Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚазҰМУ" КеАҚ) құрылсын.
2. "ҚазҰМУ" КЕАҚ қызметінің негізгі түрлері жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты", "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы", "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы", "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" (бұдан әрі – "ҚазОРҒЗИ" АҚ), "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" (бұдан әрі – "АГПҒО" АҚ), "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" (бұдан әрі – "ПБХҒО" АҚ), "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" (бұдан әрі – "КІАҒЗИ" АҚ) акционерлік қоғамдары болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық медицина университеті" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҰМУ" АҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
5. "ҰМУ" АҚ қызметінің негізгі түрлері жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі болып айқындалсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "ҚазҰМУ" КеАҚ, "ҚазОРҒЗИ" АҚ, "АГПҒО" АҚ, "ПБХҒО" АҚ, "КІАҒЗИ" АҚ және "ҰМУ" АҚ жарғыларын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін "ҚазҰМУ" КеАҚ, "ҚазОРҒЗИ" АҚ, "АГПҒО" АҚ, "ПБХҒО" АҚ, "КІАҒЗИ" АҚ және "ҰМУ" АҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлауды;
3) "ҚазҰМУ" КеАҚ, "ҚазОРҒЗИ" АҚ, "АГПҒО" АҚ, "ПБХҒО" АҚ, "КІАҒЗИ" АҚ және "ҰМУ" АҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) "ҚазҰМУ" КеАҚ, "ҚазОРҒЗИ" АҚ, "АГПҒО" АҚ, "ПБХҒО" АҚ, "КІАҒЗИ" АҚ және "ҰМУ" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 1, 3 және 6-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен "ҚазОРҒЗИ" АҚ, "АГПҒО" АҚ, "ПБХҒО" АҚ, "КІАҒЗИ" АҚ және "А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерін "ҚазҰМУ" КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру үшін берсін.
8. "ҚазҰМУ" КеАҚ осы қаулының 4 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін оған "ҰМУ" АҚ-ны қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
9. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 166 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
123-151-жолмен толықтырылсын:
"123-151. "С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-20-жолмен толықтырылсын:
"227-20. "С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".
3. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 122-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
122. | "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы |
"; |
реттік нөмірі 124-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
124. | "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы |
"; |
реттік нөмірі 127-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
127. | "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы |
"; |
реттік нөмірі 133-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
133. | "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы |
". |
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 8 және 20-жолдар алып тасталсын;
"4. Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
"11. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".