Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және "Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.01.2023 № 32 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, № 696-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1161 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.02.2018 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 17.11.2020 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с

Атауы

1

2

Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарлар

1.

Дауыс беру кабиналарын дайындауға арналған мата

2.

Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындауға арналған қағаз

3.

Мәжіліс залдары үшін жиһаз сатып алу

4.

Сайлау құжаттарын сақтауға арналған металл сейф

5.

Компакт-дискілер

6.

Кеңсе тауарлары

7.

Желілік және серверлік жабдық, компьютерлер, принтерлер, көшірме жасайтын аппараттар, факстар, телефон аппараттары, дыбыс-, бейнеаппаратурасы

8.

Серверлік жабдыққа, компьютерлерге, принтерге, көшірме жасайтын және факсимиле аппараттарына арналған жиынтықтауыш және шығыс материалдары

9.

А4, А3 форматты қағаз

10.

Шет мемлекеттердің үстел үстіне қойылатын жалаушалары

11.

Секьюрити пакеттері (сайлау құжаттары үшін арнайы қорғау белгісі бар конверттер)

12.

Кәдесыйлар

13.

Портфельдер, папкалар

14.

Халықаралық байқаушылар үшін Қазақстан жолдарының карта-схемалары

15.

Жанар-жағармай материалдары

16.

Бейдждерге арналған баулар

16-1.

Жеке қорғаныш құралдары: маскалар, қорғаныш қалқалары, қолғаптар, бактерияға қарсы әсері бар қолға арналған құралдар (қолға арналған антисептик), обаға қарсы қорғану костюмдері, бірреттік медициналық халаттар

16-2.

Лупалар

16-3.

Дезинфекциялық кілемшелер

Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті жұмыстар

17.

Үгіттеу бейне, дыбысроликтерін, фильмдерді, ақпараттық баннерлерді, билбордтарды, стендтерді дайындау

18.

Дауыс беруге арналған кабиналарды дайындау

19.

Сайлау учаскелері мен дауыс беруге арналған пункттерде орналастыру үшін мемлекеттік рәміздерді дайындау

20.

Президенттің, мәслихат депутатының омырау белгісін және оған қоса берілетін құжаттарды дайындау

21.

Дауыс беруге арналған тұрақты және тасымалданатын жәшіктерді дайындау

22.

Жәшіктерге арналған жиынтықтауыштарды дайындау:
мөрлеуге немесе пломбалауға арналған фиксаторлар; желімделетін стикер (Қазақстан Республикасының елтаңбасы), металл бұрыштар

23.

Сайлау жәшіктерін (пломбаларды) мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құрылғыларды дайындау

24.

Сайлау комиссиялары үшін мөрлер мен мөртабандарды дайындау

25.

Медальондарды дайындау

26.

Компакт-дискілерде ақпараттың көшірмесін дайындау (тираждау)

27.

Полиграфия және баспа өнімдерін дайындау: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттардың үгіт материалдары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері; президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдаушы сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; президенттікке, Парламент, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, халықаралық байқаушылардың, президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының куәліктері; брошюралар; жадынамалар; кітаптар; күнтізбелер; күнделіктер; планингтер; пакеттер; бейдждер; блокноттар; сайлаушыларды сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер

Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті көрсетілетін қызметтер

28.

Үй-жайларды жалдау қызметтері

29.

Автокөлік қызметтері

30.

Сайлау комиссиялары үшін жабдықтарды жалдау қызметтері

31.

Байланыс қызметтері: интернет, кабельді телевизия, телефон, пошта, байланыс орталығының қызметтері (колл-орталық)

32.

Өзіне-өзі қызмет көрсету және төлемдер терминалдары арқылы ақпараттық қолдау қызметтері

33.

Ұялы байланыс операторларының ақпараттық хабарлар жіберу қызметтері

34.

Жабдықтар мен техникалық жүйелерге профилактикалық және сервистік қызмет көрсету қызметтері

35.

Саяси пікірталастар ұйымдастыру және өткізу қызметтері

36.

Ақпараттық-үгіттеу бейне, дыбыс және баспа материалдарын бұқаралық ақпарат көздерінде орналастыру қызметтері

37.

Сыртқы көрнекі жарнама қызметтері: ақпараттық баннерлер, билбордтар, стендтер

38.

Ақпараттық бейнематериалды электрондық көрнекі жарнама объектілерінде көрсету қызметтері

39.

Кофе-брейк өткізу қызметтері

40.

Аудармашылардың қызметтері

41.

Сайлау материалдарының дизайнын әзірлеу қызметтері

42.

Сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

43.

Саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер