Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 523 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 231-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері" деген 3-бөлімде:

      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕДБ бөлінетін қаражатты ШОК субъектілерінің қолданыстағы инвестициялық кредиттерін орналастырылған қаражат сомасының 50 %-ына дейін қайта қаржыландыру мақсатына жібереді. Бұл талап кәсіпкерлерді қаржылық қолдау бағдарламаларына ("Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, "Даму Өндіріс" бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының сауықтыру бағдарламалары) қатысатын қолданыстағы қарыздарға қолданылмайды.";

      "Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары" деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары

      Осы Жоспар шеңберінде қаражат алатын ШОК субъектілерінің жаңа жобаларын қаржыландыруды ынталандыру үшін "Даму" КДҚ" АҚ "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа жобалар бойынша кредиттерді кепілдендіру тетігін қолдана алады.".

      2. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      кіріспенің үшінші бөлігінде:

      3.3) және 3.4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.3) жаңа мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Нұрлы жол" бағдарламасы); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – "Нұрлы жер" бағдарламасы)";

      "3.4) қолданыстағы және өзектілендірілген бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ); "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2020" бағдарламасы);";

      "Жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" бағдарламалары" деген 1.3.2-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.3.2. "Жаңа мемлекеттік бағдарламалар – 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы";

      "Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, "БЖК-2020" бағдарламасы" деген 1.3.3-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.3.3. "Нақтыланған мемлекеттік бағдарламалар – ИИДМБ, "БЖК-2020" бағдарламасы";

      "Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, "БЖК-2020" бағдарламасы" деген 1.3.3-кіші бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.06.2019 № 361 қаулысымен.

      4. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      2) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;

      3) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

      4) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары;

      5) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      6) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;

      7) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауды ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер берудің тетігі мен шарттарын айқындайды.

      2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі қаржы агентіне өзара жасалған Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";

      5-тармақта:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) портфельдік кепілдік беру – банк үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер берудің нысаны.";

      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. Кепілдік жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Қаржы агенттігі Бағдарламаның шарттарына сәйкес және жобаның ең жоғары сомасын белгілей отырып, портфельдік кепілдік беру әдісін қолдануға құқылы. Банкті таңдауды қаржы агенттігі дербес жүзеге асырады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған және даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Облыс әкімдігі (астана, республикалық маңызы бар қалалар) қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепіл шартының қолданысы тоқтатылған кезде сома кейінгі жобаларды кепілдендіру үшін пайдаланылуы тиіс.

      Босатылған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату есебінен қалыптастырылған босатылған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.";

      "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары" деген 4-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары";

      23-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің (кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асырған кезеңге ұсынылады);

      2) қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.";

      28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-1. Кепілдік салалық шектеулерсіз жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Қаржы агенттігі Бағдарламаның шарттарына сәйкес және жобаның ең жоғары сомасын белгілей отырып портфельдік кепілдік беру әдісін қолдануға құқылы. Банк таңдауды қаржы агенттігі дербес жүзеге асырады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған және даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Облыс әкімдігі (астана, республикалық маңызы бар қалалар) қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепіл шартының қолданысы тоқтатылған кезде сома келесі жобаны кепілдендіру үшін пайдаланылуы тиіс.

      Босатылған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату есебінен қалыптастырылған босатылған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі алынған қаражаты өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің (бұдан әрі – кәсіпкер) кепілдік алу үшін қаржы агенттігіне және кейіннен кредит алу үшін банкке жүгінуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кәсіпкер кепілдік алуға өтінішпен қаржы агенттігіне жүгінеді;

      2) кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін қаржы агенттігі алынған құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады;

      3) қаржы агенттігі кепілдік беру туралы шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкер берілетін кепілдік шарттары, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде кепілдік беруге мүмкіндік беретін банктің кредит беру шарттары көрсетілген кепілдік беру мүмкіндігі туралы хат алады;

      4) кәсіпкер банкке кепілдікті кредит алу үшін жүгінеді;

      5) банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды және кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

      6) банк кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген шарттарда кредит бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда банк қол қойылған кредиттік шартты қоса алғанда, қажетті құжаттардың көшірмелерін қаржы агенттігіне жолдайды.

      Қаржы агенттігі банкке жіберетін кепілдік беру шартын ресімдейді және қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      7) банк кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген кепілдік пен кредиттің талаптарына сәйкес келмейтін өзге шешім қабылдаған жағдайда кепілдік беруді қарау рәсімі Қағидалардың 46-тармағына сәйкес жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:

      "45-1. Банк портфельдік кепілдік шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, банк қаржы агенттігіне банктік қарыз шартының көшірмелерін ұсынады, оның негізінде қаржы агенттігі банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Кәсіпкер кредит алу үшін өтінішпен банкке жүгінеді.

      Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.";

      47-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кепілдік беру туралы мәселені қарастыру үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес қажетті құжаттар.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін:

      1) банк пен кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(-дер) шарт(-тар)ын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатында қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің 10 %-ға өсуінің, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюының мәндері көрсетіледі.

      Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара беруге жол беріледі;

      2) банктен қаржы агенттігі банктік қарыз шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;

      3) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.";

      52-тармақ алып тасталсын;

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі орын алған жағдайда облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін қаржы агенттігін ол туралы хабардар етеді. Қаржы агенттігі кепілдік шарттарының қолданылуын тоқтату есебінен босаған қаражат болған кезде жобаларға кепілдік беруді жаңартуға құқылы.";

      "180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруінің тәртібі" деген 6-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беру тәртібі";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Банк кәсіпкерден электрондық өтінім алынған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Кепілдік беру қағидаларының 47-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қаржы агенттігіне ұсынбаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерге кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.";

      61-тармақ алып тасталсын;

      62, 62-1, 63, 64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Қаржы агенттігі кредиттің мақсатқа сай пайдаланылмауы анықталған жағдайда кепілдік сомасын мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды азайту туралы шешім қабылдайды.

      Егер кәсіпкер қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің өсуі және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюы көрсеткіштеріне қол жеткізбесе, кепілдік беру шарты жойылмайды.

      62-1. Кредит толық мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.

      63. Кірістің, жұмыскерлердің орташа жылдық санының өсуі, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаюы серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері негізінде алынған ақпаратты пайдаланады. Кірістің, жұмыскерлердің орташа жылдық санының өсуі, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаюы серпінін есептеу кезіндегі есепті күн қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы болып табылады.

      64. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтерді беруге келісуі туралы ұсынылған өтініштердің негізінде Бағдарламаға қатысушылар жұмыскерлерінің бюджетке төлеген салықтары мен төлемдерінің көлемі және саны туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне жібереді. Бағдарламаға қатысушылар жұмыскерлерінің кірістері, бюджетке төлеген салықтары мен төлемдерінің көлемі және саны туралы соңғы 5 жылдағы жылдық деректер кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтер беруге келісуі туралы ұсынылған өтініштердің негізінде қаржы агенттігінің сұрау салуы бойынша ұсынылады.

      65. Қаржы агенттігі Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей, Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары мониторингісінің нәтижелерін қаржылай емес қолдау операторына және уәкілетті органға жібереді.";

      66-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Кепілдік беру қағидаларына 1 және 2-қосымшалар алып тасталсын;

      көрсетілген Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 3-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 3-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ШОКС құқықтық мәртебесі мен өкілеттілігін айқындайтын құжаттар" деген бөлімде:

      1-тармақ кестесінің реттік нөмірлері 2 және 3-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама

Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы талон (egov.kz арқылы талонның көшірмесіне рұқсат етіледі)

3

Қолтаңба үлгілері бар құжат, мөр бедері (болған жағдайда)

Түпнұсқа немесе банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

      ";

      2-тармақ кестесінің реттік нөмірі 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Бірінші басшы, бас бухгалтер қолтаңбаларының және ШОКС мөр бедерінің (болған жағдайда) үлгілері бар құжат

Банктің уәкілетті органының түпнұсқасымен расталған нотариалдық куәландырылған түпнұсқа/көшірме

      ";

      көрсетілген Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 4-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 4-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Кепілдік беру қағидаларына 5, 6 және 7-қосымшалар алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Мемлекеттік гранттар беру "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.";

      9-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант беріледі;";

      мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаны іске асыруға грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, ұлттық институт және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант беріледі;

      18) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      19) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға арналған өтініш;

      20) электрондық құжаттар топтамасы – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін, өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыру өкілеттіктеріне ие адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өзі болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттар.";

      11-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мыналар мемлекеттік грант берудің міндетті шарттары болып табылады:

      1) грант алушының жобаны іске асыруға арналған шығыстарды ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бірлесіп қаржыландыруы;

      2) Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен бизнес-инкубатормен резиденттік туралы келісім;

      3) өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) не бизнес-процестің жұмысқа қабілеттілігін растайтын үлгінің, бастапқы конструкцияның (прототипінің) болуы.";

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес оған қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді береді, оған басшы не оны алмастыратын адам қол қояды және кәсіпкердің мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі. Бұл ретте конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы.";

      19-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/ жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Бағдарламаның және (немесе) "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаға қатысу үшін өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгіне алады.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссияның шешімі шыққан күннен бастап 9 ай.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:

      "3-1. "Кәсіпкердің электрондық өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру тәртібі"

      39-1. Кәсіпкер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді толтырады және электрондық құжаттар топтамасын тіркейді:

      1) Бағдарламаның және (немесе) "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

      2) кәсіпкердің ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің 10 %-ынан кем емес ақша қаражатының болуы туралы банк шотынан үзінді.

      39-2. Кәсіпкер бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларға мемлекеттік грант алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді толтырады және электрондық құжаттар топтамасын:

      1) Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен бизнес-инкубатормен резиденттік туралы келісімді;

      2) кәсіпкердің ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің 20 %-ынан кем емес ақша қаражатының болуы туралы банк шотынан үзіндіні тіркейді.

      39-3. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе кәсіпкердің өтінімін тіркеуден бас тартады.

      39-4. Шағын кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама бойынша мәліметтер, заңды тұлға/жеке кәсіпкер қызметінің түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы/ болуы туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы автоматты түрде тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден анықталады.

      39-5. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы тіркелгеннен кейін мынадай іс-қимыл:

      1) құжаттардың толықтығын тексеру;

      2) Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiне тіркелген өтiнiмді толықтығы және Бағдарламаның шарттарына сәйкестiгi тұрғысына қарауға жiберу;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің кәсіпкердің түскен өтінімін қарауы жүзеге асырылады.

      39-6. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаны деректердің анықтығы мен Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Кәсіпкер және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.

      39-7. Егер кәсіпкердің өтінімі мемлекеттік гранттар беруге өтінімдер қабылдау мерзімі өткенге дейін мақұлданса, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімді күту парағына орналастырады.

      39-8. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға бағытталған кәсіпкерлердің түскен өтінімдерін қарауды аяқтағаннан кейін ақпараттық жүйе арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында өтінімді тіркеу тәртібімен кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады.

      39-9. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімдер тізбесін қалыптастырғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, мақұлданған жобалар бойынша конкурстық комиссия отырыстарының кестесін қалыптастырады;

      Конкурстық комиссияның отырыстарын өткізудің жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды.

      Конкурстық комиссияның қарауына шығаратын кәсіпкерлер өтінімдерінің саны күніне 10 өтінімнен аспауға тиіс;

      2) конкурстық комиссия мүшелерін ақпараттық жүйеде авторландыруды қамтамасыз етеді;

      3) конкурстық комиссия хатшысы мен мүшелеріне мақұлданған жобалар бойынша отырыстар кестелерін және мәлімделген жобаларды қарау және мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім қабылдау үшін кәсіпкердің электрондық құжаттамасының толық топтамасын қоса берумен хабарлама жібереді.

      39-10. Кәсіпкерлердің бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған өтінімдерін қабылдауды аяқтағаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық құжаттаманың толық топтамасын қоса берумен мақұлданған өтінімдерді сараптамалар жүргізу үшін ұлттық институтқа жібереді.

      39-11. Ұлттық институт жобаға сараптаманы мына бағыттар бойынша жүргізеді:

      1) технологиялық сараптама аналогтармен салыстырғанда жобаның техникалық тұрғыдан іске асырылуы мен технологиялық орындылығының артықшылықтарын анықтау мақсатында жүргізіледі;

      2) қаржылық-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық тұрғыдан орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарын, маркетингтік стратегияны, жұмысты мәлімделген мерзімдерге, жұмыстар көлемі мен мазмұнына, сұралатын қаржыландыру сомасына бөлуді бағалау мақсатында жүргізіледі;

      3) құқықтық сараптама Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкестігі тұрғысынан ұсынылған құжаттардың мазмұнына жан-жақты құқықтық талдау жүргізу мақсатында жүргізіледі.

      Ұлттық институттың сараптамалар жүргізу тәртібі осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 22-2-тармағымен регламенттеледі.

      39-12. Сараптамаларды жүргізу барысында ұлттық институт шағын кәсіпкерлік субъектісінен жоба бойынша қажетті ақпаратты және/немесе құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы сұратуға құқылы.

      39-13. Ақпараттық жүйе арқылы ұлттық институт осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің жобалары бойынша кешенді қорытындыны Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді.

      39-14. Ұлттық институттың кешенді қорытындысының нәтижесі бойынша сараптамалардың кем дегенде біреуі (технологиялық, қаржылық- экономикалық және заңдық) бойынша теріс ұсыным болған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұлттық институттан қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге дәлелді бас тарту жібереді.

      39-15. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған кәсіпкерлердің барлық жобалары бойынша ұлттық институттың кешенді қорытындысын алғаннан кейін "электрондық үкімет" веб-порталында өтінімді тіркеу тәртібімен ақпараттық жүйе арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесі қалыптастырылады.

      39-16. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған кәсіпкерлер тізбесін қалыптастырғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) мақұлданған жобалар бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, конкурстық комиссия отырыстарының кестесін қалыптастырады.

      Конкурстық комиссияның отырыстарын өткізудің жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Кәсіпкерлердің конкурстық комиссияның қарауына шығарылатын өтінімдерінің саны күніне 3 өтінімнен аспауы тиіс;

      2) ақпараттық жүйеде конкурстық комиссия мүшелерін авторландыруды қамтамасыз етеді;

      3) мәлімделген жобаларды қарау және мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім қабылдау үшін хатшыға және конкурстық комиссияның мүшелеріне мақұлданған жобалар бойынша отырыстар кестелерін және кәсіпкердің электрондық құжаттамасының толық топтамасын қоса берумен хабарлама жібереді.

      39-17. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларға сәйкес ақпараттық жүйе арқылы мыналарды жүзеге асырады:

      1) мәлімделген жобаны конкурстық комиссия отырыстарын өткізу кестесіне сәйкес ұсынылған құжаттардың анықтығы тұрғысынан қарау;

      2) Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 9-қосымшада көрсетілген әрбір мәселе бойынша балдар қою әдісімен дауыс беру.

      Дауыс беру қорытындылары бойынша балдар санын автоматты түрде есептеу және мәлімделген жоба бойынша қорытынды шешімді көрсету жүзеге асырылады;

      3) Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы конкурстық комиссияның әрбiр мүшесiнiң дауыс беру нәтижелері мен оның қорытынды шешiмi көрсетiле отырып, қалыптастырылған отырыс хаттамасына қол қою.

      Егер кәсіпкердің жобасына ақпараттық жүйеде тіркелген конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан азы дауыс берген болса, ақпараттық жүйе хаттаманы қалыптастырудан бас тартады және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін конкурстың өтпегені туралы хабардар етеді.

      39-18. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтпеген конкурс туралы хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия отырысының қосымша кестесін қалыптастырады, ол туралы конкурстық комиссияның хатшысы мен мүшелеріне хабарлайды.

      39-19. Жобаға балл беру әрбір мәселе бойынша жеке бес балдық (1-ден 5-ке дейін) шкала бойынша жүзеге асырылады. Жобаны бағалаудың негізі болып табылатын балдар сатысы мен мәселелер тізбесі осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 9-қосымшада көрсетілген.

      39-20. Конкурстық комиссия мүшесіне берілетін ең жоғары балл:

      1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – 50 балл;

      2) бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – 25 балл.

      39-21. Дауыс беру қорытындылары бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны қосылады да, конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады.

      39-22. Егер жоба конкурстық комиссияның дауыс берген мүшелерінің ең көп балдар қосындысының 70 %-нан астамын жинаса, жобаны конкурстық комиссия мақұлдаған болып саналады.

      39-23. Кәсіпкерге ұсынылатын жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант сомасы мәлімделген соманың пайыздық қатынасында жиналған балдар санына пропорционалды түрде анықталады. Бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларға арналған грант сомасы өтінімнің негізінде анықталады, бірақ қаржылық-экономикалық сараптама негізінде ұлттық институт ұсынған сомадан аспайды.

      39-24. Конкурстық комиссия мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа алуға тиісті емес. Жобаны қарау мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Конкурстық комиссия мүшесі дауыс бермеген жағдайда, оның балы кәсіпкердің пайдасына ең жоғары сомамен есепке алынады.

      39-25. Ақпараттық жүйе арқылы конкурстық комиссия отырысының хаттамасы қалыптастырылады және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне, кәсіпкерге, қаржы агенттігіне немесе бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – ұлттық институтқа жіберіледі.

      39-26. Бюджет қаражаты болған жағдайда ақпараттық жүйе арқылы өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) конкурстық комиссия хаттамасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарттың жобасын қалыптастырады және оны жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – қаржы агенттігіне немесе бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – ұлттық институтқа жібереді;

      2) шарт жобасы қаржы агенттігімен/ұлттық институтпен келісілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – кәсіпкермен, қаржы агенттігімен немесе бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – ұлттық институтпен мемлекеттік грант беру жөніндегі шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.

      39-27. Бюджет қаражатының жетіспеушілігі орын алған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ақпараттық жүйе арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – кәсіпкер мен қаржы агенттігін немесе бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – ұлттық институтты мемлекеттік гранттар беруге шарттар жасасуды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

      39-28. Қосымша қаражат алғанға дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі күту парағында конкурстық комиссияның оң шешімін алған кәсіпкерлердің тізімдерін орналастырады.

      39-29. Конкурстық комиссия отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйе кәсіпкерлерді күту парағынан шығарады және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне, кәсіпкерге, қаржы агенттігіне немесе бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – ұлттық институтқа хабарлама жібереді.

      39-30. Қосымша қаражат алғаннан кейін және конкурстық комиссия отырысы хаттамасының қолданылуы жағдайында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – кәсіпкермен және қаржы агенттігімен немесе бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналған жобалар бойынша – ұлттық институтпен мемлекеттік грант беруге арналған шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.";

      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.";

      көрсетілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.";

      көрсетілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 3-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "*Өтінімнің әр бетіне қол қою қажет" деген жолдан кейін, "М.О." аббревиатурасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "М.О. (болған жағдайда)";

      көрсетілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 4-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы қаулыға 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалармен толықтырылсын;

      мына:

      осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларымен;

      осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен;

      осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларымен;

      осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларымен толықтырылсын.

      5. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 603 қаулысында:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен "Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен "Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен "Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары";

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг" АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.".

      6. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 131 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кредиттей отырып "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен "ҚДБ-Лизинг" "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары";

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг" АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.".

      7. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 88 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кредит беру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кредит беру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамына кредит беру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары";

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 9 (тоғыз) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен "ҚДБ-Лизинг" АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

      Осы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерін уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.

      4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      6. Осы Субсидиялау қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      2) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      3) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;

      4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      6) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

      7) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      8) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      9) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;

      10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;

      12) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;

      13) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын, кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

      14) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;

      15) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      16) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады;

      17) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      18) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      19) субсидиялар – қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдер;

      20) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      21) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      22) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      23) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, мемлекеттік қолдау алуға арналған өтінім;

      24) электрондық құжат топтамасы – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат.

3-тарау. "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      7. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады.

      Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысуға жобаның іске асырылу орнына қарамастан және шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де жіберіледі.

      8. Мыналар:

      1) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

      9. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.

      Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) кредиттері де субсидиялауға жатады.

      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және кірістердің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға ұлғайту талап етілмейді.

      10. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      11. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 ай ішінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.

      12. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      13. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған кезде субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

      14. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс.

      15. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      16. 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын, оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кәсіпкердің жобаға өз құралдарымен (ақшалай қаражатпен/жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қатысу талаптары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      17. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      18. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      19. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы, барлық қолданыстағы кредиттер ескеріле отырып, бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      20. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      2018 жылғы 27 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша қаржы агенттігі ұзартуды мақұлдаған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).

      Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін қаржы агенттігі мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      21. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      22. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      23. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда/даму банкінде субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      24. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген, банктердің кредиттері бойынша субсидиялауға жататын шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу осы тармақта белгіленген шарттарда жүзеге асырылады.

      25. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.

      26. Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания:

      1) кәсіпкер бастамашылық еткен кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      27. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер кәсіпкерге қаржы агенттігінен жасалған шартты алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

      Банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      28. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

4-тарау. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/ индустриялық-инновациялық даму субъектілерін салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      29. Мынадай:

      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;

      2) ИИДМБ-да айқындалған, өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және жекелеген көрсетілетін қызмет түрлерінде іске асырылатын жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар бола алады.

      30. Мыналар:

      1) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

      31. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Мыналардың:

      1) кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің;

      2) қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.

      Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің салаларында және жекелеген көрсетілетін қызмет түрлерінде іске асырылатын жобалар шеңберінде БЖЗҚ қаражаты есебінен айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер берген (беретін) шағын және орташа кәсіпкерлік кредиттері де субсидиялауға жатқызылады.

      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      32. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда мұндай жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      33. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 ай ішінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.

      34. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      35. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

      36. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуге тиіс.

      37. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      38. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      39. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      40. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      41. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы, барлық қолданыстағы кредиттерді ескере отырып бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың /компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте 2018 жылдың 27 қаңтарына дейін мақұлданған 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялар Бағдарламаның бұрын бекітілген шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      42. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      2018 жылғы 27 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша қаржы агенттігі ұзартуды мақұлдаған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).

      Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін, қаржы агенттігі мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      43. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      44. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      45. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда/даму банкінде субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      46. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Айналымдағы қаражатты толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен шығарылған банктердің кредиттері бойынша субсидиялауға жататын шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу осы тармақта белгіленген шартта жүзеге асырылады.

      47. ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Айналымдағы қаражатты толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен шығарылған банктердің кредиттері бойынша субсидиялауға жататын шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу осы тармақта белгіленген шартта жүзеге асырылады.

      48. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизингтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.

      49. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі
13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      50. Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания:

      1) кәсіпкер бастамашылық еткен кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      51. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер кәсіпкерге қаржы агенттігінен қол қойылған шартты алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

      Банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      52. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сауда алаңы кемінде 3 мың шаршы метр;

      2) облыстарда кемінде 1 мың шаршы метр.

      53. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

5-тарау. "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      54. Мыналар:

      1) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде

      кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

      55. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      56. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы, барлық қолданыстағы кредиттерді ескере отырып бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сомалар бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауы керек және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешек ескерілмей есепке алынады.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте 2018 жылдың 27 қаңтарына дейін мақұлданған, 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар үшін субсидиялар Бағдарламаның бұрын бекітілген шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      57. 750 млн. теңгеден бастап 2,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарына қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыссыздар ретінде тіркелген 29 жасқа дейінгі жастар үшін құру ұсынылады.

      Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні қаржы агенттігі шешімінде көрсетіледі.

      58. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      2018 жылғы 27 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша қаржы агенттігі ұзартуды мақұлдаған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).

      Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін қаржы агенттігі мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      59. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қаржы агенттігі қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      60. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігінде мақұлданған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      61. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 30 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      62. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банктің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте банк:

      1) кәсіпкер бастамашылық ететін кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      63. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      64. Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11 %-ға дейін төмендететін, оның 4 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін даму банкінің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.

      65. Даму банкі:

      1) кәсіпкер бастамашылық еткен кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуына байланысты алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      66. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал бағамдық теріс айырма орын алса – өтеу кәсіпкерге жүктеледі.

      67. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.

      68. Субсидиялау банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизингінің шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте лизингтік компания/банк комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды:

      1) борышкер бастамашылық еткен кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      3) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу);

      4) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      69. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизингтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.

      70. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте аталған комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер қаржы агенттігінен жасалған шартты алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуі тиіс.

      71. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемесе, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      72. Егер банк/даму банкі мен кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау банк/даму банкі мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.

6-тарау. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың

өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      73. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға:

      1) жаңа қаржылық лизинг кредиті/ шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит беруге/қаржыландыруға арналған өтінішпен (банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша);

      2) Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысанда қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша жүгінеді, оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы банкті/даму банкін/лизингтік компанияны хабардар ететін және кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішхатпен жүгінеді;

      74. Банк/даму банкі/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда, қаржы агенттігіне хабарлай отырып, үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жобаны кредиттеуге/қаржылық лизинг шартын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдайды.

      75. Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік, (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

      2) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкердің/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюына қол жеткізу кезеңдері қамтылады;

      3) кірістің 20 %-ға өсімі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін ұсына отырып, кәсіпкердің – орта кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі. Орта кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметін үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асырған кезең үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

      6) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      7) банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

      Кәсіпкер Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік/жергілікті үйлестірушісіне жүгіне алады.

      76. Толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/кәсіпкерге қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысына шығарады.

      77. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      78. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялауға арналған бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      79. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасымен ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде: қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірісті мен жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға арттыруға қол жеткізуі жөніндегі міндеттемесі (Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберіндегі кәсіпкер жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша); кәсіпкерлердің – орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қаржы агенттігіне өтінім бергенге дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылғы кірісінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізуі туралы ақпарат көрсетіледі.

      80. Қаржы агенттігі банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға және кәсіпкерге қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оң шешім болған жағдайда хаттама ресімдеп, қол қояды және осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді (бұдан әрі – тиісті хат), ал теріс шешім болған жағдайда – осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді жібереді.

      81. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешімінің қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкілетті органы қабылдаған күннен бастап 6 айды құрайды.

      Бұл ретте 2018 жылдың 27 қаңтарына дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шарттарын жасасу бұрын мақұлданған шарттармен өңірлік үйлестіруші кеңесі хаттамасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

7-тарау. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беру тәртібі

      82. Кәсіпкер электрондық өтінімді Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді, оған мына электрондық құжаттар топтамасы қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асырудың бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытындысы (банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы. Бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар);

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша қатысуға өтінім берген жағдайда);

      3) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      4) банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаттың сканерленген көшірмесі.

      83. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламасы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша мәліметтер, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде айқындалады.

      84. Кәсіпкер толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуге қабылдамайды.

      85. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай әрекеттер:

      1) тіркелген өтінімнің Бағдарлама шарттарына сәйкестігін қарау үшін қаржы агенттігінің қарауына жіберу;

      2) қаржы агенттігінің кәсіпкерден түскен өтінімді қарауы жүзеге асырылады.

      86. Қаржы агенттігі материалдарды өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      87. Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тарту жібереді.

      88. Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар бағдарлама шарттарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім толық құжаттар топтамасымен қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына жіберіледі.

      89. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтініштерін қарау тәртібі осы Субсидиялау қағидаларының 6-тарауында регламенттелген.

      90. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қаржы агенттігі уәкiлеттi органы шешiм қабылдаған күннен бастап қолданылу мерзімі 6 ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      91. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы хаттамадан үзінді көшірмені тиісті хатымен жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді. Осымен бір мезгілде қаржы агенттігі банкке/даму банкіне/лизингік компанияға ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      92. Бағдарламаға қатысушылардың субсидия беру үшін одан арғы өзара іс-қимылы осы Субсидиялау қағидаларының 8-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

8-тарау. Субсидиялау тетігі

      93. Банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, банк/даму банкі/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға субсидиялау шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      94. Банк/даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/даму банкі/лизингтік компания:

      1) кәсіпкер бастамашылық еткен кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кредит/лизинг бойынша кәсіпкердің міндеттемелерді бұзуының себебінен алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кәсіпкер үшін кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме қабылдайды.

      95. Субсидиялау шарты:

      1) банк/даму банкі/лизингтік компаниямен:

      қаржы агенттігінен үлгі жобалар бойынша хаттама/шешім алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;

      қаржы агенттігінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде;

      2) қаржы агенттігімен:

      банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;

      банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасалады.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште де және электрондық нысанда да жасалады, бұл ретте Субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылуы тиіс.

      96. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 95-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаса, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      97. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне, Бағдарлама талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі банкті/даму банкін/лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.

      98. Банк/даму банкі/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      99. Банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға шығарады.

      100. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шарты күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын, бірақ қаржы агенттігі шешім шығарған күннен аспайтын мерзімде субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.

      101. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      102. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.

      103. Банк/даму банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      104. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда лизингтік компания субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      105. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      106. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен ай сайын банктегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі банкті/даму банкін/лизингтік компанияны электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу арқылы бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      107. Банк/даму банкі/банк-төлем агенті қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банк/даму банкі/банк-төлем агенті шоттардағы қаражаттан жалпы ағымдағы қалдықтарды есептен шығаруға құқығы жоқ.

      108. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

      109. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/даму банкі/банк-төлем агенті кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      110. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді іс жүзінде өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда банк/даму банкі /лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      111. Берешекті өтегенге дейін банк/даму банкі/банк-төлем агенті сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүргізбейді және:

      1) кәсіпкердің банк/даму банкі/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкердің лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      112. Хабардар етпеген/осы Субсидиялау қағидаларының 111-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң хабардар еткен жағдайларда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      113. Банктер, даму банкі кредит бойынша ай сайын/лизингтік компаниялар, банктер, даму банкі лизингтік мәмілелер бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      114. Қаржы агенттігі банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақының және банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.

      115. Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      116. Қаржы агенттігі ай сайын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жаңа жобалар субсидияланатын қаражаттың болжамды сальдосы бойынша есеп жібереді.

      117. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша банк/даму банкі/лизингтік компания жеңілдік кезеңін берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Бұл ретте жеңілдік кезеңі/кейінге қалдыру мерзімі қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуге тиіс.

      118. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгертсе, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша тиісті хабарлама жібереді, олар өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса отырып, шарттардың қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгеруі жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетілуге тиіс.

      119. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      120. Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы шарттарындағы өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру шарттарына енгізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.

      121. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпараттарды) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(-лер)дің мұрагерлік құқығы басталған сәтке дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагер(-лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      122. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

9-тарау. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі

      123. Субсидияларды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің уәкілетті органы банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаттары (хабардар етуі) негізінде, сондай-ақ мониторингілеу нәтижелерінің негізінде жасайды.

      124. Қаржы агенттігі банк/даму банкі/лизингтік компания хабарламалары негізінде және/немесе мониторингілеу нәтижелері негізінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалану;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартының төлемдер графигіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) кәсіпкердің қаржылық лизинг шартының төлемдер өтеу графигіне сәйкес лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдер жасау бойынша міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан да көп орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамау (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша) фактілері анықталған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      125. Осы Субсидиялау қағидаларының 124-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы ұйымы уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау негіздемесі көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады.

      126. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарастырғанға дейін жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.

      127. Қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін ресімдейді және оны тиісті хабарлама хатпен банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға жібереді.

      128. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдаған кезде қаржы агенттігі қайта бастау кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді. Осы Субсидиялау қағидаларының 124-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда кәсіпкердің мерзімін өткізіп алған күнінен бастап төленуі тиіс субсидияларды төлейді.

      129. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартының бұзылған күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Осы Субсидиялау қағидаларының 121-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/лизинг қайта бастауға жатпайды.

      130. Мынадай жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады:

      1) кәсіпкердің банк/лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитін толық өтеуі. Кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешімнің қабылдануы;

      3) кәсіпкер бастамашылық еткен субсидиялау шартының бұзылуы.

      131. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша кәсіпкерге бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.

      132. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      133. Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      134. Сонымен бір мезгілде кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды, оған өзгертілген төлемдерді өтеу кестесі, субсидиялау шартына жасалған тиісті қосымша келісім қоса беріледі.

      135. Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысудың салыстыру актісін ұсынады.

      Бұл ретте банк/даму банкі/лизингтік компания салыстыру актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.

      136. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдалануы анықталған кредит бойынша банк/даму банкі қаржы агенттігіне кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттармен қоса құжаттарды ұсынады.

10-тарау. Бағдарламаның мониторингі

      137. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) банк/даму банкі ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) банк/даму банкі/лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингілеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингілеу жатады.

      138. Мониторингілеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкер мен банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан мониторинг нысанасына қатысты қажетті, оның ішінде салықтық құпияларды қамтитын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, жоба іске асырылып жатқан жерге барып іске асырылуына мониторингілеу жүргізуге құқылы.

      139. Қаржы агенттігі жасаған мониторингтік есеп оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банкпен/даму банкімен/лизингтік компаниямен, кәсіпкермен келісіледі және бұрыштама соғылады.

      140. Қаржы агенттігі Бағдарлама тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалы есебін қалыптастыру мақсаты үшін есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей, Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын мониторингілеу нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

      141. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі белгілейді.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде сыйақы
  мөлшерлемесінің бір бөлігін
  субсидиялау қағидаларына
  1-қосымша
  нысан

Өтініш

      Мына (қажетті бағытты белгілеу қажет):

 

"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты

 

"Экономиканың басым салаларында және өндеу өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты

 

"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты


      шеңберінде "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында, мынадай шарттарда:

Кредиттің нысаналы мақсаты


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі


      мемлекеттік қолдауды алу мақсатында Сізден субсидиялау мақұлданған жағдайда, кредит/лизинг бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні) М.О. (болған жағдайда)

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде сыйақы
  мөлшерлемесінің бір бөлігін
  субсидиялау қағидаларына
  2-қосымша
  нысан

      Кімге: ______________________________________қаржы агенттігі

      Кімнен ________________________ (бұдан әрі – Кәсіпкер)

№ __________өтініш-сауалнама

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – Бағдарлама) Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден __________________________қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына төмендегіге сәйкес кредит/қаржы лизингінің шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қарауға бастамашылық етуді сұраймын: 

     

      1. Бағдарламаның бағыттары (бағытты белгілеу қажет)

 

"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты

 

"Экономиканың басым секторларында және өндеу өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты

 

"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты

2. Кредиттік желі ашу/банктік қарыз ұсыну туралы мәлімет

Банк атауы


Кредиттің нысаналы мақсаты


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі


Өзінің қатысуы*


      * 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаның іске асырылуына өзінің қатысуы талап етілмейді.

3. Кредиттік қаражаттың болжамды игерілуі

Сома (БҚШ/Транш)

Айы. Жылы









4. Қатысушы туралы мәліметтер

Кәсіпкердің атауы


Құрылтайшы (-лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі




5. Басшылық

      Бірінші басшы

 Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


       

      Бас бухгалтер 

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны)



6. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін - акциялардың 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

%

Деректемелері



















7. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны/оның ішінде әйелдер


Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


8. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарының барлығын көрсету қажет):

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

9. Тарихы

      Кәсіпкер жұмысының процесінде пайдаланылған, өтелген, сондай-ақ қазіргі уақытта өтелмеген барлық банктік несиелер, лизингтік мәмілелер көрсетіледі.

Кредитор/Лизинг беруші

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ/ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.








10. Қазіргі кредиттер/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы:

      __________/___________.

Р/с №

Банк/лизингтік компания

БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит/лизинг валютасы

Кредит/лизинг сомасы

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн

Кредит/ лизинг мақсаты (қысқаша сипаттамасы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























11. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және Кәсіпкерге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с

Мемлекеттік бағдарламаның атауы/мемлекеттік қолдау шаралары

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат













12. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне мынаны мәлімдеп, кепілдік береді:

      1. Қаржы агенттігіне осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қаржы агенттігін дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      2. Қаржы агенттігінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шындыққа сай келуін тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте қаржы агенттігі кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне мыналарға келісім береді:

      1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен Кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана ұсынылған.

      3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, қаржы агенттігінде сақталатын болады.

      4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидия алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) қаржы агенттігінің субсидия беру немесе Кәсіпкерге келтірілген шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

            5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен қаржы агенттігіне наразылық білдірмеймін.

13. Қосымшалар

      (________________________________ бағыт бойынша көзделген құжаттар)

      _______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)

  Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде сыйақы
  мөлшерлемесінің бір бөлігін
  cубсидиялау қағидаларына
  3-қосымша
  нысан

      "___" ____________ 20 ___ ж. "________________"      ЖКС           

      Көшірмесі:

      АҚ (ЕДБ)/ЖШС (ЖК) "___________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ "_______________" ЖКС жобасы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ____________бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша қаржы агенттігі уәкілетті органының 20____ жылғы ________ "___" отырысында қарап, мақұлданғанын хабарлайды.

      ӨФ директоры _____________________

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде сыйақы
  мөлшерлемесінің бір бөлігін
  cубсидиялау қағидаларына
  4-қосымша
  нысан

      "___" ____________ 20 ___ ж.             "________________"      ЖКС     

  Көшірмесі:
  АҚ (ЕДБ)/ЖШС (ЖК) "___________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының___________бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "____________________" ЖКС жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының кезекті отырысында қарап, мыналар туралы шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (кері қайтарудың себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      ӨФ директоры _________________     

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде сыйақы
  мөлшерлемесінің бір бөлігін
  субсидиялау қағидаларына
  5-қосымша
  нысан

_______жылдан бастап______ жылды қоса алғандағы кезеңдегі

субсидиялау туралы есеп

Банктің/даму банкінің/лизинг-тік компанияның атауы

Кәсіп-кер жүгін-ген орын

Кәсіпкер-дің атауы

IBAN коды*

БСН

БҚШ
ҚЛШ (транш нөмірі)

БҚШ/ҚЛШ (транш) күні

Кредит/
лизинг
(транш) сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8


Кредит/лизинг (транш) бойынша
сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы

Кезең ішінде шегерілген субсидиялар сомасы

9

10

11

12

13


Кредит/лизинг бойынша мерзімі өткен төлем күндерінің саны

Кредитті (траншты) нысаналы қолданудың егжей-тегжейлі деректері

14

15


      Лауазымды тұлға _______________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), (қолы, мөрі)

      Жауапты жұмыскер ______________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), (қолы)

      Ескертпе:

      * - банктің/даму банкінің банк жүйесі жасайтын субсидиялау шартының бірегей сәйкестендіру коды

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде сыйақы
  мөлшерлемесінің бір бөлігін
  субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қорынан _______жылдан бастап______ жылды

қоса алғандағы кезең ішінде

бөлінген қаражат есебінен субсидиялау туралы есеп*

Банктің/даму банкінің атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

IBAN код**

БСН

БҚШ (транш) нөмірі

БҚШ (транш) күні

Кредит (транш) сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8


Кредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидия лау шартының нөмірі

Субсидия лау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

Кредитті (траншты) мақсатты пайдалануды нақтылау

Кредит бойынша мерзімі өткен күндер саны

9

10

11

12

13

14

15


      Лауазымды адам _____________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөрі)

      Жауапты жұмыскер ___________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе:

      * БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша субсидиялау туралы есеп ұқсас нысан бойынша жеке ұсынылады.

      **банктің/даму банкінің банктік жүйесінен туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде сыйақы
  мөлшерлемесінің бір бөлігін
  субсидиялау қағидаларына
  7-қосымша
  нысан

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға

_______жылдан бастап______ жылды қоса алғандағы кезеңдегі субсидиялау туралы есеп

Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның атауы

Кәсіпкер жүгінген орын

Кәсіпкердің атауы

БҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі

БҚШ/ҚЛШ (транш) күні

Кредит/лизинг
(транш) сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6








Кредит/лизинг (транш) бойынша
сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде шегерілген субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

10

11






      Ескертпе:

      *Айналым қаражатын толтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау жобалары бойынша, сондай-ақ БЗЖҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша субсидиялау туралы есеп Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/ уәкілетті органға ұқсас нысан бойынша жеке беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
2-қосымша
  "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      Өтінім

      ________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (бұдан әрі – кәсіпкер)

      (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;

      дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      паспорт деректері)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы;

      дара кәсіпкердің тұратын жері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі,

      электрондық пошта мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банктік деректемелер)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (салық салу жүйесін көрсету)

      ______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)

      _______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (экономика саласын көрсету, ЭҚЖЖ)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өтінім берілген кездегі жалдамалы қызметкерлердің санын орташа көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      лауазымы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны)

      ісін жаңа бастаған кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін ашуға) мемлекеттік грант беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.

      Кәсіпкер конкурс шарттарымен танысты және "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.

      Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Р/с №

Заңды тұлға

Парақ саны

р/с №

Дара кәсіпкер

Парақ саны


Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі


1

Дара кәсіпкерді тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі



Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама


2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама



Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама


3

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама



Бизнес-жоба


4

Бизнес-жоба



Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі


5

Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі



Өкілге сенімхат


6*

Өкілге сенімхат



Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар


7

Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар


* қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер ________________________ _______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
20___ ж. "___" _________________ "___" сағ. "___" мин. өтінім №

      Мен бұрын бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.

      Кәсіпкер осы өтінімге қол қою арқылы мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне осы өтініммен бірге не Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      2. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенеді.

      3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы арқылы кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаған келісім береді:

      1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар алу үшін ғана ұсынылды.

      3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтінімнің түпнұсқасы мемлекеттік грант берілмесе де, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталатын болады.

      4. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне наразылық білдірмеймін.

      _______________________ ____________________________________

      Басшы (дара кәсіпкер) (қолы) (қолының толық жазылуы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
3-қосымша
  "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға арналған конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім

      ___________________________________________________________

      (бұдан әрі – кәсіпкер), (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;

      жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), паспорт деректері)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы;

      жеке кәсіпкердің тұратын жері)

      ___________________________________________________________

      (банктік деректемелер)

      1. Жоба туралы деректер

Жобаның атауы


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Жобаны іске асыру орны


Қызметтің бейінді бағыттары
(*Жоба облыс орталықтарында Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады)


Өнім/қызмет пайдаланушылардың мақсатты аудиториясы


Жобаның өтелу уақыты


Қажетті ақша қаражаты, мың теңге

Өз қаражаты


Грант қаражаты


Жобаны іске қосу күні


Жер учаскесінің және/немесе үй жайдың болуы (жалдау немесе жеке)


Қажетті жабдықтардың/қосалқы материалдардың болуы


Бизнес-идеялардың жаңашылдығын (ерекшелігі, қолданылуы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, ұқсастықтардың болуы) сипаттаңыз



      2. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы

Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау


Ұсынылатын өнім иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі


Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер


Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары)


Осы нарықта өнімді табысты түрде іске асыруға елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер)



      3. Жобаның командасы:

Жалдамалы қызметкерлер саны


Кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыруға жоспарланған саладағы жұмыс өтілі және қолданылуы (тиісті құзыреттіліктің, іскерліктің, дағдылардың немесе білімнің болуы)



      4. Жобаны іске асыру:

Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Жеке қаражат



Грант қаражаты




      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

Жылдар

Факт

Болжам

ағымдағы жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам



-

-

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге





Таза пайда, мың теңге






      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің орын алу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кірістерді толық алмау ықтималдығы)



Маркетингтік
(тауардың сатылу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен пайданы толық алмау ықтималдығы)



Салалық
(борышкердің саланың экономикалық жағдайының өзгеруі нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан залал ықтималдығы)




      Мен бұрын бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.

      Мен жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілім.

      Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін.

      _________________ЭЦҚ

      Басшы (дара кәсіпкер)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
4-қосымша
  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы және
бизнес-инкубациялау
еңберінде жаңа бизнес-
идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске
асыру үшін шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға арналған конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім

      ___________________________________________________________

      (бұдан әрі – кәсіпкер), (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), паспорт деректері)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы;

      жеке кәсіпкердің тұратын жері, WEB сайт)

      _____________________________________________________________________

      (банктік деректемелер)

      _____________________________________________________________________

      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)

      ________________________________________________________

      1. Жоба туралы деректер

Жобаның атауы


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Жобаның іске асырылатын жері, заңды мекенжайы


Жарғылық капиталды бөлу құрылтайшылар


Өнімдерді/қызметтерді пайдаланушылардың мақсатты аудиториясы


Қажетті ақша қаражаты, мың теңге

Жеке қаражат


Грант қаражаты


Жобаны іске қосу күні


Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы


Шығаруға ұсынылатын өнім (тауар, қызмет) немесе бизнес-процесс


      2. Жобаның технологиялық құрамдас бөлігі:

Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен өнім параметрлері)


Шешімдер жобаларында ұсынылған жаңалық


Патенттердің және жоба тақырыбы бойынша өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы


Жобаның бизнес-процесін не өнім жасаудың сипаттамасы


Ресурстармен қамтамасыз ету



      3. Коммерцияландыру перспективалары:

Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау


Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру
*Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы келтіріледі (өндіру үшін ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтармен салыстырылған техникалық деңгейі мен құны, дереккөздерге сілтемелер):


Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог










      4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:

Өткізу нарықтарының (экспорттық және ішкі) сипаттамасы, оның ішінде: нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы; бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы



Нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай мәндегі жылдық көлем, сұраныстың өсу немесе төмендеу үрдісі)



Компанияның өнімдері иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі



Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер.



Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары)



Осы нарықта өнімді табысты түрде іске асыруға елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер)




      5. Жобаның командасы:

Қызметкерлер саны, олардың қызмет бағыты және түйіндеме мен біліктілікті растайтын құжаттарды (диплом, сертификаттар) қоса берумен олардың біліктілігі


Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері


Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жаңа мамандар тарту схемасы



      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің орын алу ықтималдығы

Тәуекелді басқару тәсілдері

Мүліктік (кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кірістерді толық алмау ықтималдығы)



Маркетингтік
(тауардың сатылу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен пайданы толық алмау ықтималдығы)



Салалық
(борышкердің саланың экономикалық жағдайының өзгеруі нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан залал ықтималдығы)




      7. Жобаны іске асыру:

Жобаны іске асыру кезеңдерінің атауы

Кезең мерзімі

Кезең құны

Сапалық және сандық нәтижелер














      8. Қаржылық жоспары:

      1. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, оның ішінде инвестициялардың немесе жеке қаражаттың көлемі, қаражат көздері мен оларды алу нысандары

Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар

Шығын сомасы (теңге)

Жұмыс-тар кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсіндірме

Қаржыландыру көздері

Есептерде қолданылатын дереккөздер

Шығындар – Барлығы:






оның ішінде баптар бойынша:












Басқа да қаржыландыру көздерінің шығындары - Барлығы:






Олардың ішінде:






Жеке қаражат






Басқалар
(қандай екенін көрсету)







      2. Жобаны іске асыруға бұрын тартылған қаржыландыру (осы дереккөздерді көрсете отырып) жобаны қаржыландыру:

Көрсеткіштің атауы

Сома, теңге

(Өтінім берген кезде) қалдық сомасы, теңге

Банктік кредит (қарыз)



Реттелген қарыз (үлестес компания қарызы)



Жобаны іске асыруға тартылған ақша қаражатының басқа түрлері




      Мен бұрын бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.

      Маған жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін.

      _________________ЭЦҚ

      Басшы (дара кәсіпкер)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
5-қосымша
  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы және
бизнес-инкубациялау
еңберінде жаңа бизнес-
идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске
асыру үшін шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
7-қосымша
  нысан

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесі

Күн тәртібі:

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау

Кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттама)

Бизнес-жобаны іске асыру орны

Сұралған грант сомасы,теңге

Конкурс комиссиясының күні мен уақыты




















  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
6-қосымша
  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы және
бизнес-инкубациялау
еңберінде жаңа бизнес-
идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске
асыру үшін шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік грант алуға _____________ № __________ өтінім бойынша кешенді қорытынды

Өтініш беруші:


Жобаның жалпы сомасы, теңге:

Талап етілетін грант сомасы, теңге

Грант түрі:


Жобаның атауы:




Жобаны іске асыру мерзімі:


Жобаның қысқаша мазмұны:
 




Мемлекеттік грант алу үшін өтінімді қарау рәсімінің нәтижелері:

Қарау нәтижелері (қорытынды көрсетіледі)



Ұсынылады
 

Ұсынылмайды
 

1

Технологиялық сараптаманың қорытындысы
 

Қорытынды, түсіндірме

Қорытынды, түсіндірме

2

Құқықтық сараптаманың қорытындысы
 

Түсіндірме

Түсіндірме

3

Қаржылық-экономикалық сараптаманың қорытындысы
 

Қорытынды, түсіндірме

Қорытынды, түсіндірме


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
7-қосымша
  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы және
бизнес-инкубациялау
еңберінде жаңа бизнес-
идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске
асыру үшін шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Күтілетін сұрақтар мен жобаны бағалау әдістемесі

Жобаны бағалау өлшемшарттары

Бағалау


Бизнес-идеялар шеңберінде

Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобалар шеңберінде


1

Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті маркетингтік талдау) қандай*?
* Жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуі керек

Технологиялық құрамдауыштың болуы, бизнес процестің немесе өнімнің жаңалығы


2

Сіздің ойыңызша, бизнес-жобаны енгізуге дайындық (өндірісті бастауға жобаның дайындық деңгейі) қаншалықты?

Индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын команданың жұмыс өтілі мен кәсібилігі


3

Жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігі қандай?

Коммерцияландыру перспективалары, оның ішінде нарыққа өнімді немесе бизнес процесті ілгерілету стратегиясының болуы, қажеттілік және нарық үлесі


4

Осы жобаның өтелу мерзімі жеткілікті ме?

Индустриялық-инновациялық жобаның іске асырылу дайындығының деңгейі


5

Осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындары жеткілікті құрылады деп ойлайсыз ба?

Индустриялық-инновациялық жобаның экономикалық орындылығы


6

Осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің тәжірибесі жеткілікті ме?



7

Жобаны іске асырудан таза пайда алу тұрақты ма?*
*жобаны іске асыруға маусымдық, мереке күндерінің әсеріне байланысты бағаланады.



8

Тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік)туындаған жағдайда жобаны басқа салаға бағдарлау мүмкін бе? *
* Бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу керек, сондай-ақ жобаның бағытын назарға алу қажет.



9

Жобаны іске асыру үшін өткізу нарығы бар ма?



10

Бизнес идеялардың жаңалығын бағалаңыз *
* - мүгедектерге қолданылмайды



Бағалау шкаласы

Бағалау

Сапасы

5

Өте жақсы

4

Жақсы

3

Қанағаттанарлық

2

Нашар (қолайлығы төмен жоба)

1

Өте нашар (жоба экономикалық пайдасыз болып табылады)


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
8-қосымша
  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы және
бизнес-инкубациялау
еңберінде жаңа бизнес-
идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске
асыру үшін шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды/индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының (астын сызыңыз)

№ __ ХАТТАМАСЫ

Өткізу күні

20__ "___" ____

Комиссия төрағасы




Комиссия төрағасының орынбасары




Қатысқан Комиссия мүшелері
 










Қатыспаған Комиссия мүшелері








Шақырылғандар








Комиссия хатшысы




      Комиссия қарады:

Кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Бизнес-жобаның атауы

Бизнес-жобаның іске асырылатын орны
 

Сұралған грант сомасы, теңге

1





2.





3.





...

...





      ______________________жобасын комитеттің қарауының нәтижелері

Конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Тағайындалған
балдар
 

1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

5-сұрақ

6-сұрақ

7-сұрақ

8-сұрақ

9-сұрақ

10-сұрақ

БАРЛЫҒЫ

1













2













3













...













10














      мемлекеттік грант алу үшін өту балы _________ құрайды

      Комиссияның шешімі: _____________ мың теңге сомасына мақұлданды/мақұлданбады

      Комиссия мүшелерінің қолдары

Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және Комиссия мүшесінің мәртебесі

Цифрлық қолтаңба


Комиссия төрағасы


1




Комиссия төрағасының орынбасары


2




Комиссия мүшелері


3



4



5



6



7



8



9




      Комиссия хатшысы Тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда) (ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
9-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Ішінара кепілдік беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

      2. Микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша кепілдік беру "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында жасалған "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша кепілдік беру туралы шарттың негізінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган аударады. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Ішінара кепілдік беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында микроқаржы ұйымының банктік қарыз шартының негізінде банк беретін ақша сомасы. Банктік кредитке кредиттік желі де жатады;

      2) кепілдік беру – Бағдарламада, осы Ішінара кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалған шарттарда микроқаржы ұйымының кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру түрінде пайдаланылатын микроқаржы ұйымын мемлекеттік қолдау нысаны;

      3) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      4) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және микроқаржы ұйымының арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім;

      5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлік консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

      6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) микрокредит – микроқаржы ұйымы кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында беретін кредит;

      8) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      9) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      10) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.

3-тарау. Кепілдік беру шарттары

      5. Ішінара кепілдік беру кейін моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған МҚҰ-ның жаңа кредиттері бойынша ғана беріледі.

      6. Кепілдік беру бағдарламасына қатысатын МҚҰ-ға қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өту, өтінімді қарау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді орындауы;

      2) банкке өтінім берген күнге ағымдағы кредиттері, лизинг шарттары бойынша өтеу мерзімі өткен борыштарының болмауы;

      3) кепілдік алуға өтініш білдірген күннің алдындағы соңғы есептік күнге салық төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

      4) МҚҰ проблемалы кредиттерінің жиынтық көлемі (өтеу мерзімін 30 күннен асыруға жол берген) банкке өтінім берген күнге МҚҰ кредиттік қоржынының көлемінен (берешектің қалдығынан) 10 %-дан аспауға тиіс;

      5) МҚҰ-ның Бағдарлама шеңберінде кредит беретін банкпен үлестестігінің болмауы.

      7. Бағдарлама шеңберінде:

      1) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды іске асыруға;

      2) МҚҰ-ның бұрын алынған кредиттерін қайта қаржыландыруға;

      3) кредиттерге/лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есептерді жүргізуге бағытталған кредиттер кепілдік беруге жатпайды.

      8. Кепілдік сомасы МҚҰ қаржылық жағдайын бағалауға байланысты болады, бұл ретте кепілдік мөлшері МҚҰ кредит қоржынының 15 %-нан аспауға тиіс.

      9. Қаржы агенттігінің кепілдік мөлшері кредит сомасының 100 %-на дейін, бірақ 500 млн. теңге құрайтын бір МҚҰ-ға кепілдік берудің жиынтық лимитінің шегінде жетуі мүмкін. Бұл ретте МҚҰ үшін қарыздың ең аз мөлшері кемінде 15 млн. теңгені құрауға тиіс.

      10. МҚҰ кредиттері бойынша кепілдік беру шарттары:

      1) кредиттің(-тердің) сомасы олармен үлестес тұлғалардың/ компаниялардың кредиті(-тері) бойынша берешектерін есепке алмай бір МҚҰ үшін есептеледі;

      2) Бағдарламаға қатысу үшін МҚҰ банкке беретін қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде жылжымалы/жылжымайтын мүлік (үшінші тұлғалардың мүлкін қоса алғанда), келешекте келіп түсетін мүлік, сондай-ақ талап қою құқығы есепке алынады;

      3) кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;

      4) алынған кредитті игеру мерзімі 6 (алты) айдан аспауға тиіс;

      5) бір кәсіпкер үшін микрокредиттің жалпы сомасы МҚҰ алған кредит сомасының 20 %-нан аспауға тиіс.

      11. Қаржы агенттігі МҚҰ-дан үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерінің берілуін талап етуге құқылы.

      12. Кепілдік шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты/келісім түрінде ресімделуге тиіс.

      13. МҚҰ кепілдік шартына қол қойылғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдік беру мерзіміне байланысты кепілдік бергені үшін: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда кепілдік сомасының 1 %; 2 (екі) жылдан астам – кепілдік сомасынан 2 % комиссия төлейді.

      14. Ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      15. Банк:

      1) МҚҰ бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;

      2) МҚҰ-ның кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебінен алынатындарын қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссия, алым және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

      16. Уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасынан 20 % құрайды. Қаржы агенттігі өзінің қалауы бойынша алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.

      17. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптары қаржы агенттігінің кепілі бойынша қалыптастырылған кредит қоржынының көлемінен (берешек қалдығынан) 10 %-дан жоғары шектен асып кеткен кезде, банктің мұндай кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатылады.

      18. Қаржы агенттігі:

      1) кредит пен МҚҰ-ның Бағдарлама мен осы Ішінара кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеуі;

      2) Бағдарламаның әлеуетті қатысушысының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың теріс кредиттік тарихының болмауы;

      3) атқарушы сот өндірісі, төленбеген айыппұлдар, МҚҰ-ны жосықсыз өнім берушілер немесе нарық қатысушылары тізіліміне енгізу туралы ақпарат, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы, құрылтайшылардың/акционерлердің және МҚҰ-мен байланысты өзге де тұлғалардың азаматтық-құқықтық дәрменсіздігінің болуы;

      4) шығынды қызмет, төлем қабілеттілігі және кредит қабілеттілігі болмаған жағдайда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

4-тарау. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      19. МҚҰ банкке кредит алуға өтініш береді.

      20. Банк МҚҰ-ның өтінішін банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес дербес қарайды, кредитке кешенді сараптама жүргізеді, МҚҰ ұсынған құжаттарды, МҚҰ қаржылық жағдайын талдайды, МҚҰ ұсынған кепілдік мүлікті (бар болса) бағалау туралы қорытынды негізінде МҚҰ қамтамасыз етудің кепілдік құнын бағалауды жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған/болмаған жағдайда кредитті қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      21. Оң шешім қабылданған жағдайда банк банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап
2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне:

      1) кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешім бар хатты;

      2) Ішінара кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін қажетті құжаттарды жолдайды.

      22. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін кредитті қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға шығарады.

      23. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, қаржы агенттігі анықталған ескертулерді және (немесе) ақпарат ұсыну туралы сұрау салуды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке және МҚҰ-ға жолдайды. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.

      24. Қаржы агенттігі кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке осы Ішінара кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешіммен бірге алдын ала кепілдік хат жолдайды.

      МҚҰ кредиті бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, қаржы агенттігі теріс шешімнің себебін көрсете отырып, кепілдік берудің мүмкін еместігі туралы хат жібереді.

      25. Алдын ала кепілдік хатты алғаннан кейін банк пен МҚҰ 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктік қарыз шартын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      26. Банктік қарыз шартының көшірмелерін алғаннан кейін қаржы агенттігі кепілдік шартын 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді және қол қояды, оны банкке жібереді. МҚҰ кепілдік шартына қол қойғанға дейін кепілдік бергені үшін комиссияны қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.

      27. Банк 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік шартына қол қояды, оған МҚҰ-ның қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      28. Банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін МҚҰ-ға кредит беруді жүзеге асырады.

      29. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың басында кредиттерге кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын қаржы агенттігіне аударады.

      30. Уәкілетті орган нысаналы трансферттердің қалған бөлігін кепілдік шарттарын жасасу шамасына қарай жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін мынадай жолмен қаржы агенттігіне аударады:

      1) кепілдік шартын жасасқаннан кейін қаржы агенттігі уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді;

      2) уәкілетті орган қаржы агенттігінен кепілдік шартының жасалғаны туралы хатты алғаннан кейін, кепілдік сомасынан 20 % мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.

      31. Қаржы агенттігі жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеу үшін тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана кредиттер бойынша құжаттарды қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатын игеру болып табылады.

5-тарау. Бағдарламаның мониторингі

      32. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:

      1) банк және (немесе) МҚҰ ұсынған деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шарты жасалған МҚҰ кредитінің нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) банк ұсынатын деректер немесе өзге дұрыс ақпарат көздері негізінде МҚҰ төлем тәртібін мониторингілеу жатады.

      33. Мониторингілеу функциясын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі МҚҰ-дан және банктен мониторинг мәніне қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы, ал МҚҰ мен банк сол құжаттарды ұсынуға міндетті.

      34. Қаржы агенттігі кредиттің толық мақсатсыз пайдаланылуы, Бағдарламаның, Ішінара кепілдік беру қағидаларының және (немесе) кепілдік шарты талаптарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру шарттарының орындалмауы фактілері анықталған жағдайда кепілдіктің күшін жоюға құқылы.

      35. Қаржы агенттігі кредиттің мақсатсыз пайдаланылу фактілерін анықтаған кезде кепілдік сомасын мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына барабар азайту туралы шешім қабылдайды.

      36. Мониторингілеудің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі белгілейді.

      37. Банк ай сайынғы негізде банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен МҚҰ кредитіне ағымдағы мониторингілеуді жүзеге асырады.

      38. Банк осы Ішінара кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес МҚҰ кредитіне ағымдағы мониторинг туралы есепті жазбаша түрде есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) күнінен кешіктірмей қаржы агенттігіне ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жібереді.

      39. Банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша түрде банктің қызметін жүзеге асыруға қойылған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ банктің 10 %-нан астам акцияларына қатысты меншік құқықтарының біржолғы сатылуы немесе өзге біржолғы ауысуы туралы және (немесе) иелік ету және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
1-қосымша

Банктің қаржы агенттігіне ұсынатын құжаттарының тізбесі

1. Жалпы құжаттар:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасында бар барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-беру актісі

банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және банктің мөрімен/мөртаңбасымен расталған түпнұсқа

3

Банкте кредит алу туралы өтінім

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, қаржы агенттігінің нысаны бойынша кредиттік сараптамалық қорытынды, банктің кепілдік және заң басқармасының және тәуекелдер басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

МҚҰ мөрімен расталған жылдың басындағы және соңғы есептік күндегі жағдай бойынша МҚҰ қаржылық құжаттары (берешектің туындаған күнін, жоспарланған өтеу күнін және берешек мәнін көрсете отырып, жылдың басындағы және соңғы есепті күнгі кредиторлық және дебиторлық берешекті ашып көрсету, негізгі қаражатты, тауарлық материалдық қорлар ашып көрсету)

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

6

Табыстар мен шығыстар туралы есептің баптарын ашып көрсету – сатудан түскен табыс, өзіндік құны, кезең шығыстары, өзге табыстар мен шығыстар, қарастырылып отырған кезеңдегі ақшалай және заттай түрде сатылған өнім көлемі

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі немесе түпнұсқасы

7

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда қызмет көрсететін банктің қарыз берешегінің бары/жоғы туралы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ құжаттар қаралған сәттегі жағдай бойынша мерзімінде (№ 2 картотека) төленбеген есептеу құжаттары туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

8

Несиелік берешегінің бары/жоғы оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен (банктерден басқа, кредиттер бар болса) берешектің бары/жоғы туралы анықтама

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

9

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама

түпнұсқа (egov.kz, www.salyk.kz анықтамасы)

10

Екінші деңгейдегі банктердегі барлық қолда бар шоттар туралы мәліметтер

МҚҰ хатының түпнұсқасы

11

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер

12

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік беру шартын жасайтын адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасау сәтіне қарай ұсынуы мүмкін)

      Банк құжаттар топтамасын беру күнінде қаржылық есептің ескіру мерзімі 3 айдан аспауы керек.

      2. МҚҰ құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар

нотариат куәландырған көшірме

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама

нотариат куәландырған көшірме (egov.kz анықтамасына рұқсат етіледі)

3

Бірінші басқарушыны тағайындау туралы МҚҰ уәкілетті органының шешімі

түпнұсқа немесе банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Банкте және қаржы агенттігінде МҚҰ атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттілігін растайтын құжаттар

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

Кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған МҚҰ уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

Кредит тарту туралы шешім қабылдаған МҚҰ уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшы, бас бухгалтер қолтаңбаларының үлгілері және МҚҰ мөрінің бедері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

8

МҚҰ-ның ақпаратты кредит бюросына ұсынуға және кредиттік есепті алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына ұсынылады

      Ескертпе:

      Бірнеше парақтан тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігілуі және нөмірленуі не құжаттың әрбір парағы уәкілетті адамның қолтаңбасымен және мөрмен/мөртабанмен бекітілуге тиіс.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  "____________________" АҚ-ға

Алдын ала кепілдік хат

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "___________" микроқаржы ұйымының қаржы агенттігінің кредит бойынша кепілдік беруі туралы өтінімін қарағанын және мақұлдағанын хабарлаймыз.

      Қаржы агенттігі "___________" микроқаржы ұйымы үшін мынадай шарттармен кредит бойынша кепілдік беруге дайын:

      1) кепілдік сомасы: ___________ (__________) теңге, ол кредит сомасының _____ %-ын құрайды;

      2) кепілдік мерзімі: ______________;

      3) кепілдік берудің өзге шарттары кепілдік шартында реттеледі.

      Осы алдын ала кепілдік хатының қолданылу мерзімі_______дейінгі уақытты қамтиды.

      Микроқаржы ұйымдарына ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі кепілдік берудің жоғарыда көрсетілген шарттарын қайта қарауға және оларды өзгертуге не толық немесе ішінара жоюға құқылы, банкті ол туралы кепілдік шартына қол қойылғанға дейін хабардар етеді.

      Құрметпен,

      ____________________ _____________________ ___________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).)

      М.О.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
3-қосымша
  нысан

"_____________" АҚ-ның

__________________ бастап ______________________ жыл аралығындағы кезеңде "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде МҚҰ кредиттерін іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есебі

Р/с №

Банктің атауы

МҚҰ өтініш берген жері (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН/БСН

1

2

3

4

5


Заңды мәртебесі (ЖШС, ЖК, ШҚ, ӨК)

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні

Кредит мерзімі


6

7

8

9


Кредит сомасы, теңге

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдікті кезең


10

11

12

13


Кредит (транш) беру күні

Іс жүзінде берілген қаражат сомасы, теңге

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы, теңге

Кепілдік шартының нөмірі


14

15

16

17


Кепілдік шартының күні

Қаржы агенттігінің кепілдік сомасы, теңге

Кепілдік бойынша қаржы агенттігінің міндеттемелерді орындау сомасы, теңге

НҚ бойынша мерзімі өткен берешек сомасы, теңге


18

19

20

21


НҚ қарыз бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Банктік қарыз шарты/Кредиттік желі ашу туралы келісім бойынша қолжетімділік кезеңі

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні


22





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі талаптары бойынша сыныптау санаты




      Лауазымды тұлға _______________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер ______________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
10-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірістерін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.

      2. Осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банк-төлем агентi – қаржы агенттігімен келісуге және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару және есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      3) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қаланың/ауданның облыс әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      4) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бизнестің әртүрлі бағыттарында кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы. Бір жобаның шеңберінде бірнеше қаржыландыру алуға болады;

      5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

      6) ислам банкі – лицензия негізінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      7) исламдық лизингтік компания – өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын, Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға;

      8) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және/немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлікті (лизинг нысанын) беруі;

      9) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – қаржы агенттігі кәсіпкерді уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаны/жалдау ақысының бір бөлігін ішінара субсидиялайтын қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім;

      10) исламдық лизинг шарты – исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен беретін исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім;

      11) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      12) қаржыландыру шарты – ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беретін не кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарында беретін ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім. Қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады;

      13) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      14) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      15) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде қаржыландырулар бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау ақысының бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      16) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      17) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      18) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;

      19) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      20) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға өтінім;

      21) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды цифрлық нысандағы түпнұсқалы құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) толығымен қамтитын құжат.

      3. Субсидиялау кәсіпкерлер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау ақысының бір бөлігін ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      6. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      7. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

      2) мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;

      3) қиыршықтас және құм карьерлерін өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда), онымен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жекеменшік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.

2-тарау. "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      8. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады.

      9. Мыналар:

      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, қаржыландыру, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      10. Ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

      11. Жоба қаржы агенттігіне шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға бұрын берген қаржыландыру жаңа қаржыландыруға жатады.

      12. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      13. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ қаржыландыру сомасының 30 %-нан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) қаржыландырулар бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.

      Бұл ретте, қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыру бөлігі бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агентінің шешімінде көрсетілуге тиіс.

      14. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кепілдік беру құралын қолдана отырып қаржыландыру кезінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      15. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің қаражатымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуге тиіс.

      16. Қаржыландыру бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      17. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      18. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын қаржыландыру бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда кәсіпкерлерді қаржыландыруды субсидиялауға жол беріледі.

      19. Қаржыландыру бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      2018 жылғы 27 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша қаржы агенттігі ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап бес жылдан аспайды).

      Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін 3 (үш) жыл өткеннен кейін ұзарту қаржы агенттігі мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      20. Субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін тауардың номиналды үстеме бағасымен/жалдау ақысының бір бөлігімен қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.

      21. Бағдарлама шеңберінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкер бастамашылық ететін қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің қаржыландыруы (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстырылады;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеуді) қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      22. Ағымдағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күнге дейін ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер қаржы агенттігінен қол қойылған шартты алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

      23. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      24. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг сияқты нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады.

3-тарау. "Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық даму субъектілерін салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарты

      25. Мынадай:

      1) Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;

      2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.

      26. Мыналар:

      1) Даму банкін қоспағанда, кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      Банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      27. Ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

      28. Жоба қаржы агенттігіне шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген қаржыландыру да жаңа қаржыландыруларға жатады.

      29. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банкі/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      30. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ қаржыландыру сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) қаржыландырулар бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.

      Бұл ретте қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыру бөлігі бойынша субсидиялауға жол беріледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуге тиіс.

      31. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кепілдік беру құралын қолдана отырып қаржыландыру кезінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/ жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі.

      32. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын, оның ішінде жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өз қаражатымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      33. Қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін берілген жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      34. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      35. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру/исламдық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бұл ретте 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау Бағдарламаның бұрын мақұлданған шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Қаржыландыру бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      2018 жылғы 27 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша қаржы агенттігі ұзартуды мақұлдаған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап бес жылдан аспайды).

      Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін қаржы агенттігі мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      37. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінен номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін тауардың номиналды үстеме бағасымен/жалдау ақысының бір бөлігімен қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.

      38. ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін тауардың номиналды үстеме бағасымен/жалдау ақысының бір бөлігімен қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.

      39. Бағдарлама шеңберінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкер бастамасымен қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) міндеттемелерін бұзуы себебі бойынша алынатын;

      3) лизинг (жалдау) мәніне тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) мәнін сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланысты (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеуді) қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      40. Қаржы агенттігі қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, ислам банкі/ исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер қаржы агенттігінен қол қойылған шартты алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуі тиіс.

      41. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      42. Заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте заманауи форматтағы сауда объектілерінің құрылысы мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – сауда ауданы кемінде 3 мың шаршы метр;

      2) облыстарда – кемінде 1 мың шаршы метр.

      43. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады.

4-тарау. "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      44. Үшінші бағыт ислам банктерінің ұлттық және шетелдік валюталардағы және исламдық лизингтік компаниялардың ұлттық валютадағы қолданыстағы қаржыландыру бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.

      45. Қызметін Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын және қаржы агенттігіне кәсіпкер өтінім берердің алдындағы алты айдағы ақшалай түсімнің жалпы көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде валюталық түсімі бар кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушы бола алады.

      46. Мыналар:

      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      47. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыру бойынша субсидиялауға жол беріледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуге тиіс.

      48. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      49. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етуге тиіс, жобаны іске асырудың жалпы құнынан кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өз қаражатымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      50. Қаржыландыру бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      51. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      52. Тауарлардың үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын қаржыландыру бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда кәсіпкерлерді қаржыландыруды субсидиялауға жол беріледі.

      Бұл ретте 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау Бағдарламаның бұрын мақұлданған шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      53. Субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық қаржыландыру бойынша сомалар бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңге балама мөлшерден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.

      54. 750 млн. теңгеден 2,5 млрд. теңгеге дейінгі қаржыландыру/исламдық лизингтік шарттар бойынша тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыссыздар ретінде тіркелген 29 жасқа дейінгі жастар үшін құру ұсынылады.

      Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімінде көрсетіледі.

      55. Қаржыландыру бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      2018 жылғы 27 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша қаржы агенттігі ұзартуды мақұлдаған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).

      Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін қаржы агенттігі мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/ исламдық лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      56. Субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 30 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін ислам банктерінің пайдасының номиналды мөлшерлемесімен қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Ислам банктері пайдасының бір бөлігін субсидиялау 12 %-дан аспайтын валюталық қаржыландыру бойынша, оның ішінен 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін валюталық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте ислам банкі:

      1) кәсіпкер бастамашылық ететін қаржыландыру талаптарын өзгертуге байланысты;

      2) қаржыландыру бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      57. Бағамдық оң айырма туындаған жағдайда, ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал бағамдық теріс айырма болғанда – өтеу кәсіпкерге жүктеледі.

      58. Субсидиялардың сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.

      59. Қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар алымдар және/немесе өзге де төлемдер қаржы агенттігінен қол қойылған шартты алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуі тиіс.

      60. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      61. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер валюталық қаржыландыруды теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау ислам банкі/исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.

5-тарау. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      62. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға:

      1) жаңа қаржыландыру бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда қаржыландыру беруге (ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде, оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны хабардар етеді және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың номиналды үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін Бағдарламада көзделген қаржыландыру бойынша мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.

      63. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания жобаның қаржылық экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және қаржыландыру беру немесе қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда кәсіпкерге жобаны қаржыландыруға дайын екендігі туралы қаржы агенттігін хабардар ете отырып, жазбаша жауап жолдайды.

      64. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттар:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (кәсіпкердің қолымен расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

      2) 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландыру шарттары бойынша жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысу мерзімдері, оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысу мерзімдері қамтылған кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары;

      3) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      4) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      5) соңғы есепті кезеңдегі валюталық түсімнің тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      6) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерді қаржыландыру бойынша қаржыландыруды ұсыну немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты қоса беріледі.

      65. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға/кәсіпкерге пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      66. Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      67. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін жобаларды бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      68. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы мен ақпарат түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды.

      69. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды және ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға және кәсіпкерге осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ілеспе хатпен (бұдан әрі – тиісті хат) хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      70. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 айды құрайды.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шартын жасау ӨҮК хаттамасының қолдану мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.

6-тарау. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкердің электрондық өтінімді беру тәртібі

      71. Кәсіпкер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды өтінімді береді, оған мына электрондық құжаттар топтамасы қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық/экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы. Осы құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін анықтайтын басқа құжаттар);

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      3) соңғы есептік кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейде болуын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      4) банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның кредит ұсыну/қаржы лизингі шартын жасау мүмкіндігі немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      72. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламасы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, субъектінің кірістері, төленген салықтар туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі жолымен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы анықталады.

      73. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      74. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда:

      1) тіркелген өтінімді Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы бойынша іс-қимылдар жүзеге асырылады.

      75. Қаржы агенттігі жобаны өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      76. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тартуды жібереді.

      77. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар Бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім толық құжаттар топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      78. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтініштерін қарау тәртібі осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларының 5-бөлімінде регламенттелген.

      79. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қаржы агенттігі уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап қолданылу мерзімі 6 ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      80. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді.

      81. Бағдарламаға қатысушылардың субсидия ұсыну үшін одан әрі өзара іс-қимылы осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларының 7-бөлімінде анықталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

7-тарау. Субсидиялау тетігі

      82. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/ жалдау ақысының бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      83. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің қаржыландыру шартында/исламдық лизинг шартында көзделген өзіндік құнының/жалдау ақысының сомасын және тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалгерлік төлемнің сомасын уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы қаржыландырулар бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкер бастамашылық ететін қаржыландыру (исламдық лизинг шарты) талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің қаржыландыру (исламдық лизинг шарты) бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатындарды;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеуі жөніндегі көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) байланыстыларды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді кәсіпкерлерден алмауға және белгілемеуге міндеттеме қабылдайды.

      84. Субсидиялау шартын:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен үлгі жобалар бойынша шешімді алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      қаржы агенттігінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша шешімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) қаржы агенттігі:

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште де, электрондық нысанда да жасалады, бұл ретте Субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылуы тиіс.

      85. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания субсидиялау шартын осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларының 84-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы жасамаса, ислам банкі/исламдық лизингтік компания Бағдарламаның қаржы агенттігін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      86. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және (немесе) субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне және Бағдарлама талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.

      87. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      88. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органына шығарады.

      89. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін алайда субсидиялау шартының күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтындай, бірақ қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен ерте емес белгіленуі мүмкін.

      90. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания дербес айқындайды. Егер қаржыландыру бойынша /ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      91. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен түскен қаражат болған кезде төленеді.

      92. Ислам банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ исламдық лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісім бойынша банк-төлем агенті айқындайды, онда исламдық лизингтік компаниялар жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін шот ашады.

      93. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарлама шеңберінде олардың арасында жасалған субсидиялау мен кепілдік беру шарттарына сәйкес қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      94. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен ислам банкінің/банк-төлем агенттінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны электрондық пошта бойынша қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      95. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Шоттағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарын есептен шығаруға ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның құқығы жоқ.

      96. Кәсіпкер қаржыландыру шартына/исламдық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес ислам банкінің/лизингтік компанияның кірісін құрайтын субсидияланбайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға төлеуді жүргізеді.

      97. Қаржыландыру бойынша кәсіпкердің төлемді толық төлеу (өзіндік құн сомалары/жалдау ақысының сомалары және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын субсидияланбайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін) фактісі бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерді қаржыландыру бойынша /ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау ақысының бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне жатқызуға қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      98. Қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді кәсіпкер нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидия сомасы есептен шығарылған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      99. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;

      2) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында лизингтік (жалдамалық) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайларды 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      100. Ислам банкі тауарларға үстеме бағаны субсидиялау бойынша ай сайын/жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін, ал исламдық лизингтік компания жалдау ақысын субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      101. Қаржы агенттігі ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау ақысының бір бөлігін және ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептеулерін тексеруді жүзеге асырады.

      102. Қаржы агенттігі тауардың үстеме бағасын субсидиялау бойынша ай сайын/жалдау ақысын субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      103. Кәсіпкердің қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шарттарының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі ислам банкі/исламдық лизингтік компания тауардың үстеме бағасының/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалдау ақысының бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе өзіндік құны сомасын/жалдау ақысының сомасын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілген/мерзімі кейінге қалдырылған кәсіпкердің қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/ жалдау ақысының бір бөлігінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Бұл ретте жеңілдік кезеңі/кейінге қалдыру мерзімі қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс.

      104. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарын (ислам қаржыландыруы кезінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау ақысының бір бөлігінің, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдік кезеңі/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу күні, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса бере отырып, қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігі уәкілетті органының шешім қабылдаған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетілуге тиіс.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хаттаманың үзінді көшірмесін жібереді.

      105. Қолданыстағы қаржыландыру шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі көрсетіледі).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.

      106. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер (-лер) дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату бойынша ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагер (-лер) дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау мәселесі қайтадан қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      107. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

8-тарау. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау тәртібі

      108. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде қабылдайды.

      109. Қаржы агенттері банктің/даму банкінің хабарламалары негізінде және/немесе мониторингілеу нәтижелерінің негізінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;

      5) кәсіпкердің төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынған;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын талап ету фактілерін анықтаған кезде кәсіпкерді қаржыландыруды тоқтатады.

      110. Қаржы агенттігі осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларының 109-тармағында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатқан күннен бастап жүзеге асырылады.

      111. Субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған себептерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарағанға дейін кәсіпкер жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.

      112. Қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін ресімдейді және тиісті хатпен банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға хабарлама жібереді.

      113. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді. Осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларының 109-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялар тоқтатылған жағдайда кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидиялар төленеді.

      114. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Осы Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларының 106-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі бар қаржыландыру қайта бастауға жатпайды.

      115. Субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы қаржыландыру шарты/исламдық лизингтік шарт бойынша қаржыландыруды толық өтеген. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыруды толық өтеген күн субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      116. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау ақысының бір бөлігін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттар) қолданыстағы қаржыландыру шарты бойынша белгілеуге құқығы бар.

      117. Кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау ақысының сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау ақысы сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Бір мезгілде кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау ақысы сомасын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартына қосымша келісім жасау кезінде қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгертіп субсидиялау шартына жасалған тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.

      118. Кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/ жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкерді қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасы/жалдау ақысы сомасы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте ислам банкі/исламдық лизингтік компания салыстырып қарау актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомалары мен күндерін көрсетеді.

      119. Нысаналы мақсатта пайдаланылмағаны анықталған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынады.

9-тарау. Бағдарламаның мониторингі

      120. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) жобаның іске асырылуын (исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингілеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингілеу жатады.

      121. Мониторингілеу функциясын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден және ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, кәсіпорын орналасқан жерге барып, жобаның іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыруға құқылы.

      122. Қаржы агенттігі жасаған мониторингтік есеп ислам банкімен/исламдық лизингтік компаниямен, кәсіпкермен мониторингтік есепті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі және бұрыштама қойылады.

      123. Мониторингілеу тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ есептілік нысанын қаржы агенттігі белгілейді.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландыруы кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  1-қосымша
  нысан

      Кімнен______________________

Өтініш

      Мына:

"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты

"Экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызметті салалық қолдау" екінші бағыты

"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты

     

      шеңберінде (қажетті бағытты белгілеңіз) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу мақсатында және __________ жөніндегі _________ жылғы _____________№ _________ шарттың негізінде берілген қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мынадай шарттармен мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Қаржыландырудың нысаналы мақсаты

Қаржыландыру сомасы

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын жалдау ақысының бір бөлігі

Қаржыландыру валютасы

Қаржыландыру мерзімі

      Субсидиялау мақұлданған жағдайда қаржыландыру бойынша номиналдық (кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалдау ақысының бір бөлігін) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      __________________ _____________________________________________

      (қолы) Күні (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде субъектілерін ислам банктері қаржыландыруы кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  2-қосымша
  нысан

      Кімге: ________________________________________________ қаржы агенттігі

      Кімнен:_______________________(бұдан әрі – КС)___________________

№ __________ Өтініш-сауалнама

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының "_______________" бағыты шеңберінде ислам банктері/исламдық лизингтік компания қаржыландыруы кезінде ислам банкінің/ исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалдау ақысы төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Исламдық қаржыландыру қағидалары) сәйкес төменде жазылғандарға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру бойынша кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені ________________ өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Бағдарламаның бағыттары (бағытты белгілеңіз)


"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты


"Экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты


"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты

      2. Кредиттік желі ашу/банктік қарыз ұсыну туралы мәлімет

Банктің атауы


Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Қаржыландыру сомасы, теңге


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасы/ ислам банктерінің/
исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын жалдау ақысының бір бөлігі


Қаржыландыру валютасы


Қаржыландыру мерзімі


Өзінің қатысуы*


      *180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-нан төмен емес деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

3. Кредиттік қаражатты болжамды игеру

Сомасы (БҚШ/Транш), теңге

Айы. Жылы









4. Қатысушы туралы мәліметтер

КС-нің атауы


Құрылтайшы(-лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Іс жүзіндегі мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні және мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің №


Қызметінің түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


5. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жері және жылы


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Бас бухгалтер

Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы және жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Байланыс жасайтын тұлға

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы, телефоны)


6. Меншік иелері (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акцияларының 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда)

%

Деректемелері




















7. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Саласы (ЭҚЖС-ге сәйкес)


Ішкі саласы (ЭҚЖС-ге сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналымы, теңге


Соңғы есептік күндегі пайда немесе шығын


Қызметкерлердің нақты саны, оның ішінде әйелдердің саны

_____________________________
_____________________________
 

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


8. Банктік шоттары туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсетуші банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарды көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

9. Кредиттік тарих/қаржыландыру тарихы

      ЖКС-тің жұмыс істеу процесінде пайдаланылған, қазіргі уақытта өтелген, сол сияқты өтелмеген барлық банктік несиелері/лизингтік мәмілелері көрсетіледі.

Кредитор/лизинг беруші

Сомасы, т еңге

Берілген күні

Сыйақыны/банктің пайдасын өтеу шарттары

Негізгі борышты/қаржыландыруды өтеу талаптары

Банк қарызы шарты/қаржыландыру шарты бойынша өтеу мерзімі

Іс жүзінде өтелген күні

1.







2.








10. Қазіргі кредиттер/қаржыландырулар туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: _______/________.

Банк/Лизингтік компания

Банк қарызы шартының/қаржыландыру шарты
ның деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі/банктің пайдасы

Кредит қаржыландыру валютасы

Кредит/қаржыландыру сомасы. теңге

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы, теңге

Кредит/қаржыландыру мерзімінің аяқталу күні

Кредиттің/қаржыландырудың мақсаты (қысқаша сипаттамасы)

1









2



















11. ЖКС-тің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және оған қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік бағдарламаның/мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат

1




2








12. Кепілдіктер және келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенеді.

      2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенеді.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте қаржы агенттігі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы өтініш арқылы кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Қаржы агенттігі тексеру және қарау мақсатында осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер берген құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.

      3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады. Ал кәсіпкер берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігі осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне талап-арызы болмайды.

      ____________________________________________________________________

13. Қосымшалар

      (________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы) Күні

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландыруы кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  3-қосымша
  нысан

      "___" ____________ 20 ___ ж. "________________" КС

  Көшірмесі: AҚ (ЕДБ)/ЖШС (ЖК) "___________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________ " КС жобасын "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының _________ бағытының шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысында қарағанын және " ___ "_________ 20__ж. мақұлдағанын хабарлайды.

      ӨФ директоры_______________

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландыруы кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  4-қосымша
  нысан

      "___" ____________ 20___ж.      "________________" КС

  Көшірмесі: AҚ (ЕДБ)/ЖШС (ЖК) "___________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының _________ бағытының шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының кезекті отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тарту (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсыну.

      ӨФ директоры _________________

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландыруы кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  5-қосымша
  нысан

______________бастап______________ж. дейінгі кезеңде

субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/ исламдық лизингтік компанияның атауы

Ислам банкінің/ исламдық лизингтік компанияның атауы

ЖКС атауы

IBAN коды*

БСН

Қаржыландыру шартының (транш) нөмірі

1

2

3

4

5

6








Қаржыландыру күні (транш)

Қаржыландыру сомасы (транш), теңге

Ислам банкінің/ исламдық лизингтік компания кірісін құрайтын жалдау ақысының бөлігін/ кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауарларға қосылған бағаның мөлшерлемесі (транш)

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

7

8

9

10

11







Кезең ішінде қаржылық агенттік аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең
ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

Қаржыландыру бойынша мерзімі өткен төлем күндерінің саны

Мақсатты пайдалануды
нақтылау

12

13

14

15






      Лауазымды тұлға________________________________________________

      Т.А.Ә.(әкесінің аты, болған жағдайда)

      М.О. (қолы)

      Жауапты жұмыскер______________________________________________

      Т.А.Ә.(әкесінің аты, болған жағдайда)

      (қолы)

      Ескертпе:

      * - ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның есептік жүйесі шығаратын субсидиялау шартының бірегей сәйкестендіру коды.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың
  мемлекеттік бағдарламасы
  шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландыруы кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
  6-қосымша
  нысан

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін/уәкілетті органды ____________жылдан бастап ____________ жылды қоса алғандағы кезеңде субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы

КС өтініш берген жер

КС атауы

Қаржылан
дыру шартының (транштың) нөмірі

Қаржыландыру шартының (транштың) күні

Қаржылан
дырудың (транштың) сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6








Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың қосылған бағасының/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын жалдау ақысының бір бөлігінің (транштың) мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы, теңге

7

8

9

10

11







  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
11-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2016 жылғы 19 сәуірдегі
  № 234 қаулысымен
  бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізудің қағидалары (бұдан әрі – Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді әрі шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтардың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарты мен тетігін айқындайды.

      2. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтардың жобаларына жеткізу "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту – жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтар құру шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жетіспейтін инфрақұрылымын жеткізу болып табылады.

      4. Шағын және орта кәсiпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге көзделген қаражат белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспарының негізінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттермен беріледі.

      6. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға жол беріледі.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      7. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингілеу және нәтижелерді бағалау бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелетін мемлекеттік органдардың қызметі;

      2) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындаған бюджеттiк бағдарламалардың нәтижелерiн жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;

      3) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – объектілерді жаңадан құруға не қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;

      4) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – бюджет қаражаты бөлінген сәттен бастап пайдалануға беру сәтіне дейін жаңа объектілер (салу) құру, қолданыстағы объектілерді реконструкциялау барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау және талдау бойынша іс-шаралар кешені;

      5) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығы, негізділігі және нәтижелерін бағалау жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжат;

      6) нəтижелер көрсеткіштері – стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлар тікелей жəне түпкілікті нəтижелер жиынтығы;

      7) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдар мен сметалық-нормативтік база негізінде анықталатын объект салуды жүзеге асыру үшін қажетті ақша;

      8) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және басқа шешімдер туралы мәліметтерді қамтитын құжат, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындаумен пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерттеу нәтижелері;

      9) түпкiлiктi нәтиже – мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатын санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;

      10) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде ұсынылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу осы функцияларды жүзеге асыратын ұйымның қызметіне, өкілеттіктеріне немесе қызметтер көрсетуге байланысты;

      11) кәсіпкер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі анықтайтын облыстық деңгейде (астана, республикалық маңызы бар қалалар) Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      13) аяқталмаған құрылыс – тапсырыс берушінің пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылданбаған және оның мақсатсыз (тұру, қызмет көрсету, өнім шығару, пайда табу және өзге де пайдалану түрлері) пайдаланылатын құрылыс объектісі;

      14) құрылыс жобасы (құрылыс жобасы) – көлемді жоспарлау, конструктивті, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және басқа да шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру үшін сметалық есептеулер. Құрылыс жобаларына сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау жобалары және өз ресурстары таусылған объектілерді кейіннен кәдеге жарату;

      15) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тіршілік әрекетіне, сондай-ақ өндірістің тұрақты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), коммуникациялар мен инженерлік және қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;

      16) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi – бекiтiлген жобаға және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталуын және объектiнiң пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат;

      17) заманауи форматтағы сауда объектілері – тауарлардың бір мың немесе одан да көп атауы бар (бірліктерден) мамандандырылған немесе аралас ассортименті бар, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып, жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдығы (құрылғысы) бар, жоғары еңбек өнімділігі бар және сату алаңының шаршы метріне сатуы жоғары, аумақ шекарасы шегіндегі автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуын көздейтін кемінде 500 шаршы метр сауда алаңы бар стационарлық сауда объектісі;

      18) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдауды алуға арналған өтініш;

      19) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, ол осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар, не Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскері, мемлекеттік қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде оның жеке қатысуы кезінде берген төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжаттар;

      20) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-шараларды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және техникалық құжаттың ұйымдық реттелген жиынтығы;

      21) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      22) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджеттiк саясатты әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      23) жеке қаржыландыру жоспары – шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары нысанында қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты.

3-тарау. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарттары

      8. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және ИИДМБ-да анықталған көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ жобаларды моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.

      9. Бөлінген қаражат: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтауға ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу және газ құрылғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталған.

      10. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің ішкі аумағына инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.

      11. Инфрақұрылымды аумақтың шекарасына дейін және индустриялық аймақ ішіне жеткізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен қоса қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      12. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 млн. теңгеден кем болмауы тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 млн. теңгеден кем болмайды, бұл ретте инфрақұрылым салудың (реконструкциялаудың) барынша көп сомасы 1,8 млрд.теңгеден аспауы тиіс.

      13. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 млрд. теңгеден кем болмауы тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 млрд. теңгеден кем болмайды.

      14. Мынадай өлшемшарттарға сай келетін заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге жол беріледі:

      1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кемінде 3 мың шаршы метр сауда алаңы бар;

      2) облыстарда сауда алаңы кемінде 1 мың шаршы метр.

      15. Бағдарламаның өлшемшарттарына сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына инфрақұрылым жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу өлшемшарттарына сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

      16. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру кезінде жергілікті бюджеттен құрылыс құнының кем дегенде 10 % мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерліктің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу кезінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын қамтамасыз етеді.

      17. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік жобалары құнының/индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобасы құнының 50 %-нан аспауы тиіс.

      18. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржыландыру жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге өткен қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген БИЖ-ді іске асыру үшін қаржыландырылмайды

      20. Республикалық бюджеттен жоба алдындағы (ТЭН) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге байланысты шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.

4-тарау. Индустриялық аймаққа және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      21. Кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мына құжаттарды қоса бере отырып, инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттігі негіздемесін қамтитын Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінішпен жүгінеді:

      1) бизнес-жоспар;

      2) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      22. Құжаттарды алғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпкердің жобасын тексереді;

      2) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК қарауына құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін ұсынады;

      4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысының күнін, уақытын және өткізу орнын анықтайды, ол туралы ӨҮК-тің барлық мүшелерін хабардар етеді.

      23. Кәсіпкер құжаттарында және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) анық болмаған, сондай-ақ кәсіпкердің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін қажетті деректердің, мәліметтердің және ақпараттың сәйкессіздігі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсi мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауаппен кәсiпкерге хабарлама жiбередi.

      24. ӨҮК отырысы жобаларды қалыптастыру шамасына қарай, бірақ айына кемінде 1 (бір) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, оның ішінде кемінде 50 % кәсіпкерлер қоғамдастығы болуға тиіс.

      ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.

      25. ӨҮК өткізетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және оның іске асыратын жобаларының Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкерлік жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары туралы болжамды ақпаратты, бюджетке салық түсімдерін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қорытындысы бойынша өнім өндіру көлемін қарау және талқылау;

      3) талқылаудың нәтижелері бойынша, ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруға мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      26. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресімделеді. ӨҮК шешiмiнiң қолданылу мерзiмi оны қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      27. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттаманы ресімдеген сәттен бастап ӨҮК-тің шешімі туралы кәсіпкерге хабарлама жібереді. Егер ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда, өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге дәлелді жауап жолдайды.

      28. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын ресімдеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін, ӨҮК одан әрі іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне хаттаманы жолдайды.

      29. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаражат бөлу қажеттігі туралы бюджеттік өтінімді қалыптастырады және мыналарға жолдайды:

      1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға – осы Инфрақұрылым жеткізу қағидаларының 12, 13 және 14-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлердің субъектілерінің мақұлданған жобалары және индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобалары бойынша;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға –жергілікті бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымды жеткізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнынан 10 % мөлшерінде жобаларды қоса қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің жобалары бойынша.

      30. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік өтінімде қамтылған ақпараттар мен есептеулердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

      31. Бюджеттік өтінім келіп түскеннен кейін уәкілетті орган мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік процестің шеңберінде бюджеттік өтінімнің Бағдарламаның шарттарына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігін қарайды;

      2) қажет болған жағдайда жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшіліктерінен БИЖ-ді іріктеу бойынша неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды талап етеді;

      3) құжаттардың толық топтамасымен БИЖ тізімін қалыптастырады;

      4) шығындар көлемін негіздеу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жібереді;

      5) жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне бюджеттік комиссияның қарап, шығарған шешімі бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы хабарлайды.

      32. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық жоспарлары мен жобаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде сондай-ақ әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептеу кезінде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқорын пайдаланылады.

      Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны жасап, ұсынатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жөніндегі орталық уәкілетті орган/жергілікті уәкілетті орган оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға міндетті;

      2) материалдарды қараудың нәтижесінде бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджеттік комиссияға жібереді;

      3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджеттік комиссияның шешімі туралы хабардар етеді;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің/жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңның іске асырылуы туралы/жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы жобаларын әзірлейді.

      33. Республикалық бюджет туралы заңның орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қабылданады.

      34. Жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімінің шешімі) мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік он төрт күн ішінде қабылданады.

      35. Республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімінің шешімдеріне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне, Қазақстан Республиканың мемлекеттік бюджеттік сыныптамасына, Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары әзірленеді.

      36. Кәсіпкерлік субъектілерінің объектілері мен индустриялық аймақтарға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу түріндегі қолдау шараларын қаржыландыру белгіленген тәртіппен бекітілген, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер аударуы арқылы жүзеге асырылады.

5-тарау. Индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      37. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді.

      Жоба Бағдарламаның өлшемшарттарына, сондай-ақ ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ӨҮК оң шешім шығарады.

      38. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК-нің оң шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді.

      39. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасының ИИДМБ шарттарына сәйкестігі туралы қорытындыны жібереді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен берілді деп саналады.

      40. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат береді.

      41. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 4-тарауында регламенттелген тәртіппен индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту бойынша жобаларды қарайды.

6-тарау. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкердің электрондық өтінімді беру тәртібі

      42. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім беру ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

      43. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуге қаржыландыру алу үшін шағын және орта бизнес субъектісі "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді толтырады және электрондық құжаттар топтамасын қоса береді:

      1) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      2) жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама.

      44. Шағын және орта бизнес субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, субъектінің санаты туралы хабарлама бойынша мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі жолымен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы айқындалады.

      45. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      46. Кәсіпкер электрондық өтінімді ақпараттық жүйе арқылы тіркегеннен кейін мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) құжаттардың толықтығын тексеру;

      2) тіркелген өтінімді Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiне толықтығын және Бағдарламаның шарттарына сәйкестiгiн тексеру үшін жiберу;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің кәсіпкерден түскен өтінімді қарауы.

      47. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жобаны деректердің анықтығы мен Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      48. Кәсіпкер және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге дәлелді бас тарту жібереді.

      49. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерлерден алған өтінімдерді қарастыруды аяқтағаннан кейін ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК-нің барлық мүшелерін хабардар етеді.

      50. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеруді;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкерлік жобасы мен қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарау және талқылау;

      3) талқылаудың қорытындысы бойынша, ӨҮК Бағдарламаны орындау үшін өнеркәсіптік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе қайта құруды қаржыландыру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      51. ӨҮК-нің шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.

      52. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ақпараттық жүйе арқылы ӨҮК хаттамасының көшірмесін жүктеп, электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді.

      53. Бағдарламаға қатысушылардың жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізудегі одан әрі өзара іс-қимылы осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 4 және 5-тарауларында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпкердің өтінімін қарауы туралы хабарламаны Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді.

7-тарау. Бағдарламаның мониторингі

      55. Бағдарламаны іске асыру мониторингісін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларының негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың уәкілетті органы/әкімшісі жүзеге асырады.

      56. БИЖ іске асыру мониторингі:

      1) БИЖ іске асыру барысы туралы ақпарат жинауды;

      2) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындауды;

      3) БИЖ бойынша қаржы қаражатының игерілген сомасы туралы ақпарат жинауды көздейді.

      57. Мониторинг қорытындысы есепті қаржы жылы ішінде БИЖ бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарлы көлемдері мен қаржы қаражатының игерілген сомасы туралы ақпаратты қамтитын, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі есеп болып табылады.

      58. Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын республикалық және жергілікті БИЖ бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға, оның iшiнде электрондық порталға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешiктiрмей, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынады.

      Жиынтық ақпарат:

      1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпаратты;

      2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ туралы ақпаратты қамтиды.

      59. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ іске асырылу барысы туралы жылдық мониторингті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне ұсынады.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ іске асырудың жылдық мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынады.

      Жиынтық ақпарат:

      1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпаратты;

      2) аяқталған және өтпелі жобалар, әзірленетін ЖСҚ саны бойынша ақпаратты;

      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ тізбесін, қаржыландыру жоспарының сомасы, нақты орындалу, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпаратты қамтиды.

      60. Нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар тек тиісті бюджеттік бағдарламаларда белгіленген мақсаттарына сәйкес пайдаланады.

      61. Мемлекеттiк аудиттiң нәтижелерi бойынша қабылданған аудиторлық қорытындыға сәйкес нысаналы трансферттердiң нысаналы мақсатында пайдаланылмаған сомалары бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік аудит нәтижелерi бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін үш айдан кешiктiрмей, осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мiндеттi түрде қайтарылуы тиiс.

      62. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендердi қоспағанда, республикалық/облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерiнiң тиiстi қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкін.

      63. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат берілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының соңына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуы тиіс.

      64. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдаған республикалық, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдығы есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуы тиіс.

      65. Мониторинг нәтижелері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жағдайда жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу БИЖ іске асыруға қайта жүзеге асырылмайды.

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына
  1-қосымша
  нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды

қаржыландыруға өтінім

      ______________________________________________________________

      (бұдан әрі – кәсіпкер)

      (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;

      жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), паспорт деректері)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы;

      жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері)

      _______________________________________________________________________

      жобаны іске асыру орны

      _______________________________________________________________________

      (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      _______________________________________________________________________

      (банктік деректемелер)

      _______________________________________________________________________

      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)

      _______________________________________________________________________

      (экономика саласын көрсету, ЭҚЖЖ)

      _______________________________________________________________________

      (ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны)

      _______________________________________________________________________

      жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны)

      ______________________________________________________________________

      қажетті ақша қаражаты (меншікті қаражат, қарыз қаражаты)

      ______________________________________________________________________

      инфрақұрылымды түзету немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі.

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы жариялайды.

      Кәсіпкер конкурстың шарттарымен танысты және Бағдарламаға сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.

      Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Өтінім № "___" ___________ 20___ж. "____" сағ. "____" мин.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және ӨҮК мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.

      Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Барлық деректер, ақпарат және құжаттама төменде көрсетілген күні шынайы және толық болып табылады.

      2. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      3. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      4. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Кәсіпкер мынаған келіседі:

      1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, кәсіпкер ұсынған ақпаратты тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтiнiмде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілетін құжаттар тек "Бизнестiң жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жетiспейтiн өндірістiк (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшiн ғана берiледi.

      3. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу бойынша мемлекеттік қолдау беру туралы мәселені қарау тәртібімен таныстым және келісемін.

      ________________________ ____________________________

      Басшы (дара кәсіпкер) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

  "Бизнестің жол картасы-2020"
  бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына
  2-қосымша
  нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды

қаржыландыру туралы электрондық өтініш

      ____________________________________________________________

      (бұдан әрі - кәсіпкер)

      (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), паспорт деректері)

      ____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері)

      _________________________________________________________________

      (банктік деректемелер)

      _________________________________________________________________

      1. Жоба туралы деректер

Жобаның атауы


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Жобаны іске асыру орны


Қызметтің бейінді бағыттары
(* Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында, облыс орталықтарында жобаны іске асыру кезінде толтырылады)



Қажетті инфрақұрылым түрі


Құрылыс құны, мың теңге     


Жобаның құны (инвестиция), мың теңге



      2. Жобаның командасы:

Жалдамалы қызметкерлер саны


      3. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

Жылдары
 

Факт

Болжам

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам



-

-

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге





Өндіріс көлемі, мың теңге






      Мен өзім ұсынған мәліметтердің анық екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді тексеруіне қарсы емеспін.

      Маған жалған, толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтінім көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мәселесін қараудың тәртібімен таныстым және келісемін.

      Басшы (жеке кәсіпкер)

      _____________________________________________________

      ЭСҚ-дан автоматты түрде толтыру]

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
12-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Субсидиялау эмитенттердің облигациялар бойынша сыйақы ретінде төленетін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттiгiнiң көрсетілетін қызметтерiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi орган төлейдi.

      5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен олардың арасында жасалатын "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдендіру туралы шарттың негізінде береді. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі Субсидиялау және кепілдендіру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      6. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      7. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы уәкілетті органға тиесілі, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) брокер – клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiнде, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;

      3) облигация ұстаушылар – орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген, субсидияланатын купондық сыйақы мөлшерлемесі бар облигациялар бойынша құқығы бар адам;

      4) бірыңғай тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

      5) листинг – қор биржасының ресми тiзiмiнiң санатына бағалы қағаздарды енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленiп, облигацияларды оған енгiзу;

      6) субсидияланатын купондық сыйақы мөлшерлемесі бар облигациялар – эмитент шығарған және қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген облигациялар, олар бойынша қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады;

      7) банк – төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;

      8) ҰСН – сәйкестендіру және есепке алу жүйесін жүйелендіру мақсатында қор биржасының уәкілетті органы беретін әрiптiк-цифрлық код;

      9) қамтамасыз етiлген облигация – эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен толық немесе ішінара қамтамасыз етiлген облигация;

      10) облигацияларды өтеу – облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен эмитенттiң субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесімен орналастырылған облигацияларды сыйақыны және номиналды құнын төлеу арқылы (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша іс-қимылы;

      11) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялардың эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялар айналысы процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі бар облигацияларды ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін ұйым;

      12) кәсіпкер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      13) жоба – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі бағыттарындағы іс-шаралар және іс-қимылдар жиынтығы;

      14) облигациялар шығарылымының проспектісі – әлеуетті инвестордың облигацияларды сатып алу туралы шешіміне әсер етуі мүмкін, эмитент туралы мәліметтер, оның қаржылық жағдайы, сатылымға ұсынылатын облигациялар, шығарылым көлемдері, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығарудың, орналастырудың, айналысқа жіберудің рәсімі және тәртібі, сыйақы төлеуді, өтеуді және басқа ақпаратты қамтитын құжат;

      15) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      16) облигацияларды орналастыру – бағалы қағаздардың бастапқы нарығында облигацияларды сату;

      17) орталық депозитарийдiң қағидалар жинағы – орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығы субъектілерімен қарым-қатынасын анықтайтын құжат;

      18) сыйақы мөлшерлемесі – облигациялардың номиналды құнын қоспағанда, облигацияларды орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдалану үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төлеуге жататын және облигациялар шығарылымының проспектісі белгілеген пайыздық түрдегі сыйақы мөлшері;

      19) субсидиялау – эмитенттің операциялық қызметіне қатысты белгілі бір талаптарды болашақта орындау үшін субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесімен эмитент ұстаушысына төленетін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын эмитенттерге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету нысаны;

      20) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      21) Қор биржасының уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      22) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредит саясатымен берілген өкілеттіктердің және қаржы агенттігінің бекітілген ішкі құжаттарының шегінде өз қызметін іске асыратын тұрақты әрекет ететін алқалы орган;

      23) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауды іске асыруды және мониторингті жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      24) орталық депозитарий – Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

      25) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын тұлға.

3-тарау. Эмитенттерге қойылатын шарттар және талаптар

      8. Бағдарламаға қатысушылар өткізу үшін облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер болуы мүмкін:

      1) Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларындағы жобалар;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – ИИДМБ) айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларындағы жобалар;

      9. Мына эмитенттер Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды:

      1) моторлы көлік құралдарын және жеке өндірістегі жүзімнен шарап өндірісін және дәрілік зат ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген құрамында спирті бар медициналық бағыттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіруді қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын және ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген;

      3) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаларды іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      4) кәсіпкерлер/құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар.

4-тарау. Субсидиялау шарттары

      10. Эмитенттің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын эмитенттің облигациялар шығару көлемі бір эмитент үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

      11. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      12. Облигациялар бойынша субсидиялау осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.

      13. Мүліктік кешендер ретінде ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталатын облигациялар субсидиялауға жатпайды.

      14. Субсидиялау айналым қаражатын қаржыландыру негізгі қаражатты сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге облигациялар шығару шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ облигациялар шығарылымы көлемінің 30 %-нан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылмайды.

      15. Субсидиялаудың барлық кезеңінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тыйым салынады.

      16. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды, бірақ облигациялар айналымы мерзімінен артық емес. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      17. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде номиналды мөлшерлеменің 40 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын эмитент төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар облигациялар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      18. ИИДМБ айқындаған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде номиналды мөлшерлеменің 50 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын эмитент төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар облигациялар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      19. Субсидиялау тек алты айда бір рет не 12 (он екі) айда бір рет сыйақы мөлшерлемесі төлемінің ұсынылған кезеңділігі бар облигациялар бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      20. Эмитент сатып алған облигациялар субсидиялауға жатпайды.

      21. Субсидиялау эмитенттің қамтамасыз етілген облигациялары бойынша жүзеге асырылады.

      22. Эмитенттің облигациялары субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесімен брокерлердің жеке шоттарында есепке алынады. Субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі бар облигациялармен мәмілелерді тіркеу Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған брокерлердің шоттары бойынша жүзеге асырылады.

      23.Эмитент субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесімен облигацияларды ұстаушылардың өкілін таңдауды бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және/немесе брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары қатарынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың өкілі эмитенттің үлестес тұлғасы болмауы тиіс.

      24. Заманауи форматтағы сауда объектілерінің құрылысына бағытталған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте заманауи форматтағы сауда объектілері құрылысы мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:

      1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – сауда ауданы кемінде 3 мың шаршы метр;

      2) облыстарда – 1 мың шаршы метрден кем емес.

5-тарау. Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      25. Эмитент сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесімен бірге облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді қор биржасының уәкілетті органында жүзеге асырады, биржада листингтен өтеді және облигациялар ұстаушылардың өкілімен шарт жасасады.

      26. Эмитент субсидиялау алу үшін қаржы агенттігіне мынадай құжаттарды (мөрмен және басшының қолымен куәландырылған көшірмелер) қоса бере отырып, өтінішпен жүгінеді:

      1) облигациялар шығарылымының проспектісі;

      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

      3) эмитентті мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (анықтама);

      4) лицензиялар, егер эмитенттің негізгі қызметінің түрі лицензиялауға жататын болса;

      5) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған кезде құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімінен акциялар шығарылымының проспектісі мен үзінді көшірмені (бірыңғай тіркеушінің мөрімен куәландырылған) қосымша ұсынады;

      6) жүгінген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен ерте емес берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы салық органының анықтамасы;

      7) дебиторлық және кредиторлық берешекті ашып көрсете отырып, қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін және/немесе интернет-сайттарда орналастырылған ақпаратты қоса бере отырып, соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептер (оның ішінде, берешектің пайда болу сомалары, күндері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы).

      27. Қаржы агенттігі құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді. Құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, үш күндік мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін оларды эмитентке қайтарады;

      2) эмитент жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) эмитенттің жобасын толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      28. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны, сондай-ақ эмитенттердің жобаларын қарауға арналған тиісті нысандар қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен айқындалады.

      29. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражатының болуы жағдайында ғана қарайды.

      30. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, қол қояды және ілеспе хатты қоса бере отырып, хаттамадан үзіндіні эмитентке/облигацияларды ұстаушылар өкіліне, орталық депозитарийге, қор биржасына жібереді.

      31.Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылдаған күннен бастап 6 айды құрайды.

      32. Эмитент облигацияларды орналастыруды жүзеге асырады.

6-тарау. Субсидиялау тетігі

      33 . Орталық депозитарий сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесімен бірге облигацияларды орналастыру мәмілелерін тіркеу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей орталық депозитарийдің интернет-сайтында сыйақының субсидияланған мөлшерлемесімен бірге орналастырылған және орналастырылмаған облигациялардың жалпы саны туралы ақпаратты орналастырады.

      34. Субсидиялау шарты эмитентпен және қаржы агенттігімен субсидиялау туралы қабылданған шешімнің негізінде және сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесімен бірге облигацияларды орналастырудың алғашқы мәмілесін тіркегеннен кейін 10 күннен кешіктірмей жасалады.

      35. Эмитент субсидиялау шартын жасау күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орталық депозитарий мен қор биржасына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар саны туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтитын, субсидиялау шартын жасау туралы хабарлама жібереді.

      36. Эмитент пен орталық депозитарий арасында орталық депозитарийдің Жиынтық қағидаларына сәйкес тараптармен Субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде төлем агентінің қызметтерін көрсету туралы шарт жасалады. Бұл ретте көрсетілген тараптар арасында төлем агентінің қызметтерін көрсету туралы шартқа облигациялар шығарылымының проспектісі дайындалғанға дейін қол қоюға рұқсат етіледі.

      37. Субсидиялау шарты оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      38. Орталық депозитарий сыйақыны төлеу күніне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей облигацияларды ұстаушылардың субшоттарында есепте тұрған сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесімен бірге, төмендегі мәліметтерді көрсете отырып, эмитенттің облигацияларының саны туралы ақпаратты қаржы агенттігіне жібереді:

      1) ұстаушылар шоттарында сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесімен бірге облигациялардың жалпы саны;

      2) облигацияларды ұстаушыларға сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесімен бірге төлеуге тиесілі сома;

      3) қаржы агенттігінен орталық депозитарий шотына аударуға тиесілі сома;

      4) эмитенттен орталық депозитарий шотына аударуға тиесілі сома.

      39. Эмитент орталық депозитарийдің жиынтық қағидаларына сәйкес ұстаушылардың тізімімен бірге сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу күні орталық депозитарий шотына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін алты айда бір рет не 12 айда бір рет аударады және орталық депозитарийдің субсидияланатын облигацияларды ұстаушылардың тізімін алуды қамтамасыз етеді.

      40. Орталық депозитарий эмитенттен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, қаржы агенттігіне сыйақы мөлшерлемесінің түскен бөлігі туралы хабарлама жібереді.

      41. Қаржы агенттігі орталық депозитарийдің хабарламасы мен ақпараты негізінде екі жұмыс күні ішінде орталық депозитарийге эмитенттің облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.

      42. Орталық депозитарий сыйақы мөлшерлемесінің есептерін тексеруді жүзеге асырады және қаржы агенттігінен субсидия сомаларын алғаннан кейін, екі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің жиынтық қағидаларына сәйкес облигацияларды ұстаушылардың субшоттарына сыйақы мөлшерлемесінің толық сомасын аударады.

      43. Орталық депозитарий облигациялар ұстаушылардың шоттарына сыйақы мөлшерлемесінің сомаларын аударғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей облигацияларды ұстаушылардың өкіліне және қаржы агенттігіне мынадай мәліметтерді қамтитын субсидиялау туралы есепті жібереді:

      1) ҰСН облигациялар;

      2) тізілімді тиянақтау күніндегі жағдай бойынша облигацияларды ұстаушылардың шоттарында облигациялар саны;

      3) орталық депозитарий облигациялар ұстаушылардың субшоттарына аударған сыйақының жалпы сомасы;

      4) орталық депозитарийдің қаржы агенттігінен алған сомасы;

      5) орталық депозитарийдің эмитенттен алған сомасы.

7-тарау. Субсидиялау шартын тоқтата тұру/қалпына келтіру/тоқтату тәртібі

      44. Субсидиялауды тоқтату және қалпына келтіру туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      45. Қаржы агенттігі:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатсыз пайдалану;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) эмитенттің сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбаған бөлігін Субсидиялау шартына төлем кестесіне сәйкес орталық депозитарий шотына аудару бойынша міндеттемелерін екі және одан көп рет орындамауы;

      4) эмитенттің шоттарына тыйым салу фактілері белгіленген жағдайда эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      46. Субсидияларды тоқтата тұру кезеңінде субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесімен облигациялар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылуы тиіс болса, облигацияларды ұстаушыларға осы сыйақыны төлеу орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығының ажырамас бөлігі болып табылатын Төлем агентінің қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес толығымен эмитент есебінен жүзеге асырылады.

      47. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 45-тармағында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      48. Эмитентті субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда қаржы агенттігі Облигацияларды ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді және эмитентті субсидиялау төлемдерін қайта бастау туралы тиісті хатпен хабардар етеді.

      49. Қаржы агенттігі тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Эмитенттің сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбаған бөлігінің төлемдері бойынша міндеттемелерін екі және одан көп рет орындамау себебі бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда, эмитенттің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.

      Эмитентке субсидиялауды тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген субсидияларды төлеу эмитенттің шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      50. Эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда қаржы агенттігі Субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себептерін көрсете отырып, эмитентке, облигацияларды ұстаушылар өкіліне және Орталық депозитарийге Субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны тиісті хаттармен жібереді.

      51. Мынадай:

      1) эмитент облигацияларды толық өтеген жағдайда, егер субсидиялау мерзімі облигацияларды орналастыру мерзіміне тең болса, эмитенттің облигацияларды толық өтеген күні субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі;

      2) егер субсидиялау мерзімі аяқталмаса, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді сот шешімі бойынша жарамсыз деп тану;

      3) егер субсидиялау мерзімі ақталмаса, биржаның уәкілетті органының шешімі бойынша облигациялар шығарылымын жою;

      4) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша Субсидиялау шартын бұзу;

      6) Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал Субсидиялау шарты бұзылған деп танылады.

      52. Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, эмитент қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі екі жұмыс күні ішінде осы облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

      53. Эмитенттің облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, орталық депозитарий қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстыру актісін аталған оқиғалардың кез келгені басталған күннен кейінгі жеті жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте орталық депозитарий салыстыру актісінде субсидияларды нақты есептен шығарудың сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.

      54. Эмитенттің мақсатсыз пайдалануы анықталған облигациялары бойынша облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

8-тарау. Бағдарламаның мониторингі

      55. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың мониторингін қаржы агенттігі, биржа және облигацияларды ұстаушылардың өкілі жүзеге асырады.

      56. Қаржы агенттігінің функциялары:

      1) эмитент, облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынған деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған эмитенттің облигациялық қарызды мақсатты пайдалануын мониторингілеу;

      2) орталық депозитарий ұсынатын деректердің негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) жобаның іске асырылуын мониторингілеу;

      4) жобаның және/немесе эмитенттің Бағдарламаның шарттарына сәйкестігін мониторингілеу.

      57. Облигацияларды ұстаушылар өкілінің функциялары:

      1) эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісімен белгіленген облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауын бақылау;

      2) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алынған ақшаларды мақсатты пайдалануын бақылау;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жағдайын бақылау;

      4) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке қатысты эмитентпен кепіл шартын жасасу;

      5) эмитенттің қаржылық жағдайын мониторингілеу және оның корпоративтік оқиғаларын талдау;

      6) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісімен белгіленген, эмитенттің міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша меншігінде эмитенттің орналастырылған облигацияларының елу және одан көп пайызы бар (сатып алынғандарды есепке алмағанда) облигациялар ұстаушылардың атынан сотқа талап арыз беру арқылы шаралар қабылдау;

      7) тоқсанына кемінде бір рет облигацияларды ұстаушыларды және биржаның уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда аталған тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері туралы және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы ақпараттандыру.

      58. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен мониторингілеу затына қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыруға құқылы.

      59. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін облигацияларды ұстаушылар өкілі эмитенттен мониторингілеу затына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде жоба іске асырылып жатқан жерге бару құқығымен салықтық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға құқылы.

      60. Облигацияларды ұстаушылар өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына және биржаның уәкілетті органының актілеріне сәйкес қор биржасының уәкілетті органын өзінің әрекеттері туралы хабардар етеді.

      61. Мониторинг тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі мен облигацияларды ұстаушылар өкілі әрқайсысы өз функциялары бөлігінде дербес белгілейді.