Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 66 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру үшін тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттар ұсынылады:
1) орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өтінішхаты;
2) орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі;
3) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша заңды тұлғаның ұжымы өткізген жиналыстың хаттамасы;
4) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектіге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша объектінің бірінші басшысының ұсыныс хаты;
5) объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы анықтамалық материалдар (мәліметтер, архивтік және басқа да деректер);
6) анықтамалық материалдар қоса берілген, осы Қағидалардың 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, объектіге, мемлекеттік заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға есімін беру (қайта атау) ұсынылатын тұлғаның өмірбаян деректері;
7) объектіге атау беру және қайта атау, сондай-ақ оның атауының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша қаржыландыру көздері туралы мәліметтер.".
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 465-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы ережені бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы ереже бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы № 183 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 50-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қалымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 160-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 45-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 66 қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Ереже құжаттарды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының (бұдан әрі – Қор) құрамына жатқызу тәртібі, оларды есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қор – Заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық архивтердің, архивтік қорлар мен коллекциялардың, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы;
2) архив – архив құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ архив мекемесі немесе мекеменің, ұйымның не кәсіпорынның пайдаланушылардың мүдделері үшін архив құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
3) архив қорлары – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттар жиынтығы;
4) архив коллекциясы – қор құрушылар қызметінде құрылған және бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттар жиынтығы.
4. Қор мемлекеттік және жеке меншіктегі құжаттардан тұрады.
2. Құжаттарды, архивтерді, архивтік қорлар мен коллекцияларды
Қордың құрамына жатқызу тәртібі
5. Құжаттарды, архивтерді, архивтік қорлар мен коллекцияларды Қордың құрамына жатқызуды Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптаудың негізінде осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Республикалық меншіктегі құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру үшін уәкілетті орган Орталық сараптау-тексеру комиссиясын (бұдан әрі – ОСТК), коммуналдық меншіктегілер үшін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) сараптау-тексеру комиссияларын (бұдан әрі – СТК) құрады.
7. ОСТК туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді, СТК туралы ережені және оның құрамын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
8. Құжаттардың пайда болуы, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері оның құндылығының өлшемі болып табылады.
9. Құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау нәтижесі оң болған кезде уәкілетті орган құжатты Қордың құрамына жатқызу бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.
10. Уәкілетті орган құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау қорытындысы теріс болған кезде Қордың толықтыру көздеріне Қор құрамына құжатты енгізуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.
11. Қордың толықтыру көздері СТК қорытындыларына ОСТК-ға шағым жасауы мүмкін.
12. Қордың мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Қордың құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берілетін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарына беріледі.
13. Қордың жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері мен уәкілетті орган қол қоятын шарттарда тіркеледі.
14. Қордың құжаттарын және олардың сақтандыру көшірмелерін мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде тұрақты және уақытша сақтау тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
3. Құжаттарды, архивтерді, архивтік қорлар мен коллекцияларды
Қордың құрамынан шығару тәртібі
15. Құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларды Қордың құрамынан шығару құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
16. Егер құжат ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызын жоғалтса, құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларды Қордың құрамынан шығару міндетті болып табылады.
Қордың құрамынан саяси және идеологиялық пікірлерге байланысты шығаруға тыйым салынады.
17. Қордың құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берілетін мемлекеттік архивтер уәкілетті органға құжатты Қордың құрамынан шығару туралы өтініш жолдайды.
18. Уәкілетті орган ОСТК немесе СТК оң қорытындыларының негізінде құжатты Қордың құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды.
Құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау нәтижесі теріс болған кезде мемлекеттік архивтерге құжатты Қордың құрамынан шығарудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолданады.
19. СТК қорытындыларына мемлекеттік архивтер ОСТК-ға шағым жасауы мүмкін.
4. Қордың құжаттарын есепке алу және сақтауды
ұйымдастыру тәртібі
20. Қор құжаттарының меншік нысандарына қарамастан, олар орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуға тиіс.
21. Қордың құжаттарын мемлекеттік есепке алу тәртібі орталықтандыру, біріздендіру, реттілік, толымдылық пен шынайылық қағидаттарына негізделеді.
22. Қордың құжаттарын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 66 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық
архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары
1. Осы Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары мемлекеттік және ведомстволық архивтердің (бұдан әрі – архивтік мекемелер) архив құжаттарын жасаушылармен және пайдаланушылармен қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді.
2. Архивтік мекемелер жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызметті мына бағыттар бойынша көрсетеді:
1) архив ісін және құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу және әдістемелік әзірленімдер енгізу;
2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;
3) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтініштері) бойынша құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
4) архив құжаттарын сақтаудың температуралық-ылғалдылық және физикалық-химиялық параметрлерін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар әзірлеу, әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
5) архивтік істер мен құжаттарды қайта қалпына келтіру, түптеу, архивтік қораптар дайындау;
6) архив құжаттарының сақтық көшірмелерін дайындау, мәтіндерін қалпына келтіру;
7) архив қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасау мен жетілдіруде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
8) тапсырыстар (өтініштер) бойынша тектану және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргізу және архив құжаттарын пайдалануды қоспағанда архив құжаттарын көшірмелеу.
3. Архивтік мекемелер жеке немесе заңды тұлғалармен жасасқан шарттардың негізінде ақылы қызмет көрсетеді. Бұл ретте ақылы қызмет көрсету жөніндегі келісімшартта заңнамада белгіленген талаптардан басқа, қызмет түрлері, олардың көлемі, баға көрсеткіші бойынша құны, қызмет көрсету мерзімдері және келісуші тараптардың жауапкершілігі туралы мәліметтер болуы тиіс.
4. 2-тармақта көрсетілген ақылы қызметтің баға көрсеткішін архив ісі саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органы бекітеді.
5. Архивтік мекемелерде ақылы қызметтен түсетін қаржы мемлекеттік мекеменің ағымдағы "Ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражат" шотына есептеледі және кірістер мен шығыстар сметасына сәйкес қатаң түрде нысаналы бағыты бойынша жұмсалады. Оларға бюджет қаражатына билік ету құқығы берілген мемлекеттік мекемелердің басшылары иелік етушілер болып табылады.
6. Архивтік мекемелер ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржыны мыналарға:
1) мемлекеттік және ведомстволық архивтердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
2) ақылы қызмет көрсетуге қажетті жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға және оларды жөндеуге;
3) ақылы қызмет көрсетуге тартылған мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
4) шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алу, көліктік қызметке ақы төлеу);
5) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар тапсырыстары (өтініштері) бойынша құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқытуды жүргізу үшін және үй-жайды жалға алуға, оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға;
6) архивтану, құжаттану, археография және қосалқы тарихи пәндер бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттер шығаруға пайдаланылуы мүмкін.
7. Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржының кірістер мен шығыстар сметалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.
8. Ақылы қызметтен түсетін қаржыны есепке алу, оның есептілігі және бақылау заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 66 қаулысына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 578 қаулысымен бекітілген |
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын (бұдан әрі – Қор) құру, толықтыру, сақтауды ұйымдастыру және есебін жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
3. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және олар жоғалған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығын білдіреді.
4. Қор айрықша кезеңде немесе бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде құжаттардың түпнұсқалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда ақпаратты сақтау және пайдалану үшін құрылады.
5. Қор мемлекет меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органының қарауында болады.
6. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мемлекеттік архивтері, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік архивтері және олардың филиалдары, арнайы мемлекеттік архивтер, мемлекеттік кітапханалар, музейлер құжаттарының сақтандыру көшірмелері Қорды қалыптастыру негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, арнайы экономикалық аймақтар әкімшілік кеңестерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шетелдердегі, ведомстволық архивтері Қорды толықтыру көздері болып табылады.
Қор жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі құжаттардың сақтандыру көшірмелерін мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға беру, сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу жолымен толықтырылуы да мүмкін.
7. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері сақтық көшірме жасау үшін құжаттарды іріктеуді, құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындауды және олардың түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Сақтандыру көшірмелерін жасауға жатқызылған құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы айқындайды.
8. Сақтандыру көшірмелерін дайындау технологиясын, оларды сақтау режимін Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік-техникалық құжаттар жүйесі негізінде белгілейді.
9. Мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттардың сақтандыру көшірмелерін есепке алу, сақтау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
2. Қордың құрамы
10. Қордың құрамына мыналардың шағын фото көшірмелері (шағын фильмдер, шағын фишалар) және басқа да ұзақ сақталатын көздерде орындалған шағын нысандары кіреді:
1) заңнамалық кесімдер және басқа да ресми құжаттар;
2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнайы құжаттамалар;
3) машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттамалар;
4) тарих және мәдениеттің деректі ескерткіштері;
5) жеке адамның ұлттық құндылық болып табылатын құжаттары және өзге де құжаттамалар;
6) Қазақстан Республикасының меншігіне түскен өзге де құжаттар.
3. Қорды сақтауды және оны есепке алуды ұйымдастыру
11. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде құжаттардың сақтандыру көшірмелерін сақтау тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қорға қол сұғуға болмайды және ол сақтандыру көшірмелері жасалған құжаттардың түпнұсқаларынан бөлек сақталады.
12. Қорды сақтау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мамандандырылған мемлекеттік қоймалар құрылуы мүмкін.
13. Мамандандырылған мемлекеттік қоймалар туралы ережені Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы бекітеді.
14. Қордың есебін Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін ережеге сәйкес мыналар жүргізеді:
1) мамандандырылған мемлекеттік қоймалар;
2) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің архиві;
4) республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мемлекеттік архивтері;
5) облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдары;
6) арнайы мемлекеттік архивтер;
7) мемлекеттік кітапханалар мен музейлер;
8) құжаттарды мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға өткізгенге дейін – ведомстволық архивтер.
15. Қорды орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
4. Қорды жоспарлау
16. Қорды құру және толықтыру жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы үйлестіреді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 66 қаулысына 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі
құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге
рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын (бұдан әрі – Ұлттық архив қорының құжаттары) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
өтініш беруші – мемлекеттік органға Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат алуға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
рұқсат – Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша әкету құқығын растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
сақтандыру көшірмесі – Ұлттық архив қорының түпнұсқа құжатының ақпараты мен сыртқы белгілерін толық қайта шығаратын, оның жоғалуы немесе зақымдануы жағдайына дайындалған көшірме;
уәкілетті орган – архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органы.
2. Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібі
3. Ұлттық архив қорының құжаттарын (бұдан әрі – сұратылған құжаттар) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету уақытша көрмеге қою, қалпына келтіру жұмыстары, тұсаукесерлер, көрмелер және басқа да халықаралық мәдени іс-шаралар үшін жүзеге асырылады.
4. Сұратылған құжаттарды уақытша әкету туралы өтініш уәкілетті органға ұсынылады.
Өтініште сұратылған құжаттарды уақытша әкету мақсаты және болатын елде оларды орналастыру шарттары көрсетіледі.
Заңды тұлғаның атынан өтінішке бірінші басшы не оны алмастырушы тұлға қол қояды.
5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке тұлға үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлға үшін – құрылтай құжаттарының көшірмелері;
Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлғаның осы тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын басқа заңдастырылған құжаты.
Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі;
3) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің бар болуы туралы мемлекеттік архивтің анықтамасы.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттар нотариалды куәландырылған немесе тиісті үлгіде жария етілген болуы тиіс.
6. Уәкілетті орган өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды оларды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.
7. Өтінішті қарау кезінде сұратылған құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізіледі.
8. Қарау қорытындысы бойынша және сараптамалық қорытынды негізінде уәкілетті орган сұратылған құжаттарды уақытша әкетуге рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Уәкілетті орган өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алты айдан аспайтын мерзімге рұқсат береді.
10. Мыналар:
1) сұратылған құжаттарды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкетуді қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
2) сұратылған құжаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің болуы рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
11. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың бірыңғай деректер базасын жүргізеді.
Деректер базасына сұратылған құжаттардың мазмұны, физикалық жай-күйі, архив қорларының атауы, оларды уақытша әкету мақсаты туралы мәліметтер, қайтару мерзімі және Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде қайтарылған күні енгізіледі.
Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының
уақытша әкетуге рұқсат сұратылған құжаттарының
тізбесі
Р/с № |
Құжаттың, істің сипаттамасы | Іздестіру деректері** |
Физикалық |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тізбеге барлығы _____________________________ сақтау бірлігі енгізілді.
(цифрмен және жазумен)
Өтініш беруші ____________ ___________________________
(ұйым атауын көрсете отырып, (қолы) (Т.А.Ә)
лауазымының атауы)
Ескертпе:
*құжаттың, істің (сақтау бірлігінің) атауымен бірге ақпараттың тасымалдаушысы мен оны қайта шығару тәсілі, түпнұсқалылығы немесе көшірме екендігі, өзіне тән сыртқы белгілері, өлшемдері көрсетіледі;
**құжаттың, істің (сақтау бірлігінің) сақтау орны, мемлекеттік архивтің атауы, қордың, тізімдеменің, сақтау бірлігінің нөмірі, парақтардың саны көрсетіледі (егер тізбеге істің жекелеген құжаттары енгізілсе, парақтардың нөмірлері көрсетіледі).
Басшының қолы және мөрі әрбір бетке қойылады.
Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
Уәкілетті органның | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы |
Уәкілетті органның атауы |
Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерге уақытша әкету құқығын беретін
№ _____ рұқсат
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі)
_____________________________________________________________
қоса беріліп отырған________парақтағы тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша әкету құқығы берілді.
Құжаттар____________________________ (ел) уақытша әкетіледі.
Уақытша әкетудің мақсаты: көрмеге қою, қалпына келтіру жұмыстары (қажеттісінің астын сызу), өзге де жағдайлар (көрсету) ______________________________________
____________________________________________________________________.
Болатын мерзімі__________ бастап____________ дейінгі кезеңде.
____________________________________________________________________
_______________________________ негізінде уақытша әкетуге рұқсат берілді.
Мемлекеттік органның ____________________ _____________
Басшысы (қолы) (Т.А.Ә.)
(ұйымның атауын көрсете отырып,
лауазымының атауы)
М.О.
20____ жылғы "____" ________________ ________________
(берілген орны)
Кеден және шекара қызметтерінің белгілері