Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 722 қаулысы.

Жаңартылған
      2017 жылғы 23 қарашада Aстанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тексеру қызметі келісімді іске асыру бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.02.2021 № 98 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Чех Республикасының Үкіметіне қабылданған шешім туралы хабарласын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі        Б. Сағынтаев