Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысы.

Қолданыстағы

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 21 шілдедегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген

Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі

Р/с №

Тауардың/позицияның атауы

СЭҚ ТН коды

1

2

3

2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларға қатысты қауіпсіздікті тексерумен байланысты Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салулар мен шектеулерді сақтау көзделген.

1.

Үш дөңгелекті велосипедтер, самокаттар, педальді автомобильдер және дөңгелектері бар осыған ұқсас ойыншықтар; қуыршақтарға арналған арбалар; қуыршақтар; басқа да ойыншықтар; кішірейтілген өлшемдегі ("масштабтағы") модельдер және қолданыстағы немесе қолданыстағы емес ойын-сауыққа арналған модельдер; барлық түрдегі басқатырмақтар

9503 00