді жою). Инвестициялауды гранттарды тарта отырып, құзыреттерді дамыту жұмыстарымен байланыстыру өнімді өндірістік-өткізу тізбектерін қалыптастыруға ықпал етеді, экономикалық тиімділікті жоғарылатады.

      Бұл үшін ұлттық компаниялармен, салалық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жандандырылатын болады. Мемлекеттік органдардың, сол сияқты Қазақстанда инфрақұрылымдық және инвестициялық ірі жобаларды іске асырып жатқан ірі компаниялардың әрқайсысының ресурстық базасы мұқият зерделенеді, бұл жаңа бизнес бастаманы іске асыру кезінде оф-тейк келісімшарттар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Өз қызметтерін кеңейтуге мүдделі жергілікті ірі және орта бизнеспен де осыған ұқсас жұмыс жүргізілетін болады. Бүгінде Қазақстанның көптеген кәсіпкерлерінің одан әрі даму жоспарлары бар. Осылайша, талдау нәтижелерінің негізінде бастамалардың барлығы ескеріле отырып, инвесторлар үшін тауаша жобалармен қатар, МЖӘ және жекешелендіру объектілері жобалары енетін ықтимал жобалар пулы жасалады.

      Бұдан әрі осы жобалар тізбесінің арасынан инвестициялық тартымдылығы ең жоғары жобалар іріктеп алынады. Инвестициялық жобаларды іріктеудің тиісті сапа стандарттарына және экономика қажеттіліктеріне сәйкес келетін нақты қағидалары қабылданады. Бар күш-жігерді іріктеуден өткен, саны азайтылған жобаларға шоғырландырудың аса зор маңызы бар. Жобаларды іздеуге, инвестициялық ұсыныстарды дайындауға халықаралық деңгейдегі консультанттар тартылатын болады.

      Бұған қоса, инвесторлар іздеу жұмысы жұмыс процестерін цифрландыруға көшіруді, жүйелеуді және регламенттеуді талап етеді, бұл жобалар бойынша кіріс құжаттарының сапасын жоғарылатуға, тартылған инвесторлар санын ұлғайтуға, фронт-офистегі тиісті салалар бойынша қызметкерлердің құзыреттілігі мен білім деңгейлерін жоғарылатуға, мониторингті тиісінше жүргізуді қамтамасыз етуге және инвесторлармен өзара іс-қимылда шапшаңдыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Күтілетін нәтижелер

      Қызметтің 1-стратегиялық бағытының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижесінде елімізге өңдеуші секторына кемінде 91 ТҰК тартылып, экономиканың басым салаларында "зәкірлік инвесторлармен" бірлескен
28 кәсіпорын құрылады. МЖӘ жобаларына инвестициялары белсенді тарту 3,3 млрд. долл. сомасындағы 55 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

      Қызметтің 2-стратегиялық бағыты – "Инвестициялық ахуал"

      3-мақсат. Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу

      Институционалдық ортаны жетілдіру, мемлекеттің инвестициялық саясатының ашықтығын, болжамдылығын жоғарылату инвесторлардың сенімін нығайтудың маңызды факторлары болып табылады. Бұл ретте, KAZAKH INVEST уәкілетті органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру және оны әкімшіліктендіру, сонымен қатар инвестициялық қауымдастықпен өзара іс-қимыл тетіктерін нығайту бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады.

      Инвестициялардың өмірлік циклдерінің әр сатысында көптеген мүдделі тараптармен үнемі қарым-қатынас жасалады. Осыған байланысты инвесторларға оларды Қазақстанға өндіріс ашу үшін тарту кезеңінде ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету және жергілікті экономикамен орнықты байланыстарды дамыту есебінен инвестицияларды сақтап қалу мақсатында инвестициялық жобаның кейінгі даму фазаларында да қолдау көрсетіледі.

      Түпкі мақсат инвестордың елде қалып, өз өндірісін жаңғыртуды, ұлғайтуды және кеңейтуді жалғастыруына сайып келеді. Өндіріс үшін және шетелдік инвесторлардың бизнестері үшін стратегиялық құндылығы бар, қосымша құн салығы анағұрлым жоғары жаңа, жаңғыртылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді игеру, әзірлеу және енгізу үнемі ынталандырылып отырады және оларға үнемі қолдау көрсетіледі.

      1-міндет. Қазақстанның инвестициялар саласындағы заңнамасын жетілдіруге жәрдемдесу

      Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкімет кеңесінің (Инвестициялық штаб) қарауына және уәкілетті органдарға проблемалы мәселелерді бағалау нәтижелері және инвесторлардың қажеттіліктерін түсіну негізінде Қазақстан Республикасының шетелдік жұмыс күшін тартуды, виза бойынша мәселелерді, салық, кеден заңнамасы мәселелерін қоса алғанда, инвестициялық қызметке қатысты заңнамасын жетілдіру бойынша, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнаманы жетілдіру және инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру және т.б. бойынша ұсыныстар жүйелі түрде енгізілетін болады.

      Инвестициялық бастамаларды қолдау бойынша KAZAKH INVEST қызметіндегі кедергілерді жою

      Тиімділікті жоғарылатуға бағдарланған инвестицияларды көптеп тарту мемлекеттік органдар мен түйінді даму институттарының үйлестірілген жұмысына байланысты. Даму институттарының бірлескен кәсіпорын құруға ниет білдірген ірі инвесторлармен және ТҰК-пен әріптестігі олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және инвесторларға белгілі бір жағдайлар жасай отырып, оларды кіру кедергілерінен босатады.

      KAZAKH INVEST түйінді даму институттары мен шетелдік инвесторлар арасындағы байланыстырушы буынға айналуға ұмтылады.

      Алайда, ағымдағы жағдайда даму институттары тарапынан әріптестікті және/немесе бірлесіп қаржыландыруды қажет ететін бірқатар инвестициялық жобалардың бастамашылары құжаттарды қарау рәсімдерінің ұзақтығымен, жүктемесі мол төрешілдікпен (сұратылатын құжаттар санының және рәсімдердің көптігі) бетпе-бет келеді. Осыған байланысты, Компания уәкілетті органмен мынадай мәселелерді пысықтауды жоспарлап отыр:

      1) KAZAKH INVEST компаниясының жекелеген қызметкерлерінің түйінді даму институттарының басқару органдарына мүшелігі;

      2) даму институттарының KAZAKH INVEST жобаларын басым тәртіппен қарауын көздеу;

      3) бизнес ұсыныстар мен инвестициялық сұрау салулардың бәрін KAZAKH INVEST компаниясының өңірлік өкілі деңгейінде шоғырландыра отырып, өңірлік және орталық деңгейлерде "бір терезе" қағидатын қарастыру. KAZAKH INVEST ресурстары шетелдік инвесторлардың бастамаларына тиісті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Іс жүзінде инвестициялық жобаларды тез арада іске асыру үшін қажет қызметтердің барлығы дерлік KAZAKH INVEST құзыретінен тыс қалып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелерін бөлуі кезіндегі, шетелдік жұмыс күшін елге әкелу кезіндегі рұқсат құжаттарын келісу және беру рәсімдерінің ұзақтығы, өңірлік деңгейлердегі KAZAKH INVEST өкілдері рөлінің төмендігі, сондай-ақ басқа да төрешілдік рәсімдер инвестициялар үшін кедергілер туғызуы мүмкін. Осыған байланысты, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу арқылы мынадай бастамалар ілгерілетілетін болады:

      1) KAZAKH INVEST компаниясы шетелдік инвесторлармен бірлесіп бастамашылық жасаған инвестициялық жобаларға жер учаскесін бөлуге әкімдіктер тарапынан KAZAKH INVEST компаниясына кепілдендірілген квота беру;

      2) басым инвестициялық жобаларды пайдалануға енгізгеннен кейін анағұрлым ұзақ мерзімде іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде ШЖК-ге квота белгілеуді заңнамалық деңгейде жою;

      3) KAZAKH INVEST қолдау көрсететін жобаларды іске асыру үшін уәкілетті органдардың преференциялар беру мәселесін қарау тәртібін жеңілдету;

      4) әкімдіктер өкілдерінің өкілеттіктерін кеңейту тиісті өңір мәселелері қаралған кезде облыс әкімдері орынбасарларының Үкімет жанындағы (тиісті кеңесші комитеттерге (жұмыс топтарына) міндетті түрде қатысуы).

      2-міндет. Инвестицияларды қорғау тетіктерін жаңғырту

      Инвестицияларды қорғау инвестиция тарту және оны сақтап қалу жұмысының түйінді аспектілерінің бірі болып табылады. Атап айтқанда, инвесторлардың құқықтарын қорғаудың негізгі кепілдіктерін тиісінше орындау басымдық болып саналады. Бұған экспроприациядан қорғау, инвестормен жұмыс істеу барысында әділдік және тең құқылық қағидаттарының орындалуын қамтамасыз ету, барынша қолайлы жағдай жасау, валютаны/капиталды еркін айырбастау және аудару, дауларды шешу тетіктеріне қолжетімділік жатады.

      Инвесторлардың проблемалы мәселелеріне бірден ден қою жүйесін енгізу жоспарланған, оның құрамында инвесторларға Қазақстан аумағында көмек көрсету үшін "Call-орталық" арқылы "жедел жәрдем" қағидатын енгізу және инвесторлардың сауалдарын тіркеудің электрондық жүйесі қамтылған.

      Call-орталыққа хабарласқан жағдайда инвесторға туындаған мәселелердің кең спектрін, оның ішінде әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді шешуде көмек көрсетілетін болады. Инвесторлардың Компания қызметі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін, сонымен бірге жедел көмекті қамтамасыз ету мақсатында маңызды қоғамдық орындардың барлығында Компанияның және Call-орталықтың байланыс телефондары көрсетілген баннерлер орнатылады.

      Сонымен қатар, инвесторлардың сауалдарына мемлекеттік органдардың барынша қысқа мерзім ішінде және ағылшын тілінде жауап қайтаруы қамтамасыз етіледі.

      Шетелдік инвесторлар өздеріне таныс емес жағдайда жұмыс істейді, бұған құқықтық сала да жатады. Белгісіздіктердің орын алуы инвестициялар үшін кедергілер мен қауіптер туындатады. Өтпелі экономика тән елдерде, оның ішінде Қазақстанда құқықтың үстемдік құруы мәселелері инвестициялау үшін басты сын-тегеурін болып қалуда. Сонымен бірге KAZAKH INVEST инвесторлардың күрделі мәселелерін ерте айқындап, оларды сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен шешуге көмек көрсететін болады. Бұл мақсатта компания арнайы құралды – Инвесторлардың шағымдарына ден қоюдың жүйелі тетігін (Systematic investor response mechanism – (бұдан әрі – SIRM)) іске қосады, ол мына схема бойынша жұмыс істейді:

      1) инвесторлардың проблемалы мәселелерін ерте айқындайды;

      2) инвесторлар үшін (шығындар, залалдар) және Қазақстан үшін (инвестицияларды алу, сот талқылауы) тәуекелдерді бағалайды;

      3) егер инвестордікі дұрыс болса, SIRM мәселені шешуде, оның ішінде Инвестициялық омбудсмен институты арқылы делдал болады;

      4) егер прогреске қол жеткізілмесе, проблемалы мәселе Үкімет деңгейінде қарауға шығарылады;

      5) инвесторлардың Қазақстаннан кетуінің мониторингін жүзеге асырады және оның ықтимал себептеріне талдау жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізетін реформалардың нәтижесінде инвесторлардың сенімдерінің үнемі жоғарылауын қамтамасыз ету үшін, инвесторлардан сауалнама алу ұдайы жүргізіліп отырады. Сауал әдістемесі озық халықаралық іс-тәжірибе негізінде әзірленеді. Сауалнаманы тәуелсіз және беделді ұйым жүргізеді, бұл оны сапаны және елдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігін бағалау құралына айналдырады.

      Инвесторлар арасында сауал жүргізудің және инвестициялық қызмет барысында туындайтын күрделі мәселелерді талдау нәтижесінде жыл сайын Қазақстанның инвестициялық ахуалының жағдайы туралы есеп жасалады және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жіберіледі:

      1) инвестицияларды тартуға, ұлғайтуға және сақтап қалуға кедергі келтіретін төрешілдік және салалық шектеулер;

      2) орталық және өңірлік деңгейлерде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді алудың ауыртпалығы;

      3) мемлекеттік органдар мен өңірлердің олардың қызметінің елдегі іскерлік ортаның қолайлылығына әсері негізіндегі рэнкингі;

      4) инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қауымдастықтың мәселелері туралы объективті ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасындағы инвесторлардың ағымдағы мәселелері туралы ақпаратқа ие Инвестициялық омбудсмен, әкімдіктер жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталықтары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі, Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңес (Инвестициялық штаб), Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы іскерлік қауымдастықтары және "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – "Атамекен" ҰКП) сияқты институттармен ынтымақтастық жолға қойылатын болады.

      3-міндет. Қазақстанның инвестициялық брендін ілгерілету

      KAZAKH INVEST елдегі инвестициялық жобаларды халықаралық және ішкі таргеттелген ілгерілету үшін Бірыңғай медиа-жоспар әзірлейді. Әртүрлі елдердің бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) арқылы ілгерілетуде медиа-нарықтың ерекшелігі, бизнес қауымдастықтың мәдени-танымдық ерекшеліктері және сол өңірдің бизнес қажеттіліктерін талдау ескеріледі.

      Қазақстан Республикасының инвестициялық стратегиясын ілгерілетудің медиа-жоспарын құрудан және оны іске асырудан басқа, инвестициялық-экономикалық бағыттағы халықаралық және ішкі іс-шараларға қатысудың жүйеленген кестесі іске асырылады. Мұндай іс-шараларға қатысу Компания үшін инвестициялық жобаларды атаулы ілгерілетудің маркетингтік құралы ретінде, сондай-ақ әлеуетті әріптестермен тікелей байланыстар орнату үшін өте маңызды.

      Басқа да маңызды бағыты әкімдіктермен тығыз өзара іс-қимылда өткізілетін өңірлік форумдардың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мақсаты инвестициялық форумдарды өткізуде қателіктер мен ретсіздіктерді болдырмау. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының бірыңғай ақпараттық және имидждік реңін қалыптастыру үшін Компания барлық өткізілетін іс-шараларға түгендеу жүргізбек.

      Бұл ретте Компания KAZAKH INVEST өткізетін іс-шаралардың бекітілген күнтізбесіне сәйкес іс-шараларды өткізуде жан-жақты хаттамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетеді.

      Инвестициялық мүмкіндіктердің танылуын жоғарылату үшін елде "Қазақстанның инвестициялық бренді" жобасы іске асырылады. Қазақстанды зор инвестициялық әлеуеті бар, инвестиция үшін аса тартымды және бүкіл әлемдегі екпінді өзгерістермен бірге дамуға әзір ел ретінде көрсету жоспарланып отыр. Брендті оң қабылдау және сенім арту бірінші кезекте орналастырылған месседждің объективтілігіне байланысты. Қазақстанның инвестициялық бренді өзіндік, үйлесімді, жеңіл танылатын болады, елдің инвестициялар үшін нақты бәсекелестік артықшылықтарын ашып, баса көрсететін болады.

      Қазақстанға табысты инвестициялар тарихы маркетингтік бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігіне айналады, өйткені инвесторлар бірінші кезекте өздерінің алдындағылардың тәжірибелеріне назар аударады.

      KAZAKH INVEST компаниясының маркетингтік стратегиясынан күтілетін нәтижелер - Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктердің танылуын жоғарылату және басты аудиториялармен (контрагент елдердің бизнес қоғамдастықтары мен үкіметтік органдары) байланысты жақсарту.

      Күтілетін нәтижелер

      Қызметтің 2-стратегиялық бағытының басты көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижесінде биліктің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туындаған инвестициялық ахуалдың қолайсыз жағдайларына байланысты қазақстандық нарықтан кететін инвесторлардың саны 2021 жылға қарай 0-ге дейін қысқарып, осы деңгейде тұратын болады.

      Инвесторлардың сенімділік деңгейі 2024 жылға қарай 90 %-ға дейін артады және осы деңгейде тұратын болады.

      Қызметтің 3-стратегиялық бағыты – "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуеті"

      3-мақсат. Компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасының тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құру

      Компанияның ұйымдастырушылық әлеуетін жетілдірмейінше Компания қызметтерінің мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес. Осы бағыт шеңберінде біз 4 міндетті бөлеміз:

      1) Компания өкілеттіктерінің шетелдік желісін кеңейту;

      2) Компанияның өңірлік өкілеттіктерінің жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) және бизнес-қауымдастықпен өзара іс-қимылын күшейту арқылы өңірлердің инвестициялық белсенділігін дамыту;

      3) "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды сервистік сүйемелдеу;

      4) инвесторлармен жұмыс рәсімдерін регламенттеу.

      1-міндет. Компания өкілеттіктерінің шетелдік желісін кеңейту

      Әлемдік тәжірибе инвестицияларды тарту жұмысының тиімді болуы үшін әлеуетті инвесторлармен олар тұрып жатқан елдерде жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетеді. Шетелдік өкілеттіктер мен өкілдер әлеуетті шетелдік инвесторларды бастапқы сәйкестендіру, үкіметтік, үкіметтік емес және корпоративтік секторлардың әртүрлі компанияларымен іскерлік байланыстар орнату, өзара ынтымақтастық туралы алдын ала келісімге қол жеткізген шетелдік компаниялармен инвестиция тарту бойынша жоспарлы жұмыс жасау, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін технологиялар мен бизнес өнімдерді, оның ішінде халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар беретін қаржы ресурстарын іздеу, әлеуетті инвесторларға ақпараттық консультациялық қолдау көрсету бойынша фронт-офис рөлін атқарады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР СІМ) шетелдегі дипломатиялық корпусымен және Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің жанындағы инвестициялар жөніндегі шетелдегі кеңесшілердің халықаралық желісімен тығыз байланыста орындалады, нәтижесінде бизнес-қоғамдастықта Қазақстанға инвестициялаудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы оң түсінік қалыптастырылады.

      Қазіргі уақытта KAZAKH INVEST компаниясының 5 басым елде (ҚХР, АҚШ, Германия, Франция, Түркия) өкілдері бар. Бұл өкілдер:

      1) әлеуетті инвесторлардың Қазақстан Республикасына сапарын;

      2) Қазақстан Республикасының бірінші тұлғаларының шетелдерге ресми сапарын;

      3) үкіметаралық комиссиялардың, іскерлік кеңестердің отырыстары, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Республикасының экономика күндері, бизнес-форумдар, роуд-шоу, конференциялар;

      4) инвестиция мәселелері бойынша келіссөздер ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

      Сонымен бірге шетелдік өкілдер мүдделі бизнес-ортаны Қазақстан Республикасында алдағы уақытта өтетін аса маңызды инвестициялық іс-шаралар, мемлекеттің инвестициялық саясатын реттейтін және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартатын Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар етеді, инвесторлармен бұрын қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      Осы Стратегия шеңберінде Компанияның шет елдердегі өкілдік кеңселерінің қызметінің жаңа тәсілін іске асыру жоспарланып отыр, ол мына факторларға негізделеді:

      өкілдің мәртебесін күшейту;

      Компания деңгейінде өкілеттіктердің бюджеттерін шоғырландыру;

      өкілеттіктерге инвесторларға ұсыну үшін нақты жобалар тізбесін қамтамасыз ету;

      инвесторлар бастамашылық еткен жобаларды іздеу және оларды KAZAKH INVEST-ке өңірлік және орталық деңгейлерде тиісті әріптестерді іріктеу үшін жіберу.

      2-міндет. Өңірлердің инвестициялық белсенділігін дамыту

      KAZAKH INVEST-тің облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда өңірлік кеңселері өрістетілген. Компанияның өңірлік өкілдері мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:

      орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда инвесторлардың мүдделерін білдіру арқылы оларды қолдау;

      жетекшілік ететін өңірде мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторлардың компанияларымен кездесулер, оның ішінде Компания басшыларының кездесулерін өткізу;

      әлеуетті инвесторлардың Қазақстан Республикасына сапарларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      инвесторлармен атаулы ақпараттық жұмысты жүзеге асыру және Компанияның келісімі бойынша әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;

      әлеуетті инвесторлар үшін Компанияның бас офисіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктері мен елшіліктеріне берілетін өңірдегі инфрақұрылымның және табиғи ресурстардың болуы туралы дерекқорды және инвестициялық карталар құру;

      шетелдік және жергілікті инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын инвестициялық жоба шеңберінде туындаған проблемалық мәселелерді өңірлік деңгейде кәсіпорын табысты және түпкілікті іске қосылғанға дейін шешу.

      Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар Компанияның өңірлік өкілдіктері желісімен бірлесіп, өңірлердің инвестициялық тұжырымдамасын/стратегиясын әзірлейді, онда инвестиция тарту үшін басым бағыттар әр өңірдің бәсекелік артықшылықтарын ескере отырып анықталады, инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығы туралы қорытынды шығарады, өңірлік инвестициялық жоспарды және инвестиция тартуды талап ететін инвестициялық жобалардың тізбесін бекітеді, "бір терезе" қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруда көмек көрсетеді.

      3-міндет. "Бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларға сервистік қолдау көрсету

      Компания "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдерімен өзара іс қимылын болдырмайтын немесе барынша азайтатын функцияларды жүзеге асыратын болады (мысалы, қажетті құжаттарды жинау, инвестордың мүддесін кеңестерде білдіру, рұқсат құжаттарын беру және т.б.)

      "Бір терезе" тұжырымдамасы мыналар арқылы жүзеге асырылады:

      1) Компанияның, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, "Атамекен" ҰКП-ның, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың және басқа ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауын арнайы тәртібін әзірлеу;

      2) мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсетуді жеңілдету және олардың мерзімдерін қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтер, мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша консультация беру;

      4) құжаттар дайындау және ресімдеу, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді, сонымен қатар өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу үшін құжаттар дайындау және ресімдеу бойынша консультация беру;

      5) инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру;

      6) шетелдік инвестордың мүдделерін орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда білдіру;

      7) инвесторлардың сұрау салуларын қарау және олардың мониторингін қамтамасыз ету;

      8) инвестициялық қызмет барысында туындайтын мәселелерді шешу;

      9) өңірде инфрақұрылымның және табиғи ресурстардың болуы туралы дерекқорды және әлеуетті инвесторларға арналған инвестициялық карталарды қалыптастыру;

      10) оларды сапалы және толыққанды пысықтамайынша, қандай да бір жобаның "түсіп қалуына" жол бермейтін инвестициялық жобалардың ақпараттық-мониторинг жүйесін (IRM) құру;

      11) инвестормен тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін "бір терезе" Call-орталығын автоматтандыру;

      12) инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

      13) өңірлердегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін әлеуетті инвесторлар арасынан контрәріптестер іздеу және тарту.

      Бұл шаралар Компанияның инвесторларға кешенді қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді, жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта инвестициялау және жаңғырту үшін қолайлы жағдай жасайды.

      Инвесторлардың ақпараттық сұрау салуын пысықтау шеңберінде Компания ақпараттық-талдамалық қолдау көрсететін болады. Инвесторлардың сұрау салуымен жұмыс істеу кезінде түрлі қауымдастықтарды қоса алғанда, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдармен өзара тығыз іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Сұрау салу алынғаннан кейін Компания инвесторлардың пысықтауды қажет ететін мәселелерін айқындайды. Одан әрі мәселелер тиісті ұйымдарға олардың құзыреттеріне сәйкес жіберіледі.

      Әріптес іздеу немесе инвестициялық жобаны іске асыру процесінде инвесторларға инвестициялық ұсыныстар беріледі және қажетті қолдау көрсетіледі.

      Қажетті ақпаратты беру және негізгі мәселелерді шешу барысында Компания мемлекеттік органдармен және әлеуетті әріптестермен келіссөздер жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бөлінген жер учаскелерін көру үшін шетелдік инвесторлар делегацияларының сапарларын ұйымдастырады.

      Сапарларды ұйымдастыру кезеңінде негізгі міндет шетелдік инвесторлар мен ТҰК делегацияларының жайлы орналасуын және оларды қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

      Қалыптасқан халықаралық тәжірибеге сәйкес Шетелдік делегацияларды хаттамалық сүйемелдеу және олардың қатысуымен ресми іс-шараларды өткізу регламенті бекітілетін болады, бұл регламент бірыңғай хаттамалық-ұйымдық қағидаларды белгілейді және хаттамалық іс-шараларды жоспарлау мен іске асыру кезінде орындау үшін міндетті болып табылады.

      Сонымен бірге, KAZAKH INVEST инвестициялаудан кейінгі мониторингтеудің жаңа сервисін іске қосуды жоспарлап отыр, бұл арқылы жұмыс істеп жатқан инвесторлар үшін инвесторларға қызмет көрсетудің өңірлік орталықтарымен тығыз ынтымақтастық жасау бағытында қызметтердің ауқымды спектрі ұсынылады:

      компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне ықпал ететін әкімшіліктік қызметтер;

      инвесторлардың тиімді және операциялық қызметін қолдайтын операциялық қызметтер;

      Қазақстанда инвестициялардың одан әрі дамуына, жаңа технологияларды енгізуге және өндірістік қуаттарды кеңейтуге ықпал ететін стратегиялық қызметтер.

      Компания жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді өндіру және жеткізуді жүзеге асыратын, перспективалы және жұмыс істеп жатқан инвесторлардың қажеттіліктері үшін "NADLOC" АҚ мен "Атамекен" ҰКП-ның отандық өнім берушілердің жалпыға қолжетімді тізбесін өз дерекқорымен интеграциялау бойынша шаралар қабылдайтын болады.

      Осылайша, инвесторларды инвестициялық кезеңнен кейін қолдауды және инвесторлар үшін бизнес-әріптестер іздеуді қамтамасыз ете отырып, KAZAKH INVEST жергілікті компаниялар мен шетелдік инвесторлар арасында өндірістік-өткізу байланыстарын дамытуда маңызды роль атқаратын болады.

      Инвесторларды қолдау құралдарын дамыту

      Қаржылық бағдарламалар

      Ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерінің болуы инвестициялық шешімдерді қабылдаудың жеделдігіне әсер етеді. KAZAKH INVEST инвесторларды қаржылай қолдауды ұйымдастыру бойынша қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды және осындай мүмкіндіктер туралы хабардар етуді жоғарылатады.

      Қаржыландыру нұсқаларын айқындау және қажетті қаржы құралдарын пысықтау процесінде KAZAKH INVEST-тің міндеті мынадай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға негізделетін болады:

      халықаралық даму институттары: АДБ, ЕҚДБ, Ислам даму банкі, Дүниежүзілік Банк және т. б.;

      нысаналы елдердегі мемлекеттік және квазимемлекеттік қаржы институттары, даму институттары және қорлар. ҚХР-да: "Жібек жолы" қоры, Қытай даму банкі, Қытайдың экспорттық-импорттық банкі, Қытай-Еуразия экономикалық ынтымақтастық қоры; Ресейде: Сыртқы Экономикалық Банк, Еуразия Даму Банкі; Ұлыбританияда: UKEF және т.б.;

      халықаралық сақтандыру және экспорт-кредит агенттіктері – Еуропа кредит агенттігі, АҚШ экспорттық-импорттық банкі, Sinosure және т.б.;

      саясат және сыртқы қарыз алу стратегиясы мәселелерін талқылауға жұмылдырылған өзге де мемлекеттік органдар;

      нысаналы елдердің жекеменшік қорлары мен қаржы институттары.

      Өнім берушілерді дамыту бағдарламасы

      Шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялар арасындағы өндірістік-өткізу байланыстарын кеңейту және тереңдету жергілікті компаниялар арасында жаңа технологияларды, инновациялармен озық тәжірибені трансферттеудің түйінді тетігі болып табылады. Компания шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялар арасында осындай өндірістік-өткізу байланыстарын озық халықаралық тәжірибе негізінде дамыту бойынша бағдарламаны (өнім берушілерді дамыту бағдарламасын) әзірлеп, іске асыратын болады. Сонымен қатар, жергілікті өнім берушілердің сапалы, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай базасы жасалады.

      4-міндет. Инвесторлармен жұмыс рәсімін регламенттеу

      Инвестиция тарту процесі бастапқы келіссөздер жүргізуден, мемлекеттік қызметтер алғаннан бастап жоба пайдалануға, енгізілгенге және одан әрі сервистік қолдау көрсетілгенге дейін инвестициялық жоба бойынша өзара іс-қимыл мен жұмыс тарихын орталықтандырылған сақтауды талап етеді.

      Бұл мақсатта IRM ақпараттық-мониторинг жүйесі енгізіледі. Жоба Компания жұмысының процестерін оңтайландыруға және автоматтандыруға, сонымен қатар инвесторлармен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Инвестиция тартудың әрбір кезеңінде KAZAKH INVEST қызметкерлері инвесторлармен жұмыс бойынша қажетті ақпараттың бәрін – есептік ақпаратты да, келешектегі жоспарларды да IRM жүйесіне енгізетін болады. Жүйе:

      1) еңбек шығынын азайтуға және инвестиция тарту бойынша бизнес процесті автоматтандыруға;

      2) процеске қатысушылардың барынша ауқымды тобы үшін жұмыстың және ақпарат алудың жылдамдығын тездетуге;

      3) жұмылдырылған мемлекеттік органдар мен компаниялардың барлығының жұмысын үйлестіруге, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асырудың кідіру себептері мен негізділігін айқындауға;

      4) инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге;

      5) инвесторлармен тиімді кері байланыс орнатуға;

      6) инвестициялық процеске барлық қатысушылардың (орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – ОМО), ЖАО, ұлттық компаниялар, Компанияның өңірлік өкілдіктері, инвесторлар) инвестициялық белсенділігінің статистикасын жүргізуге;

      7) проблемалы мәселелерді және инвестициялық жобалардың іске асырылуына кедергі келтіретін теріс факторларды, сондай-ақ олардың туындауының себептерін субъектілер, нормативтік актілер, рәсімдік қателіктер және т.б. бөлінісінде айқындауға мүмкіндік береді.

      2-3-сурет. IRM жүйесінің құрылымы


      2-3-сурет. IRM жүйесінің құрылымы








      IRM жүйесі:     

      1) инвестициялық жобаларды іске асыру мәртебесі және басқа қажетті көрсеткіштері бойынша өзекті және сенімді ақпарат көзін;

      2) инвесторлардың, жобалардың, жобаларды іске асыру алаңдарының және шетелдік инвесторлар үшін әріптес бола алатын қазақстандық кәсіпорындардың бірыңғай базасын жүргізуді;

      3) инвестициялық жобаларды талқылаудың және іске асырудың, сонымен қатар құрылған кәсіпорындардың жұмыс істеуінің барлық кезеңдерінде шетелдік инвесторларды сервистік қолдауды;

      4) шетелдік инвестор үшін мыналарға:

      Қазақстанда жобалар жүргізу туралы презентациялық және анықтамалық ақпаратқа;

      жоба тизерлеріне, алаңдарды шолуға;

      Қазақстанда жұмыс істеп жатқан инвесторлардың инвестициялық белсенділіктері туралы әртүрлі форматтағы жалпы ақпаратқа;

      талқылану үстіндегі немесе бірлесе іске асырылатын жобалар жөніндегі құжаттардың толық жинақтамасына;

      online-сұраулар жасауға және жауаптар алуға.

      кездесулер, келіссөздер, уағдаластықтар, келісімдер, келісулер тарихы, сұраулар мен ұсынылған ақпарат мұрағатына толық қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірыңғай қол жеткізу нүктесін құруды;

      5) инвестор нақты уақыт режимінде өзінің жобасы бойынша жұмыстардың барысы және ақпараттық сұраулардың мәртебесі туралы ақпарат алатын қарапайым және қолайлы интерфейсті қамтамасыз етеді.

      IRM жүйесін енгізу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде бейімделген жүйені қолдану, енгізу және жүйені сүйемелдеу бойынша оқыту көзделеді.


      2-4-сурет. IRM жүйесін енгізу кезеңдері




      Инвесторлардың сұрауларын өңдеудің қолданыстағы тәсілді мемлекеттік органдардағы, әкімдіктердегі және квазимемлекеттік компаниялардағы созылыңқы төрешілдік рәсімдерге байланысты тиісінше жұмыс істемейді. Көбінесе, инвестордың сұрауы мемлекеттік органдарда бір ай ішінде өңделеді және жауап формалды сипатта беріледі.

      Көптеген жағдайларда мемлекеттік органдар қажетті шешімдерді қабылдай алмайтындықтан, не оларға қажетті шешімдер қабылдау өкілеттіктері берілмегендіктен, инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты қандай да бір мәселені Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне шығаруға тура келеді.

      Компания сұрауларды өңдеу сапасын жоғарылату шеңберінде инвесторлардың сұраулары бойынша жұмыс істеуді регламенттеу, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) қосуды, сұрау салуларды пысықтау мерзімдерін қоса алғанда, кеңседе тіркеу кезінде инвесторлардың сұрауларын бөлек топқа енгізуді, мемлекеттік органдардың жауапты ағылшын және т.б. тілінде беруін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Сонымен бірге әкімдерге, ОМО, ұлттық компаниялар басшыларына өз құзыреттеріне жататын жобалар бойынша істердің жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

      Компанияның институттармен өзара іс-қимылының тиімділігін одан әрі жоғарылату инвестициялар тартуға байланысты рәсімдерді, KAZAKH INVEST пен мемлекеттік органдардың рөлін жеке нормативтік актіде регламенттеу арқылы жүзеге асырылады, бұл Компанияның және басқа ведомстволардың шетелдік инвестицияларды тарту процесі шеңберіндегі функциялары мен өкілеттіктерін нақты бекітуге мүмкіндік береді.

      Күтілетін нәтижелер

      Қызметтің 3-стратегиялық бағыты бойынша түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижесінде 2020 жылға қарай инвесторлардың IRM жүйесі шеңберінде түсетін сұрауларының барлығы инвесторлардың пайдасына шешілетін болады (есепке инвесторлардың Қазақстан заңнамасына қайшы келмейтін сұраулары алынады). Инвесторлар үшін "тауаша жобалар", МЖӘ және жекешелендірілетін кәсіпорындар сияқты инвестициялық ұсыныстар дайындалатын болады. Мұндай ұсыныстардың жиынтық саны жалпы сомасы 6,25 млрд. АҚШ долларын құрайтын 450 жобаға жетеді. Сонымен қатар, жергілікті компаниялармен өндіру-өткізу байланыстарын орнату бойынша инвесторлармен кемінде 30 келісім жасалады.

  "KAZAKH INVEST" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2018 – 2027
жылдарға арналған даму
стратегиясына
1-қосымша

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясына енгізілген KAZAKH INVEST қызметінің түйінді көрсеткіштерін енгізу негіздемесі және есептеу әдістемесі

I. Жалпы ережелер

      1. Осы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ 2018 - 2027 жылдарға арналған даму стратегиясына енгізілген қызметтің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдістемесі көрсеткіштерді есептеу біркелкілігін қамтамасыз етуге арналған.

      2. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштер қажет:

      1) өңдеуші секторға тартылған ТҰК саны;

      2) басым секторларда "зәкірлік инвесторлармен" бірге құрылған кәсіпорындардың саны;

      3) шетелдік инвесторлардың қатысуымен басым секторларда мәлімделген жобалар;

      4) ТШИ қатысатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары;

      5) өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына жасалатын инвестициялардың өсімі;

      6) АЭА аумағындағы кәсіпорындардың ("НИНТ", "Тараз химия паркі", "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА есепке алмағанда) негізгі капиталына жасалатын инвестициялар көлемінің өсімі;

      7) инвестициялық ахуалдың қолайсыз жағдайына байланысты Қазақстан нарығынан кеткен шетелдік инвесторлар;

      8) жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлардың Қазақстанның экономикасына қайта салған инвестицияларының көлемі;

      9) инвесторлардың сенім деңгейі;

      10) KAZAKH INVEST-тегі IRM жүйесі шеңберінде инвесторлардың өтініш беру қорытындылары бойынша олардың пайдасына шешілген мәселелердің үлесі;

      11) Ұлттық инвестициялық интернет-ресурсынан www.invest.gov.kz инвесторлардың өтініштері/сұраулары санының өткен жылға қатынасы бойынша өсуі;

      12) әлеуетті инвесторларға арналған дайын инвестициялық ұсыныстар;

      13) жергілікті компаниялармен өндіру-өткізу байланыстарын орнату бойынша Шетелдік инвесторларды сервистік қолдау туралы келісімдер.

II. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясына енгізілген көрсеткіштерді енгізу негіздемесі және есептеу әдістемесі


1. "Өңдеуші секторына тартылған ТҰК саны" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

1) Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам;
55-қадам. Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеуші өнеркәсіпке кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру;
ҚР ИДМ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 895 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Стратегия іске асырыла бастағаннан бері өңдеуші секторға тартылған трансұлттық компания (ТҰК) жиынтық саны.
Мынадай сипаттамаларға сәйкес келетін ТҰК:
1) орналасқан елді (ТҰК-тің бас кеңсесі орналасқан елді) ескермегенде, кемінде екі елде өндірістік бөлімшелері бар компания;
2) жылдық айналымы 1 млрд. АҚШ долл. асады.
Ірі компания – бұл жылдық айналымы 1 млрд. АҚШ долл. асатын компания (қорлар және басқа да заңды тұлғалар).
Егер мына шарттардың кемінде біреуі орындалатын болса, ТҰК тартылды деп есептеледі:
1) уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасауы;
2) жобаның қаржылық қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың болуы;
3) жобаны Қазақстанда жүзеге асыру туралы заңды тұлғаның тиісті органының (Директорлар кеңесі) шешімінің болуы;
4) ТЭН/ҚЭН/ЖСҚ әзірлеуді бастау туралы растайтын құжаттардың болуы;
5) Қазақстанда инвестициялардың нақты салынғанын растайтын құжаттардың болуы;
6) шетелдік компанияның Қазақстандағы басқа заңды тұлғамен бірлескен инвестициялық жобаны іске асыруы туралы қол қойылған шарттың/келісімшарттың болуы;
7) қол қойылған міндеттейтін меморандумның (Term Sheet, MoU) болуы;
8) инвестордың Қазақстанға кіру ниетін растайтын өзге де құжаттардың болуы.

Ақпарат көзі

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері
 


2."Басым секторларда "зәкірлік инвесторлармен" бірге құрылған кәсіпорындар саны" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

1) Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам;
56-қадам. Экономиканың басым секторларында "зәкірлік инвесторлармен" – халықаралық стратегиялық серіктестермен ("Эйр Астана", "Теңіз-Шевройл", ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) бірлескен кәсіпорындар құру. Бұдан әрі бірлескен кәсіпорындардағы мемлекеттің үлесі бастапқы жария орналастыруға (бұдан әрі – IPO) шығарылатын болады. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, Канада, Аустралия үлгісі бойынша қолайлы көші-қон режимін қалыптастыру.";
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Бағдарламаны іске асыра бастағаннан бері басым секторларда "зәкірлік инвесторлармен" бірлесіп құрылған кәсіпорындардың жиынтық саны.
Егер мына шарттардың біреуі орындалса, "зәкірлік инвесторлармен" бірлескен кәсіпорындар құрылды деп саналады:
1) уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасалуы;
2) жобаның қаржылық қамтамасыз етілгендігін растайтын құжаттардың болуы;
3) жобаның ТЭН/ЖСҚ болуы және/немесе әзірлеудің басталуы;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы құжаттың болуы.
Егер құрылды деп саналған "зәкірлік инвестормен" бірлескен кәсіпорындар құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2 жыл ішінде бастамаса, тартылған ТҰҚ-тың жалпы санынан алып тасталады

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшілік деректері


3. "Шетелдік инвесторлардың қатысуымен мәлімделген жобалар" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Шетелдік инвесторлар қатысатын мәлімделген барлық жобалардың есепті кезеңдегі жиынтық саны.
Шетелдік инвестор қатысатын мәлімделген жоба шетелдік инвестор Қазақстан аумағында жүзеге асыру ниетін ресми жария еткен жоба болып табылады.
Есепке мына өлшемшарттардың біріне сәйкес келетін шетелдік инвесторлардың және шетелдіктер қатысатын кәсіпорындардың есепті кезеңде мәлімделген барлық жобаларының жиынтығы алынады:
1) уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасалған;
2) жобаның қаржылық қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың болуы;
3) жобаның ТЭН/ЖСҚ болуы және/немесе
әзірлеудің басталуы;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы құжаттың болуы.

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшілік деректері


4. "ТШИ-дің қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама.

Есептеу формуласы (тәртібі)

ТШИ-дің қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының мәлімделген жиынтық саны.
Есепке мына өлшемшарттардың біріне сәйкес келетін шетелдік инвесторлардың және шетелдіктер қатысатын кәсіпорындардың есепті кезеңде мәлімделген барлық жобаларының жиынтығы алынады:
1) уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасалуы;
2) жобаның қаржылық қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың болуы;
3) жобаның ТЭН/ЖСҚ болуы және/немесе
әзірлеудің басталуы;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы құжаттың болуы.

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшілік деректері, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері


5. "Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына жасалатын инвестициялардың өсуі" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Есептеу формуласы (тәртібі)

Ресми статистикалық деректер
 

Ақпарат көздері

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері


6. "АЭА аумақтарындағы кәсіпорындардың негізгі капиталына жасалатын инвестициялар көлемінің өсуі ("НИНТ", "Тараз Химия паркі", "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА есепке алмағанда)" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 895 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

Есептеу формуласы (тәртібі)

АЭА аумақтарындағы кәсіпорындардың негізгі капиталына жасалған инвестициялар көлемі ("НИНТ", "Тараз Химия паркі", "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-ны есепке алмағанда)"

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшіліктік деректері, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері.


7. "Инвестициялық ахуалдың қолайсыз жағдайларына байланысты Қазақстан нарығынан кеткен шетелдік инвесторлар" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Есептік кезеңде Қазақстан нарығынан кеткен барлық шетелдік инвесторлардың жиынтық саны
Есепке Қазақстан нарығынан кетуі компанияның бизнес жоспарындағы және/немесе Қазақстандағы экономикалық жағдайдағы өзгерістерге байланысты емес және мынадай себептермен уәжделетін шетелдік кәсіпорындар алынады:
1) елдегі саяси жағдайдың нашарлауы;
2) мемлекеттің инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша өзінің негізгі функцияларын тиісінше орындамауы;
3) мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері;
4) мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтер сапасының төмен деңгейі.

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшіліктік деректері, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері


8. "Жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлардың Қазақстанның экономикасына қайта салған инвестицияларының көлемі" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама.

Есептеу формуласы (тәртібі)

 
А= В*100, мұнда
С
А – 2016 жыл деңгейіне қатысты қайта инвестицияланған кіріс көлемінің өсуі;
В – қайта инвестицияланған кірістер млн. АҚШ долларымен;
С – 2016 жылы қайта инвестицияланған кірістер млн. АҚШ.

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері


9."Инвесторлардың сенім деңгейі" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Сауал жүргізу қорытындысы бойынша инвесторлардың сенім деңгейі.

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшілік деректері, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері.


10."CRM жүйесі шеңберінде инвесторлардың өтініштері бойынша орлардың пайдасына шешілген мәселелердің үлесі" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама

Есептеу формуласы (тәртібі)

 
А= В*100, мұндағы
С
А – "CRM" жүйесі шеңберінде инвесторлардың өтініштері бойынша олардың пайдасына шешілген мәселелердің үлесі;
В – инвесторлардың "CRM" жүйесі шеңберінде өтініштері бойынша олардың пайдасына шешілген мәселелердің саны;
С – "CRM" жүйесі шеңберіндегі инвесторлардың өтініштерінің жалпы саны.
Есепке инвесторлардың мына себептерден туындайтын өтініштері алынады:
1) мемлекеттің инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша өзінің негізгі функцияларын тиісінше орындамауы;
2) мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері;
3) мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтер сапасының төмен деңгейі.

Ақпарат көзі

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері.


11. "Инвесторлардың www.invest.gov.kz ұлттық инвестициялық интернет-ресурсынан өтініштері/сұраулары санының өткен жылға қатысты ұлғаюы" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ бастамасы

Есептеу формуласы (тәртібі)

 
А= В*100, мұнда
С
А – инвесторлардың www.invest.gov.kz Ұлттық инвестициялық интернет-ресурсынан өтініштері /сұраулары санының өткен жылға қатысты ұлғаюы, %;
В – инвесторлардың www.invest.gov.kz Ұлттық инвестициялық интернет-ресурсынан өтініштерінің /сұрауларының есепті кезеңдегі саны;
С – инвесторлардың www.invest.gov.kz Ұлттық инвестициялық интернет-ресурсынан өтініштерінің /сұрауларының есепті кезеңнен кейінгі саны.

Ақпарат көздері

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері.


12. "Әлеуетті инвесторлар үшін дайын инвестициялық ұсыныстар" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Инвесторлар үшін дайын инвестициялық ұсыныстардың жиынтық саны.

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшілік деректері, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері.


13. "Шетелдік инвесторлардың жергілікті компаниялармен өндіру-өткізу байланыстарын орнату бойынша сервистік қолдау туралы келісімдер" көрсеткіші

Қалыптастырудың кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламасы.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Жергілікті компаниялармен өндірістік-өткізу байланыстарын орнату бойынша сервистік қолдау туралы келісімдердің есепті кезеңдегі жалпы саны.

Ақпарат көзі

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері.





  "KAZAKH INVEST" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2018 – 2027
жылдарға арналған даму
стратегиясына
2-қосымша

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыруға арналған стратегиялық бағыттар шеңберіндегі тәуекелдер


Р/с №

Стратегиялық бағыттарға қол жеткізудегі тәуекелдер немесе қауіптер

Тәуекелдің туындауының ықтимал себептері (факторлары)

Тәуекелдің іске асырылуынан орын алуы мүмкін зардаптардың сипаттамасы
 

Алдын алу іс-шаралары

11

Қызметтің № 1 "Шетелдік инвестициялар" стратегиялық бағытына қол жеткізбеу тәуекелі

1

Сыртқы тәуекелдер


Өтпелі экономикаларда ТШИ ағынының төмендеуі
 

- төмен шикізаттық бағалар
- ішкі нарықтардағы конъюнктураның төмендеуі
- шектеу шараларының әсері
- өңірдегі геосаяси шиеленістің өршуі

Қазақстанға ТШИ ағынының төмендеуі
 
 

Инвестициялар тартудың белсенді тәсілдерін іске асыру:
Инвестициялар үшін экономиканың басым секторларының тартымдылығының артуы
- Инвесторлар үшін олардың пайдаларын барынша ұлғайтуға бағытталған сапалы ұсыныстар әзірлеу
Маркетингтік іс-шаралардың тиімділігін күшейту және жұмыс істеп жатқан инвесторларды ұстап қалу бойынша шаралар қабылдау
 

22

Қызметтің № 2 "Инвестициялық ахуал" стратегиялық бағытына қол жеткізбеу тәуекелі

1

Сыртқы тәуекелдер


Елдегі инвестициялық ахуалдың нашарлауы
 
 

- Мемлекеттің инвестицияларды қорғау бойынша өз міндеттемелерін орындамауы
- Инвестицияларды қорғаудың әлсіз тетігі
- Құқықтық және реттеушілік шектеулердің күшейтілуі
Мемлекеттік қызметтер сапасының нашарлауы

Қазақстанға ТШИ ағынының төмендеуі

- Инвесторлардың шағымдарына ден қоюдың жүйелі тетігін енгізу
- Елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша сапалық ұсыныстар жасау және жылжыту
- Инвестициялық жобаларға жер учаскелерін бөлуге әкімдіктер тарапынан KAZAKH INVEST компаниясына кепілдендірілген квота беру
- Инвестициялық келісімшарт жасау кезінде ШЖК квота қоюды заңнамалық деңгейде жою
- KAZAKH INVEST компаниясының жекелеген қызметкерлерінің түйінді даму институттарының басқару органдарындағы мүшелігі
 

2

Ішкі тәуекелдер


KAZAKH INVEST компаниясы ұсынатын қызметтерінің сапа деңгейінің төмендеуі

- Қызметкерлердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі
- Сапасыз маркетингтік бағдарлама
 

Қазақстанға ТШИ ағынының төмендеуі

- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастыру
- "Бір терезе" шеңберінде қызметтердің сапасын жоғарылату
- Таргеттелген маркетингтік бағдарламаны және елдің инвестициялық брендін әзірлеу
- Елдегі инвестициялық мүмкіндіктерді халықаралық және ішкі жылжыту үшін Бірыңғай медиажоспар әзірлеу

33

Қызметтің № 3 "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуетін дамыту" стратегиялық бағытының қол жеткізбеу тәуекелі

1

Сыртқы тәуекелдер


 
Инвестициялар тартуға қатысушылардың өзара іс-қимылдарының әлсіз жүйесі
 

- Шетелдік өкілеттіктермен әлеуетті инвесторларды жеткіліксіз қамту
- Өңірлік өкілеттіктер ұсынатын қызметтер сапасының әлсіз деңгейі

Қазақстанға ТШИ ағынының төмендеуі

- Шетелдік өкілеттіктер желісін кеңейту
- Өңірлік өкілеттіктердің құзыреттерін, оның ішінде өңірлік даму институттарының басқару органдарына қатысу арқылы жоғарылату
 

2

Ішкі тәуекелдер


 
Білікті кадрлардың кетуі, адами капитал сапасының төмендеуі
 

- Қызметкерлерді әлсіз моральдық және материалдық ынталандыру
 

Қазақстанға ТШИ ағынының төмендеуі

- Корпоративтік басқаруды жетілдіру
- Дарындыларды іздеу және тарту
- Қызметкерлерді бағалау және сыйақы төлеу жүйесін дамыту



  "KAZAKH INVEST"
ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2018 – 2027 жылдарға арналған
даму стратегиясына
3-қосымша

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясында айқындалған KAZAKH INVEST қызметінің түйінді көрсеткіштері


ПӘК

Өлшем бірлігі

2018

2019

2020

2021

2022

2023

2024

2025

2026

2027

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1-стратегиялық бағыт "Инвестицияларды тарту"

1-мақсат "Тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестицияларды тарту"

Өңдеуші секторға тартылған ТҰК / ірі компанияның саны

2018 жылдан бастап жиынтық саны

8

16

25

35

46

55

64

73

82

91

Басым секторларда құрылған "зәкірлік инвесторлармен" бірлескен кәсіпорындар саны

2018 жылдан бастап жиынтық саны

2

4

7

10

13

16

19

22

25

28

Шетелдік инвесторлар қатысатын басым секторларда мәлімделген жобалар

Жиынтық саны/ млрд. АҚШ долл.

16/1

25/1,2

33/1,5

43/2

54/2,5

66/3

79/3,5

93/4

108/4,5

124/5

Тікелей шетелдік инвестициялардың қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары

Бірлік / млрд. АҚШ долл.

3/0,5 млрд. АҚШ долл.

5/0,7 млрд. АҚШ долл.

15/1,0 млрд. АҚШ долл.

20/$1,5 млрд. АҚШ долл.

30/$1,8 млрд. АҚШ долл.

35/$2,1 млрд. АҚШ долл.

40/$2,4 млрд. АҚШ долл.

45/$2,7 млрд. АҚШ долл.

50/$3,0 млрд. АҚШ долл.

 
5/$3,3 млрд. АҚШ долл.

Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына жасалатын инвестициялардың өсуі

алдыңғы жылға %-бен

105,8

109,5

109,8

109,8

109,8

109,8

109,8

109,8

109,8

109,8

ЕЭА аумақтарындағы кәсіпорындардың негізгі капиталына жасалатын инвестициялар көлемінің өсімі ("НИНТ", "Тараз Химия паркі", "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-ны есепке алмағанда)

2014 жылға %-бен

140

145

150

155

160

165

170

175

180

185

2-стратегиялық бағыт "Инвестициялық ахуал"

Мақсаты "Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу"

Инвестициялық ахуалдың қолайсыз жағдайларына байланысты Қазақстан нарығынан кеткен шетелдік инвесторлар

Бірлік

5

3

1

0

0

0

0

0

0

0

Жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлардың Қазақстан экономикасына қайта инвестициялау көлемі

2016 жыл деңгейіне %-бен

103%

107%

110%

115%

120%

125%

130%

135%

140%

145%

Инвесторлардың сенім деңгейі

%

50%

55%

60%

70%

80%

85%

90%

90%

90%

90%

3-стратегиялық бағыт "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуеті"

Мақсаты "Компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасының тиімді өзара іс қимыл жүйесін құру"

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ CRM жүйесі шеңберінде инвесторлардың өтініштері бойынша олардың пайдасына шешілген мәселелердің үлесі

%

90%

90%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

Ұлттық инвестициялық интернет-ресурсынан www.invest.gov.kz инвесторлардың өтініштері/сұраулары санының өткен жылға қатысты өсуі

%

100%

105%

105%

110%

110%

110%

115%

115%

115%

115%

Әлеуетті инвесторлар үшін IRM жүйесіндегі дайын инвестициялық ұсыныстар (жоба саны/сомасы)

Жиынтық саны/ млрд. АҚШ долл.

50/1,0 млрд. АҚШ долл.

70/1,5 млрд. АҚШ долл.

100/2,25 млрд. АҚШ долл.

150/3,5 млрд. АҚШ долл.млрд

200/5 млрд. АҚШ долл.

250/6,75 млрд. АҚШ долл.

300/8,75 млрд. АҚШ долл.

35/11,0 млрд. АҚШ долл.

400/13,5 млрд. АҚШ долл.

450/16,25 млрд. АҚШ долл.

Жергілікті компаниялармен өндіру-өткізу байланыстарын орнату бойынша шетелдік инвесторларды сервистік қолдау туралы келісімдер

Жиынтық саны

5

7

9

12

15

18

21

24

27

30



      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы     

АДБ

Азия даму банкі

АҚ

акционерлік қоғам

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

"Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі" АҚ

АӨК

агроөнеркәсіптік кешен

ИІА

Инвестицияларды ілгерілету агенттігі

ЕДБ

екінші деңгейдегі банк

ҚДБ

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

ЖІӨ

жалпы ішкі өнім

ИИДМБ
 

Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

МЖӘ

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Даму

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

ЕҰ

еншілес ұйымдар

АҚШ долл.

АҚШ доллары

ЕАЭО

Еуразиялық экономикалық одақ

ЕҚДБ

Еуропа Қайта құру және Даму банкі
 

ЕО

Еуропалық одақ

АКТ

ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

ШЖК

шетелдік жұмыс күші

ҚИҚ

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ

ҚАФ

"ҚазАгроҚаржы" АҚ

КТС

корпоративтік табыс салығы

ЭСК

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ

ХҚДБ

Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ИДМ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

млн.

миллион

млрд.

миллиард

АЕК

айлық есептік көрсеткіш

ШОК

шағын және орта кәсіпкерлік

ТДҰА

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ

Ұлттық инвестициялық стратегия

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама
 

ҚР ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҚҚС

қосылған құн салығы

ҒЗТКЖ

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ТШИ

тікелей шетелдік инвестициялар

ҚР

Қазақстан Республикасы

РФ

Ресей Федерациясы

ДК

Директорлар кеңесі

ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ТҰК

трансұлттық корпорация

ЖШС

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

трлн.

триллион

мың

мың

ТИҚ

тікелей инвестициялар қоры

ЮНКТАД

БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясы

CAGR

Compound Annual Growth Rate (орташа жылдық өсу қарқыны)

IFC

Халықаралық қаржылық корпорация

KAZAKH INVEST

"KAZAKHINVEST" ұлттық компаниясы" АҚ

ҚCM

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ

KPPF

"Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС

S&P

Standard&Poor’s