Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы" 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 93 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2021 № 590 қаулысымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы үлгі ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік органның жаңа құрылымдық бөлімшесі құрылған кезде нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік органның құрылатын құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыруы тиіс функцияларды айқындау тұрғысынан талдау жүргізіледі.

      Талдауды құрылымдық бөлімше құрылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі жүргізеді.

      Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің құрылымы, міндеттері мен функцияларының тізбесі айқындалады, олардың негізінде құрылымдық бөлімше туралы ереженің жобасы әзірленеді.

      Мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерi осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ережелердi әзiрлейтiн ведомстволар мен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органның аумақтық органдарын қоспағанда, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ережені әзiрлейдi.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) орталық атқарушы органдарда және аумақтық органдарда (жауапты хатшы жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде) – жауапты хатшы (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға);";

      Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидаға қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:


  "Мемлекеттік органның
құрылымдық бөлімшесі туралы
ережені әзірлеу және бекіту
жөніндегі қағидаға
1-қосымша";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;

      2) "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 106-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік орган туралы ережені (бұдан әрі – ереже) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереженің талаптарына және осы Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – нұсқаулық) сәйкес дербес әзірлейді.

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның, орталық атқарушы органның, мәслихат аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік органның, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттар қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және басқа да қосалқы жұмысын атқаратын мемлекеттік органның, атқарушы мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органның ережесін әзірлеу кезінде қолданылады.".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 93 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік орган туралы үлгі ереже

1-тарау. Жалпы ережелер


      1. ______________________________ * ___________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. ______________________________ мынадай ведомстволары бар
(мемлекеттік органның атауы)

      (болған жағдайда):

      1) ______________________________;

      2) ______________________________;

      3) ______________________________.

      3.______________________________ өз қызметін Қазақстан
(мемлекеттік органның атауы)

      Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. ______________________________ мемлекеттік мекеме
(мемлекеттік органның атауы)

      ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. ______________________________ азаматтық-құқықтық қатынастарға
(мемлекеттік органның атауы)

      өз атынан түседі.

      6. ______________________________ егер заңнамаға сәйкес осыған
(мемлекеттік органның атауы)

      уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. ______________________________ өз құзыретінің мәселелері бойынша

      (мемлекеттік органның атауы)

      заңнамада белгіленген тәртіппен ____________________________ басшысының

      (мемлекеттік органның атауы)

      бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. ______________________________ құрылымы мен штат санының
(мемлекеттік органның атауы)

      лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "______________________"

      (мемлекеттік органның атауы)

      мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже ______________________________ құрылтай құжаты
(мемлекеттік органның атауы)

      болып табылады.

      12. ______________________________ қызметін қаржыландыру
(мемлекеттік органның атауы)

      республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. ______________________________ кәсіпкерлік субъектілерімен
(мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________ функциялары болып табылатын
(мемлекеттік органның атауы)

      міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер _________________________ заңнамалық актілермен кірістер
(мемлекеттік органның атауы)

      әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


      14. ______________________________ миссиясы:

      (мемлекеттік органның атауы)
____________________________________

      _________________________________________________________________________

      15. Міндеттері:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      16. Функциялары:

      1) орталық аппараттың функциялары:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      2) ведомстволардың функциялары:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.


3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру


      18. __________________________ басшылықты бірінші басшы
(мемлекеттік органның атауы)

      жүзеге асырады ________________________, ол жүктелген міндеттердің
(мемлекеттік органның атауы)

      орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      19. _________________________ бірінші басшысы Қазақстан
(мемлекеттік органның атауы)

      Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. _____________________________ бірінші басшысының Қазақстан
(мемлекеттік органның атауы)

      Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. ________________________ бірінші басшысының өкілеттігі:

      (мемлекеттік органның атауы)

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      ______________________________ бірінші басшысы болмаған кезеңде

      (мемлекеттік органның атауы)

      оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      23. _______________________ аппаратын Қазақстан Республикасының
(мемлекеттік органның атауы)

      қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын _________________________ басқарады.

                     (лауазымды тұлғаның атауы)

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. ______________________________ заңнамада көзделген
(мемлекеттік органның атауы)

      жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      ______________________________ мүлкі оған меншік иесі берген
(мемлекеттік органның атауы)

      мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. ______________________________ бекітілген мүлік
(мемлекеттік органның атауы)

      республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, _____________________________,
(мемлекеттік органның атауы)

      өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. ______________________________ қайта ұйымдастыру және
(мемлекеттік органның атауы)

      тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      ______________________________ және оның

      (мемлекеттік органның атауы)

      ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________


      ______________________________ қарамағындағы аумақтық
(мемлекеттік органның атауы)

      органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлiмшелерiнің тізбесі

      _____________________________

      ______________________________

      ______________________________


      ______________________________ және оның ведомстволарының
(мемлекеттік органның атауы)

      қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________


      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық атқарушы органдар, мәслихат аппараты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және басқа да қосалқы жұмысын орындайтын мемлекеттік орган, мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, атқарушы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі мемлекеттік орган.

 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 93 қаулысына
қосымша
 
  Мемлекеттік органның
құрылымдық бөлімшесі туралы
ережені әзірлеу және бекіту
жөніндегі қағидаға
2-қосымша

Ведомство мен оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ мемлекеттік органның аумақтық органдары туралы ереженің үлгі нысаны

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. _____________________________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      __________ саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының _________________________ ведомствосы/ ведомствосының
(мемлекеттік органның аты)

      аумақтық бөлімшесі/ мемлекеттік органның аумақтық органы болып табылады.

      2.______________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. _____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. _____________________________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      азаматтық-құқықтық қатынастарға қатынастарға өз атынан түседі.

      5. _____________________________________________________________,
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. _____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ____________________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. _____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "___________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық

      ________________________________________________" мемлекеттік мекемесі.

      бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      10. Осы Ереже __________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      құрылтай құжаты болып табылады.

      11. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      кәсіпкерлік субъектілерімен ___________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер ___________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Ведомствоның немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органның аумақтық органының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


      13. Міндеттері:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      14. Функциялары:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

3-тарау. Ведомствоның немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органның аумақтық органының қызметін ұйымдастыру

      16. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      басшылықты _________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік
_________________________________

      органның аумақтық органының атауы)

      жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. ____________________________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      басшысы __________________________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. ________________________ басшысының өкілеттігі:

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      _______________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Ведомствоның немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органның аумақтық органының мүлкі

      21. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      _______________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. ___________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
аумақтық органының атауы)

      бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, ____________________________,

                                    (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық

      бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Ведомствоның немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органның аумақтық органын қайта ұйымдастыру және тарату


      24. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      ______________________________ қарамағындағы ұйымдардың
(ведомстволардың атауы)

      тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________


      ______________________________ қарамағындағы аумақтық
(ведомствоның атауы)

      бөлiмшелерiнің тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________