РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидалары және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі бекiтілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысымен бекітілген |
Көмірсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидалары және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі 1-тарау. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу тәртібі және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі 1-параграф. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі
1. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу үшін осы бөлімнің 2-кіші бөлімінде айқындалған өлшемшарттарға сәйкес көмiрсутек шикiзаты кен орнын игеруді көздейтін қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді.
2. Ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылға кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтiнiш ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 1 қарашасынан кеш емес мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледі:
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған алдыңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың алдыңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілген болса, онда алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есептілігінің түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы ағымдағы күнтізбелік жылдың есепті кезеңі (тоқсан, жартыжылдық немесе тоғыз ай) үшін қаржылық есептілігінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
4) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған алдыңғы күнтізбелік жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
5) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;
6) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған, өтініш берген күннің алдындағы тоқсан күнтізбелік күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы күнтізбелік жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
7) салықтық есептілік (келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) және алдыңғы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша үстеме пайдаға салынатын салық (бұдан әрі – ҮПС) және ағымдағы және алдыңғы күнтізбелік жылдардағы келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (бұдан әрі – ПҚӨС) бойынша декларациялар);
8) КТС бойынша аванстық төлемдердің есептемесі (егер жер қойнауын пайдаланушы аванстық төлемдердің төлеушісі болса) және ағымдағы есепті жылға жоспарланған КТС мөлшерінің есептемесі;
9) осы есептеулерді жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутек шикізатының болжамды бағасына және сол кезеңдегі келісімшарт бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарлы көлемдеріне егжей-тегжейлі байланыстырумен КТС бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу, сондай-ақ ағымдағы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша таза кірісті, сату рентабельділігін есептеу;
10) келісімшарт бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің есептемелері үшін пайдаланылған көмірсутек шикізатына болжамды бағаны негіздеу;
11) құзыретті органмен келісілген келісімшарт бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарланатын көлемі.
3. Алдағы күнтiзбелiк жылға кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтiнiш ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 30 қыркүйегінен ерте емес, бірақ ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. Өтiнiшке осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттар қоса берiледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған алдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;
2) осы есептеулерді жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутек шикізатының болжамды бағасына және сол кезеңдегі келісімшарт бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарлы көлемдеріне егжей-тегжейлі байланыстырумен компанияның келісімшарт бойынша КТС бойынша салықтық міндеттемелерін есептеу, сондай-ақ алдағы күнтізбелік жыл үшін келісімшарт бойынша таза кірісті, сату рентабельділігінің есептемесі.
Бұл ретте осы Қағидалардың 2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер ағымдағы күнтізбелік жылдың өткен тоғыз айы үшін беріледі
4. Қажет болған кезде уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептемелердi сұрата алады.
Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұрау салуын алғаннан кейін он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Қағидалардың осы тармағына сәйкес сұрау салынатын, өтiнiште қамтылған мәліметтерді негіздейтін құжаттар мен есептемелердi уәкілетті органға береді.
5. Өтініш беруші ұсынған құжаттарда мәліметтер толық болмаған және (немесе) осы Қағидалардың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұза отырып берілген жағдайларда, уәкiлеттi орган өтініш және (немесе) өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін қосымша құжаттар мен есептемелер түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде өтiнiшті қараудан дәлелденген бас тартуды жібереді.
6. әкiлеттi орган өтiнiшті және (немесе) өтiнiште қамтылған мәліметтерді негiздейтін құжаттар мен есептемелердi қарауға қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде өтiнiш пен оған қоса берiлетін құжаттардың көшiрмелерiн төменде көрсетілген мемлекеттiк органдарға мынадай мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне – салық есептілігінің деректерін растау үшін;
2) көмірсутек саласындағы уәкілетті органға – жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бекiтiлген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және (немесе) жобалық шешiмдер мен мiндеттемелердi ескере отырып, көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң жоспарланып отырған көлемi мен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар көлемiнiң негiздiлiгi мәселелерi бойынша;
3) өзге мемлекеттiк органдарға – олардың құзыретіне жататын және уәкiлеттi орган қойған мәселелер бойынша ПҚӨС жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшері жөнінде негізделген шешімдер әзірлеу мақсатында қорытындылар дайындау үшін жібереді.
Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары өтiнiш пен оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерi алынған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кеш емес мерзімде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушi ұсынған деректердің негiзiнде көрсетiлген мерзiмде келiсiмшарт бойынша рентабельдiлiктiң есептемесiн жүргiзедi және ПҚӨС жеке мөлшерлемесінің нақты мөлшері бойынша ұсыныстар дайындайды.
7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың барлық қорытындылары алынған күннен бастап жеті жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде уәкілетті орган мемлекеттік органдардың қорытындылары қоса берілген өтінішті пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді, ол кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдар әзірлейді.
Комиссия он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде өтініш пен мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарауға және көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу немесе жатқызудан бас тарту, рентабельділігі төмен кен орны бойынша ПҚӨС мөлшерлемесінің мөлшері (көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы ұсыныс әзірленген жағдайда) туралы ұсыныс әзірлеуге тиіс.
8. Комиссия көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы ұсыныс әзiрлеген жағдайда, уәкiлеттi орган он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес белгiленетiн ПҚӨС мөлшерлемелерін қоса берумен және осындай мөлшерлемелер қолданылатын күнтізбелік жылды көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің көмiрсутек шикiзатының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылған кен орындарының тiзбесiне қосу туралы қаулысының жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
9. ПҚӨС мөлшерлемесі күнтізбелік жылға белгіленеді. Егер ПҚӨС мөлшерлемесі көрсетілген жыл ішінде белгіленген жағдайда, онда осы жылдың міндеттемелері бойынша күнтізбелік жылдың басынан бастап есепке жазылған және төленген ПҚӨС осы Қағидаларға сәйкес белгіленген мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі.
10. Уәкiлеттi орган комиссия әзiрлеген ұсыныстарды ескере отырып, көмiрсутек шикiзатының кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және бас тарту себептерiн көрсете отырып, комиссия тиісті шешім қабылдағаннан кейін он жұмыс күнi iшiнде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткiзедi.
11. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тартудың негіздемелері мыналар болып табылады:
1) КТС төлеу бойынша салықтық міндеттемелердің ұсынылған есептемесінің, сондай-ақ таза табыстың, кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға арналған сатылымдар рентабельділігі есептемесінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, оның ішінде осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес келмеуі;
2) жер қойнауын пайдаланушының тиісті күнтізбелік жылға көмiрсутек шикiзатына рентабельділік деңгейін есептеуге пайдаланылған негізсіз болжамды бағаны қолдануы;
3) кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша тиісті күнтізбелік жылға мәлімделген өндіру көлемдерінің жоспарланған өндіру көлемдеріне сәйкес келмеуі;
4) егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдың деректерімен не өтініш алдағы күнтізбелік жылға берілсе, көрсетілген кезеңге арналған бюджет негізінде, енгізілетін түзетулерді ескере отырып, жыл бойындағы болжамды деректердің негізінде есептелген ағымдағы жылдың деректерімен салыстырғанда, бір тонна көмірсутек шикізатына өндірістік шығындардың, сату шығындары мен жалпы әкімшілік шығындардың елеулі (10 %-дан жоғары) және (немесе) негізсіз ұлғайтылуы;
5) ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың өтініш берілген күннің алдындағы есепті кезеңдердің (жартыжылдық немесе тоғыз ай) қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділіктің іс жүзіндегі деңгейінің 0 %-дан жоғары болуы.
Жер қойнауын пайдаланушыға көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызудан бас тартудың себептері жойылған жағдайда, ол осы тарауда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қайтадан өтініш жолдауға құқылы.
2-параграф. Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу өлшемшарттары
12. Егер алдағы күнтiзбелiк жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылдың қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельдiлiктiң жоспарланып отырған деңгейi жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта белгiленген тәртiппен дербес жүргiзген есептемелер бойынша 0 %-ға тең немесе одан аз болса, көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) рентабельдiлiгi төмен санатқа жатқызылады.
Көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланып отырған рентабельдiлiк деңгейiнiң күнтiзбелiк жылдағы есептемесi тиiстi кезеңдегі көмiрсутек шикiзаты бағаларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының болжамды деректері мен уәкілеттi орган растаған өндiру көлемiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жоспарланып отырған рентабельдiлiк деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
СРк – көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша сатылымдардың рентабельдiлiгi, пайызбен;
ТТк – осы тармаққа және жер қойнауын пайдаланушының жеке салық есебiн жүргiзу әдiстемесiне (бұдан әрi – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесi) сәйкес есептелген және Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 723-бабының талаптарына сәйкес бекiтiлген кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыс;
Зк – 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін туындаған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 31-тарауына сәйкес есептелген, көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша алынған және өтелмеген шығындар сомасы;
ЖЖТк – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жылдық жиынтық табыс.
Салық кезеңiнде көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша таза табыстың мөлшерiн жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша айқындайды:
ТТк = СТк – КТСк, мұнда:
КТСк – жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша корпоративтiк табыс салығы;
СТк – Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 288-бабында көзделген кiрiс пен шығыс сомасына азайтылған, жер қойнауын пайдаланушының әдiстемесiне сәйкес есептелген көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша салық салынатын табыс.
Салық салынатын табысты айқындау кезiнде қосымша салық мiндеттемелерiнiң есебінен шегерімдер сомасын не өсуi табиғи монополия субъектiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерін көтеруге байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомаларын ұлғайтуды қоспағанда, салық кезеңiнде шегерiмдер сомасы алдыңғы салық кезеңiнiң шегерiмдер сомасынан аспауға тиiс. Ағымдағы аяқталмаған (алдағы) күнтiзбелiк жылы көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң жоспарланып отырған көлемi алдыңғы (ағымдағы) жылдың деңгейiнен 10 %-дан аса ауытқыған жағдайда, көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік деңгейін айқындау мақсаттары үшін шегерiмдер сомасы өндiру көлемiнiң өзгеруіне қарай пропорционалды түрде түзетiлуі мүмкін.
13. Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін ПҚӨС мөлшерлемелері келісімшарт бойынша рентабельділік деңгейі 0 % деңгейге қол жеткізу мақсатында мұнайдың бір баррелі үшін әлемдік баға шәкілі бойынша 1 АҚШ доллары өлшемімен белгіленеді.
Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін ПҚӨС ең төменгі мөлшерлемесі тиісті салық кезеңінде қолданылатын ПҚӨС жалпы белгіленген мөлшерлемесінің 5 %-ы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін белгіленетін ПҚӨС мөлшерлемелері осы Қағидаларға сәйкес тиісті салық кезеңінде қолданылатын ПҚӨС жалпы белгіленген мөлшерлемелерінен аспауға тиіс.
Егер рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін ПҚӨС мөлшерлемелері тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген жыл ішінде белгіленсе, онда күнтізбелік жылдың басынан бастап төленген ПҚӨС, өткен салық кезеңдерінде іс жүзінде қалыптасқан бағалар негізге алына отырып, осы тарауға сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша қайта есептеледі.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 741-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын баға негізінде осы тармаққа сәйкес белгіленген мөлшерлемелерді дербес қолданады.
14. Салық төлеушi осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес белгіленген ПҚӨС мөлшерлемелері қолданылған күнтiзбелiк жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрілмейтін мерзімде ПҚӨС мөлшерлемелерін қолдана отырып, нақты мәліметтердің негiзiнде өткен жылдың рентабельдiлiк көрсеткiштерiнiң есептемесiн жүргiзедi.
Егер кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша нақты рентабельділік деңгейі 0 % мәнінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы ПҚӨС бойынша салықтық міндеттемелерді мына формула бойынша есептелетін мөлшерлеме бойынша қайта есептеуді жүргізеді:
СТк – көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша ПҚӨС мөлшерлемесі, пайызбен;
ЖЖТк – көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген жылдық жиынтық табыс;
Шк – ПҚӨС-ті қоспағанда, көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген шегерімдер;
СБк – жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындарының бiр тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша ПҚӨС-тің салықтық базасы.
Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есептелген ПҚӨС мөлшерлемесінің мөлшері үтірден кейін үлкен санға қарай дөңгелектеу арқылы екі белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген шекті мәндердің шеңберінен аспауға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы ПҚӨС мөлшерлемесінің алынған мәнін өткен күнтізбелік жылы төлеуге жататын ПҚӨС сомасын есептеу үшін қолданады. Егер осы тармаққа сәйкес өткен күнтізбелік жылға есептелген ПҚӨС сомасы осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өткен күнтізбелік жылға есептелген ПҚӨС сомасынан асып кетсе, тиісті асып кету сомасы ПҚӨС жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі. Осы декларацияда көрсетілген ПҚӨС сомасы өткен күнтізбелік жылдың 4-тоқсанының салықтық міндеттемелері болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады. Осы Қағидалардың 12-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша рентабельділіктің нақты деңгейін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер өзгерген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай өзгерістер салық есебінде көрсетілген сәттен бастап күнтізбелік 45 күннен аспайтын мерзімде салықтық міндеттемелерді осы тармаққа сәйкес қайта есептеуді және орындауды дербес жүргізеді.
2-тарау. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу тәртібі
1-параграф. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі
15. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы уәкілетті органға өтінішті бір мезгілде мына талаптарды орындай отырып бере алады:
1) кен орны осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген өлшемшарттардың біріне сәйкес келеді;
2) кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің көлемі жылына 3 (үш) миллион тоннадан аспайды;
3) өткен күнтізбелік жылдың немесе аяқталмаған ағымдағы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің нақты немесе жоспарланған деңгейі 25 %-ға тең немесе одан аз.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің есептемесі кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша көрсеткіштер негізінде осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жүргізіледі.
16. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қол жеткізілген технологиялық көрсеткіштерінің бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігі туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамасының көшірмесі;
3) өтініш берілген күннің алдындағы соңғы тоқсан аяқталған күнгі жағдай бойынша келісімшарттық (лицензиялық) міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
4) осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.
17. Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есептемелердi сұрата алады.
Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұрау салуын алғаннан кейін он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Қағидалардың осы тармағына сәйкес сұратылатын, өтiнiште қамтылған мәліметтерді негіздейтін құжаттар мен есептемелердi уәкілетті органға береді.
18. Уәкiлеттi орган өтініш беруші ұсынған құжаттарда мәліметтер толық болмаған және (немесе) осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұза отырып берілген жағдайда, өтініш және (немесе) өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін қосымша құжаттар мен есептемелер түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде өтiнiшті қараудан дәлелденген бас тартуды жібереді.
19. Өтініш түскеннен кейін уәкілетті орган кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының өлшемшарттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және өтініш берушінің бекітілген жобалық шешімдерді сақтауы туралы қорытынды дайындау үшін бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде өтініш пен оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға қарауға жібереді.
Тиiстi мемлекеттiк органдардың қорытындылары уәкілетті органнан өтiнiш пен оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелері алынған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кеш емес мерзімде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс.
20. Мемлекеттік органдардың қорытындылары алынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кеш емес мерзімде уәкілетті орган қорытындылар қоса берілген өтінішті комиссияның қарауына енгізеді.
21. Комиссия он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде өтінішті қарайды және кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу немесе жатқызудан бас тарту туралы ұсынысты әзірлейді.
22. Комиссия кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы ұсыныс шығарған жағдайда уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізу туралы қаулысының жобасын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді, онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) тау-кендік бөлуге сәйкес кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) атауы және координаталары;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және лицензияның (болған жағдайда) берілген күні және тіркеу нөмірі;
3) осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) сәйкес келетін бір немесе бірнеше өлшемшарттар.
Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі қабылданған күнтізбелік жылдың басынан бастап төленген ПҚӨС қосымша декларациялар беру жолымен Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 741-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын өткен салық кезеңдерінде іс жүзінде қалыптасқан бағалар негізге алына отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мөлшерлемелер бойынша қайта есептеледі.
Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) ПҚӨС әртүрлі мөлшерлемелері белгіленген осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген бірнеше өлшемшарттарға сәйкес келсе, көрсетілген салықты есептеу және төлеу мақсаттары үшін мәні неғұрлым аз мөлшерлеме қолданылады.
23. Осы Қағидалардың 22-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ПҚӨС мөлшерлемелерін қолданған салық төлеуші ПҚӨС осы мөлшерлемелері қолданылған өткен күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кеш емес мерзімде осы Қағидалардың 12-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша нақты деректер негізінде, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ПҚӨС мөлшерлемелерін қолдана отырып кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша көрсеткіштер негізінде өткен жылдағы кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша нақты рентабельділік есептемесін жүргізеді.
Егер кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Қағидалардың 12-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша есептелетін нақты рентабельдік деңгейі 20 % мәннен асып кеткен, бірақ 25 % аспаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы ПҚӨС бойынша салықтық міндеттемелерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Салық кодексінде тиісті жылға белгілеген ПҚӨС-тің базалық мөлшерлемесінен 5 %-ға ұлғайтылған мөлшерлеме бойынша қайта есептеуді жүргізеді.
Егер осы Қағидалардың 12-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша есептелетін кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша нақты рентабельділік деңгейі 25 % мәннен асып кеткен жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы ПҚӨС бойынша салықтық міндеттемелерді мынадай формула бойынша есептелетін мөлшерлеме бойынша қайта есептеуді жүргізеді:
СТб – кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша ПҚӨС мөлшерлемесі, пайызбен;
ЖЖТб – жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жылдық жиынтық табыс;
Шб – ПҚӨС-ті қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша шегерімдер;
СБб – жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша ПҚӨС-тің салықтық базасы;
К – Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен тиісті салық кезеңіне белгіленген пайыздағы мөлшерлемені 100-ге бөлу арқылы ондық бөлшекке ауыстырылған КТС мөлшерлемесінің мәні.
Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есептелген ПҚӨС мөлшерлемесінің мөлшері үтірден кейін үлкен санға қарай дөңгелектеу арқылы екі белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген шекті мәндердің шеңберінен аспауға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы ПҚӨС мөлшерлемесінің алынған мәнін өткен күнтізбелік жылы төлеуге жататын ПҚӨС сомасын есептеу үшін қолданады. Егер осы тармаққа сәйкес өткен күнтізбелік жылға есептелген ПҚӨС сомасы өткен күнтізбелік жылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мөлшерлеме бойынша есептелген ПҚӨС сомасынан асып кеткен жағдайда, тиісті асып кету сомасы ПҚӨС жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі. Осы декларацияда көрсетілген ПҚӨС сомасы өткен күнтізбелік жылдың 4-тоқсанының салықтық міндеттемесі болып табылады және жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады. Осы Қағидалардың 12-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген формула бойынша рентабельділіктің нақты деңгейін есептеу кезінде пайдаланылған көрсеткіштер өзгерген жағдайда, осы тармаққа сәйкес салықтық міндеттемелерді қайта есептеу жүргізіледі.
24. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындары санатына жатқызудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган комиссия әзірлеген ұсыныстарды ескере отырып қабылдайды және он жұмыс күні ішінде бас тартудың себептерін көрсете отырып, жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткізеді.
25. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызудан бас тарту негіздері мыналарды қамтиды:
1) КТС бойынша салықтық міндеттемелердің ұсынылған есептемесінің, сондай-ақ таза табыс есептемесінің, келісімшарттар бойынша тиісті күнтізбелік жылға сатылымдар рентабелділігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, оның ішінде осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес келмеуі;
2) жер қойнауын пайдаланушының өтініш беруші рентабелділік деңгейін есептеу үшін пайдаланатын тиісті күнтізбелік жылға көмірсутек шикізатының негізделмеген болжамды бағасын қолдануы;
3) өндірудің мәлімделген көлемдерінің өндірудің тиісті күнтізбелік жылға арналған жоспарланған көлемдеріне сәйкес келмеуі;
4) өткен күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің нақты немесе жоспарлы деңгейінің 25 %-дан жоғары болуы;
5) кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген, мәлімделген өлшемшарттардың бірде-біреуіне сәйкес келмеуі;
6) мәлімделген өлшемшартқа (өлшемшарттарға) өтініш берушінің бекітілген жобалық шешімдерді (құжаттарды) бұзуы салдарынан қол жеткізуі.
26. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық шешімдерге (құжаттарға) сәйкес кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қайтарымын ұлғайтуға бағытталған шараларды қабылдаудың нәтижесінде кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін орын алған өтініште көрсетілген кен орны (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігі) параметрлерінің өзгеруі бұрын қабылданған шешімді қайта қарауға негіз болмайды.
Өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе игерілу өлшемшартына қарай сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізілген кен орны бойынша бастапқы бекітілген қорлар ұлғайтылған жағдайда, комиссия, өлшемшартты өзгерту жер қойнауын пайдаланушының кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қайтарымын ұлғайтуға бағытталған шараларды қабылдауымен байланысты болмаған жағдайда, егер мұндай ұлғайтудың нәтижесінде кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келмесе, бұрын қабылданған шешімді қайта қарайды.
Көмірсутек саласындағы уәкілетті орган өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізілген кен орындары (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) жөнінде ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынатын қорлар туралы деректерді жыл сайын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының тізбесінде көрсетілген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) сәйкес келетін өлшемшартты (өлшемшарттарды) өзгерту бойынша өтініш бере алады.
2-параграф. Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу өлшемшарттары
27. Кен орнында (кен орындарының бір тобында, кен орнының бір бөлігінде) игеру барысында бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес сарқылу, су басу, дебиттің азаюы көрсеткіштерінің біріне қол жеткізілген не кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) мұнайдың өте тұтқырлығымен сипатталған жағдайда, кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызылуы мүмкін, олар мынадай мәндерге сәйкес келеді:
1) көмірсутек шикізаты кен орнының (кен орындарының тобы бойынша жекелей алғанда әрбір кен орнының, кен орнының бір бөлігінің) сарқылуы белгіленген тәртіппен бекітілген қазылып алынатын қорлардың 80 және одан көп пайызын құрайды.
Кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) сарқылу дәрежесі мынадай формула бойынша есептеледі:
Сд – бекітілген қазып алынатын қорлардың пайызбен көрсетілген мұнай қорының сарқылу дәрежесі;
Qж – тұтастай алғанда тоннамен алынған кен орнындағы (кен орнының бір бөлігіндегі) жинақталған мұнай өнімі;
Qқ – мұнайдың бекітілген қазылып алынатын қорлары, тоннамен;
2) көмірсутек шикізаты кен орнының (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орнының, кен орнының бір бөлігінің) өнімінің су басуы 90 және одан көп пайызды құрайды.
Кен орнын (кен орнының бір бөлігін) су басуы мынадай формула бойынша есептеледі:
Ом – кен орнын (кен орнының бір бөлігін) су басу пайызы;
Qв – өтініш берген күннің алдындағы кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрынғы кезеңде өндірілген су көлемі;
Q ж – өтініш берген күннің алдындағы кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрынғы кезеңде өндірілген сұйықтық көлемі;
3) кен орны (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орны, кен орнының бір бөлігі) мұнайының қойнауқат жағдайындағы тұтқырлығы 200 мПа*сек және одан да көп секундты құрайды;
4) кен орны (кен орындарының топтары бойынша жекелей алғанда әрбір кен орны, кен орнының бір бөлігі) ұңғымаларының орташа дебиті тәулігіне үш тоннадан аз.
Кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша бір ұңғыма мұнайының орташа тәуліктік дебиті мынадай формула бойынша есептеледі:
qн – кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша бір ұңғыма мұнайының орташа тәуліктік дебиті;
Qн – өтініш берген күннің алдындағы кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрынғы кезеңде тоннамен кен орны (кен орнының бір бөлігі) бойынша мұнай өндірудің орташа тәуліктік көлемі;
N – кен орны (кен орнының бір бөлігі) ұңғымаларының тиісті кезеңдегі қолданыстағы өндіруші қорының орташа саны.
Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініш
1. Жер қойнауын пайдаланушының (заңды не жеке тұлғаның) толық атауы:
________________________________________________________________
_______________________________________________________________ .
2. Тұратын жері (пошталық мекенжайы):____________________________ .
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________ .
4. Шеңберінде көмірсутек шикізатын өндіру жүзеге асырылатын және кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу тәртібін қолдану болжанып отырған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт:
4.1. Келісімшарттың толық атауы, келісімшарттың тараптары, келісімшарт жасалған күн:
_______________________________________________________________;
4.2. Құзыретті органда келісімшартты тіркеу күні мен нөмірі:
_______________________________________________________________;
4.3. Келісімшарттың (кен орнының, кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) атауы:
_______________________________________________________________;
4.4. Келісімшарттық аумақтың (кен орнының, кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) орналасуы
_______________________________________________________________;
4.5. Өндірілетін пайдалы қазбаның түрі _____________________________;
5. Өтініш беруге негіздеме (таңдаған жолдарға "Х" белгісі қойылсын):
рентабельділігі төмен
өте тұтқыр
су басқан
дебиті аз
сарқылған
6. Байланысатын адам (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны):
________________________________________________________________ .
Қосымшалар:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
________________________________________________________________
Мөрдің орны
Өтініш берілген күн: 20__ ж. "___" _______________
Көмірсутек шикізатының су басқан, дебеті аз, сарқылған, өте тұтқыр кен орындары (кен орындарының топтары, кен орындарының бөліктері) үшін пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық мөлшерлемелері
1. Өте тұтқыр кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық мөлшерлемелері:
Р/с | Жылдық өндіру көлемі | Тұтқырлығы 200-ден 300мПа*сек болғандағы мөлшерлемелер, %-бен | Тұтқырлығы 300 мПа*сек және одан жоғары болғандағы мөлшерлемелер, %-бен |
1. | 250 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 1,5 | 0,25 |
2. | 500 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,1 | 0,35 |
3. | 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,4 | 0,4 |
4. | 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,7 | 0,45 |
5. | 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,0 | 0,5 |
6. | 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,3 | 0,55 |
7. | 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,6 | 0,6 |
8. | 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,9 | 0,65 |
9. | 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 4,5 | 0,75 |
10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 5,4 | 0,9 |
2. Су басқан кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық мөлшерлемелері:
Р/с | Жылдық өндіру көлемі | Су басуы 85-нан 95 %-ке дейінгі мөлшерлемелер, %-бен | Су басуы 95 % және одан жоғары болғандағы мөлшерлемелер, %-бен |
1. | 250 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 1,5 | 0,25 |
2. | 500 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,1 | 0,35 |
3. | 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,4 | 0,4 |
4. | 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,7 | 0,45 |
5. | 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3 | 0,5 |
6. | 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,3 | 0,55 |
7. | 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,6 | 0,6 |
8. | 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,9 | 0,65 |
9. | 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 4,5 | 0,75 |
10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 5,4 | 0,9 |
3. Сарқылған кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық мөлшерлемелері:
Р/с | Жылдық өндіру көлемі | Сарқылуы 80-нен 95 %-ке дейінгі мөлшерлемелер, %-бен | Сарқылуы 95 % және одан жоғары болғандағы мөлшерлемелер, %-бен |
1. | 250 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 1,5 | 0,25 |
3. | 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,4 | 0,4 |
4. | 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,7 | 0,45 |
5. | 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3 | 0,5 |
6. | 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,3 | 0,55 |
7. | 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,6 | 0,6 |
8. | 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,9 | 0,65 |
9. | 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 4,5 | 0,75 |
10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 5,4 | 0,9 |
4. Дебиті аз кен орындары үшін шикі мұнай пайдалы қазбаларын өндіруге арналған салық мөлшерлемелері:
Р/с | Жылдық өндіру көлемі | Ұңғымалардың дебиттері тәулігіне 2 т-дан 3 т-ға дейінгі мөлшерлемелер, %-бен | Ұңғымалардың дебиттері тәулігіне 1 т-дан 2 т-ға дейінгі мөлшерлемелер, %-бен | Ұңғымалардың дебиттері тәулігіне 1 т-дан аз болғандағы мөлшерлемелер, %-бен |
1. | 250 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,5 | 1,5 | 0,25 |
2. | 500 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,5 | 2,1 | 0,35 |
3. | 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 4 | 2,4 | 0,4 |
4. | 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 4,5 | 2,7 | 0,45 |
5. | 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 5 | 3 | 0,5 |
6. | 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 5,5 | 3,3 | 0,55 |
7. | 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 6 | 3,6 | 0,6 |
8. | 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 6,5 | 3,9 | 0,65 |
9. | 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 7,5 | 4,5 | 0,75 |
10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 9 | 5,4 | 0,9 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Көмірсутек шикізаты кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және Су басқан, дебиті аз, сарқылған, өте тұтқыр көмірсутек шикізаты кен орнын игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысы.
2. "Көмiрсутек шикiзаты кен орнын игерудi көздейтiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартты рентабельдiлiгi төмен санатқа, сондай-ақ көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және Су басқан, дебитi аз, сарқылған, өте тұтқыр көмiрсутек шикiзаты кен орнын игеретiн жер қойнауын пайдаланушылар үшiн пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық мөлшерлемелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 1248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1050-құжат).
3. "Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидасын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 893 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57 – 58, 454-құжат).