2017 жылғы 23 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келісімді іске асыру бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Чех Республикасының Үкіметіне қабылданған шешім туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |