Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысы.

Қолданыстағы

      Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі − Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):

      1) Жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 797 қаулысымен
бекітілген

Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары


Р/с

 

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Отандық зауыттарда мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды шығаруды ынталандыру мақсатында автобус тасымалын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны және табиғи газ отынын құю инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу

ИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, екінші деңгейдегі банктер (келісім бойынша), "ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана,
Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы ақпан

талап етілмейді

-

2.

Осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау

мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды және арнайы автомобильдерді
қабылдау-беру актілері

ИДМ (жинақтау),
облыстардың, Астана,
Алматы және Шымкент қалаларының, әкімдіктері

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

3.

Осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ға деген қажеттіліктің нысаналы көрсеткіштерін орындау

Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-мен қамтамасыз ету көлемі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісім бойынша),
"ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

4.

Осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындау

АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті
пайдалануға беру актілері
 

"ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша)
"ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС (келісім бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

46 млрд. теңге

жеке инвестициялар, қарыз қаражаты

5.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобус маршруттарын бөлуді ескере отырып, сондай-ақ "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Ташкент-Қорғас" халықаралық көлік дәліздерінде АГТКС және (немесе) КриоАЖҚС-ті салу үшін жер учаскелерін бөлу

жергілікті атқарушы органдардың қаулылары

облыстардың, Астана,
Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

6.

Республикаішілік  жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарында мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автобустарды жаңарту бойынша талаптарды белгілеу

республикаішілік
жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттары

облыстардың, Астана,
Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
 

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

7.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманы сәйкестендіру және (немесе) әзірлеу, АГТКС, КриоАЖҚС, көпотынды жанармай құю станцияларын, СТГ шығаратын зауыттарды жобалау, салу және пайдалану

ҚР ҚН, МемСТ, ҚР СТ

ИДМ,
"ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2022 жылдар

талап етілмейді

-

8.

Мотор отыны ретінде сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны пайдаланатын автокөлік құралдарын сатып алу және (немесе) қайта жабдықтауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарды және халықты ынталандыру үшін жеңілдікті кредит беру мәселесін және басқа да қаржылық, әкімшілік тетіктерді пысықтау

ИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана,
Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы наурыз

талап етілмейді

-

9.

Отандық дайындаушы зауыттарға автокөлік құралдарын шығаруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен және авторландырылған дилерлік орталықтардың Қазақстан Республикасына дайындаушы зауыттар шығарған қосотынды (бензин/сығылған ТГ, ДО/сығылған ТГ) автокөлік құралдарын әкелуін ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасау арқылы сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны мотор отыны ретінде пайдаланатын жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың санын ұлғайту

ИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, облыстардың, Астана,
Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы наурыз

талап етілмейді

-

10.

Сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны локомотивтік техникаларда қолдану бойынша пилоттық жобаны іске қосу мәселесін пысықтау

ИДМ-ге ұсыныс

"ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2020 жыл

талап етілмейді

-

11.

Ведомстволық/қызметтік автокөлік құралдарына, мемлекеттік органдардың арнайы көліктеріне сығылған ТГ және (немесе) СТГ-ны ендіру жөніндегі мәселені пысықтау

ИДМ-ге ұсыныс

ЭМ, ІІМ, Қорғанысмині, АШМ, облыстардың, Астана,
Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы мамыр

талап етілмейді

-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      Қаржымині– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "ҚазТрансГаз" АҚ – "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      АГТКС – автогаз толтыру компрессорлық станциясы;

      КриоАЖҚС – сұйытылған табиғи газ криогенді жанармай құю станциясы;

      ТГ – табиғи газ;

      СТГ – сұйытылған табиғи газ;

      ДО – дизель отыны;

      ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;

      МемСТ – мемлекеттік стандарт;

      ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты.


  Табиғи газды мотор отыны
ретінде пайдалануды өрістету
жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарына
1-қосымша

Мотор отыны ретінде сығылған және (немесе) сұйытылған табиғи газды пайдаланатын автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту бойынша нысаналы көрсеткіштер

      бірлік

Р/с

Әкімшілік-аумақтық бірлік

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1

Астана қаласы

0

400

800

1200

2

Алматы қаласы

1200

1600

1 800

2000

3

Шымкент қаласы

400

800

1 200

1600

4

Ақмола облысы

0

100

300

500

5

Ақтөбе облысы

200

300

400

600

6

Алматы облысы

200

400

500

600

7

Атырау облысы

200

300

400

500

8

Батыс Қазақстан облысы

200

300

400

500

9

Жамбыл облысы

200

300

400

600

10

Қарағанды облысы

0

200

300

600

11

Қостанай облысы

200

300

400

600

12

Қызылорда облысы

200

300

400

600

13

Маңғыстау облысы

200

200

300

500

14

Түркістан облысы

100

400

500

600

15

Павлодар облысы*

0

100

200

400

16

Солтүстік Қазақстан облысы*

0

100

200

400

17

Шығыс Қазақстан облысы*

0

0

0

200

ЖИЫНЫ

3 300

6 100

8 500

12 000


      * Газдандырылған жағдайда


  Табиғи газды мотор отыны
ретінде пайдалануды өрістету
жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығылған табиғи газға және (немесе) сұйытылған табиғи газға деген қажеттіліктің нысаналы көрсеткіштері

      млн. текше м.

Р/с

Әкімшілік-аумақтық бірлік

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1

Астана қаласы

0

17

34

50

2

Алматы қаласы

50

67

75

84

3

Шымкент қаласы

17

34

50

67

4

Ақмола облысы

0

4

13

21

5

Ақтөбе облысы

8

13

17

25

6

Алматы облысы

8

17

21

25

7

Атырау облысы

8

13

17

20

8

Батыс Қазақстан облысы

8

13

17

20

9

Жамбыл облысы

8

13

17

25

10

Қарағанды облысы

0

8

13

25

11

Қостанай облысы

8

13

17

25

12

Қызылорда облысы

8

13

17

25

13

Маңғыстау облысы

4

8

13

21

14

Түркістан облысы

8

17

21

25

15

Павлодар облысы*

0

4

8

17

16

Солтүстік Қазақстан облысы*

0

4

8

17

17

Шығыс Қазақстан облысы*

0

0

0

8

ЖИЫНЫ

135

258

358

500


      * Газдандырылған жағдайда


  Табиғи газды мотор отыны
ретінде пайдалануды өрістету
жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының газдандырылған өңірлерінде автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және (немесе) криогенді автомобильдік отын құю станцияларын салу бойынша нысаналы көрсеткіштер

      бірлік

Р/с

Әкімшілік-аумақтық бірлік

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1

Астана қаласы

0

3

7

10

2

Алматы қаласы

10

13

15

17

3

Шымкент қаласы

3

7

10

14

4

Ақмола облысы

0

1

3

4

5

Ақтөбе облысы

2

3

3

5

6

Алматы облысы

2

3

4

5

7

Атырау облысы

2

3

3

4

8

Батыс Қазақстан облысы

2

3

3

4

9

Жамбыл облысы

2

3

3

5

10

Қарағанды облысы

0

2

3

5

11

Қостанай облысы

2

3

4

5

12

Қызылорда облысы

3

3

4

5

13

Маңғыстау облысы

1

2

3

4

14

Түркістан облысы

2

3

4

5

15

Павлодар облысы*

0

1

2

3

16

Солтүстік Қазақстан облысы*

0

1

2

3

17

Шығыс Қазақстан облысы*

0

0

0

2

ЖИЫНЫ

31

54

72

100


      * Газдандырылған жағдайда