Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 965 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 965 қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 965 қаулысымен.2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 965 қаулысымен.2-1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 965 қаулысымен.3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 846 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ескерту. Тұжырымдама жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 965 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау
2. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың халықаралық тәжірибесіне шолу
3. Индустриялық-инновациялық даму пайымы
4. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
5. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Паспорт
Атауы | Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
1. "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығы. |
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры, "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, "Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы, "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Іске асыру мерзімі | 2021 – 2025 жылдар |
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында қойылған міндеттерді орындау мақсатында әзірленді. Мәселен, өнеркәсіп секторларында мамандандырылған факторлар мен нарықтық жағдайлар жасау жөніндегі міндеттерді шешу үшін өңдеу өнеркәсібі өндірушілері үшін мемлекеттік қолдау шараларының құралдарын, оның ішінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім шеңберіндегі пакеттік шешімдерді кеңейту көзделген.
Шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) өсуі мен дамуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту жөніндегі міндетті іс жүзінде іске асыру мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру арқылы бизнесті қаржыландыруға қолжетімділікті арттыруға бағытталған шаралар арқылы жүзеге асырылатын болады.
1. Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау
2010 жылдан бастап Қазақстанда жоғары өнімді және экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған индустриялық-инновациялық даму саясаты кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Оны іске асыру кезеңінде өңдеуші сала өнеркәсіптегі өсудің негізгі драйверіне айналды, экономиканы әртараптандыру процесін бастау үшін базалық жағдайлар жасалды.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары өңдеу секторында әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және құру болды.
Өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекет таңдап алған шешімнің дұрыстығы алға қойылған индустрияландыру бағытының нәтижелері растайды. 2020 жылы өнеркәсіптегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 17,2 пайыздық тармаққа ұлғайды (2010 жылғы 31,8 %-дан 2020 жылы 49 %-ға дейін).
Индустрияландырудың 2010 – 2020 жылдары өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жалпы сомасы шамамен 84,7 трлн теңгеге өнім өндірді (индустрияландырудың бірінші бесжылдығы кезеңінде – 26 трлн теңге, екінші бесжылдықта – 58,6 трлн теңге), 2010 жылғы 3,8 трлн теңгеден 2020 жылы 13,2 трлн теңгеге дейін 3,4 есеге ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосылған құны (бұдан әрі – ЖҚҚ) 2010 жылғы 2,5 трлн теңгеден 2020 жылы 9,2 трлн теңгеге дейін 3,7 есеге артты. Өңдеу өнеркәсібінің ЖҚҚ нақты өсімін 2010 – 2020 жылдар ішінде басым түрде дәстүрлі секторлар қамтамасыз етті: металлургия өнеркәсібі – 40,3 %, түсті металлургия – 69,1 %, тамақ өнімдері өндірісі – 25,0 %, металл емес минералды өнімдер өндірісі – 71,4 %, химия өнеркәсібі – 72,5 %.
Қазақстанда бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлерінің өндірісі игерілді: жүк және жолаушылар вагондары, электровоздар, жүк, жеңіл автомобильдер мен автобустар, трансформаторлар, рентген аппаратуралары, жарықдиодты шамдар, титан құймалары мен слябтары, дәрілік заттар және басқалар.
Қазақстанда өндірілетін және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті тауарлар саны артты, оның ішінде: бу турбиналары, мыстан жасалған бұйымдар, радиаторлар, аккумуляторлар, сусындар, кондитерлік өнімдер және т.б.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарынан түсетін салық аударымдары соңғы 10 жылда бюджетке едәуір тұрақты түсімдердің негізгі көздерінің біріне айналды.
2020 жылы өңдеу өнеркәсібі салық түсімдерін 16 %-ға ұлғайтты, ал тау-кен секторы биржалық бағалардың құлдырауы әсерінен міндетті төлемдерді 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44 %-ға кем есептеді.
Өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті оның инвестициялық тартымдылығымен айқындалады. Индустриялық-инновациялық даму саясатын іске асыру басталғаннан бері өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар салудың жыл сайынғы оң серпіні нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2010 жылғы 413,1 млрд теңгеден 2020 жылы 1 077,8 млрд теңгеге дейін 2,6 есеге ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады, бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты өсімі –1,7 есе (168,3 %).
2018 жылы өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар металлургия өнеркәсібіне 1,3 есе, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруге 1,3 есе және тамақ өнімдерін өндіруге 29,9 %-ға өсуі есебінен 2017 жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 285,7 млрд теңгеге ұлғайып, 1 241,9 млрд теңгені құрады.
2019 жылы өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісіне салымдарды 66,9 %-ға, тамақ өнімдерін 31 %-ға және өзге де металл емес минералды өнімдерді 6,9 %-ға қысқарту есебінен 2018 жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 224,8 млрд теңгеге қысқарып, 1 017,1 млрд теңгені құрады.
2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2019 жылға қарай 4,4 %-ға ұлғайды (2018 жылға қарайғымен салыстырғанда 17,3 %-ға қысқарды) және 1 077,8 млрд теңгені құрады.
2020 жылы инвестициялардың негізгі ағыны мынадай кәсіпорындарды дамытуға бағытталды: металлургия өнеркәсібі (372 млрд теңге немесе секторға инвестициялардың жалпы көлемінің 34,5 %-ы), химия өнеркәсібі (301,3 млрд теңге немесе секторға инвестициялардың жалпы көлемінің 28 %-ы), тамақ өнімдері (109 млрд теңге немесе 10,1 %), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (68 млрд теңге немесе 6,3 %), өзге металл емес минералды өнімдер (67,2 млрд теңге немесе 6,2 %) (1-сурет).
1-сурет. 2010 – 2020 жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар серпіні, млрд теңге
Ақпарат көзі: ҚР СЖРА ҰСБ
Небәрі 10 жыл ішінде (2010 – 2020 жылдары) өңдеу секторына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 39,4 млрд АҚШ долларын құрап, 2010 жылғы 2,2 млрд АҚШ долларынан 2020 жылы 3,2 млрд АҚШ долларына дейін 1,4 есе артты. Көбінесе шетелдік инвесторлар металлургия өнеркәсібіне және машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруге (32,3 млрд АҚШ доллары немесе салынған шетелдік инвестициялардың жалпы сомасының 82 %-ы), тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін өндіруге (1,9 млрд АҚШ доллары немесе салынған шетелдік инвестициялардың жалпы сомасының 4,8 %-ы), резеңке және пластмасса бұйымдарын, сондай-ақ өзге металл емес минералды өнімдер өндіруге (1,4 млрд АҚШ доллары немесе 3,6 %), компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер (1,2 млрд АҚШ доллары немесе 3,1 %) және химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруге салады (743,1 млн АҚШ доллары немесе 1,9 %) (2-сурет).
2-сурет. Шетелдік тікелей инвесторлардан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны, млрд АҚШ доллары
Ақпарат көзі: ҚР ҰБ
Қазақстанның өнеркәсібі негізінен шикізат өнімдерін өндіруге және экспорттауға бағдарланады. Тиісінше, өнеркәсіп индексі соңғы жылдары тұрақсыз болған ресурстардың әлемдік бағаларына байланысты. Өңдеу өнеркәсібі экспортының едәуір бөлігі әлі де шикізат тауарларынан тұрады және биржалық бағалармен де байланысты.
Сыртқы күйзелістерге сезімталдықты төмендету мақсатында өңдеу деңгейі орта және жоғары тауарларды өндіруге баса назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру бағыты жалғастырылды.
Өнеркәсіпті дамыту саясатының негізгі басымдығы экспортталатын тауарлар номенклатурасын ұлғайту және экспорттық қоржынның "күрделілігін" арттыру арқылы қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға шығару болып табылады.
2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 0,6 %-ға артып, 15,7 мың АҚШ долларын құрады (3-сурет).
2019 жылы өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 15,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі экспортының құрылымында бес сала 90 %-ды алады: металлургия өндірісі (63,3 %), кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі (11,6 %), тамақ өнімдерінің өндірісі (6,6 %), химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі (5,6 %), өзге де көлік құралдары өндірісі (3,1 %).
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан тауарлар экспортының жалпы көлемі 46,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 11,2 млрд АҚШ долларына кем.
3-сурет. Қазақстан Республикасы тауарлары экспортының серпіні, млрд АҚШ доллары
Ақпарат көзі: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР Қаржыминінің МКК
2010 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібі тауарларын өндіру көлемі бойынша оң серпін байқалады – 2010 жылғы 3,8 трлн теңгеден 2020 жылы 13,2 трлн теңгеге дейін (4-сурет).
4-сурет. Қазақстан Республикасының тауарлар өндірісі көлемінің серпіні, трлн теңге
Ақпарат көзі: ҚР СЖРА ҰСБ
2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі металлургия өндірісі көлемінің 2,4 %-ға, машина жасау өндірісі көлемінің 14,4 %-ға, кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің 9,1 %-ға өсуі есебінен 2017 жылмен салыстырғанда 4,5 %-ға ұлғайды.
2019 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі металлургия өндірісі көлемінің 5,5 %-ға, машина жасаудың 24,1 %-ға, тамақ өнімдері өндірісінің 3,0 %- ға өсуі есебінен 2018 жылмен салыстырғанда 5,8 %-ға ұлғайды.
2020 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,1 %-ға сенімді өсуді көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінің дамуына фармацевтика өнеркәсібі (нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 47,3 %), машина жасау (НКИ 116,4 %), соның ішінде автомобиль жасау (НКИ 158,3 %), тамақ өнімдері (НКИ 103,2 %) және металлургия (НКИ 102,8 %) сияқты салалар үлкен үлес қосты.
2020 жылы пандемия жағдайында жаңа инновациялық өндірістер іске қосылды, оның ішінде шашыраңқы склерозды емдеуге арналған препарат, миокард инфарктісі кезінде тромбты ерітуге арналған препарат, қант диабетін емдеуге арналған инсулин, сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған препараттар өндірісі.
Машина жасауда негізгі өсімге автомобиль жасау секторы есебінен қол жеткізілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет автокөлік құралдарын өндіру бойынша рекордқа қол жеткізілді – 77,4 мың бірлік (10 жылда 20 есе өсу). Бұл ретте 2020 жылы сатылған жаңа автомобильдердің шамамен 73 %-ы – елде құрастырылған автомобильдер. Өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамы (8 122 бірлік) экспортқа жіберілді.
ӨЖЖ аппараттары өнеркәсіптік жинау жүзеге асырылды, оның локализациялау деңгейі 30 %-ға дейін, 50%-ға дейін және одан көп ұлғайту перспективасы бар. 2020 жылы өндіріс 717 данадан 2 096 данаға дейін өсті.
Жеңіл өнеркәсіпте мақта-мата өндірісінің 22,1 млн шаршы метрге дейін 56,9 %-ға, синтетикалық мата өндірісінің 88,7 млн шаршы метрге дейін 46 %-ға, былғары аяқ киім өндірісінің 1,1 млн жұпқа дейін 17 %-ға ұлғаюы есебінен елеулі өсім болды.
Жалпы алғанда жүргізіліп жатқан индустриялық саясат экономиканы әртараптандыруды іске қосуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша индустриялық саясатты іске асырудың 10 жылы ішінде өңдеу өнеркәсібінің ЖҚҚ (13,1 %) тау-кен өндіру өнеркәсібінің көрсеткіштерінен (12,5 %) асып түсті.
Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың нақты деңгейі технологиялылық, географиялық бөлу және экспорт параметрлері арқылы айқындалады.
Өңдеу өнеркәсібі экономиканың барлық секторларының ішінен неғұрлым әртекті болып табылады. Ол 24 әртүрлі саладан тұрады, олар капиталды қажетсіну, еңбекті пайдалану, технологиялық деңгейімен, орналасқан жерін таңдаумен және тұтынушылық табиғатымен ерекшеленеді. UNIDO дайындаған Өнеркәсіптік даму туралы 2020 есебінде Қазақстан дамушы индустриялық экономикасы бар елге жатқызылды. Өңдеу өнеркәсібіндегі қосылған құнның басым бөлігі төмен (14,7 %) және орта технологиялық (23,7 %) секторларға жатады (5-сурет).
5-сурет. Технологиялық күрделілігі бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы (ЖІӨ-ге %)
Ақпарат көзі: United Nations Industrial Development Organization, 2020. Competitive Industrial Performance Report 2020. Vienna, Austria
Қазақстан Экономикалық күрделілік индексі рейтингінде 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 133 елдің ішінде 94-ші орыннан (экономикалық күрделілік индексі – 0,59 балл) 78-ші орынға (Экономикалық күрделілік индексі – 0,32 балл) көтеріле отырып, өз позициясын 15-тармаққа жақсартты (6-сурет).
6-сурет. Қазақстанның Экономикалық күрделілік индексі рейтингінде 2000 – 2019 жылдардағы орны
Ақпарат көзі: https://atlas.cid.harvard.edu/rankings
Қазақстан Өзбекстаннан 9 позицияға (87-орын) оза отырып, Армениядан 3 позицияға (76-орын), Қырғызстаннан 12 позицияға (66-орын), Ресейден 26 позицияға (52-орын), Беларусьтен 47 позицияға (31-орын) артта қалып отыр.
2019 жылы Қазақстан экспортының көлемі негізгі әріптес елдермен: Қытаймен – 18,61 % (2018 жылы 16,69 %), Ресеймен – 12,22 % (2018 жылы 11,01 %) және Франциямен – 7,61 % (бір жыл бұрын Германия негізгі үш әріптестің бірі болып, 7,65 % мөлшеріндегі үлесті иеленді) ұлғайып, 54,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде түсті металлургия, қара металлургия және мұнай өңдеу ЖҚҚ-ның жартысын құрайды. Сонымен бірге жоғары технологиялық салалардың өнімдерін тұтыну негізінен ішкі сипатқа ие және экспортта айтарлықтай көрініс таппайды. Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың 60 %-дан астамының төмен және орташа технологиялық күрделілігі бар.
Бұл ретте индустрияландыру жылдары Индустрияландыру картасы және кәсіпкерлікті қолдау карталары шеңберінде жалпы сомасы 9,1 трлн теңгеге 1527 жоба іске асырылды, 212 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды, 2010 жылдан бастап жалпы өндіріс көлемі 28,8 трлн теңгені немесе жыл сайын орта есеппен 2,6 трлн теңгені құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша карта жобаларымен 4,6 трлн теңге сомасына өнім өндірілді, бұл өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы өндіріс көлемінің 35 %-ын құрады.
Бұл ретте карталар шеңберінде іске асырылатын жобалардың 20 %-дан астамы өңдеу өнеркәсібінің жобалары болған жоқ, бұл тиісінше олардың тиімді іске асырылуын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің дамуына толыққанды үлес қосуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді.
Соңғы 10 жылда Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі өсімінің жоғары қарқыны негізінен елдің әлемдік шикізат нарықтарына (базалық металдар мен материалдар) қатысуын кеңейту есебінен қамтамасыз етілді. Халықаралық институттар, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және сарапшылар түріндегі халықаралық қоғамдастық шикізаттық супер-цикл аяқталды және өңдеу деңгейі төмен тауарларды сату есебінен экономикалық өсу мүмкіндіктері таусылды деген пікір айтты.
Осыған байланысты шикізатты сатып алу бағасының кенеттен өзгеруіне ұшырамайтын, әлемдік саудаға бағдарланған аса жоғары технологиялық күрделі өнімдер өндірісін ұйымдастыру есебінен өңдеу өнеркәсібін қарқынды дамыту мәселесі туындады.
Мысалы, Қазақстанда өңдеу деңгейі төмен өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі металлургия өнеркәсібінің үлесі (болаттан, тазартылған мыстан жасалған табақтар өндірісі және т.б.) 2014 – 2018 жылдар кезеңінде мыстың 1 тоннасы үшін бағаның өсу индексінің серпінін қайталайды, бұл осы көрсеткіштер арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Сонымен бірге, Жапонияда өндірістің басты бағыты жоғары технологиялық өнімдерге (кеме жасауға, көлікке, электр техникасына арналған болат) шоғырланған және мұның нәтижесінде металлургия өндірісі шикізат бағасының жаһандық өсуіне (болат) анағұрлым тұрақты болып табылады (7-сурет).
7-сурет. Баға индексінің Қазақстан мен Жапониядағы қара металлургияға әсерін салыстыру.
Ақпарат көзі: Bloomberg, Bureau of Statistics of Japan, ҚР СЖРА ҰСБ
Қазіргі уақытта тұтас салаларды мемлекеттік қолдау индустрияландырудың алғашқы жылдарында талап етілген елеулі әсерді әкеле алмайды. Өңдеу өнеркәсібінің базалық іргетасын қолдау дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа жауап реакциясы және өз алдына Қазақстан экономикасы үшін дағдарысқа қарсы шара болды.
COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты экономикалық дағдарыс, оның ішінде пандемияға байланысты елдер арасындағы шекаралардың жабылуы әлемдік логистикаға үлкен соққы берді және шикізат пен дайын өнімді жеткізу тізбегінің бұзылуына алып келеді. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін шектеулердің сақталуына және салдарында тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне және протекционистік риториканың өсуіне байланысты сауда мен тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің қысқаруы байқалады.
Нәтижесінде шикізат моделінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеу үрдісі, қоғам өмірінің барлық салалары мен экономика салаларын цифрландырудың жеделдеуі, технологиялық парадигма мен тұтыну құрылымының өзгеруі байқалады.
Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде ковидтан кейінгі уақытта жоғарыда айтылғандардың салдарынан Қазақстан өзінің экспорттық және тұтыну қоржынын мүмкіндігінше тезірек әртараптандыруы, тұтас салаларды қолдау практикасынан алшақтауы, өмірлік маңызы бар тауарлар өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындарды көптеп қалыптастыруы қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде көп кәсіпорын қалыптастырылған жоқ. Мәселен, 2020 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 16 862 бірлікті құраса, экономикалық белсенді халық 9 167,9 адамды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларында жоғары экономикалық шоғырлану байқалады. Кәсіпорындардың географиялық шоғырлану процесі бастапқы кезеңде. Кәсіпорындардың көп болмауы мен географиялық шоғырланудың жоқтығы толыққанды салаларды қалыптастыру, қосылған құн тізбектерін құру, салааралық байланыстардың әлсіздігі, агломерациялық әсерлердің және олармен бірге жүретін жағымды сыртқы әсерлердің болмауы проблемаларына, технологиялық жаңғыртуға, өнімдердің сапасын жақсартуға, бәсекелестіктің жеткіліксіз болуына байланысты оның технологиялық күрделілігін арттыруға ынталанудың нашар болуына алып келуі мүмкін.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, индустрияландыруды одан әрі тереңдету үшін Қазақстанның алдында халықтың азық-түлік, сол сияқты азық-түлік емес тауарларға деген бірінші кезектегі мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, отандық өндірістік кешеннің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және дамытуға, сол арқылы ел экономикасының өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға бағдарланған өңдеу өнеркәсібін сапалы өсіру міндеттері тұр.
Бұл міндеттер жаһандық сипаттағы үлкен сын-қатерлерге де, сол сияқты ішкі процестер мен проблемаларға да байланысты.
Демек негізгі проблемалардың бірі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын жүктеу деңгейінің төмендігі болып табылады. Айталық, 2021 жылдың екінші тоқсанында өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарының 69,6 %-ының өндірістік қуат жүктемесі 70 %- дан аз болды, кәсіпорындардың 30,5 %-ы 70 %-дан астам деңгейінде жүктелді.
Өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарының толық жүктелмеуінің негізгі себептері шикізатпен қамтамасыз ету проблемалары, айналым қаражатына және қуаттарды жаңғыртуға қаржы қаражатының жетіспеуі, ішкі және сыртқы нарықтарда кәсіпорындардың өніміне сұраныстың болмауы немесе жеткіліксіз болуы, арнайы жабдықта жұмыс істеу үшін даярланған кадрлардың жеткіліксіздігі не болмауы болып табылады.
Қазіргі уақытта өңдеу өнеркәсібінде Қазақстан аумағында өндірілмейтін және кейін локализациялау перспективасы жоқ импорттық шикізат пен құрамдауыштар пайдаланылады. Қайта өңдеу өндірістеріндегі осындай аралық тауарлар импортының үлесі 50 %-ға дейін және одан да көп болуы мүмкін.
Мысалы, фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс құрылымындағы импорттың үлесі 63 %, жиһаз өнеркәсібінде – 55 %, электрондық өнімдерде – 40 %, тамақ өнімдерінде – 21 %, құрылыс материалдары өндірісінде 18 % құрайды.
Шикізат пен құрамдауыштардың тапшылығы немесе болмауы мынадай себептерге байланысты:
шикізат өндірісінің технологиялық дамымауы (жоғары сапалы шикізат пен материалдар өндірісінің болмауы);
шикізаттың белгілі бір түрлерін өндірудің экономикалық орынсыздығы (шағын ішкі қажеттілік);
кейінгі өңдеуді ұйымдастыру үшін негізгі шикізаттың болмауы.
Демек ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан аумағында өндірілмейтін шикізат пен құрамдауыштарға қол жеткізуді жеңілдетудің өткір қажеттілігі байқалады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша тозудың жоғары дәрежесі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау сияқты салаларға тиесілі – 73,1 %, тау-кен өнеркәсібі және карьерлер қазу – 66,6 %, ауыл шаруашылығы – 41,9 %. Өңдеу өнеркәсібінде бұл көрсеткіш 39 %-ды құрады.
Өңдеу секторының экономикасына тартылған негізгі өндірістік қорлар жаңғыртуды қажет етеді. Бұл міндетті шешу үшін кәсіпорындарды инвестициялық және инновациялық белсенділікке, сондай-ақ негізгі өндірістік қорларды жаңғыртуға ынталандыру қажет.
Қазіргі уақытта өңдеу өнеркәсібі отандық өнімінің инновациялылығының деңгейі төмен. 2019 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі технологиялық инновацияларға жұмсалатын шығындар 2010 жылмен салыстырғанда 183,0 млрд теңгеден 1,4 есе ұлғайып, 247,1 млрд теңгені құрағанына қарамастан, өндірілген инновациялық өнім көлемі 1,5 есе қысқарды және 2019 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 818,8 млрд теңгеге жетті (1 236,0 млрд теңге). Инновациялық өнімнің экспорты 2012 жылғы 182,3 млрд теңгеден 2019 жылы 94,8 млрд теңгеге дейін 1,9 есеге қысқарды. 2019 жылы жалпы ішкі өнімдегі инновациялық өнімнің үлесі өте төмен деңгейде қалып отыр – 1,6 % (8-сурет).
8-сурет. Өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенділік көрсеткіштерінің серпіні
Ақпарат көзі: ҚР СЖРА ҰСБ
Корпоративтік инновацияларды дамыту, инновациялық және ғылыми-техникалық дамудың драйвері бола алатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) қаражат инвестициялау үшін белгілі бір әлеуетке ие жүйе құраушы ұлттық және жеке компаниялар бар.
Қазақстанда "Astana Hub" IT-стартаптардың халықаралық технопаркі, Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры, "QazTechVentures" акционерлік қоғамы, "Qazinnovations" акционерлік қоғамы сияқты инновацияларды қолдауды дамыту институттары жұмыс істейді. Дүниежүзілік Банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы іске асырылуда. Назарбаев Университетінің NURIS, "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) Fintechhub инновациялық кластері және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жұмыс істейді.
2020 жылы Дүниежүзілік банктің тәжірибесі бойынша Технологияларды коммерцияландыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары жетілдірілді.
Жалпы инновациялар бойынша көрсеткіштер 2010 жылмен салыстырғанда өсті. Бұл ретте 2019 жылғы жағдай бойынша елдің инновациялық және технологиялық дамуы:
өңдеу өнеркәсібі экспортының жалпы көлемінде жоғары технологиялық өнім экспорты үлесінің төмендігімен (21,8 %);
өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің салыстырмалы түрде төмендігімен (14,4 %) және ЖІӨ-дегі инновациялық үлесі өнімнің (1,6 %) төмендігімен сипатталады.
Елде өңдеу деңгейі орта және жоғары тауарлар шығару үшін қажетті қазіргі заманғы технологияларды әзірлеу не олардың трансферті үшін жеткілікті өз құзыреттері жоқ, сондықтан экспортта әлі де шикізат тауарлары, пайдалы қазбалар басым, ал импорт құрылымының басым бөлігін машиналар, жабдықтар, станоктар, дәлдігі жоғары аспаптар, арнайы техника, электроника және өндірістің басқа негізгі факторлары, бір сөзбен айтқанда, технологиялар алады.
Тиімді инновациялық экожүйені қалыптастыру, ғылымды қажетсінетін өнімдер жасауға қабілетті жоғары технологиялық экономикалық құрылымға көшу және сол арқылы азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жүйелі негізде инновацияларды дамыту қажет.
2021 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 894 қаулысымен мақұлданған Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы (бұдан әрі – 4ӨР орталығы) мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасында қосылуға және ынтымақтастыққа қатысты келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды. 4ӨР үлестес орталығы АХҚО базасында құрылды. Келісімнің негізінде 4ӨР үлестес орталығы ашылды.
АХҚО негізгі мақсаты жаһандық қоғамдық мақсаттарға сәйкес ғылыми және технологиялық жетістіктерді қолдануды жеделдететін басқару қағидаттарын, саясат пен хаттамаларды әзірлеуге, сондай-ақ Төртінші өнеркәсіптік революция деп аталатын трансформациялық дәуірдің жетістіктерін кеңінен таратуға және локализациялауға бағытталған ынтымақтастық үшін жаңа алаң қалыптастыру болып табылады.
АХҚО-ның өңірлік маңызы бар және Орталық Азияда заттар интернеті, ақылды қалалар, жасанды интеллект және машиналық оқыту, үлкен деректерді басқару, блокчейн, пилотсыз көлік және аэроғарыштық технологиялар сияқты салаларда инновациялар мен цифрлық трансформацияны реттеу тетіктерін, саясатын, рәсімдері мен қағидаттарын қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық әлеуетті өрістету және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Жаһандық инновациялар индексі мен Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары дамушы елдерге (оның ішінде пандемияға байланысты жаңа жағдайда ескере отырып) мынадай ұсынымдар береді:
ел басшылығының инновациялық саясатқа ден қоюы және ведомствоаралық үйлестіру;
инновациялық қызметтің барлық субъектілерінің өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі;
зияткерлік меншік және инновациялар саласындағы саясаттардың келісілуі;
ғылымды, технологияны және инновацияларды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын басымдықтарды айқындап және оларға ресурстардың көпшілігін шоғырландыра отырып жүргізу;
мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту және жеке инвестицияларды ынталандыру;
нақты KPI белгілеу және қабылданған шараларды үнемі бағалау.
Бұл ретте Дүниежүзілік банк сарапшыларының зерттеуіне сәйкес дамушы елдер үшін бірінші кезекте өндіру қабілеті пайда болуға тиіс, содан кейін бар технологияларды бейімдеу (трансферт) кезеңі басталады және үшінші кезеңде ғана инновацияны өздері жасау қабілеті пайда болады.
Демек бүгінгі күні Қазақстандағы нақты жағдай (инфрақұрылым, құзыреттер) тек инкрементальдық инновациялар құруды көздейді.
Серпінді технологияларды енгізу қомақты инвестицияларды қажет етеді. Ал отандық ірі және орта кәсіпорындардың кредиттену деңгейі жоғары, бұл инновациялық даму процесін тежеуге алып келеді. Қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі жағдайында тікелей шетелдік инвестицияларды тарту отандық кәсіпорындардың инновациялық әлеуетін арттырудың триггері бола алады.
Инновацияларға қабілеттілік тұрақтылықтың орталық факторына айналуда. Қытай мен АҚШ арасындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік олардың арасындағы инновациялар үшін бәсекелестікті күшейтеді. Қытайлық не американдық стандарттар қолданылатын, осы елдердің бірінің технологиялық әзірлемелері басым болатын жекелеген технологиялық ықпал салалары барған сайын артып келеді. COVID-19 пандемиясы бұл үрдісті одан әрі күшейтті, мемлекеттердің шетелдік инновациялардан қаншалықты алшақ болатынын және дағдарыс кезінде өздерінің инновациялық мүмкіндіктері қаншалықты құнды екенін көрсетті. Қалыптасқан жағдайда елдердің, салалардың, кәсіпорындардың цифрлық егемендігі барған сайын маңызды бола түсуде.
Цифрлық технологияларға инвестициялар бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін шешуші мәнге ие болады. Tencent Қытай институты жүргізген сауалнамаларға сәйкес көптеген компаниялар өздерінің цифрлық инвестицияларын 10-30 %-ға арттыруды жоспарлауда және атап айтқанда, Big Data, заттар интернетіне, бұлтты есептеулерге және 5G-ге шоғырланады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай Қытай Дүниежүзілік экономикалық форумның анықтамасы бойынша 4.0 индустриясы үшін материалдық базаны толығымен қалыптастыруды жоспарлауда.
Сондай-ақ 5G желілері мен жоғары өнімді есептеу қуаттары сияқты цифрландыруды қолдайтын инфрақұрылымды дамыту маңызды. COVID-19 пандемиясы цифрлық және желілік ресурстарға жоғары талаптар қояды.
Осы тұрғыда өнеркәсіптік өндірістік тізбектер – 4.0 индустриясы цифрлық трансформациясының маңыздылығы қарқынды өсуде. Дағдарыс кезіндегі байланысты технологиялардың маңыздылығы, мысалы, өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары үшін маңдайшалар мен бөлшектерді шығару үшін жаппай 3D басып шығару қолданылған кезде айқын болды.
Жабдықты қашықтан басқару үшін автоматтандыру және цифрлық технологияны қолдану дәрежесі карантин кезеңінде өнеркәсіптік компанияларға үлкен әсер етті. Цифрландырудың жеткілікті деңгейі бар компаниялар өндірісті жалғастырды, ал көптеген басқа компаниялар жедел персонал жұмысқа бара алмаған кезде толығымен тоқтады. 4.0 индустрияның элементтерін енгізген компаниялар дағдарысқа әлдеқайда жақсы дайын болып шықты. Фраунхофер қоғамының машина жасау және автоматтандыру институтының бағалауы бойынша бизнес модельдері цифрландырылған компаниялардың 70 %-ы COVID-19 әсеріне анағұрлым төзімді болып табылады. COVID-19 пандемиясы өнеркәсіптік өндірісті цифрландыру мен автоматтандыруды едәуір жеделдетті. Автоматтандыру есебінен кәсіпорындар шығындарды 15-тен 40 %-ға дейін төмендетуді қамтамасыз етті.
McKinsey & Company халықаралық консалтингтік компаниясының деректері 2020 жылы жаңа цифрлық технологияларды енгізу өз жемісін беретінін көрсетеді. Мысалы, АҚШ-тағы өнеркәсіптегі бизнес-процестерді цифрландыру орта есеппен 12 % – 14 %-ға дейін пайда әкеледі, бұл ретте еуропалық кәсіпорындар 7 – 9 %, ал азиялық баламалары 5 % – 7 %-ға дейін пайда берді.
Бұл ретте Қазақстанда кәсіпорындар өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізуге кірісті, алайда көп жағдайда жаңғыртудың барлық процесі "құрақ цифрландырумен" сипатталады. Басқаша айтқанда, өнім құнын құрудың бүкіл тізбегін қамтымайтын өндірісті ішінара цифрландыру жүруде, бұл қолданыстағы және жаңа жабдықпен интеграциялау мүмкіндігі жоқ цифрлық технологиялардың толыққанды әсеріне толық көлемде қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар 2017 жылы тартылған шетелдік әріптестермен (Фраунхофер атындағы институт, Бизнес-Швеция) бірлесіп өткізілген өңдеу өнеркәсібі және тау-кен металлургия кешені (бұдан әрі – ТМК) секторларындағы 605-тен астам кәсіпорынды цифрлық трансформацияға көшуге дайындық тұрғысынан талдау нәтижелері бойынша кәсіпорындардың көпшілігі өндірісті басқарудың цифрлық жүйесінің болмауымен сипатталатыны анықталды (өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының 84 %-ы, тау-кен секторында –56 %-ы). Екінші жағынан, өңдеу өнеркәсібі компанияларының шамамен 3 %-ы және ТМК кәсіпорындарының шамамен 21 %-ы цифрлық трансформация үшін жеткілікті технологиялық, ұйымдастырушылық және кадрлық базаға ие.
Цифрлық трансформацияны тежейтін факторлар анықталды. Біріншіден, бизнес цифрландырудан түсетін экономикалық пайданы жеткілікті түсінбейді, екіншіден, автоматтандыру және цифрландыру бойынша отандық әзірлемелер мен құзыреттер нашар дамыған, үшіншіден, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қаржы ресурстарының шектеулілігі, сондай-ақ инфрақұрылымдық шектеулер.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде модельдік цифрлық фабрикалар құру, тау-кен металлургия кешенінің ірі компанияларының цифрландыру жобаларын іске асыруы, заттардың өнеркәсіптік интернетін дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау, кәсіпорындар үшін 4.0 индустрия технологияларын енгізуге қаржылық, фискалдық және өзге де ынталандырулар жасау, өндірісте қауіпсіздікті арттыру мақсатында цифрлық технологияларды қолдануды нормативтік-құқықтық реттеу, өндіруші секторда "4.0 өндіру" инновациялық өзара іс-қимыл жобасын іске асыру сияқты бірқатар жүйелі шаралар енгізілді.
"Модельдік цифрлық фабрикалар құру" жобасы шеңберінде "Алтыналмас АК" АҚ, "Химфарм" АҚ, "Евразиан Фудс" АҚ, "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Бал Текстиль" ЖШС, "Карлскрона" ЖШС, "Алматы желдеткіш зауыты" ЖШС өндірісінің ағымдағы жай-күйін анықтау мақсатында технологиялық аудит жүргізілді, оның нәтижелері бойынша компанияларды цифрландырудың жол карталары бекітілді.
Сонымен қатар өңірлерде өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қазіргі кезде өңірлерде 2022 жылға дейін 121 кәсіпорында цифрлық шешімдерді енгізу жоспарланған (жаңа кәсіпорындар мен жаңғырту жобаларын ескере отырып, шамамен 276 цифрландыру жобасы). 2020 жылдың қорытындысы бойынша отандық өнеркәсіп кәсіпорындары 171 жобаны іске асырды, оның ішінде 57 жоба 2020 жылға тиесілі.
Сонымен бірге, қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру үшін 2020 жылы Фраунхофер атындағы өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен бірлесіп, 4.0 индустрия тақырыбы бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандарын оқыту жүргізілді. Оқыту еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарына 4.0 индустрияның негізгі технологиялары мен тақырыптары бойынша құзыреттер мен білім трансферіне бағытталған.
Инвестициялар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінің озық технологияларын тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту мақсатында Қазақстанда елдің индустриялық-инновациялық жүйесінің инфрақұрылымын құрайтын арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА) және индустриялық аймақтар (бұдан әрі – ИА) құрылды.
Бүгінгі күні елімізде 13 АЭА және 24 ИА жұмыс істейді.
АЭА аумақтарында олардың жұмыс істеген барлық уақытында (2002 жылдан бастап 2021 жылға дейін) 307 (108 аумақтан тыс) жоба іске қосылды. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, бюджетке салық түсімдері 232,9 млрд теңгені құрады.
Барлық АЭА инфрақұрылымын салуға арналған бюджеттік шығындар 377,2 млрд теңгені құрады, бұл ретте тартылған инвестициялар көлемі шамамен 1 713,5 млрд теңгені құрады. Яғни АЭА инфрақұрылымына салынған 1 бюджеттік теңге 4,5 теңге жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді (шетелдік қатысу үлесі 29,3 %-ды құрады).
ИА-да инвестиция көлемі шамамен 423 млрд теңге болатын 184 өндіріс іске қосылды. 15 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Индустриялық аймақтардың инфрақұрылымына 75,8 млрд теңге салынды. Демек салынған 1 бюджеттік теңгеге 5,5 теңге инвестиция тартылды. Тартылған инвестициялар көлемі бойынша Алматы қаласының индустриялық аймағы көш бастауда.
1 теңгеге тартылған инвестициялардың айырмашылығы АЭА-дағы жобалар инфрақұрылымға жоғары талаптар қоя отырып, капиталды көп қажет ететіндігімен түсіндіріледі.
Жалпы АЭА режимінің арқасында Қазақстанда экономикалық қызметтің белгілі бір түрлері бойынша кәсіпорындардың тұтас топтары құрылды.
Мысалы, "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА базасында соңғы буындағы логистика орталығы құрылды. "Астана – жаңа қала" АЭА-да Қазақстанда бұрын болмаған теміржол машинасын жасау дамыды. "Оңтүстік" АЭА тоқыма өнеркәсібін жандандырады. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА мен "Павлодар" АЭА-да мұнай-химия өндірісінің негізі қаланды. "Тараз химиялық паркі" АЭА-да глифосат (гербицид), натрий цианиді, натрий пиросульфиті, күкірт қышқылы және т.б. сияқты химия өнеркәсібінің жаңа өндірістері құрылуда. Осындай қағидат бойынша "зәкірлік" өндірістер айналасындағы барлық АЭА-да шағын және орта өндірістерді локализациялауды ұлғайту жоспарлануда. Қабылданып жатқан шаралар мен қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, АЭА мен ИА-ның даму әлеуеті толық ашылмаған, бұл оларды одан әрі дамыту үшін перспективалар ашады.
Қазақстан Республикасында АЭА-ны одан әрі дамыту, ілгерілету және басқару үшін отандық АЭА қызметінің даму қарқынының төмендігі мен тиімділігінің әлсіздігін сипаттайтын мынадай кедергілерді жою (жетілдіру) қажет:
бірқатар АЭА мен ИА инфрақұрылымы іс жүзінде аяқталған жоқ;
жеткіліксіз қаржыландыру және инфрақұрылым объектілері құрылысының уақтылы аяқталмауы. Мысалы, "Павлодар" АЭА-да бүгінгі күнде тазарту құрылыстарын салуды аяқтау, қосалқы станция салу арқылы электр энергиясының қуаттарын ұлғайту аса үлкен қажеттілік болып табылады, "Оңтүстік" АЭА-да АЭА инфрақұрылымы объектілерінің тозуы жоғары дәрежеде, "Астана – жаңа қала" АЭА-да жылумен жабдықтау кешенін аяқтау қажет, әлеуетті инвесторлар үшін "Тараз химиялық паркі" АЭА инфрақұрылым объектілерін салу (2-кезек) аяқталмаған және қажет, атап айтқанда, коммуналдық жабдықтау объектілері (магистральдық су құбыры, тазарту құрылыстары, газ құбыры), теміржол желілерін жүргізу, кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларды салу арқылы қуаттарды ұлғайту іске асырылмаған;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі, сондай-ақ АЭА және ИА базалық инфрақұрылымын салу кезінде жеке капиталдың әлеуеті іс жүзінде пайдаланылмайды;
шағын өндірістерді орналастыру мүмкіндігі жоқ (шағын өндірістер үшін де, сол сияқты өз зауыттарын салуды талап етпейтін қызмет түрлері үшін де дайын өндірістік орынжайлар жоқ, мысалы, IT);
АЭА жұмыс істеу мерзімдерінің қысқалығы және жеңілдіктердің қолданылу кезеңдерінің әркелкілігі (АЭА ең көп дегенде 25 жыл жұмыс істейді, оның ішінде АЭА қатысушысы мәртебесін алу кезеңіне байланысты жеңілдіктер бүкіл кезең бойы берілмейді);
АЭА-ның жұмыс істеуі, сондай-ақ АЭА аумағында жеңілдікпен салық салу бөлігінде АЭА қызметін реттейтін заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтар;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету және қызмет көрсету, аварияларды немесе өзге де іркілістерді жою үшін қызмет көрсететін компаниялардың болмауы.
Осы міндеттерді шешу үшін дамыған елдердің әлемдік тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында АЭА мен ИА-ның жұмыс істеуі мен дамуының жаңа тәсілдерін енгізу қажет.
Сонымен қатар, кластерлер өндірістік және сервистік кәсіпорындар, білім беру және ғылыми ұйымдар, билік органдары мен даму институттары кооперациясының жаңа тиімді нысаны болып табылады. Кластерлік тәсіл өңірлердегі компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде өңдеу өнеркәсібі мен өнімді көрсетілетін қызметтер секторын дамытудағы маңызды бағытқа айналады.
2017 жылдан бастап кластерлік саясатты іске асыру үшін аумақтық кластерлерді дамыту, аумақтық кластерлерді іріктеу бойынша конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу әдістемесін, кластерлік бастамалардан конкурстық өтінімдерді сараптамалық бағалау әдістемесін қамтитын әдіснамалық негіз әзірленді.
Қазақстан өңірлерінде кластерлік инфрақұрылымды диагностикалау нәтижесінде конкурстық негізде алты пилоттық аумақтық кластер іріктелді: Қарағанды облысында (құрылыс), Шымкент қаласында (фармацевтикалық өнім өндіру бойынша), Алматы қаласында (жиһаз өнімдерін өндіру бойынша), Қостанай облысында (ұн тарту), Ақмола облысында (сүт өңдеу бойынша), Алматы облысында және Алматы қаласында (туризмді дамыту бойынша).
Аталған аумақтық кластерлерді дамытудың қазіргі кезеңінде фармацевтикалық, туристік кластерлерге, сүт өңдеу кластеріне қатысушылар кластерлік ұйымдарға бірікті және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен сыртқы нарықтарға шығудың ортақ проблемаларын шешу бойынша өз қызметін қалыптастырды.
Мұндай ынтымақтастық кластерлерге қатысушылардың өндірістік қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді және жалпы алғанда саланың жағдайына әсер етеді.
Кластерлерге қатысушы кәсіпорындар базасында құзыреттілік орталықтары құрылды ("Химфарм" АҚ, "Гормолзавод" ЖШС), әрбір кластер өзінің даму стратегиясын әзірледі, кластерлер жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Жиһаз кластеріне қатысушылар пәтерлерді сатып алушыларды кешенді жиһаз шешімдерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушылар үшін 20 %-ға дейінгі жеңілдіктерді көздейтін сертификаттарды әзірледі. Құрылыс кластерінің қатысушылары Қарағанды қаласының зерттеу орталықтарымен отандық шикізаттан және өнеркәсіптік қалдықтардан экологиялық құрылыс материалдарын өндіру перспективалары бойынша шолу зерттеулерін жүргізуге меморандум жасасты.
Кластердің негізгі ерекшелігі оған кіретін кәсіпорындардың жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілермен салыстырғанда кластердің барлық қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру ретінде көрініс табатын көрінетін синергетикалық әсер алуы болып табылады. Кластерлерге қатысушылардың бірлескен жобалары салаларды дамытудың қазіргі заманғы әлемдік трендтеріне сәйкес өндірілетін тауар топтарының желісін кеңейтуге, экологиялық құрылыс материалдары мен басқа да өнімдерді өндіруге көшуге мүмкіндік береді.
Өңдеу өнеркәсібінің дамуы ішкі нарықтың дамуы мен күрделілігіне де байланысты. Ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өнімдері ірі кәсіпорындар импорттайтын өнімнің сапа деңгейіне сәйкес келуге, яғни сапа мен басқару менеджментінің халықаралық стандарттарына сәйкес келуге тиіс өндірістерді басым тәртіппен дамыту қажет. Отандық өндірушілер шетелдік зауыттармен бәсекелесе алмайды, сервистік нарыққа өз өнімдерін жеткізу бойынша тауашаны иеленуге дайын емес. Өндірісті жаңарту, жаңғырту, кеңейту бөлігінде өнім шығаратын отандық кәсіпорындардың айтарлықтай технологиялық артта қалуы байқалады.
Қазіргі экономикада реттелетін сатып алу іргелі стратегиялық рөл атқарады. Сатып алу тапсырыс берушілерді жабдықтау қағидалары ретінде қарастырылған кезең өтті. Қазір сатып алудың жүйелік әлеуеті бірінші орынға шықты, оның экономикалық мәні сұранысты экономикалық даму факторларына трансформациялауға негізделеді.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің (мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен холдингтердің сатып алуы, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы) реттелетін сатып алуын талдау республика бойынша 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін сатып алу көлемінің 11 073,5-тен 17 632,7 млрд теңгеге дейін 1,5 есеге жалпы өсуі кезінде жергілікті қамту үлесі 54 %-дан 52,3 %-ға дейін төмендеді. Бұл ретте жергілікті қамтудың ең жоғары көрсеткіші 2018 жылы 3,4 %-ға күрт төмендеуімен және одан әрі жыл сайынғы аздаған өсуімен 2016 жылға (54 %) тиесілі (9-сурет).
9-сурет. 2016 – 2020 жылдардағы реттелетін сатып алу және ондағы жергілікті қамту көрсеткіштерінің серпіні
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі және қатысуы шеңберінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес мемлекеттік сатып алуда отандық өнім берушілер үшін преференциялар беретін нормалар заңнамалық деңгейде алып тасталды және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі талаптар ішінара сақталды. Бұл ретте отандық өнім берушілер үшін қолдау көрсету және шет мемлекеттердің аумағынан шығарылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды және оларды берушілердің белгілі бір сатып алуына қол жеткізуді шектеу мақсатында ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу мүмкіндігі көзделген. Бұл ретте белгілі бір шаралар қабылданғаннан кейін жергілікті қамту бойынша көрсеткіштер 2018 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде оң серпінді көрсетеді (10-сурет).
10-сурет. 2015 – 2020 жылдардағы мемлекеттік сатып алудағы сатып алу көлемі мен жергілікті қамту көрсеткіштерінің серпіні
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазіргі уақытта жергілікті қамту бойынша талаптар жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында ғана ішінара көзделген.
"Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ТШО), "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – КПО), Солтүстік Каспий операциялық компаниясы (бұдан әрі – НКОК) жобаларының ірі операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметімен ынтымақтастық туралы меморандумдар шеңберінде отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен жұмыстар жүргізуде. Операторлар тапсырыс берушіге тұрақты бағдарланған жеткізушілермен ынтымақтастыққа ұмтылады, жеткізушілерге жоғары талаптар қойылады. Бірақ бұл өндірушілердің бәсекелестігінің күрделілігі тапсырыс берушілерге жеткізу кезінде шетелдік өнімдерге кедендік әкелу баждарының болмауы болып табылады.
Қазақстандағы ірі компаниялар тиісті өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын шағын және орта кәсіпкерлікті (бұдан әрі – ШОК) іздеу, сондай-ақ олардың біліктілігін бағалау, олармен операциялар жүргізу кезінде тәуекелді азайту үшін қажетті ақпарат алу проблемаларына жиі тап болады.
Экспорттағы ШОК секторының үлесі бұрынғыдай жеткіліксіз деңгейде. Қазақстандық ШОК тауарлары экспортының төмен деңгейі себептерінің бірі шет елдерде қолданылатын халықаралық стандарттар мен нормаларға, сапа кепілдіктеріне (API, ASMI, ISO, HACCP, CEN және т.б.) сәйкестікке сертификаттау құнының жоғары болуы болып табылады.
Кәсіпорындарға өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттау үшін қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге жәрдемдесу шараларын күшейту қажет, бұл ШОК-қа техникалық кедергілерді еңсеруге және отандық кәсіпорындар мен тауарлардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Индустриялық-инновациялық саясатты одан әрі жүргізу бірнеше бастамашыл топтар аясында қаралатын болады. Біріншіден, қолданыстағы күшті жақтарды қолдана отырып, бар мүмкіндіктерді іске асыру. Екінші, қолданыстағы мүмкіндіктерді пайдалану үшін әлсіз жақтарға инвестициялар салу. Үшінші, тәуекелдер мен қауіптердің орнын толтыру үшін күшті жақтарды қолдана отырып, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
1) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшін мүмкіндіктер
Қазақстанның әлемнің екінші (Қытай Халық Республикасы) және он екінші (Ресей Федерациясы) экономикалары арасында орналасуы және олармен интеграциялық жобаларға қатысуы өңдеу өнеркәсібі үшін мүмкіндіктер жасайды.
Халықаралық сауданы және шетелдік инвестициялардың жаһандық ағындарын талдау трансшекаралық сауда мен инвестициялардың басым рөлін көрсетеді.
Талдау нәтижелері бойынша өңдеу өнеркәсібінің әлеуетті экспорты үшін өткізу нарықтары ретіндегі басымдық деңгейі бойынша елдердің 3 санаты анықталды. Ең басым елдер Қытай мен Ресей болды. Келесі басымдық Өзбекстан мен Иран болды. Басымдық бойынша үшінші орында – алыс орналасқан Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Пәкістан, Түркия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері.
Өңделген өнімді Қытай мен Ресей нарықтарына экспорттаудағы кедергілерді алып тастау қажетті ауқымды әсерге қол жеткізу және көлік шығыстарының қолайсыз әсерін азайту үшін отандық компаниялардың позициясын едәуір жақсарта алады.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен бірлесіп, өзара сауданы жақсарту үшін жағдай жасау мақсатында ЕАЭО мен Қытай арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі мүмкіндіктерді белсенді пайдаланады, атап айтқанда, сауда рәсімдерін оңайлатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға назар аударатын болады.
Қазақстан Қытай мен Ресей компаниялары үшін бір-бірінің нарықтарына кіру мақсатында өндірістер құру үшін тартымды инвестициялық алаң болып қалуда. Бұдан басқа Ресей мен батыс елдері арасындағы "санкциялық күрес" оның нарығына қызмет көрсету үшін еуропалық компанияларды тартуға жағдай жасай алады.
Қазақстан Республикасының "әлемдік орталық" елдеріне қатысты шеткері орналасуына байланысты инновациялардың диффузиясы процесі баяу жүруде. Алайда Қытайда жаңа технологиялық орталықтың құрылуы технологиялар трансферті, технологиялық инновациялардың енуі мен абсорбциясы процесін едәуір жеделдете алады.
Қазақстанда жедел урбанизациялау капиталдың, еңбектің, білімнің және тұтынушылардың кеңістіктегі өсу нүктелерінде шоғырландырады.
Адамдардың урбанизацияланған аумақтарға қоныс аударуының елдік бәсекелестіктің ландшафтын өзгертетін жаһандық тренді Қазақстанда да көрініс табады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрғындары миллионнан асатын екінші және үшінші қалалардың пайда болуы түпкілікті тұтыну тауарларын өндіру, қалыптасқан инновациялық жүйелерді дамыту және жаңа инновациялық жүйелерді, орта және жоғары технологиялық секторларға инвестициялар тарту үшін қажетті өндірістің арнаулы факторларын қалыптастыру үшін тартымды жергілікті кеңістікте "тартылыс орталықтарын" құра бастайды.
Ірі қалалық агломерацияларды дамыту тамақ өнеркәсібінің жергілікті кластерлерінің өніміне, киім мен аяқ киім, үйге арналған тауарлар, құрылыс материалдары, металл бұйымдары мен химия өнімдері өндірісіне тұрақты сұранысты қалыптастырады.
Реттелетін сатып алу нарығы экономиканың өсуіне және ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына қарай өндірістік мақсаттағы тауарларға тұрақты және шоғырланған сұранысты қалыптастырады.
Қазақстанда тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін локализациялау үшін реттелетін сатып алудың елеулі әлеуеті бұрынғыдай бар.
Жаңа өндірістік технологияларды дамыту және өңдеуші өнеркәсіпті цифрландыру (4.0 индустрия) өнімділікте серпіліс жасау және саудадағы қашықтық пен кедергілерді азайту үшін мүмкіндіктер жасайды.
4.0 индустрия дамушы елдерде өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер аша отырып, өндірістік және бизнес-модельдерді трансформациялайды. 4.0 индустрия негізгі технологияларының салыстырмалы түрде қолжетімділігі дамыған елдерден технологиялық артта қалуды қысқартуға мүмкіндік береді.
2) Индустриялық-инновациялық даму үшін негізгі қатерлер мен тәуекелдер мүмкіндіктердің кері жағы болып табылады және өңдеу өнеркәсібіне тән проблемалармен толықтырылады.
Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту жөніндегі жеткіліксіз шаралар "ерте индустриясыздандыру" қаупін туғызады.
Металлургияның және мұнай өңдеудің дәстүрлі секторларына инвестициялар басым бөлігін құрайды, ал өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларына инвестициялар жеткілікті түрде тұрақты және тез өсу үрдісі байқалмайды. Негізгі секторларды есепке алмағанда, көрсеткіштер қарапайым өндіріске жақын.
Нәтижесінде Қазақстан өңдеу өнеркәсібінде аса көп кәсіпорын қалыптастырылған жоқ. Өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларында жоғары экономикалық шоғырлану байқалады. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар санының көрсеткіші Ресей мен Беларуське қарағанда төмен. Кәсіпорындардың географиялық шоғырлану процесі бастапқы кезеңде.
Бастапқы кезеңдерде негізгі капиталға инвестициялардың жетіспеуі индустриялық дамудың барлық көрсеткіштеріне қол жеткізуге қатер төндіреді. Кәсіпорындардың көп болмауы және географиялық шоғырлануының болмауы толыққанды салаларды қалыптастыру, қосылған құн тізбектерін құру, салааралық байланыстардың әлсіздігі, агломерациялық әсерлердің және олармен қатар жүретін оң сыртқы әсерлердің болмауы, технологиялық жаңғыртуға, өнімдердің сапасын жақсартуға, бәсекелестіктің жеткіліксіз болуына байланысты оның технологиялық күрделілігін арттыруға ынталылықтың әлсіздігі проблемаларына әкеп соғады.
Сыртқы нарықтардағы жоғары бәсекелестік, ішкі нарықтың жеткіліксіз сыйымдылығы және Қытай, Ресей және басқа елдердің өндірушілері тарапынан жоғары бәсекелестік отандық өндірушілерге қысым жасайды.
Тарихи тұрғыдан алғанда, қазақстандық нарықтың сыйымдылығы өңдеу өнеркәсібі номенклатурасының елеулі бөлігін өндіруге қажетті ауқым әсеріне қол жеткізу үшін жеткіліксіз. Сыртқы нарықтардың қолжетімділігі қазіргі өндірістік модельдерде ауқым әсеріне қол жеткізу үшін өте маңызды.
Екі ірі көршінің сыртқы нарықтары Қазақстанмен салыстырғанда анағұрлым дамыған және күрделі өндірістік жүйелерге ие. Бұдан басқа, аталған елдер қазақстандық тауарларды сыртқы елдерге әкелу кезінде шектеулер жасайды. Ресеймен біртұтас экономикалық одақта болғанына қарамастан, отандық өндірушілер әкімшілік кедергілерге негізделген жосықсыз бәсекелестік жағдайларына тап болуда. Қытай нарығы тарихи түрде ішкі нарыққа рұқсат беру жөніндегі арнайы шараларға байланысты жоғары кіру кедергілері өте көп.
Өңдеу өнеркәсібі өнімдеріне сұраныстың өсуі негізінен импорт есебінен қанағаттандырылады және отандық кәсіпорындар Ресей мен Қытай өндірушілері тарапынан күшті бәсекелестікке тап болады.
Қазақстанның экспорттық қоржыны шектеулі және "күрделілігі" жеткіліксіз, бұл тұрақты технологиялық артта қалу қаупін тудырады.
Қазақстан Республикасының экспорты салыстырмалы артықшылығы бар тауарлардың шектеулі номенклатурасымен сипатталады. Экспорттың басым бөлігі төмен және орта технологиялық секторларға жататын металлургия және мұнай өңдеу өнімдеріне тиесілі. Қазақстанның технологиялық күрделілік деңгейі Қытайға, Ресей мен Беларуське қарағанда айтарлықтай төмен.
Қазақстанда негізгі цифрлық инфрақұрылымды дамытудың орташа деңгейі, кәсіпорындардың "цифрлық дәуірге" әзірлігінің төмендігі және орта кәсіпорындар деңгейінде "цифрлық шешімдерді" енгізуге ынталылықтың әлсіздігі бар, бұл өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау үшін кедергі жасайды.
"Цифрлық дәуір" технологияларының барлық артықшылықтарын пайдалану үшін цифрлық инфрақұрылымды дамытудың жоғары деңгейі талап етіледі. Қазіргі уақытта Қазақстан осы аспектіде даму деңгейі орташа елдер тобына жатады.
Кәсіпорындар қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың төмен деңгейімен сипатталады, аз ақпараттандырылған және цифрлық технологиялық шешімдерді енгізу үшін кадрлық әлеуеті жоқ. Қажеттілікті түсіну мен кадрлардың болмауы кәсіпорындардың цифрландыруға инвестициялар салуға деген ынтасын төмендетеді.
COVID-19 коронавирус инфекциясы пандемиясының әлемдік экономикаға әсері
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2020 – 2021 жылдары әлемде COVID-19 пандемиясын жариялауына байланысты Қазақстан экономикасына COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы теріс әсер етуде. 2019 жылдың төртінші тоқсанында басталған және мемлекеттік шекаралардың жабылуы мен бүкіл әлемде экономикалық белсенділіктің төмендеуіне әкелген қолайсыз эпидемиологиялық жағдай сыртқы тауар айналымының жүзеге асырылуына теріс әсер етті. Пандемияға байланысты елдер арасындағы шекаралардың жабылуы әлемдік логистика және шикізат пен дайын өнімді жеткізу тізбегін қамтамасыз етуге үлкен соққы берді. Тізбектер неғұрлым қысқа және әртараптандырыла бастады, ішкі жеткізу арналарын нығайта отырып, жақын маңдағы аумақтардағы өндірістерді қайтару және бизнес-процестердің аутсорсингі жеделдетілуде.
Осының салдарынан көптеген елдердің экспорттық протекционизм саясатын ұстанатындығына байланысты тұтынушылық сұраныстың төмендігі байқалады. Бұл жаһандық сұраныстың төмендеуіне, демек, бағаның өсуіне ықпал етеді.
3) Индустриялық-инновациялық дамудың күшті жақтары.
Өңдеу өнеркәсібіне елдің саяси басшылығы үнемі басымдық береді.
Үкімет индустриялық саясатты дәйекті жүзеге асырады, сондай-ақ индустриялық саясатты қолдауға қаржы ресурстарын бөледі.
Даму институттарының қалыптасқан жүйесі индустриялық саясатты реттеудің барлық аспектілерін қамтуға мүмкіндік береді.
Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау субъектілерінің жүйесі құрылды және жұмыс істейді, ол индустриялық саясатты реттеудің барлық аспектілерін қамтуға мүмкіндік береді.
Мемлекет шикізат өндіруді, өңдеудің бастапқы деңгейіндегі өнімдерді шығаруды және инфрақұрылыммен байланысты өндіріс факторларын тікелей немесе жанама түрде бақылайды және реттейді.
Қазақстанның базалық минералды ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары. Мемлекеттің тікелей немесе "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы арқылы өңдеудің бастапқы деңгейіндегі өнімдерді өндіретін және шығаратын бірқатар компанияларға қатысу үлесі бар. Бұл өңдеу өнеркәсібінің жаңа жобаларын шикізатпен және базалық жартылай дайын өнімдермен преференциялық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
4) Назарды шоғырландыруды және қосымша ресурстарды талап ететін ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру резервтері және индустриялық-инновациялық саясатты жүргізудегі әлсіз жақтар.
Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру кезінде мониторинг жүйесі мен кері байланыс тетіктерінің тиімділігі жеткіліксіз.
Индустриялық-инновациялық даму саясатын іске асыруды, оның ішінде қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер мен қолдау құралдарының тиімділігін объективті бағалауға байланысты елеулі қиындықтар бар. Индустриялық-инновациялық саясаттың тиімділігін арттыру тетіктерінің бірі сапалы мониторингті және оның негізінде қолданылатын қолдау құралдарының нәтижелілігін, оның ішінде сан және сапалық бағалау арқылы талдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Факторлардың ықтимал комбинацияларын қарау негізінде индустриялық-инновациялық саясатты жалғастыру үшін мынадай негізгі бағыттарды бөліп көрсетуге болады.
Проактивті сауда саясатын жүргізу.
Ресурстар мен күш-жігер екі векторға бағытталуға тиіс. Біріншісі, ЕАЭО шеңберінде сыртқы саудадағы, Қытай нарығына қол жеткізудегі және Орталық және Оңтүстік Азия нарықтарына ілгерілетудегі кедергілерді жою үшін шешімдер мен ымыраларды іздеу. Сыртқы саудадағы нақты қажеттіліктері мен кедергілерін түсіну үшін өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған экспорттаушыларымен тұрақты диалогты жолға қою қажет.
Кеңістіктегі "өсу нүктелерінде" өндірістің арнаулы факторларын алдын ала құру.
Өңдеу өнеркәсібінің тартымдылығын арттыру шығасыларды азайтуды және инвестицияланған ресурстардан қайтарымды арттыруды талап етеді. Бұған өндірістің арнаулы факторларын құру, кеңейту және ұсыну үшін индустриялық және кеңістікте дамуды ұштастыруға негізгі назарды аудара отырып, жүйелі жұмыс арқылы ғана қол жеткізуге болады. Күш-жігер сапалы өнеркәсіптік және цифрлық инфрақұрылымды, адами капиталды, құзыреттер орталықтарын, сынақ және сертификаттау инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады.
Капиталды және ғылымды қажетсінетін жаңа ірі өндірістерді құру.
Мемлекеттің шикізат ресурстарын бөлу жөніндегі мүмкіндіктерін және оның жеке инвесторлар үшін ерекше жағдайлар жасауға әзірлігін пайдалана отырып, өңдеу өнеркәсібіндегі жекелеген ірі капиталды және ғылымды қажетсінетін жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету.
2. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың халықаралық тәжірибесіне шолу
Өзгерістерге беталысты және Қазақстан дамуының ішкі кедергілерін еңсеру қажеттілігін әлемдік нарық конъюнктурасы белгілейді. Өңдеу өнеркәсібінің одан әрі дамуын айқындайтын негізгі сыртқы факторларға жаһандық экономикалық бәсекелестікті, Еуразиялық экономикалық одақтың сауда-экономикалық интеграциясын, жаңа күшті азиялық ойыншылардың пайда болуын, өнеркәсіп өніміне стандарттардың қатаңдатылуын жатқызуға болады.
Индустриялық сектордағы әлемдік технологиялық прогресс елдер арасындағы цифрлық алшақтықты күшейтті. Өнеркәсіптегі ғылыми әзірлемелерді толық қаржыландырмау, мемлекет тарапынан ынталандырушы факторлардың болмауы Қазақстанда озық технологиялар дамуының баяулауына алып келді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі статистика институтының (ЮНЕСКО) бағалауы Қазақстанның ҒЗТКЖ-ге жұмсаған ішкі шығындарының көлемі 2018 жылы ЖІӨ-нің 0,1%-ын құрағанын көрсетті. Бұл көрсеткіш бойынша Жапония көшбасшы болып табылады, ЖІӨ-нің 3,26 %-ы. Екінші орында АҚШ (ЖІӨ-нің 2,84 %-ы) және үшінші орында Қытай (ЖІӨ-нің 2,19 %-ы).
Егер инженерлер, оның ішінде ҒЗТКЖ-дағы техникалық мамандар, сондай-ақ негізгі міндеттері техникалық білім мен инженерлік істегі, физика мен биологиядағы (техникалық) тәжірибесін талап ететін жұмыскерлер саны бойынша бағалау жүргізілсе, ҒЗТКЖ-да 2018 жылы адамдардың жалпы саны 123,9 адамға/млн адамға жетті. Қазақстанда ҒЗТКЖ-да жаңа білімді, өнімдерді, процестерді, әдістерді немесе тиісті жобаларды басқару жүйелерін әзірлеумен және құрумен айналысатын зерттеуші мамандардың деңгейі бойынша олардың саны 666,9 адамды/миллион адамды құрады.
2-кесте. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру мәселелері жөніндегі статистика институтының бағалау нәтижелері
Ел | Жылдар бойынша ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығыстар (ЖІӨ-нің %-ы) | |||||
2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | |
Қазақстан | 0,17 | 0,17 | 0,17 | 0,14 | 0,13 | 0,12 |
Ресей | 1,03 | 1,07 | 1,10 | 1,10 | 1,11 | 0,99 |
Беларусь | 0.65 | 0.51 | 0.50 | 0.50 | 0,58 | 0,61 |
Қырғызстан | 0,15 | 0,13 | 0,12 | 0,11 | 0,11 | - |
Қытай | 2 | 2,03 | 2,07 | 2,12 | 2,15 | 2,19 |
Дереккөз: UNESCO Institute for Statistics: Research and Development Expenditure 2019.
Қазақстанда 2018 жылы ҒЗТКЖ арналған шығындар көрсеткіші ЖІӨ-нің 0,12 %-ын құрайды, ал Еуропалық Одақ елдерінде ол 2,2 %-ға тең. 2018 жылы ҒЗТКЖ ең жоғары қарқындылығы Жапонияда, Швецияда, Аустрияда және Германияда тіркелді, онда тиісті көрсеткіштер ЖІӨ-нің 3 %-ынан асты. Данияда, Бельгияда және Финляндияда ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығыстар деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 3 %-ын құрады. Сонымен бірге, Еуропалық Одақтың сегіз елінде – Румынияда, Словакияда, Болгарияда, Латвияда, Литвада, Ирландияда, Мальтада және Кипрде ҒЗТКЖ қарқындылығы ЖІӨ-нің 1 %-ынан төмен болды.
2019 жылдың қорытындылары бойынша инновацияларды жүзеге асырған ұйымдардың үлес салмағы 11,3 %-ды (жалпы экономика бойынша) құрады, ал Ұлыбританияда, Францияда және Германияда тиісінше 44 %-ға, 46 %-ға және 54 % болды.
Бұл ретте Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішіне сәйкес "инновациялық әлеует" факторы бойынша 2019 жылы Қазақстан 95-орында, Жаһандық инновациялар индексі рейтингінің деректері бойынша Қазақстан 79-орында (Ресей – 46, Украина –47).
Озық технологияларға дайындық индексіне (UNCTAD) сәйкес Қазақстан 158 елдің ішінде 62-орынды (индексі 0,50) иеленеді. Озық технологияларға дайындық индексін есептеу үшін UNCTAD халықаралық ұйымдардың деректері негізінде индикаторлар қалыптастырды:
заттар интернетін, үлкен деректерді және интернет-технологиялар блокчейнін ескере отырып, АКТ инфрақұрылымының даму деңгейі бойынша – 62 орын (дереккөздері ITU; M-LAB);
озық технологияларды пайдалану, енгізу және бейімдеу бойынша дағдылардың болуы бойынша – 42 орын (дереккөздері UNDP; ILO);
зерттеулер мен әзірлемелер (ҒЗТКЖ), оның ішінде жергілікті пайдалану үшін баптауды немесе түрлендіруді талап ететін озық технологияларды өндіру және енгізу үшін, сондай-ақ жарияланымдар мен патенттер санын ескере отырып өлшенетін ғылыми-зерттеу қызметі бойынша – 56 орын (дереккөздері Scopus; PatSeer);
қаржы және АКТ саласындағы цифрландырумен өзара іс-қимылды қоса алғанда, өндірістегі озық технологияларды пайдалану, енгізу және бейімдеу бойынша – 75 орын (дереккөз UNCTAD);
қаржы және лизингтік компаниялар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және компанияның шетел валютасы сияқты қаржы корпорациялары ұсынатын ресурстарды, әртүрлі қаржы құралдарын, оның ішінде несиелерді, акционерлік капиталды сатып алуды, бағалы қағаздарды, сауда кредиттері және басқа дебиторлық берешекті қамтитын жеке сектор үшін қаржыландырудың қолжетімділігін бағалау бойынша – 114 орын (дереккөздер WB; IMF, OECD).
Инновациялардың даму деңгейі бойынша 2021 жылғы рейтингте Қазақстан 132 елдің ішінде 79-орында. ЕАЭО-ға мүше елдермен салыстырғанда 2021 жылы инновациялардың даму деңгейі бойынша Қазақстан Қырғызстаннан 19 позицияға (98-орын) озды, бірақ Ресеймен (45-орын), Армениямен (69-орын) және Беларусьпен (62-орын) салыстырғанда төмен.
Инновацияларды дамыту индексі (Global Innovation Index) екі санатқа топтастырылған 80 көрсеткіш негізінде есептеледі: инновациялар үшін ресурстар мен жағдайлардың болуы және инновацияларды енгізудің қол жеткізілген практикалық нәтижелері, 2021 жылы 2019 жылдың деңгейіне жетіп, 77-орыннан 79-орынға төмендеді.
Қазақстан институционалдық ортаның, нарықтың, инфрақұрылымның және адами капиталдың даму деңгейі бойынша 2019 жылғы 64-орыннан 2021 жылы 61-орынға көтеріліп, үздік нәтижелер көрсетуде. Алайда 2021 жылы қол жеткізілген практикалық нәтижелер бойынша Қазақстан 92-орыннан 101-орынға төмендеп, төмендеді (3-кесте).
3-кесте. Жаһандық инновациялар индексі рейтингінің деректері
Жыл | Индекстегі орны |
"Ресурстардың болуы" көрсеткіші |
"Қол жеткізілген практикалық нәтижелер" көрсеткіші |
2021 | 79 | 61 | 101 |
2020 | 77 | 60 | 94 |
2019 | 79 | 64 | 92 |
Дереккөз: https://www.globalinnovationindex.org/analysis-economy
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда әлемдік қоғамдастық тұтастай алғанда, іс жүзінде жалпы қағидаттар мен тәсілдемелерді қолданады.
Жалпы алғанда индустриялық елдердің өнеркәсіптің дамуын мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы ұқсас, оның негізгі элементтері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1) елдің бүкіл аумағында орталықтандырылған және теңгерімді өнеркәсіптік саясатты жүргізуге мүмкіндік беретін, өнеркәсіпке мемлекеттік қолдау көрсету процесі мен шарттарын жүйелейтін және шоғырландыратын өнеркәсіптік саясатты нақты заңнамалық реттеу болып табылады;
2) өнеркәсіпті, ілеспе көрсетілетін қызметтерді дамыту жөніндегі саясатқа, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарда ілгерілетуге жауап беретін орталық мемлекеттік органдар;
3) индустриялық-инновациялық даму институттарының үйлестірілген жүйесі;
4) инвестициялар тарту мен ірі өнеркәсіптік жобаларды іске асыру және жаңа салаларда өндірістер құру үшін өкілеттіктері бар, мемлекет арнайы айқындаған ірі мемлекеттік немесе ұлттық компаниялар;
5) ғылыми, технологиялық, инновациялық саясат, оны іске асыруға салалық министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары, бағдарламалары, тұжырымдамалары бағытталған.
Негізгі айырмашылықтарға кәсіпорындарды қолдау шарттары, өлшемшарттары, сондай-ақ мемлекеттің жаңа технологияларды енгізуге және негізгі қорларды жаңартуға ұмтылатын кәсіпорындардың фискалдық, кедендік жүктемесінің деңгейін белгілі бір жолмен қамтамасыз ету мүмкіндігі жатады.
Мысалы, Түркия Республикасы ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту бағдарламасын іске асыру жолымен шағын және орта кәсіпорындарды дамыту жөніндегі ұйым (бұдан әрі – KOSGEB) арқылы жеке кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асырады. Түркияның орта және жоғары технологиялық секторларында жоғары қосылған құны бар өнімдерді, сондай-ақ технологиялық бағдарланған өнеркәсіптік қозғалыс шеңберінде осы секторларды дамыту үшін шешуші маңызы бар өнімдерді өндіруді ұлғайту жөніндегі инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіледі.
Егер машиналар, жабдықтар және бағдарламалық қамтылым отандық тауарлар болып табылса, өтелмейтін қолдау мөлшерлемесіне 15 % қосылады, ал өтелетін қолдау мөлшерлемесі сол мөлшерлеме бойынша азаяды.
Шағын және орта бизнестің технологиялық өнімдеріне инвестицияларды қолдау бағдарламасының 2 бағыты бар:
ҒЗТКЖ / инновациялық қызметтің нәтижесі болып табылатын өнімдерді өндіру және коммерцияландыру. Технологиялық күрделілігі төмен тауарлар өндіретін кәсіпкер үшін қолдау бір миллион түрік лирасынан аспайды. Технологиялық күрделілігі орташа және жоғары өнім өндіретін кәсіпкер үшін бұл сома өңдеу деңгейі төмен өнім шығаратын кәсіпкерді қолдау сомасынан 6 есе көп және алты миллион түрік лирасын құрайды. Қолдау сомасының 70 %-ын өтеу міндетті шарт болып табылады;
ел экономикасына елеулі үлес қосатын орта, жоғары технологиялар саласындағы өнімдерді өндіру және коммерцияландыру. Өтеу үлесі жоғарыда көрсетілген қолдау сомасының 30 %-ын құрайды.
Инвестициялар тарту жөніндегі бағдарлама шеңберінде Түркия шетелдік инвесторларға ұлттық капитал сияқты құқықтарды толық көлемде ұсынады. Негізгі ережелер Түркия Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы" Заңына енгізілген. Шетелдік инвестициялар жобаларын бағалаудағы негізгі өлшем олардың технологиялық деңгейі, бәсекеге қабілеттілігі, экспорттық әлеуеті, оларды іске асыру үшін жергілікті ресурстарды тарту мүмкіндіктері болып табылады. Бұрын айтылғандай, географиялық аспектінің маңызы зор.
Жобаланатын объектінің аумақтық орналасуы және инвестицияланатын капиталдың көлемі инвестордың "Көтермелеу сертификатын", яғни Шетелдік инвестициялар мәселелері жөніндегі бас басқарманың ерекше мақұлдауын алуы үшін негізгі көрсеткіштер болып табылады, бұл жобаны жүзеге асыру кезінде жеңілдіктерді пайдалану құқығын береді, атап айтқанда: кедендік баждар мен өзге де салықтарды төлеуден ішінара немесе толық босату, жеңілдікті кредиттерге, үкіметтік дотацияларға қол жеткізу және басқалар.
"Көтермелеу сертификатын" беру кезінде жобаны жүзеге асыру кезінде тартылған қаржыландыру көздерін пайдалану қандай дәрежеде көзделетіні ескеріледі. Меншікті және тартылған капитал арасындағы арақатынас өзін-өзі қаржыландыру нормасын құрайды; ол "басым аудандарда" инвестициялық жобалар үшін 40 %-дан, "қалыпты аудандарда" 50 %-дан және "дамыған аудандарда" 60 %-дан аспауы мүмкін. Өңірлік аспектіні ескермейтін ерекшелік авиациялық (Air-Kargo) және теңіз (Ro-Ro) көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға инвестициялар – 25 %, сондай-ақ өзін-өзі қаржыландыру нормасы 15 % деңгейінде белгіленген яхталар мен кемелерді салу және жөндеу болып табылады. Жүзеге асырылуы шетелдік көздерден толық қаржыландыру болжанатын жобалар үшін де өзін-өзі қаржыландырудың жеңілдікті нормасына (15 %) жол беріледі.
"Көтермелеу сертификатында" белгіленген шетелдік инвестициялар үшін жеңілдіктер жүйесі 5 жылдан аспаған машиналар мен жабдықтарды, шикізат пен жартылай дайын өнімдерді, қосалқы бөлшектерді әкелуге арналған кедендік жеңілдіктерді қамтиды.
Экономиканың басым секторларының бекітілген тізбесіне сәйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында импортталатын, әкелінетін машиналар мен жабдықтар кедендік баждардан толық көлемде босатылады.
Жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат шектеулі көлемде және лимиттелген мерзімге шикізат пен жартылай дайын өнімдер импортын кедендік баждардан босату арқылы жаңа өндірісті жолға қоятын кәсіпорындарды қолдауды көздейді.
Осылайша депозит (капиталдың 10 %-ы) енгізілген жағдайда жаңа өндірістерді іске асыру үшін 3 айға дейінгі мерзімге импортталған немесе сол жерде сатып алынған машиналар мен жабдықтардың жалпы құнының 20 %-ынан аспайтын сомаға шикізат пен жартылай дайын өнімдердің бажсыз импортына жол беріледі.
Басым аудандарда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін депозит (капиталдың 10%-ы) енгізілген жағдайда 4 айға дейінгі мерзімге импортталған немесе сол жерде сатып алынған машиналар мен жабдықтардың жалпы құнының 30 %-ынан аспайтын сомаға шикізат пен жартылай дайын өнімдердің бажсыз импортына жол беріледі.
Ірі жобаларды жүзеге асыру үшін импортталған немесе сол жерде сатып алынған машиналар мен жабдықтардың жалпы құнының 40 %-ынан аспайтын сомаға 6 айға дейінгі мерзімге шикізат пен жартылай дайын өнімдердің бажсыз импорты мүмкін болады.
Электрондық өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және агроөнеркәсіптік кешенде, туризмде, табиғи газды тасымалдауда, кеме жөндеуде, білім беруде, госпитальдарды салу мен жабдықтауда және т.б. инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында импортталатын машиналар мен күрделі жабдықтарды кедендік баждардан босату қосымша көзделген.
Кластерлерді қолдау бағдарламаларында "Ғылыми-зерттеу орталықтары туралы" Түркия Республикасының Заңына сәйкес кластерлерге немесе бәсекелестікке бағдарланған секторлар кәсіпорындарының тобына жеңілдіктер беріледі. Осы жобаның негізінде Экономика министрлігі жабдықтардың қажеттілігіне, ауқымына, болуына сәйкес жіктелетін өнеркәсіптік және/немесе коммерциялық кәсіпорындарға көмек көрсету жөніндегі кластерлерді қолдау тетігін іске қосты.
Түркияда шамамен 900 млн АҚШ доллары сомасына көрсетілетін қызметтер мен өнімдерді экспорттайтын технологияларды дамыту бойынша 3000 компанияны біріктіретін технологияларды дамытудың 36 аймағы жұмыс істейді. "Технологияларды дамыту аймақтары туралы" Түркия Республикасының Заңымен алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланатын, технологияларды немесе бағдарламалық қамтылымды өндіретін және әзірлейтін компаниялар үшін технологияларды дамыту аймақтары айқындалды. Технологияларды дамыту бойынша аймақтардың артықшылықтары инфрақұрылымы бар офистерді жалға алу үшін ұсыну; бағдарламалық қамтылымды әзірлеуден және ҒЗТКЖ қызметінен алынған корпоративтік табыс салығынан босату, қосылған құн салығынан (бұдан әрі – ҚҚС) босату технологияларды дамыту жөніндегі аймақтарда ғана жүргізілген қолданбалы бағдарламалық қамтылымды жеткізу кезінде жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясының өнеркәсіптік саясаты 2014 жылы қабылданған "Ресей Федерациясындағы өнеркәсіптік саясат туралы" Ресей Федерациясының Федералдық заңымен реттеледі. Бұдан басқа өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың стратегиялық тәсілдері "Өнеркәсіпті дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаттары:
1) мемлекет экономикасының дамудың экспорттық-шикізаттық типінен дамудың инновациялық типіне көшуін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті қалыптастыру;
2) елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) халықты жұмыспен қамту және Ресей Федерациясы азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.
Заң елдің өнеркәсіптік қызметін реттейді және пайдалы қазбаларды өндіруге, өңдеу өндірісіне, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз етуге, ауаны баптауға, сумен жабдықтауға, су бұруға, қалдықтарды жинау мен кәдеге жаратуды ұйымдастыруға, сондай-ақ ластануды жоюға қатысты экономикалық қызмет түрлерін қамтиды.
Өнеркәсіп саласында кәсіпкерлік субъектілері үшін Заңда қаржылық, ақпараттық-консультациялық қолдау шаралары көзделген. Өнеркәсіп саласында, сондай-ақ кадрлық әлеуетті дамыту шеңберінде ғылыми-техникалық, инновациялық, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қолдау көрсетіледі.
Өнеркәсіпте ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті ынталандыру мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру барысында және мемлекет қатысатын шаруашылық қоғамдарында жүзеге асырылады.
Инновациялық өнімдерге сұранысты ынталандыру, оның ішінде мемлекеттік және муниципалды қажеттіліктер үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы нормалау арқылы да жүзеге асырылады.
Қаржылық қолдау инжинирингтік қызметтер көрсету кезінде инновациялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға көрсетіледі.
Үкімет ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіп саласындағы субъектілердің қызметін үйлестіру үшін жағдай жасайды.
Ғылымды, техника мен технологияларды дамытудың басым бағыттарына немесе сыни технологияларға жататын зияткерлік қызмет нәтижелерін өндіріске енгізетін өнеркәсіптік өнім өндірушілер қолдау алады.
Кадр әлеуетін дамыту саласында кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету мынадай түрде жүзеге асырылады:
қаржылық, ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету арқылы қызметкерлер үшін қосымша кәсіптік бағдарламалар бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау;
кәсіпкерлік субъектілеріне оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық қамтамасыз етуді ұсыну;
кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері үшін қосымша кәсіптік бағдарламалар бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын және теориялық білімдерді практикалық дағдылармен және іскерліктермен келісуді қамтамасыз ететін ұйымдарды құруға қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау;
кәсіпкерлік субъектілері қосымша кәсіптік бағдарламалар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырған кезде оларға қолдау көрсетуге байланысты басқа да іс-шаралар.
Ресей Федерациясының аумағында өндірілген өнеркәсіптік өнімді экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай түрде қолдау көрсетілуі мүмкін:
өнеркәсіп өнімдерін шет мемлекеттердің нарықтарына ілгерілетуге жәрдемдесу және ел аумағында өндірілген өнеркәсіп өнімдерін экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдай жасау;
өнеркәсіптік өнім экспортын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне, өнеркәсіп саласындағы қызметті қолдау инфрақұрылымының құрамына кіретін және экспорттық кредиттер мен инвестицияларды кәсіпкерлік және (немесе) саяси тәуекелдерден сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдарға қаржылық және мүліктік қолдау көрсету, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің міндеттемелері бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру.
Ресей Федерациясында тұрақты санкциялар жағдайында ресейлік өнеркәсіптік компаниялар шетелдік өндірушілерден технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өнімдердің экожүйесін құрды. Жаңа коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ахуалдың нашарлауы жағдайында экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралардың бекітілген жоспары (Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы 2020 жылғы 17 наурызда бекітті) бірінші кезектегі қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге және халықты қолдауға бағытталған іс-қимылдарды; тәуекел аймағында қалған экономика салаларын қолдауды (авиациялық тасымалдар, туризм, құрылыс, демалыс, ойын-сауық саласы және т.б.); шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларын (әкімшілік және қаржылық) және жалпы жүйелік шараларды қамтиды.
Жалпы жүйелік сипаттағы шаралар қаржылық пакетті көздейді:
300 миллиард рубльге дейінгі қаржы резервін қалыптастыру; жаңа коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жағдайдың нашарлауынан зардап шеккен компаниялардың кредиттерін қайта құрылымдау үшін кепілдік қорын құру. Құрылған арнайы комиссия кредиттерді, берешекті қайта құрылымдау бөлігінде не тіпті тікелей субсидиялаумен жедел қолдау көрсетеді; Ресей Федерациясының Үкіметіне салықтарды, алымдарды және жарналарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) алу рәсімдерін белгілеуге, сондай-ақ осындай кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) берудің негіздері мен тәртібін айқындауға, салық декларациялары мен салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзартуға; салық кірістерінің төмендеуіне тап болған Ресей Федерациясы субъектілерінің бюджеттерін қолдау шараларының тізбесін кеңейтуге өкілеттіктер беру.
Сервистік пакет федералдық атаулы инвестициялық бағдарламаны түзету рәсімдерін оңтайлату арқылы мемлекеттік күрделі салымдарды жеделдету; сыртқы экономикалық мәмілелер шеңберінде шетелдік контрагенттердің тауарларды жеткізу және (немесе) төлеу мерзімдерін орындамауы немесе орындамау қаупі және резиденттер бұрын төлеген ақшалай қаражатты қайтармауы жағдайында резиденттерді қажетті іс-әрекеттер туралы хабардар ету; ерекше бақылауда болатын жүйе құраушы кәсіпорындардың тізбесін қалыптастыру (бұдан бұрын тетік 2008 – 2009 жылдардағы дағдарыс кезінде және 2014 жылы қолданылған) жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау шаралары шеңберінде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ахуалдың нашарлауы жағдайларында қаржылық тұрақтылығын және үздіксіз жұмыс істеуін қолдау мақсатында 2020 жылы мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға үміткер Ресей экономикасының жүйе құраушы ұйымдарының салалық тізбелеріне енгізілген ұйымдарды іріктеу қағидалары бекітілді (Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысы).
Ресей Федерациясының кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпорындарды қаржылық қолдау бағдарламаларын іске асыруда:
әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша Ресей Федерациясының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген заманауи технологияларды енгізуге бағытталған (Арнайы инвестициялық келісімшарт) . Сондай-ақ өнімді өндіру мен өткізудің белгілі бір көлеміне қол жеткізу, белгілі бір көлемде салық төлеу, жұмыс орындарының белгілі бір санын құру бойынша қарсы міндеттемелер көзделген.
ҒЗТКЖ-ны, жаңа технологияларды енгізуді немесе жоғары технологиялық өнімді игеруді жүзеге асыратын, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуды қажет ететін кәсіпорындар үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін инновациялық жобаларды іске асыру шеңберінде заманауи технологиялар бойынша ҒЗТКЖ жүргізуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеуге субсидиялар беріледі. Негізгі қарсы міндеттемелер нысаналы тиісті заманауи технологиялар үшін ведомствоаралық комиссия белгілеген көрсеткіштің (индикатордың) шекті мәніне қол жеткізуге жатады.
өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында жылдық 1 % пайыздық мөлшерлемемен нысаналы қарыз беріледі. Қарыз шеңберінде жобаны іске асыру үшін қажетті тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық жұмыстарды, бақылау-сертификаттау іс-шараларын қоса алғанда, технологияларды әзірлеуге немесе олардың трансферіне; шығыс материалдарын, оның ішінде жабдықтар мен технологияларды сынау үшін шикізат пен ресурстарды сатып алу; оның ішінде инжинирингке арналған шығыстар жабылады, технологиялық жабдықты, компьютерлік, серверлік, желілік жабдықты және инженерлік коммуникацияларды, бағдарламалық-аппараттық кешендерді қажетті бейімдеуді қамтамасыз етуге, бағдарламалық қамтылымды бейімдеу және (немесе) қайта өңдеу (түрлендіру); технологиялық қайта жарақтандыру және өндірісті жаңғырту мақсаттары үшін жаңа, сол сияқты бұрын қолданыста болған ресейлік және (немесе) импорттық өнеркәсіптік жабдықты (керек-жарақтарды, технологиялық жарақтарды, жөндеу жиынтықтарын қоса алғанда) меншікке сатып алу, сондай-ақ оны монтаждау, баптау; басқару және қызмет көрсету функцияларын орындауға арналған шығындарды қоса алғанда, жоба бойынша жалпы шаруашылық шығыстар.
Ресейдің Өнеркәсіптік сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп, жүйе құраушы ұйымдарды қолдау мақсатында мыналарды (дағдарысқа қарсы шаралар) ұсынады:
Ресей Федерациясы Бюджет кодексінің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес тауарларды өндіруге (өткізуге), жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шығындарды (шығындардың бір бөлігін) қаржылық қамтамасыз ету (өтеу) мақсатында 2020 жылы жүйе құрушы ұйымдарға Ресей Федерациясының Үкіметі бекітетін осындай шығындарды (шығындардың бір бөлігін) қамтамасыз етуге (өтеуге) арналған субсидиялар беру қағидаларында белгіленген тәртіппен берілетін субсидиялар;
"Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 409 қаулысымен бекітілген салықтарды, салықтар бойынша аванстық төлемдерді және сақтандыру жарналарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру қағидаларына сәйкес салықтарды, салықтар бойынша аванстық төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру (бөліп төлеуді);
"Экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл міндеттерді шешуге бағытталған шаралар шеңберінде Ресей Федерациясының Үкіметі белгіленген мақсаттарға заңды тұлғалар тартатын кредиттер немесе облигациялық қарыздар бойынша Ресей Федерациясының мемлекеттік кепілдіктері туралы" Ресей Федерациясы Үкіметінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 549 қаулысымен көзделген тәртіппен және шарттарда экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл міндеттерді шешуге бағытталған шаралар шеңберінде Ресей Федерациясының Үкіметі белгілейтін мақсаттарға жүйе құраушы ұйымдар тартатын кредиттер немесе облигациялық қарыздар бойынша Ресей Федерациясының мемлекеттік кепілдіктері.
Әлемдік экономикада әртүрлі типтегі еркін (арнайы) экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу тәжірибесі орасан зор. Бүгінде әлемде әртүрлі 5400-ге жуық еркін (арнайы) экономикалық аймақ бар. Бұл ретте соңғы 5 жылда 1000-нан астам және алдағы жылдарда 500-ден астамын құру жоспарда бар. Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны кемінде 4 млн және осындай аймақтар арқылы экспорт көлемі 30 млрд доллардан асатын болса, олардың үлесі әлемдік тауар айналымының 15-20 % құрайды. Өз дамуының белгілі бір кезеңінде экономикалық мәселелерді шешу үшін осы құралға жүгінбейтін елді атау қиын.
Бүкіл әлем бойынша АЭА саны өсуде, бұл олардың арасындағы инвесторлар үшін бәсекелестікті күшейтеді.
Әлемдегі экономикалық аймақтардың жалпы санының 30 %-ы іске асырылмай қалды, ал іске асырылған 70 %-ының ішінен 1 %-ы ғана елеулі табыстарға қол жеткізді, олар белгілі АЭА: Дубайдағы Джебель Али, Қытайдағы Шенжень және Шанхай АЭА, Польшадағы Катовице АЭА, Сингапурдағы Джуронг, Ирландиядағы Шэнон және т.б., бұл ретте озық АЭА дамыту тәжірибесі аймақтағы жобалардың өте көбі қажетті инфрақұрылым құрылысы аяқталғаннан кейін 6-8 жылдан кейін толтырылатынын көрсетеді.
Әлемдегі барлық АЭА-ның жартысына жуығы Азия елдерінде шоғырланған, онда Қытай, Вьетнам, Филиппин, Үндістан және Индонезия көш бастап тұр. Мысалы, Қытайдағы АЭА саны 187-ге, ал Вьетнам мен Индонезияда тиісінше 185 және 115-ке жетеді. Ал Ирландияда бар болғаны 2 АЭА құрылды.
АЭА әлемнің өңірлері бойынша былайша бөлінеді: Азияға – 43 %, Америкаға – 23 %, Еуропаға – 19 %, Таяу Шығысқа – 9 % және Африкаға – 5 % тиесілі.
Халықаралық практикада АЭА құрудың бес негізгі мотиві бар: 1) "оазис"; 2) "жұмыспен қамту"; 3) экспорт; 4) инвестициялар тарту; және 5) тоқыраған аумақтарды дамыту.
АЭА дамуындағы жалпыәлемдік трендтер
АЭА дамуындағы барлық жалпыәлемдік трендтерді аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ұмтылыс біріктіреді. АЭА дамуындағы мынадай трендтерді атап өтуге болады.
Жеке басқарушы компаниялар санының өсуі
Соңғы жылдары жеке басқарушы компаниялардың үлесі үнемі өсіп келеді. Құрылатын АЭА-ның 70 %-дан астамын жеке компаниялар басқарады.
АЭА жаңа үлгілерін әзірлеу
АЭА-ның ықтимал түрлерінің саны үнемі өсіп келеді. Елдер ең оңтайлысын табуға тырысып, аймақтармен тәжірибе жасауда.
АЭА-дағы көрсетілетін қызметтер санының өсуі және оларды әртараптандыру
Әртүрлі елдердегі АЭА арасындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік және жаһандану көрсетілетін қызметтердің санын, олардың сапасын үнемі арттыруға және салық пен кедендік преференцияларға баса назар аударудың дәстүрлі тұжырымдамасын алмастыра отырып, инвесторларға қызықты болуы мүмкін жаңа қызмет түрлерін әзірлеуге мәжбүр етеді.
Реформаларды тестілеу үшін АЭА-ны пайдалану
Көптеген елдер шет мемлекеттердің (мысалы, Қытай) табысты үлгісімен АЭА-ны басқару мен реттеудің жаңа модельдерін тестілеу үшін пайдаланады, содан кейін АЭА режимін бүкіл аумаққа таратады.
Азия елдерінде, атап айтқанда, ҚХР-да еркін экономикалық аймақтарды дамыту модельдері айтарлықтай әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Институционалдық құрылымды "Тяньцзинь" АЭА мысалында қарастыруға болады. Басқарушы компания инфрақұрылым объектілерін салуға арналған бюджетті қалыптастыруға, АЭА-ға инвестициялар тартуға жауап береді, сондай-ақ жаңа қатысушыларды іріктейді және тіркейді. Басқарушы компанияның еншілес кәсіпорындары мен департаменттері құрылыс жұмыстарына, маркетингтік қызметке, коммуналдық қызметтерді ұсынуға және т.б. жауап беретін органдардан тұрады. Басқа көмекші органдар Сәулет дизайны және техникалық қолдау көрсету сияқты қосымша қызметтерді ұсынады.
Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілік-шаруашылық басқару моделін таңдау оның түрі мен аумағының көлеміне, елдің мемлекеттік құрылымының ерекшеліктеріне, жеке сектордың дамуына байланысты. Әлемде еркін экономикалық аймақтардың жұмыс істеу тәжірибесін жалпылау кедендік баж салудың, салық салудың, субсидиялаудың, баға белгілеудің, ерекше валюталық режимнің ерекше режимдері мен тетіктерін белгілеу елеулі қаржылық, материалдық, технологиялық және еңбек ресурстарын тартатынын көрсетеді. Нәтижесінде экономикалық әлеуеттің қарқынды дамуы орын алуда, валюталық түсімдер ұлғаяды, ішкі нарық бәсекеге қабілетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қанығады, экспорт айтарлықтай ұлғаяды.
БАӘ-нің экономикалық даму бойынша жыл сайынғы есептері ерекше экономикалық аймақтардың белсенді дамуын көрсетеді. Олардың алғашқысы 1985 жылы Джебель Алиде (Jebel Ali Free Zone) пайда болды. Қазір олардың саны 20-дан асады және тағы бірнешеуі құрылу барысында. Экономикалық аймақтар жеті араб әмірлігінің әрқайсысында бар. Аймақтардың жартысынан көбі Дубай әмірлігінде орналасқан. Дубайда орналасқан Джебель Али аймағы ең үлкен және әйгілі болып қала береді – онда әлемнің 120-дан астам елінен 5500-6000-ға жуық компания жұмыс істейді. Бұл әлемдегі ең үлкен және тез дамып келе жатқан экономикалық аймақ.
БАӘ-дегі экономикалық аймақтарды төрт түрге бөлуге болады: еркін сауда аймақтары, өндірістік аймақтар, техникалық-енгізу аймақтары, қызмет көрсету аймақтары. Бұл жіктеу өте шартты. БАӘ экспорттық-импорттық, өндірістік және инновациялық қызметтің әртүрлі аспектілерін қамтитын күрделі аймақтардың болуымен сипатталады, сондықтан олардың ішкі құрылымы едәуір күрделі.
Араб Әмірліктерінің әрқайсысы абсолютті монархия болып табылады және үкімет пен әмірлер мемлекеттің атынан ел аумағында ерекше экономикалық аймақ (бұдан әрі – ЕЭА) құрудың негізгі бастамашысы болып табылады. Аймақтарды басқаруды, әдетте, мемлекеттік компаниялар жүзеге асырады (мысалы, Dubai Holding). Резиденттерді тарту және бизнестің экономикалық аймақтарда табысты жұмыс істеуі үшін шарттар БАӘ-нің барлық аймақтары үшін іс жүзінде бірдей. Олар өздерінің географиялық орналасуымен және әр нақты аймақтағы компанияларға берілетін мүмкіндіктермен ерекшеленеді.
Экономикалық аймақтардың резиденттері үшін БАӘ үкіметі әртүрлі салықтық және кедендік жеңілдіктерді заңнамалық түрде бекітті.
Экономикалық аймақтардың резиденттеріне берілетін жеңілдіктерден БАӘ-де бірқатар әртүрлі қызметтер ұсынылады, мысалы, сумен және энергиямен жабдықтауды субсидиялау. Дамыған көлік инфрақұрылымы резиденттер үшін араб әмірліктерінің экономикалық аймақтары тартымдылығының негізгі себептерінің бірі болып табылады: порттардың, ең заманауи деңгейдегі халықаралық әуежайлардың жақындығы, дамыған жолдар желісі және т.б. БАӘ Үкіметі жобалау кезінде ең заманауи технологияларды қолдана отырып, ЕЭА инфрақұрылымын дамытуға үлкен қаражат жұмсайды. Бұдан басқа БАӘ ең заманауи коммуникациялармен – сымсыз байланыспен, оптикалық-талшықты желілермен және т.б. жоғары қамтамасыз етілген.
Өндірістік аймақтардағы резидент компаниялардың ең көп таралған қызмет түрлері: мұнай-химия, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, зергерлік бұйымдар өндірісі, фармацевтика өнеркәсібі болып табылады.
Польшада АЭА мемлекет пен бизнестің табысты өзара іс-қимылының классикалық үлгілерінің бірі.
Мемлекет барлық қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруды толық қамтамасыз етеді. Бұл ретте жер учаскелері мемлекет салған қаражатты ескере отырып, АЭА қатысушыларына сатылады.
Сонымен қатар, Польшада АЭА бойынша бизнесті ынталандыруға деген өзгеше көзқарас бар. Егер әлемдік практика қандай да бір салықтарды төлеуден босатуды көздейтін болса, Польшада АЭА қатысушыларына АЭА қатысушысы шеккен күрделі шығындардың 25-55 %-ы мөлшерінде қалыптастырылатын белгілі бір шот ұсынылады.
Салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын есептеу әдеттегі режимде жүргізіледі, алайда төлем осындай шоттан "есептен шығару" жолымен жүргізіледі.
АЭА басқарушы компания – әкімшінің функционалы кең.
Ресей Федерациясында АЭА Қазақстандағы сияқты РФ Үкіметі айқындайтын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың ерекше режимі қолданылатын, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдануға болатын РФ аумағының бір бөлігі деп түсініледі.
Дегенмен қазақстандық АЭА-дан бірқатар айырмашылықтар бар. Айталық, ресейлік ЕЭА басым (рұқсат етілген) қызмет түрлерінің тізбесін белгілемейді, оларды мынадай типтерге бөледі:
1) өнеркәсіптік-өндірістік ерекше экономикалық аймақтар;
2) техникалық-енгізу ерекше экономикалық аймақтары;
3) туристік-рекреациялық ерекше экономикалық аймақтар;
4) порттың ерекше экономикалық аймақтары.
ЕЭА резиденттеріне ҚҚС, акциздер, ұйымдардың пайдасы мен мүлкіне салынатын салықтар (5 жылдан 10 жылға дейін), сондай-ақ жер (5 жылға) және көлік салықтары (5 жылдан 10 жылға дейін) бойынша салықтық преференциялар беріледі.
Бұл ретте жеңілдікті мөлшерлемелер 0-ге дейін төмендетілмеген және өспелі қолданылады.
2016 жылы РФ-де бірқатар себептер бойынша 10 АЭА-ны жою туралы шешім қабылданды, олардың 8-і туристік (АЭА-ның бір бөлігі қағаз жүзінде қалды, кейбірінде резиденттер қызметін жүзеге асырмады, кейбіреулерінде резиденттер мүлдем жоқ). Туристік АЭА жұмысының осындай тәжірибесі Қазақстанда да орын алуы мүмкін (бұдан бұрын "Бурабай" АЭА жұмыс істеген, сондай-ақ туристік бағыттағы АЭА құру бойынша ұсыныстар оқтын-оқтын туындауда).
Демек әлемде еркін экономикалық аймақтарды құру және дамыту тәжірибесі АЭА-ның табысты дамуы үшін жеңілдіктер қажет екендігін куәландырады, қолданылу мерзімі әрбір елге, экономикалық әлеуетті, материалдық ресурстарды, жұмыс күшін дамыту стратегиясына байланысты. АЭА-да басқаруды таңдау АЭА-ның жұмыс істеуі мен дамуының тиімділігін де айқындайды.
Мысалы, көптеген елдерде АЭА-ны дамытуды ынталандыру мақсатында табыс салығы, мүлік салығы, кедендік төлемдер, қосылған құн салығы, жер салығы бойынша жеңілдіктер түрінде көрініс тапқан салықтық және кедендік преференциялар беріледі.
Еркін (арнайы) экономикалық аймақтарды құру мәселесі бұрынғы
КСРО-да да назардан тыс қалған жоқ, онда 80-жылдардың соңынан бастап Қытайда, Тайваньда және Оңтүстік Кореяда АЭА-ның қарқынды дамуының әсерінен бұл мәселені зерделеуге ерекше назар аударыла бастады. Алайда бұл процесс ел экономикасының нарықтық қатынастарға қиын дағдарыстық көшуімен тұспа-тұс келді, сондықтан оның дамуы әртүрлі кезеңдерде айтарлықтай түзетулерге ұшырады.
Пандемия жағдайында және мұнайдың бағасының тұрақсыздығы мен төмендігі аясында әлемдік аренада жаңа инвестициялар үшін ғана емес, сонымен қатар өзінің индустриялық өнеркәсібін сақтау үшін де күрес жүріп жатыр.
Әртүрлі елдердің үкіметтері өз өнеркәсібін дамыту үшін жаңа жағдайлар жасау және жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.
Зор әлеуеті бар Қазақстан мықты әрі бәсекеге қабілетті экономика құру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануы қажет.
Экономиканы дамыту мақсатында индустриялық секторды дамыту тетіктерін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізу қажет.
Құралдардың бірі арнайы экономикалық аймақтар болып табылады.
Бүкіл әлемде АЭА индустрияландырудың пәрменді инфрақұрылымдық құралы ретінде пайдаланылады және ашық экономика қағидаттарын іске асыруда маңызды буын болып табылады. Олардың жұмыс істеуі елдің сыртқы экономикалық қызметін жандандырумен байланыстырылады.
Қазіргі уақытта басқару мен қаржыландырудағы әртүрлі тәсілдер әрбір АЭА дамуының біркелкілігіне әсер етті.
Айталық, әлемдік практикада АЭА-ның толық инфрақұрылымын салудың орташа мерзімі 2-3 жылды құрайды (БАӘ, Польша, Қытай). Қазақстанда базалық инфрақұрылым кем дегенде 5 жыл бойы салынады.
Озық АЭА-ны дамыту тәжірибесі аймақтағы жобалардың өте көбі қажетті инфрақұрылымның құрылысы аяқталғаннан кейін 6-8 жылдан кейін толтырылатынын көрсетеді.
Қабылданып жатқан шаралар мен қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, АЭА мен ИА-ның даму әлеуеті толық ашылмаған, бұл оларды одан әрі дамыту үшін перспективалар ашады.
2.1. Индустриялық дамудың жаһандық трендтері
Жаһандық экономиканы дамытудың белгілі бір бағыты бар, оларды барлық дамыған және дамушы елдер ұстанады. Бүгінгі күнде Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне барынша әсер ететін 7 жаһандық мегатренд анықталды. Бұл трендтерді индустриялық саясатты іске асыру кезінде ескеру қажет.
2.1.1 Цифрландыру базасындағы технологиялық даму
Цифрлық технологиялар адам өмірінің барлық салаларына және өндірістік процестерге белсенді түрде енгізілуде. Заттардың өнеркәсіптік интернеті, бұлтты 3D-дегі басып шығару, Big Data, 5G, бүгінгі күннің шындығына айналған кеңейтілген және виртуалды шындық сияқты негізгі цифрлық технологиялардан басқа, кванттық сервистер, ақылды кеңістіктер, биочиптер, нейрондық процессорлар, шекаралық есептеу (Edge), кеңейтілген талдама, тауарларды визуалды және дыбыстық іздеу сервистері, аралас шындық маңызды трендтерге айналуда.
Accenture мәліметтеріне сәйкес 2030 жылы виртуалды фабрика технологиялары: өзін-өзі ұйымдастыратын және өзін-өзі қамтамасыз ететін фабрикалар, ақылды көрсетілетін қызметтер кең таралады. Ал Gartner он жылдан кейін жасанды интеллект (AI) технологиялары жаппай таралады деп болжайды.
Цифрлық технологиялар өнеркәсіпке әсер етіп қана қоймай, "типтік" қаланың сипаттамаларын да өзгертеді. Айталық, жаңа технологиялар адамның тіршілік кеңістігінің мүмкіндіктерін кеңейтеді және "ақылды" өмір сүруге және жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұндай технологияларға 4D-дегі басып шығару, өздігінен қалпына келетін жүйелер, ақылды шаң, кремний аноды бар батареялар (сыйымдылығы әдеттегіден әлдеқайда үлкен), стереодисплейлер, ұшатын дербес жүріп-тұру құралдары жатады.
Цифрлық технологияларды белсенді енгізу кәсіпорындарға бейімделген (дараланған) өнімді ұсыну, жаңа өнімдерді нарыққа шығаруды едәуір қысқарту, өзін-өзі оңтайландыратын, бейімделетін және дербес өндірістерді құру, ілеспе озық "ақылды" көрсетілетін қызметтерді ұсыну арқылы бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге мүмкіндік береді.
2.1.2. Экономикалық қуаттың Азия елдеріне қарай жылжуы
Әлемдік экономиканың даму беталысы сұраныстың бағытын дамушы Азия нарықтарына өзгертеді. Азия елдеріндегі өмір сүру деңгейінің өсуі орта таптың қалыптасуына ықпал етеді, оның тарапынан сұраныс қымбат емес, бірақ түпкілікті тұтынудың сапалы тауарларын тұтынуға бағытталған. Бұл үрдіс қарапайым заттар экономикасының дамуына ықпал етеді.
2.1.3. Жаһандануға қарсы өңірлендіру
Жаһандануды қолдау біртіндеп Азия аймағына көшуде, ал батыс елдері шектеулі шаралар мен протекционистік саясатқа көбірек жүгінуде. Әлем елдер арасындағы жаһандық бәсекелестіктен өңірлік блоктар арасындағы бәсекелестікке көшуде. Экономикалық қоғамдастықтар бойынша әріптес елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және т.б.) қатысты "сауда қақтығыстарының" туындауы мен жалғасуы жағдайында Қазақстан үшін "оффшорлық өндірісті" құру және дамыту мүмкіндігі пайда болады.
2.1.4. Жасыл экономика
"Жасыл экономикаға" көшу мәселелері барған сайын маңызды бола түсуде, өйткені экологиялық проблемалардың – ауаның, жердің, судың ластануы – климат пен адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Барлық жерде қоршаған ортаға зор зиян келтіретін өндірістерден бас тарту туралы шешімдер қабылданады, тазарту құрылыстары мен жабдықтарын пайдаланбағаны үшін айыппұл санкциялары өсуде.
ЕО енгізетін трансшекаралық көміртегі салығы әлемдік күн тәртібінде тұр. Бұл қара және түсті металдардың, цементтің, тыңайтқыштың және басқа да тауарлардың отандық өндірушілеріне әсер етеді.
2.1.5. Жабық өндіріс циклдары (loop economy)
Өндірістің жабық циклы экономикасы табиғи ресурстардың сарқылуы және адамзат үшін қауіпті қоршаған ортаның ластануы жағдайында өзекті бола түсуде. Мұндай экономика өндіріс пен тұтыну кезінде қоршаған ортада жиналатын қалдықтардың пайда болуын болдырмайтын материалдардың тұрақты айналымын білдіреді. Бизнестің мұндай моделі өндірілген тауарды кәдеге жарату және материалдарды өндірістік циклға қайтару жөніндегі шараларды алдын ала жоспарлау қажеттілігін көздейді. Бұдан басқа, өндірістің жабық циклы өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
2.1.6. Кооперацияның рөлін күшейту (coop economy)
Кооперативті экономика оның әрбір мүшесін қолдайтын құрылымда жеке пайда алу құқығын мойындайды. Кооперативті экономикада өнеркәсіптің, сауданың және коммерцияның көп бөлігі кооперативті ұйымдар арқылы басқарылады.
Кооперативтік экономикада мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі өндірушілерге материалдар мен көрсетілетін қызметтерді төмендетілген бағамен жеткізуге бағытталатын болады. Кооперативті бизнес денсаулық сақтау, заңгерлік көрсетілетін қызметтерді және ауыл шаруашылығын қоса алғанда, қажетті тауарлардан бастап сән-салтанатты тауарларға дейін барлық тауарлар мен қызметтерді шығарады. Бұл кәсіпорындардың барлығы коммерциялық кәсіпорындар ретінде жұмыс істейді, бірақ пайда басшылар емес, мүшелер арасында бөлінеді.
2.1.7. Мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамудағы рөлін күшейту
Қалыптасқан жағдайларда мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы рөлі институционалдық, инфрақұрылымдық, қаржылық, фискалдық және қолдаудың өзге де түрлерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің инновациялық және технологиялық дамуын ынталандыру мақсатында ғылыми-технологиялық дамудың нысаналы бағыттарына бастама жасау жолымен күшейтіледі.
3. Индустриялық-инновациялық даму пайымы
Индустрияландырудың катализатор және бүкіл экономиканы әртараптандырудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатының басты бағыттары технологиялық прогрессивтік өнеркәсіпті құру, негізгі қорларды жаңғырту, жаһандық жеткізу тізбектеріне қосуға бағдарлана отырып, орта және жоғары бөліністегі өнімдерді жасауға бағдарланған кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес мемлекеттік өнеркәсіптік саясатта қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған экономиканы құруға екпін жасалатын болады.
Экспортқа бағдарлану тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің өсіп келе жатқан көлемін өткізу нарықтарын кеңейту және құн жасаудың жаһандық тізбегіне ену қажеттігінен туындады. Экспортқа бағдарланған индустрияландыру жаңа қазақстандық тауарларды, оның ішінде өңдеу деңгейі жоғары тауарларды сыртқы нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.
Көрсетілген үрдістерді негізге ала отырып, орта мерзімді перспективада бірқатар стратегиялық өндірістерді бөліп көрсетуге болады.
Металлургияда
Тұрақсыз геосаяси жағдай тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік мәселелерін назарға ала отырып, металлургияда стратегиялық материалдардың бірі неғұрлым маңызды конструкциялық материалдарға жататын металл илегі болып табылады. Ол қазіргі заманғы өнеркәсіптің барлық салаларында, оның ішінде машина жасау және құрылыс индустриясы өндірісінде қолданылады.
Қара және түсті металл илегі қазіргі заманда маңызды рөл атқарады, өндірістің дамуына және құрылыс процестерінің жеделдеуіне ықпал етеді.
Құрылыс көлемін ұлғайту бойынша қойылған міндетті ескере отырып, отандық металл илегінің тапшылығы тұрғын үйдің қымбаттауына және соның салдарынан халық арасындағы әлеуметтік шиеленіске әкеп соқтыруы мүмкін.
Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындары соңғы 10 жылда қосылған құны жоғары дайын өнімнің әлемдік өндірушілерімен отандық металдар өндірісін белсенді түрде интеграциялайды (Aubert&Duval-мен бірге (Франция) – "УКАД" (титаннан жасалған соғылған және штампталған бұйымдар, ұшақтарға арналған шасси); POSCO-иен бірге (Корея) – "ПОСУК Титаниум" ЖШС (титан қаңылтағы мен құймалары); Франциядағы "EcoTitanium" бірлескен кәсіпорын (одан әрі өңдеу үшін кеуекті титанның ӨТМК жеткізу, "Евраз" (Ресей) тобымен кәбіл-өткізгіш өнім).
Алюминий саласында терең өңдеу деңгейі көшу бойынша ерекше серпіліс жүзеге асырылды. Өндірілетін бастапқы алюминий алюминий өңдеуді одан әрі дамытудың негізі болды:
алюминий профильдері;
алюминий радиаторлары;
алюминий қорытпалары, ұнтақтары, сымдары және басқалар.
Мысалы, қуаттылығы жылына 1 млн дөңгелекке дейін отандық қоспаланған алюминийден автомобильдің алюминий дөңгелектерін шығару бойынша 5-ші өңдеу жобасы.
Бұл жоба отандық автоөнеркәсіп өндірісінің тізбегіне сәтті шоғырланған.
Таяудағы 5 жылда қара металлургияда даму басымдықтары ауыр машина жасауға арналған магний-хромды болат қорытпаларын қолдана отырып, композитті қорытпалардың жаңа түрлерін, түсті металлургияда автомобиль жасау мен авиация өнеркәсібінде қолдану үшін титан мен кремний қосылған алюминийден жасалған қорытпаларды өндіру болып табылады.
Сонымен қатар, тұрақты технологиялық прогресс жерде сирек кездесетін металдар өніміне әлемдік сұранысты арттырады. Бұл ретте қосылған құны жоғары және тиісті технологиялық күрделілігі бар өндіріс өңдеу деңгейі жоғары өнімдер болып табылатынын атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта жерде сирек кездесетін жер элементтеріне әлемдік қажеттілік жылына шамамен 120 мың тоннаны құрайды. Алайда жерде сирек кездесетін металдардың әлемдік нарығын іс жүзінде Қытайдағы өндіріс монополиялаған. Қазірдің өзінде жерде сирек кездесетін металл өнімдерін жеткізуде әртүрлі шектеулер бар, бұл басқа мемлекеттердің өнеркәсібіне теріс әсер етеді. Осыған байланысты өз өнеркәсібінде жерде сирек кездесетін металдарды белсенді пайдаланатын әлемнің ірі экономикаларында (АҚШ, Ресей, Жапония, Германия) Қытайдан жерде сирек кездесетін металдарды жеткізуге жоғары тәуелділікті азайту жөніндегі әртүрлі жоспарлар бар. Қытайға тәуелділіктен осындай арылудың бір мысалы ретінде Америка Құрама Штаттары мен Аустралия арасындағы пайдалы қазбаларды, жерде сирек кездесетін және сирек кездесетін металдарды (неодимий және тантал) қоса алғанда, бірлесіп өндіру және қайта өңдеу туралы келісімнен байқауға болады.
Қазақстанда сирек кездесетін және жерде сирек кездесетін металдардың минералды-шикізат базасын кеңейтудің елеулі қорлары мен перспективалары бар.
Бұдан әрі жаһандық экономиканы дамытуда сирек кездесетін және жерде сирек кездесетін металдар өндірісінің маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, жартылай өткізгіш, электрондық, аспап жасау және ғылым мен техниканың басқа да озық салаларын одан әрі дамыта отырып, жаһандық ойыншыларды тарту арқылы таза сирек кездесетін және жерде сирек кездесетін металдар мен олардың қосылыстарын өндіру, іріктеу, алу сияқты басым бағыттарға бірлескен жобалар әзірлеу қажет.
Әлемдік практиканы негізге ала отырып, жерде сирек кездесетін металдар саласын одан әрі дамыту жоғары бөліністегі өнімдер өндірісін ынталандыруда мемлекеттік қолдауды ұлғайтуды көздеуге тиіс.
Қазақстанда жоғары өнімді және экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған жаңа индустриялық саясат іске асырылуда.
Экономиканың жоғары технологиялық секторларындағы (әуе құрылысы, атом энергетикасы, зымыран құрылымы, автомобиль саласы, микроэлектроника, машина жасау) ең жаңа әзірлемелер ғылымды көп қажет ететін өнім өндірушілердің өскелең талаптарын қанағаттандыруға қабілетті кепілді қамтамасыз етуді және жаңа арнайы материалдар жасауды талап етеді. Аталған бағыттардың табысты дамуы үшін базалық элементтер сирек кездесетін металдар, оның ішінде сирек кездесетін металдар болып табылады. Сирек кездесетін және жерде сирек кездесетін металдарды және олардың қосылыстарын пайдалану олардың отқа төзімділік, поливаленттілік, қаттылық, икемділік, сусымалылық және т.б. сияқты ерекше қасиеттеріне байланысты.
Қазіргі уақытта төрт негізгі бағыт бар: аддитивті технологиялар, полимерлі және композициялық материалдар, сирек кездесетін және жерде сирек кездесетін металдар, жаңа құрылымдық және функционалдық материалдар мен заттар әлемдік трендтер болып табылады.
Қазіргі композициялық материалдар өте жоғары беріктікке, төмен жылу өткізгіштікке, жоғары электрлік локализациялау қасиеттеріне ие. Кейінгі даму сапаның жоғарылауымен және функционалдылықтың кеңеюімен байланысты.
Өңдеу саласын дамыту басқа бағыттармен қатар Қазақстан Республикасында өңдеу индустриясының жоғары технологиялық өндірісін дамытуға ықпал ететін және қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіпорындардың импортқа тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік беретін отандық сирек кездесетін метал шикізатын пайдалана отырып, жаңа композициялық материалдарды алу және синтездеу технологияларын жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауды талап етеді.
Бүгінгі күнде республикада сирек кездесетін металдар өндірісі арнаулы кәсіпорындарда жүзеге асырылады, олардың өндірістік қорлары технологияның қазіргі деңгейіне сәйкес келмейді, сонымен қатар қайтарылатын шикізатымен (толлинг) толық жұмыс істейді.
Шикізатқа тәуелділіктен арылу, сирек кездесетін және жерде сирек кездесетін металдар өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ шығарылатын өнім номенклатурасын ұлғайту үшін рений сульфиді мен ыстыққа төзімді никель қорытпаларының металлургиялық өндірісінің қалдықтары түріндегі импорттық шикізатпен "Жезқазғансирекмет" РМК өндірісін техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту жолымен қайта өңдеуді дамыту қажет.
Машина жасау
Машина жасау саласында стратегиялық бағыт, жалпы алғанда, локализациялау болып табылады, өйткені ол экономикалық және технологиялық қауіпсіздікке, елдің геосаяси және макроэкономикалық өзгерістерден тәуелсіздігіне қол жеткізуге ықпал етеді.
Импорттық шикізат пен жинақтауыштарға жоғары тәуелділік болса саладағы әлі маңызды проблема болып қалуда. Ішкі нарықтың машина жасау өніміне қажеттілігінің 81 %-дан астамы шетелдік жеткізілімдер есебінен қамтамасыз етіледі (Ресейден, Қытайдан және Кореядан импорттың 60 %-на дейін). Қазақстан Республикасының аумағында негізінен локализациялаудың ең төмен деңгейімен құрастыру өндірістері ұйымдастырылады.
Автомобиль жасау секторында автоқұрамдауыштар өндірісі (автошыны, қалыптау, шанақтар, редукторлар, белдемдер, беріліс қораптары, дискілер, интерьер мен экстерьердің пластикалық бұйымдары), электромобильдер өндірісі және электромобильдерге арналған батареялар өндірісі стратегиялық болып табылады.
Теміржол машинасын жасау секторында кәсіпорындар үшін құю өндірісін, шыңдау мен қалыптауды игеру қажет.
Ауыл шаруашылығы машинасын жасау секторында жинақтауыштар (кабиналар, шыны, дөңгелектер, интерьер мен экстерьердің пластикалық бұйымдары және басқалары) өндірісін жолға қою қажет.
Тау-кен машинасын жасау секторында машина жасау саласы үшін дайындамалар өндіру үшін құю кәсіпорындарын (цехтарын) құру қажет.
Мұнай-газ машинасын жасау секторында сатып алынатын өнімге халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау жөніндегі талаптарға (API, ASME) сәйкес болу үшін шығарылатын өнімнің сапасын арттыру қажет. Негізгі өнім әрбір тапсырыс берушінің және мұнай мен газ кен орнының қажеттіліктеріне арналған кастомизацияланған машиналар мен жабдықтардан тұрады. Негізінен бұл тиек арматурасы, сорғылар, жылу алмастырғыштар, мұнай кәсіпшілігі жабдығы.
Электр техникасы машинасын жасау секторында трансформаторлық болат өндірісін реттеу стратегиялық маңызды бағыт болып табылады. Сондай-ақ электр тарату аппаратурасы мен электр энергиясымен өзара әрекеттесуге бағытталған өнімдер өндірісі өте маңызды бағыт болып табылады. Электрлік инфрақұрылымды дамыту және электр энергиясын функционалдық пайдалану мәселелері халықтың өсуі және елдің өнеркәсіптік әлеуеті нәтижесінде одан әрі күшейтілетін болады.
Электрондық өнеркәсіп секторындағы стратегиялық маңызды бағыттар смарт сити жобаларын, сондай-ақ аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібіне арналған электрондық құрылғылар мен аспаптарды қоса алғанда, нақты экономиканың барлық секторларындағы коммуникациялық және есептеу жабдығы, технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру мен цифрландыруға арналған аспаптар мен датчиктер өндірісін локализациялауға байланысты секторлар болып табылады.
Кадрлық және ғылыми әлеуетті, сондай-ақ жұмыс күшінің және негізгі коммуналдық көрсетілетін қызметтердің құнын ескере отырып, бір уақытта тиісті ғылыми зертханалар мен институттар құра отырып, құрастыру өндірістерін ұйымдастыру үшін электроника саласындағы әлемдік компанияларды тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар қажет. Бұл шарттар экономикалық ынталандыруларды, жинақтауыштарды импорттау және дайын өнімді экспорттау, сондай-ақ кадрлар даярлау және ҒЗТКЖ-ны іске асыру үшін барлық процестерді оңайлатуды қамтуға тиіс.
Химия өнеркәсібі
Агрохимия секторының әлемдік маңызы зор. Азот тыңайтқыштары нарығы әлемдегі ең бәсекеге қабілетті нарық болып саналады, оның үлесіне бүкіл нарықтың 60 %-ы, фосфор тыңайтқыштарына – 25 %-ы және калий тыңайтқыштарына 15 %-ы тиесілі. Қазақстан үшін агрохимия секторы неғұрлым перспективалы болып табылады, өйткені оның үнемі өсіп келе жатқан ішкі нарығы мен экспорттық әлеуеті бар.
Ең танымал химиялық өнімдердің бірі полимерлер болып табылады. Қазіргі кезеңде полимерлер өндірісі – әлемдік экономикадағы неғұрлым серпінді дамып келе жатқан сектор. Полимерлер өнеркәсіптің дәстүрлі қағаз, мақта, жүн, былғары, ағаш және т.б. нарықтарды ығыстыра отырып, көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Оларды тұтыну көлемі жыл сайын 5-6 %-ға өседі. Полимерлердің кең спектрі бар, негізгілеріне полиэтилен (ПЭ), полипропилен (ПП), поливинилхлорид (ПВХ), полиэтилентерефталат (ПЭТФ), полистирол (ПС), полиуретан (ПУ), синтетикалық каучуктар (СК) және басқа да көптеген полимерлер мен сополимерлер жатады.
Құрылыс материалдарын өндіру
Құрылыс материалдарын өндіру саласы үшін қосылған құны неғұрлым жоғары күрделі өндірістерді дамыту тауарларын дамыту стратегиялық маңызды болып табылады. Мұндай тауарларға түпкілікті әрлеу материалдары жатады: санфаянс, қыш тақташалар, тұсқағаздар, линолеум, табақ шыны және т.б. Саланың бұл сегменті импортқа тәуелді болып қала береді. Қазіргі уақытта дамудың мүмкін бағыттарының бірі қыш тақташалар өндірісі болып табылады. Мәселен, каолин балшығы кен орындарының қолда бар қорлары негізінде (50-ден астам кен орны) осы тауар өндірісін дамытуға болады. Алайда қыш тақташалар үшін қажетті шикізат шығаратын тау-кен байыту комбинаттарының болмауы тежеуші фактор болып табылады. Сантехникалық бұйымдар (санфаянс) өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігі де перспективалы болып табылады. Бұл тауар елдің ішкі нарығында да, сол сияқты макроөңірдің сыртқы нарықтарында да үлкен сұраныспен сипатталады. Ел аумағында санфаянс өндіруге арналған шикізаттың кең зерттелген қорлары бар, бірақ оларды өндіру және байыту да ұйымдастырылмаған. Қыш тақташалардың қолданыстағы кәсіпорындарының негізінде қатқыл керамика тауарларын өндіруді шоғырландыру инфрақұрылымды ұйымдастыру, жер учаскесін сатып алу, тұрмыстық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салу шығындарын азайтуы мүмкін. Жылу оқшаулағыш материалдардың қуаттарын ұлғайту ішкі нарықтың импорттық жеткізілімдерге тәуелділігін төмендетуге де ықпал ететін болады. Жылу оқшаулауда полимерлі шикізатты қолдану және полипропилен мен полиэтилен өндіретін газ-химия кешенін дамыту өндірушілерді шикізат материалымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Сонымен қатар, құрылыс саласында бірінші кезекте қолданылуына байланысты цемент, тауарлық бетон, қабырға материалдары (қыш, силикат кірпіштер) сияқты базалық тауарлар өндірісін сақтаудың маңызы зор екенін атап өткен жөн.
Әлемдік нарықта сұранысқа ие бірегей сипаттамалары бар (мысалы, хризотил және хризотилцемент бұйымдарын өндіру) Қазақстанда өндірілетін тауарларды ілгерілету, халықаралық сауда алаңдарында осындай өндірістердің мүдделерін қорғау жалғастырылады.
Жеңіл өнеркәсіп
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірістері көлемінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі небәрі 10 %-ды құрайды. Қолда бар шикізат жағдайында Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі жартылай дайын өнімдер мен фурнитура өндірісінде нашар дамыған, бұл дайын бұйымдар сегментінің бәсекеге қабілеттілігін тежейді.
Жалпы алғанда, өндіріс көлемінде саладағы кәсіпорындар негізінен ірі және орташа, олар көп жағдайда мемлекеттік тапсырысқа (арнайы киім, нысанды киім және басқалары) бағдарланған.
Бұл ретте отандық индустрияны дамыту перспективасы коммерциялық сегменттің дамуында.
Бұл салада негізгі стратегиялық бағдар жеке коммерциялық брендтерді қалыптастыру арқылы маржасы жоғары салаларды дамыту болуға тиіс.
Осы аспектіде маркетингті, дизайнды, дистрибуцияны дамытуға, сондай-ақ дайын өнімді өндіруге, киім мен аяқ киім саласындағы ұлттық брендтерге назар аудару қажет, бұл өнімнің қосылған құнын ұлғайтуға, экспорт географиясын кеңейтуге, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі саланың үлесін еселеп арттыруға мүмкіндік береді.
Жиһаз өндірісі
Елдің жиһаз компаниялары негізінен Ресей мен Беларусьтен келетін импорттық шикізат тауарларын (АЖА, АТТ, ҰДФ) жеткізуге толығымен дерлік тәуелді. Мәселен, 2020 жылы Қазақстан Республикасына 200 млн АҚШ долларынан астам сомаға тақта өнімі импортталды.
Отандық жиһаз кәсіпорындарының импорттық шикізат тауарларына тәуелділігін төмендету мақсатында стратегиялық өндірістерге АЖА және АТТ өндірісін жатқызған жөн.
Ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарланған орта және жоғары бөліністегі тауарлардың стратегиялық өндірістерін іске асыру үшін ынталандыру шараларының кешені көзделген.
Индустриялық дамудағы жаңашылдық өнеркәсіп салаларын қолдауды қайта форматтау және жоғары, орта бөліністегі өңделген өнімнің нақты түрлерінің өндірісін дамытуды ынталандыруға көшу болып табылады. Айталық, халықаралық тәжірибе негізінде қосылған құны жоғары және өнімі күрделі басым тауарлардың тізбесі қалыптастырылатын болады. Осы тізбе "commodities" сегментіне жататын тауар позицияларын (өндіріс және сауда көлеміне сыртқы конъюнктура, атап айтқанда әлемдік биржалардағы шикізат бағасы үлкен әсер ететін шикізаттық, шикізатқа жақын позициялар) қоспағанда, ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін және қолдау шараларының шоғырлануын айқындайтын өңдеуші өнеркәсіптің салалары мен аяларын қалыптастыратын басым тауарлардан тұратын болады.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары осы тізбеден өнім өндіретін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына берілетін болады. Бұл еңбек өнімділігі мен өнім сапасының деңгейін арттыру жолымен кәсіпорындардың экспортқа бағдарланған даму моделіне көшуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тауарларды тізбеге енгізу үшін базалық өлшемшарттар өндірілетін өнімнің технологиялық күрделілігі, экспорттық әлеует және ішкі нарықтағы тұтыну әлеуеті болады.
Тізбе СЭҚ ТН 6 белгісіндегі 4 мыңнан астам тауар атауын қамтитын және өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларын қамтитын болады.
Сондай-ақ басым тауарлар тізбесіне сәйкес өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Қайта өңдеу өндірістерін шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі тетік кәсіпорындардың дамуы мен әртараптандырылуы үшін жағдай жасайтын жұмыс істеу тиімділігін арттыру құралы болады. Тетік шикізатқа, ел ішінде өндірілмейтін және өндіру перспективасы жоқ, бірақ экспортқа бағдарланған өнім құруда қолданылатын жинақтауыштарға қолайлы баға белгілеуді қалыптастыруға бағытталған.
Индустриялық саясат геосаяси және экономикалық процестердің өзгерістеріне бейімделуге қабілетті өңдеу секторы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға жағдайлар жасауға бағдарланған.
Бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен арылу жолымен өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
Заң жобасының негізгі міндеттері:
ел халқының әл-ауқатын арттыру;
заманауи өнеркәсіптік инфрақұрылымды құру және дамыту;
жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
еңбек өнімділігін арттыру жолымен өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
ұлттық экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру болып табылады.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау тиімді өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру үшін негіз болады.
4. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
Индустриялық-инновациялық дамудың қағидаттары мен тәсілдері "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға мүшелігі шеңберіндегі міндеттемелерін ескере отырып іске асырылатын болады.
4.1. Индустриялық-инновациялық саясатты жүргізуге арналған қағидаттар
Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы сабақтастықты сақтап, мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
1) қосылған құны жоғары өңделген өнім өндірісіне назар аудару.
Индустриялық және бизнес-ахуалды, қатты, "жұмсақ", инновациялық инфрақұрылымды және цифрлық трансформацияны жақсарту жөніндегі барлық деңгейлес саясат ескерілетін болады.
Қосылған құны жоғары және өнімі күрделі тауарлар өндірісін ынталандыру мақсатында өңдеу деңгейі орта және жоғары басым тауарлар (бұдан әрі – басым тауарлар) айқындалатын болады;
2) индустриялық-инновациялық және аумақтық дамудың ұштасуы.
Күш-жігер бәсекелестікті ынталандыратын агломерациялық әсерлерге қол жеткізу үшін көбінесе кеңістікте өсу нүктелерінде арнаулы факторларды дамытуға, жергілікті нарықтардың күрделілігін арттыруға, транзакциялық шығасыларды төмендетуге, бәсекеге қабілетті аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыруға шоғырланады.
Өңдеу өнеркәсібіндегі жүйелі проблемаларды шешу мақсатында өңірлерді өнеркәсіптік мамандандыру, сондай-ақ теңгерімді (кеңістікте) даму және тиісті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін әлеует ескерілетін болады.
Бұдан басқа шекара маңы ынтымақтастығын, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығын жедел дамыту мақсатында шектес өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға назар аударылатын болады;
3) ішкі мүмкіндіктерді ескере отырып, сыртқы нарықтарға бағдарлану.
Отандық қосылған құнды құру экспорттық әлеуетті дамытудың және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың аса маңызды факторларының бірі болып табылады.
Әлемдік нарыққа бағдарланған және жаһандық бәсекелестік жағдайларында өміршең өндірістерді құруға, қолдауға және дамытуға негізделген экспортқа бағдарланған индустрияландыру саясатының дәйектілігі сақталады, ол ішкі нарықты ақылға қонымды қорғаумен және дамытумен ұштастырылуға тиіс;
4) мемлекеттің, қоғам мен бизнестің стратегиялық мүдделерінің теңгерімі.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде, "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және даму институттарының қалыптасқан экожүйесінде көзделген индустриялық-инновациялық дамуды жоспарлау, іске асыру және мониторингтеу құралдары пайдаланылатын болады.
Саясатты іске асырудағы икемділік қоғамдастықпен және бизнеспен тұрақты кері байланыс арқылы жүзеге асырылады, өзгермелі жағдайларға жоғары сезімталдықты қамтамасыз етеді;
5) ынталандыру шараларының тиімділігі мен атаулылығы.
Саясатты іске асыру ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарымен келісілетін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланатын болады.
Ынталандыру шараларын іске асырудың жаңа тәсілі шеңберінде өз өнімін экспортқа бағдарлай отырып, өндірісті технологиялық жаңғыртуға және цифрландыруға ішкі нарықты молықтыруға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің тиімді кәсіпорындарына баса назар аудару көзделген.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде операторлар басым тауарларға бағдарланатын болады.
4.2. Дамыту тәсілдері
Индустриялық-инновациялық даму саясаты халықаралық экономикалық ұйымдарға мүшелігі шеңберінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін ескере отырып, тікелей және жүйелі қолдау арасында теңдестірілетін болады.
1) Кәсіпорындарды ынталандырудың тікелей шаралары
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, кәсіпорынды дамытудың барлық кезеңдерінде ұсынылатын тікелей мемлекеттік ынталандыру шараларын қолдану практикасы жалғасады, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өте көбін қалыптастыру арқылы бәсекелестіктің күшеюіне алып келеді.
Кәсіпорындарды экспортқа бағдарланған даму моделіне көшуге ынталандыру мақсатында талап етілмеген және тиімсіз шараларды қоспағанда, қолданыстағы ынталандыру шаралары тұрақты негізде жетілдіріліп, жаңа ынталандыру шаралары енгізілетін болады.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді.
Тиімді мемлекеттік ынталандыру жолымен отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде оларды беру тетігі жетілдіріліп, қайта қаралатын болады. Жаңа тәсілдің мәні кәсіпкерлік субъектілеріне алдын ала талдау жүргізуге негізделуге тиіс, ол субъектінің қаржылық тұрақтылығын, техникалық жарақтандырылуын, бизнес-процестерін, стратегиясын, оның мүмкіндіктерін, нәтижелерін және т. б. талдауды қамтиды.
Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде кәсіпорындардың халықаралық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан неғұрлым перспективалы тауарларды өндіруге әзірлігі ескерілетін болады.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындардың өндірістің экономикалық, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштерін орындау бойынша міндеттемелер жиынтығын көздейтін қарсы міндеттемелері енгізілетін болады.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды дамыту саласындағы уәкілетті орган барлық кәсіпорындар үшін қолданылатын міндеттемелерді қолдану тетіктері мен базалық міндеттемелерді көздейтін кәсіпорындардың қарсы міндеттемелерін айқындау және қолдану қағидаларын бекітетін болады. Қарсы міндеттемелер жиынтығы мемлекеттік индустрияландыру саясатының стратегиялық мақсаттарымен және мемлекеттің әл-ауқатын арттырумен өзара байланысты болады.
Бұл ретте мемлекеттік ынталандыру шараларының әртүрлі нысаналы бағытталуын ескере отырып, операторлар шаралар беру кезінде ұсынылатын шаралардың мақсаттарына сәйкес келетін қосымша міндеттемелерді айқындайтын болады.
Сондай-ақ кәсіпорындар тарапынан міндеттемелерді сапасыз және/немесе уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілікті (қаражатты қайтару, өтемақы, айыппұлдар, өсімпұлдар) енгізу көзделген. Бұл мемлекеттік ресурстарды жосықсыз пайдалануды болдырмауға, мемлекеттік ынталандыру мен кейіннен мониторингтеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мемлекеттiк ынталандыру шараларын алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қағидаларға, үлгi шарттарына мемлекеттік ынталандыру шараларын алушының мемлекеттік аудит органдарына банктік құпияны ашуға келісімінің болуын көздейтін тиісті нормаларды енгізу арқылы банктік құпияны құрайтын мәліметтерге мемлекеттік аудит органдарының қолжетімдігін ашу қажет. Бұл ретте бұл жағдай шарт мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың барлық деңгейінде қамтамасыз етілуге тиіс.
Мемлекеттiк ынталандыру шараларының операторлары мемлекеттiк ынталандыру шараларын алушылар туралы ақпаратты ашудың үлгi шарттарын әзiрлеу және бекiту бөлiгiнде қаражат беру жөнiндегi мемлекеттiк ынталандыру шараларын қаржылық операцияларының ашықтығын арттыру жөнiнде түбегейлі шаралар қабылдауы қажет.
Ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдинг өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына берілетін мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде, оның ішінде өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтына Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) шеңберінде енгізілген қарсы міндеттемелер бойынша ақпарат беретін болады.
Келісім қарсы міндеттемелер шарттарында мемлекет пен индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі арасында жасалатын мемлекеттік ынталандыру шараларының кешенін алудың пакеттік шешімі болып табылады. Келісім жасасу өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне:
1) мемлекеттік ынталандырудың кепілдік берілген шаралар кешенін;
2) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру;
3) мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезіндегі жеңілдікті шарттар алу мүмкіндігін береді.
Келісім бойынша оператор Келісімді іріктеуді, сүйемелдеуді және кейіннен оның іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты болады.
Келісімдер тараптардың өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді іске асырудағы өзара іс-қимылы шарттарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында жасалатын болады.
Келісімде:
ұлттық даму институттары мен ұлттық басқарушы холдинг кәсіпорынға беретін тікелей мемлекеттік ынталандыру шараларының жеке құрамдастырылған пакеті;
мемлекеттік ынталандырудың тікелей шараларының жеке құрамдастырылған пакеті шеңберінде жыл сайын бөлінетін көлемі (бұл ретте бөлінген қаражат мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына ұқсас секвестрлеуге жатпайды);
кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру өндірілетін, оның ішінде сыртқы нарықтарда сұранысқа ие тауарлардың номенклатурасын ұлғайту және "күрделілігін" арттыру, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарын игеру жөніндегі қарсы міндеттемелері (бұл ретте қарсы міндеттемелер берілетін мемлекеттік қаржылық ынталандыру көлеміне мөлшерлес болады және кәсіпорындардың қызметіне тәуелсіз ықтимал тәуекелдерді ескереді);
қабылданған қарсы міндеттемелерді сапасыз немесе уақтылы орындамағаны үшін кәсіпорынның жауапкершілігі бекітілетін болады.
Келісім шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға дайын кәсіпорындар үшін іріктеудің конкурстық қағидаты қолданылатын болады.
Тікелей мемлекеттік ынталандыру жүйесі орта және жоғары технологиялық өнім өндіретін және экспорттайтын жаңа кәсіпорындардың пайда болуына ықпал етеді және сол арқылы ішкі және сыртқы нарықтарда отандық кәсіпорындардың сапалы дамуына және бәсекелестігіне жәрдемдеседі.
Орта және жоғары технологиялық өнім өндіру, еңбек өнімділігін арттыру, өнеркәсіптік грант және ішкі нарықты дамыту жөніндегі кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру шараларын өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институт көрсететін болады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік ынталандыру шаралары тарихи шығындарды өтеу арқылы ұсынылатын болады.
Өнеркәсіптік грант өңдеу саласы кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын жаңғыртуға бағытталатын болады. Бұл шара жабдықты сатып алу және оны өндіріске енгізу және/немесе номенклатураны кеңейту және қосылған құны жоғары өнім шығару үшін қоса қаржыландыру шарттарында өтеусіз негізде қаржы қаражатын ұсынуды болжайды, бұл одан әрі оны ішкі нарықта да, сол сияқты сыртқы нарықта да тиімді ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама тиесілі субъектіден басқа, индустриялық-инновациялық қызметтің барлық субъектілері Ұлттық жоба шеңберінде қолдау шараларын пайдалана алады.
2) Жүйелік қолдау
Жүйелік қолдау индустриялық және бизнес-ахуалды жақсарту, экспортты қолдау, шетелдік инвестицияларды тарту, босап шығатын жұмыс күшімен проблемаларды шешу жөніндегі басқа да деңгейлес тұжырымдамаларға қосымша өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін арнаулы факторлар мен сұраныс жағдайларын жасауға шоғырланады.
Арнаулы факторларды дамыту
Арнаулы факторларды дамыту шеңберінде кәсіпорындардың
кластерлік дамуды қоса алғанда, индустриялық және цифрлық инфрақұрылымға;
шикізат пен құрамдауыштарға;
кәсіпорындардың негізгі қорларын, оның ішінде салалар бөлінісінде 4.0 индустрия элементтерін енгізу арқылы жаңартуға;
фискалдық шаралармен қамтамасыз етуге;
ішкі нарықты дамытуға;
сапалы адами капиталға;
инновациялар және құзыреттер орталықтарына;
сынақ және сертификаттау инфрақұрылымына;
бірлескен сату жүйелеріне, өнеркәсіптік консалтинг пен инжинирингке қол жеткізуін кеңейту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Өңдеу өнеркәсібін дамытудың қазіргі заманғы өңірлік қимасы өндірістің әртүрлі деңгейлік шоғырлануын көрсетеді, өндірістік инфрақұрылым сапасының өңіраралық және ішкі өңірлік саралануы жалпы алғанда жалпы өңірлік өнімнің қалыптасуына теріс әсер етеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі жүйелі проблемаларды шешу мақсатында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі осы өңірлердің неғұрлым күшті бәсекелестік артықшылықтары бар салалардағы мамандануға, сондай-ақ теңгерімді (өнеркәсіптік) даму және мемлекеттік қолдаудың ынталандыру шараларын ұсыну әлеуетіне негізделуге тиіс.
Өңірлердің өнеркәсіптік әлеуеті мен мамандануын дамыту елдің солтүстік-шығыс өңірлеріндегі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндіріс орталықтарын, батыс өңірлеріндегі "жаңа бөліністерді", солтүстік өңірлердегі АӨК-ті дамытудағы озық технологияларды ескере отырып, сондай-ақ оңтүстікте жаңа энергия көздері мен ілеспе өндірістерді дамыту есебінен жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа, шекара маңындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығын жедел дамыту мақсатында Ресей тарапымен шектес өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға; сондай-ақ интеграция есебінен басқа аумақтарға экономикалық белсенділік пен әл-ауқаттың "артуын" қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "өсу нүктелерін" (агломерацияларды) дамытуға назар аударылатын болады.
Көрсетілген бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу және бір-біріне қайшы келетін іс-қимылдарды болдырмау үшін өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуды өңіраралық және салааралық үйлестіру қажет.
Инвестициялық және инновациялық құрамдастары бар өнеркәсіптік саясат өңірлік саясаттың ажырамас элементі болып табылады және жергілікті атқарушы органдардың рөлі зор. Жергілікті атқарушы органдар өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады.
2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі бөлігінде өңірлік даму негізінен озыңқы экономикалық өсудің қалыптасқан аймақтарымен (іске асыру құралдарымен) айқындалатын болады, оларға: еркін экономикалық аймақтар, Индустрияландыру карталарының жобаларын іске асыру, сондай-ақ аумақтық кластерлер жатады.
Бұл ретте өнеркәсіптік және өңірлік саясатты айқындау Economic complexity index әдіснамасы, Дүниежүзілік банктің және басқа да халықаралық даму институттарының зерттеулері бойынша Қазақстан экономикасы салаларының бәсекелестік артықшылықтарын зерттеу нәтижелеріне негізделетін болады.
Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы шеңберінде күш-жігер ұштасқан индустриялық-инновациялық және кеңістіктік дамуды ескере отырып, өңірлік өндірістік жүйелерді дамыту үшін кластерлік тәсілді жалғастыруға шоғырланады.
Кластерлік саясат өңірлік бөліністе өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралдарының бірі болып табылады және одан әрі аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша жұмыс жалғасатын болады. Өңірлерде кластерлік саясатты одан әрі өрістету бұдан бұрын жүргізілген және Дүниежүзілік банктің "Қазақстандағы ШОК-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру" жобасының 2.2-компоненті шеңберінде орындалған алдағы орындауға ұсынылатын іс-шаралардың дәйектілігіне негізделеді.
Аумақтық кластерлерді дамытудағы басты рөл өңірлік бизнес-қауымдастықтарға және жергілікті атқарушы органдарға беріледі.
Жергіліктендіруге тұрақты үрдісті көрсететін кластерлік топтардың қазіргі жағдайын талдауды қамтамасыз ету үшін өңірлер бөлінісінде кластерлік бастамалардың тізілімі қалыптастырылатын болады (өңірлерде кластерлерді анықтау немесе сәйкестендіру және кейіннен саралау). Тізілімді қалыптастыруды өтінімділік негізінде кластерлерге қатысушылар бекітетін бағдарламаның аумақтық кластерлерін дамыту жоспарлары болған кезде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын болады.
Есептелген дәйекті әрекеттерге негізделген нақты басымдықтарға күш-жігерді шоғырландыра отырып, аумақтық кластерлерді дамыту жоспарлары технологиялық тізбектерді оңтайландыруға және тереңдетуге, оларды жергіліктендіруге, коллаборациялық процестерді дамытуға баса назар аудара отырып, кластерге қатысушылардың өздері бағдарламаны өзін-өзі қаржыландыруға біртіндеп кірісумен бәсекелестік пен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ескере отырып, экономикалық тиімділікті көрсетуге тиіс.
Аумақтық кластерлерді дамыту жоспарлары мыналарға бағытталған іс-шараларды қамтитын болады:
1) кластерге қатысушылардың кооперациясы мен ынтымақтастығын қолдау және дамыту;
2) кластердің адами ресурстарын дамыту (тренингтер, біліктілікті арттыру және т.с.с.);
3) кластерді және кластер өнімін ішкі және шетелдік нарықтарда дамыту (нысаналы нарықтарға миссиялар ұйымдастыру, көрмелерге бірлесіп қатысу және т.с.с.);
4) кластерді инновациялық-технологиялық дамыту (бірлескен өнеркәсіптік, маркетингтік зерттеулер немесе кластерге қажетті өзге де зерттеулер жүргізу және т.с.с.);
5) кластерге қатысушылардың бизнес-ахуалды және ұжымдық пайдалану инфрақұрылымын (зертханалар, құзыреттер орталықтары, сервис орталықтар, шоу-румдар және т.с.с.) құруы;
6) кластер кәсіпорындары шығаратын өнімнің не ұсынатын көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру (стандарттар әзірлеу және енгізу, сапаға бағалау жүргізу және т.с.с.).
Мемлекет кластерді дамытудың бастапқы сатысында басты инвестор болып табылады. Одан әрі аралас (жеке және мемлекеттік) қаржыландыру мүмкіндігі қаралатын болады. Осылайша, өңірлерде аумақтық кластерлер базасында бәсекелестік өнім не көрсетілетін қызметтер өндірісіне назар аударылған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шоғырланған топтары қалыптастырылады.
АЭА мен ИА-ны одан әрі дамыту мақсатында дамушы елдердің әлемдік тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында АЭА мен ИА-ның жұмыс істеуі мен дамуына жаңа тәсілдер енгізіледі:
1) өндірістің төменгі бөлінісіне түсетін, бұл ретте Қазақстанда жоқ, сондай-ақ өнім импорты 65 %-дан асатын (өңдеу өнеркәсібіндегі импорттың орташа деңгейі 68,6 %-ды құрайды) және/немесе орта және жоғары бөлініске түсетін тауарларды құрайтын өңдеу өнеркәсібі шеңберінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін қалыптастыру мәселесі пысықталады. Тізбе жылына бір рет өзектілендірілетін болады. Сонымен қатар қолданыстағы қызметтің басым түрлері әрбір АЭА үшін жекелеп алғанда басым болып қала береді. Қызметтің басым түрлерінің тізбелерін қалыптастыру кезінде ішкі нарықтағы адал бәсекелестік қолдау табады;
2) "Павлодар", "Сарыарқа", "ҰИМТ", "Ақтау теңіз порты", "Оңтүстік" АЭА сияқты жұмыс істеп тұрған АЭА-ның арнайы құқықтық режимінің қолданылу мерзімін ұлғайту мәселесі пысықталатын болады.
Жұмыс істеп тұрған АЭА қатысушылары өз қызметін шарттар мерзімінің соңына дейін, бірақ АЭА-ның бастапқы қолданылу мерзімінен асырмай жүзеге асырады.
Әрбір инвестор үшін жеңілдікті топтаманың қолданылу мерзімі инвестициялар көлемі бойынша өлшемшартқа сәйкестігіне қарай – 5 жылдан 12 жылға дейін берілетін болады. Мысалы, 100 мың АЕК-ке дейін 5 жыл, 100 мың АЕК-тен 500 мың АЕК-ке дейін – 7 жыл (323 мың – 3,23 млн АҚШ доллары); 500 мың – 2 млн АЕК-ке дейін – 10 жыл (3,23 млн – 13 млн АҚШ доллары; 2 млн АЕК-тен жоғары –12 жыл.
3) АЭА аумақтарында шағын және орта бизнес жобаларын іске асыру үшін дайын өндірістік орынжайлар берілетін болады. Бұл орынжайлардың құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы да, сол сияқты қызметтің басым түрі ретінде айқындала отырып та іске асырылатын болады.
Сондай-ақ АЭА мен ИА-ны дамыту шеңберінде мынадай жүйелі шаралар қолданылатын болады:
1) инфрақұрылымның сыни қажеттіліктерін салуға 3 – 5 жылға бюджет қаражатын бөлу. Мысалы, "Павлодар" АЭА-да бүгінде тазарту құрылыстарын салуды аяқтау, қосалқы станция салу арқылы электр энергиясының қуаттарын ұлғайту сыни қажеттілік болып табылады, "Оңтүстік" АЭА-да АЭА инфрақұрылымы объектілерінің жоғары дәрежеде тозуы, "Астана – жаңа қала" АЭА-да жылумен жабдықтау кешенінің құрылысын аяқтау қажет;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (бұдан әрі – ИКИ) пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым объектілерін басқарушы компаниялардың теңгеріміне беру. Ағымдағы жағдай ИКИ объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету және қызмет көрсету, аварияларды немесе өзге де іркілістерді жою үшін қызмет көрсететін компаниялардың жоқтығын көрсетті;
3) АЭА-ның кейбір басқарушы компанияларының штат санын 30 %-ға дейін оңтайландыру. Мысалы, "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-да штат саны 73 бірлікті, "ИТП" АЭА-да – 70 бірлікті, "Қорғас" ШЫХО" АЭА-да – 49 бірлікті құрайды, сондай-ақ басқарушы компанияның корпоративтік құрылымы 4 еншілес ұйымнан тұрады;
4) АЭА аумағында игерілмейтін жер учаскелерін алып қою.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін техникалық реттеу және метрология құралдары, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі сынақ мүмкіндіктерін кеңейту және сәйкестікті бағалау сынақтарының нәтижелерін халықаралық деңгейде тану үшін жағдайлар жасау бөлігінде белсенді пайдаланылатын болады.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму субъектілерін ғылым мен техниканың шетелдік жетістіктері, озық технологиялар мен арнайы материалдар негізіндегі өндірістер туралы салааралық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, технологиялар трансферті, инвестициялар тарту және өнімдер мен технологиялар экспорты жөніндегі кемінде 4 жобаны іске асыруға жәрдемдесу ұйымдастырылады.
Индустриялық дамуды бағалау
Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдарының бірі индустриялық дамуды бағалау болып табылады, ол өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құқықтық, экономикалық, қаржылық және өзге де факторларды талдауды көздейді. Талдау барысында өндірістің өзекті факторларын айқындау, индустриялық (өнеркәсіптік) кәсіпорындар қызметінің жағдайларын жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және индустриялық саясатты іске асыруды тежейтін жүйелі проблемаларды шешу жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады. Индустриялық дамуды бағалау ағымдағы мемлекеттік басымдықтарды ескере отырып, индустриялық дамуға қатысты проблемалық мәселелерді жүйелендіруге және шешуге мүмкіндік береді.
Жобаларды қаржыландыру және лизингтік қаржыландыру
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы және оның еншілес құрылымдары қаржы операторлары ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, қаражаттың қажетті көлемін алған жағдайда Тұжырымдама шеңберінде кәсіпорындар үшін мынадай қолдау шараларын ұсынады.
1) Қаржы институттары (операторлар – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы) арқылы кредит беру "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы желісі бойынша банкаралық кредит беру арқылы жалғастырылады.
Машина жасау өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды ынталандыру: жеңіл автомобильдер (жеңілдікті автокредит беру). Қаржыландыру "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамы арқылы жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша кейіннен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының жылдық 0,15 % мөлшерлемесі бойынша кредит бере отырып, кейіннен жылдық 1 % мөлшерлеме бойынша ЕДБ кредитін бере отырып жүзеге асырылатын болады. Жеке тұлғаларға кредит берудің негізгі шарттары: қарыз сомасы – 10 млн теңге, қарыз мерзімі – 7 жылдан аспайды, жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 4 %-дан аспайды, бұл ретте қарыз алушы үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі автокөлікті сақтандыру және кепілге ресімдеу бойынша қарыз алушының шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5 %-дан аспауға тиіс.
2) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының желісі бойынша ұзақ мерзімді қаржыландыруды бюджет қаражатын және түпкі қарыз алушы үшін 11 %-дан аспайтын мөлшерлемемен, кәсіпорынның өз қатысуымен жоба сомасынан 20 %-дан кем болмайтын мөлшерлемемен 7-10 жыл мерзімге коммерциялық қаражатты 50/50 араластыру жолымен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты түпкі қарыз алушылар үшін жылдық 11 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын 50/50 пропорциясында 20 жыл мерзімге коммерциялық қаражатпен араластыру жолымен ұлғайту арқылы бөлінеді (қаржыландыру жылдық 0,15 % мөлшерлеме бойынша "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының ("Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының) еншілес ұйымдарына кредит беру жолымен жүзеге асырылатын болады).
Отандық өндірушілерді экспорттық қаржыландыруды "ҚДБ" АҚ түпкі қарыз алушылар үшін 6 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша бюджет қаражатын 20 жыл мерзімге 70/30 пропорциясында коммерциялық қаражатпен араластыру арқылы жүргізетін болады.
3) Өңдеу өнеркәсібінің жобаларын қаржыландыруды "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне, оның ішінде жұмыскерлер үшін еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі жобаларға береді; Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасына енгізілген жобаларды лизингтік қаржыландыру. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері өңдеу өнеркәсібінің жобаларын қаржыландыруға жатпайды.
Бюджет қаражаты түпкі қарыз алушылар үшін жылдық 3 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру үшін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және/немесе бюджеттік кредит беру жолымен бөлінеді.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жобаны іске асыруға қаржыландырудың жалпы сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақшалай қаражатпен қатысуды қамтамасыз етеді (өндірісті жергіліктендіруді ұлғайтуға бағытталған жобалар бойынша жобаны іске асыруға 15 %-дан кем мөлшерде ақша қаражатымен қатысуға жол беріледі). Қаржыландыру сомасы кемінде 80 млн теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 50 млн теңге). Қаржыландыру 20 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Өтініш беруші үшін сыйақы мөлшерлемесі 3 %-дан аспауға тиіс.
Қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамына тізбесі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның ішкі құжаттарымен бекітілетін құжаттар топтамасын береді. Қаржыландыруды ұсыну тәртібі мен мерзімдері "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының ішкі актілерімен айқындалады.
4) Лизингтік қаржыландыру шеңберінде қолдау мынадай бағыттар бойынша ұсынылатын болады:
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының лизингтік қаржыландыру тетігі арқылы автомобильдер мен арнайы техниканы (өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдық), құтқару, санитариялық паркті (жедел медициналық жәрдем автомобильдері, жылжымалы зертханалық кешендер және медициналық көмек/қызметтер көрсетуге арналған арнайы техника), коммуналдық парктерді, шұғыл қызметтер машиналарын, патрульдік автомобильдерді, уәкілетті органдардың арнайы көлік құралдарын) жаңарту/жаңғырту. Лизингтік қаржыландыру 7 жылға дейінгі мерзімге автомобильдер мен арнайы техникаға теңгемен беріледі, өтініш берушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7 %-ды құрауға тиіс, бұл ретте бюджет қаражаты мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының өзге де қорландыру қаражатының арақатынасы 70/30-ды құрауға тиіс. Аванстық төлем жергілікті бюджет қаражаты немесе лизинг алушының меншікті қаражаты есебінен (лизингтік төлемдер республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен өтелген жағдайда аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі) кемінде 15 %-ды құрайды;
ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингтік қаржыландыру "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге теңгемен беріледі, өтініш берушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7 %-ды құрауға тиіс, бұл ретте бюджет қаражаты мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының өзге де қорландыру қаражатының арақатынасы 70/30-ды құрауға тиіс. Аванстық төлем жергілікті бюджет қаражаты немесе лизинг алушының меншікті қаражаты есебінен кемінде 15 %-ды құрайды (лизингтік төлемдер республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен өтелген жағдайда аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі);
автобус паркін жаңарту. Автобустарды лизингтік қаржыландыру "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге теңгемен беріледі, өтініш берушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7 %-ды құрауы тиіс, бұл ретте бюджет қаражаты мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының өзге де қорландыру қаражатының арақатынасы 70/30-ды құрауға тиіс. Аванстық төлем жергілікті бюджет қаражаты немесе лизинг алушының меншікті қаражаты есебінен кемінде
15 %-ды құрайды (лизингтік төлемдер республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен өтелген және/немесе банктік кепілдік және/немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарты ұсынылған жағдайда аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі). Бұл ретте дәнекерлеу және бояу бойынша операцияларды қамтитын әдіспен шығарылған автобустардың модельдеріне аванстық төлем кемінде 5 %-ды құрайды;
жүк тасымалдарына қатысатын автокөлік құралдары паркін жаңарту. Жүк тасымалдарына қатысатын автокөлік құралдарын лизингтік қаржыландыру "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге теңгемен беріледі, өтініш берушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 %-ды құрауға тиіс, бұл ретте бюджет қаражаты мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының өзге де қорландыру қаражатының арақатынасы 70/30-ды құрауға тиіс. Аванстық төлем жергілікті бюджет қаражаты немесе лизинг алушының меншікті қаражаты есебінен
0 %-ды құрайды (лизингтік төлемдер республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен өтелген жағдайда аванстық төлемсіз қаржыландыруға жол беріледі);
ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарын, арнайы мақсаттағы автотехниканы (бұдан әрі – автокөлік құралдары) лизингке сатып алатын өтініш берушілерді лизингтік қаржыландыру өтінім берушілер үшін жылдық 3 % сыйақы мөлшерлемесімен 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы арқылы теңгемен беріледі. Аванстық төлем 30 %-ды құрауға тиіс. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде лизингтік қаржыландыруға жол беріледі. Лизингтік қаржыландыру көздері республикалық бюджет қаражаты болып табылады;
құрылыс индустриясы (құрылыс материалдары өндірісі) және ағаш өңдеу өнеркәсібі жобаларын лизингтік қаржыландыру өтінім берушілер үшін жылдық 3 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен 10 жыл мерзімге "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы арқылы теңгемен беріледі. Бюджет қаражаты "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту жолымен бөлінеді.
Лизингтік қаржыландыруды индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, мемлекеттік мекемелер, жергілікті, орталық және мемлекеттік атқарушы органдар, мекемелер, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындары пайдалана алады.
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру, сондай-ақ мезониндік қаржыландыруды ұсыну (оператор – "Қазына капитал менеджмент" акционерлік қоғамы).
Үлестік және мезониндік қаржыландыру жеңілдікті шарттар шеңберінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына қор/тікелей инвестициялар қорлары арқылы: қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін, "Қазына капитал менеджмент" акционерлік қоғамы қорының жарғылық/акционерлік капиталда 49 %-ға дейін қатысуы, сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі – 8 %, бір жобаға инвестициялар мөлшері – 1 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін беріледі.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының капиталына инвестицияларды жүзеге асыру үшін тікелей инвестициялар қорларын қорландыру үшін "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ жарғылық капиталын кейіннен толықтыра отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жарғылық капиталын толықтыру үшін бюджет қаражаты бөлінеді.
Ішкі нарықты дамыту
Өңдеу өнеркәсібін дамыту ішкі нарықтың жетілгендігі мен күрделілігіне байланысты болады. Сауданың ішкі экожүйесін дамытуға бағытталған көлденең сауда саясатын әзірлеу қажет, онда сату арналарына қол жеткізуді дамыту, сауда қызметін ілгерілету және жақсарту қағидаттары, тәсілдері мен шаралары тұжырымдалады. Бұл саясат отандық өндірушілердің бөлшек сауда арналарына қол жеткізуін жеңілдету, қазақстандық сынақ зертханалары мен сертификаттау орталықтарының нәтижелеріне деген сенімді арттыру жөніндегі міндеттерді шешуді қамтуға тиіс.
Кәсіпорындардың ішкі және сыртқы нарықтарға жүйелі қол жеткізуін қамтамасыз ету сауданы дамытуға бағытталған тұжырымдамаға және ұлттық жобаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ішкі нарықты дамытуды мемлекеттік ынталандырудың жүйелі шаралары шеңберінде елішілік құндылықты арттыру жөніндегі жұмыс күшейтіледі, оның ішінде:
1) реттелетін сатып алу шеңберінде жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға, инновацияларды тиімді енгізуді қолдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу базасын дамытуға және оны өндірістік процеспен ықпалдастыруға бағытталған тетіктер пысықталады;
2) техникалық жетілген және жаңғыртылған мемлекеттік эталондар негізінде сенімді өлшем жүйелерін құру;
3) ішкі және сыртқы нарықтарда отандық кәсіпорындар мен өңдеу секторы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа кешенді шараларды енгізу жұмысы жалғасады.
Ғылыми-зерттеу және инженерлік-техникалық секторда көрсетілетін қызметтерді дамыту есебінен қалыптасқан жинақталған білім мен тәжірибені импортталатын өнімді жергіліктендіруде іске асыру қажет. Бұл үшін өнім берушілерді дамыту жөніндегі мықты бағдарламаларға ие және логистикаға арналған шығыстарды және басқа да операциялық шығындарды төмендету үшін жергілікті деңгейде сатып алуды жүзеге асыруға табиғи қызығушылығы бар жаһандық "зәкірлік" компанияларды құрылатын өндірістерге инвестициялау үшін тарту болжанады. Ішкі өндірісті дамытудың перспективалы бағыттары:
1) келісімшарттық өндірістер құру;
2) бірлескен өндірістер құру;
3) өнімді жергіліктендіру арқылы шетелдік капиталды тарту болуға тиіс.
Тоқтап тұрған кәсіпорындарды жүктеу және өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын өндірістік қуатқа шығару мақсатында реттелетін сатып алуға халықаралық келісімдермен жол берілген және тапсырыс берушілерді өңдеу өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға ынталандыруға арналған тетіктер (мысалы: техникалық ерекшелікте ұлттық стандартқа сілтеме жасаудың міндетті талабы және т.б.) енгізілетін болады.
Өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын қосымша жүктеу мақсатында отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі реттеуші тетіктер және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және өндіріс перспективалары жоқ импорттық шикізатқа қол жеткізуді жеңілдету жөніндегі ынталандыру шаралары, оның ішінде салықтық және кедендік ынталандыру шаралары әзірленеді.
Осылайша, өңдеу өнеркәсібінің ішкі нарығын дамыту үшін мынадай жүйелі шаралар пысықталады:
Еуразиялық экономикалық одақ және Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде рұқсат етілген, экономиканың стратегиялық маңызды секторларының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды енгізу (ұлттық режимнен алып тастау, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары және т.с.с.);
шетелдік инвесторлардың ірі жобаларды іске асыруы кезінде қазақстандық компанияларды әріптестер ретінде тарту жөніндегі шарттарды көздеу;
ірі өндірістік кәсіпорындардың айналасында технологиялық байланысты және сервистік қызметтер көрсету, жиынтықтауыш материалдар шығару және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі шағын және орта компаниялар құру арқылы өндірістерді жергіліктендіруді ынталандыру;
өнеркәсіптегі ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесіп, субконтрактация орталықтарын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастық пен кооперацияны дамыту мақсатында өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның халықаралық жүйелеріне қатысу;
отандық өңделген өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты базасында өнім берушілерді дамыту қызметін құру, бұл олардың Қазақстан Республикасы экономикасының шикізат және өңдеу секторларының ірі тапсырыс берушілері үшін әлеуетті өнім берушілер болуына мүмкіндік береді;
реттелетін сатып алу бойынша келісімшарттарды (оның ішінде EPC) орындау шеңберінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары мен өнеркәсіп салаларының кооперациясын дамыту жөніндегі ынталандыру шараларын әзірлеу.
ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның халықаралық жүйелеріне қатысу ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер іске асыратын "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Жоба мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне өнеркәсіптік кооперация және субконтрактация бойынша неғұрлым тиімді әріптестерді жедел іріктеу, шағын және орта кәсіпорындарды ірі өндірушілердің өндірістік тізбектеріне тарту, технологиялар трансфері арқылы инновациялық процестерді ынталандыру тетіктерін беретін цифрлық экожүйе құруды көздейді. "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" бойынша ұлттық оператор өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты болады, ал жалпы үйлестіру индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.
Өнім берушілерді дамыту қызметі олардың құзыреттерін арттыру, ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі мәселелерінде ірі сатып алушылардың талаптарына сәйкес келу үшін шағын және орта бизнеспен тығыз жұмыс істейтін болады, бұл ретте олардың тиісті ірі сатып алушылармен өндірістік-сауда байланыстарын дамытуға көмектеседі. Қызметтің жұмысы шағын және орта бизнестің экспорттық мүмкіндіктерін жақсартуға көмектеседі:
1) халықаралық сапа стандарттарына, сапаны басқару жүйелеріне өтуге қолдау көрсету және оларды пайдалануға жәрдемдесу;
2) экспорттаушы кәсіпорындардың нақты нарықтарда табысты жұмыс істеуі үшін қажетті арнайы білім мен дағдыларды қамтамасыз ету;
3) технологиялық жетілдіруге және қосылған құны бар өнімдерді жасауға жәрдемдесу, бұл экспорттың одан әрі дамуы мен өсуі үшін әлеует жасайды.
Өңдеу өнеркәсібі отандық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуетін барынша іске асыру мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ұлттық режимнен алып тастауға рұқсат етілген норманы қолдану үшін тауарларды анықтау жөніндегі тұрақты негізде талдамалық жұмыс жүргізу қажет. Талдау және алып тастау рәсімін жүргізу қорытындылары бойынша біз реттелетін сатып алу арқылы алып тастау тізбесіне енгізілген өңдеу өнеркәсібі тауарларын отандық өндірушілердің қуаттарын барынша жүктеу мүмкіндігіне ие боламыз.
Импорттық тауарларды реттелетін сатып алудың нарықта болуына жол бермеу мақсатында ұлттық режимнен, оның ішінде импорттан алып тастау тізбесінен тауарлардың қозғалысына (бейінді мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен) тұрақты мониторинг пен талдау жүргізу қажет.
Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру әлеуетін одан әрі дамыту үшін келесі қадам "мәжбүрлі жергіліктендіруге" жүгінбей-ақ, өнім берушілердің жеке базасын толықтыра отырып, трансұлттық компанияларды жергілікті өндірушілермен ынтымақтастыққа тарту, әлеуметтік жауапкершілікті көтермелеу және халықаралық стандарттарға икемделуге және сыртқы өткізу нарықтарына шығуға қабілетті бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту процесі болады.
Машина жасау саласында, сервистік компаниялар саласында жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамыту мен жаңаларын құруда бірлескен іс-қимылды үйлестіру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасын, кадрлық әлеуетті дамыту, операторлардың сатып алуы шеңберінде тендерлік рәсімдерді біріздендіру, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің бірыңғай дерекқорын құру жұмысы күшейтіледі.
Ірі тапсырыс берушілермен жұмыс ішкі нарықты дамыту бойынша қатысушылардың үйлестірілген іс-қимылы үшін негіз және отандық өндірушілер мен тапсырыс берушілер арасындағы келіссөздердің тиімді құралы болады.
Босатылатын жұмыс күшін қайта мамандандыру және қайта бағдарлау үшін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында жоғары және орта мамандықтар бойынша оқу ұйымдарының өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен ынтымақтастығына бастама жасалады.
Бұл шаралар ішкі нарықта жоғары технологиялық өнімнің болмауы, отандық өнім берушілер мен өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінің төмендігі проблемаларын шешуге көмектеседі.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі кешенді шаралар басты өлшемшарты халықаралық стандарттар шеңберінде жоғары сапа стандарттарын енгізу қабілеті болып табылатын тауарларға қатысты жүзеге асырылатын болады.
Кейіннен отандық өндірушілердің өнімді игеру мүмкіндігін айқындау мақсатында сұранысқа ие өнімді анықтау бойынша талдау жүргізе отырып, тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әлеуетті сұранысты анықтау үшін жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құраушы кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың нарығы мен сатып алу көлемдеріне тұрақты негізде талдау жүргізілетін болады, осы жұмыстың нәтижесі кәсіпорындардың кооперациялық байланысы және жасалған оффтейк-келісімшарттар болып табылады.
Ірі тапсырыс берушілер мен өндірушілер арасында оффтейк келісімшарттарға қол қою кезінде жәрдемдесу:
нарық ішінде қосылған құнды дамыту және экспортқа шығу үшін өндірістің жаңа түрлерін дамытуға;
салаларды технологиялық дамыту мен цифрландыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс істеп тұрған өндірістерге мемлекеттік көмектен басқа бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өнімнің жаңа өндірістерін игеруде ұсынымдар мен бағыттар ұсынылады. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізудегі осындай бағыттардың бірі барынша сұранысқа ие импортталатын өнімдердің тізбесін қалыптастыру болып табылады.
Инновацияларды дамыту / технологиялық даму
Өңдеу өнеркәсібінде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа немесе едәуір жақсартылған өнімді (тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті), технологияны немесе процесті, маркетингтің жаңа әдісін немесе іскерлік практикадағы, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастырудағы жаңа ұйымдастырушылық әдісті пайдалануға енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау инновациялық гранттар, бизнес-инкубациялау гранттарын, өнеркәсіптік гранттар беру жөніндегі құралдар және өндіріске жаңашылдықтарды, оның ішінде процестік инновацияларды енгізуге жәрдемдесуге бағытталған басқа да құралдар арқылы жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, өнімнің технологиялық күрделілігін, корпоративтік инновацияларды және технологиялар трансфертін арттыруға бағытталады.
Айталық, мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттарының бірі жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ оларды одан әрі енгізу мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өндірістер, процестер мен технологиялар құру арқылы қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық өлшемшарт болып табылады.
Тұтастай алғанда, өнеркәсіптің инновациялық дамуы технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының сарапшылық әлеуетін пайдалана отырып, өнеркәсіптің инновациялық дамуының технологиялық бағдарлары мен басым бағыттарын айқындауды қамтитын тетік пен құралдарды көздейтін елдің жалпы технологиялық саясатына сәйкес қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыс құрылатын технологиялық платформалар алаңында бизнес-қоғамдастықтың, өнеркәсіптің, ғылымның және IT-сектордың тығыз коллаборациясы кезінде жүзеге асырылатын болады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың IT-компаниялармен тиімді өзара іс-қимылы өндірістерді автоматтандыру, заттар интернеті технологияларын, жасанды интеллект пен үлкен деректерді қолдана отырып, процестерді цифрлық басқару есебінен олардың бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін арттыру тұрғысында аса өзекті болып табылады.
Қазақстандық кәсіпорындарды автоматтандыру деңгейі төмен күйінде қалуда. Айталық, өңдеу кәсіпорындарының 80 %-дан астамы және өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарының 60 %-ы автоматтандырылған өндіріске көшу кезеңінде ғана тұр.
Өнеркәсіпті автоматтандыру мен цифрландырудың мұндай деңгейі кәсіпорындарда цифрландыруға ынталандыру мен ынталандырудың болмауымен қатар жеткілікті құзыреттердің, ресурстардың жетіспеушілігімен және 4.0 индустрия технологиялары мен олардың мүмкіндіктері туралы жеткіліксіз ақпаратпен де байланысты. Бұл ретте отандық IT-компаниялар үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың сапалы деректеріне қол жеткізу шектелген, бұл өз кезегінде жетілген IT-шешімдерді әзірлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты салалық көшбасшылардың – өнеркәсіптік кәсіпорындар (ERG, Kazakhmys, Kaz Minerals, Kazzinc, Алтыналмас, Alageum electric және т.б.), цифрлық шешімдердің халықаралық жеткізушілері (вендорлар) (Fraunhofer, Siemens, Kuka, SAP, Kaspersky және т.б.), беделді сарапшылық ұйымдар (World Bank, KPMG, Strategy Partners және т. б.) және отандық ҒЗИ (Назарбаев университеті, Сәтбаев университеті, Astana IT университеті, Astana IT университеті, Қонаевтың ТКИ және т.б.) тәжірибесі мен сараптамасы негізінде 4.0. индустрия саласында білім базасы қалыптастырылатын болады.
4.0. индустрияның білім базасы цифрлық технологияларды енгізу арқылы кәсіпорындар процестерінің тиімділігін арттыру бойынша отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бейімделген сараптаманы және барлық мүдделі ұйымдар үшін ашық қолжетімділікте ұсынылатын іске асырылған жобалар туралы ақпаратты шоғырландырады.
4.0. индустрия саласындағы білім базасы цифрлық технологияларды өндіріске енгізудің артықшылықтары мен тәуекелдерін практикалық мысалдарда көрсетуге; 4.0. индустрияның әртүрлі салаларынан жинақталған және шашыраңқы сараптамаларды шоғырландыруға және біртұтас білім базасы түрінде ұсынуға; 4.0. индустрия саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мүдделі адамдардың құзыреттерін арттыруға; цифрлық технологияларды пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесін ұлғайтуға; білім базасында ұсынылған кейстердің арқасында цифрлық технологияларды енгізу және цифрлық өндіріске көшу кезінде қателерді азайту есебінен өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға; жүйелі тәсілдерді көрсету және олардың негізінде табысты кейстерді арттыру арқасында 4.0. индустрияны танымал етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, микросервистік сәулет базасында IT-компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды Smart Industry Management Platform (бұдан әрі – SIMP) цифрлық технологиялық платформасына біріктіретін алаң қалыптастырылатын болады, ол әрбір сала бойынша жеке модульдерді қосу және қолданыстағы ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы функционалды тұрақты өрістетуге және дамытуға мүмкіндік береді.
SIMP платформасын пайдалану кәсіпорындар үшін де, сол сияқты IT-компаниялар (инноваторлар) үшін де мынадай негізгі әсерлер мен артықшылықтарға ие болуы тиіс:
PaaS / SaaS кеңінен тарату есебінен кәсіпорындардың күрделі шығындарын қысқарту, сондай-ақ жүйелерді толық күтіп-ұстау мен техникалық қызмет көрсету шығындарын азайту, отандық IT шешімдер енгізу;
цифрлық шешімдерді енгізу есебінен өнеркәсіптік кәсіпорындарда технологиялық процестерді оңтайландыру;
"бірыңғай терезе" арқылы мемлекеттік қолдау шаралары мен көрсетілетін қызметтер алу;
өнеркәсіп салаларын дамыту бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін цифрлық деректердің үлкен көлемін жинау, өңдеу және талдау процесін автоматтандыру;
өнеркәсіптік кәсіпорындар сапалы отандық IT шешімдерге қол жеткізе алады, платформада IT-компаниялармен шарттар жасай алады;
платформада өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері мен "4.0 индустрия" саласындағы мамандар үшін онлайн-конференциялар, вебинарлар, қайта мамандану курстарын өткізуге болады;
платформада өнеркәсіптік кәсіпорындар және оларды цифрландыру деңгейі туралы мәліметтерді қамтитын Өнеркәсіптің интерактивті картасы орналастырылған;
бұдан басқа SIMP платформасын басқа ақпараттық жүйелермен біріктіру мүмкін болады;
"4.0 индустрия" саласында жоғары білікті жұмыс орындарын құру.
SIMP цифрлық технологиялық платформасы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен отандық IT-әзірлемелердің технологиялық міндеттерін орналастыру үшін инфрақұрылымды ұсыну, сондай-ақ деректердің үлкен көлемін өңдеу, 4.0 индустриясының бағыты бойынша мамандардың құзыретін арттыру арқылы өнеркәсіп пен IT-саласы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты құруға мүмкіндік береді.
SIMP цифрлық технологиялық платформасы микросервистік архитектурада әзірленетінін ескере отырып, бұл оны басқа салалар бойынша жаңа модульдермен толықтыруға және қолданыстағы ақпараттық жүйелерді цифрлық технологиялық платформаларды әзірлемей-ақ интеграциялауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Дүниежүзілік экономикалық форумның 4ӨР үлестес орталығы және АХҚО базасында ҚР Үкіметі шеңберінде 4.0 индустрия шеңберінде экономиканың барлық салаларында цифрландыру қарқынын арттыру мақсатында ұқсас салаларды цифрландыруда табысты халықаралық кейстері бар сапалы білім базасын өрістету мен шоғырландыру және осы процеске халықаралық сарапшылардың құзыреттерін тартуды жүзеге асыру қажет.
Бұл бастамалардың орнықты дамуы үшін стандарттар мен заңнамаларды кезең-кезеңімен үйлесімдеу арқылы қол жеткізуге болатын халықаралық нормалар мен стандарттарды біріздендіру қажеттілігі туындайды. Кешенді тәсіл мақсатында 4ӨР орталығы "Digital El" ұлттық жобасына бірқатар іс-шаралар енгізді.
Орталықтың ресурстық базасы қазіргі уақытта кеңейіп, Дүниежүзілік экономикалық форумның дерекқорымен (халықаралық сарапшылар, бенчмарк және т.б.) нығайтылуда.
Өнеркәсіпті цифрландыру
Қалыптасқан трендтерді ескере отырып, Қазақстан өнеркәсібінің және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жетекшілік ететін экономиканың басқа салаларының тұрақты өсуі мен бәсекеге қабілеттілігі технологиялық тұрғыда прогрессивті өнеркәсіп құру, кейіннен жаһандық нарықтарға шыға отырып, жоғары технологиялық және/немесе бәсекеге қабілетті өнім жасауға бағдарланған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі қорларын трансформациялау және цифрландыру арқылы мүмкін болады.
Бұл үшін өңдеу өнеркәсібі өндірушілерін ынталандыру шараларының кешенін көздеу қажет. Атап айтқанда, "цифрлық дәуір" өнеркәсібінің қалыптасу процесін ескере отырып, заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша жоғары технологиялық өнім шығаратын кәсіпорындарды екпінді ынталандыру жүзеге асырылады.
Шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылады:
1) өнеркәсіпті автоматтандыру процесін ынталандыру үшін құқықтық жағдайлар мен реттеуді жақсарту;
2) өнеркәсіпті автоматтандыру процесін ынталандыру үшін кәсіпорындарды Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, өнеркәсіп үшін цифрлық инфрақұрылым құру;
3) өнеркәсіпте 4.0 индустрияның цифрлық шешімдері мен элементтерін енгізу үшін қолданыстағы мемлекеттік ынталандыру құралдарын өзектілендіру және жаңаларын әзірлеу;
4) кәсіпорындардың цифрландыруға хабардарлығын және мүдделілігін арттыру (оқыту, әдіснамалық және сараптамалық қолдау, кәсіпорындар мен ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру, оның ішінде 4.0 индустриясы бойынша білім базасын қалыптастыру);
5) IT компаниялардың, ғылыми-зерттеу институттарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың және т.с.с. өзара іс-қимылы үшін алаң құру;
6) жүйе құраушы компаниялардың цифрландыру және автоматтандыру жобаларын одан әрі іске асыру және мониторингтеу.
Қолдау шараларының осы жүйесін қалыптастыру процесінде жаңа буынның техникасы мен жабдығын пайдалануға негізделетін цифрлық трансформация арқылы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындары өндірісінің тиімділігін арттыру, өндірісті цифрлық және технологиялық жаңғырту үшін инновациялық гранттар беру, еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу, лизингтік қаржыландыруды ұсыну және т.б. үшін даму институттарының цифрлық технологиялар саласына баса назар аударуына көңіл бөлінеді.
Өнеркәсіпті цифрландыруға бағытталған және "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасында көзделген іс-шаралармен қатар "Цифрландыруды, ғылымды және инновацияларды дамыту есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы шеңберінде байланыс операторлары өнеркәсіптік кәсіпорындар шоғырланған жерлерде, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда интернетке жоғары жылдамдықты кең жолақты қолжетімділігі бар цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз ететін болады.
Бірыңғай индустрияландыру картасы
Өңдеу өнеркәсібінің жобаларына толыққанды мониторинг жүргізуді, сондай-ақ оларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай индустрияландыру картасы қабылданады, оған қарсы міндеттемелерді қабылдай отырып, мемлекеттік ынталандыру шараларын алған немесе алуды жоспарлап отырған өңдеу өнеркәсібінің жобалары енгізілетін болады.
Бірыңғай индустрияландыру картасы жобаларының мониторингі, оны өзектілендіру және сүйемелдеу, іске асырудың ағымдағы және жүйелі проблемалары мен олардың себептерін анықтау бойынша жұмыс оларды шешу бойынша одан әрі тиісті ұсыныстар тұжырымдай отырып, тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Бірыңғай индустрияландыру картасының мониторингі, сондай-ақ оның жобаларын сүйемелдеу жауапты салалық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын деректер, сондай-ақ өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан жобаның өтініш берушісі туралы бастапқы статистикалық деректер негізінде жобаларды іске асырудың тиімділігін айқындауды көздейді.
Айталық, Бірыңғай индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйені іске асыру құралы болады және өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілері іске асыратын жобалар жиынтығын білдіреді.
Индустрияландыру саясаты өңдеу өнеркәсібінің міндеттерін шешуге шоғырланады. Ол инвестициялық ахуалды дамыту, шетелдік инвестицияларды тарту және ұстап қалу, экспортты ілгерілету, жаппай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, жалпы және цифрлық инфрақұрылымды, сондай-ақ өңірлерді дамыту бойынша қабылданған ұлттық жобалармен ұштасатын болады.
Индустрияландыру саясатының түпкілікті нәтижесі – өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі. Мұндай нәтижеге қол жеткізу қазақстандық тауарлар экспортының өсуімен, номенклатураның кеңеюімен және "күрделенуімен", сондай-ақ ішкі нарықта шетелдік өнім берушілермен табысты бәсекелестікпен расталатын болады.
5. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер (әлеуметтік-экономикалық тиімділік)
Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады (4-кесте):
өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің 2019 жылғы деңгейге қарағанда 38,9 %-ға өсуі;
өңдеу өнеркәсібі ЖҚҚ – 15 трлн теңгеге дейін;
өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2019 жылғы деңгейге қарағанда 79,5 %-ға нақты өсуі;
экономикалық күрделілік индексіндегі (Гарвард) орынды 74-тен 69-ға дейін (-0,26 баллдан -0,16 баллға дейінгі деңгейге) жоғарылату.
4-кесте. Өңдеу өнеркәсібіндегі нысаналы индикаторлар
Р/с № | Нысаналы индикаторлар |
Өлш. бірл. | Ақпарат көзі |
2019 жыл (факт) | 2020 жыл (факт) | Болжам | Орындауға жауаптылар | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | |||||||
1. | Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің өсуі | 2019 жылғы деңгейге қарағанда % | СЖРА ҰСБ | 100,0 | 104,2 | 116,4 | 121,4 | 127,9 | 133,3 | 138,9 | ИИДМ, АШМ, ЭМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ДСМ, МСМ, ЭГТРМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) |
2. | Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосылған құны | трлн теңге | СЖРА ҰСБ | 8,0 | 9,3 | 9,9 | 11,2 | 12,4 | 13,7 | 15,0 | ИИДМ, АШМ, ЦДИАӨМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) |
3. | Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің НКИ | алдыңғы жылға қарағанда % | СЖРА ҰСБ | 105,8 | 104,1 | 105,2 | 103,5 | 103,6 | 104,3 | 104,3 | ИИДМ, АШМ, ЦДИАӨМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) |
4. | Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты өсуі | 2019 жылғы деңгейге қарағанда % | СЖРА ҰСБ | 100,0 | 104,4 | 107,8 | 124,2 | 144,5 | 166,5 | 179,5 | ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) |
5. | Экономикалық күрделілік индексіндегі(Гарвард) орынның жоғарылауы | орын (балл) | Гарвард университетінің рейтингі |
78 |
74 |
75 |
73 |
72 |
74 |
69 | ИИДМ, СИМ, ҰЭМ, СІМ, АШМ, ЭМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
Тұжырымдаманың нысаналы индикаторлары Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес келеді.
Тұжырымдамаға енгізілген тәсілдер мен тетіктер өңдеу өнеркәсібі бәсекеге қабілеттілігінің өсуін арттырады және 2025 жылға қарай мынадай күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
21 мың бірлікке дейін сыни массаны қамтамасыз ететін өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары санының өсуі;
ірі және орта компаниялардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін өткізуден түсетін табысты 17,7 трлн теңгеге дейін ұлғайту;
технологиялық күрделілігі орташа және жоғары экспорт көлемін 8,6 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту.
Көрсетілген кезеңде Тұжырымдаманың көрсетілген міндеттеріне қол жеткізу осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымша |
6. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Р/с № | Атауы | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бағыт. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі | ||||
1-нысаналы индикатор. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 2019 жылғы деңгейден 38,9 %-ға өсуі | ||||
2-нысаналы индикатор. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосылған құны – 15 трлн теңгеге дейін | ||||
| Қарсы міндеттемелерді енгізу жөніндегі тәсілдерді, Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімді, өнеркәсіптік грант беру бойынша мемлекеттік ынталандырудың жаңа шарасын заңнамалық деңгейде бекіту | Қазақстан Республикасының Заңы | 2022 жыл | ИИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар |
| Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жабдықтарын жаңғыртуға бағытталған жобаларды (өнеркәсіптік грант) іске асыру | өнеркәсіптік гранттар беру туралы шарттар | 2022 – 2025 жылдар |
ИИДМ, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ |
| "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қатысуымен өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру ("Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту және/немесе бюджеттік кредиттеу жолымен) | МИЖ, ҚЭН, есеп | 2022 – 2025 жылдар |
ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ |
4. | Түпкі қарыз алушылар үшін бюджеттік қаражатты коммерциялықпен араластыру жолымен жылдық 11 %-дан астам емес сыйақы мөлшерлемесі бойынша бюджеттік инвестициялар/бюджеттік кредит беруді жүзеге асыру арқылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қатысуымен өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру | МИЖ, ҚЭН, есеп | 2022 – 2025 жылдар |
ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚДБ" АҚ |
5. | Үлестік және мезониндік қаржыландыру құралдары арқылы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына инвестицияларды жүзеге асыру | МИЖ, ҚЭН, есеп | 2022 – 2025 жылдар |
ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚКМ" АҚ |
6. | Импорт алмастыру шеңберінде ("Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту арқылы) құрылыс индустриясындағы (құрылыс материалдарын өндіру) және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру | МИЖ, ҚЭН, есеп | 2022 – 2025 жылдар |
ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ |
7. | Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық процестері үшін ұсынымдар әзірлеу | жыл сайын кемінде 20 ұсыным | 2021 – 2025 жылдар |
ИИДМ, ЦДИАӨМ, АШМ, ЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), |
8. | Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін шешімдер тізілімін жасау және ілгерілету | АТ-шешімдердің тізілімі | 2021 – 2025 жылдар |
ИИДМ, ЦДИАӨМ, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша), "ИТП" ДКҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "АХҚО" АҚ |
9. | Арнайы материалдар негізінде Қазақстан Республикасында салааралық ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін құру және іске асыру | атқарылған жұмыс туралы есеп | 2021 – 2025 жылдар |
ИИДМ, "ҰТБО" РМК |
10. | Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында босатылатын жұмыс күшін қайта мамандандыру және қайта бағдарлау жүйесін ұйымдастыру | облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері мен жұмыс күшінің босатылуын күтетін жұмыс берушілер арасындағы меморандум | 2023 жыл | облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, Еңбекмині, БҒМ, ИИДМ, АШМ, ЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
11. | Ірі кәсіпорындарда жұмыскерлердің басқарылатын ағылуы бойынша мониторингті жүзеге асыру | ИИДМ-ға ақпарат | 2022 – 2025 жылдар | Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, ИИДМ, АШМ, ДСМ, ЭМ, ЦДИАӨМ, ЭГТРМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
2-бағыт. Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялар | ||||
1-нысаналы индикатор. Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2019 жылғы деңгейге қарағанда 79,5 %-ға нақты өсуі | ||||
12. |
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне: | ҰЭМ-ге ұсыныстар | 2022 жыл | ИИДМ, Қаржымині, ЭМ, АШМ, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша) |
13. | Реттелетін сатып алуда тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін реттеу мәселесін пысықтау | Үкіметке ұсыныс | 2022 жыл | ИИДМ, Қаржымині, ЭМ, СИМ |
14. | "Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына стратегиялық тауарлардың (шикізат пен жиынтықтаушылардың) тізімін өзектілендіру бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар | 2022 жыл | ИИДМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
15. | "Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 356 қаулысына ұлттық режимнен алып тасталатын тауарлардың тізбесін кеңейту мәселесі бойынша өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2022 жыл | Қаржымині, СИМ, ИИДМ |
16. | Жүйе құраушы кәсіпорындарды сатып алуда елішілік құндылықты реттеу және мониторингтеу тетігі бойынша ұсыныстар тұжырымдау | Қаржыминіне ұсыныстар енгізу | 2022 жыл | ИИДМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
17. | АЭА және ИА қызметінің жұмыс істеуінің жаңа тәсілдерін әзірлеу және енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2022 жыл | ИИДМ, СИМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
18. | АЭА және ИА инфрақұрылымын салу | ИИДМ-ға ақпарат | 2022 – 2025 жылдар | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, СИМ, Қаржымині, ЭМ |
19. | Машина жасау өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру: ауыл шаруашылығы техникасы | МИЖ, ҚЭН | 2022 – 2025 жылдар | ИИДМ, АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
20. | Машина жасау өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру: автобустар | МИЖ, ҚЭН | 2023 – 2025 жылдар | ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
21. | Машина жасау өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру: өрт сөндіру, құтқару, санитариялық, коммуналдық техника, шұғыл қызмет машиналары, патрульдік автомобильдер | МИЖ, ҚЭН | 2022 – 2025 жылдар | ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
22. | Машина жасау өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру: жүк тасымалдарына қатысатын автокөлік құралдары | МИЖ, ҚЭН | 2022 – 2025 жылдар | ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
23. | Машина жасау өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру: жеңіл автомобильдер | МИЖ, ҚЭН | 2022 – 2025 жылдар | ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
24. | Машина жасау өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру: Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдары және арнайы мақсаттағы автотехника | ПМК-ге ақпарат | 2022 – 2025 жылдар | ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "КДБ" АҚ (келісу бойынша) |
2-нысаналы индикатор. Экономикалық күрделілік индексіндегі (Гарвард) орынды 74-тен 69-ға дейін жоғарылату (-0,26 баллдан -0,16 баллға дейінгі деңгейге) | ||||
25. | Бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлеу және бекіту | ИИДМ бұйрығы | 2022 жыл | ИИДМ, ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) |
26. | Аумақтық кластерлер шеңберінде жаңа жобаларды іске қосу | ИИДМ-ға ақпарат | 2022 – 2025 жылдар | Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Алматы, Түркістан облыстарының және Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша) |
27. | Іріктелген 6 аумақтық кластер орналасқан өңірлерде (Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы, Шымкент қалалары) білім беру мекемелерінің қатысуымен тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру орталықтарын ұйымдастыру | Кластерлерге қатысушылар бекіткен Кластерді жетілдіру орталығы туралы ереже | 2025 жыл | Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Алматы, Түркістан облыстарының және Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ЦДИАӨМ, БҒМ, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша) |
28. | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің ішкі нарығында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру | қаржыландыруды ұсыну туралы шарттар | 2022 – 2025 жылдар |
ИИДМ, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ |
29. | Сирек және жерде сирек кездесетін элементтер негізінде жоғары пайдалану қасиеттері бар жаңа композициялық материалдар жасау | композициялық материалдарға патенттер | 2021 – 2025 жылдар |
ИИДМ, "МШКҚҰО" РМК |
30. | Отандық өндірушілерді 6 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша экспорттық қаржыландыруды ынталандыру | қаржыландыруды ұсыну туралы шарттар |
2021 – 2025 | СИМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚДБ" АҚ (келісу бойынша) |
31. | Рений мен басқа да сирек кездесетін металдар ала отырып, рений сульфиді мен ыстыққа төзімді никель қорытпалары металлургиялық өндірісінің қалдықтары түріндегі импорттық шикізатты қайта өңдеуді дамыту | МИЖ, ҚЭН | 2022 – 2023 жылдар |
ИИДМ, "Жезқазғансирекмет" РМК |
32. | Павлодар облысында қуаты жылына 240 мың тонна жоғары маркалы ферросилиций шығару өндірісін құру | пайдалануға беру актісі | 2021 – 2023 жылдар | ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚДБ" АҚ (келісу бойынша) |
Тұжырымдаманы басым тәртіппен іске асыру кезінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тиісті саланың Ұлттық жобаларында көрсетілген индикаторларға/көрсеткіштерге қол жеткізуге қаражат бөлінеді.
Басқа іс-шараларға қаражат экономиканың дамуын және бюджеттің кіріс базасын ұлғайту әлеуетін ескере отырып бөлінетін болады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ | – акционерлік қоғам |
"Атамекен" ҰКП | – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
АШМ | – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
АЭА | – арнайы экономикалық аймақ |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
БҒМ | – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
ДКҚ | – дербес кластерлік қор |
ДСМ | – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЕАЭО | – Еуразиялық экономикалық одақ |
Еңбекмині | – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖҚҚ | – жалпы қосылған құн |
МИЖ | – мемлекеттік инвестициялық жоба |
ҚЭН | – қаржылық-экономикалық негіздеме |
ИИДМ | – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
ИА | – индустриялық аймақ |
ИТП | – инновациялық технологиялар паркі |
КТС | – корпоративтік табыс салығы |
ҚҚС | – қосылған құн салығы |
НҚА | – нормативтік құқықтық акт |
Қаржымині | – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"ҚДБ" АҚ | – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы |
"МШКҚҰО" РМК | – "Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
РБ | – республикалық бюджет |
"ӨДҚ" АҚ | – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
"ҚКМ" АҚ | - "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы |
СЖРА ҰСБ | - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
СИМ | – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
СІМ | – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
"ҰИМТ" АЭА | – "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы |
"ҰТБО" РМК | – "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
ҰЭМ | – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ЭГТРМ | – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЭМ | – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
"QazIndustry" ҚИЭО" АҚ | – "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы |