Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен


      Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2021 № 590 қаулысымен.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағида (бұдан әрі – Қағида) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде өздерінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін Қағидаға қоса беріліп отырған үлгі нысанға сәйкес келтірсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1125 қаулысымен
бекітілген

      Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағида
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидасы (бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді біріздендіру және осы ережелерде қамтылуға тиіс нормаларды белгілеу мақсатында әзірленді.

      2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі – мемлекеттік органның ресми бөлінген бөлігі, оған мемлекеттік орган қызметінің нақты бағытын іске асыру мақсатында оның міндеттерінің, функциялары мен жауапкершілігінің бір бөлігі жүктеледі.

      Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңдарымен, "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен регламенттеледі.

            Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту тәртібі

      3. Мемлекеттік органның жаңа құрылымдық бөлімшесі құрылған кезде нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік органның құрылатын құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыруы тиіс функцияларды айқындау тұрғысынан талдау жүргізіледі.

      Талдауды құрылымдық бөлімше құрылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның кадр қызметі жүргізеді.

      Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің құрылымы, міндеттері мен функцияларының тізбесі айқындалады, олардың негізінде құрылымдық бөлімше туралы ереженің жобасы әзірленеді.

      Мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерi осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ережелердi әзiрлейтiн ведомстволар мен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органның аумақтық органдарын қоспағанда, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ережені әзiрлейдi.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның салалық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп (құрылымдық бөлімшенің міндеттері мен өкілеттіктеріне байланысты), кадр қызметі әзірлейді.

      5. Ереженің әзірленген жобасы үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның заң қызметімен келісіледі, ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда екі жұмыс күні ішінде пысықталады.

      6. Ереженің жобасын бекіту мемлекеттік органның заң қызметімен келісілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ереже жобасының әрбір бетіне мемлекеттік органның кадр қызметінің және құрылған құрылымдық бөлімшенің басшылары (не оның міндетін атқаратын адам) қол қояды.

      Ережені:

      1) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарда және олардың аумақтық органдарында – тиісті басшы;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Парламентінің палаталары аппараттарында, Орталық сайлау комиссиясында, Конституциялық Кеңесінде, Жоғарғы Сотында, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығында - тиісті басшы;

      3) орталық атқарушы органдарда – министр (министрдің өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адам);

      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, мәслихаттар мен әкімнің аппараттарында – тиісті басшы бекітеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.09.2013 № 932 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 886 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.03.2018 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғанда не құрылымдық бөлімшенің функциялары өзгерген жағдайда:

      1) Құрылымдық бөлімше туралы ережеге өзгерістер осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес бес жұмыс күні ішінде енгізіледі;

      2) Ережеге өзгерістер енгізілген кезде Ереже жобасының әрбір бетіне кадр қызметі, сондай-ақ тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды.

      Мемлекеттік органның
құрылымдық бөлімшесі туралы
ережені әзірлеу және бекіту
жөніндегі қағидаға
1-қосымша

      Ескерту. Оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережесінің үлгі нысаны
1. Жалпы ережелер

      1. (Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы) (мемлекеттік органның атауы) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

      4. Құрылымдық бөлімше*:

      1)___________________________________________________;

      2)___________________________________________________;

      3)____________________________________________ тұрады.

      ________________________

      * бұл тармақты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелері бар құрылымдық бөлімшелер толтырады.

      2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      5. Міндеті:

      Функциялары:

      1)___________________________________________________;

      2)___________________________________________________.

      6. Міндеті:

      Функциялары:

      1)____________________________________________________;

      2)____________________________________________________.

      7. Міндеті:

      Функциялары:

      1)____________________________________________________;

      2)____________________________________________________.

      8. Құқығы және міндеттері:

      1)____________________________________________________;

      2)____________________________________________________.

      3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

      9. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

      10. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары) болады.

      12. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      13. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      14. Басшы осы мақсатта:

      1) өзінің орынбасары (орынбасарлары) болған жағдайда, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) құрылымдық бөлімшенің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      15. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары):

      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшенің қызметін үлестіреді;

      2) құрылымдық бөлімшенің басшысы болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

      Мемлекеттік органның
құрылымдық бөлімшесі туралы
ережені әзірлеу және бекіту
жөніндегі қағидаға
2-қосымша

      Ведомство мен оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ мемлекеттік органның аумақтық органдары туралы ереженің үлгі нысаны


      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. _____________________________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      __________ саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының _________________________ ведомствосы/ ведомствосының
(мемлекеттік органның аты)

      аумақтық бөлімшесі/ мемлекеттік органның аумақтық органы болып табылады.

      2.______________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. _____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. _____________________________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      азаматтық-құқықтық қатынастарға қатынастарға өз атынан түседі.

      5. _____________________________________________________________,
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. _____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ____________________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. _____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "___________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық

      ________________________________________________" мемлекеттік мекемесі.

      бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      10. Осы Ереже __________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      құрылтай құжаты болып табылады.

      11. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      кәсіпкерлік субъектілерімен ___________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер ___________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      2-тарау. Ведомствоның немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органның аумақтық органының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


      13. Міндеттері:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      14. Функциялары:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      3-тарау. Ведомствоның немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органның аумақтық органының қызметін ұйымдастыру

      16. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      басшылықты _________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік
_________________________________

      органның аумақтық органының атауы)

      жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. ____________________________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      басшысы __________________________________________________________

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. ________________________ басшысының өкілеттігі:

      (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      ______________________________;

      ______________________________;

      ______________________________.

      _______________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      4-тарау. Ведомствоның немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органның аумақтық органының мүлкі

      21. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      _______________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
__________________________

      аумақтық органының атауы)

      мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. ___________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның
аумақтық органының атауы)

      бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, ____________________________,

                                    (ведомствоның/ ведомствоның аумақтық

      бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      5-тарау. Ведомствоның немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органның аумақтық органын қайта ұйымдастыру және тарату


      24. ____________________________________________________________
(ведомствоның/ ведомствоның аумақтық бөлімшесінің/ мемлекеттік органның аумақтық органының атауы)

      қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      ______________________________ қарамағындағы ұйымдардың
(ведомстволардың атауы)

      тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________


      ______________________________ қарамағындағы аумақтық
(ведомствоның атауы)

      бөлiмшелерiнің тізбесі

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________