"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1202 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 656 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.10.2018 № 656 қаулысымен.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1202 қаулысымен
бекітілген

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының
2012 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы

Мазмұны

      Кіріспе

      1.Ағымдағы ахуалды талдау

      2. Миссиясы, пайымы және қызметінің қағидаттары

      3. Дамудың стратегиялық бағыттары

Кіріспе

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Самұрық-Қазына" АҚ) "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес "Қазына" орнықты даму қоры" және "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамдарын қосу жолымен құрылған.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады.

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2012 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын ескере отырып әзірленді және оның миссиясын, пайым көкжиегін, стратегиялық бағытын, онжылдық кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1. Ағымдағы ахуалды талдау
Сыртқы ортаны талдау

      ХВҚ1 деректеріне сәйкес әлемдік экономиканың өсуінің баяулау тәуекелдерінің болуына қарамастан, дамыған елдерде қалпына келтіру өсуінің баяу болуы болжанып отыр, ал экономикасы дамушы елдерде орнықты белсенділіктің сақталуы болжануда. Әлемдік экономиканың өсуі инвестициялық белсенділікті ұлғайтуы және Қазақстанға инвестициялар көлеміне оң ықпалын тигізуі мүмкін.

      Оған қоса, Goldman Sachs деректеріне сәйкес, әлемдік резервтер мен өндірістік мүмкіндіктердің сарқылуының әсерінен орта мерзімді кезеңде мұнайдың әлемдік бағалары өсетін болады, бұл Қордың құрылымындағы тау-кен өндіру секторы үлесінің басым болуымен байланысты "Самұрық-Қазына" АҚ-ға қолайлы әсер етеді.

      Сонымен бір мезгілде экономиканың өндірістік емес және өндіруші секторларының басым болуы елдің макроэкономикалық тәуекелінің негізгі факторы ретінде қалып отыр. Негізгі капиталға инвестициялар көлемдерінің ұлғаюының оң серпініне қарамастан, өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарында негізгі қорларды жаңарту, атап айтқанда, машина жасауда барынша баяу және проблемалық жағдайда жүруде. Осы проблемаларды шешу үшін Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2014 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) және 2020 жылға дейінгі Даму жоспары елдің индустриялық және инновациялық дамуына және шетел инвестицияларын тартуға ықпалын тигізеді.

      Қазақстанның Кеден одағына кіруі және жоспарланып отырған ДСҰ-ға кіруі қатысушы елдер арасында тауар айналымының көлемдерін жылдамдату және ұлғайту мүмкіндіктерін кеңейтеді және шетел инвестицияларын тартуға ықпалын тигізуі мүмкін, сондай-ақ қазақстандық заңнаманың ДСҰ-ның және Кеден одағының шешуші келісімдермен сәйкес келтіруге алып келеді, бұл өз кезегінде баждардың, салықтардың және т.б. өзгеруіне әкеледі.

      ____________________

      1 Халықаралық валюта қоры (2012). Әлемдік экономиканың даму перспективалары

Ішкі ортаны талдау

      Қордың қызметі "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.

      2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор тобының құрылымына 2011 жылдың қорытындылары бойынша 13 423,1млрд. теңге мөлшерінде барлық қауымдасқан бақыланбайтын ұйымдарды ескере отырып, шоғырландырылған теңгерімдік құнының барлық деңгейлерімен 587 еншілес ұйым кірді. Қор компаниялары активтерінің құрылымында бейінді емес активтердің елеулі үлесі бар, бұл олардың қызметінің тиімділігін төмендетеді.

      Қор компанияларында корпоративтік басқарудың жалпы деңгейін жоғарылатуда оң трендтің болуына қарамастан2, Директорлар кеңесінің тиімділігін арттыруға және тәуелсіз директорлардың рөлін күшейтуге қажеттілік бар.

      Инвестициялық қызметте оның тиімділігін тежейтін бірқатар факторлар бар, оның ішінде инвестициялық жобаларды басқарудың "қоржындық" сипаты емес, "дара" сипаты; қоржын деңгейінде тиімділік көрсеткіштерінің жоқтығы; шикізат бағасына және монополияға қарсы реттеуге тәуелділік; Қор тобы компанияларының Қордың инвестициялық әлеуетін тежейтін әлеуметтік-бағдарланған функцияларды қоса алғанда, коммерциялық емес функцияларды орындауы. 2005 - 2012 жылдары кейбір еншілес ұйымдардың міндеттемелері инвестициялар көлемінің елеулі болуына байланысты шекті деңгейлерге дейін өсті, осыған байланысты осы компаниялардың борыш құрылымын және пайыздық шығыстарын оңтайландыру қажет.

      Кадр жүйесінің кемшіліктеріне кадрларды тағайындаудың ашық болмауын, Қор тобы компаниялары менеджментін жиі ауыстыру, қызмет нәтижелілігін бағалаудың, сыйақының және қызметкерлерді уәждеудің тиімді жүйесінің жеткіліксіздігін жатқызуға болады.

      ____________________

      2Орташа алғанда корпоративтік басқару диагностикасы жүргізілген компаниялар тобы бойынша көрсеткіштер 2009 жылы – 48,3%, 2010 жылы - 49% және 2011 жылы 56,2%-ды құрады.

SWOT-талдау

      Сыртқы және ішкі ортаны талдау нәтижесінде Қордың күшті және әлсіз жақтары айқындалды, сондай-ақ қазіргі мүмкіндіктер мен қатерлер төменде кестеде келтірілген.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан белсенді қолдау

2. Қорға кең өкілеттіліктер беретін заңнаманың болуы

3. Несие рейтингтерiнiң бар болуы тәуелсіз деңгейде. Маңызды әлеуметтiк-экономикалық мәні бiрақ төмен кірістілігі бар жобалар мемлекет тарапынан қаржылық демеуді иеленеді.

1. Қордың кейбір компанияларының құрылымында бейінді емес активтердің болуы.

2. Қор компанияларының жоғары борыштық жүктемесі.

3. Қордың және компаниялардың қызметіне коммерциялық емес жүктеменің болуына байланысты қызмет тиімділігінің азаюы.

4. Кадр саясатының кемшіліктері, оның ішінде Қор тобы компаниялары менеджментінің жиі ауыстырылуы.

Мүмкіндіктер

Қатерлер

1. Шикізатқа, өнім мен қызметтерге әлемдік сұраныстың артуы, мұнай бағасының өсуі

2. Интеграциялық үдерістер салдарынан сауда мүмкіндіктерінің ұлғаюы.

3. BRIC елдерінде экономикалық өсу салдарынан шетелдік инвестицияларды тарту.

4. Экономиканы дамытуға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған мемлекеттік саясат.

1. Қарыз капиталының қымбаттауына және шикізатқа бағаның тұрақты болмауына алып келетін әлемдік қаржылық нарықтардағы орнықсыздық.

2. Заңнаманың өзгеруі (экспорттық баждарды ұлғайту, салықтарды жоғарылату және т.б.)

2. Миссиясы, пайымы және қызметінің қағидаттары

      Қордың миссиясы – ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және Қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру.

      Қордың 2022 жылға қарай пайымы – таңдаулы әлемдік практикаларға қол жеткізген, шикізаттық емес компаниялардың дамуының катализаторы және ел экономикасының орнықты жұмыс істеуін қолдауға негіз болып табылатын компанияларды біріктіретін стратегиялық холдинг.

      Қор өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

      1. Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекет мүдделерін сақтау;

      2. Қордың және Қор тобына кіретін басқа да ұйымдардың қызметінің кірістілігі, тиімділігі, ашықтығы және есептілігі;

      3. Шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы жүйелілік және жеделділік;

      4. Қордың әлеуметтік жауапкершілігі;

      5. Заңдылық

      Бұл ретте Қор мынадай құндылықтарды өз қызметінде ең бастылары ретінде санайды:

      1. Меритократия: әрқайсысының үлесі мен жетістіктерін бағалаудағы әділдік пен шынайылық.

      2. Құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.

      3. Адалдық: Қор ішінде және өз әріптестеріне деген адалдық.

      4. Ашықтық: байланыстар мен әріптестерге деген ашықтық.

      5. Командалық рух: бірлескен қызметтен барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ынтымақтастық.

      6. Сенім: өзара көмек және сенім мәдениетіне бейімділігі.

3. Дамудың стратегиялық бағыттары

      Өзінің пайымына қол жеткізу және миссиясын іске асыру үшін Қор үш стратегиялық бағыт бойынша іс-қимыл жасайды:

      1. Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру;

      2. Ұлттық экономиканың әртараптандырылуына және жаңғыртылуына қатысу;

      3. Әлеуметтік жауапкершілік.

1. Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру

      Қордың негізгі мақсаты таңдаулы әлемдік практикаларға қол жеткізген компаниялардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту болып табылады. Қор компанияларының қызметі жоғары операциялық тиімділік, өнімділік және кірістілік, жоғары қаржылық орнықтылық, дамудың жоғары инновациялық деңгейі, активтердің ашық және оңтайлы құрылымы сияқты өлшемдерге жауапты болуы тиіс.

      Қор өз компанияларының құнын бағалауды тұрақты түрде жүзеге асыруға, бағалау нәтижелері бойынша Қордың Директорлар кеңесіне есеп беруге ниет білдіріп отыр. Қор компаниялары құнын арттыруды бағалау үшін олардың акцияларын отандық және шетелдікті қоса алғанда, қор нарықтарында орналастыру көзделуде, олардың нарықтық құнының көрсеткіші пайдаланылады, ал қор нарықтарында орналастырылмаған компанияларды бағалау үшін әдіснамасы әзірленетін және Қордың Директорлар кеңесіне бекітуге шығарылатын құн индикаторы пайдаланылатын болады.

      Сондай-ақ, жыл сайынғы негізде компания құрған немесе жоғалтқан құн көлемін сипаттайтын EVA (Economic Value Added) көрсеткіші пайдаланылатын болады.

      Қор компанияларының ұзақ мерзімді құнын арттыру үшін мынадай міндеттер іске асырылады:

      1. Бенчмаркинг арқылы компаниялардың қаржылық және өндірістік тиімділігін арттыруға ынталандыру

      Компаниялардың қызметін ұқсас жетекші әлемдік компаниялармен және өз саласындағы (бенчмаркинг) көшбасшылармен салыстырмалы талдау3 Қор компанияларын ұзақ мерзімді құнды барынша көбейту жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге ынталандырудың негізгі құралына айналады.

      Негізгі салмақ кірістілік және еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштерді жоғарылатуға түсірілетін болады. Компаниялардың кірістілік және өнімділік көрсеткіштеріне бағдарлануы олардың ұзақ мерзімді құнының жылдам өсуіне ықпалын тигізеді.

      Қаржылық көрсеткіштермен қатар оларды ұқсас жетекші өңірлік және әлемдік компанияларға жақындату үшін табиғи-техникалық және қызметтің сапалы көрсеткіштерінің жиынтығын пайдалануға назар аударылатын болады.

      2. Корпоративтік басқару деңгейін арттыру

      Компаниялардың құны мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың аса маңызды қаржылық емес факторларының бірі корпоративтік басқару сапасы болып табылады. Таңдаулы әлемдік практикаларға сәйкес келетін корпоративтік басқару акционерлердің және инвесторлардың компанияда қабылдау деңгейін арттырады, қарыз капиталының құнын төмендетеді, компанияның ұзақ мерзімді құнын арттырады.

      2022 жылға қарай Қордың ірі компанияларындағы корпоративтік басқару рейтингісінің орташа мәні 85 % деңгейінде жоспарланып отыр.

      Осы мақсатта Қор кәсіби директорларды тарту, тәуелсіз директорлар үлесін ұлғайту компанияның дамуы үшін маңызы бар салаларда директорлар кеңесінің рөлін күшейту жолымен стратегиялық орган ретінде компаниялардың директорлар кеңестерінің тиімділігін арттыру, директорлар Кеңестерiндегi өз өкiлдерiнiң мамандығының жоғарылатуы бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

      Компаниялардың директорлар кеңесінің және атқарушы орган мүшелерін бағалау тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады, соның iшiнде тәуелсіз консультанттарды тартуымен және бағалау қорытындылары бойынша тиісті шаралар қабылданады.

      Қор, экономиканың дамуының осы заманғы үрдістеріне және бизнес жүргізудің озық тәжірибелеріне сәйкес келетін басқару әдістеріне және бизнес-үдерістерге Қордың тобының өткелiн өтуін ынталандыратын болады.

      Қор мен оның компанияларының арасындағы өзара іс-қимыл корпоративтік заңнама нормаларымен, компаниялардың корпоративтік басқармасының кодекстерімен, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары Қорға тиесілі акционерлік қоғамдарда өкілеттіктерді бөлу тұжырымдамасымен реттеледі. Компаниялар органдарының құзыреті компанияның даму дәрежесіне және корпоративтік басқару деңгейіне байланысты болады.

      3. Инвестициялық саясат

      Қор компанияларының инвестициялық қызметі олардың ұзақ мерзімді құнының өсуіне ықпалын тигізуі тиіс. Инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін нарықтық қағидаттарға негізделген нақты қаржылық тәртіп берілетін болады. Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асырудың шешуші өлшемдері оның кірістілігі және елдің дамуы үшін стратегиялық маңыздылығы болуға тиіс.

      Инвестициялық жобаларды қаржыландыру әртүрлі оңтайлы құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Оның ішінде, мемлекеттік кепілдіктерді, субсидиялауды, жалға беруді, концессияны және т.б. қоса алғанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әртүрлі тетіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасайтын инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік қаржыландыру пайдаланылуы мүмкін.

      Компаниялар тобының құнын қосымша өсуі жаңа басымды секторларда жобаларды/компанияларды қаржыландыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте жаңа секторлар жоғары табыстарды туындатуды және одан әрі өсудің жоғары әлеуетінің болуын қамтамасыз етуі тиіс.

      Қор тұрақты негізде Қазақстанның ішінде де, сондай-ақ шет елде де жаңа мүмкіндіктер мен басымды салаларды мұқият талдауды жүзеге асыруға ниетті.

      4. Активтерді қайта құрылымдау және компаниялардың ІРО-ға шығуы

      Қор компанияларының ұзақ мерзімді құнын арттыру компаниялар қызметінің олардың негізгі қызметіне (core business) және шешуші құзыретіне (core competence) шоғырландыруға, олардың операциялық және қаржылық тиімділігін арттыруға көзделген активтерді қайта құрылымдауды жүргізуге ықпал ететін болады. Осы мақсатта 2015 жылға дейін Қор компаниялары тобының активтерін, оның ішінде бейінді еместерін қайта құрылымдау бойынша жоспарлар бекітілетін болады.

      Қор құрамында бейінді емес активтері бар Қор компаниялары активтерінің құрылымын реттеу үдерісінде белсенді рөл атқаратын болады, өйткені қызметтің бейінді емес түрлері компаниялардың ресурстарын (адами және қаржылық) бейінді операциялық қызметтен алаңдатады. Қор компанияларының қысқа және орта мерзімді перспективасында бейінді активтердің біраз бөлігін іске асыруды оларды бәсекелі ортаға сату, жергілікті атқарушы органдарға беру, қызмет түрлерін өзгерту не топтың басқа компанияларына интеграциялау жолымен жүзеге асырады.

      2015 жылға дейін Қор "Халықтық IPO" бағдарламасын іске асыруға қатысатын болады, ол Қор компанияларына қосымша қаржыландыруды тартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының азаматтарына еліміздің аса ірі компанияларының акцияларын иеленуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға ықпалын тигізетін болады. Осы бағдарламаның шеңберінде 2015 жылға дейін мынадай компанияларда ІРО жүргізу жоспарланып отыр: "ҚазТрансОйл" АҚ, "KEGOC" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ, "Қазақтеңізкөлікфлоты" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазақстан темір жолы" АҚ және "Қазтеміртранс" АҚ.4

      2015-2022 жылдар кезеңінде Қор барлық компанияларды, халықаралық компанияларды қоса алғанда, қосымша акционерлік капиталды тарту және компаниялардың тиімділігін арттыру мақсатында акциялардың бақылау пакетін сақтай отырып қор нарықтарына шығаруды жоспарлап отыр. Бұл ретте Қор компаниялары құрылымындағы өндіруші активтерді қор нарықтарына шығару мәселесі 2015 жылдан кейін қарастырылатын болады.

      Қор нарығында акцияларға баға белгілеу бірқатар артықшылықтар береді, атап айтқанда:

      1) компаниялардағы тиімділікті және корпоративтік басқару деңгейін арттыруға;

      2) қосымша акционерлік капитал тарту;

      3) ірі, тәжірибелі, институционалды инвесторларды тарту;

      4) компаниялардың нарықтық құнының объективті бағасын алу.

      5. Компанияларды басқару жүйесінің тиімділігін жақсарту

      Қор компаниялар қызметін жоспарлау және бағалау жүйесін жетілдіруді, басқарушылық есептілігі жүйесін енгізуді, қаржылық және басқарушылық есептілігінің байланыстырылуын қамтамасыз етуді жалғастыратын болады. Басқарушылық есептілік жүйесі компаниялардың белгіленген мақсаттарының қалай іске асып жатқандығы туралы, қажетті шешімдер қабылдау үшін ахуалдарды нашарлату туралы уақтылы дабылдау туралы ақпаратты уақтылы және сапалы беретін болады.

      Компаниялардың қаржылық орнықтылығының мониторингі Қордың өтімділік және қаржылық орнықтылық коэффициенттерінің шекті және ең төменгі нормативтік мәндерін қою жолымен жүзеге асырылатын болады: борыш/EBITDA коэффициенті, борыштың өз капиталына ара қатынасы коэффициенті, EBIT-тің пайыздық сыйақы бойынша шығыстарға ара қатынасының коэффициенті, қысқа мерзімді активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге ара қатынасы коэффициенті.

      Қор уақытша бос ақша қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл үшін топтық ішкі өтімділікті басқару үдерісі жетілдірілетін болады.

      Қор тобына кіретін барлық компанияларда тәуекелді басқарудың бірыңғай әдістерін, жолдары мен тәсілдерін (тәуекелдерді басқарудың кешенді бағдарламасы) енгізу жоспарланған. Осы бағдарлама шеңберінде Қор топ компанияларының қаржылық тәуекелдерін жалпы басқаруды жүзеге асыратын болады.

      2013 жылы Қордың еншілес ұйымдарында қызметтің коммерциялық және коммерциялық емес түрлерін бөлек есепке алуды жүзеге асыру жоспарланған. Бөлек есепке алуды енгізу Компания орындайтын коммерциялық емес функциялардың көлемін нақты бағалауға және қадағалауға, мемлекет тарапынан тікелей қолдау көрсетуді талап ететін қызмет түрлері бойынша мемлекетпен нақты диалог жүргізуге мүмкіндік береді.

      6. Инновацияларды дамыту

      Қор қоржынды компаниялардың инновациялық қызметін басқару және үйлестіру орталығы рөлін атқарады.

      Атап айтқанда, Қор барлық компанияларға ортақ та, сондай-ақ әрбір компания үшін ерекше де болатын инновациялық қызметтің тиімділігінің шешуші көрсеткіштерін айқындау арқылы компаниялардың инновациялық белсенділігін ынталандыратын болады. Инновацияларды дамыту үшін осы қызметке индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін тарта отырып, инновацияны тарту үшін қажетті ұйымдастырушылық (инновациялық стратегия, инновациялық үдерістерді және кадрларды басқару жүйелері, инновациялық мәдениет және т.б.) және инфрақұрылымдық жағдайлар (ғылыми-зерттеу зертханалары және сынақ полигондары, инноваторларды қаржыландыру және материалдық-техникалық қолдау қорларының болуы және т.б.) құрылатын болады.

      Қор сонымен бiрге ұзақ мерзiмдi перспективада ғылыми-технологиялық саладағы әрiптестiктiң тиiмдi құралдардың бiрi ретіндегі мақсатты технологиялық бағдарламалардың дамуына белсенді ықпал ететін болады. Қор инновацияларды тиiмдi енгiзу және жоғары технологиялы өндiрiстердiң дамыту бойынша жұмыс жүргiзедi.

      Қор тобының инновациялық дамуындағы негізгі басымдықтар энергия және ресурс үнемдеу, жергілікті қамтуды дамыту, экологиялық, қауіпсіздік болып табылады.

      Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу және білім беру блоктары арасында өзара тығыз байланысты қамтамасыз ету мақсатында Қор ғылыми-білім беру кластері құратын болады, оның маңызды буыны ҚБТУ болады.

      7. Адами капиталдың дамуы

      Қор компаниялары тобының кадр саясаты озық дағдысы мен құзыреті бар, жоғары деңгейлі кадрларды тартуға, оқытуға және ұстауға бағытталады. Бұл міндетте нәтижелілікті арттыру үшін материалдық, сондай-ақ материалдық емес те ынталандыруды қамтитын уәждеудің тиімді жүйесін қалыптастырудың атқаратын рөлі зор.

      Материалдық ынталандыру компания қызметінің мақсаттары мен қол жеткізілген табыстарына нақты байланыстырылған компания басшылары мен қызметкерлеріне бәсекелестік сыйақы төлеу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      Әлеуметтік қолдау бағдарламалары және мемлекеттік міндетті қамтамасыз етуден тыс қосымша жеңілдіктер Қор тобындағы жалпы сыйақының ажырамас бөлігіне айналады.

      Қор тобы қызметкерінің әр қайсысы үшін мансаптық өсу бойынша жоспарлар әзірлеу нәтижелелікті арттырудың материалдық емес ынталандыруы болып табылады. Қызметкердің мансаптық өсу бойынша жоспары оның мансаптық күтулерінің айқын көрінісін беретін болады, қызметкердің дамуының басым бағыттарын айқындайды және оның мақсатқа ұмтылуын уәждеуге дайындығын артыруға ықпалын тигізетін болады.

      Басқару кадрларын компанияның құнын арттыруға бағдарланған кешенді оқытуды тұрақты негізде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

      Компания менеджментінің орнықтылығын және сабақтастығын сақтау компания қызметінің орнықтылығының маңызды шарты болып табылады.

      ____________________

      3Қор компанияларының ұқсас жетекші әлемдік компанияларымен салыстырмалы талдау, сондай-ақ компаниялар бойынша 2022 жылға дейінгі пайым 7-қосымшада берілген. Компаниялардың пайымдарына қол жеткізу жөніндегі негізгі қадамдар 2-қосымшаның "Жол карталарында" берілген.

      4Қор акцияларын нарыққа шығару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асады.

2. Ұлттық экономиканы әртараптандыруға мен жаңғыртуға қатысу

      Осы стратегиялық бағыт шеңберінде өндірістік және инфрақұрылымдық активтердің жаңаларын жасау және қазіргілерін жаңғырту, сондай-ақ қосылған құн тізбектерін дамыту шешуші мақсат болып табылады.

      Бұл мақсатқа мынадай міндеттерді іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады:

      1. Стратегиялық инвестицияларды жүзеге асыру

      Қор Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2014 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - ҮИИДМБ), Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын және еліміздің басқа да стартегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық экономиканы әртараптандыру және жаңғырту бойынша міндеттерді іске асыру үшін барынша жәрдемдесуін жалғастыратын болады.

      Қордың стратегиялық инвестициялары, бәрінен бұрын қосылған құнды арттыруға, қазіргі өндірістердің қосылған құн тізбегін дамытуға, инфрақұрылымдарды жаңғыртуға және жаңа секторларды дамытуға бағытталған.

      Қор активтерімен өңдеу өнеркәсібі өндірісінің үлесін ұлғайту және қосылған құн тізбектерін дамыту мақсатында Қор мұнай-газ, химия,тау-кен секторларында және машина жасауда қолданыстағы өндірістердің қайта бөлінісінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық инвестициялардың көлемін ұлғайтатын болады.

      Қор сондай-ақ оларды құру жаңа бөліністерге және қосылған құнды арттыруға өту үшін талап етілген секторларда жаңа өндірістерді құруды ынталандыратын болады.5

      Инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде Қор шығынсыз негіздегі инфрақұрылымдық жобаларға қатысатын болады. Инфрақұрылымдық жобалар енгізілетін өндірістердің өнімдерін тасымалдау, географиялық басымдығын есепке ала отырып транзиттік ағынды дамыту және дамушы секторлардың энергиямен қамтамасыз етілуі бойынша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Осындай жобалар олардың кірістілік (орта және ұзақ мерзімді), іске асырылушылығы мен стратегиялық басымдылығы мәніне мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және қаржыландырудың басқада тетіктерін қолдана отырып тәуелсіз бағалау және талдау негізінде іске асырылатын болады.

      Қор өсуі мен кірістілігінің жоғары әлеуеті бар жаңа секторларды инвестициялауға ерекше назар аударатын болады. Фармацевтика, логистика және көлік, баламалы энергетика, химия және мұнай-химия, Қор компанияларының сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың өсуін қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту жобалары, жеке сектордағы денсаулық сақтау және білім беру бағдарламаларын қоса алғанда, жоғары қосылған құны бар қызметтер, сонымен бiрге "Қол жетімді тұрғын-үй" бағдарламасының шеңберiнде жеке сектормен серіктестік қағидаты бойынша тұрғын жылжымайтын мүлiк осындай секторлардың мысалы болып табылады.

      Жаңа секторларға инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Қор шағын және орта бизнестің коммерциялық мүдделерін сақтау қағидаттарын басшылыққа алады. Еліміздің дамуында адал бәсекелестіктің шешуші рөлін ескере отырып Қор отандық жеке бизнесті ығыстыруға ұмтылып отырған жоқ және өзінің инвестициялық қызметін бәскелестік жоқ немесе жеткілікті дамымаған салаларға шоғырландырады.

      Бұған қоса Қор бірлескен жобаларға шағын және орта бизнесті инвестициялау арқылы ұлттық компаниялар мен аса ірі кәсіпорындардың төңірегінде жеке бизнестің дамуына жәрдемдесетін болады.

      Қойылған міндеттерді іске асыру тиімділігін арттыру үшін Қор өсу және Қазақстан нарығына өнім беру перспективалары бар, сондай-ақ озық ноу-хау иеленген шетел компанияларының үлестерін сатып алуды жоспарлап отыр. Шетелдік осындай активтерді сатып алудың негізгі өлшемдері кірістілік және технологиялар трансфертерінің мүмкіндігі болып табылады.

      Қызметті кеңейту және Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағы шеңберіндегі өткізу нарығының ұлғаюы беріп отырған мүмкіндікті пайдалану мақсатында шетел активтеріне инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатпен Қордың Сыртқы нарықтардағы инвестициялары жөніндегі тұжырымдамасы әзірленетін болады.

      2. Жеткізілімдерді тиімді басқару және кәсіпкерлік ортаны дамыту

      Қор компанияларының орнықты және үзіліссіз жұмысы көп дәрежеде жеткізу тізбегінің тиімді жұмыс істеуіне байланысты болады. Жеткізілімдердің жылдамдығы, олардың сапасы мен сенімділігі Қор компанияларының операциялық тиімділігіне және ақыр аяғында, олардың ұзақ мерзімді құнына тікелей ықпалын тигізеді.

      Осыған байланысты Қор күш-жігерін жеткізулерді басқарудың кешенді жүйесін (supply chain management) дамытуға және негізгі жеткізушілердің дамуын ынталандыруға бағыттайды.

      Осы мақсатта Қор отандық ұсыныстың Қор компанияларының сұранысын қанағаттандыру бойынша қазіргі сыйымдылығын бағалауды тұрақты түрде жүргізеді және Қор компаниялары қажеттіліктерінің отандық өнім берушілердің мүмкіндіктерімен үйлесімді тоғыстыру үшін тиісті шаралар әзірлейді.

      Осындай шаралар жеке кәсіпкерлікті жаңа өндірістер құруға ынталандыруды, отандық кәсіпорындармен Қор компанияларында сұранысқа ие болған өнімді игеруге келісімдер жасауды, сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар жасауды, өнім берушілермен және жергілікті реттеуші органдармен өнімнің сапа стандартын әзірлеу және енгізу бойынша бірлескен жұмысты, жаңа кәсіпорындардың кіруі үшін әкімшілік талаптарды төмендетуді қамтуы мүмкін.

      Бұл ретте жеткізуші кәсіпорындардың арасындағы бәсекелестік көтермеленетін болады және таңдаулы жеткізушілерді көтермелеу мен бағалаудың әр түрлі әдістері енгізіледі. Сатып алудың ашықтығына ерекше назар аударылады, осыған байланысты 2012 жылдың соңына дейін электронды сатып алу жүйесін енгізу және сатып алуға бақылауды күшейту жопарланып отыр.

      Нәтижесінде 2022 жылға қарай Қор компаниялары сатып алатын тауарлардағы жергілікті қамту үлесі 66 % және одан да жоғарыға, ал жұмыстар мен қызметте – 93 %-ға дейін жетеді.

      3. Даму институттары арқылы экономиканың дамуын ынталандыру

      Даму институттары ұлттық экономиканы жаңғырту мен әртараптандырудың негізгі құралы ретіндегі қызметін одан әрі жалғастырады.

      Орта мерзімді кезеңде даму институттарының қызметі экономиканың басым секторында, сондай-ақ шағын және орта бизнес секторында ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым кәсіпорындарында экономикалық белсенділікті қолдауға және қалпына келтіруге бағытталатын болады. Бұдан басқа, даму институттары Қор тобына кіретін компаниялардың стратегиялық жобаларын және ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды белсенді қаржыланндыруға бағытталатын болады.

      Ұзақ мерзімді кезеңде 2022 жылға қарай даму институттары өз күш-жігерін инвестициялық жобаларды кешенді іске асыру, жобаларды дайындау және құрылымдау бойынша функцияларды, бәрінен бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі инвестициялық жобалар үшін, күшейту мақсатында, жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында қолданылатын құралдардың аясын кеңейтуге бағыттайды.

      Қойылған міндеттерді іске асырудың қажетті шарты даму институттарын сауықтыру және қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Осы бағыттағы шаралардың бірі "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ның проблемалық жобаларын "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ға, соңғысының активтерді қайта құрылымдау және стресті қоржынды басқару саласындағы кәсіби басқару компаниясы ретінде орнықтыра отырып, беру мүмкіндігін қарастыру болып табылады6.

      ____________________

      5Бұл ретте акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жаңа заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды құру, сондай-ақ экономикалық шоғырландыру жөніндегі мәміле "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      6Даму институттары бойынша барынша жан-жақты ақпарат 6-қосымшада келтірілген.

3. Әлеуметтік жауапкершілік

      Қоғамның мүдделерін қоса алғанда, барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескермей Қор компанияларының ұзақ мерзімді құнының өсуі мүмкін емес. Қор тобында әлеуметтік жауапкершілік стандартын арттыру шешуші мақсаттардың бірі болып табылады. Қор компаниялары тобы өндіріс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласында үлгілі жұмыс беруші және көшбасшы болуға ұмтылуда.

      Әлеуметтік жауапкершілік стандарттарын арттыру мынадай міндеттерді іске асыру жолымен жүзеге асырылады:

      1. Әлеуметтік әріптестік қағидаты негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу

      Еңбек ұжымдарында әлеуметтік микроклиматты жақсарту үшін Қор өзінің күш-жігерін әлеуметтік әріптестік және ұжымдық-шарттық реттеу қағидаттарын нығайту мен дамытуға шоғырландыратын болады.

      Компаниялардың бірінші басшылары әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алуға және шешуге, еңбек ұжымдарымен кері байланыс деңгейін қамтамасыз ету және арттыру үшін жауапты болады. Компания басшылары үшін алдын алу шаралары, дағдарысты жағдайларда келіссөздер жүргізу техникасын оқып-үйрену іс-шараларына ерекше назар аудару жоспарланған. Компания басшыларын бағалау әлеуметтік орнықтылық рейтингі сияқты қосымша көрсеткіш бойынша да жүргізіледі.

      "Әлеуметтік әріптестік орталығы" корпоративтік қоры әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесінің ашық орталығына, стандарттарды енгізудің үйлестірушісіне және әлеуметтік-еңбек әріптестігі тараптары үшін келіссөздер алаңына айналады.

      2. Кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыру

      Қор инновациялық, ғылыми-зерттеу және білім беру блоктарының өзара тығыз байланысын қамтамасыз етіп ғылыми-білім беру кластерін құрайтын болады.

      Кадрларды даярлаудың дуальді жүйесі белсенді дамитын болады. Осы мақсатта Қор тобына кіретін компаниялар әртүрлі білім мекемелермен белсене бірлесіп әрекет етеді. Қор кәсіптік оқытуға инвестицияларды барынша тартуға жәрдемдесуді жоспарлап отыр және персоналды даярлау мен дамытудың барлық жүйесін компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын инвестициялар ретінде қарайды.

      3. Өндірісте экологиялық орнықтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      Қор компаниялардың алдына өндірістік қызметтің халыққа және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуды, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өндірістік авариялардың алдын алуды, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалпына келтіруді міндет етіп қояды.

      Энергия тиімділігін арттыру, ресурстарды үнемдеу және энергияның баламалы көздерін пайдалану шешуші қағидаттар болып табылады.

      Қор компанияларында мыналарды қамтитын экологиялық менеджменттің жүйесін құру және қолдау ынталандырылатын болады:

      а) олардың қызметінің қоршаған ортаға, денсаулыққа және қауіпсіздікке қатысты барабар және уақтылы ақпаратты жинау және бағалау;

      б) экологиялық көрсеткіштер мен ресурстарды оңтайлы пайдалануды жақсарту бойынша өлшеуге келетін мақсаттарды белгілеу;

      в) қоршаған ортаны, денсаулықты және қауіпсіздікті қорғау бойынша жетістіктер жөніндегі прогресті тұрақты мониторингілеу және тексеру.

      2016 жылға қарай Қордың өндірістік және инфрақұрылымдық компаниялары экологиялық аудитті жүргізуі және экологиялық менеджмент саласында халықаралық стандарттарды енгізуді жүзеге асыруы тиіс.

      4. Әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында бірыңғай саясатты айқындау

      Қор қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетудің негізгі қағидаттары мен өлшемдерін айқындайтын әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша бірыңғай саясатты әзірлейді, ақша қаражатының қайталануы мен оңтайлы емес пайдалануына жол бермейді, сондай-ақ халық және Қор беделі үшін іске асырылатын жобалардың барынша оң әсеріне қол жеткізуге ұмтылатын болады.

      5. Бірыңғай коммуникациялық стратегия құру

      Қор қалың бұқара үшін компанияның қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, есептілігі мен айқындығын арттыру үшін бірыңғай коммуникациялық стратегияны іске асырады.

      Ақпаратқа барынша ашық қол жеткізу және Қор қызметін жан-жақты жариялау компаниялар тобының ортақ миссиясы, құндылықтары мен мақсаттары бар тұтас организм ретіндегі оң бейнесін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

4. Қаржыландыру көздері мен қажеттіліктері

      Қор компаниялары тобы қызметінің қор жасауы құнның тұрақты өсуін қамтамасыз ететін мынадай қағидаттарда іске асырылады:

      4) қарыз алулар мен жобаларды қаржыландырудың нарықтық қағидаты;

      5) үлестік қаржыландырудың жеткіліктілік қағидаты, яғни жобаларға өзінің қатысуы;

      6) инвестициялардың ауқымы мен даму қарқынына байланысты емес қаржылық орнықтылық қағидаты.

      Мыналар Қор компаниялары тобының қызметін қаржыландыру көздері болып табылады:

      1) компаниялар жинақтайтын өз қаражаты;

      2) бюджеттік инвестициялар және қарыз алу;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры Басқару кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыз алу;

      4) капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында нарықтық қарыз алу;

      5) компаниялар акцияларын жария орналастырудан түсетін қаражат (IPO/SPO);

      6) ішкі қаржыландыру.

      Қор коммерциялықтың пайдасына бюджеттік қаржыландыру үлесін төмендетуге ұмтылады. Өз мүдделерін компаниялардың дамуын жеткілікті қаржыландыру қажеттілігімен оңтайлы үйлестіру үшін Қор компанияның кемелділік дәрежесіне, олардың қызметінің сипаты мен рентабельділігіне, салалық ерекшелігіне және басқа да факторларға байланысты компаниялардың дивидендтерді есептеу нормативтерін айқындаудың жіктелген тәсілін жүзеге асыратын болады.

      Қор компанияларының құнын ұлғайту бойынша өзінің ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес келетін инвестициялардың оңтайлы қоржынын және қор жасау құрылымын Қор айқындайтын болады.

5. Күтілетін нәтижелер

      Қор әрбір стратегиялық бағыт шеңберінде қызметтің негізгі көрсеткіштерін пайдалана отырып қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тұрақты мониторингін жүргізетін болады.


Көрсеткіш7

2011 ж.

2015 ж.

2022 ж.

1-стратегиялық бағыт: Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру

1

Таза кірістің өсуі, 2010 г.=100%

120%

140%

250%

2

EBITDA margin (ЕДБсіз)

17,8%

19,9%

27 %

3

Корпоративтік басқару рейтингі8

56,2

75

85

4

Инновациялық даму рейтингі

24,85

100

100

5

Персоналдың тартылу дәрежесі

60%

68%


6

Кадрлардың жыл сайынғы тұрақтамауы

14% көп емес

2-стратегиялық бағыт: Ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға қатысу

7

Қор компанияларының елдің стратегиялық құжаттары шеңберінде белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесі (5-қосымшаны қара)


ҮИИДМБ шеңберінде белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесі

Стратегиялық жоспар-2020 шеңберінде белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесі

8

Өз капиталының рентабельділігі коэффициенті (ROE) (ЕДБсіз)

12,8%

13%-дан төмен емес

14%-дан төмен емес

9

Сатып алынған тауарлардағы жергілікті қамту үлесі

34%

60%

66%-дан кем емес

10

Жұмыстардағы, қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

62%

90%

93%-дан кем емес

3-стратегиялық бағыт: Әлеуметтік жауапкершілік

11

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны

н/д

0

0


      Қазіргі уақытта Қор "Әлеуметтік жауапкершілік" бағыты бойынша, тиісті әдістемелер бекілгеннен және бірінші тексерулер жүргізілгеннен кейін 2012 жылдың соңына дейін қызметтің негізгі көрсеткіштері тізіміне енгізілетін әлеуметтік орнықтылық рейтингі және Қордың беделі – екі қызметтің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуде.

      _________________

      7Көрсеткіштерді және мақсатты мәндерді есептеу әдістемесі 4-қосымшада келтірілген.

      8Ірі компаниялардағы орташа мәні

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

Активтердің ағымдағы құрылымы1

      1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

      2. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

      3. "Қазақтелеком" АҚ

      4. "KEGOC" АҚ

      5. "Қазпочта" АҚ

      6. "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ

      7. "Павлодар әуежайы" АҚ

      8. "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ

      9. "Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы энергетика ҚазҒЗИ" АҚ

      10. "КОРЭМ" АҚ

      11. "Эйр Астана" АҚ

      12. "Самұрық-Энерго" АҚ

      13. "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС

      14. "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС

      15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

      16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

      17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

      18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

      19. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

      20. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

      21. "БТА Банк" АҚ

      22. "Біріккен химия компаниясы" ЖШС

      23. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ

      24. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

      25. "Тау-Кен Самұрық" АҚ

      26. "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ

      27. "Альянс Банк" АҚ

      28. "Досжан темір жолы" АҚ (ДТЖ)

      29. "Темiрбанк" АҚ

      30. "Қарағандыгипрошахт және К" ЖШС

      31. "Самұрық-Қазына Финанс" ЖШС

      32. KGF Management

      33. KGF SLP

      34. KGF IM

      35. "Майқайыңалтын" АҚ

      36. "Астана-финанс" АҚ

      37. "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС

      38. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

      _____________

      12011 жылғы 31 желтоқсанға

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

Компаниялардың жол карталары



































  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
3-қосымша

Тәуекелдер және оларды азайту жөніндегі іс-шаралар

      Даму стратегиясын табысты іске асыруға әсер ететін тәуекелдер1 мыналар болып табылады:




Тәуекелдің немесе қауіптің атауы

Тәуекелдің пайда болу себептері

Тәуекелді іске асырудан болатын ықтимал салдарлар

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

3

4

5

1

Лауазымды тұлғалардың және Қор мен ЕҰ органдарының корпоративтік басқарудың белгіленген рәсімдерін әдейі немесе абайсыз бұзуы

Корпоративтік басқаруда шешімдердің тиімділігіне бағытталған басшылықты уәждеу тетіктерінің болмауы. Тәуелсіз директорлардың шектеулі рөлі.

Белсенді емес директорлар кеңестері/қадағалау кеңестері, атқару органдары.

Корпоративтік басқарудың төмен деңгейі. Қорға стэйкхолдер тарапынан және ЕҰ инвесторлар тарапынан сенімнің азаюы.

Қордың және ЕҰ кредит рейтингілерінің азаюы, қарыздық қаржыландыру құнының қымбаттауы. ЕҰ акцияларын қор нарығының толық бағаламауы.

Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жоспарларды әзірлеу және іске асыру.

2

Қор мен ЕҰ лауазымды тұлғаларының басқарушылық шешімдер қабылдау кезіндегі қателері

Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын ДК/ҚК мүшелеріндегі, Қордың өкілдері болып табылатын ДК/ҚК мүшелеріндегі мүдделер қақтығысы.

1) Қор мен ЕҰ коммерциялық бағдарын ескерместен Қордың мемлекеттік бағдарламаларды "өткізушіге" айналуы. Қолдаушы үлестес компаниялардың Қордың даму стратегиясына қайшы келетін шешімдер қабылдауы. Кредиттік тәуекелге жоғары ұшырағыштық. Жіберіліп алған кірістер/қаржы шығындары. ЕҰ ұзақ мерзімді құнының төмендеуі.

Қақтығыстарды реттеу жөніндегі саясатты іске асыру







Қор және ЕҰ лауазымды тұлғаларының шешім қабылдау кезінде құндық ойлануы емес процестік ойлануы. Қор және оның ЕҰ қызметкерлерінің үлестес компаниялар ДК/ҚК қатысуының пассивтігі (шешім қабылдау мерзімін созу, дауыс беру кезінде көпшіліктің пікіріне автоматты түрде қосылу және т.б.), оның ішінде олардың қате жіберіп алудан қауіптенуінің салдары.

2) Стратегиялық әріптестермен инвестициялық жобаларды іске асыруды созу немесе тоқтату.


ЕҰ-да басқару практикасын жақсарту бойынша практикалық басшылықты әзірлеу. Қордың және ЕҰ лауазымды тұлғаларын басшының компанияның құнын арттыруға бағдарланған ой-пікірін қалыптастыруға бағыттап оқыту. Қордың және ЕҰ D&O жауапкершілігін сақтандыру жөнінде шаралар қабылдау.

3

"Халықтық IPO" бағдарламасының міндеттеріне қол жеткізбеу


1) ЕҰ-дардың ІРО-ға дайын еместігі. Компанияларды ІРО-ға дайындайтын персоналдың жеткіліксіздігі. ІРО-ға дайындау жөніндегі консалтингілік қызметтердің төмен деңгейі.

Капитал тартудың жіберіп алған мүмкіндігі.

ҚРҮ 08.09.2011 жылғы, №1027 қаулысымен бекітілген "Халықтық ІРО бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы.

2) Қазақстандық инфрақұрылымның ІРО-ға дайын еместігі

Бөлшек инвесторлардың кетуі. БҚН өтімділігіне қол жеткізілмеу.




3) Уақтылы емес және сапасыз ақпараттық-білім беру бағдарламасы.

Халық белсенділігінің төмендігі. Өткізілетін мемлекеттік шараларға азаматтардың сенімсіздігі. Капитал тартудың жіберіп алған мүмкіндігі. Қордың бедел тәуекелі.




4 (ЕҰ)

Қор нарығының ЕҰ орналастыратын акцияларын толық бағаламауы

"Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша 1) тармақ. ЕҰ органдарының қолайсыз кезеңде ІРО туралы шешім қабылдауы.

Капитал тартудың жіберіп алған мүмкіндігі.

"Халықтық ІРО" бағдарламасын орындау шеңберінде атқарылатын үміткер компанияларды ІРО-ға дайындау жөніндегі іс-шаралар, ІРО-ның ең озық кезеңін айқындау мақсатында әлемдік нарықтардағы жағдайдың мониторингі.

5 (ЕҰ)

Қызметтер көрсететін тұтынушылар санының азаюы (телекоммуникациялар мен байланыс секторында, көлік секторында активтерді иеленумен байланысты тәуекел)

Бәсекелестер позициясының күшеюі. Әлемдік дағдарыс салдарынан тұтынушы сұранысының төмендеуі.

Қызметтердің кейбір түрлерінің өмірлік циклының аяқталуы.

Кірістің азаюы.

Компаниялардың ұзақ мерзімді құнының төмендеуі.

Операциялық циклды басқару тиімділігін арттыру. Агрессивтік маркетингілік саясат.

Тұтынушыларды ұстау саясаты.

Ағымдағы бизнес әлеуетінің негізінде қызметтердің жаңа түрлерін игеру.

6

Беделдің төмендеуі/жоғалуы

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қор/ЕҰ, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер туралы теріс ақпараттың жариялануы. Персоналдың іскерлік және кәсіби этиканы сақтамауы. Жеткізушілердің, тұтынушылардың, кредиторлардың, басқа да контрагенттердің алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы. Бірқатар тәуекелдердің басталуы (Халықтық ІРО, Корпоративтік басқару режимі, Сыбайлас жемқорлық және т.б.).

Тұтынушылар, іскерлік әріптестер, мемлекеттік органдардың өкілдері, ел халқы тарапынан сенімнің төмендеуі/жоғалуы. ЕҰ-ның Қорға, Қордың кейбір ЕҰ-ға сенімінің азаюы. Заңға қарсы ықтимал әрекеттерге байланысты мемлекеттік органдардың, халықтың, баспасөздің тарапынан сұраныстың ұлғаюы. ЕҰ-ның сәтсіз ІРО, инвесторлардың сенімсіздігі салдарынан облигациялар шығару жолымен тартылған капитал құнының қымбаттауы. Компаниялардың ұзақ мерзімді құнының төмендеуі.

Ақпараттық орта мониторингі, Қордың жұртшылықпен және БАҚ-пен (мақсатты аудиториялармен) тиімді коммуникациясын ұйымдастыру. Іскерлік әдеп кодексінің сақталуын бақылау.

7 (ЕҰ)

Жаңа технологияларды сәтсіз енгізу

Инновациялық саясатты басқару моделінің төмен тиімділігі. Инновациялық жобаларды іске асыру мерзімінің созылуы және онымен байланысты технологиялардың моралдық тозуы. Жаңа технологияларды енгізу қателіктері.

Инновацияларға жұмсалатын тиімсіз шығындар. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ЕҰ әлеуетінің төмендеуі.

Инновациялық мәдениетті енгізу. Инновацияларды енгізу тәуекелдерін бөлу үшін БК құру. Инновациялар жөніндегі жоспарларды іске асыру. Ұсынылатын жаңашылдықты қазақстандық жағдайларға және нарықтың ерекшелігіне бейімдеу.

8 (ЕҰ)

Технологиялық шешімдерді пайдалану құқығын жоғалту

Өнертабыстарды, технологияларды патенттік қорғаудың болмауы.

Технологиялық шешімдерді пайдалану құқығын жоғалту.

Қор ЕҰ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге арналған әлеуетінің төмендеуі.

Патенттерді, технологияларды және лицензиялық келісімдерді түгендеу. Техникалық шешімдерді пайдалану жөніндегі құқықтардың қорғалуын ұйымдастыру.

9

Қор мен ЕҰ қызметіне коммерциялық емес жоғары жүктемеге байланысты қызмет тиімділігінің азаюы.

1) Қор мен ЕҰ коммерциялық бағдарын ескерместен Қордың мемлекеттік бағдарламаларды "өткізушіге" айналуы.

2) Қор мен ЕҰ-да бөлек есепке алудың болмауы.

Қызметтің бейіндік бағыттарын дамытудан түсетін жіберіліп алынған кірістер. ЕҰ ұзақ мерзімді құнын азайту.

Бөлек есепке алуды енгізу.

Коммерциялық емес қызметке арналған лимиттерді енгізу. Тариф түзу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен диалог.

10 (ЕҰ)

Инвестициялық жобаларды іске асыруды тоқтату/кешіктіру.

Жобалардың өзін өзі ақтауы көрсеткіштерінің нашарлауы.

Әлемдік дағдарыс. Қарыз капиталы құнының қымбаттауы.

Оларды іске асыру табысы Қор мен ЕҰ-ның қызметі нәтижелеріне елеулі әсер ететін республикалық маңызы бар аса ірі жобаларға Қор ЕҰ тәуекелдерін шоғырландыру.

Қаржыландыру, преференциялар бөлігінде мемлекеттік қолдаудың азаюы.

ЕҰ стратегиялық әріптестерінің күтілмеген мінез-құлқы, Қор мен ЕҰ арасындағы стратегиялық әріптестермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлесімнің бұзылуы, олардың бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардан шығуы.

Мемлекеттік органдардың, Қордың, ЕҰ, олардың стратегиялық әріптестерімен іс-қимылын үйлестірудегі, келісіміндегі іркіліс, бәсекелестердің әрекеті.

Қордың инвестицияланған қаражатын жоғалту.

Мемлекеттік маңызы бар жобаларды қоса алғанда, жобаларды іске асыру мерзімінің бұзылуы, кешіктірілуі. Қор мен ЕҰ-ның бедел тәуекелі. ЕҰ ұзақ мерзімді құнының төмендеуі.

Жобаның бастапқы сатысын мұқият дайындау.

Жобаны іске асырудың әрбір кезеңіндегі орындауды бақылау. Қаржыландыруды уақтылы қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдармен: тариф түзу мәселелері бойынша, қорғаныс мақсаттары үшін, геологиялық жұмыстар үшін мемлекеттік тапсырыстарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс, тұрғын үй салу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін сенімді құрылыс салушыларды іріктеу.

11

Жаңа инвестициялар

Су шаруашылығы секторының жобаларын іске асыру тәжірибесінің болмауы. Қаржыландыру бөлігінде мемлекеттік қолдаудың болмауы.

Жобаны іске асырудағы іркіліс. Қордың бедел тәуекелі.

Су шаруашылығы секторындағы жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік немесе еншілес ұйым құру.

Су шаруашылығы секторындағы жобаларды іске асыру тәжірибесі бар стратегиялық әріптес тарту. Бюджет кредиттерін тарту. Жеке меншік инвестициялар тарту.









ВИЭ пайдаланылатын электр станцияларын салу жобаларын іске асыруда тәжірибенің болмауы.

Қаржыландыру, преференциялар бөлігінде мемлекеттік қолдаудың азаюы. Даму стратегиясына сәйкес Жаңа инвестициялармен байланысты басқа да жобалар

Жобаны іске асырудағы іркіліс. Жобаны іске асырудағы іркіліс.

СЭС, ВЭС салу жобаларын іске асыру бойынша Қытай компанияларымен ынтымақтастық. ВИЭ негізінде электр энергиясын өндірушілер үшін қолайлы салық ахуалын орнату бойынша мүдделі тараптармен диалог. Нақты салада тәжірибесі бар стратегиялық әріптес тарту. Жобаларды мұқият сараптау. Инвестициялық тәуекелдерді басқару жөніндегі басқа да шаралар.

12

Операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған өтімділік қаражатының жетіспеуі

Нарықтың сыртқы конъюнктурасының нашарлауы, соның салдарынан компаниялар кірісінің азаюы.Әлемдік дағдарыс, ковенанттың орындалмауы, кредиттік рейтингтің төмендеуі, қарыз қаражатын мерзімінен бұрын қайтару, қосымша қарыз тартудағы қиындықтар.

Мемлекеттік маңызы бар ауқымды жобаларға шоғырлануды қоса алғанда, жоғары инвестициялық жүктеме.

Кейде Қордың міндеттемелерін ұлғайту жолымен проблемалық активтерді (мысалы, банктерді) қолдау.

Қор/ЕҰ берген кепілдіктердің іске қосылуы. Кредит тәуекелін іске асыру.

Өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған айналым қаражатының тапшылығы. Инвестициялық бағдарламаның орындалмауы. ЕҰ дефолты.

Қызмет нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерісіне сезімталдығын талдау және қолайсыз өзгерістер жағдайына ден қою сценарийлерін әзірлеу (Қор органдарының Қор компанияларының қаржылық тұрақтылығы мәселелерін қарауы шеңберінде). Кредиттік агенттіктермен ковенантты жұмсарту мәніне келіссөздер. Коммерциялық емес жүктемені азайту жөніндегі жұмыс. Орынсыздық жағдайында қаржы тәуекелдерін хеджирлеу.

13

Шикізаттық тауарларға бағаның қолайсыз өзгеруі

Шикізат бағаларының әлемдік құбылуы (мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі секторларындағы, көлік секторындағы (өзіндік құнның өсуі) активтерді иеленумен байланысты тәуекел (кірістің азаюы)

Қор мен ірі ЕҰ қаржы міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетсіздігі, дефолттар. Бағаның төмендеуі нәтижесінде алынбаған пайда.Негізгі қызметтен түсетін кірістердің тұрақсыздығы. Ковенанттың сақталмауы. Бизнес-жоспарлаудың төмен дәлдігі. Инвестициялық міндеттемелердің орындалмауы. Қызметі шикізат бағасына тәуелді болатын жария компаниялар акциялары құнының төмендеуі.

Жоғарыдағыны қараңыз

14 (КО)

Проблемалық банктердің дефолты.

Жұмыс істемейтін активтердің жоғары деңгейі. Банктердің шетелдік активтерін бақылауды жоғалту.Сот талқылаулары.

Шығындар. Беделдің жоғалуы. Қазақстанның банк жүйесіне сенімнің азаюы. Инвесторлар үшін тартымсыздық. Басқа көздердің есебінен банктерді сауықтыру үшін бөлінген Ұлттық қордың қаражатын қайтару. Ұлттық банктің алдында репо мәмілелері бойынша кепілдіктерді орындау.

Қайта құрылымдау жөніндегі шаралар. Банктердің жекелеген шешімдері және талап қою-қуыну жұмысы бойынша ЕДБ құқық қорғау органдарымен жұмысына жәрдемдесу. СКФ. ЕДБ активтерін сауықтыру.

15

Авариялардың болуы салдарынан қаржы шығындары (өрт, жарылыс, су басу,сыну және олармен байланысты өндіріс үзілістері, экологиялық тәуекелдер және т.б.)

Сапалы сақтандыру қорғалуының болмауы. Адам қателігі.

Техника қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау.

Энергетикалық және көлік (т/ж) секторы активтерінің жоғары тозуы. Дүлей зілзалалар: дауыл, су басу және т.б.

Технологиялық мүліктің жоғалуы.Өндіріс үзілістері. Активтерді қалпына келтіруге арналған ресурстар (қаржылық, материалдық, адами). Келтірілген экологиялық залал, қызметкерлерге, үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін төлемдер.

Тәуекелдерді сақтандырудың корпоративтік бағдарламасын енгізу. Қызмет қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды арттыру бойынша шаралар қабылдау. ҚТЖ, СЭ, KEGOC негізгі өндірістік қорларын жаңғыртуға және жаңартуға инвестициялар.

16

Өңірлердегі рұқсат етілмеген митингілер, ереуілдер, әлеуметтік тұрақсыздықтың шиеленісуі

Болжанатын дағдарыс жағдайларында қысқарту бағдарламалары. Өндірістік персоналға үшінші тұлғалардың қысым жасауы.

Өндірістік персонал жұмысының қанағаттанғысыз жағдайы.

Өндірістік үзілістерге байланысты алынбаған кірістер. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша ең аз жұмыс бағдарламаларын іске асырудағы іркіліс. Бедел. Өңірлерде әлеуметтік шиеленістің артуы.

Әлеуметтік-еңбек дауларын реттеу жөніндегі бағдарламалар. Еңбек ұжымдарындағы түсіндіру жұмыстары. Ұжымдарда командалық рухты дамыту жөніндегі бағдарламалар. Дағдарыс кезеңінде қысқарту туралы шешім қабылдаған жағдайда мүмкіндігінше жеңіл тәсілді пайдалану.


      ___________________

      1Бұл бөлім Қордың Директорлар кеңесі 14.12.2011 жылы қабылдаған 2012 жылға арналған тәуекелдер картасы негізінде жасалды. Төменде келтірілген тізбе "Самұрық-Қазына" АҚ 2022 жылға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясының қолданылу кезеңінде тұрақты болып табылмайды. Тәуекелдерді жыл сайын сәйкестендіру және тәуекелдер карталарын жасау шеңберінде Директорлар кеңесіне өзгерген сыртқы және ішкі факторлар ескеріле отырып, Қордың болжамды кезеңдерге арналып жаңартылған тәуекелдер карталары (шоғырландырылған негізде) енгізіледі. Осындай іс-шаралар жыл сайын әзірленетін тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарында олардың әрқайсысы бойынша белгіленеді.

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

Қызметтің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

      1. Таза кірістің артуы – ЕДБ-сіз Қор компаниялары тобы бойынша болжамды жылғы негізгі компания акционерінің үлесіне шоғырландырылған таза кірістің 2010 жыл ішіндегі бастапқы көрсеткішке қатынасы.

      Негізгі компания акционерінің үлесіне ЕДБ-сіз 2021 жылға арналған 1 315,4 млрд. теңге сомасындағы шоғырдландырылған таза кіріс агрегатталған таза кірістің жыл сайынғы болжалды өсу қарқынын 2015 жылы негізгі компания акционерінің үлесіне Қордың ЕДБ-сіз шоғырландырылған таза кірісіне көбейту жолымен болжанды. 2015 жылдың көрсеткіші компаниялардың даму жоспарлары деректерінің негізінде есептелді. Бұл ретте агрегатталған таза кіріс нақты сектордың мынадай компаниялары бойынша пайдаланылды:

      1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

      2. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

      3. "Қазақтелеком" АҚ

      4. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

      5. "КЕГОК" АҚ

      6. "Самұрық – Энерго" АҚ

      7. "Академик Ш.Ш. Шокин атындағы ҚазҒЗ энергетика институты" АҚ

      8. "КОРЭМ" АҚ

      9. "Біріккен химия компаниясы" ЖШС

      10. "Тау-кен Самұрық" АҚ

      11. "Қазпочта" АҚ

      12. "Эйр Астана" АҚ

      13. "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ

      14. "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ

      15. "Павлодар әуежайы" АҚ

      16. Алынып тасалды - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

      17. "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ

      2. EBITDA margin (EBITDA бойынша рентабельділік) - пайыздар, салықтар және амортизациялар бойынша шығыстарды шегергенге дейінгі операциялық пайданың негізгі қызметтен түсетін кіріске қатынасы. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      EBITDA margin = (A - (B-C) - (D-E) – (F-G)) / A Ч 100%, мұнда

      А - Негізгі қызметтен түсетін кірістер;

      В – Сатылған өнімнің/қызметтердің өзіндік құны;

      С – Сатудың өзіндік құнында ескерілетін тозу, сарқылу және амортизация;

      D – Жалпы және әкімшілік шығыстар;

      E – Жалпы әкімшілік шығыстарда ескерілетін тозу, сарқылу және амортизация;

      F – Тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар;

      G - Тасымалдау және сату жөніндегі шығыстарда ескерілетін тозу, сарқылу және амортизация.

      3. Корпоративтік басқару рейтингі

      Компаниялардағы корпоративтік басқаруды бағалау Қор Басқармасы бекіткен Корпоративтік басқару диагностикасының әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Әдістеме корпоративтік басқаруды негізгі үш құрамдауыш – Құрылым, Үдерістер және Ашықтық бойынша бағалайды, олар өз кезегінде корпоративтік басқарудың озық практикасына сәйкес келетін кіші құрауыштар мен өлшемдердің жиынтығын қамтиды:

      1) Құрылым:

      а) корпоративтік басқару құрылымы

      b) корпоративтік басқару қағидаттарына жалпы бейімділік

      c) қаржы-мүдделі тараптардың құқықтары

      d) мүдделер қақтығысы

      e) құзыреттердің ара-жігін ажырату

      2) Үдерістер:

      a) директорлар кеңесінің тиімділігі

      b) корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

      c) сыйақы және сабақтастық

      d) тәуекелдерді басқару

      e) жоспарлау және мониторинг

      3) Ашықтық:

      a) ақпараттық саясат

      b) қаржылық ақпаратты ашу

      c) қаржылық емес ақпаратты ашу

      d) аудиторлық үдеріс

      e) ішкі аудит

      Әдістеме олар бойынша бағалау жүргізілетін өлшемдер тұжырымдамасын қамтиды. Бұл ретте талдаушы ішкі құжаттармен бекітілген рәсімдерді де, сондай-ақ іс жүзінде практикада жүзеге асырылатын рәсімдерді де ескереді.

      Қордың даму стратегиясында белгіленген ҚНК қол жеткізуді бағалау мақсаттары үшін корпоративтік басқаруды бағалауды объективтілікті қамтамасыз ету үшін тәуелсіз консалтингілік фирма (тәуелсіз консалтингілік фирмалар) жүзеге асыратын болады.

      Корпоративтік басқаруды жалпы бағалау 0%-дан 100% дейінгі (0 – сәйкессіздік, 100% - корпоративтік басқарудың озық практикаларына барынша сәйкес келу) мәнді қабылдауы мүмкін.

      Қор 2022 жылға қарай корпоративтік басқару рейтингінің мәнін 85% дейін ұлғайту міндетін қойып отыр.

      Қордың алдын ала есептері бойынша ІРО жоспарларынсыз Жалғыз акционері бар компаниялары үшін ең көп ықтимал бағалау 94,5%, ал Жалғыз акционері және ІРО жоспарлары бар компаниялар үшін – 93,6% құрайды. Басқа акционерлері бар компаниялар бойынша шектеулер жоқ, теория жүзінде олар 100% баға алуы мүмкін.

      Сол уақытта корпоративтік басқарудың озық практикасын енгізу компанияның мөлшері мен пайдасы тұрғысынан, сондай-ақ әдетте кез келген үдерісте кейбір ұсақ кемшіліктердің болатындығы фактісі тұрғысынан негізсіз болуы мүмкін компаниялардың тарапынан шығындарды талап ететіндігін негізге алғанда, Қор 10 % буфер салады. Бұл айырма менеджментке корпоративтік басқарудың озық практикасының ұсынымдарын орындау кезінде неғұрлым икемді болуға мүмкіндік береді.

      4. Инновациялық даму рейтингі

      Компаниялардың ИТР нәтижелерін бағалау үшін Қор инновациялық қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің (бұдан әрі – НТК) көрсеткіштердің екі тобынан және төрт бағыттан тұратын теңгерімделген жүйесін пайдаланады:

      Компанияның инновациялық қызметін сипаттайтын НТК:

      1. Инфрақұрылым мен адами әлеуетті дамыту

      2. Әзірленімдер мен инновациялық жобаларды жүзеге асыру

      Компания инновациялық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын НТК:

      3. Компанияның технологиялық деңгейінің өсуі

      4. Компанияның стратегиялық мақсаттарына және мемлекеттік басымдықтарға қол жеткізу

      Қор барлығы он НТК пайдаланады. Олардың бір бөлігі барлық Компаниялар үшін әмбебап болып табылады. Үш көрсеткіш: сапаның салалық көрсеткішінің жақсаруы, еңбек өнімділігінің артуы және энергия тиімділігі деңгейінің өсуі – әр түрлі Компаниялар үшін тән.

      Алдын ала бағалаулар бойынша 2011 жылы 8 аса ірі компаниялардағы орташа арифметикалық балл 24,85 құрады, бұл компаниялардың инновациялық дамуының салыстырмалы төмен деңгейі туралы куәландырады. Компаниялардың көпшілігінің қазіргі сәтте инновациялық дамудың бастапқы сатысында тұрғандығын ескергенде, оларды инновациялық қызметтің халықаралық стандарттары деңгейіне шығару үшін дайындау белгілі бір уақытты қажет етеді. Алайда олардың осы бағытта белсенді дамуын, сондай-ақ Қор тарапынан инновациялық үдерістерді сырттай ынталандыруды назарға ала отырып, 2016 жылға қарай компаниялар өздерінің инновациялық әлеуетін толық шамада іске асыратыны, яғни 4 жылдық кезеңде ықтимал 100-дің 100-іне қол жеткізетіні күтіледі.

Топтар

Бағыттар

Аспектілер

Код

НТК

Салмақ

Инновациялық қызмет

Инфрақұрылым мен адами әлеуетті дамыту

Инновациялық инфрақұрылым

НТК1

Инфрақұрылымға жұмсалатын шығыстар

12

Инновациялармен жұмыс істейтін персонал

НТК2

Персоналдың жалпы санындағы инновациялармен жұмыс істейтін персонал

8

Әзірленімдер мен инновациялық жобаларды жүзеге асыру

Идеяларды іріктеу

НТК3

ҒТК мақұлданғаннан кейін енгізілген жобалардың/рационализаторлық ұсыныстардың саны

6

ҒЗТКЖ

НТК4

Компания түсіміндегі ҒЗТКЖ жұмсалатын шығыстардың үлесі

12

Енгізу

НТК5

Компания түсіміндегі инновациялық жобалардағы инвестициялардың үлесі

12

Инновациялық қызметтің нәтижелері

Компания технологиялық деңгейінің өсуі

Басқару

НТК6

Еңбек өнімділігі

10

Үдерістер

НТК7

Салалық сапа көрсеткіші

10

Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу

Компаниялар және мемлекеттік басымдықтар

Мемлекет

НТК8

Энергия тиімділігінің деңгейі

6

НТК9

Қазақстандық қамту деңгейі

6

Акционерлер

НТК10

Инновациялық жобаларды іске асырудан түсетін таза пайданың компанияның жалпы таза пайдасындағы үлесі

18

ИТР рейтингі

100


      5. Меншікті капиталды бағалау

      Бизнесті бағалау әдіснамасы. Тәуелсіз консультанттар жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорынды бағалау кезіндегі барынша сенімді тәсіл ретіндегі кірістік және салыстырмалы тәсілдердің негізінде ЕТҰ меншікті капиталының құнына талдау жүргізді.

      Кірістік тәсіл

      Кірістік тәсіл шеңберінде ақша ағындарын дисконттау әдісі пайдаланылды. Болашақтағы ақша ағындары ЕТҰ-ның даму жоспарлары мен стратегияларында, сондай-ақ 2011 жылғы 2-тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша өзге де жол берілімдерде қамтылған болжамдардың негізінде есептелді.

      Кірістік тәсілді пайдалану кезінде құн белгілі бір уақыт кезеңіне болжанатын және олардың келтірілген құнын айқындау үшін дисконтталатын болашақта күтілетін ақша ағындарының келтірілген құнын есептеу жолымен айқындалады. Бұл ретте пайдаланылатын дисконттау ставкасы талданып отырған активті иеленумен байланысты капиталдың құнын, инфляцияны және тәуекелді көрсетуге тиіс.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның құнын талдау үшін осы тәсіл барынша қолайлы болып табылады, өйткені ол активтер құнының үш құрауышына, атап айтқанда: 1) болашақтағы пайданың шамасына, 2) оларды алу уақытына және 3) осы пайданы алумен байланысты тәуекелдерге бағытталады. Бұл әдіс компанияның құнын бағалау практикасында барынша жиі қолданылады.

      Салыстырмалы тәсіл

      Салыстырмалы тәсіл салыстырылатын компаниялардың акцияларын ашық (жария сауда-саттықта) не жабық нарықта ол бойынша сатылатын бағалармен салыстыру жолымен компанияның құны айқындалуы мүмкіндігін болжайды. Салыстырмалы тәсіл шеңберінде компаниялардың құны мынадай әдістердің:

      1) ұқсас компаниялардың биржада айналымда болатын акциялары баға белгіленімдерінің (биржалық баға белгіленімдері әдісі);

      2) салыстырылатын компаниялар акцияларының пакеттерін сату және ұсыну бағасының (мәмілелер әдісі) негізінде анықталды.

      Осы әдістердің шеңберінде белгілі бір өлшемдердің негізінде тиісті ұқсас компания таңдап алынады. Салыстыру үшін аса қолайлы компания – бұл қарастырылып отырған компания саласында жұмыс істейтін, және салыстырылатын өндірістік әлеуетті иеленетін компаниялар.

      Қор ЕТҰ құнын бағалаудың салыстырмалы тәсілі кірістік тәсіл нәтижелерін тексеру мақсаттары үшін қолдаушы ретінде пайдаланылды. Дербес ретіндегі салыстырмалы тәсілдің нәтижелерін пайдалану негізді болып табылмайды, өйткені ол ЕТҰ жұмысының барлық ерекшеліктерін ескеруге, және компанияның функционалдық сипаттамаларын сенімділіктің қажетті дәрежесімен салыстыруға мүмкіндік бермейді.

      6. Персоналдың тартылушылық дәрежесі

      Үш негізгі блок/индекстерден: 1) персоналдың қанағаттанушылығынан, 2) персоналдың компанияға адалдығынан және 3) персоналдың бастаманы қолдауынан тұратын біріктірілген тартылушылық индексін анықтау арқылы персоналдың әлеуметтік көңіл-күйі деңгейін айқындау:

      Қанағаттанушылық қызметкерлердің: еңбекке орналасу жүйесін, еңбек шарттары мен төлемдерін; басшылық қабылдайтын шешімдерге сенімді; компания туралы ақпарат алуды; қамтамасыз етілу шарттарын және еңбек мазмұнына ішкі қанағаттанушылықты; кадрларды іріктеу мен орналастыру өлшемдерін; уәждеу бағдарламаларын бағалауды қамтиды.

      Адалдық ұжымдағы өзара қатынастарды; компания қызметкерлерінің тұтастай қабылдауын; кәсіптік және мансаптық өсудің берілетін мүмкіндіктерін; корпоративтік мақсаттар мен компанияның дамуын бағалауды қамтиды.

      Бастаманы қолдау блогы қызметкерлердің өсуі мен өзін өзі іске асыруын дамытуға арналған мүмкіндіктерді; қызметкерлерді идеялар әзірлеуге тарту бағдарламаларын; тану және көтермелеу, күш-жігерді бағалау жүйесін бағалайды.

      Персоналдың тартылушылық дәрежесін есептеу қызметкерлердің пікірін зерттеу/сауалнама жүргізу нәтижелері негізінде жүргізіледі. Зерттеулер жүргізудің кезеңділігі – жыл сайын.

      2011 жылы Қор компаниялары тобы қызметкерлерінің тартылушылығына осы көрсеткіштің сенімді, салыстырмалы және тәуелсіз бағасын алу мақсатында бірыңғай әдістеме бойынша зерттеу жүргізілді.

      Жобаның қорытындылары бойынша Қор компаниялары тобы бойынша әкімшілік-басқару персоналының тартылушылығының шоғырландырылған орташа индексі 2011 жылы 60,3% құрады, бұл ең аз шектік мәннен 0,3% жоғары (ең төменгі шек – 60%, бұл жағдайдың тұрақты және оң екендігін білдіреді). 2012 жылы Қордың бүкіл тобы бойынша саны әкімшілік-басқару персоналынан елеулі түрде асатын өндірістік персонал да зерттеумен қосымша қамтылатын болады. Осыған байланысты, бүкіл персоналдың, оның ішінде өндірістік персоналдың әлеуметтік көңіл-күйі жоғары болмауы мүмкін деп болжанады.

      7. Кадрлардың жыл сайынғы тұрақтамаушылығы

      Кадрлардың тұрақтамаушылығы еншілес ұйымдар мен филиалдарға орналасқандарды қоспағанда, есепті уақыт кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздемелері бойынша жұмыстан босаған қызметкерлердің санын сол кезең ішіндегі қызметкерлердің орташа санына бөлу жолымен есептеледі.

      Қолданыстағы практикаға сәйкес ұйымдардағы кадрлардың 14% аспайтын шектегі тұрақтамаушылығы қалыпты шекті мән болып саналады (табиғи азаюды: зейнет демалысына кетуді, мемлекеттік қызметке ауысуды және т.б. ескергенде). Осыған байланысты Қор оң жылдық кезеңнің бойында осы мәннен аспауды өзіне міндет етіп қояды.

      8. Қор компанияларының елдің стратегиялық құжаттары шеңберінде белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесі

      Бұл көрсеткіш Қор тобының ҮИИДМБ және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының шеңберінде негізгі салалық көрсеткіштерге қол жеткізуін көрсетеді. Осыған байланысты, ҮИИДМБ шеңберінде жекелеген көрсеткіштерге қол жеткізу 2014 не 2015 жылға дейін жоспарланған, бірқатар мақсатты көрсеткіштер бойынша тиісті жылға дейін ғана мән беріледі.

      9. Меншікті капитал рентабельділігінің коэффициенті (Return On Equity - ROE)

      Топ-менеджерлердің оларға акционерлер сенім білдірген капиталды қаншалықты табысты басқаратындығы туралы ұғым беретін компанияның қаржылық жағдайы көрсеткіштерінің бірі.

      ROE мынадай формула бойынша есептеледі:

      ROE = A / (B+C) / 2 Ч 100%, мұнда

      А – таза кіріс/(шығын)

      В – меншікті капитал, ағымдағы кезең ішінде барлығы N

      С- меншікті капитал, өткен кезең ішінде барлығы N-1

      Меншікті капиталдың теңгерімдік құнының шоғырландырылған деректерін алдын ала болжау мүмкін болмайтындықтан, мақсатты мәннің есебін беру мүмкіндігі жоқ.

      Осыған байланысты мән ретінде 12-14 пайыз диапазоны таңдап алынды, ол тұтастай Қор үшін белгіленген талап етілетін кірістілік ретінде беріледі. Бұл құнды ұлғайту жөніндегі міндетті орындау үшін Қор ұмтылатын деңгей.

      10. Жергілікті қамту үлесі "Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына сәйкес есептеледі:

      Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ҚҚт) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      n – тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарын жасасу арқылы да шартты орындау мақсатында жеткізуші сатып алған тауарлардың жалпы саны;

      i – тауардың реттік нөмірі;

      СТi - i-ші тауардың құны;

      Ki - "СТ-KZ" сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесі;

      Ki = 0, "СТ-KZ" сертификаты болмаған жағдайда;

      S – тауарларды сатып алу туралы шарттың жалпы құны.

      Жұмыстарды (қызметтерді көрсетуге) жеткізуге арналған шарттағы қазақстандық қамтуды (ҚҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      m – тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы шартты, мердігер мен қосалқы мердігер арасындағы шарттар және т.б. қоса алғанда, жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;

      j – жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында жасалған шарттардың реттік нөмірі;

      СДj – j- шарттың құны;

      СТj – j-шартты орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;

      ССДj – j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігер шарттарының жиынтық құны;

      Rj – j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерінің жалпы еңбекақы төлеу қорындағы қазақстандық кадрлардың еңбекақы төлеу қорының үлесі;

      n – j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың атауларының жалпы саны;

      i – j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;

      СТi – i-тауардың құны;

      Ki – "CT-KZ" нысанындағы тауардың шыққан жері туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамту үлесі;

      Ki = 0, "CT-KZ" нысанындағы тауардың шыққан жері туралы сертификат болмаған жағдайда;

      S – шарттың жалпы құны.

      Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы жергілікті қамтудың (ҚҚ) есебі мына формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      n – сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;

      i – сатып алу туралы шарттардың реттік нөмірі;

      КСi – сатып алу і-шартындағы жергілікті қамту;

      СДi – сатып алу туралы і-шарттың құны;

      S – шарттардың жалпы құны.

      2022 жылға қарай ұлттық компаниялар үшін тауарлар сатып алудағы жергілікті қамту үлесі жұмыстарда кемінде 66%, қызметтерде – кемінде 93% құрайды. Есеп жергілікті қамтудың шамамен 1%-ға жыл сайынғы өсімі ескеріле отырып жүргізілді.

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
5-қосымша

Қор компанияларының Қазақстан Республикасының стратегиялық және
бағдарламалық құжаттарына сәйкес көрсеткіштері

Сала/компания

ҮИИДМБ-дан мақсаттар

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарынан мақсаттар

Салалық даму бағдарламаларынан мақсаттар

Қордың даму стратегиясынан алынған көрсеткіштер

1

2

3

4

5

6

1

Мұнай-газ және мұнай-химия саласы/ "ҚМГ" АҚ

2014 жылы мұнай өндіру көлемінің өсуін 85,0 млн. тоннаға дейін жеткізу (2008 жылға қарай 120,4 %)




2014 жылы мұнай өндіру көлемін 85 млн. тоннаға дейін ұлғайту (2009 жылға қарай 111,1%).

"ҚМГ" ҰК" АҚ қатысу үлесін есепке ала отырып, жобалар бойынша мұнай өндіру көлемі:

2015 жылы жылына 25,9 млн. тонна,

2020 жылы жылына 31,7 млн. тонна,

2022 жылы жылына 35,4 млн. тонна.

2014 жылы қазақстандық МӨЗ-де мұнайды өңдеу көлемінің өсуін мұнайды өңдеу тереңдігін 87% - 90%-ға дейін ұлғайта және отандық мұнай өнімдерін Еуро сапа стандарттарына дейін жеткізе отырып, 15,0 млн. тоннаға дейін (2008 жылға 122,1 %) қамтамасыз ету.

2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары ел қажеттілігін отынмен толық қанағаттандыруда.

2014 жылы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнайды қайта өңдеу көлемдерін 15,1 млн. тоннаға дейін ұлғайту (2009 жылға қарай 124,8)

Мұнайды қайта өңдеу тереңдігін 87-90%-ға дейін жеткізу

Отандық мұнай өнімдерінің сапасын 3-экологиялық кезең стандарттарына дейін жеткізу.

"ҚМГ" ҰК" АҚ мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай өңдеу көлемі:

2015 жылы 18,91 млн. тонна, 2020-2022 жылдары 21 млн. тонна.

Мұнайды қайта өңдеу тереңдігін:

Атырау МӨЗ-де 2016 жылға қарай 87%-ға,

Шымкент МӨЗ-де 2016 жылға қарай 90%-ға, Павлодар МХЗ-да 2016-2022 жылдары 90%-ға жеткізу.

Атырау, Шымкент және Павлодар МӨЗ-де мұнай өнімдерінің сапасын 2016 жылға қарай 4-экологиялық кезеңге дейін жақсарту.




"Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ" газ құбыры бойымен газды тасымалдауды:

2012 жылы - жылына 3,6 млрд. текше метрге дейін;

2013-2014 жылдары - жылына 5,0 млрд. текше метрге дейін;

2015 және одан кейінгі жылдары - жылына 10 млрд. текше метрге дейін қамтамасыз ету.

К 2012 жылға қарай "Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ" газ құбыры елдің бүкіл оңтүстігін жылына газдың 5 млрд. текше метрге дейінгі көлемде газбен қамтамасыз етеді

2014 жылы газ тасымалдау көлемін жылына 129,3 млрд. текше метрге дейін, оның ішінде "Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ" газ құбыры ("Бейнеу-Шымкент") бойынша жылына 5 млрд. текше метрге дейін (2012 жылы – жылына 3,6 млрд. текше метрге дейін) ұлғайту.

Газ тасымалдау көлемі:

2015 жылы 114,3 млрд. текше метр,

2020 жылы 120,6 млрд. текше метр, 2022 жылы 121,1 млрд. текше метр. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырын салу:

2013 жылы Бозой-Шымкент учаскесін өткізу қабілетімен жылына 6 млрд.текше метрмен аяқтау.

2015 жылы Бейнеу-Бозой учаскесін өткізу қабілетімен жылына 10 млрд. текше метрмен аяқтау.







Көмірсутектердің барланған қорларын ұлғайту 2015 жылға қарай шамамен 300 млн. тоннаны құрайды

"ҚМГ" ҰК" АҚ мына жобаларға қатысу үлесін ескере отырып, жобалар бойынша мұнайдың дәлелденген тартылған қорлары: 2015 жылы 816 млн. тонна,

2020 жылы 1322 млн. тонна және

2022 жылы 1413 млн. тонна.







Мұнай құбырларының өткізу қабілетін жылына 87 млн. тоннаға дейін; Каспий Құбыр өткізгіш консорциумы – жылына 67 млн. тоннаға дейін, Қазақстан Қытай жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайту

Құбырлы көлікпен мұнай тасымалдау көлемі (КТК есепке алмай):

2015-2022 жылдары 60-дан астам млн. тонна

Мұнайды танкерлі флотпен тасымалдау:

2015-2022 жылдары 13 млн. тонна.

2012 жылы битум өндіру қуатын жылына 500 мың тонна көлемінде енгізу




2012 жылы битум өндіру қуатын жылына 500 мың тонна көлемінде енгізу

Битум өндіру жөніндегі қуат:

2015 жылы жылына 576 мың тонна,

2020 және 2022 жылдары жылына 606 мың тонна

2014 жылдан бастап хош иісті көмірсутектерін өндіруді жылына 133 мың тоннаға дейін бензол, жылына 496 мың тоннаға дейін параксилол көлемінде қамтамасыз ету




Хош иісті көмірсутектерін өндіруді жылына 133 мың тоннаға дейін бензол, жылына 496 мың тоннаға дейін параксилол көлемінде ұлғайту.

Хош иісті көмірсутектер өндіру: бензол: 2015 жылға қарай жылына 133 мың тонна, параксилол – 2015 жылға қарай 496 мың тонн

2

Химия өнеркәсібі/ "БХК" ШЖС

2014 жылға қарай химия өнімдерін өндіру көлемдерін 2 есе ұлғайту

2020 жылға қарай химия өнімінің жалпы өндірісі 3 есе өседі.

2014 жылы химия өнімдерінің жалпы өндірісін 2 есеге ұлғайту.

Химия өнімдері өндірісінің көлемі:

2015 жылы 400 млрд. теңге,

2020 жылы 464 млрд. теңге.

2014 жылға қарай жоғары шекті химия өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту.




2014 жылға қарай жоғары шекті химия өнімдерінің экспортын 2 есе ұлғайту.

Сатудан %-бен химия өнімі экспортының үлесі:

2015 жылы 70%,

2022 жылы 90%.




2020 жылға қарай химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрінің өндірісі ұйымдастырылады.

2014 жылға қарай химия өнімдерінің 6 жаңа түрінің өндірісін ұйымдастыру.

Химия өнімінің жаңа түрлерінің саны:

2015 жылы 7,

2022 жылы 15.




2013 жылға қарай күкірт қышқылының өндірісі жылы 2500 мың тоннадан астам көлемге дейін жеткізіледі

2013 жылы күкірт қышқылын өндіру – 2527 мың тонна.

Жылына 180 мың тонна көлемінде күкірт қышқылын өндіру.







2015 жылдан бастап базалық мұнай-химия өнімдерінің өндірісін жылына 800 мың тонна полиэтилен және жылына 500 мың тонна полипропилен көлемінде қамтамасыз ету




2015 жылдан бастап базалық мұнай-химия өнімдерінің өндірісін жылына 800 мың тонна полиэтилен және жылына 500 мың тонна полипропилен көлемінде қамтамасыз ету

Полимерлі өнімнің жылына қуаты 1300 мың тонна ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу

3

Теміржол саласы/ "ҚТЖ" АҚ

453 км теміржолдар салу.

Республика ішінде және ҚР шекарасынан тыс жерлерде жүктер мен жолаушыларды жеткізуді жылдамдату үшін шамамен 1400 км жаңа теміржолдар желісін салынды

2015 жылға қарай 453 км теміржолдар салу жоспарланып отыр.

2015 жылға қарай ұзындығы 439 км және 2018 жылы 1641 км теміржолдар құрылысын салу жоспарлануда

2015 жылға қарай жүк қатынасының жылдамдығын 15-20%-ға, ал негізгі халықаралық көлік дәліздері бойынша – 20-30-ға арттыру

2020 жылға қарай теміржолдардың транзитті учаскелері бойынша жүк поездары қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы кемінде 55 км/сағ құрайды.




2020 жылға қарай теміржолдардың транзитті учаскелері бойынша жүк поездары қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы кемінде 55 км/сағ құрайды.

4

Электр энергиясын өндіру және беру/ "Самұрық-Энерго" АҚ; "KEGOC" АҚ

2014 жылы электр энергиясын өндіруді 96,8 млрд. кВтсағ болжамды тұтыну кезінде 97,9 млрд. кВтсағ дейін жеткізу.

2020 жылға қарай экономиканың қажеттілігін қанағаттандыратын өз көздерінен энергия өндіру 100%-ды құрайды

2014 жылы электр энергиясын өндіруді 96,8 млрд. кВтсағ болжамды тұтыну кезінде 97,9 млрд. кВтсағ дейін жеткізу.

2014 жылы электр энергиясын өндіруді 29,75 млрд. кВтсағ дейін өсуі.

Электр станцияларының белгіленген қуатын2 2015 жылы до 8 650 МВт-қа, 2020 жылы 15 987 МВт-қа дейін өсуі.

Электр энергиясын өндіруді19 2015 жылы 33,6 млрд. кВтсағ.-қа, 2020 жылы 50,5 млрд. кВтсағ-қа дейін өсуі.

2014 жылы көмір өндіру көлемін 123 млн.тоннаға дейін қамтамасыз ету




2014 жылы көмір өндіру көлемін 123 млн.тоннаға дейін қамтамасыз ету.

2014 жылы 41,5 млн. тонна көмір өндіру.

2020 жылы: 43,7 млн. тонна көмір өндіру

2022 жылы: 44 млн. тонна көмір өндіру




2015 жылға энергия тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерін пайдалану үлесі 1,5 % астамды, 2020 – 3% астамды құрайды




Энергия тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерін пайдалану үлесі "Самұрық-Энерго" АҚ тобы бойынша 2015 жылы 1,6%-ды құрайды.

"Самұрық-Энерго"" АҚ тобының электр станцияларында белгіленген қуат бойынша энергия тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерін пайдалану үлесі 2020 жылы 4%-ға дейін құрайды.

Энергия тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерін пайдалану үлесі 2020 жылы "Самұрық-Энерго" АҚ тобы бойынша 2%-ды құрайды




2020 жылға қарай Балқаш ЖЭС салынады және пайдалануға беріледі




2017 жылы Балқаш ЖЭС салынды және пайдалануға берілді.




2015 жылға қарай Балқаш ЖЭС бірінші кезегін салу аяқталады




2017 жылы Балқаш ЖЭС бірінші кезегінің құрылысы аяқталды. I-модульдің қуаты 1320 МВт.

5

Тау-кен металлургиялық өнеркәсібі/ "Тау-кен Самұрық" АҚ

Жоғарғы технологиялық бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттау көлемін 2008 жылдың деңгейіне қатысты 2 есеге ұлғайту.

2015 жылға қарай өндіріс және металлургиялық өнімді экспорттау екі есе көбейеді.

Жоғарғы технологиялық бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттау көлемін 2008 жылдың деңгейіне қатысты 2 есеге ұлғайту.

Марганец өндіру қуаты – 2022 жылы жылына 200 мың тоннаға дейін руда

Қорғасын өндіру қуаты – 2022 жылы жылына 1000 мың тоннаға дейін руда

Мыс өндіру қуаты – 2022 жылы 10000 мың тонна руда

Темір рудасын өндіру қуаты – жылына 3000 мың тоннаға дейін руда

6

Телекоммуникациялық сала/"Қазақтелеком" АҚ







Телефон байланысының тіркелген желілерінің тығыздығы: 2014 жылы – 100 адамға 25,4.

Байланыстың тіркелген желілерін пайдаланушылар тығыздығы:

2015 жылға қарай 100 адамға 25,4

2022 жылға қарай 100 адамға 25,71

Интернеттің кең жолақты желісі абоненттерінің тығыздығы - 100 адамға 22.

Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтары телефон байланыс қызметтерімен және Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамту 100% жетеді.

Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті пайдаланушылар:

2014 жыл – 100 адамға 22.

Пайдаланушылардың Интернеттің кең жолақты желісінің тығыздығы:

2015 жылы 100 адамға КЖҚ 9,84 порт,

2020 жылы 100 адамға КЖҚ 11,5 порт.

2022 жылы 100 адамға КЖҚ 12,43 порт.







Байланыстың әмбебап қызметтерімен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердегі абоненттер саны: 2014 жылы 1 045 730 абонент.

2015 жылдан бастап ауылдық жерлерді телефония қызметтерімен және КЖҚ қамту – 100%

Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - 100 адамға 135.

1000 адам және одан да көп халық саны бар барлық елді мекендерді ұтқыр байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілді.

Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы: 2014 жылы – 100 тұрғынға 135.

Ұтқыр байланыс абоненттерінің саны 2015 жылы 2,5 млн. және 2022 жылы 4,6 млн. құрайды

3G және 4G ұялы байланыс стандарттарын енгізу







2015 жылға қарай 4G (LTE) желілерді жазу.

7

Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы/ "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

Қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім алу үшін толық ядролық отын тізбегі бар тігінен интеграцияланған кешен құру

2020 жылға қарай ядролық отын циклі бар тігінен ықпалдастырылған компания құрылды.




2022 жылға қарай "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ базасында ядролық-отын циклын өндірістік-технологиялық тізбектерге тарту жолымен тігінен ықпалдастырылған компания құрылатын болады: өндіру, конверсия, байыту, отын, атом реакторларының құрылысын салу.







Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес уран өндіру көлемін ұлғайту.




Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес уран өндіру көлемін ұлғайту.

Елде уран өндіру – 24-26 мың тонна, оның ішінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ - 14-16 мың тонна.

Ядролық отын тізбегінің жаңа өндірістерін құру - қуаты 12 000 мың тонна уранның гексафторидін (UF6) өндіретін конверсиялық зауыт салу.




Ядролық-отын циклының жаңа өндірістерін құру.

Конверсиялық технологиялар саласында, оның ішінде шетелдік активтерге қатысу арқылы және конверсиялық технологиялар трансферті арқылы, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жылына UF6 6000 тоннаға дейін көлемдегі үлесімен шетелдік әріптестермен-әлемдік көшбасшылармен бірлесіп конверсиялық өндірістік қуаттар құру

8

Авиа тасымалдар және әуежайлар/"Эйр Астана" АҚ, "Павлодар әуежайы" АҚ, "Ақтөбе халықаралық әуежайы", "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ

2010 жылмен салыстырғанда халықаралық әуе қатынастары санын екі есеге арттыру және еуропалық авиация стандарттарын енгізу.

Халықаралық әуе қатынастарының саны 2 есеге ұлғайтылды.

Халықаралық әуе қатынастарының санын 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайту және еуропалық авиациялық стандарттарды енгізу.

Халықаралық әуе қатынастарының санын ұлғайту:

2015 жылы 52

2022 жылы 57




Еуропалық авиациялық стандарттар толығымен енгізілген.

Әуе тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.

ИКАО және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттіктің (EASA) халықаралық авиациялық стандарттардың талаптарына сәйкес ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.




Еуропалық авиациялық стандарттар толығымен енгізілген.

11 әуежай ИКАО санатына ие.

"Павлодар әуежайы" АҚ-ның, "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ-ның, "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ-ның ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестігі.

9

Пошталық қызметтер/ "Қазпошта" АҚ

Еркін бәсекелестік жағдайында, сапалы почта және қаржы қызмет көрсетулер ұсыну мақсатында бірінші кезекте, ауылдық почта байланысының бөлімшелерін дамыту және автоматтандыру арқылы ауылдық жерлерде почта-жинақтау жүйесіне жаңғырту жүргізілетін болады.




Пошталық байланыстың 560 ауылдық бөлімшелерін салу және жаңғырту

Пошталық байланыстың, оның ішінде ауылдық жерде автоматтандырылған үлесі – 100%.

10

Машина жасау/ "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ

Жалпы қосылған құнның өсімі 74%-ға




Жалпы қосылған құнның өсімін 74%-ға

Өндіріс көлемін 588 млрд. теңгеге дейін ұлғайту

2022 жылы:

Компания тобы бойынша Арнайы өнімді және қос мақсаттағы өнімдерді сату көлемі – 95,2 млрд. теңге

Компания тобы бойынша азаматтық мақсаттағы өндіріс көлемі – 80,2 млрд. теңге

Азаматтық мақсаттағы өнімді сату көлемі - 42,5 млрд. теңге, Арнайы өнімді және қос мақсаттағы өнімдерді сату көлемі – 40,05 млрд. теңге,

Сервистік қызметтер көлемі (инжиниринг) – 13 млрд. теңге.

Увеличение доли экспорта в общем объеме реализованной продукции до 16% по сравнению с 8% в 2011 году.

Саладағы еңбек өнімділігін жылына 52 мың АҚШ долларына дейін ұлғайту




Саладағы еңбек өнімділігін жылына бір адамға 7 592 мың теңгеге дейін ұлғайту.

Еңбек өнімділігін 13,3 млн. теңге/адамға дейін немесе 2010 жылмен салыстырғанда 4 есе ұлғайту




Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы 80%-ға отандық өндіріспен қамтамасыз етілді




"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ үлесін Қазақстанның машина жасауының жалпы көлемінде 2010 жылғы 11%-бен салыстырғанда 30%-ға дейін ұлғайту


      ___________________

      1Ромпетрол есепке ала отырып

      2Балқаш ЖЭС бойынша деректер енгізілмеген, осыған байланысты, бұл стратегиялық инвесторлардың акциялар пакетінің 75%-ын іске асыру жоспарланып отыр. Ертіс каскад СЭС бойынша деректер осы активтердің концессияда болғандықтан енгізілмеген.

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

Даму институттары арқылы экономиканы ынталандыру

      Даму институттары ұлттық экономиканы жаңғырту және әртараптандырудың негізгі құралдары ретінде қызметін жалғастыратын болады.

      Орта мерзімді кезеңде даму институттарының қызметі мыналарға:

      1. Экономиканың басымды секторларында, сондай-ақ шағын және орта бизнес секторында (бұдан әрі – ШОБ), оның ішінде "Бизнестің жол картасы 2020", "Өнімділік 2020" мемлекеттік бағдарламаларына қатысу жолымен ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қолдауға және қалпына келтіруге.

      2. Қор тобына кіретін компаниялардың стратегиялық жобаларын және ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды белсенді қаржыландыруға бағытталатын болады.

      Ұзақ мерзімді кезеңде, 2022 жылға қарай даму институттары өз күштерін:

      1. Инвестициялық жобаларды кешенді іске асыру мақсатында пайдаланылатын құралдар спектрін кеңейтуге.

      2. Жобаларды, бәрінен бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде инвестициялық жобаларды дайындау және құрылымдау жөніндегі функцияларды күшейтуге.

      3. Жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамытуға жұмсайды.

      Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру мәселелеріне белсенді қатысу мақсатында Қор даму институттарымен бірлесіп мынадай негізгі міндеттерді шешуі қажет:

      1. Қолда бар активтер сапасын жақсарту ("ҚДБ" АҚ, "ҚИК" АҚ).

      2. Экономиканың басымды салаларында қаржыландыруға арналған жаңа жобаларды белсендірек іздеу және мемлекеттік бағдарламаларды

      (ҮИИДМБ) іске асыруға белсенді қатысу ("ҚДБ" АҚ, "ҚКМ" АҚ, "ҚЭГ" АҚ);

      3. Халықты жұмыспен қамтуды және өңірлік дамытуды ұлғайту жолымен шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін арттыру ("Даму" КДҚ" АҚ).

      4. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде даму институттары арасында ең жоғарғы синергияны қамтамасыз ету.

      Қор ҮИИДМБ және "Бизнестің жол картасы 2020" қоса алғанда, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда орта мерзімді кезеңде компаниялар қызметінің негізгі көрсеткіштерін қою және бағалау жолымен даму институттарының қатысу нәтижелілігін ынталандыратын болады.

      Даму институттарының қызметі жеке меншік сектор үшін жеткілікті тартымды емес экономиканың салаларында мемлекет саясатын қолдауға бағытталатындықтан, даму институттары Қормен бірлесіп мемлекет тарапынан құқықтық және қаржылық тетіктерді әзірлейтін болады.

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516 қаулысымен.

Бенчмаркинг

      "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

      "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның 2022 жылға қарай пайымы – әлемнің аса ірі 30 мұнай-газ компанияларының қатарына енген, өндірістік қызмет қауіпсіздігінің ең жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті ықпалдастырылған мұнай-газ компаниясы.

      Қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ" АҚ) әлемнің аса ірі 50 мұнай-газ компанияларының қатарына енеді. Айталық, 2012 жылдың басында мұнайдың алынатын дәлелденген қоры бойынша компания 25-27-орында тұр, мұнай өндіру көлемі бойынша 2011 жылдың қорытындысы бойынша 35-39-орында, мұнай өңдеу көлемі бойынша 2011 жылдың қорытындысы бойынша 40-42-орында, газ қоры және өндіру көлемдерінің көрсеткіштері бойынша – 70-орыннан төмен тұр. ROACE, EBITDA margin және еңбек өнімділігі көрсеткіштерін қоса алғанда, экономикалық тиімділік көрсеткіштері бойынша "ҚМГ" АҚ басқа да деңгейлес-ықпалдастырылған компаниялардың тиісті мәндері ауқымының шегінде орналасқан.

Көрсеткіш (2011 ж.)

Өлшем бірлігі

"ҚМГ" АҚ

CNPC

Sinopec

Repsol

OMV

TNK-BP

Газөнеркәсіпмұнай

ROACE

%

12,54

7,48

13,72

6,86

9,02

35,45

19,93

EBITDA margin

%

15,7

8,79

6,90

14,18

12,36

24,47

20,65

Еңбек өнімділігі

Млн. теңге1/адам

31,5

34,9

154,7

261,9

167,6

192,0

99,8

Мұнай өндіру бойынша еңбек өнімділігі, тонна/адам

Тонна/ адам

602

н/д

н/д

н/д

н/д

3 324

2 810


      "ҚМГ" АҚ 2022 жылға қарай мына көрсеткіштер бойынша әлемнің аса ірі отыз мұнай-газ компанияларының қатарына кіру ниеті бар: әлемнің деңгейлес-ықпалдастырылған мұнай-газ компаниялары арасында мұнай қоры – шамамен 16-орын (1400 млн. тоннадан астам); мұнай өндіру көлемі – 29-орын (жылына 35,4 млн. тоннадан кем емес); мұнай өңдеу көлемі – 37-орын (жылына кемінде 21 млн. тонна).

      Басқа да деңгейлес-ықпалдастырылған компаниялардың тиісті мәндері ауқымының шегінде экономикалық тиімділік көрсеткіштері бойынша: ROACE – 15%-дан кем емес, EBITDA margin – 18%-дан кем емес, бұл ретте еңбек өнімділігін 50 млн. теңге/адамға және мұнай өндіру бойынша еңбек өнімділігін 850 тонна/адамға дейін ұлғайта отырып.

      "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

      "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның 2022 жылға қарай пайымы – бизнесті жүргізудің таңдаулы әлемдік практикасына сай және жалғыз акционердің талаптарына сәйкес келетін тиімділігі жоғары ұлттық тасымалдау корпорациясы. Бұл ретте "ҚТЖ" ҰК" АҚ экономиканың орнықты дамуының барабар көліктік негізін қамтамасыз етеді және жүктерді, жолаушыларды тасымалдау және магистралды теміржол желісі қызметтерін көрсету бойынша сапалы және бәсекеге қабілетті көліктік-логистикалық қызметтер ұсыну арқылы акционер, тұтынушылар мен қоғам үшін құндылықтар жасайды.

      "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметінің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін көшбасшы бес теміржол компанияларымен - Union Pacific (АҚШ), Canadian National (Канада), SNCF (Франция), Deutsche Bahn (Германия) және "Ресей темір жолы" ААҚ (Ресей) – салыстырып талдау, кірістері көрсеткіштерінің салыстырмалы түрде төмен болуы (пайда және EBITDA), негізгі құралдардың елеулі тозуы кезінде компания ROE көрсеткіші бойынша бесінші ұстанымда, EBITDA margin көрсеткіші бойынша төртінші орында, бұл ретте тасымалдаудың елеулі аз көлемін орындайтын SNCF және DeutscheBahn озық болып отыр.

Көрсеткіш (2010 ж.)

Өлшем бірлігі

"ҚТЖ" ҰК" Қазақстан

Union Pacific

Canadian National

SNCF

DeutscheBahn

РТЖ

ROE

%

9,1

15,7

18,7

10

7,4

11,5

EBITDA margin

%

28

45

46

10

14

26

Еңбек өнімділігі

мың тенге/ адам

4 059

58 154

55 522

24 833

26 481

6 321


      Осы фактіге оларда компания жұмыс істейтін реттелетін орта елеулі ықпалын тигізеді, бұл ретте қызметтерді ұсыну салыстырмалы түрдегі төмен операциялық шығындар кезінде жүзеге асырылуда. Алайда бұл персоналдың еңбекақы деңгейіне және инфрақұрылым мен жылжымалы құрамның лимиттелетін техникалық параметрлері есебінен (жылдамдық, сенімділік, жылжымалы құрамды тиімді пайдалану және т.б.) зиян келтіре отырып жасалуда.

      "ҚТЖ" ҰК" АҚ дамуының өршіл пайымына қол жеткізу мақсатында тасымалдау үдерісінің өзегін құрайтын, құрылымында бизнес бірліктер бар деңгейлес ықпалдастырылған тасымалдау холдингі түрінде көзделіп отыр. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға тиесілі акциялар пакетін және қатысу үлестерін құру, тарату, қосу және сату арқылы қоржын активтерін қайта құрылымдау қорытындылары бойынша тасымалдаушыларға теміржол құрылымына қол жеткізуді ұсыну бойынша, сондай-ақ жүк және жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсететін жеке еншілес ұйымдар құрылатын болады.

      "ҚТЖ" ҰК" АҚ 2022 жылға қарай озық теміржол компанияларына жақындау және 2022 жылы келесі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу міндетін қойып отыр: ROE – 14,2%, ROACE –14,72% кем емес, EBIDTA margin – 39,55% кем емес, еңбек өнімділігі - 13 433 мың теңге/адам.

      "KEGOC" АҚ

      "KEGOC" АҚ-ның 2022 жылға қарай пайымы – әлемдік деңгейдегі компания және өңірлік ауқымда электр-энергетика саласындағы құзырет орталығы.

      "KEGOC" АҚ үшін озық ұқсас компаниялар болып табылатындар ФСК ЕЭС (РФ), RedElйctricadeEspaсa (Испания), Western Power (Австралия),Fingrid OYJ (Финляндия), Terna (Италия).

Көрсеткіш (2011)

Өлшем бірлігі

"KEGOC" АҚ

ФСК ЕЭС (2010)

RedElйctricadeEspaсa

Western Power Australia

Fingrid

Terna

ROACE

%

5,24

н/д

5,8

н/д

6

н/д

EBITDA Margin

%

29,7

61,5

21,3

н/д

30

75,2

Еңбек өнімділігі

мың теңге /адам

12053

29470

175493

54667

318128

112133

Еңбек өнімділігі

млн. кВтс/

адам

9,1

20

146,9

5,14

241,3

100,61

Жүйенің жұмысындағы бұзылудың орташа ұзақтығы (SAIDI)

жылына минут

65,7

н/д

101

217

286

65

Жүйенің жұмысындағы бұзылудың орташа жиілігі (SAIFI)

жылына бұзылу

0,2

н/д

1,9

2

6

2,8


      Көрсетілген компаниялардың арасында "KEGOC" АҚ еңбек өнімділігі көрсеткіштері бойынша компаниялардың көпшілігінде пайдалану және жөндеу қызметі жөніндегі қызметтер аутосорсингке шығарылуы себепті ең соңғы орында қалып отыр.

      Өндірістік көрсеткіштер, электр энергиясын жеткізу сенімділігі және диспетчерлендіру бойынша (SAIDI, SAIFI) "KEGOC" АҚ әлемнің таңдаулы электр желілік компанияларымен лайықты бәсекелесе алады. Сонымен бір мезгілде активтердің қатты тозуын және компаниялардың ауқымды инвестицияларын ескере отырып "KEGOC" АҚ салыстырылатын компаниялардың арасында соңғы орындарда қалып отыр. Жүйелі бенчмаркингті қамтамасыз ету үшін 2013-2014 жылдарға "KEGOC" АҚ-ның әлемнің 30-дан астам электр желісі компанияларын біріктіретін ITOMS консорциумына кіруі жоспарланып отыр.

      "KEGOC" АҚ халықарлық ұқсас-компанияларға жақындай түсу және 2022 жылы мынадай мақсатты міндеттерге қол жеткізу міндетін қойып отыр:

      ROACE көрсеткіші бойынша – 5,9%, EBITDA margin– 36,26%, еңбек өнімділігі – 34 024 мың теңге/адам және 10,318 млн. кВтс/адам, SAIDI – жылына 33,5 минут, SAIFI – жылына 0,1 бұзушылық.

      "Самұрық-Энерго" АҚ

      "Самұрық-Энерго" АҚ-ның 2022 жылғы пайымы – ірі әртараптандырылған энергетикалық холдинг, халықаралық энергия теңгеріміне табысты кіріктірілген, өз акционерлері үшін құн жасайтын және Қазақстанның барлық салаларының орнықты дамуын қамтамасыз ететін энергиямен жабдықтаудың тиімділігі жоғары жүйесін қалыптастыруға бағытталған аса ірі әртараптандырылған энергетикалық холдинг.

      "Самұрық-Энерго" АҚ мен бірқатар ұқсас сипаттамалары бар, ұлттық компаниялар және электр энергиясын өндіру мен беру саласында әлемдік көшбасшылар болып табылатын - КЕРСО (Оңтүстік Корея), Vattenfall (Швеция), CEZ Group (Чехия), TransAltaCorporation (Канада), PGE (Польша), ОГК-3 (Ресей) және ДТЭК (Украина) электр энергетикасы секторының шетелдік озық компаниялары болып табылады.

Көрсеткіш (2010 ж.)

Өлшем бірлігі

"С-Э" АҚ

KEP CO

Vattenfall

CEZ Group

TransAlta

PGE

ДТЭК

ОГК-3

ROACE

%

8,9

2,28

6,87

15,45

2,72

8,95

24,89

1,74

EBITDA margin

%

21,2

28,42

44,8

34,23

33,38

25,28

4,54

н/д

Электр энергиясын өндіру бойынша еңбек өнімділігі

МВт*с бір қызметкерге

2 062

22 000

9 876

2 097

29 463

1 657

834

5 850

Көмір өндіру бойынша еңбек өнімділігі

Бір қызметкерге тонна

5 709

-

5 384

4 327

25 289

4 006

828

293

1 кВт*с электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шартты отын шығыны

грамм/ 1 кВт*с

366

291

310

340

246

367

390

303


      Көрсетілген сегіз компанияның ішінде "Самұрық-Энерго" АҚ көмір өндіру жөніндегі еңбек өнімділігі көрсеткіштері бойынша бойынша 2010 жылдың қорытындысы бойынша Vattenfall, TransAlta және ОГК-3 сияқты көшбасшыларды басып озып екінші орынға шықты (компанияның ауқымын ескергенде осы көрсеткіш әсерлі болып табылады). Электр энергиясын өндіру жөніндегі еңбек өнімділігі көрсеткіштері бойынша компания бойынша ДТЭК және PGE басып озып, алтыншы орынға шықты.

      Жүргізілген талдауға сүйене отырып "Самрук-Энерго" АҚ өзінің алдына өндірістік, қаржы-экономикалық, индустриалды-инновациялық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша әлемдік көшбасшылар тобына кіру және 2022 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатын қойып отыр: ROACE - 13,97%, EBITDA margin – 21%, электр энергиясын өндіру бойынша еңбек өнімділігі – бір қызметкерге 4696 млн. кВт.с., көмір өндіру бойынша еңбек өнімділігі – 6240 тонна/адам (2020 ж.), 1 кВт/с электр энергиясын өндіруге жұмсалған шартты отын – 355 грамм/1 кВт*с.

      "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

      "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның 2022 жылға қарай пайымы – АЭС құрылысын қоса алғанда, ядролық-отын циклының барлық сатыларына, әлемдік атом энергетикасының негізгі сегменттеріне қатысатын трансұлттық әртараптандырылған компания инновацияляқ технологияларды енгізу саласындағы көшбасшы, тұтынушыға бағдарланған әлеуметтік жауапкершілігі бар компания.

      Табиғи уран өндірудің әлемдік нарығында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ көшбасшы орында тұр. Қазіргі сәтте Қазақстан әлемде табиғи уранға қажеттіліктің шамамен 25%-ын және оны өндірудің шамамен 35%-ын қамтамасыз етеді. Әлемнің жетекші трансұлттық энергия компанияларымен салыстырмалы талдау (француздың AREVA, канаданың Cameco) қаржылық тиімділік және өнімділік көрсеткіштерінің қатыстық салыстыруға келетіндігін көрсетеді.

Көрсеткіш (2010 ж.)

Өлшем бірлігі

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

САМЕСО Канада

AREVA

Холдинг

Uranium

Холдинг

Front End

Mining

Уран бойынша еңбек өнімділігі

Таза кіріс/ қызметкерлер саны

Млн.теңге /адам

7,8

13,1

9,9

3,6

5,5

4,2

Өндіру көлемі/ қызметкерлер саны

тU/адам

1,37

1,511

1,594

0,174

0,595

1,598

Уран өндіру көлемі

тU

9 959

8 773

8 773

8 341

8 341

8 341

Таза кіріс нормасы

%

26

24

27

9

11

10


      "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ елдің және Компанияның табиғи уран нарығында стратегиялық перспективада көшбасшылық орнын сақтап қалуды және 2022 жылға қарай елде 24-26 мың тонна уран өндіру көлеміне (әлемдік өндірістің шамамен 42%-ы), оның ішінде, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-да – 14-16 мың тонна көлеміне (әлемдік өндірістің шамамен 22%-ы) жетуді жоспарлап отыр. Тиімділік және еңбек өнімділігі көрсеткіштері бойынша "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ таза кірісті 82,8 млрд. теңгеден 2022 жылы 269 млрд. теңге дейін, EBITDA margin көрсеткішін 37%-дан 47%-ға дейін ұлғайту, еңбек өнімділігін 1 қызметкерге 1,3 тонндан 1,6 тоннаға дейін және 2012 жылы бір қызметкерге 17 млн. теңгеден 32 млн. теңгеге дейін арттыру міндетін қойып отыр.

      Бұдан басқа "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ ядролық-отын циклының барлық қайта бөлінісіне қатысуды жоспарлап отыр, бұл технологияларды трансфеттеу, шетел активтеріне кіру және ядролық отын циклының шетелдік нарықтарына қол жеткізу есебінен әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылатын болады. Осы мақсатты іске асыру кезінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделін қорғау, шетелдік стратегиялық әріптестермен қатынастарды дамытуда көпвекторлы саясат жүргізу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру кезінде экономикалық орындылығы мен тепе-теңдік қағидаттарына сүйенетін болады.

      "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ

      "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ-ның 2022 жылға қарай пайымы – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін машина жасау өнімін өндіретін, бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын біріктіретін тиімді машина жасау холдингі, Қазақстанның инжиниринг қызметі нарығының көшбасшысы, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы құзіреттілік орталығы және өз мамандануы салаларындағы жалпыға танылған сарапшы.

      "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-мен бірқатар ұқсас сипаттамалары бар машина жасау саласындағы шетелдік озық компаниялар болып табылатындар Finmeccanica Group (Италия), SAFRAN (Франция), "ОПК "Оборонпром" ААҚ (Ресей).

      Салыстырмалы талдау көрсетіп отырғанындай, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның негізгі көрсеткіштері батыстың ұқсас компанияларының көрсеткіштерінен елеулі төмен.

Көрсеткіш (2010 ж.)

Өлшем бірлігі

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ

FinmeccanicaGroup (Италия)

"SAFRAN" (Франция)

"Оборонпром" ОПК" ААҚ (Ресей)

ROE

%

3,1

8,2

5,1

11,5

EBITDA margin

%

9,6

8,5

2,6

22,8

Еңбек өнімділігі

млн. теңге/ адам

3,6

48,6

61,8

3,2


      "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ өзіне озық халықаралық компанияларға жақындау және 2022 жылға қарай мынадай мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу міндетін қойып отыр: ROACE –19%-дан кем емес, EBITDA margin –12%-дан кем емес, еңбек өнімділігі – 13,3 млн. теңге/адам немесе 2010 жылмен салыстырғанда 4 есе.

      Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттардың 50%-дан астамына жаңғырту жүргізуді, сондай-ақ технологиялар трансфертімен озық халықаралық компаниялармен бірлесіп жаңа 8 өндіріс құруды жоспарлап отыр.

      "Қазақтелеком" АҚ

      "Қазақтелеком" АҚ ның 2022 жылға қарай пайымы - өз акционерлері үшін құн жасайтын және ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуға жәрдемдесетін ақпараттық коммуникацияның тиімділігі жоғары жүйесін қалыптастыруға бағытталған ірі өңірлік ықпалдастырылған оператор.

      "Қазақтелеком" АҚ-мен ұқсас бірқатар сипаттамалары бар шет елдің озық телекоммуникация секторының компаниялары болып табылатындар BritishTelecom, FranceTelecom, BellCanada, Telstra, DeutscheTelecom, Ростелеком және Сибирьтелеком2. Өнімділік пен рентабелділіктің басым көрсеткіштері бойынша "Қазақтелеком" АҚ өз қызметін халықтың тығыздығы аз елде жүзеге асыратын, оператордың шығыстарының басы бабы ретінде амортизацияның ықпалын жоққа шығаратын EBITDA margin көрсеткіші бойынша ғана салыстыруға болатын орынға жайғасып, озық компаниялардан елеулі артта қалып отыр.

Көрсеткіш (2010 ж.)

Өлшем бірлігі

"Қазақтелеком" АҚ

BritishTelecom

DeutscheTelecom

FranceTelecom

Telstra

BellCanada

Росте-леком

Сибирьтелеком

ROIC

%

4,79

24,25

4,11

10,22

14,34

12,04

11,21

11,17

EBITDA margin

%

36,43

29,32

26,79

33,60

40,46

39,76

36,78

38,52

Еңбек өнімділігі

Мың теңге/ адам

5010

49509

52456

57171

80747

53193

7220

7956

Тіркелген байланыс желісі бойынша еңбек өнімділігі

Тірк. желі/қызметкерлер

127,4

181,1

142,9

267,3

191,5

185,0

158,9

172,5

ШПД порттары бойынша еңбек өнімділігі

ШПД порттары/ қызметкерлер

25,7

243,8

65,1

81,2

94,2

58,8

34,8

17,3

Телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы

Тірк. желі/ 100 адам

23,47

29,92

43,81

70,18

40,67

27,56

20,73

3,12

Тіркелген ШПД абоненттерінің тығыздығы

ШПД портары /100 адам

4,73

40,27

19,96

21,32

20,00

8,76

4,54

0,31


      Дереккөз: Bloomberg деректер базасы

      Осыған байланысты "Қазақтелеком" АҚ өзіне озық халықаралық операторларға жақындау және 2022 жылы мынадай мақсатты мәндерге қол жеткізу міндетін қойып отыр: ROACE –9,8%3 кем емес, EBITDA margin –37,2%-дан кем емес, 1 адамға еңбек өнімділігі 9000 мың теңге, еңбек өнімділігі - 1 қызметкерге тіркелген байланыс желілері бойынша 155,5, ШПД порттары бойынша еңбек өнімділігі – 1 қызметкерге 74, телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы –100 адамға 25,71 желі, ШПД тіркелген абоненттерінің тығыздығы – 100 адамға 12,43 желі.

      "Қазпошта" АҚ

      "Қазпошта" АҚ-ның 2022 жылға қарай пайымы – Ел экономикасының мәнді элементі болып табылатын, өзінің жоғары сапалы қызметін клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес таңдаулы әлемдік стандарттар негізінде және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму саясатының негізгі бағыттарына сәйкес ұсынатын ел ішіндегі де, сондай-ақ әлемдік пошта индустриясындағы да нарықтық ортаның өзгерістеріне жылдам ден қоятын инновациялық бағдарланған бизнес-құрылым.

      Бұл ретте "Қазпошта" АҚ Deutsche Post, Australia Post, Canada Post және Почта России сияқты жетекші әлемдік пошта әкімшіліктерінің өнімділік және қаржылық тиімділік деңгейлеріне шығуға ұмтылуда. 2010 жылдың деректері бойынша "Қазпошта" АҚ "1 қызметкердің табысы" көрсеткіші бойынша Australia Post 70 есе кейін қалды, Deutsche Post 18,8 есе, Canada Post 12 есе және Почты России 1,2 есе кейін қалды, бұл олардың қатарында нарықтардың ауқымы мен технологиялық дамудағы айырмашылықтар бар бірқатар объективті факторларға байланысты болып отыр. ROACE көрсеткіші бойынша "Қазпошта" АҚ Australia Post алдына ғана шығып қарастырылып отырған компаниялар арасында 4-орынды алады. Сонымен бір мезгілде EBITDA margin көрсеткіші бойынша "Қазпошта" АҚ жеткілікті салыстырылымды көрінеді және тіпті салыстырылған операторлардың көпшілігінен алда болды. Ел ішінде мерзімдер шеңберінде жеткізілген жазба хат-хабарлар үлесі көрсеткіші бойынша 2010 жылдың қорытындылары бойынша "Қазпошта" АҚ шетелдік ұқсас компанияларға қарағанда барынша жоғары нәтижелер көрсетті.

Көрсеткіш (2010 ж.)

Өлшем бірлігі

"Қазпошта" АҚ

Deutsche Post

Ресей поштасы

AustraliaPost

CanadaPost

ROACE

%

6,5

22,5

9,3

4,6

17,6

EBITDA margin

%

10,5

5,9

-5,6

13,7

11,6

1 қызметкерге кірістер

мың теңге/ адам

1238

23281

1577

86494

15324

Ел ішінде мерзімдер шеңберінде жеткізілген жазба хат-хабарлар үлесі

%

99,7

94

90

96

95,7

Ел ішінде мерзімдер шеңберінде жеткізілген сәлемдемелер үлесі

%

98,6

90

Деректер жоқ

96,3

Деректер жоқ


      Осыған байланысты "Қазпошта" АҚ өзіне жетекші халықаралық операторларға жақындау және 2022 жылы мынадай мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу міндетін қойып отыр: ROACE көрсеткіші – 15,82%, EBITDA margin көрсеткіші - 13,21%, бір қызметкерге табыстың ұлғаюы – 3,3 есе 4097 мың теңге/адам, ел ішінде мерзімдер шеңберінде жеткізілген жазба хат-хабарлар үлесі бойынша сапалық көрсеткішті 2012 жылдың деңгейінде сақтау.

      Сапаны арттыруға бағытталған саясат шеңберінде 2013 жылы екі көрсеткіш әзірленетін болады - "Қазпошта" АҚ көрсететін қызметтерге тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін көрсететін көрсеткіш және (клиенттерге қызмет көрсету, өндіріс объектілерінің жұмысы, қызметтерді қолжетімділік деңгейі) және пошта жөнелтілімдерінің сақталуын және Қазақстан Республикасы бойынша оларды зақымсыз жеткізуді қамтамасыз ету көрсеткіші.

      Бұдан басқа "Қазпошта" АҚ 2022 жылы Қазақстанда жылдам экспресс және курьерлік жеткізулер бойынша нарықтық ұстанымын 18-ден 30%-ға дейін, сәлемдеме пошта бойынша 75-тен 83%-ға дейін, жарнамалық материалдарды жеткізу бойынша 15-тен 40%-ға дейін және "Аудан орталығы" және "Ауыл" сегментінде қаржы қызметі бойынша 62-ден 75%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

      "Эйр Астана" АҚ

      "Эйр Астана" АҚ-ның 2022 жылға қарай пайымы – клиенттердің күтіп отырғанына, компанияның мүдделері мен Қазақстан Республикасының қажеттіліктеріне сай келетін, қауіпсіздік пен сервистің ең жоғары стандарттарына сай ішкі және халықаралық бағыттар бойынша қызмет көрсететін өңірдегі көшбасшы компания.

      Әлеуметтік ерекшеліктерін және географиялық жақындығын ескере отырып салыстырмалы талдау үшін келесі компаниялар айқындалды - Трансаэро (Ресей), Аэрофлот (Ресей) және TurkishAirlines (Түркия). Көрсетілген авиакомпаниялар арасында "Эйр Астана" АҚ экономикалық тиімділік көрсеткіштері бойынша жетекші орындардың бірінде тұр, бұл бизнесті жүргізу саясатының тиімді екендігін көрсетеді. Еңбек өнімділігі көрсеткіші "Эйр Астана" АҚ-ның белгілі бір ішкі және өңірлік бағыттарда жолаушылыр ағынының жоғары болмауына байланысты сыйымдылығы аз әуе кемелерін пайдалану себепті басқа компаниялардың көрсеткіштерінен кейін қалып отыр. Сондай-ақ, салыстырылып отырған компаниялардағы елдер халқының тығыздығының жоғары болуын, дамыған бағыттық желілерін және мемлекеттік деңгейдегі қолдауды ескеру қажет.

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

"Эйр Астана" АҚ 2012

Трансаэро 2010

Turkish Airlines 2010

Аэрофлот 2010

ROACE

%

16,5

8,13

4,96

8,34

EBITDA margin

%

8

4,4

9,3

15,7

Еңбек өнімділігі: шекті жолаушы -км айына 1 қызметкерге (000)

ППКМ/адам

218

371

382

285


      2011 жылы тамызда Airline Business халықаралық басылымы 2010 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің 150 әуе компаниясы арасында Эйр Астана осы рейтингте 15-орында тұр.

      "Эйр Астана" АҚ өңірлік көшбасшыларға жақындау және 2022 жылы өнімділік және қаржылық тиімділік бойынша мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу міндетін қойып отыр: ROACE – 16,6%; EBITDA margin – 12,2%; еңбек өнімділігі – қызметкерге 310 ППКМ.

      "Біріккен химия компаниясы" ЖШС

      "Біріккен химия компаниясы" ЖШС-тің 2022 жылға қарай пайымы – сату көлемі бойынша отандық аса ірі шикізат емес өнеркәсіп компанияларының 5-тігіне кіретін Қазақстанның мұнай саласының көшбасшысы.

      Start-up компания болып табылатын "Біріккен химия компаниясы" ЖШС (бұдан әрі – "БХК" ЖШС) дамуының инвестициялық сатысында тұр және өзінің дамуында мұнай-химия сегментінде Saudi Basic Industries Сorporation (Сауд Арабиясы) және Сибур холдинг (Ресей) сияқты химия компаниялардың, минералдық тыңайтқыштар сегментінде - Еурохим (Ресей) тәжірибесін пайдалану ниеті бар. "БХК" ЖШС үшін даму моделі бойынша ұқсас компанияның барынша табысты start-up, еңбек өнімділігі және EBITDA margin көрсеткіштері бойынша бенчмарка қызметін атқара алатын Saudi Basic Industries Сorporation компаниясы болып табылады. Сатудың күтілетін көлемі бойынша салыстырмалы көрсеткішке Ресей химия өнеркәсібінің көшбасашылары – "Сибур холдинг" және "Еврохим" ие болып отыр, ал Қазақстан өнеркәсібінің шикізат емес секторындағы сату бойынша көшбасшылар – Eurasian Natural Resources Corporation, Корпорация Kazakhmys Plc, "Арселор Миталл Теміртау" АҚ, "Қазмырыш" ЖШС және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ.

Көрсеткіш (2010 ж.)

Өлшем бірлігі

SABIC

СибурХолдинг

Еврохим

ENRC

Kazakhmys

Қазатомөнеркәсіп

EBITDA margin

%

30,7

23

30,4

48,4

43,31

40

Еңбек өнімділігі

млн. теңге/адам

150,6

16,1

24,7

15,03

7,8

12,1

Сату көлемі

млрд. теңге.

4966

869

486,2

972,5

471,5

235,7


      "БХК" ЖШС-тің қазақстан өнеркәсібінің көшбасшысы және 2022 жылы мынадай мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге ұмтылуда: EBITDA margin – 35%, еңбек өнімділігі – 150 млн. теңге/адам, "БХК" ЖШС ЕТҰ өндірісінің жалпы көлемі - 464 млрд. теңге.

      "Тау-кен Самұрық" АҚ

      "Тау-кен Самұрық" АҚ -ның 2022 жылға қарай пайымы – Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) барлау, өндіру, өңдеу жөніндегі тиімді деңгейлес ықпалдастырылған тау-кен металлургия компаниясы.

      "Тау-кен Самұрық" АҚ компанияны қысқа мерзімді перспективада ішкі нарықта және ұзақ мерзімді перспективада сырқы нарықта бәсекелес деңгейге шығару мақсатында басым ҚПҚ шикізат базасын тиімді игеру, өндіріс активтерін ықпалдастыру, осы заманғы технологияларды қолдану есебінен құнның өсу стратегиясын жүзеге асыратын болады.

      "Тау-кен Самұрық" АҚ инвестиция қарсаңындағы даму сатысында тұр және өзінің дамуында Corporation National Del Cobre De Chile (Codelco) чили ұлттық компаниясы сияқты ірі халықаралық компаниялардың, сондай-ақ Kazakhmys рlc және Eurasian Natural Resources Corporation және т.б. Қазақстан компанияларының тәжірибесін пайдалану ниеті бар.

Көрсеткіш (2010 ж.)

Өлшем бірлігі

Codelco

ENRC

Kazakhmys

EBITDA margin

%

46,3

45,09

43,31

Еңбек өнімділігі

Мың теңге/адам

205847

13128

7824

Мыс өндіру бойынша еңбек өнімділігі

тонна/адам

41

-

6


      "Тау-кен Самұрық" АҚ ірі халықаралық және қазақстандық компанияларға жақындау және 2022 жылы мынадай нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатын қойып отыр: EBITDA margin – 25%-дан кем емес, еңбек өнімділігі – 7500 мың теңге/адамнан кем емес, мыс өндіру еңбек өнімділігі – 6 тонна/адамнан кем емес.

      ____________

      1Осы арада және бұдан әрі еңбек өнімділігі бойынша деректер ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша бір АҚШ доллары үшін - 147,35 теңге 2010 жылғы орташа бағам бойынша қайта есептелген.

      2Көрсетілген компаниялар басым дәрежеде байланыстың ықпалдастырылған операторлары ретінде көрінетін және өз қызметін бірнеше құрылықтардың нарықтарында және нарықтың әр түрлі сегменттерінде жүзеге асыратын ұлттық операторлар болып табылады.

      3ROACE көрсеткішінің төмендеуі "GSM-Kazakhstan" ЖШС-тегі үлесті сатуға байланысты болып отыр. Бұл ретте, 2015 және 2022 жылдарға арналған ұсынылған көрсеткіштердің мәнін мақсатты ретінде тек қана уәкілетті LTE/GSM желілері құрылысының инвестициялық жобасын іске асыру туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана қарастыруға болады

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
8-қосымша

Қаржыландырудың көздері және қажеттіліктері

      Қор өзінің алдына компаниялар тобының инвестициялық бағдарламасын өз қаражатын, республикалық бюджеттің және Ұлттық Қордың Басқару Кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының1 қаражатын, капитал нарықтарындағы қаржылық қарыз алуларды, компаниялар акцияларын жария орналастырудан қаражатты, топтық ішкі қаржыландаруды қоса алғанда, оған қорландырудың қол жетімді барлық көздерін пайдалану есебінен қаржыландырумен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.

      Қаржыландыру көздері

      Қор компанияларының қаржыландырудың үлестік және борыштық құралдарының кең ауқымы ұсынылған қорландырудың әртараптандырылған базасы бар.

      2011 жылғы қорытындылар бойынша шоғырландырылған деректер

Көзі

млрд. теңге

үлесі %-бен

Өз қаражаты

6 129

50%

Республикалық бюджеттен инвестициялар және қарыз берулер

840

7%

ҚР Ұлттық қорының қаражаты, Ұлттық Қордың Басқару Кеңесінің шешімі бойынша

1 457

12%

Капиталдың ішкі және сыртқы нарығындағы нарықтық қарыз берулер

3 895

32%


      Қор компанияларының өз қаражаты негізінен дивидендтік түсімдерден/бөлінбеген пайдадан және компаниялардың қаржылық/қаржылық емес кірістері есебінен қалыптастырылады. Осы бап Қор тобын қорландыру құрылымында басым болып отыр, бұл компаниялар бизнесінің өсуі үшін пайданы қайта инвестициялаудың жалпы дивидендтік саясатына сәйкес келеді.

      Қор компанияларының мемлекет мүддесі үшін іске асыратын жобалары көбінесе әлеуметтік сипатта болады және тиісінше, Қор компанияларының салынған капиталға қайтарым бойынша ең төменгі талаптарын орындамайды. Сондықтан компаниялар әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде, әдетте, республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан қаржыландыру алады.

      2007 жылдан 2011 жылдар кезеңінде Қор компаниялары жалпы сомасы 840 млрд. теңге, оның ішінде 747,3 млрд. теңге жарғылық капиталға, 92,7 млрд. теңге бюджет кредиттері ретінде, республикалық бюджет қаражатын тартты.

      Қор Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ стратегиялық активтерді сатып алуды қаржыландыруға Қор 1 457,4 млрд. теңге мөлшерінде, оның ішінде, 607,5 млрд. теңге жарғылық капиталға, 849,9 млрд. теңге облигациялық қарыздар түрінде ҚР Ұлттық қорының қаражатын тартты. ҚР Ұлттық қорынан қорландырудың ұзақ мерзімі мен құнының төмендігі Қор компанияларына 2022 жылға дейін инвестициялық қажеттіліктің мәнді бөлігін өтеуге мүмкіндік береді. 2013 және 2015 жылдары "ҚазМұнайГаз" АҚ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ҚР Ұлттық қорынан шамамен 594,8 млрд. теңге қосымша тартылатын болады.

      ҚР Ұлттық қорынан бюджеттік инвестициялар мен қарыздардың үлесінің жоғары болуы (19%) бірінші кезекте, Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде елеулі құюлармен, сондай-ақ Қор компанияларының ауқымды мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруымен байланысты болып отыр.

      Капиталды қажетсінетін инвестициялық бағдарламаны қолдау және Қор компанияларының кредиттік қоржынын кеңейту үшін ішкі нарық сыйымдылығының жеткіліксіздігіне және барынша пайдалы жағдайларға байланысты борыштық капиталдың халықаралық нарықтарға шығуын жүзеге асырады. Қор компаниялары қарыз алу құралы ретінде еурооблигацияларды және екіжақты қарыздарды басым түрде пайдаланады. 2012 жылы еурооблигациялардың негізгі эмитенттері "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ номиналды шығарылым мөлшері 1078 млрд. теңге, "Қазақстанның ДамуБанкі" АҚ (161 млрд. теңге), "НК "ҚТЖ" ҰК" АҚ (156 млрд. теңге) және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (74 млрд. теңге) болды. Қор компаниялары ҚХР қаржы институттарынан 1993 млрд. теңге2 екіжақты кредиттік желілерді тартты.

      Валюталық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында Қоркомпаниялары ішкі қор нарығында да тартуларды жүзеге асырады. Мысалы, 2010-2011 жылдары Қор "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес компанияларының инвестициялық қажеттіліктеріне инвесторлардың шектелмеген ортасы арасында облигацияларды орналастыру жолымен 150 млрд. теңге тартты.

      Қаржыландырудың баламалы көзі ретінде 2012 жылдан бастап, Қордың кейбір компанияларының акциялар пакеттерін қор биржасында сату бойынша орта мерзімді бағдарламасы ("Халықтық IPO бағдарламасы") іске асырылатын болады. IPO/SPO жүргізуден тартулардың әлеуетті көлемі 2015 жылға дейін 174 млрд. теңге және 2015 жылдан кейін 543 млрд. теңге деп бағалануда. Бағдарлама табысты болған жағдайда компаниялардың алынған қаражатты пайдалануда елеулі икемділігі болады.

      Қаржыландыру үдерісін оңтайландару үшін Қор компаниялары тобында топішілік қаржыландыру әлеуеті барынша іске қосылатын болады.

      Қаржыландыру қажеттілігі

      Қордың 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес дамуға жалпы шығыстар (инвестициялар) 2015 жылға дейін 4 966 млрд. теңге деп бағаланып отыр:

      млрд. теңгемен




2012

2013

2014

2015

Барлығы

Қаржыландырудағы қажеттілік

1 650,9

1 287,3

1 075,8

952,1

4966,1

Қаржыландыру көздері:
















Республикалық бюджет (бюджеттік кредиттеу)

15,3

24,7

18,9

0,0

58,9

Республикалық бюджет (жарғылық капиталын толтыру)

12,0

311,0

397,3

240,2

960,4

ҚР Ұлттық қор (қайталама пайдалану), Ұлттық қордың Басқару кеңесінің шешімі бойынша

132,8

219,3

31,4

22,7

406,2

ҚР Ұлттық қоры (жаңа ақша), Ұлттық қордың Басқару кеңесінің шешімі бойынша

0,0

375,0

0,0

225,0

600,0

РБ мен ҰҚ-дың үлесі %-бен

9,7%

72,2%

41,6%

51,2%

40,8%


      Бұл ретте республикалық бюджеттен түсімдер алдын ала болып табылады және сомаларды нақтылау қажеттілігіне қарай түзетілетін болады. 2012 жылғы екінші тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңында бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде мынадай сомалар көзделген: Қорды бюджеттік кредиттеу: 2013 жылы – 24,7 млрд. теңге, 2014 жылы – 18,9 млрд. теңге; Қордың жарғылық капиталын толықтыру: 2013 жылы – 33,36 млрд. теңге, 2014 жылы – 418,1 млн. теңге.

      Қаржыландыру көздерін Қор компаниялары инвестициялық жобалардың рентабельділігі көрсеткіштеріне және мемлекеттің стратегиялық мүдделеріне негізделе отырып айқындайды. Қажеттіліктің бір бөлігін (шамамен 41%) республикалық бюджет және ҚР Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландыру көзделіп отыр (Ұлттық қордың Басқару кеңесінің шешімі бойынша). Осылайша, 2015 жылы республикалық бюджет және Ұлттық қордың қаражат сомасы (Ұлттық қордың Басқару кеңесінің тиісті шешімі қабылданса) 3 916 млрд. теңгені немесе қорландырудың жалпы құрылымының 21%-ын құрайды.

      2015 жылғы қорытындылар бойынша шоғырландырылған деректер (болжам)

Көзі

млрд. теңге

үлесі %-бен

Өз қаражаты

8 615

46%

Республикалық бюджеттен инвестициялар және қарыз берулер

1 859

10%

ҚР Ұлттық қорының қаражаты, Ұлттық қордың Басқару кеңесінің шешімі бойынша

2 057

11%

Капиталдың ішкі және сыртқы нарығындағы нарықтық қарыз берулер

6 057

33%




18 588

100%


      Осыған қарамастан Қор қорландырудың жалпы пулында бюджеттік құрамның көлемін қысқарту жолымен коммерциялық қаржыландырудың пайдасына бюджеттік қаржыландырудан жоспарлы түрде бас тарту саясатын жүргізетін болады.

      Осы тәсіл Қор компанияларының инвестициялық қоржынынан рентабелді емес әлеуметтік бағдарламаларды алып тастауды көздейді, бұл өз кезегінде Қор компанияларының ұзақ мерзімді құнына жағымды әсерін тигізетін болады.

      Қор сондай-ақ топтық ішкі өтімділіктің тиімділігін арттыратын және дивидендтердің мөлшерін айқындаудың ашық тетіктерін қамтамасыз ететін еншілес және тәуелді ұйымдарға қатысты нақты дивидендтік саясатты қалыптастырады.

      Өз мүдделерін компанияның дамуына жеткілікті қаржыландыру қажеттілігімен оңтайлы үйлестіруді қамтамасыз ету үшін Қор компанияларға дивидендтер жазудың нормативтерін айқындауға компаниялардың жетілуіне, олардың қызметінің сипаты мен рентабельділігіне, салалық ерекшелігіне, капитал сыйымдылығына және басқа да факторларға байланысты сараланған тәсілді жүзеге асыратын болады.

      Қор оның компаниялардың құнын ұлғайту жөніндегі ұзақ мерзімді басымдығына сәйкес келетін инвестициялардың оңтайлы қоржынын және қорландыру құрылымын айқындайтын болады.

      Қаржылық ресурстардың шектеулі болуына байланысты Қор жүйелі негізде барынша басым инвестициялық жобаларды өзектендіретін және айқындайтын, стратегиялық инвесторларды іздестірумен және тартумен шұғылданатын болады.

      _______________________

      1Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің тиісті шешімдері қазірдің өзінде қабылданған қаражат

      2Еурооблигациялар мен кредитттік желілер ҚР Ұлттық банкінің бағамы: 1 АҚШ доллары =148,7 теңге есебінде көрсетілген.

  "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға
арналған даму стратегиясына
9-қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзара іс-қимылдың
ерекшеліктері

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қорға қатысты функцияларының сан алуан: акционер, тарифтік реттеуші, салалық бағдарламалардың үйлестірушісі сияқты сипатына байланысты Қордың ҚР Үкіметімен өзара іс-қимылы Қор қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      ҚР Үкіметі жалғыз акционер ретінде

      Таңдаулы әлемдік практика мемлекеттік компания мен акционер ретіндегі Үкіметтің арасында нақты және ашық қатынастардың орнатылуы және мемлекеттік органдардың компаниялардың операциялық қызметіне араласпауы қажет екендігін растап отыр (Temasek және Khazanah Nasional әлемдік холдингтер мысалында).

      Осыған байланысты Қорға өзара қатынастардың келесі тетіктері қолданылатын болады:

      1) Үкімет тарапынан Қорды басқару тек қана жалғыз акционердің заңнамада көзделген өкілеттіктерін жүзеге асыру және Қордың директорлар кеңесіндегі өкілеттігімен жүзеге асырылады. Үкімет пен Қор және Қор тобына кіретін ұйымдармен өзара қатынас корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес директорлар кеңесі арқылы жүзеге асырылады. ҚР Үкіметімен өзара іс-қимыл кезінде Қор жалғыз акционер ретінде оның мүдделерін сақтайды.

      2) ҚР Үкіметі Қордың және оның компанияларының операциялық қызметтеріне араласпайды.

      3) Қорда есептіліктің және оның қызметінің ашықтығының тиімді

      жүйесі түзілген. Қор тоқсан сайын Директорлар кеңесіне Қор қызметінің шоғырландырылған негізгі нәтижелерін ұсынады (2013 жылдан бастап), сондай-ақ жылдық аудиттелген қаржылық есепті ұсына отырып, акционерді өзінің қаржы-шаруашылық қызметі және оның нәтижелері туралы

      ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      4) Үкімет жалғыз акционер ретінде Үкіметтің отырыстарында оның қызметінің мәселелері бойынша Қордың ақпаратын тыңдауға құқығы бар.

      Үкімет пен Қордың және Қор тобына кіретін ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың ерекшелігі "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, өзге де заңнамамен және Үкімет пен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісіммен реттеледі.

      ҚР Үкіметі салалық бағдарламалардың үйлестірушісі және реттеушісі ретінде

      Атқарушы билік органдары жүйесін басқаратын алқалы орган ретінде ҚР Үкіметімен өзара іс-қимыл заңдарда және ҚР Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың және оның компанияларының жедел (ағымдағы), оның ішінде инвестициялық қызметіне араласпау қағидаттарында құрылады.

      Қордың инвестициялық қызметі нарық қағидаттарында немесе Қордың даму стратегиясына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдаланып жүзеге асырылады.

      Жалғыз акционердің Қорға қатысты дивидендтік саясаты

      Жалғыз акционердің Қорға қатысты дивидендтік саясаты Жалғыз акционердің мүдделерін Қор және оның компанияларының дамуын жеткілікті қаржыландыру қажеттілігімен оңтайлы ұштастырылуын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

      Мыналар Жалғыз акционердің Қорға қатысты дивидендтік саясатының негізгі қағидаттары болып табылады: Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау, Қордың және компаниялардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту, Қордың және компаниялардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қордың және оның компанияларының қызметін тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету.

      Қордың және оның компанияларының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға қатысуын ескере отырып, көрсетілген қағидаттарды іске асыру Қордың шоғырландырылған таза кірісінің елеулі бөлігін қайта инвестициялауды талап етеді.

      Қордың бос өз капиталы оларға Қордың қатысуының дұрыстығын Қордың Директорлар кеңесі айқындайтын экономиканың жаңа секторлары мен салаларында компаниялар құру мен сатып алуға инвестицияланады.