Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысы.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.


      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидалары бекiтілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2018 жылғы
21 мамырдағы
№ 282 қаулысымен
бекітілген

Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің (бұдан әрі – Салық кодексi) 720-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Қағидаларда пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініштерді беру мен қарау тәртібі және кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары белгіленеді.

2-тарау. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орындарын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініштерді беру мен қарау тәртібі

      3. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған, кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) игеруді көздейтін, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келетін келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі — уәкілетті орган) өтініш білдіреді.

      4. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылға кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, алдыңғы қаржы жылындағы қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар үшін алдыңғы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі. Егер өтінім ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда өткен қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі беріледі;

      3) заңды тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы кемінде тоқсан күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылының өткен кезеңіндегі қаржылық есептілігінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған алдыңғы күнтізбелік жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

      5) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;

      6) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған, өтініш берілген күннің алдындағы кемінде тоқсан күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы күнтізбелік жылы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

      7) корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша алдыңғы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша салықтық есептілік;

      8) КТС бойынша аванстық төлемдердің есептемесі (егер жер қойнауын пайдаланушы аванстық төлемдер төлеушісі болса) және КТС мөлшерінің ағымдағы есепті жылға жоспарланған есептемесі;

      9) КТС бойынша салық міндеттемелерінің есептемесі, сондай-ақ заңды тұлғаның осы кезеңдегі бюджетіне берілген есептемелерді егжей-тегжейлі байланыстырумен ағымдағы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша таза табыстың, сатулар рентабельділігінің есептемесі;

      10) келісімшарт бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің есептемелері үшін пайдаланылған минералдық шикізаттың, пайдалы қазбаның, металдың орташа бағасының негіздемесі.

      5. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш алдағы күнтізбелік жылы ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен ерте емес, бірақ 1 желтоқсанынан кешіктірмей беріледі, оған осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған алдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;

      2) компанияның келісімшарт бойынша КТС бойынша салық міндеттемелерінің есептемесі, сондай-ақ заңды тұлғаның осы кезеңдегі бюджетіне берілген есептемелерді егжей-тегжейлі байланыстырумен алдағы күнтізбелік жылдағы келісімшарт бойынша таза табыстың, сатулар рентабельділігінің есептемесі.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 4-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер ағымдағы күнтізбелік жылдың өткен тоғыз айы үшін беріледі.

      6. Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кешіктірмей өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептемелердi сұрата алады.

      Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұрау салуын алғаннан кейін он жұмыс күнiнен кешіктірмей Қағидалардың осы тармағына сәйкес сұратылатын, өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептемелердi уәкілетті органға береді.

      7. Уәкiлеттi орган өтініш түскен күннен кейін және (немесе) осы Қағидалардың 4 және (немесе) 5-тармақтарында көзделген құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган сұрататын құжаттар мен есептемелердің толық тізбесін ұсынбаған немесе құжаттарды ұсынбаған және (немесе) өтініш берушінің ұсынған құжаттарында мәліметтер толық болмаған немесе өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұза отырып берілген жағдайда, өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да қосымша құжаттар мен есептемелер түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірмей өтiнiшті қараудан бас тарту жөнінде дәлелденген жауап жолдайды.

      8. Уәкiлеттi орган өтiнiшті қарауға қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешіктірмей, өтiнiштiң және оған қоса берiлген құжаттардың көшiрмелерiн төменде көрсетілген мемлекеттiк органдарға мынадай мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне – салық есептілігінің деректерін растау үшін;

      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгiне – жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және/немесе жобалық шешiмдер мен мiндеттемелердi ескере отырып, минералдық шикiзат, пайдалы қазба, металл өндiрудiң жоспарланып отырған көлемдері мен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар көлемi және тиісті күнтізбелік жылдағы минералдық шикізат, пайдалы қазба мен металдың болжамды бағасының, сондай-ақ минералдық шикізат, пайдалы қазба мен металдың алынуы негiздiлiгi мәселелерi бойынша;

      3) өзге мемлекеттік органдарға – өздерінің құзыретіне жататын және уәкiлеттi орган қойған мәселелер бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшері жөнінде негізді шешімдер әзірлеу мақсатында қорытындылар дайындау үшін жібереді.

      Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары уәкiлеттi органға одан өтiнiш және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелері алынған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей берілуге тиіс. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушi ұсынған деректердің негiзiнде тиісті мемлекеттік органдардың барлық қорытындылары алынған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельдiлiгінің есептемесін жүргiзедi және осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес белгiленетiн пайдалы қазбаларды өндіру салығының жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшері бойынша осындай мөлшерлемелер қолданылатын күнтізбелік жылды көрсете отырып ұсыныстар дайындайды.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тиісті мемлекеттік органдардың барлық қорытындыларын алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына тиісті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) рентабельділігінің есептемелерін және пайдалы қазбаларды өндіру салығының жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшері бойынша ұсыныстарды, мемлекеттік органдардың қорытындыларын қоса бере отырып, өтініш енгізеді.

      Комиссия он жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті, тиісті мемлекеттік органдардың қорытындыларын, тиісті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельділігінің есептемелерін және пайдалы қазбаларды өндiру салығының жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшері бойынша ұсыныстарды қарайды және кен орнын (кен орындары бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу немесе жатқызудан бас тарту туралы, рентабельділігі төмен кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсыныс әзірленген жағдайда) пайдалы қазбаларды өндiру салығы мөлшерлемесінің мөлшері туралы ұсынымдар әзірлейді.

      10. Комиссия кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсынымдар әзiрлеген жағдайда уәкiлеттi орган комиссияның ұсынымына сәйкес жиырма жұмыс күні ішінде кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қоса бере отырып, рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылған кен орындарының тiзбесiне қосу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.

      11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі күнтізбелік бір жылға белгіленеді. Егер пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі көрсетілген жылдың ішінде белгіленген болса, онда осы жылдың міндеттемелері бойынша күнтізбелік жылдың басынан бері есептелген және төленген пайдалы қазбаларды өндіру салығы (бұдан әрі – ПҚӨС) осы Қағидаларға сәйкес белгіленген мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі.

      12. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызу туралы тиісті өтініштерді комиссияда қарау нәтижелері туралы уәкiлеттi орган комиссия тиісті шешім шығарғаннан кейін он жұмыс күнi iшiнде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткiзедi.

      13. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) КТС бойынша салықтық міндеттемелердің ұсынылған есептемесінің, сондай-ақ таза табыстың, тиісті күнтізбелік жылға арналған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша сатулар рентабельділігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, оның ішінде осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес келмеуі;

      2) жер қойнауын пайдаланушының өтініш беруші рентабельділік деңгейін есептеу үшін пайдаланатын тиісті күнтізбелік жылғы минералдық шикiзат, пайдалы қазба, металдың негізсіз болжамды бағасын қолдануы;

      3) егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдың деректерімен не егер өтініш алдағы күнтізбелік жылға берілген болса, енгізілетін түзетулер ескеріле отырып, көрсетілген кезеңдегі бюджет негізінде жыл бойынша болжамды деректерге негізделе отырып, есептелген ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша деректермен салыстырғанда минералдық шикізаттың, пайдалы қазбаның, металдың бір тоннасына есептегенде ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алуға жұмсалатын шығындарды және Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды алуға жұмсалатын жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты шығындарды қоспағанда, өндірістік шығындар, өткізу шығындары мен жалпы әкімшілік шығындар 10 %-дан жоғары ұлғайған жағдайда, негізсіз ұлғайтылуы;

      4) өткен күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділіктің іс жүзіндегі немесе жоспарланған деңгейінің 0 %-дан артық болуы.

      Жер қойнауын пайдаланушыға кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тарту себептері жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қайта өтініш жолдайды.

      14. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтiнiшті қарау мерзiмдері осы Қағидаларда белгіленген мерзiмдерден аспайтын уақытқа ұзартылуы және қосымша бақылауға алынуы мүмкін.

      Өтінішті қарау мерзімдері ұзартылған жағдайда, уәкілетті орган қарау мерзімдері ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге мерзімдердің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

3-тарау. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары

      15. Егер кен орны (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі алдағы күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өз бетінше жүргізген есептемелері бойынша 0 % тең немесе одан аз болған жағдайда рентабельділігі төмен санатқа жатқызылады.

      16. Бір заңды тұлғаның шеңберінде құрылымдық немесе өзге де техникалық бөлімшеге минералдық шикізатты қайта өңдеуге беретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділік деңгейін айқындау мақсатында бір компонентті және көп компонентті кен орындары (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгі) болып бөлінеді.

      Егер жер қойнауын пайдаланушы кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) шеңберінде өндірген минералдық шикізат дайын өнімнің бір түрін ғана алу үшін пайдаланылатын болса, онда мұндай кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) қатты пайдалы қазбалар түрлерінің бір компонентті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) ретінде қарастырылады.

      Егер жер қойнауын пайдаланушы кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) шеңберінде өндірген минералдық шикізат дайын өнімнің бірнеше түрін алу үшін пайдаланылатын болса, онда мұндай кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің көп компонентті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) ретінде қарастырылады.

      17. Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейінің есептемесі тиісті кезең ішіндегі минералдық шикізат, пайдалы қазбалар мен металдың бағаларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының болжамды деректері негізінде және құзыретті орган растаған өндіру көлемдерінің негізінде жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Рк = ТТк / ЖЖТк * 100%,

      мұнда:

      Рк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік;

      ТТк – осы тармақшаға және Салық кодексінің 723-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс;

      ЖЖТк – осы тармақшаға және Салық кодексінің 723-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жылдық жиынтық табыс.

      Салық кезеңі үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыстың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТТк = ССТк - КТСк,

      мұнда:

      ССТк – Салық кодексінің 288-бабында көзделген табыстар мен шығыстардың сомасына азайтылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс мынадай формула бойынша айқындалады:

      ССТк. = ЖЖТк- Шк,

      мұнда:

      Шк – Қағидалардың осы тармақшасына және Салық кодексінің 723-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша шегерімдер.

      Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс.

      КТСк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтік табыс салығы мынадай формула бойынша айқындалады:

      КТСк = ССТк * Ст,

      мұнда:

      Ст – Салық кодексінің 313-бабында белгіленген пайыздармен, корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;

      2) бір компонентті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Рк = ТТк / ЖЖТк * 100%,

      мұнда:

      Рк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік;

      ТТк – Қағидалардың осы тармағына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс.

      Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салықтық кезеңдегі таза табыстың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТТк = ССТк - КТСк,

      мұнда:

      ССТк – Салық кодексінің 288-бабында көзделген табыстар мен шығыстардың сомасына азайтылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс мынадай формула бойынша айқындалады:

      ССТк. = ЖЖТк - Шк,

      мұнда:

      Шк – Салық кодексінің 723-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша шегерімдер.

      Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңіндегі шегерімдер сомасынан аспауға тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылы минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуге тиіс.

      Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жылдық жиынтық табыс мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖТк = ТӨҚк - ДӨӨТБк ,

      мұнда:

      ТӨҚк – жекелеген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттың және бастапқы қайта өңдеудің толық өзіндік құны;

      ДӨӨТБк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттан өңделген дайын өнімді өткізуден түскен таза табыстың бөлігі мынадай формула бойынша айқындалады:

      ДӨӨТБк = ТӨҚк / ТӨҚдө * (ДӨӨТ - ТӨдө),

      мұнда:

      ТӨҚдө – дайын өнімнің толық өзіндік құны;

      ДӨӨТ – өндірілген минералдық шикізаттан жасалған дайын өнімді өткізуден түскен табыс;

      КТСк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтік табыс салығы мынадай формула бойынша айқындалады:

      КТСк = ССТк * Мөлш.,

      мұнда:

      Мөлш. – Салық кодексінің 313-бабында белгіленген пайыздармен, корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;

      3) көп компонентті кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Рк = ТТк / ЖЖТк * 100%,

      мұнда:

      Рк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік;

      ТТк – Қағидалардың осы тармағына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс.

      Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық кезеңіндегі таза табыстың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТТк = ССТк - КТСк,

      мұнда:

      ССТк – Салық кодексінің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс мынадай формула бойынша айқындалады:

      ССТк. = ЖЖТк - Шк,

      мұнда:

      Шк – Салық кодексінің 723-бабының шарттарына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша шегерімдер.

      Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңіндегі шегерімдер сомасынан аспауға тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылы минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуге тиіс.

      КТСк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтік табыс салығы мынадай формула бойынша айқындалады:

      КТСк = ССТк * Мөлш.,

      мұнда:

      Мөлш. – Салық кодексінің 313-бабында белгіленген пайыздармен, корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі.

      Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгі) бойынша жылдық жиынтық табыс мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖТк = ЖЖТк1 * Үк.қ,

      мұнда:

      ЖЖТк1 – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) шеңберінде пайдалы қазбалардың кені құрамының үлес салмағын ескере отырып, былайша есептелетін өндірілген пайдалы қазбалардың түрлері бойынша тауар өнімінің жалпы өткізілуі бойынша жылдық жиынтық табыс:

      ЖЖТк1 = (Тр/Тд * Тдк)1 * Б1 + (Тр/Тд * Тдк )2 * Б2 + … (Тр/Тд *Тдк)n *Бn,

      мұнда:

      Тр – компания бойынша өндірілген минералдық шикізаттың, пайдалы қазбаның және металдың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өткізудің нақты көлемі;

      Тд – Лондонның металл биржасында бағамдалатын металдарды қамтымайтын минералдық шикізат өндірілген жағдайда – компания бойынша барлық өндірілген минералдық шикізаттан алынған пайдалы қазбаның, металдың нақты көлемінің жиынтығы немесе жалпы компания бойынша өндірілген минералдық шикізаттың нақты көлемінің жиынтығы;

      Тдк – Лондонның металл биржасында бағамдалатын металды қамтымайтын минералдық шикізат өндірілген жағдайда – жекелеген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттан алынған пайдалы қазбаның, металдың нақты көлемінің жиынтығы немесе жекелеген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттың нақты көлемінің жиынтығы;

      Б – Лондонның металл биржасында немесе Лондонның қымбат бағалы металдар биржасында тіркелген, бағамдалған бағаларды ескере отырып, дайын өнімді, металды өткізу бағасы.

      Егер дайын өнімге және (немесе) металға Лондонның металл биржасында бағамдар болмаса, өткізу бағасы қолданылады.

      Келісімшарттық қызмет үлесінің коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Үкқ = ТӨҚк / ТӨҚдө,

      мұнда:

      ТӨҚк – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша өндірілген минералдық шикізаттың толық өзіндік құны;

      ТӨҚдө – дайын өнімнің толық өзіндік құны.

      18. ПҚӨС мөлшерлемелері рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін кен орнының (кен орындарының бiр тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділігін нөлдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік беретін шамаға дейін төмендетіледі, бірақ осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген ПҚӨС ең төменгі мөлшерлемесінен төмен болмайды.

      Бұл ретте осы Қағидаларға сәйкес есептелген ПҚӨС мөлшерлемелерінің мөлшері нөл бүтін жүзден бір қадаммен (0,01) үтірден кейінгі екі белгіге дейін үлкеніне қарай дөңгелетіліп, нақтылықпен белгіленеді.

      19. ПҚӨС ең төменгі мөлшерлемесі, осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жоспарлы өндіру көлемі негізінде және ПҚӨС жеке мөлшерлемесі белгіленетін ағымдағы күнтізбелік жылдың бағалары бойынша жер қойнауын пайдаланушының 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылған редакцияда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында белгіленген салық салу базасы мен мөлшерлемесі бойынша есептелген роялти сомасының абсолюттік мәніне тең сомада ПҚӨС бюджетке төлеуін қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленуі тиіс.

      Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарында 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша роялти мөлшерлемелері белгіленбеген болса, 2008 жылғы 31 желтоқсанға қолданылған редакциядағы Салық кодексіне сәйкес тиісті пайдалы қазбаға роялти мөлшерлемелері қолданылады.

      ПҚӨС ең төменгі мөлшерлемесін есептеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) тиісті күнтізбелік жылға жоспарланатын өндіру көлемін ескере отырып, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес (салық салу объектісі, роялти мөлшерлемесі, тиісті күнтізбелік жылға салық салу базасы) жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуге жататын роялти сомасы айқындалады;

      2) осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес есептелген роялти сомасы абсолюттік мәнде, егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік 0 %-дан аз болса, осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуге тиіс ПҚӨС сомасын құрайды;

      3) рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін ПҚӨС ең төменгі мөлшерлемесі осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес есептелген ПҚӨС сомасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен есептелген пайдалы қазбаның тиісті түрі (пайдалы қазбалардың тиісті түрлері) бойынша ПҚӨС бойынша салық салынатын базаға қатынасы ретінде белгіленеді.

      Егер рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін ПҚӨС мөлшерлемелері тиісті күнтізбелік жылға осы жыл ішінде белгіленген болса, онда күнтізбелік жылдың басынан есептелген және төленген ПҚӨС өткен салық кезеңдеріндегі нақты қалыптасқан бағалардың негізінде осы Қағидаларға сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша қайта есептеледі.

      20. Егер осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес айқындалған ПҚӨС ең төменгі мөлшерлемесі кезінде кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) нөлдік рентабельділігіне қол жеткізілмеген болса, онда ПҚӨС-тің, оның ішінде ілеспе пайдалы қазбалар бойынша ең төменгі мөлшерлемесі бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділігін нөлдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік беретін шамаға дейін (0 %-ға дейін қоса алғанда) төмендетіледі:

      1) кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес бір компонентті немесе көп компонентті кен орны ретінде сыныптауға болады;

      2) минералды шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімді өткізген кезде дайын өнімді өткізу бағасы мен оның толық өзіндік құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын шығындар туындайды. Осы тармақтың мақсатында дайын өнімнің толық өзіндік құнына өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны, өткізу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар қосылады. Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны халықаралық қаржы есептілігі стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады. Өткізілген дайын өнімнің толық өзіндік құнынан шығын сомасын айқындау мақсатында төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептілігі туралы заңнамасын қолданған кезде активтер мен (немесе) міндеттемелер құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есепке алуда туындайтын шығыстар баптан алынып тасталуға тиіс.

      2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында ілеспе пайдалы қазбаларға арналған роялти мөлшерлемелері 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша белгіленбеген жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушының қызметі, тұтастай алғанда, шығынды болып табылса, онда осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған мұндай пайдалы қазбаларға қатысты ПҚӨС ең төменгі мөлшерлемесі 0 % мөлшерінде белгіленеді.

      21. Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес белгіленген ПҚӨС мөлшерлемесін қолданған салық төлеуші тиісті салық жылының төртінші тоқсанынан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 85-тарауында белгіленген тиісті мөлшерлемені қолдана отырып, нақты деректер негізінде рентабельділік көрсеткіштерінің есептемесін жүргізеді.

      Егер келісімшарт бойынша жүргізілген есептеменің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген рентабельділік мәндері асып кетсе, салық төлеуші барлық салық жылындағы жалпы белгіленген мөлшерлемелер негізінде ПҚӨС бойынша салық міндеттемелерін қайта есептейді және алынған мәндерді ПҚӨС бойынша қосымша декларацияда көрсетеді. Осы декларацияда көрсетілген ПҚӨС сомасы салық жылының төртінші тоқсанының салық міндеттемесі болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен бюджетке төлеуге жатады.

  Пайдалы қазбалардың кең
таралғандарын қоспағанда,
қатты түрлерiнiң кен орындарын
(кен орындарының бiр тобын,
кен орнының бiр бөлiгiн)
рентабельділігі төмен санатқа
жатқызу және пайдалы
қазбаларды өндiру салығы
бөлігінде салық салу
қағидаларына
қосымша

Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 282 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1122-құжат).

      2. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 516-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат).

      4. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 443 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 40, 255-құжат).

      5. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 40-41, 277-құжат).