Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 501 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 416-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына, 32-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоратившілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.";
көрсетілген қаулыға 1-қосымша алып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"59) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;";
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"62) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;";
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"71) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;".
мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2), 72-3), 72-4), 72-5), 72-6) және 72-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"72-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
72-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
72-4) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлеу және бекіту;
72-5) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72-6) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
72-7) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"75) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 78-1) және 78-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"78-1) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны саласындағы жұмыстарын үйлестіру;
78-2) көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асыру;".
17-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартылуы туралы шағымдарды қарайды;".
3. "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 19, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.".
4. "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 858 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 66-67, 406-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) 2 185 адамнан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 7 119 адамнан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.".