Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысы.

Қолданыстағы

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат);

      2) "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 34-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 171 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері

Кедендік төлемнің атауы

Мөлшерлеме теңгемен

1

2

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым

тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 19000 теңге;
тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 7000 теңге

Кедендік алып жүру үшін кедендік алым

50 км дейінгі қашықтыққа 4000 теңге,
50-ден 100 км дейінгі қашықтыққа 6000 теңге,
100-ден 200 км дейінгі қашықтыққа 9000 теңге,
200-ден 400 км дейінгі қашықтыққа 45000 теңге,
400-ден 600 км дейінгі қашықтыққа 76000 теңге,
600-ден 800 км дейінгі қашықтыққа 116000 теңге,
800-ден 1000 км дейінгі қашықтыққа 121000 теңге,
1000-нан 1500 км дейінгі қашықтыққа 199000 теңге,
1500-ден 2000 км дейінгі қашықтыққа 273000 теңге,
2000-нан 2500 км дейінгі қашықтыққа 321000 теңге.

Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым

32000 теңге