Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және "Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 603-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42, 43-жолдармен толықтырылсын:
"
42. | Сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
43. | Саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Минситрі |
Б. Сағынтаев |