Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мыналардың:
1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2012 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1202 қаулысының;
2) "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 656 қаулысымен бекітілген |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мазмұны
3. Дамудың стратегиялық бағыттары
Кіріспе
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор, "Самұрық-Қазына" АҚ) даму жоспары ұзақ мерзімді стратегиялық құжат болып табылады, онда Жалғыз акционер белгілеген мақсаттарға қол жеткізудегі Қордың миссиясы айқындалған. Жоспар ұлттық дамумен, қойылған мақсаттармен, негізгі экономикалық міндеттермен түбегейлі үйлеседі және Қазақстан Республикасының даму мақсаттарына қол жеткізуде тәуелсіз қор ретінде Қордың маңыздылығын айқын көрсетеді.
Қор 2012 жылы өзінің 2012 – 2022 жылдарға арналған алғашқы даму стратегиясын әзірледі, ол әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жоюға, мемлекеттік бастамалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған. Активтер портфелін тиімді басқарудың арқасында Қор экономикалық өсуге және ел экономикасының дамуына үлес қосуға ықпал етті.
Қазіргі сәтте Қор маңызды даму кезеңінде тұр. Қордың алғашқы даму стратегиясы бекітілген сәттен бастап соңғы алты жылдың ішінде сыртқы макроэкономикалық ортада Қордың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға едәуір әсер еткен өзгерістер болды. Сондықтан Қордың одан әрі даму жолын қалыптастыру Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағыттарын, экономикалық дамудың жаһандық және өңірлік трендтерін, сондай-ақ өзіне ұқсас тәуелсіз қорлардың тиімділік көрсеткіштері мен дамуын ескере отырып айқындалуға тиіс.
Қордың стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруға мынадай үш фактор айтарлықтай әсер етеді:
1. Қазақстанның экономикалық өсуі бойынша жаңа ұлттық бастамалар. Мемлекет басшысы "Қазақстан-2050" стратегиясы" шеңберінде ұлт алдына дамыған отыз елдің қатарына кіру бойынша батыл мақсат қойды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары белгіленіп, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, сондай-ақ "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Мемлекет басшысының Жолдауы жарияланды. Еліміздің стратегиялық құжаттарында Қазақстанның экономикалық жағынан түбегейлі өзгеруі үшін негізгі өлшемшарттар – қабылданатын шешімдердің экономикалық тұрғыдан орындылығы, инвестициялардан түсетін кіріс, экономиканы әртараптандыру және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру айқындалған.
2. Портфельді әртараптандыру бөлігінде тәуелсіз қорларды дамытудың ғаламдық трендтері. Жаһандық тұрғыдан егемен ұлттық әл-ауқат қорлары (бұдан әрі – ЕҰӘҚ) экономикадағы орнықтылықты қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшін капиталды сақтау және қор жинау, ұлттық активтерді оңтайландыру, экономикалық әртараптандыру, сондай-ақ тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін құрылады.
Операциялық қызметі мен стратегиялық мақсаттарын Қормен салыстыруға болатын және акционер үшін портфельдің ұзақ мерзімді кірістілігін қамтамасыз ету бөлігінде тиімділігі жоғары Temasek, Khazanah, Mubadala, ADIA (Abu Dhabi Investment Authority), KIA (Kuwait Investment Authority) сияқты ЕҰӘҚ-тар ұқсас қорларды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылады. Бұдан басқа, ЕҰӘҚ рөлі экономикадағы секторларды әртараптандыруға, сондай-ақ инвестициялар портфелінің шоғырланған тәуекелдерін барынша азайту және болашақ ұрпақ үшін капиталды ұлғайтуды қамтамасыз ету үшін активтерді географиялық тұрғыдан әртараптандыруға бағытталған.
3. Қордың Қазақстандағы, сол сияқты халықаралық аренадағы рөлінің стратегиялық негізі. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі Қазақстанның стратегиялық мақсаты Қордың алдына өршіл мақсаттар қойып отыр әрі жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін маңызды өзгерістерді талап етеді. Инвестициялық портфелдің проблемалық мәселелерін шешу, ұлттық компаниялар қызметінің тиімділігі мен қаржылық орнықтылығын жақсарта түсу бойынша пәрменді шаралар қабылдау керек. Бұл портфельді әртараптандырудың арта түсуі үшін жаңа бастамалар іздеуге, акционер үшін табысты ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қордың халықаралық аренада болуын нығайта түсуге қоса атқарылатын іс.
Жоғарыда аталған факторлар Қордың таяудағы он жылға арналған стратегиялық пайымы мен мақсаттарын түбегейлі айқындап берді. Қордың 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарында (бұдан әрі – Даму жоспары) инвестициялық жобалар мен активтердің ағымдағы портфеліне өзгерістер енгізу, қаражатты қайта инвестициялау үшін тәсілдерді қайта қарау, шоғырланған тәуекелге жол бермеу үшін кірістерді әртараптандыруды, болашақ ұрпақ үшін игілікті сақтап қалу мен көбейте түсуді қамтамасыз ету ұсынылады.
Даму жоспарында оны іске асырудың стратегиялық кезеңдері де белгіленеді. Қысқа мерзімді кезеңде Қор өз назарын қаржылық орнықтылықты нығайту, портфельдік компаниялардың рентабельділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ағымдағы мәселелерді шешуге аударады. Орта мерзімді перспективада Қор Қазақстан аумағында да, оның шегінен тысқары жерлерде де инвестициялар мен активтердің (экономика мен география секторлары бойынша) кірісі жоғары әртараптандырылған портфелін қалыптастыруға күш салады. Қор ұзақ мерзімді перспективада портфельдің кірістілігін арттыру үшін халықаралық инвестициялар үлесін ұлғайта отырып, активтердің әртараптандырылған портфелін белсенді және тиімді басқаруға толық көшуді жоспарлап отыр.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Ағымдағы ахуалды талдау
Ескерту. 1-1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қор өз қызметінде "Қазақстан-2050" стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары сияқты негізгі стратегиялық экономикалық құжаттар мен өзге де мемлекеттік даму жоспарларын басшылыққа алады және өзінің активтер портфелін тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына қолдау көрсетуді көздейді. Қор операциялық тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті және инвестициялық тартымдылықты арттыру, портфельдік компаниялардың қаржылық орнықтылығын нығайту, сондай-ақ Қордың тиімді және әртараптандырылған активтер портфелін қалыптастыру бойынша басымдықтарды айқындайды.
2012 жылғы желтоқсанда "Қазақстан-2050" стратегиясы ұсынылды. Оның басты мақсаты Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіруі, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің қатарына қосылуы болып табылады. Тек қана экономикалық орындылық және ұзақ мерзімді мүдделер негізінде шешімдер қабылдау, сондай-ақ негізгі мақсат ретінде инвестициялардың кірістілігі деңгейін пайдалану басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде негіз болып табылады.
2015 жылғы мамырда Ұлт жоспары – "100 нақты қадам" белгіленіп, 2017 жылғы қаңтарда "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды, оның шеңберінде Мемлекет басшысы еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономикалық әлеуеттің өсуі мен тиімді инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық ахуал тудыратын экономикалық өсудің жаңа үлгісін құруды тапсырды.
2017 жылғы желтоқсанда Қазақстан Үкіметі "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекітті, оның негізгі міндеті цифрлық технологияларды пайдалану және дамыту есебінен тұрғындардың өмір сүру сапасы мен ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып белгіленді.
2018 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілді, онда Қордың рөлін өзгерту атап көрсетілген. Қор мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды орындаушы рөлінен алдына коммерциялық мақсаттар қойған, тиімділігі жоғары заманауи компанияның рөліне трансформациялануға тиіс. Қор Қазақстан экономикасының жеке меншік секторын дамытуға қайшылық келтірместен, елдің ұзақ мерзімді дамуына үлес қосуды қамтамасыз етуі керек. Экономикалық әртараптандыру, цифрлық және технологиялық жаңғырту, корпоративтік басқарудың жоғары деңгейіне қол жеткізу, инвестициялық қызметке қолданылатын тәсілдерді жетілдіру Қордың одан әрі дамуының негізіне айналуға тиіс.
2018 жылғы наурызда Мемлекет басшысы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуін жариялады, оның шеңберінде Қазақстан қоғамдастығының әлеуметтік бірлігін нығайту мақсаты үшін ауқымды әлеуметтік жобалар айқындалды.
Әлемнің дамыған 30 мемлекеті қатарына кіру жөніндегі Қазақстанның басым міндеті Қор алдына коммерциялық мақсаттарға жету, инвестициялар портфелін әртараптандыру және Қазақстан экономикасының дамуына қолдау көрсету бойынша батыл мақсаттар қойып отыр.
Даму жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары мен даму бағыттарын (осы Даму жоспарына 1-қосымша, 1-схема) іске асыруға бағытталған.
"Қазына" орнықты даму қоры" АҚ мен "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ-ны біріктіру арқылы 2008 жылы құрылған сәттен бастап Қор ұлттық экономиканы дамытуға үлес қосу бөлігінде едәуір нәтижелерге қол жеткізді.
Қор, көбінесе, шикізат тауарлары бағаларының төмендеуіне және ұлттық валютаның әлсіреуіне байланысты Қордың қаржылық көрсеткіштері айтарлықтай нашарлаған жағдайда 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде қаржы секторына қолдау көрсету және оны тұрақтандыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүктеген міндеттерді ойдағыдай орындады.
2012 – 2017 жылдары Қор мен оның портфельдік компаниялары бірқатар өндірістік объектілерді іске қосуды қамтамасыз етті, сондай-ақ әлеуметтік ірі жобалар құрылысын жүзеге асырды. 2012 жылы Корпоративтік басқару кодексі бекітілді. Оның шеңберінде Қор мен оның портфельдік компаниялары жаңа корпоративтік басқару кодексінің рөлін күшейтіп, тәуелсіз директорлар санын көбейтті және Директорлар кеңесі деңгейінде шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыра түсті.
2014 жылғы қарашада Мемлекет басшысы Трансформациялау бағдарламасын мақұлдады және оның шеңберінде еліміздің әл-ауқаты Қорға шоғырланғанын, Қордың Қазақстан халқы үшін қазіргі таңда және болашақта әл-ауқат көзі болып табылатынын атап өтті. Еліміздің дамуы Қордың трансформациялауды қаншалықты табысты аяқтауына байланысты болмақ. Осылайша, Қазақстан үшін Трансформациялау бағдарламасының маңызды рөл атқаратыны айқын көрсетілді.
2008 жылғы дағдарыс, негізгі сауда әріптестерінің, атап айтқанда, Ресей мен Қытайдың экономикалық өсуінің төмендеуі, одан кейін 2015 жылы мұнай бағасының төмендеуі ұлттық валютаның әлсіреуіне әкелді. Тарихи тұрғыдан алғанда, Қордың қаржы нәтижелері мұнай бағасына байланысты, компаниялар сыртқы факторларға орай жылдам әрекет етуге немесе бизнесті жедел оңтайландыруға дайын емес. Бұл ретте портфельдік компаниялар кірісінің басым бөлігін қазірге дейін монополияға қарсы орган реттейді, бұл компаниялардың экономика секторларының өсуін қамтамасыз ету қабілеттілігін шектейді.
Қор мен портфельдік компанияларда корпоративтік басқарудың жалпы деңгейін көтерудегі оң трендке қарамастан, корпоративтік басқару бөлігінде жұмыстың тиімділігін арттыру, Қор алдында портфельдік компаниялардың Директорлар кеңестерінің есеп беруі және жауаптылығы, сондай-ақ тәуелсіз директорлардың рөлін күшейту қажеттілігі бар.
Инвестициялық компаниялар қызметін диагностикалау нәтижесінде ірі өндірістік жобаларды басқаруда мол тәжірибенің болу қажеттілігі, стратегиялық әріптестердің және жобаларды қаржыландыруға байланысты қиындықтардың болмауы сияқты жобаларды іске асыру бөлігінде олардың тиімділігін ұстап тұратын факторлар анықталды.
Осы стратегияда Қор мен оның портфельдік компаниялары тарапынан күш салуды талап ететін ағымдағы сын-тегеуріндер мен аймақтар көрсетілген. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер ағымдағы проблемалық мәселелерді шешуді, портфельдік компаниялардың тиімділігі мен қаржылық орнықтылығын арттыруды, сондай-ақ Қордың активтер портфелін белсенді басқару функцияларын нығайта түсуді көздейді. Қордың алдында сондай-ақ активтерді, инвестициялар мен жобаларды тиімді басқару, сол сияқты одан әрі білім алмасу және ынтымақтастық жасау үшін стратегиялық әріптестер мен ұқсас егемен қорларды іздеу және тарту бөлігінде адами капиталды күшейту міндеттері тұр.
Қазіргі сәтте Қор ұлттық компаниялардың тиімділігін басқару және арттыру, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру және дамыту жөніндегі холдингтің рөлін атқарады. Бұл ретте Қордың инвестициялық портфелі тек Қазақстан экономикасында шоғырланған және жеткілікті түрде әртараптандырылмаған, бұл Қор үшін, сол сияқты жалпы ел экономикасы үшін шоғырланған тәуекелдерді арттыра түседі, мұны 2008 жылы Қор компаниялары тобының тұрақсыздығына әкелген қаржылық дағдарыстың салдары айғақтайды.
Осыған байланысты, Қордың Temasek және тағы басқалар сияқты егемен қорлардың үлгісінде инвестициялық портфельді дамытуы және оны шоғырланған тәуекелден қорғауы, сондай-ақ акционер үшін кірістілікті сақтау және арттыру үшін бір экономикаға және шикізат нарықтарына тәуекелділікті төмендетуі керек.
1.3. Компанияның қызметіндегі күшті және әлсіз жақтарды талдау
Ішкі және сыртқы ортаны талдаудың нәтижесінде Қордың күшті және әлсіз жақтары, сондай-ақ қазіргі мүмкіндіктер мен қауіп-қатер айқындалды, олар төмендегі кестеде берілген.
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
1. Ұлттық экономикада елеулі рөл атқаратын тұрақты активтер портфелі; |
1. Сыртқы факторларға уақтылы ден қоймау; |
Мүмкіндіктер | Қауіп-қатер |
1. Қорды дамыту саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан белсенді қолдау көрсетілуі; |
1. Құбылмалылықтың төмендеуі және жалғасуы, портфельдің шикізат тауарлары бағасына тәуелді болуы, жеткіліксіз әртараптандыру, Қордың портфелі әртараптандырылғанға дейін портфельдің шоғырлану тәуекелі; |
2. Миссиясы және пайымы
Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қордың миссиясы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Миссия — Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыруға Қордың қосатын үлесі бойынша Қордың акционері мен стейкхолдерлеріне арналған жалпы пайым.
2028 жылға жасалған пайымда Қор жоғары қаржылық көрсеткіштер мен инвестициялардан түсетін кірісті қамтамасыз етуші, сондай-ақ портфельді алдыңғы қатарлы егемен әл-ауқат қорлары деңгейінде дамытушы инвестициялық холдинг ретінде айқындалады. Қордың миссиясы мен пайымына қол жеткізу осы Даму жоспарына 1-қосымшаның 2-схемасына сәйкес үш стратегиялық мақсатты іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
3. Дамудың стратегиялық бағыттары
Ескерту. 3-бөлімге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) Компаниялардың тиімділігі
Қордың басты мақсаттары мен мандаттарының бірі операциялық, өндірістік, қаржылық тиімділік, коммерциялық қызмет және салынған капиталдан түсетін кірісті арттыру бөлігінде тиімділік көрсеткіштерін ұқсас әлемдік жетекші компаниялардың көрсеткіштерімен теңестіру есебінен портфельдік компанияларды тиімді басқару болып табылады. Қаржылық орнықтылықты нығайту, операциялық тиімділікті арттыру, өндірістік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру осы стратегиялық мақсатты іске асыру үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады. Қордың қысқа мерзімді кезеңде осы стратегиялық міндетке назар аударуы одан әрі өсу және Қордың келесі даму кезеңіне өтуін қамтамасыз ету негізін қалау үшін ұлттық компаниялардың қаржылық орнықтылығын, кірістілігін және операциялық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді.
2) Портфельді басқару
Портфельді тиімді басқару мақсатында Қор ағымдағы активтер портфелі мен инвестициялық жобаларды оңтайландыруды, қайта құрылымдауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және ұзақ мерзімді перспективада шетелдік нарықтарда қаражатты қайта инвестициялау есебінен әртараптандыруды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық еткен Жекешелендіру бағдарламасына белсенді қатысу портфельдік компанияларға Қазақстан экономикасына мемлекеттік сектордың қатысуын төмендетуге, еліміздің қор нарықтарын дамытуды ынталандыруға, корпоративтік басқаруды күшейтуге және жеке капиталды дамытуға мүмкіндік береді.
Қор активтерінің құрылымындағы заңды тұлғаларды қысқарту, Қор мен портфельдік компаниялардың ағымдағы инвестициялық портфелін қайта қарау, қаражатты жаңартылған портфельге қайта бөлу, сондай-ақ Қордың стратегиялық емес активтерінен шығу портфельді одан әрі қайта теңгерімдеуге және әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Қордың жаңа жобалары мен активтеріне, оның ішінде халықаралық нарықтарға қаражатты қайта инвестициялау Қорға болашақ ұрпақ үшін игілікті сақтап қалуға ғана емес, сондай-ақ молықтыра түсуге және акционер үшін кірістілікті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Үздік егемен қорлардың үлгісімен бұл стратегиялық мақсат Қорға оның келесі даму кезеңіне, портфельді белсенді басқаруға көшуге, оны әртараптандыруды және сақтап қалуды қамтамасыз етуге, болашақ ұрпақ үшін игілікті молықтыруға мүмкіндік бермек. Қор осы стратегиялық мақсатты орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде іске асыруды аяқтауды жоспарлап отыр.
3) Орнықты даму
Қордың басты мақсаттарының бірі өз қызметінің және портфельдік компаниялар қызметінің орнықты даму қағидаттарына сәйкестігін, орнықты даму және ұзақ мерзімді перспективада экономикалық құнды құру үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының үйлесімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы стратегиялық мақсат шеңберінде Қор корпоративтік басқару және орнықты даму саласында жоғары деңгейге жетуді жалғастыруды, Қор мен портфельдік компаниялардағы корпоративтік басқару деңгейін көтеруді, кадрлық әлеуетті ұлғайта түсуді, "коммерциялық" ойлау және өзгерістерге дайын болу үшін жаңа мінез-құлық үлгілерін іске асыру кезінде меритократияның негізге алынатын қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жаңа стратегия шеңберінде Қордың демеушілік қаражатын қоғамдастықтардың мұқтаждықтарына қайта бағыттау және орнықты даму бастамаларын іске асыру да белгіленді.
Қор "жасыл экономика" қағидаттарын ұстануды қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманың іс-шаралары мен индикаторларын іске асыратын болады.
Қор құнды орнықты құру, сондай-ақ корпоративтік басқару және орнықты даму саласында стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу барлық мүдделі тараптардың лайықты және жауапты мінез-құлық нәтижесінде мүмкін болатынын түсінеді. Қор мен қоғамның мүдделері арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында Қордың мүдделі тараптармен қарым-қатынасы мүдделі тараптардың көпшілігінің, оның ішінде Қордың қызметіне ықпал ететін жекелеген тұлғалар мен ұйымдардың қызығушылықтары мен сенімін құрметтеу қағидатына сүйене отырып құрылатын болады.
Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру шеңберінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу портфельдік компаниялардың тиімділігін төмендету немесе портфельді тиімді басқару есебінен қамтамасыз етілмеуі тиіс, керісінше оларды іске асыруға ықпал етуі керек. Ұқсас егемен қорлардың тәжірибесіне сүйене отырып, Қор оң және ұзақ мерзімді экономикалық нәтиже әкелмейтін әлеуметтік жобаларға және қызмет бағыттарына қатысуды қысқартатын болады.
Орнықты даму бойынша стратегиялық мақсаттар 2018 жылдан бастап, стратегияны орындаудың барлық кезеңінде іске асырылмақ.
Үш стратегиялық мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде мыналар бойынша стратегиялық нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр:
1) портфельдік компаниялардың кірістілігін ұлғайту;
2) портфельдік компаниялардың бизнесін трансформациялау;
3) борыш деңгейін тиімді басқару;
4) портфельдік компаниялардың акцияларын қор нарықтарында орналастыру;
5) стратегиялық емес активтерден шығу және Қазақстан Республикасы мен шетелдік нарықтардағы жаңа жобаларға/акцияларға қаражатты қайта инвестициялау арқылы инвестициялар портфелін әртараптандыру, тиімді және белсенді басқару;
6) адами әлеует пен таланттарды дамыту;
7) корпоративтік басқару бойынша үздік практикаларды енгізу;
8) орнықты даму жөніндегі бастамаларды іске асырудың нәтижелілігіне қол жеткізу.
Қордың инвестициялық шешімдері тек коммерциялық тұрғыдан орындылық, ұзақ мерзімді мүдделер және негізгі тиімділік өлшемшарты – ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың кірістілігі мен рентабельділігін барынша арттыру қағидаттарына негізделуге тиіс.
Түпкі нәтижеде Даму жоспарын іске асыру акционер үшін дивидендтердің өсуіне және Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына әкеледі. Осылайша, Даму жоспарын іске асыру нәтижелері салыстыруға болатын басқа да егемен қорлар қызметінің негізгі нәтижесіне сәйкес келетін болады.
Қордың пайымына қол жеткізу және стратегиялық мақсаттарды орындау үшін Қор төрт стратегиялық бастаманы орындауға баса назар аударады (осы Даму жоспарына 1-қосымша, 3-схема), олар:
1) компаниялардың рентабельділігін арттыру;
2) портфельдің құрылымын оңтайландыру;
3) кірістерді әртараптандыру;
4) корпоративтік басқару және орнықты даму.
Таңдап алынған стратегиялық бастамалар Қорға активтер портфелін тиімді және белсенді басқару бойынша қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу арқылы ағымдағы даму кезеңінен нысаналы модельге біртіндеп көшу арқылы стратегиялық инвестициялық холдингтің нысаналы моделіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қордың болашақ ұрпақ үшін қор жасап, оны сақтап қалуды қамтамасыз ететін стратегиялық инвестициялық холдинг моделіне көшуі портфель активтерін – Қордың портфельдік компанияларын инвестициялар құралы ретінде қарастыруды көздейді. Белсенді, тиімді басқарылатын және әртараптандырылған портфель Қорға ұзақ мерзімді кезеңде портфель бойынша ең жоғары ықтимал кірістілік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қордың активтер (стратегиялық активтерді қоспағанда) портфелінің өміршеңдік циклы мынадай төрт циклдан тұрады:
1) портфельді әртараптандыру және/немесе коммерциялық тартымды жобаларға инвестиция салу мақсаттары үшін жаңа бастамалар/активтер іздеу;
2) операциялық қызметті құру және/немесе олардың құнын ұлғайту мақсаттары үшін жаңа жобаларды/активтерді дамыту;
3) активті оңтайландыру және активті өткізуге дайындау;
4) жаңа бастамаларға/жобаларға/активтерге қаражатты қайта инвестициялау үшін салынған капиталды өсіммен қайтара отырып инвестициядан толық немесе ішінара шығу мақсатында активті сату/дивестициялау.
Қордың таңдап алынған стратегиялық бастамалары активтер портфелінің өміршеңдік циклымен тікелей байланысты және Қордың Пайымы мен мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін ресурстарды топтастыруға мүмкіндік береді.
Қор портфельдік компанияларға акционердің күту хаттарын жіберу арқылы ұлттық стратегияларда, стратегиялық даму жоспарларында және портфельдік компаниялардың қызметіне қатысты мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген мемлекет бастамаларының портфельдік компаниялардың даму жоспарларымен сәйкестігін қамтамасыз етеді.
3.1. Компаниялардың рентабельділігін арттыру
Портфельдік компаниялардың рентабельділігін арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады, оның шеңберінде қаржылық орнықтылықты нығайту, операциялық тиімділікті арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжинирингтеу, Қордың портфельдік компаниялары арасындағы синергияны қамтамасыз ету және портфельдік компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша бірқатар шараларды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Қысқа мерзімді кезеңде бастама ағымдағы активтер портфелі үшін басым болып табылады және онда Қордың портфелін қайта құрылымдау бойынша бастамаларды іске асыруға көшу негізін құру көзделеді. Болашақта бастаманы Қор акционердің құқықтарын іске асыру арқылы белсенді басқаратын жаңа активтер портфеліне қолдануына болады.
3.1.1. Қаржылық орнықтылықты нығайту
Қаржылық орнықтылықты сақтап қалу және нығайту шаралары компаниялардың даму қабілеті, негізінен, қаржыландырудың қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын портфельдік компанияларда күшейтілетін болады.
Қор портфельдік компаниялардың мыналарды орындауын ынталандыратын болады:
1) операциялық тиімділік, EBITDA көрсеткіштерін жақсарту, күрделі қаржы салымдарына ресурстарды тиімді бөлу және компанияны одан әрі дамыту арқылы ақшалай қаражаттың еркін ағынын ұлғайту;
2) меншікті және қарыз қаражатын ұтымды басқару, жаңа қарыз міндеттемелерін тарту кезінде экономикалық орындылық пен төлем қабілетсіздігі тәуекелдерін мұқият талдау;
3) қаржы ресурстарының тапшылығы мен қаржылық орнықтылық тәуекелдерін ескере отырып, инвестициялық, оның ішінде қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың оңтайлы портфелін құру;
4) тартылатын қарыз қаражатының құнын төмендету мақсатында портфельдік компаниялардың кредит рейтингін жақсарту бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ету.
Бұл міндет Қор мен портфельдік компанияларға борыш деңгейі мен капиталдың құрылымын тиімді басқаруға, қаржылық орнықтылықты нығайтуға және Қордың активтер портфелін құрылымдау және портфельдік компаниялардың одан әрі өсуі кезінде басқарушылық шешімдер қабылдауда икемділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3.1.2. Операциялық тиімділікті арттыру
Қор портфельдік компанияларды өз кезегінде кірістілік деңгейі мен салынған капиталды тиімді пайдалануға әсер ететін операциялық, өндірістік және қаржылық тиімділік бөлігінде әлемдегі ұқсас жетекші компаниялардың көрсеткіштеріне қол жеткізуге талпынуға ынталандыратын болады.
Жүзеге асырылатын шараларға мыналар кіреді:
1) портфельдік компаниялар арасындағы синергияны қамтамасыз ету, кірістердегі экспорттық құрамдас бөлікті ұлғайту, тарифтерді қайта реттеу бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс істеу, сондай-ақ өндіріс құнының өсуі, оны талдау және құру тізбегін жақсарту үшін жаңа көздер іздеу арқылы операциялық шығынды бақылау және оңтайландыру, инвестициялар бойынша кірістілікті ұлғайту бойынша шаралар әзірлеу;
2) активтерді тиімді басқару, оның ішінде инвестициялық жобаларды мониторингтегеннен кейін қамтамасыз ету және өндірістік объектілердің жобалық қуатқа шығуын қамтамасыз ету;
3) оң экономикалық нәтиже болған жағдайда өндірісті жаңғырту, өндірістік және корпоративтік процестерді цифрландыру бойынша жаңа технологияларды, инновациялар мен бастамаларды енгізуге қажетті жабдықты жаңарту;
4) тиімсіз корпоративтік және өндірістік бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжинирингтеу;
5) портфельдік компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарында ұйымдық құрылымдарды және ұйымдық басқару деңгейлерін оңтайландыру.
3.1.3. Трансформациялау бағдарламасын іске асыру
Қорды трансформациялау бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына енгізілген, онда бұл бағдарлама квазимемлекеттік компаниялардан жоғары технологиялы және тиімді компанияларға трансформациялау процестерін тиімді аяқтауда Қордың стратегиялық рөлінің басты табысқа жету факторы ретінде көрсетілген.
Трансформациялау бағдарламасы процестерді оңтайландыру, портфельдік компаниялардың қызметін қайта құру, олардың операциялық тиімділігін арттыру, тұрақты өзгерістер үшін тиімді инфрақұрылымдар құру бойынша Қордың негізгі бағдарламаларының бірі болып табылады.
Бағдарлама бірқатар нақты бастамалардың көмегімен іске асырылады. Бизнес-процестерді жетілдіру, корпоративтік құрылымды жеңілдету бойынша бірқатар бастамаларға қоса Бағдарлама портфельдік компаниялар қызметкерлерінің және Трансформациялауға қатысатын барлық мүдделі тараптардың ойлау амалы мен мінез-құлық нормаларына да өзгерістер енгізуді талап етеді.
Атап айтқанда, Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде бизнес-процестерді реинжинирингтеу және цифрландыру процесі, заңдық құрылымды жеңілдету, портфельдік компаниялардың IPO акцияларын бастапқы жария орналастыруға шығару, портфельдік компанияларда өзгерістерді басқаруды және жобалық тәсілді енгізу жалғасатын болады.
Цифрландыру немесе цифрлық трансформациялау Бағдарламаның негізгі бастамаларының бірі болмақ, ол жаңа технологияларды, жаңа буын тәсілдерін, сондай-ақ жаңа цифрлық қызметтерді/өнімдерді қолдана отырып, коммерциялық, өндірістік және басқарушылық қызметте бизнес-міндеттерді шешу тәсілдерін өзгерту есебінен компаниялардың басты бизнес-бағыттарын қайта құруды және жақсартуды қамтамасыз ететін болады.
Сондай-ақ Трансформациялау бағдарламасының басты міндеттерінің бірі әлемдік деңгейдегі компанияларға тән жаңа корпоративтік мәдениет стандарттары мен құндылықтарды енгізу арқылы компаниялардың адами капиталын дамыту болып табылады.
Трансформациялау бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру компаниялардың тиімділігі мен рентабельділігін арттыру бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу процесін жеделдетеді. Осылайша, портфельдік компаниялар қызметін ұдайы жетілдіру үшін негіз құру Трансформациялау бағдарламасының нәтижесі болмақ, бұл норма компаниялар үшін корпоративтік нормаға айналуға тиіс.
3.2. Портфельдің құрылымын оңтайландыру
Портфельдің құрылымын оңтайландыру Қордың инвестициялар портфелін белсенді басқаруға көшуі үшін маңызды қадам болып табылады. Портфельдің құнын көтеру және оның кірістілігін ұлғайту мақсатында Қордың ағымдағы активтер портфелін қайта құрылымдау, инвестициялық жобаларды қайта қарау, заңды тұлғалар саны мен активтерді басқару деңгейлерін қысқарту және стратегиялық емес активтерден шығу міндеттері Қорға өз ресурстарын қайта бөлуге мүмкіндік беретін болады.
3.2.1. Жекешелендіру бағдарламасын іске асыру
Мемлекет басшысы экономикаға мемлекеттің қатысу деңгейін 15%-ға дейін қысқарту міндетін жүктеді, бұл мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың активтерін бәсекелес ортаға шығару қажеттілігін білдіреді.
Қор Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) өзінің Жоспарға енгізілген активтерін бәсекелес ортаға беру арқылы Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыруға, Қазақстан экономикасындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін азайтуға белсенді қатысады. Бағдарламаны ойдағыдай іске асыру корпоративтік басқару деңгейін көтеруді, жеке сектордағы адал бәсекелестікті дамытуды, экономиканың бәсекелес секторларына мемлекеттің қатысуын қысқартуды, Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын жақсартуды, сондай-ақ ел экономикасына жаңа технологияларды тартуды және бизнес-сектордағы мемлекеттік реттеуді азайтуды ынталандыратын болады.
Қор қазақстандық және шетелдік қор нарықтарында кемінде 7 портфельдік ірі компанияларды жария орналастыруды қамтамасыз ету, Жоспарға кірген қалған активтерді өткізу, сондай-ақ жеке инвесторлар тарапынан сұранысқа ие болмаған активтерді тарату/қайта ұйымдастыру жолымен Жоспарды іске асыруға қатысуды жоспарлауда.
Қор мен портфельдік компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беру процестері корпоративтік басқарудың және ашықтықтың мынадай негізгі қағидаттарын ескере отырып жүргізіледі:
1) ресурстық емес сектордың компанияларында бақылауды және ресурстық/ инфрақұрылымдық секторларда бұғаттаушы пакетті сату;
2) активтерді өткізу нұсқаларының немесе активтердегі қатысу үлестерінің әр алуандығы;
3) Қор мен портфельдік компаниялар активтерінің бәсекелес ортаға беруге әзірлігі;
4) корпоративтік басқару стандарттарын қатаң ұстану;
5) кәсіби менеджмент.
Жоспарды іске асыру портфельдік компаниялардың корпоративтік басқару сапасын, ашықтығын және бәсекеге қабілеттілігін арттырумен қатар Қорға өз активтерінің құрылымын оңтайландыруға, компанияларды дамыту үшін капиталды тартуды және технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге, Қазақстанның қор нарығын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.
3.2.2. Құрылымдағы заңды тұлғаларды қысқарту
Заңды тұлғаларды қысқарту жөніндегі міндеттер инвестициялар портфелін белсенді басқару мақсаттары үшін акцияларға/активтерге/жобаларға Қор инвестиция сала бастаған сәтке дейін Қордың ағымдағы активтер портфеліне жатады. Қор инвестициялық портфельді белсенді басқару моделіне көшкен кезде Қордағы заңды тұлғалар санын есептеу әдістемесі өзгеруге және тек иелену үлестері бақыланатын портфельдік компанияларға қатысты пайдаланылуға тиіс.
Қордың және портфельдік компаниялардың компаниялар тобының активтерін құрылымын оңтайландыру мақсатында Қор:
1. Қордың және оның портфельдік компаниялары тобының деңгейіндегі заңды тұлғалардың құрылымын тұрақты талдауға және оңтайландыруға мүмкіндік беретін заңды тұлғалар санын оңтайландыру бойынша кешенді тәсілді әзірлеуді;
2. олардың шеңберінде жаңа заңды тұлғаларды құру шектелетін өлшемшарттарды айқындауды жоспарлауда.
Қор өз алдына Қор тобының активтер құрылымында 5-тен аспайтын деңгейлерді және саны 300-ден аспайтын заңды тұлғаларды сақтап қалу міндетін қоюда.
Қор деңгейінде, сондай-ақ портфельдік компаниялар деңгейінде активтердің ұтымды құрылымын сақтап қалу ұқсас қорлардың үздік практикаларына сәйкестендіруге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, басқарушылық бизнес-шешімдерді қабылдау кезінде икемді болуға және ішкі және сыртқы ортадағы нарықтық өзгерістерге жылдам ден қоюға мүмкіндік береді.
3.2.3. Инвестициялық жобалар портфелін қайта қарау
Қор осы міндет шеңберінде Қор мен оның портфельдік компанияларының деңгейіндегі инвестициялық жобалардың ағымдағы портфелін қайта қарауды жоспарлауда.
Қор және оның портфельдік компанияларының инвестициялық жобалары тек коммерциялық орындылық пен ұзақ мерзімді мүдделер және капиталдың қайтарымдылығы қағидаттарына ғана негізделуге тиіс.
Инвестициялық жобалар портфелін қайта қарау, қаржыландыру құрылымын, қаржыландыру үшін қаражаттың қолжетімділігін қоса алғанда, олардың қаржылық модельдерін сыни бағалау, болжамдарды қайта бағалау Қорға және оның портфельдік компанияларына талдау нәтижелері бойынша:
1. перспективасыз, пайда түсірмейтін жобаларды портфельден алып тастауға;
2. қаржыландыру үшін ресурстардың шектеулілігі мен қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін және жобалар портфелінің экономикалық параметрлеріне жобалардың оң әсерінің деңгейін ескере отырып, компанияның ресурстарын жобалардың жаңартылған инвестициялық портфеліне қайта бөлуге мүмкіндік береді.
Инвестицияларға портфельдік тәсілді енгізу Қорға және портфельдік компанияларға портфельді тиімді басқаруға және бәсекелі, жылдам құбылатын орта мен нарықтық мүмкіндіктер жағдайларында ұзақ мерзімді құнды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Портфельдік тәсіл:
1) ресурстар шектеулі болған жағдайда стратегиялық мақсаттарды іске асыру үшін активтер және/немесе инвестициялық жобалар портфеліне тұтас көзқарасты қалыптастыруды;
2) кезең-кезеңмен бекіту негізінде активке/жобаға инвестициялар туралы шешім қабылдауды (stage-gate process);
3) Қордың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарына және нарықтық мүмкіндіктерге сәйкес портфельдің сұранысына ең қолайлы инвестицияларды таңдау мақсатында мұқият іріктеуді, басымдықтарды белгілеуді, қолжетімді ресурстарды қайта бөлуді, сондай-ақ инвестициялардан шығуды;
4) басымдық беруді, қаржыландыру көздерінің қолжетімділігін және пайдалылық деңгейін ескере отырып, оңтайлы активтер/жобалар портфелін қалыптастыруды көздейді.
3.2.4. Стратегиялық емес активтерден шығу
Қор инвестициялар портфелін белсенді, тиімді басқару және портфельдегі ресурстарды қайта бөлу мақсатында Қордың портфелі үшін стратегиялық болып табылмайтын активтерден (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес айқындалған компаниялар Қор үшін стратегиялық актив болып табылады), оның ішінде стратегиялық әріптестерді тарту жолымен шығу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қор ұлттық қауіпсіздікке қатысты маңызды болып табылатын және/немесе теңгерімінде ресурстық стратегиялық объектілері бар активтердегі маржиналдық қатысу үлесін сақтап қалады.
Қордың портфельдік компаниялары, сондай-ақ портфельдік компаниялардың инвестициялық жобалары үшін стратегиялық әріптестерді тарту жаңа технологияларға, тәжірибе мен құзыретке, әріптестікке қатысушылар ресурстарын біріктіру мүмкіндіктеріне және жаңа қызметтер нарығына кірігуге жол ашады. Стратегиялық әріптестерді тарту білім, тәжірибе мен құзырет шектеулі және/немесе ұқсас жобаларды іске асырудың практикалық тәжірибесі жоқ жобалар мен салаларға қатысу үшін қажет.
Активтер портфелінің өміршеңдік циклына сәйкес Қор портфельді одан әрі дамыту және жаңа бастамаларға/жобаларға/активтерге қаражатты қайта инвестициялауға капиталды босатып алу үшін салынған капиталды өсіммен қайтарып, инвестициядан толық немесе ішінара шығу мақсатында стратегиялық емес активтерді сату/дивестициялау бойынша операцияларды үнемі жүргізетін болады.
Қор активтен шығу туралы шешім қабылдау кезінде саланың дамығандығын, активтің қалыптастырылғандығын, нарықтық жағдайларды және инвестициялардың кірістілігін ұлғайту үшін әлеуетті ескереді.
3.3. Кірістерді әртараптандыру
Активтерді белсенді басқару Қорға Қазақстанның экономикасы үшін әлеуетті мультипликативтік әсерге ие және кірістілігі жоғары активтерге/жобаларға басымдық бере отырып, портфель кірістілігін арттыруға, оны әртүрлі салаларға әртараптандыруға мүмкіндік береді.
3.3.1. Инвестициялық портфельді қайта теңгерімдеу
Портфельдің ұтымды және әртараптандырылған құрылымын таңдап алу Қорға ұзақ мерзімді перспективада портфельдің құбылмалылығын азайтуға, кірістердің тұрақтылығын арттыруға, жаңа инвестициялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге және шоғырланған тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Әртараптандырылған портфельді қалыптастыру мақсатында Қор география, экономика секторлары және активтердің түрлері бойынша активтерді бөлудің күтілетін параметрлерімен қоса 10 жылдық кезеңге арналған Қор активтерінің стратегиялық мақсатты портфелін айқындауды жоспарлауда. Мақсатты портфель тәуекелі (қайтарымдылық тәуекелі), ұзақ мерзімді активтерге инвестициялау үшін қаржыландыру қолжетімділігі, инвестициялау үшін салалар мен елдер басымдығы бойынша Қордың шартты бейінін белгілейді. Бұл ретте, Қор салалар, активтер кластары немесе инвестициялар географиясы бойынша инвестициялау лимиттерін белгілемейтін болады. Қор активтерді иеленуші ретінде портфельді теңгерімдеу және нарықтық жағдайға және/немесе портфельді өсіру үшін мүмкіндіктердің пайда болуына қарай оны өзгертуге толық икемділік құқығын өзіне қалдырады.
Активтерді тактикалық бөлу нарықтық маңызды өзгерістерді, макрошарттардың өзгеруін және портфельдің кірістілігі параметрлерін назарға ала отырып, тұрақты негізде (мүмкін жыл сайын) жүзеге асырылады. Тәуекел деңгейі және инвестициялардың қайтарымдылығы бойынша параметрлерді Қордың уәкілетті органдары айқындайтын болады. Жыл сайынғы негізде қабылданатын портфельді қайта бөлу жөніндегі тактикалық шешімдерді ескере отырып, Қор заңнамада белгіленген тәртіппен баламалы инвестициялық активтерге қайта бағыттау үшін портфельдік компаниялардағы үлестерді (акцияларды) ішінара немесе толық сату туралы шешім қабылдайтын болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына сәйкес айқындалған, оларға қатысты белгіленген тәртіппен қатысу үлесін (акцияларды) өткізу туралы шешімдер қабылдануы мүмкін стратегиялық активтер оларға жатпайды.
Стратегиялық нысаналы портфельді қалыптастыру, сондай-ақ активтерді тактикалық бөлуді жүзеге асыру үшін, оған оның ішінде активтерді тұрақты сатып алудан/сатудан, жұмыс істейтін портфельдік компаниялардың қызметінен дивидендтерді жаңа инвестицияларға қайта бағыттаудан түсімдер мен қарыз қаражаты жататын қаржыландыру стратегиясын әзірлеу қажет.
3.3.2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялар
Қор Қазақстан Республикасының шегіндегі инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген және жеке сектордың дамуына кедергі келтірмейтін шектеулерді ескере отырып, жүзеге асырады.
Қор Қазақстан Республикасының шегінде инвестицияларды мақұлдау бойынша инвестициялық шешімдерді өз бетінше, мыналар бойынша өлшемшарттарға сәйкестігін ескере отырып қабылдайды:
1) "сары парақтар" қағидатын ұстанушылық;
2) қаржылық пайдаға ие болу және акционерлер кірісін барынша көбейту үшін меншікті капитал құнынан кем емес меншікті капиталға кірістілік (IRR>CoE);
3) Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларының дамуы, ішкі экономикаға мультипликативтік әсер ету, жеке бизнес қызметін ынталандыру және бір-бірімен байланысты салаларды дамыту;
4) Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар, басты мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес экономиканың басым секторларын дамытуға бағдарланған жобаларды дамыту;
5) коммерциялық көзқарасқа байланысты тартымды және перспективалы жобалар мен салаларды дамыту (оның ішінде мегатрендтер);
6) Қазақстан Республикасына технологиялар, инновациялар мен білімдер трансферін қамтамасыз етуге қабілетті трансұлттық корпорациялар, жетекші қаржылық мекемелер мен даму институттары және т.б. сияқты стратегиялық әріптестермен бірлескен инвестициялар;
7) тұрақты даму қағидаттарын сақтау;
8) тұрақты ұзақ мерзімді құнды құру.
Инвестицияларды жүзеге асыру туралы шешімді қабылдау кезінде, оның ішінде "сары парақтар" қағидаттарының шеңберіндегі жобаларда квазимемлекеттік сектордың қатысуы бойынша шектеулер болған кезде Қор шығу стратегиясын жоспарлайды. Инвестициялардан/жобадан/активтен шығу туралы соңғы шешімді қабылдау кезінде саланың дамығандығы, активтің қалыптасқандығы, нарықтық жағдайлар және инвестициялардың кірістілігін ұлғайту үшін әлеует ескерілетін болады.
Қор және оның портфельдік компаниялары тиімділігі төмен жобаларды жүзеге асырмайды. Ерекше жағдайларда, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша Жалғыз акционер – Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімдерді орындау мақсатында Қор халықаралық стандарттардың қаржылық есептілік жөніндегі талаптарына сәйкес шығыстарды акционерге өзге бөлу ретінде тану жолымен Қордың және оның портфельдік компанияларының қаржылық орнықтылығын ескере отырып, осындай жобалардың іске асырылуын қаржыландыруы мүмкін. Бұл ретте мұндай жобалардың құнын Қор Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп алдын ала айқындайтын болады.
3.3.3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс инвестициялар
Ескерту. 3.3.3-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада Даму жоспары әртараптандыру арқылы кірістілікті арттыру, әл-ауқатты сақтау мақсатында ұлттық экономикамен және өнеркәсіппен байланысты емес Қазақстан Республикасынан тыс инвестицияларды бөлуді көздейді.
Аталған инвестициялардың мақсаты:
1) ұзақ мерзімді қаржылық орнықтылығы үшін мұнай кірістерін әртараптандыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстандағы ішкі инвестициялардың басым болуына бұрынғыша ықпал ететін портфель бойынша тұтас кірістілікті күшейту үшін инвестициялардың бір экономикада және бір секторда шоғырлану тәуекелін болдырмау;
3) инвестициялардан түсетін қаржылық кірістілікті ұлғайту;
4) Қазақстанның ішкі нарығынан жеке инвесторларды ығыстыруды болдырмау;
5) халықаралық инвестициялардан кірістерді сақтау және көбейту жолымен болашақ ұрпаққа резерв – "қауіпсіздік көпшігін" құру;
6) Қазақстанның экономика секторларын дамытып, халықаралық инвестицияларды интеграциялау/синергия, технологияларды тарту және білім трансфері;
7) Қазақстан Республикасы мен Қордың халықаралық деңгейдегі инвестициялық аренадағы алатын орнын және беделін нығайту болып табылады.
Халықаралық инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвестициялардан түсетін жоғары кірістілік басымдық болып табылады, ол өлшенетін әлеуметтік-экономикалық игіліктерге түзетілуі мүмкін.
Қор осы инвестицияларды жүзеге асыруға:
1) сыртқы басқарушы қорлар арқылы қаражатты инвестициялау;
2) жеке компаниялармен, корпорациялармен, оның ішінде үкіметаралық келісімдер шеңберінде, сондай-ақ басқа тәуелсіз қорлармен бірлескен инвестициялар;
3) жергілікті экономикамен стратегиялық байланыстырып, әртүрлі салалар мен елдерге тікелей инвестициялар арқылы көшуді кезең-кезеңімен жоспарлауда.
Қор жеке инвестициялар пулын құру және Қорды басқару кеңесі айқындайтын қаражатты алу және халықаралық инвестициялардан түсетін дивидендтер саясаты қағидаларына сәйкес қызмет ету арқылы халықаралық инвестицияларды басқарады. Халықаралық инвестицияларға лайықты тәуекелдер деңгейін, басым секторлар мен экономикаларды, активтер кластарын, сондай-ақ инвестициялардың өтімділігі бойынша талап етілетін деңгейлерді Директорлар кеңесі бекітеді және оны Қордың уәкілетті органдары үнемі, оның ішінде Қор активтерінің стратегиялық нысаналы портфелін қалыптастыру шеңберінде жаңартып отырады.
Халықаралық инвестицияларды табысты іске асыру үшін Қор жетекші тәуелсіз қорлармен, сондай-ақ бірлескен тікелей инвестицияларды жүзеге асыру үшін басқа инвестициялық компаниялармен және қорлармен әріптестік қатынастар құрады, нәтижесінде олар Қазақстанның өнеркәсіп салаларымен байланыстырылады.
3.4. Корпоративтік басқару және орнықты даму
Орнықты даму бастамалары, корпоративтік басқару және корпоративтік мәдениет орнықты дамудың негізі және портфель құнына ықпал ететін шекті факторлары болып табылады.
3.4.1. Корпоративтік басқару
Қор тиімді басқаруды қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру және белсенді инвестор функциясын сәтті орындау мақсатында Қорда және портфельдік компанияларда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) корпоративтік басқару жөніндегі ұсынымдарына сәйкес корпоративтік басқарудың озық тәжірибесін енгізуді жалғастыруы қажет.
Үкімет, Қор және портфельдік компаниялар арасындағы өзара
қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, Қор мен портфельдік компаниялардың жарғыларына және Қордың корпоративтік басқару кодексіне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Үкімет Қордың жалғыз акционері ретіндегі өз өкілеттіктерін және мемлекеттік реттеумен байланысты өкілеттіктердің аражігін ажыратады.
Қордың жалғыз акционері Қорға қатысты, сондай-ақ Қор өзінің портфельдік компанияларына қатысты Қорды және портфельдік компанияларды басқаруға Директорлар кеңестері/Қадағалау органдары арқылы акционер (қатысушы) функциялары мен құқықтарын іске асыру жолымен және операциялық қызметке араласпай, қызметтің нысаналы көрсеткіштерін белгілеу арқылы қатысады. Портфельдік компанияларды операциялық қызметке тартуды Қор портфельдік компаниялар стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайларда ғана жүзеге асырады.
Портфельдік компаниялардың Директорлар кеңестері/Қадағалау кеңестері құрамын күшейту жұмыстары жалғастырылуға тиіс, сараптама сапасын арттыруды, компанияның мүддесіне қарай және акционерлерге деген әділ қарым-қатынастарды ескере отырып, тәуелсіз, дұрыс және тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін білім, тәжірибе, дағдылар теңгерімі сақталуы тиіс. Мемлекеттік органдардың өкілдері – портфельдік компаниялардың Директорлар кеңестерінің мүшелері ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес портфельдік компаниялардың Директорлар кеңестері құрамынан біртіндеп шығарылуы тиіс.
Директорлар кеңестерінің/Қадағалау кеңестерінің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жауапкершілігі мен есеп беру, сондай-ақ Директорлар кеңестерінің/Қадағалау кеңестерінің отырыстарын өткізу тиімділігі күшейтілуі керек. Қор портфельдік компаниялардың Директорлар кеңестерін/Қадағалау кеңестерін тыңдауды жыл сайын өткізеді, оның шеңберінде стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге және акционердің талаптарына қол жеткізу нәтижелері бағаланады.
Портфельдік компаниялардың басшыларын Директорлар кеңестері арқылы тағайындау құқығы ЭЫДҰ қағидаттарына сәйкес портфельдік компанияларды басқару үшін Қордың қолжетімді негізгі құралдарының бірі болып табылады.
3.4.2. Адами капиталды дамыту
Қор стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау мақсатында тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, меритократияның негізге алынатын қағидаттарын енгізу, адамдарды трансформациялау және "коммерциялық" ойлау мен өзгерістерге әзір болу үшін жаңа мінез-құлық модельдерін енгізу арқылы Қорда және портфельдік компанияларда персоналды дамыту бойынша үздік тәжірибелерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қор мен портфельдік компаниялардың менеджменті жөн сілтеп, жоғары өнімділіктің, жауапкершіліктің және нәтижеліліктің корпоративтік мәдениетіне қолдау көрсетуі керек, мұндағы компаниялар қызметкерлері компаниялардың миссиясы мен пайымдарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында акционерлермен бірге пайдалар мен шығындарды бөлісіп, активтерді иеленушілер сияқты ойлайды және әрекет етеді.
Сыйақы беру өнімділік пен нәтижелілік көрсеткіштеріне және жұмыскерлерді ынталандырудың ұзақ мерзімді жоспарларына негізделетін мәдениет құру қажет. Тәжірибе алмасу және құзыреттерді дамыту үшін халықаралық тәжірибесі бар, бірақ жергілікті персоналды дамыту және істі жалғастырушыларды дайындау үшін білім беру/трансфері міндетті компонентті меңгерген мамандарды тарту қажет.
Таланттарды және біліктілігі жоғары мамандарды тарту, ұстап қалу үшін Қор жұмыс істейтін және тартылатын қызметкерлер үшін мақсаттарға қол жеткізуге байланыстырылған бәсекеге қабілетті сыйақы, жеке даму жоспарлары және персоналдың тартылуын арттыру сияқты бірыңғай тұтас ұсыныс қалыптастыра отырып, үздік жұмыс беруші ретіндегі өзінің тартымдылығын арттыруы қажет.
"Кірістерді әртараптандыру" стратегиялық бастамасын Қазақстан Республикасына және одан тыс инвестицияларға қатысты іске асыру үшін, инвестициялық портфельді белсенді басқару, инвестициялық банктермен өзара қарым-қатынастар, due-diligence, халықаралық мәмілелерді басқару, тікелей инвестициялық мәмілелерді жүзеге асыру, инвестициялық жобаларды басқару және жобалық ұстаным бойынша құзыреттерді күшейту талап етіледі. Жетекші тәуелсіз қорлардың инвестициялар портфелін тиімді басқару тәжірибесін зерделеуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, персоналдың коммерциялық дағдыларын күшейту қажет. Орта мерзімді кезеңде, бірақ 2021 жылдан кешіктірмей, портфельді белсенді басқаруға толық көшу үшін инвестициялар бойынша құзыреттерді күшейту 2018 жылдан бастап біртіндеп жүргізілуі тиіс.
3.4.3. Демеушілік қызмет және әлеуметтік жауапкершілік
Халықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне Қордың қатысуы және Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етуі мақсатында Қор демеушілік және қайырымдылық қызмет көрсетуге қатысты өзінің қызметін жалғастырады.
Жекелеген салаға демеушілік және қайырымдылық көмектің ағымдағы бөлінуі қайта қаралуға және қоғам қажеттілігіне қарай басымдық берілуге тиіс. Ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып, Қор денсаулық сақтауға, білім беруге, жастардың кәсіби дамуына, қоғамдастықты, қоршаған ортаны, өнер мен мәдениет мұрасын, білімді дамытуға, зерттеулерге, инновацияларға, ғылым мен технологияларға, бақытсыздыққа ұшыраған тұлғалар мен отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландырады.
"Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік даму қоры әлеуметтік жауапкершілік саласындағы Қордың қамқоршысы болып табылады, ол Қор тобының атынан халықтың маңызды мәселелерін, атап айтқанда, әлеуметтік және медицина секторларында адамдар мен қоғамға көмек, мәдени қоғамдастықты және адами әлеуетті дамыту, әлеуметтік топтар арасындағы байланыстарды нығайту мәселелерін шешуге бағытталған қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын іске асырудың жол сілтеушісі болады.
3.4.4. Тұрақты даму бастамалары
Қор және оның портфельдік компаниялары экономикаға, экологияға және қоғамға өздерінің ықпал етуінің маңыздылығын түсінеді және ұзақ мерзімді құнның өсуіне ұмтыла отырып, мүдделі тараптардың мүдделері теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді перспективада өзінің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Мүдделі тараптармен жауапты, жан-жақты ойластырылған және ұтымды өзара іс-қимыл жасау ұстанымы Қордың және оның портфельдік компанияларының орнықты дамуына мүмкіндік береді.
Орнықты дамуға ықпал ететін жаһандық факторлар бизнесті тұтас жүргізу процесінде шектеулерге, қиындықтарға және тәуекелдерге әкелетіні сөзсіз. Қордың негізгі міндеті – болжау және жоспарлау көмегімен тәуекелі жоғары жағдайларда аман қалуды қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ тәуекелдерді мүмкіндікке айналдыру және болашақтағы күтпеген жағдайларға дайын болу.
Сыртқы және ішкі бағалауларға қарай, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді тиімді және сәтті басқару мақсатында Қор мынадай бағыттар бойынша орнықты даму саласындағы бастамаларды іске асырады:
1) Жоғары этикалық стандарттарды енгізу және сенімге негізделген корпоративтік мәдениет құру;
2) Адами капиталды инвестициялау және бәсекеге қабілетті білім алу;
3) Беделді, брэндті нығайту және ашықтықты арттыру;
4) Озық стандарттарды енгізу және корпоративтік басқаруды одан әрі жетілдіру;
5) Қаржылық орнықтылықты арттыру;
6) Жауапты сатып алуларға және ESG қағидаттарының инвестициялық қызметпен интеграциялануына жәрдемдесу;
7) Денсаулық мәдениеті мен қауіпсіздікті қалыптастыру және қолдау көрсету;
8) Экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету.
Барлық мүдделі тараптар үшін өз қызметінің анықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қор және портфельдік компаниялар орнықты даму саласындағы есеп беру жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – GRI) сәйкес жыл сайын орнықты даму саласындағы есептілікті жариялайды.
3.5. Қаржыландыру көздері
Өзінің операциялық қағидаттарына сәйкес Қор капитал тарту үшін меншікті қаражат пен дәстүрлі нарықтық тетіктерді және портфель үшін құнды құратын жобалар үшін кредиттік қаржыландыруды пайдалануды көздейді. Инвестициялар көлеміне қарамастан, жобаларды қаржыландыру құрылымы Қордың халықаралық рейтинг агенттіктері айқындайтын кредиттік рейтингті арттыру арқылы портфельдің қаржылық орнықтылығын және қарыз қаражатының төмен құнын сақтау мақсатына негізделеді.
Инвестициялық жоспарларды іске асыру және портфель бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін Қор барлық қолжетімді ақшалай қаражат көздерін, оған қоса:
1) меншікті қаражатты;
2) портфельдік компаниялар дивидендтерін;
3) жекешелендіру бағдарламасының шеңберінде болашақта компаниялардың акцияларын жария орналастырудан алынған қаражатты;
4) дивестициядан – инвестициялардан шығу туралы шешім қабылданған кездегі компанияларды (компаниялардағы үлестерді) өткізуден алынған қаражатты;
5) ішкі және халықаралық капитал нарығындағы тартылған қарыз қаражатын;
6) топішілік қаржыландыруды;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын;
8) Қор акционерінің қосымша капиталын пайдаланады.
Қарыз қаржатын тарту Қордың тәуекел-қажеттілігін ескере отырып және Қордың қаржылық орнықтылығы сақталған жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.
3.6. Стратегиялық мақсаттар мен бастамаларды іске асыру кезеңдері
Ескерту. 3.6-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен."Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі жоғары деңгейдегі жол картасына (осы Даму жоспарына 2-қосымша) сәйкес 2021 жылға дейінгі қысқа мерзімді кезеңде Қор компаниялардың тиімділігі мен рентабельділігін арттыруға баса назар аударады. Бұл Қорға одан әрі өсу және келесі кезеңге өту үшін негіз құруға мүмкіндік береді.
2024 жылға дейінгі орта мерзімді кезеңде Қор портфель құрылымын оңтайландыруды аяқтауға күш салады, бұл ретте кейбір бастамалар
2018 жылы басталады. Осы қаражатты ағымдағы портфельден дивестициялау және қайта инвестициялау (Қазақстан Республикасының аумағында
Корпоративтік басқару және орнықты даму 2018 – 2028 жылдары Жоспарды іске асырудың бүкіл кезеңі бойы іске асырылатын Даму жоспарының негізгі компоненттердің бірі болып табылады.
2028 жылға қарай ұзақ мерзімді перспективада Қор Қазақстан ішінде, сол сияқты шетелдік инвестициялық нарықтарда белсенді инвестициялау арқылы кірістер мен портфельді әртараптандыруға толық көшуді қамтамасыз етеді.
Корпоративтік басқару және орнықты даму 2018 жылдан бастап 2028 жылды қоса алғандағы Стратегияны іске асырудың бүкіл кезеңі бойы іске асырылатын Даму стратегиясының негізгі компоненттердің бірі болып табылады.
3.7. Күтілетін нәтижелер
Ескерту. 3.7-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2028 жылға дейінгі стратегиялық қызметтің түйінді көрсеткіштерін (бұдан әрі – ҚТК) есептеу әдістемесіне (осы Даму жоспарына 3-қосымша) сәйкес Қор мынадай стратегиялық ҚТК пайдалана отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тұрақты мониторингін жүргізеді:
Стратегиялық мақсат | Стратегиялық бастамалар | ҚТК | 2017 бағалау | Нысаналы мәні | ||
2020 | 2024 | 2028 | ||||
Компаниялардың тиімділігі | 1.Компаниялардың рентабельділігін арттыру | Таза кіріс, млрд. теңге | 530 | >900 | қолданылуы мүмкін емес | қолданылуы мүмкін емес |
Іске қосылған капиталдың рентабельділігі (ROACE), % | 6,1 | >7,0 | қолданылуы мүмкін емес | қолданылуы мүмкін емес | ||
Борыш/EBITDA | 5,0 | 4,0х | 3,0х | қолданылуы мүмкін емес | ||
Портфельді басқару |
2.Портфель құрылымын оңтайландыру | Таза активтер құны (NAV), өсімі %-бен |
5% |
8% |
8% | қолданылуы мүмкін емес |
ROI, % | қолданылуы мүмкін емес | > CoE 31.12.2019 ж. жағдай бойынша | > CoE 31.12.2023 ж. жағдай бойынша | > CoE на 31.12.2027 ж. жағдай бойынша | ||
Акционерлердің жиынтық кірісі (TSR), % | қолданылуы мүмкін емес | қолданылуы мүмкін емес | қолданылуы мүмкін емес | Орташа өлшемді инфляция+4% 2025-2028 жж. | ||
Акционерлер дивидендтері , % | 13,6 | қолданылуы мүмкін емес | қолданылуы мүмкін емес | 20 | ||
Орнықты даму | 4.Корпоративтік басқару және орнықты даму | Корпоративтік басқару рейтингі | В | ВВ | А | АА |
Ескертпе:
"Таза кіріс" ҚТК ағымдағы экономикалық параметрлер негізінде (2018 – 2019 жылдардағы мұнай бағасы – 55$/баррель, 2020 - 60$/баррель; уран 2018-2019 - 85USD/фунт U3O8, 2019 - 22,77USD/фунт U3O8, 2020 – 24,26USD/фунт U3O8; айырбас бағамы 340 теңге/АҚШ доллары), Жекешелендіру бағдарламасының бекітілген параметрлері негізінде ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК", "Эйр Астана" АҚ акцияларды жария орналастыру (IPO) бойынша жорамалдар), жаңа дивестициялар есепке алынбай есептелді.
"Инвестицияланған капиталдың кірістілігі (ROI)" ҚТК Қор портфельдік компаниялардан немесе инвестициялық жобалардан шыққан жағдайда ғана есептеледі.
"Акционерлердің жиынтық кірісі (TSR)" ҚТК 2025 жылдан бастап қолданылады.
"Акционерлерге дивидендтер" ҚТК 2025 жылдан бастап қолданылады. 2017 жылғы бағалау бойынша – Қордың жеке қаржылық есептілігі негізінде Қор төлеген дивидендтер. 2028 жылы төленуге тиіс дивидендтер есебі есептік кезеңде портфельдік компаниялардан және Қордың инвестициялар портфелінен нақты алынған біріктірілген дивидендтер негізінде есептеледі.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарының қорытындылары мен ұсыныстарын қолдайтын схемалар
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-схема. Қордың мемлекеттік бағдарламаларды және стратегиялық жоспарларды іске асырудағы рөлі
2-схема. Миссиясы, пайымы және стратегиялық мақсаттары
3-схема. Стратегиялық бастамалар
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі жоғары деңгейдегі жол картасы
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2018 – 2028 жылдарға арналған даму жоспарына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2028 жылға дейінгі стратегиялық ҚТК-ні есептеу әдістемесі
№ | ҚТК | Өлшем бірлігі | Есептеу әдістемесі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Таза кіріс | млрд. теңге | Есепті кезең ішіндегі тексерілген қаржылық есептіліктің негізіндегі Акционердің үлесіне Қордың шоғырландырылған таза кірісі |
2 | ROACE | % | Іске қосылған капиталдың рентабельділігі = (Таза кіріс + (сыйақы шығыстары *(1-салық мөлшерлемесі)))/орташа іске қосылған капитал (борыш + меншікті капитал) |
3 | Борыш/EBITDA | коэффициент | Қордың қаржылық орнықтылығы бойынша саясатқа сәйкес есептеу әдістемесі |
4 |
NAV | млрд. теңге |
= ∑(Компанияның нарықтық құны * иелік үлесі) + ∑(Компанияның теңгерімдік құны * иелік үлесі) + Корпоративтік орталықтың барлық активтері (қоржындық және қауымдастырылған компанияларға инвестицияларды қоспағанда) – Корпоративтік орталықтың міндеттемелері + Акционерге дивидендтер + Акционерге өзге бөлулер - Жарғылық капиталға Акционер салымдары |
1 | 2 | 3 | 4 |
4 |
NAV | млрд. теңге |
Корпоративтік орталықтың міндеттемелері + [(Акционерге дивидендтер + Акционерге өзге бөлулер - Жарғылық капиталға Акционер салымдары) 2015 жылдан бастап жинақталғаны] |
5 | ROI | % | Инвестицияланған капиталдың кірістілігі = (инвестициялардан кірістер (алынған дивидендтерді қоса алғанда)/бастапқы инвестициялар) - 1 |
6 | TSR | % | Акционердің жалпы кірістілігі = (акция бағасы соңына – акция бағасы басына + алынған дивидендтер – жарғылық капиталға салым) / акция бағасы басына |
7 | Акционерлерге дивидендтер | % |
Дивидендтік төлемдер коэффициенті (2017 бағалау)= Есептік кезеңде төленген дивидендтер /кезең бойынша жеке таза пайда |
8 | Корпоративтік басқару рейтингі | рейтинг | Қордың бекітілген әдістемесіне сәйкес |