Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасында:
"Паспорт (негізгі параметрлері) деген 1-бөлімде:
"Әзірлеу үшін негіздеме" және "Міндеттері" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Әзірлеу үшін негіздеме | "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы; 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі |
Міндеттері |
1. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру. |
";
"Кіріспе" деген 2-бөлімде:
"Негізгі терминдер мен анықтамалар" деген кіші бөлімде:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;";
мынадай мазмұндағы 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
"33) ұлттық институт – бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттар беру процестерін сүйемелдеу бойынша оператор функцияларын жүзеге асыратын технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
34) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға.";
"Ағымдағы ахуалды талдау" деген 3-бөлімде:
жиырма бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі проблемаларды шешімі кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыретін арттыру, кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту болады.";
жиырма жетінші және жиырма сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлердің/ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорынның топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиясы, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия қуатын үнемдеу, сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту жүзеге асырылатын болады.";
"Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-бөлімде:
"Міндеттері" деген 4.3-кіші бөлімде:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;";
"Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер" деген 4-кестенің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру ұсынылған (толық қаржыландырылған және/немесе қаржыландыру мақұлданған) жобалардың саны | бірлік |
ИДМ деректері | 3 | 6 | 7 | 5 | - | 3 |
ИДМ,"БРК-Лизинг" АҚ (келісім бойынша) |
";
"7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына қарамастан валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау" деген міндеттің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету
Осы бағыттың шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыретін арттыру;
3) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту.";
"9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру" деген міндет мынадай редакцияда жазылсын:
"9-міндет: Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыретін арттыру
Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорындардың топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпорындардың құзыретін арттыру, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.";
"9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер" деген кестеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-кесте. Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыретін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру кезінде жұмсалған шығындары өтелген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің саны | бірлік |
ИДМ деректері | 12 | 13 | 10 | 10 | 10 | 55 |
ИДМ, "КИДИ" АҚ (келісім бойынша) |
";
"10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру" деген міндет мынадай редакцияда жазылсын:
"10-міндет. Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру";
"Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру үшін жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын (аға сеньорлар) енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және энергия үнемдеу (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлерін қолдау жөніндегі бағдарламасы), сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту жүзеге асырылатын болады.";
"Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер" деген 10-кестеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-кесте. Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер";
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау кезінде жұмсаған шығындары өтелген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің саны | бірлік |
ИДМ деректері | 5 | 1 | 3 | 3 | 3 | 15 |
ИДМ, "КИДИ" АҚ (келісім бойынша) |
3 | Технологиялық процестерді жетілдіру кезінде жұмсаған шығындары өтелген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің саны | бірлік |
ИДМ деректері | 8 | 11 | 10 | 10 | 10 | 49 | ИДМ, "КИДИ" АҚ (келісім бойынша) |
4 | Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру кезінде жұмсаған шығындары өтелген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің саны | бірлік |
ИДМ деректері | 1 | 4 | 3 | 3 | 3 | 14 | ИДМ, "КИДИ" АҚ (келісім бойынша) |
5 | Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалары) сәйкес өнімді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде жұмсаған шығындары өтелген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің саны | бірлік |
ИДМ деректері | 25 | 23 | 23 | 23 | 23 | 117 |
ИДМ, "NADLoC" АҚ (келісім бойынша) |
";
"Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген 5-бөлімде:
"Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" деген кіші бөлімде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының
10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санының, кірістердің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға өсуі талап етілмейді.
Жоба ӨҮК/қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде номиналды мөлшерлеменің 50 % мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзартпай 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзартпай 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлдаған күні қолданыста болатын шарттармен қосымша екі жылға (субсидиялаудың жалпы мерзімі – жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды) ұзартуға болады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.";
20-тармақ алып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кепілдік тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістердің, жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.
100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.";
24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.";
25-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспауы керек.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Қаржы агенттігі кредитті нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған жағдайда кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды азайту туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
"30-1. Қаржы агенттігі кредитті толық нысаналы пайдаланбаған фактілер анықталған жағдайда кепілдіктің күшін жояды.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өтеусіз негізде беріледі.";
35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін ең жоғары мемлекеттік грант сомасы:
1) жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібі салаларында моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде іске асыру үшін 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін негізделген мәлімделген шығындардың 80%-ына дейін, бірақ 50 000 000 (елу миллион) теңгеден аспайды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру нысанында қолдау шараларын қаржыландыру – жергілікті бюджет қаражаты есебінен, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджет есебінен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне нысаналы трансферттерді аудару жолымен жүзеге асырылады.
36. Мемлекеттік гранттарды мемлекет жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Бұл ретте жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін міндетті шарт Бағдарлама шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы болып табылады.
37. Мемлекеттік гранттар беру конкурсын өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері мемлекеттік гранттар алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына өтінімдерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірлігі, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
"37-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсын өткізу үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін ұлттық институтқа сараптамалар жүргізу үшін жолдайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды береді:
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектер мен 50 жастан асқан адамдардың бизнес-жобасын мына өлшемшарттардың негізінде бағалау үшін:
1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);
4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан адамның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады;
бұл ретте бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:
бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілмеген тауарларды шығаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды;
нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобалары мынадай өлшемшарттар негізінде бағалау үшін:
1) өнімнің (тауардың, көрсетілетін қызметтің) не бизнес-процестің жаңашылдығы;
2) жобаны іске асыруға өтініш беруші топтың тәжірибесі мен құзыреттілігі;
3) өнімді (тауарды, көрсетілетін қызметті) өткізу үшін нарықтың болуы және сыйымдылығы.";
мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:
"38-1. Ұлттық институт конкурстық өтінімдерді қарау кезінде индустриялық-инновациялық жобалар бойынша технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамалардың қорытындылары негізінде ұсынымдар береді.";
39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және
50 жастан асқан тұлғалар жаңа жұмыс орындарын құруға және мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:";
мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
"39-1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларға берілетін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:
1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) жобаға инвестициялар тарту мақсатында әлеуетті инвесторлардың арасында өз жобасын ілгерілетуге байланысты іс-шаралар (бұл
іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік грант сомасының 10%-нан аспайтын мөлшердегі соманы пайдалануға болады);
5) өнімді және (немесе) көрсетілетін қызметті ілгерілету мақсатында әлеуетті клиенттерді (пайдаланушыларды) тартуға байланысты іс-шаралар (бұл іс-шараны қаржыландыру үшін грант сомасының 20%-нан аспайтын мөлшердегі соманы пайдалануға болады);
6) жобамен жұмыс істеу нәтижесінде алынған өнімдердің және/ немесе көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін шығаруды игеруге байланысты шығыстар;
7) жобаны іске асыру барысында туындаған зияткерлік меншікті қорғау (үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер және мемлекеттік бажды төлеу);
8) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу техникалық, технологиялық сипаттағы мамандандырылған қызметтер;
9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттарын алу;
10) мемлекеттік грант мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты қосымша шығыстар.";
40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі салаларында моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде іске асыру үшін берілетін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеу ретінде пайдалануға болмайды.
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін берілетін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлікті және жер учаскесін сатып алуға пайдалануға болмайды.
41. Мемлекеттік гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде Жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен регламенттеледі.";
"Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау";
93-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"93. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:";
94-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.";
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
1) кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.";
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"100. 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.";
104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
105. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға (субсидиялаудың жалпы мерзімі – қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден 5 жылдан аспайды) ұзартуға болады.";
108 және 109-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде номиналды мөлшерлеменің 40 %-на мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
109. ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде номиналды мөлшерлеменің 50 %-на мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуға тиіс:
1) 3 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен Астана және Алматы қалаларында;
2) 1 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен облыстарда;
3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, тұрақ коэффициенті сауда алаңының 40 шаршы метріне 1 орыннан кем емес.";
117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"117. Ішінара кепілдік беру жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана ұсынылады.
Жаңа инвестициялық және тиімді жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
1) кәсіпкер 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімі/
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.
100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.";
119-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.";
120-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.";
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"121. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобаларға кредит мөлшері 360 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайтын болса, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.";
122-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.";"
127 және 128-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"127. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.
128. Қаржы агенттігі 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша/ӨҮК
180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кредиттің нысаналы пайдаланылмау фактілері анықталған жағдайда кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды азайту туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 128-1-тармақпен толықтырылсын:
"128-1. Кредит толық нысаналы пайдаланылмаған жағдайда қаржы агенттігі 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша/ӨҮК 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кепілдіктің күшін жояды.";
мынадай мазмұндағы 130-1-тармақпен толықтырылсын:
"130-1. Осы Бағдарламаның 115-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге рұқсат етіледі.";
133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"133. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін салуға және реконструкциялауға жіберіледі.";
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"135. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:
1) жобаға инвестицияның көлемі 200 млн. теңгеден кем болмайды;
2) инфрақұрылым құрылысының (реконструкцияның) құны 50 млн. теңгеден кем болмайды.";
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"143. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсі инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттiгiнің негіздемесін қамтитын, өндірiстiк (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтiнiммен Бағдарламаның өңірлік үйлестiрушiсiне жүгінеді;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қалыптастырған іріктелген өтінімдердің тізбесі ӨҮК қарауына жіберіледі;
3) ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешімдер қабылдайды;
4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттаманы ресімдеген сәттен бастап ӨҮК-тің шешімі туралы шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне хабарлама жібереді. ӨҮК теріс шешім шығарған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне дәлелді жауап жібереді;
5) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша тиісті бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жібереді. Кәсіпкер жергілікті Бағдарлама үйлестірушісіне өтінішті дайындау және Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгінуге құқылы.";
"Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру
163-1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне "Қазақстанның даму банкі" АҚ еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" АҚ ұсынады.
163-2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды пайдалану кезінде жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуге тиіс.
163-3. Лизинг мәнінің құны кемінде 80 млн. теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 50 млн. теңге).
163-4. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі үшін 5 % құрауға тиiс, бұл ретте "ҚДБ-Лизинг" АҚ бюджеттік кредиті мен өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20 құрауға тиіс. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну көлемін ұлғайту мақсатында осы Бағдарламада айқындалған шарттармен өтелген лизингтік төлемдер есебінен ақша қаражатын қайта пайдалануға жол беріледі. Осы талаптар "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 11 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген "Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде 2011–2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.
163-5. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі "ҚДБ-Лизинг" АҚ-ға тізбесін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін құжаттар топтамасын ұсынады.
163-6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынғаннан кейін "ҚДБ-Лизинг" АҚ осы Бағдарламаның
163-1-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігін тексеруді, ішкі нормативтік құжаттарда көзделген тәртіппен және мерзімдерде индустриялық-инновациялық жобаның сараптамасын жүзеге асырады.
163-7. Оң шешім болған жағдайда "ҚДБ-Лизинг" АҚ мен индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қаржы лизингі шартын жасасады.
163-8. "ҚДБ-Лизинг" АҚ индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты мен индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді.
163-9. "ҚДБ-Лизинг" АҚ мен индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің арасында қаржы лизингі шарты жасалғаннан кейін "ҚДБ-Лизинг" АҚ индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен және индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісім жасасады. Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімге сәйкес еңбек өнімділігін ұлғайтады.";
166 және 167-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"166. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
167. 750 млн. теңгеден 2,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарына қатысты кемінде 10% жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады. Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.";
169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"169. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығысыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға (субсидиялаудың жалпы мерзімі – жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойылған кезден бастап бес жылдан аспайды) ұзартуға болады.";
171-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде 30% номиналды мөлшерлемесін мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте банк:";
172-тармақ алып тасталсын;
175-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"175. Лизингтік компаниялардың/банктің/даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның ішінде 40% номиналды мөлшерлемесін мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылады. Бұл ретте лизингтік компания/банк/даму банкі:";
179-тармақ алып тасталсын;
185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"185. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары
кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне
және кәсіпкерлік бастамасы бар адамдарға мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыреттерін дамыту;
3) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту.";
186-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыреттерін дамыту функционалдық бағыты бойынша:
кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;
кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;
жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру;
3) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру функционалдық бағыты бойынша:
жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемділігін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттарды тарту;
кәсіпорындарды технологиялық дамыту;";
187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"187. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар адамдарға қаржылай емес қолдау көрсету қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"210. Бизнес-инкубатор өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастыру, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді көрсету арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыру кезеңінде қолдау көрсету үшін құрылған заңды тұлға болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 211-1-тармақпен толықтырылсын:
"211-1. Бизнес-инкубациялау – бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстар мен көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдау құралы.";
212-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"212. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:
1) бизнес-инкубациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
2) бизнес-инкубатор қызметі шеңберінде одан әрі сүйемелдеу үшін жобаларды іздестіруді және іріктеуді жүзеге асыру;
3) әлеуетті бизнес-инкубатор резиденттерімен ынтымақтастық туралы келісімдер және/немесе бизнес-инкубациялау бойынша қызметтер көрсету туралы келісімдер жасасу;
4) ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорындарды әкімшілік, консалтингтік және әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
5) бизнес-инкубатор резиденттерінің қаржыландыру алуға, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралдары арқылы алуға өтінімдерін қалыптастыруға жәрдем көрсету;
6) бизнес-инкубатор резиденттерінің ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
7) тәжірибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды және форумдарды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту семинарлары мен тренингтерді ұйымдастыру;
8) шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеуге және команда қалыптастыруға жәрдемдесу;
9) әкімшілік және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалдау қызметтерін ұсыну;
10) бизнес-инкубаторда шағын кәсіпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық деректер қорын қалыптастыру;
11) кейіннен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті нарығына шығу үшін бизнес-инкубаторлар резиденттерінің бизнес- жобаларын акселерациялау;
12) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес жобаларын коммерциялық тартымдылығын айқындау тұрғысынан диагностикалау және қаржылық модельдеу.";
мынадай мазмұндағы 212-1-тармақпен толықтырылсын:
"212-1. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-инкубаторда орналасу мерзімі, оның бизнес-инкубатор резиденті болып айқындалған күнінен бастап үш жылдан аспауға тиіс.";
213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"213. Бағдарламаны іске асыруға үміткер бизнес-инкубаторларға қойылатын талаптар:
1) бизнес-инкубатор резиденттерін орналастыруға сәйкес келетін, ауданы кемінде 250 ш.м. әкімшілік үй-жайлардың болуы;
2) білікті кадрлардың болуы;
3) мемлекеттік қолдаусыз кемінде 6 ай толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қаржылық дербестік;
4) жоғары оқу орындарымен стартаптарды қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімдермен расталған әріптестік қатынастардың болуы.";
мынадай мазмұндағы 213-1, 213-2 және 213-3-тармақтармен толықтырылсын:
"213-1. Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау тәртібін кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
213-2. Бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыруды бизнес-инкубаторлардың өз операциялық қызметі есебінен немесе бизнес-инкубатор құрылтайшылары/меншік иесі есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен бизнес-инкубаторлар шығыстарды 50 % мөлшерінде, бірақ жылына 35 000 000 (отыз бес миллион) теңгеден аспайтын көлемде, мына шығыс баптары бойынша қоса қаржыландыру алады:
1) еңбекақы төлеу қоры;
2) әкімшілік үй-жайларды жалға алу;
3) коммуналдық қызметтер, оның ішінде байланыс қызметтері (интернет, телефон, пошта);
4) индустриялық-инновациялық жобаларды іріктеу және сүйемелдеу, бизнес-құзыреттерді дамыту, олардың шығыстары бойынша оқыту іс-шараларын, бизнес-инкубаторлар мен олардың резиденттерін тағылымдамалардан өткізуді ұйымдастыру үшін тартылатын үшінші тұлғалардың қызметтері.
213-3. Бизнес-инкубатор тараптардың бизнес-инкубатор резидентімен келісімі бойынша индустриялық-инновациялық жобаның 20%-нан аспайтын мөлшерінде үлес ала алады.";
214 және 215-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"214. Бизнес-инкубаторлардың қызметін қолдауды ұлттық институт жүзеге асырады.
Ұлттық институттың функцияларына:
1) конкурстық іріктеуден өткен бизнес-инкубаторлармен ынтымақтастық туралы шарттарды жасасу, бұзу және мониторингілеу;
2) сыртқы сарапшыларды тарту арқылы бизнес-инкубаторлардың қызметін ақпараттық-талдамалық және әдіснамалық қолдау;
3) бизнес-инкубаторлар мен олардың резиденттері үшін сыртқы сарапшыларды тарта отырып бизнес-құзыреттерді дамыту бойынша оқыту
іс-шараларын, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;
4) жобаларға сараптама және бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларға берілген гранттарға кейінгі мониторингілеу жүргізу жатады.
215. Ұлттық институттың операторлық қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық институт арасында жасалған бизнес-инкубаторлар, қызметін қолдау және мемлекеттік гранттар беру процестерін сүйемелдеу бойынша өтеусіз қызмет көрсету туралы шарттың негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
"Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыреттерін дамыту";
237-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы үздік материалға БАҚ өкілдері арасында конкурс өткізу.";
249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"249. "Бизнес-мектеп" құрамдауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға, оның ішінде цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған.";
"Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде
аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту" құрамдауышы" деген кіші бөлім алып тасталсын;
277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"277. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрамдауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.";
279, 280, 281, 282 және 283-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"279. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрамдауышы шеңберінде:
1) кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлауға және/немесе қайта даярлауға;
2) сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізуге, бірақ 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері жұмсаған шығындарды өтінім берілген күнге дейін кемінде 24 (жиырма төрт) ай бұрын 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 30 (отыз) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделеді.
"Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрамдауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.
280. Құрамдауышты ұсыну тетігі:
1) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрамдауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
2) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкес өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттарды
олардың толықтығы тұрғысынан қарайды және оларды құрамдауыш операторына жібереді (өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, қаржылық емес қолдау операторы бұл туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін хабардар етеді);
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты
алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға қаржылық емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
4) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрамдауыш операторына жібереді;
5) құрамдауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
6) құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің әрбір өтінімі
бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім туралы хабардар етеді;
7) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің қол қоюы үшін 2 данада құрамдауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса бере отырып, хабарлама жібереді (индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрамдауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрамдауыш операторына қайтарады);
8) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Қаржылық емес қолдау операторы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
281. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
282. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
283. Құрамдауыш операторы құрамдауышты іске асыру кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда:
1) құрамдауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда, өтеуге қабылданатын шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрамдауыш операторының құрамдауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында құрамдауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрамдауыш операторына таратуға келісім беруі;
3) құрамдауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрамдауыш операторының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінен құрамдауыштың іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;
4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және шығындарды өтеу түрінде құрамдауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.";
326-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"326. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын немесе қызметін экономиканың басым секторларында
жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.";
328, 329, 330, 331 және 332-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"328. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы шеңберінде:
1) "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" бөлімі шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін;
2) карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жұмсаған шығыстарды өтінім берілген күнге дейін кемінде
24 (жиырма төрт) ай бұрын 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде төлеу көзделеді.
"Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.
329. Құрамдауышты ұсыну тетігі:
1) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрамдауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
2) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкес өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды және оларды құрамдауыш операторына жібереді (өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, қаржылық емес қолдау операторы бұл туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін хабардар етеді);
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты
алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға қаржылық емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
4) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрамдауыш операторына жібереді;
5) құрамдауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
6) құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
7) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің қол қоюы үшін 2 данада құрамдауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса бере отырып, хабарлама жібереді (индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрамдауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрамдауыш операторына қайтарады);
8) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Қаржылық емес қолдау операторы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
330. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
331. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
332. Құрамдауыш операторы құрамдауышты іске асыру кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда:
1) құрамдауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда, өтеуге қабылданатын шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрамдауыш операторының құрамдауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында құрамдауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрамдауыш операторына таратуға келісім беруі;
3) құрамдауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрамдауыш операторының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінен құрамдауыштың іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;
4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және шығындарды өтеу түрінде құрамдауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.";
336 және 337-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"336. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрамдауышы:
1) кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыруға;
2) өндірілетін өнімнің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеуге;
3) инженерлік ой мен шешімді дайындауға, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздестіруге және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындауға;
4) өнімдерді өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға бағытталған.
"Технологиялық процестерді жетілдіру" құрамдауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған.
337. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрамдауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне ұсынылады.";
339, 340, 341, 342 және 343-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"339. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрамдауышы шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жұмсаған шығындарды өтінім берілген күнге дейін кемінде 24 (жиырма төрт) ай бұрын 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделеді.
340. Құрамдауышты ұсыну тетігі:
1) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрамдауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
2) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкес өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды және оларды құрамдауыш операторына жібереді (өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, қаржылық емес қолдау операторы бұл туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін хабардар етеді);
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға қаржылық емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
4) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрамдауыш операторына жібереді;
5) құрамдауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
6) құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім туралы хабардар етеді;
7) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің қол қоюы үшін 2 данада құрамдауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса бере отырып, хабарлама жібереді (индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрамдауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрамдауыш операторына қайтарады);
8) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Қаржылық емес қолдау операторы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
341. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
342. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
343. Құрамдауыш операторы құрамдауышты іске асыру кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда:
1) құрамдауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда, өтеуге қабылданатын шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрамдауыш операторының құрамдауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында құрамдауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрамдауыш операторына таратуға келісім беруі;
3) құрамдауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрамдауыш операторының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінен құрамдауыштың іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;
4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және шығындарды өтеу түрінде құрамдауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.";
348-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"348. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрамдауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне ұсынылады.";
350, 351, 352, 353 және 354-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"350. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрамдауышы шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің кәсіпорны өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттаманы әзірлеуге және/немесе прогрессивті басқарушылықты және өндірістік технологияларды енгізуге, сондай-ақ өндірілетін өнімді ілгерілету жүйесінің тиімділігін арттыруға жұмсаған шығындарды өтінім берілген күнге дейін 24 (жиырма төрт) ай бұрын 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделеді.
"Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрамдауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.
351. Құрамдауышты ұсыну тетігі:
1) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрамдауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
2) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкес өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды және оларды құрамдауыш операторына жібереді (өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, қаржылық емес қолдау операторы бұл туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін хабардар етеді);
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға қаржылық емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
4) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрамдауыш операторына жібереді;
5) құрамдауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
6) құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің әрбір өтінімі
бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім туралы хабардар етеді;
7) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің қол қоюы үшін 2 данада құрамдауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса бере отырып, хабарлама жібереді (индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрамдауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрамдауыш операторына қайтарады);
8) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Қаржылық емес қолдау операторы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
352. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
353. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
354. Құрамдауыш операторы құрамдауышты іске асыру кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда:
1) құрамдауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда, өтеуге қабылданатын шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрамдауыш операторының құрамдауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында құрамдауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрамдауыш операторына таратуға келісім беруі;
3) құрамдауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрамдауыш операторының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінен құрамдауыштың іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;
4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және шығындарды өтеу түрінде құрамдауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.";
359, 360, 361, 362, және 363-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"359. "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау" құрамдауышы мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін:
1) бюджет алдында берешегі жоқ және 2 жыл бойы жылдың соңына оң баланс сальдосы бар;
2) отандық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілер болып табылатын;
3) өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама шыққанға дейін соңғы
2 (екі) қаржы жылында шығын шеккен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.
360. "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау" құрамдауышы шеңберінде халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жұмсаған шығындардың бір бөлігін өтеу жүзеге асырылады.
361. Құрамдауыш шеңберінде өтеуге ұсынылған соманың 50 %-ын құрайтын, бірақ бір индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілерінің негізделген және құжатпен расталған шығындарын өтеу көзделеді.
Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.
362. Құрамдауыш шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеу тетігі:
1) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрамдауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
2) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкес өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда,
бұл туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін хабардар етеді;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға қаржылық емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
4) қаржылық емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрамдауыш операторына жібереді;
5) құрамдауыш операторы қаржылық емес қолдау операторы ұсынған өтінімді толықтығы тұрғысынан қоса берілген құжаттарымен қоса 2 жұмыс күні ішінде қарайды (құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құрамдауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны қаржылық емес қолдау операторына қайтарады);
6) құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда, құрамдауыш операторы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен 20 жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
7) берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, құрамдауыш операторы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіп, бұл туралы қаржылық емес қолдау операторын хабардар етеді;
8) қаржылық емес қолдау операторы құрамдауыш операторынан өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы ақпарат алған жағдайда, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
363. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
408-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"408. Жұмыскерлердің кірісінің, орташа жылдық санының өсу, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынған ақпаратты пайдаланады. Жұмыскерлердің кірісінің, орташа жылдық санының өсу, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн ӨҮК шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 408-1-тармақпен толықтырылсын:
"408-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы агенттігі ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтер беру жөнінде келісуі туралы өтініштер негізінде есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші айдың 1-і күнінен кешіктірмей Бағдарламаға қатысушылардың міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдары жөніндегі деректер негізінде бюджетке төленетін салықтардың көлемі, жұмыс орындарының саны туралы тоқсан сайынғы мәліметтерді уәкілетті органға және қаржы агенттігіне жібереді. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде соңғы 5 жылдағы кірістер, бюджетке төленетін салықтардың көлемі, жұмыс орындарының саны туралы жыл сайынғы деректер есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірілмей ұсынылады.";
409, 410 және 411-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын :
"409. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде іске асырылу мониторингін жүргізеді. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес уәкілетті органға бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
410. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/микрокредиттері мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) Бағдарлама шарттарына сәйкес кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыруға бағытталуға тиіс;
2) банктердің/лизингтік компаниялардың/микроқаржы ұйымдарының кредиттері/ лизингтік мәмілелері/ микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және оларға ішінара кепілдік беру:
ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
банктердің/даму банкінің/ лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған және арзандатылатын;
овердравт түрінде берілген кредиттер/лизингтік мәмілелер/ микрокредиттер бойынша жүзеге асырылмайды;
3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті ұлттық валютамен берілуге тиіс.
411. Мыналар:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жекеменшік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.";
418 және 419-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"418. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі/МУҰ пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.
419. Қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары кәсіпкерлерге/ Қазақстан Республикасының резиденттері – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларды іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне де ұсынылады.";
423-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"423. Кәсіпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Бағдарламаның барлық құралдарының шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.";
425-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"425. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ӨҮК кәсіпкерлердің 180 млн. теңгеден астам кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаларының Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкестігін қарайды және қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50% кәсіпкерлер қоғамдастығы болуға тиіс. Шешім қатысушылардың жалпы санының кемінде 2/3 даусымен қабылданады. Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3-ін құрауға тиіс.
ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ол қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 1 (бір) күн ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/ хаттамасынан үзіндіні банкке/лизингтік компанияға/даму банкіне және қаржы агенттігіне жібереді.";
мынадай мазмұндағы 425-1- тармақпен толықтырылсын:
"425-1. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлердің 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаларының Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.";
2) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;";
3) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын, кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
БЖЗҚ қаражаты есебінен айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер берген (беретін)
шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және кірістердің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға өсуі талап етілмейді.";
16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. 180 млн. теңгеден астам кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын, оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кәсіпкердің жобаға өз құралдарымен (ақшалай қаражатпен/жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қатысу талаптары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
17. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
18. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Мыналардың:
1) кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің салаларында және жекелеген қызметтер түрлерінде іске асырылатын жобалар шеңберінде БЖЗҚ қаражаты есебінен айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер берген (беретін) шағын және орташа кәсіпкерлік кредиттері де субсидиялауға жатқызылады.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған,
БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.";
40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.
41. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.";
45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
46. ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
"46-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизингтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.";
54, 55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сомалар бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауы керек және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешек ескерілмей есепке алынады.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.
55. 750 млн. теңгеден бастап 2,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарына қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 29 жасқа дейінгі жастар үшін құру ұсынылады.
Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
56. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.";
59-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 30 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";
63-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Субсидиялау банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизингінің шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды:";
мынадай мазмұндағы 63-1-тармақпен толықтырылсын:
"63-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизингтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.";
67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Банк/даму банкі/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда, қаржы агенттігіне хабарлай отырып, үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жобаны кредиттеуге/қаржылық лизинг шартын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдайды.
68. Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер
180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігіне, 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне Субсидиялау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
2) кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкердің/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК/ қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының
10 %-ға ұлғаюына қол жеткізу кезеңдері қамтылады;
3) кірістің 20%-ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін ұсына отырып, кәсіпкердің – орта кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржылық жылдағы қаржылық есептерінің көшірмесі. Орта кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметін үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асырған кезең үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);
4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
8) банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
Кәсіпкер Бағдарламаға қатысуға өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 68-1-тармақпен толықтырылсын:
"68-1. Банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің жобасы бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің субсидия беруге арналған өтініш-сауалнамасын қоса алғанда Субсидиялау қағидаларында көзделген құжаттармен қоса бере отырып ілеспе хат жібереді.";
69-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
"70-1. Қаржы агенттігі құжаттарды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) кәсіпкерлердің өтініштері туралы ақпаратты, Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшада белгіленген (бұдан әрі – ақпарат) нысан бойынша толтырады;
3) қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына толық құжаттар топтамасын қоса отырып ақпаратты енгізеді.";
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Құжаттар топтамасы толық берілмеген, белгіленген нысандарға сәйкес емес құжаттар берілген жағдайларда не берілген құжаттарға ескертулер болған және (немесе) қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайларда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі анықталған ескертулерді және/немесе ақпаратты ұсыну туралы сұратуды үш күндік мерзімде кәсіпкерге пысықтау үшін ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып жолдайды. Бұл ретте, осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қайтадан басталады.
Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК қарауына жолдайды.";
мынадай мазмұндағы 71-1-тармақпен толықтырылсын:
"71-1. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда, қаржы агенттігі
1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/кәсіпкерге пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.";
72, 73 және 74-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"72. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 1 (бір) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 % кәсіпкерлер қоғамдастығы болуға тиіс.
ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдерді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.
73. ӨҮК/ қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.
74. 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ӨҮК өткізетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды:
1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеруді;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарайды және талқылауды жүзеге асырады;
3) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;
4) талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;
5) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда ӨҮК хаттамасында: ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін кәсіпкерлердің кірістің өсуіне және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуға қолжеткізу бойынша міндеттемесі (кәсіпкердің Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жобалар бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша); кәсіпкерлердің /орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі өңірлік Бағдарлама үйлестірушісіне өтінім бергенге дейін өткен 3 (үш) жылдағы кірісінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізу туралы ақпарат көрсетіледі.
6) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда ӨҮК хаттамасында жобаны іске асыруға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкімен), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз ету мерзімі көрсетіледі.
Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзіндіні ұсынуға жол беріледі.";
мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:
"74-1. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша қаржы агенттігі құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) кәсіпкердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеруді;
2) кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарауды;
3) кәсіпкердің жобасын қарау кезінде қаржы агенттігі қажет болған кезде банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары пысықтау үшін кәсіпкерге қайтарылады және қайта қаралуға тиіс;
4) қарау нәтижелері бойынша кәсіпкерге субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
5) қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырыс өткізген күннен бастап
1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді және қол қояды;
6) уәкілетті орган/қаржы агенттігінің органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің кірістің өсуіне және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын
10 %-ға ұлғайтуға қол жеткізу бойынша міндеттемесі (кәсіпкердің Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша); кәсіпкерлердің/орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қаржы агенттігіне өтінім бергенге дейін өткен 3 (үш) жылдағы кірісінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізу туралы ақпарат көрсетіледі.
Бұл ретте хаттамаға қаржы агенттігінің уәкілетті органының барлық мүшелері қол қойғанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысы хаттамасынан хатшының және қаржы агенттігінің уәкілетті органы төрағасының қолы қойылған үзіндіні табыс етуге жол беріледі.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасының үзіндісін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/кәсіпкерге және қаржы агенттігіне жібереді.";
мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
"75-1. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімнің/хаттаманың/хаттама үзіндісінің көшірмесін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жолдайды.";
76 және 77-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"76. ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің әрекет ету мерзімі – ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.
77. Банк/даму банкі/лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен/қаржы агенттігінен ӨҮК/қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасын/шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, банк/даму банкі/лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға субсидиялау шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.";
79-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) банк/даму банкі/лизингтік компания:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен/қаржы агенттігінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы/шешімді алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен/қаржы агенттігінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды;";
80, 81, 82, 83 және 84-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 79-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігі мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
81. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, банкті/даму банкін/лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.
82. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен банк/даму банкі/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.
83. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, онда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.
84. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шарты күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін, бірақ ӨҮК шешімі күнінен бұрын бола алмайды.";
99, 100, 101, 102 және 103-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания 180 млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне, 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, олар өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса қаржыландырудың қолданыстағы талаптарының өзгеруі жөніндегі ақпаратты ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (Субсидиялау қағидаларына 4-қосымша) немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап қаржы агенттігінің шешімімен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетілуі тиіс.
180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамадан үзіндіні банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға және қаржы агенттігіне жібереді.
180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігі уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/хаттаманың үзіндісін/шешімнің үзіндісін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға жібереді.
Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы банк/даму банкі/лизингтік компания 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, олар өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.
Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.
100. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған сәтке дейін субсидиялауды уақытша тоқтату бойынша ақпаратты ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарылады.
101. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдалануға болады.
102. 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінімдері (хабарламалары) негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы қабылдайды.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін ӨҮК-де мақұлданған, 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша кәсіпкерліктің жобасын тоқтату/қайта бастау мәселелерін қарау ӨКҮ-ге шығарылады.
103. 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалану;
2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
4) кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер графигіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;
5) кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдер өтеу графигіне сәйкес лизингтік компания/банк алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;
6) кәсіпкердің шоттарындағы тыйым салу және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;
8) ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының және 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша) фактілері белгіленген жағдайды қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 103-1-тармақпен толықтырылсын:
"103-1. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігі банк/даму банкі/лизингтік компания хабарламалары негізінде және/немесе мониторингілеу нәтижелері негізінде мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалану;
2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанын алмауы;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;
4) кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер графигіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;
5) кәсіпкердің қаржылық лизинг шартының төлемдерді өтеу графигіне сәйкес лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдер жасау бойынша міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;
6) кәсіпкер шоттарындағы ақшаға тыйым салу және/немесе кәсіпкер шоты бойынша шығын операцияларын тоқтата тұру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанын талап ету;
8) кәсіпкердің ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістің, жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюына қол жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамауы (кәсіпкердің Бағдарламаның бірінші бағыты аясындағы жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты аясында кәсіпкерлердің/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша) фактілері анықталған кезде кәсіпкерге субсидия беруді тоқтатады.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, қаржы агенттігі осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банкті/даму банкін/лизингтік компанияны, кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 105-1-тармақпен толықтырылсын:
"105-1. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігі осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының 103-1-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін
5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтата тұру не қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қалпына келтіру туралы негіздеме көрсетіледі.";
107 және 108-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарастырғанға дейін жойған жағдайда, ӨҮК/қаржы агенттігі субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.
108. ӨҮК отырысының хаттамасы, уәкілетті тұлғаның/қаржы агенттігі органының шешімі ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. 180 млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі хаттаманы ресімдегеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға, қаржы агенттігіне жібереді. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша қаржы агенттігі шешімді ресімдегеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімнің/хаттаманың көшірмесін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға жібереді.";
112-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы субсидиялау қағидаларының 100-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/лизинг қайта бастауға жатпайды.";
118-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және (немесе) ӨҮК/қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингілеу жатады;";
көрсетілген Субсидиялау қағидаларына 2, 3, 4, 5 және 7-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауды ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер берудің тетігі мен шарттарын айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кепілдік беру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады.";
5-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мыналар:
1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;
2) барлық өңірлерде өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатыса алады.
Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.
100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаттары есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;
2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.";
8-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын,
5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған және даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";
15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;";
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын кепілдік беру мерзімі – кредит мерзімінен аспайды. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, 100 %-ын қоса алғанға дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Мыналар:
1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жобаларды іске асырып жатқан және/немесе іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кепілдік алуға қатыса алады.
Жаңа инвестициялық және тиімді жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
1) кәсіпкер 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша –Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімі/
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.
100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;
2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.";
25-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын,
5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған және даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";
33-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;";
34-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;";
37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.
38. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгеден артық соманы құраса, кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды. Ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда қаржы агенттігі анықталған ескертулерді жою және/немесе ақпарат беру үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде банкке жолдайды. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша:
1) банк қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін кәсіпкерге кепілдіктің қажетті сомасының есебін көрсете отырып кредит шарттары туралы тиісті хат жібереді;
2) кәсіпкер банктен хат алғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтінішпен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
кәсіпкерді – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама/дара кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкер – заңды тұлғаның уәкілетті адамының) мөрімен (болған жағдайда) және қолымен расталған көшірмесі);
кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін кемінде күнтізбелік
30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ/бар екені туралы салық органынан анықтама;
салық декларациясының көшірмесін және/немесе бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) растаған дебиторлық және кредиторлық берешек (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) толық жазылған қаржылық жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты қоса бере отырып кәсіпкердің, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі (кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанына үш жыл толмаған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметтің іс жүзінде іске асырылған кезеңі үшін беріледі);
банктің кепілдік сомасының есебімен бірге кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты;
қаржы агенттігінің кәсіпкерге кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен расталған);
кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ынан төмен емес деңгейде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті, жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуға қол жеткізу кезеңдері қамтылады;
кірістердің 20 %-ға өсімі туралы (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда) талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесімен қоса кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі;
кәсіпкер жергілікті бағдарлама үйлестірушісіне өтінішті дайындау және Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгінуге құқылы;
3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерден барлық құжаттарды, ақпаратты және өтінішті алғаннан кейін өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бір күндік мерзімде кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды қарамай қайтарады;
4) ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 1 (бір) реттен сиретпей өткізіледі;
5) ӨҮК 5 (бес) жұмыс күні ішінде жобалардың Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкестігін қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды;
6) ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 % кәсіпкерлер қоғамдастығы болуға тиіс;
7) ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі, шешім қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің (кворум) даусымен қабылданады;
8) ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
кәсіпкердің және олардың жобаларының Бағдарламаның өлшемшарттары мен жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексереді;
кәсіпкердің экономиканың өңір үшін басым секторларында іске асырылатын жобаларын, сондай-ақ кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, әрбір кәсіпкер бойынша өтінішпен бірге берілген құжаттар топтамасын зерделейді;
ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылауды жүргізеді;
кәсіпкерлердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша кәсіпкердің кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген кәсіпкерлерді және олардың жобаларын Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;
180 млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, ӨҮК хаттамасында жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірісті, жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға арттыру жөніндегі міндеттемелер көрсетіледі;
9) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысынан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
осы Кепілдік беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес ӨҮК хаттамасының көшірмесін/ хаттамасынан үзіндіні банкке және қаржы агенттігіне жібереді;
Астана және Алматы қалаларының кәсіпкерлеріне жобаны ӨҮК-те қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жібереді;
10) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік беруге келісу туралы ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігі банкке осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес алдын ала кепілдік хатын жібереді;
11) ӨҮК-мен келісілмеген жобалардан бас тартылады;
12) алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін банк және кәсіпкер банктік қарыз шартын жасасады (банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі);
13) алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-на дейін ішінара кредит беруге жол беріледі;
14) ӨҮК хаттамасын/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;
15) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;
16) қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін банк кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Кәсіпкер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысандағы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кәсіпкердің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісім;
3) өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім;
4) кепілдік сомасының есебімен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).
Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда – кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкерге қатысты уәкілетті органның шешімі қатысушыға немесе басшыға жазылған заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу форматында расталады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызмет түріне арналған лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) туралы мәліметтерді және бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екені туралы мәліметтерді қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу техникалық жағынан мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Қаржы агенттігі 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша/ӨҮК 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кредиттің нысаналы пайдаланылмауы анықталған жағдайда кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды азайту туралы шешім қабылдайды.
Егер кәсіпкер 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК шешімі/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының
10 %-ға ұлғаюы көрсеткіштеріне қол жеткізбеген жағдайда, кепілдік беру шарты жойылмайды. Мұндай кепілдік шарттары бойынша олар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда, қаржы агенттігінің жеке қаражаттары пайдаланылады.
Бұл ретте қаржы агенттігі жобаларды кейіннен кепілдендіру үшін, осы кепілдік құнының түрінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне бұрын төленген қаражат көлемін пайдалануы тиіс.";
мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
"62-1. Кредитті толықтай нысаналы пайдаланбаған жағдайда қаржы агенттігі 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша/ӨҮК 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кепілдіктің күшін жояды.";
көрсетілген Кепілдік беру қағидаларына 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 6-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 6-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Кепілдік беру қағидаларына 7-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 7-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 7-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде беріледі.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік гранттар бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бизнес-инкубаторлардың резиденттеріне өтеусіз негізде жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімді (тауар, көрсетілетін қызмет) шығару немесе бизнес-процесті қалыптастыру үшін беріледі.";
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.
5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте мыналар мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады:
1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін – Бағдарлама шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы;
2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобалар үшін бизнес-инкубатордың резиденті болу, Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен, бизнес-инкубатормен әріптестік келісім жасасқан заңды тұлға – шағын кәсіпкерлік субъектісі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-инкубаторда орналасу мерзімі оны бизнес-инкубатордың резиденті болып айқындаған сәттен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
6. Қаржы агенттігінің және ұлттық институттың көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.
7. Мемлекеттік гранттар беру үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан аударады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бизнес-инкубатор – өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну арқылы Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен шағын кәсіпкерлік субъектілерін олардың қалыптасу кезеңінде қолдау үшін құрылған заңды тұлға;
2) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруының және жаңа жұмыс орындарын құруының мерзімдерін қамтитын жоспары;
3) индустриялық-инновациялық жоба – белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын (оларды пайдалану жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклда жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені технология деп түсініледі, қандай да бір жаңа өнімді (тауарды немесе көрсетілетін қызметті) немесе процесті, маркетингтің жаңа тәсілін немесе іскерлік практикада, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланысты ұйымдастырудың жаңа ұйымдастырушылық тәсілді тұтынуға енгізу инновация болып табылады) жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндiрiстерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге немесе жаңасын құруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
4) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттармен қоса берілетін өтінім;
5) бизнес инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаны іске асыруға грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі/ұлттық институт және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант беріледі;
6) инновация – жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділікті жоғарылату мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, қоғамдық пайдалы нәтиже түрінде практикалық іске асырылған нәтиже;
7) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын алқалы-кеңесші орган. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды;
8) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған кәсіпкер (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
9) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі дара кәсіпкер (ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтініш жасаған күні айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
10) ұлттық институт – бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау және бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттарды ұсыну процестерін сүйемелдеу операторының функцияларын жүзеге асыратын технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
11) жаңа бизнес-идея – мұндай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте бұрын іске асырылмаған тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады);
12) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар;
13) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
14) ұлттық институттың ұсынымдары – бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобалар бойынша ұлттық институттың технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамаларының қорытындылары;
15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
16) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын сүйемелдеу үшін тартылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.";
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру тәртібі. Мемлекеттік гранттар беру шарттары";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның ішінде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.
Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:
1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) франшизаға құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске үшін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлікті сатып алуға, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Бір жоба бойынша бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір шағын кәсіпкерлік субъектісі конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мыналар мемлекеттік грант берудің міндетті шарттары болып табылады:
грант алушының ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кем дегенде 20 % мөлшерінде жобаны іске асыруға арналған шығыстарын бірлесіп қаржыландыруы;
өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) немесе бизнес-процестің жұмысқа қабілеттілігін растайтын үлгінің, бастапқы конструкцияның (прототипінің) болуы. Кәсіпкер бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануы тиіс:
1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) жобаға олардың инвестицияларын тарту мақсатында әлеуетті инвесторлар арасында өз жобасын ілгерілетуге байланысты іс-шаралар (бұл іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік грант сомасының 10 % аспайтын мөлшердегі сомасын пайдалануға болады);
5) өнімді және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету мақсатында әлеуетті клиенттерді (пайдаланушыларды) тартуға байланысты іс-шаралар, аталған іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік грант сомасының 20 % аспайтын мөлшердегі сомасын пайдалануға болады;
6) жобаның жұмыс нәтижесі бойынша ұсынылатын өнімдердің және / немесе көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін өндіруге байланысты шығыстар;
7) жобаны іске асыру барысында туындаған зияткерлік меншікті қорғау (үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер және мемлекеттік бажды төлеу);
8) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу – техникалық, технологиялық сипаттағы мамандандырылған қызметтер сипаты;
9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына рұқсат беру құжаттарын алу;
10) мемлекеттік грант мақсатына қол жеткізуге тікелей байланысты қосымша шығыстар.
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлік және жер учаскесін сатып алуға пайдалануға болмайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін ең көп мемлекеттік грант сомасы:
1) жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асыру үшін 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін негізделген мәлімделген шығындардың 80 % дейінгі мөлшерде, бірақ 50 000 000 (елу миллион) теңгеден аспайды.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлер субъектілері Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығы бар сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған).
Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне өтінішті дайындау және Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгінуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы
туралы жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген анықтама;
4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоба;
5) өкілге берілген сенімхат (қажет болған кезде).";
21-тармақ алып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (конкурстық комиссияның жұмыс органы) кәсіпкердің құжаттарын алғаннан кейін:
1) құжаттардың толықтығын тексереді;
2) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы конкурстық комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді;
3) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға қажетті құжаттарды және өтінім алынған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде шағын кәсіпкерлік субъектісінің материалдарын сараптама жүргізу үшін ұлттық институтқа жолдайды.
Мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта пысықтау үшін қайтарады.";
мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3-тармақтармен толықтырылсын:
"22-1. Жобаларға сараптама жүргізуді ұлттық институт жүзеге асырады.
Сараптамаларды жүргізу барысында ұлттық институт шағын кәсіпкерлік субъектісінен жоба бойынша қажетті ақпаратты және/немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қажет болған жағдайда ұлттық институттың негіздемесі бойынша отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар сараптама жүргізу үшін тартылады.
22-2. Ұлттық институт жобаға сараптаманы мына бағыттар бойынша жүргізеді:
1) технологиялық сараптама ұқсастармен салыстырғанда жобаның техникалық тұрғыдан іске асырылуы мен технологиялық орындылығының артықшылықтарын белгілеу мақсатында жүргізіледі;
2) қаржылық-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық тұрғыдан орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарын, маркетингтік стратегияны, мәлімделген мерзімдерге жұмысты бөлуді, жұмыс көлемі мен мазмұнын және қаржыландыруға қажетті сомасын бағалау мақсатында жүргізіледі;
3) құқықтық сараптама қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкестігі тұрғысынан ұсынылған құжаттардың мазмұнына жан-жақты құқықтық талдау жүргізу мақсатында жүргізіледі.
Сараптаманы жүргізу тәртібі ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
Ұлттық институт қажет болған жағдайда отандық және шетелдік сыртқы сарапшылардың және сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар ұсынымдарының негізінде қалыптастырады.
Өтінімге сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде ұлттық институт әр сарапшымен сараптамалық қызметтер көрсетуге шарт жасайды.
Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан сарапшының, сондай-ақ өтініш берушімен үлестес болып табылатын тұлғаның өтінімдерді бағалауына жол берілмейді.
Сараптаманы жүргізудің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспайды.
22-3. Сараптамалардың нәтижелері бойынша Ұлттық институт ұсынымдарды қалыптастырады және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін жолдайды.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурс өткізген кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық іріктеуге ұсынылған қатысушылардың бизнес-жобаларын/индустриялық-инновациялық жобаларын қарайды;
2) мемлекеттік гранттар беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етілмейді.
Конкурстық комиссияның өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратуға құқығы бар.";
27-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия кәсіпкерлердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:";
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық
комиссия бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:
1) өнімнің (тауардың, көрсетілетін қызметтің) не бизнес-процестің жаңашылдығы;
2) жобаны іске асыру үшін өтініш беруші командасының тәжірибесі мен құзыреттері;
3) өнімді (тауарды, көрсетілетін қызметті) өткізу үшін нарықтың болуы және сыйымдылығы.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Кәсіпкерге грант беру/бермеу туралы шешім конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік грант беру мүмкіндігінің/мүмкін еместігінің себептері көрсетіле отырып, конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
Конкурстық комиссияның хаттамасында әр қаралған жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуға тиіс.";
30 және 31-тармақтар алып тасталсын;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өткізілген конкурс нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1) кәсіпкерге конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарламаны;
2) мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша конкурстық комиссияның хаттамасын шағын кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік грант беру жөнінде шарт жасасу үшін дайындық іс-шараларын өткізу үшін қаржы агенттігіне/ұлттық институтқа жібереді.";
"Гранттарды беру тетігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік гранттарды беру тетігі";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігімен/ұлттық институтпен және шағын кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – шарт) қол қояды.";
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
"37-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант бойынша бірінші траншты алу үшін шағын кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік грант сомасының 20 % мөлшеріндегі ақша қаражатының болуын растауы қажет (банктік шотынан ақша қаражатының болуы туралы үзінді).
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грантты игеру мерзімі 36 айдан аспауға тиіс.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі/ұлттық институт шағын кәсіпкерлік субъектісінен барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, орналасқан орнына шығумен мониторингті жүзеге асыруға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
"41-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру мониторингін ұлттық институт жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу бойынша ұлттық институттың актісі негізінде жүргізеді.
Мониторингтің негізгі қағидаттары:
1) мемлекеттік гранттың мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;
2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің шарттың талаптарын орындауын мониторингілеу болып табылады.
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жоба бойынша мемлекеттік грант қаражаты үнемделсе, бұл үнемдеуді шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қайтармайды, ол жобаны одан әрі дамыту мақсаттарына жұмсалады.";
43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Қаржы агенттігі/ұлттық институт кәсіпкердің грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда қаржы агенттігі/ұлттық институт Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, конкурстық комиссияны жазбаша хабардар етеді.
Қаржы агенттігі/ұлттық институт ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия шағын кәсіпкерлік субъектісімен шартты бұзу туралы шешім қабылдауы мүмкін, одан кейін өз шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, қаржы агенттігін/ұлттық институтты хабардар етеді.
44. Конкурстық комиссия шағын кәсіпкерлік субъектісімен шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтарып алу бойынша іс-шараларды өткізеді.";
көрсетілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрышындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымша" деген сөздер "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және бизнес-инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 12 және 13-қосымшаларға сәйкес 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Кімге ______________________________________әкімдігі
Кімнен _______ (бұдан әрі – Кәсіпкер) _________________
№ __________сауалнама-өтініш
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден __________________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қарауға бастамашылық етуді сұраймын:
1. Бағдарламаның бағыттары (белгімен белгілеу керек)
"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты | |
"Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты | |
"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты |
2. Қатысушы туралы мәліметтер
Кәсіпкердің атауы | |
Құрылтайшы(лар) туралы деректер | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Пошталық мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік № | |
Қызмет түрлері | |
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания | |
Жұмыс тәжірибесі |
3. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Лауазымы | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке куәлігінің №, сериясы | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке куәлігінің №, сериясы | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Байланыс жасайтын адам
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны) |
4. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін - акциялардың 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)
Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | % | Деректемелері |
5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат
Сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес) | |
Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес) | |
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері | |
Жылдық айналым | |
Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын | |
Жұмыскерлердің нақты саны |
__________________________ оның ішінде |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) | |
Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала) | |
Жұмыс орындарының саны |
6. Банктік шоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Тарих
Кәсіпкер жұмысының процесінде пайдаланылған банктік несиелердің, лизингтік мәмілелердің өтелгендерімен қатар, қазіргі уақытта өтелмегендерінің барлығы көрсетіледі.
Кредитор / Лизинг беруші | Сомасы | Берілген күні | Сыйақыны өтеу шарттары | Негізгі борышты өтеу шарттары | БҚШ/ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі | Нақты өтеу күні |
1. | ||||||
2. |
8. Қолданыстағы кредиттер/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы:
____/____.
Р/с № | Банк/лизингтік компания | БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні) | Сыйақы мөлшерлемесі, % | Кредит/лизинг валютасы | Кредит/лизинг сомасы | Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы | Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн | Кредит/ лизинг мақсаты (қысқаша сипаттамасы) |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
9. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және кәсіпкерге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысу туралы ақпарат
Р/с № | Мемлекеттік бағдарламаның атауы / мемлекеттік қолдау шаралары | Мемлекеттік даму институтының атауы | Қосымша ақпарат |
10. Кепілдіктер мен келісімдер
Кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:
1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне осы өтінішпен бірге не Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/қаржы агенттігінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін/қаржы агенттігін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/қаржы агенттігінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.
3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
Кәсіпкер осы арқылы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне мынаған келісім береді:
1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана ұсынылған.
3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде/ қаржы агенттігінде сақталатын болады.
4. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидия алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/қаржы агенттігінің субсидия беру немесе Кәсіпкерге келтірілген шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне наразылық білдірмеймін.
11. Қосымшалар
(________________ бағыт бойынша көзделген құжаттар)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)
(Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі толтырады)
_______________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің
қарауына арналған Кәсіпкер жобаларының тізімі
Р/с № | Кәсіпкердің атауы | Жобаның атауы (сипаттамасы) | Заңды мекенжайы | Жобаны іске асыру орны | Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері |
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Барлығы: | |||||
Жобаны іске асыру кезеңі | Бағдарлама бойынша бағыт | ЭҚЖЖ/ИИДМБ коды | ЭҚЖЖ/ИИДМБ секторының атауы | Қаржыландыру сомасы, теңге | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
Жұмыс орындарының саны | Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысу | ӨҮК-ке өтініш беру күні | |||
факт | жоспар | МДИ атауы | МК атауы | ||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | |
Өндірілген өнімнің жалпы көлемінен өнім экспортының көлемі | Банктің/лизингтік компанияның атауы | ||||
өткен жылдағы айналымның жалпы сомасы | өткен жылдағы экспорттық шарттар бойынша тауарды жөнелту сомасы | % | |||
17 | 18 | 19 | 20 | ||
Қосымшалар: (Кәсіпкер БӨҮ-ге ұсынған өтініш және құжаттар жиынтығы)
1)
2)
…
Қысқартулар мен анықтамалар | |
Кәсіпкер | Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі |
ЭҚЖЖ | Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары |
ИИДМБ | ИИДМБ айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері |
МДИ | мемлекеттік даму институттары |
МБ | Мемлекеттік бағдарлама |
МҚШ | мемлекеттік қолдау шаралары |
БӨҮ | Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі |
Лауазымды тұлға ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр)
Жауапты қызметкер__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
_________________________ бойынша
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ ____ хаттамасы
Өткізу орны | |
Өткізу күні: | |
Кеңес төрағасы | |
Қатысқан Кеңес мүшелері | |
Қатыспаған Кеңес мүшелері | |
Шақырылғандар | |
Кеңес хатшысы |
Күн тәртібі
Мәселелер атауы | |
Кеңес:
1 - мәселенің атауы | |
қарады.
Кеңес шешімі
1. Төмендегімен байланысты ______________ (республикалық бюджет/жергілікті бюджет/ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры) есебінен субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес;
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес;
жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне сәйкес мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларын қолданбауына байланысты:
Атауы | ||||
Кәсіпкер | жоба | сала | банк/лизингтік компания | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
БҚШ/ҚЛШ |
Кредит/лизинг |
Қаржыландыру көзі (БЖЗҚ қаражаты/ | Кредит валютасы | Кредит/лизинг мерзімі | Нысаналы мақсаты | |
күні | ||||||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жобаның атауы (сипаттамасы) | МТМ % | Сыйақының номиналды мөлшерлемесі | Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі | Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Субсидиялау мерзімі | Қолдау алғанға дейінгі кәсіпкер (шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі) туралы ақпарат1 | Қолдау алғаннан кейін кәсіпкерге қойылатын талап2 | Ескертпе | |||
Кірістің өсуі, % | Төленетін салық көлемінің өсуі, % | Кірістің өсуі, % | Жұмыс орындарының орташа жылдық санының артуы, % | Төленетін салық көлемінің өсуі, % | ||
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
Ескертпе
1Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша толтырылады.
2Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер жобалары бойынша, сонымен қатар Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша толтырылады.
2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін мақұлданған жобалар тізімі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына және көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге/даму банкіне/лизингтік компанияларға жіберілсін.
3. Субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдауға төмендегіге байланысты бас тартылсын:
1) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеу;
2) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келмеу;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне сәйкес мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларын қолдану:
Атауы | Бас тарту себептері | ||||
Кәсіпкер | жоба | сала | банк/лизингтік компания | ||
Кеңес мүшелерінің қолдары:
Кеңес мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мәртебесі | "ҚОЛДАЙМЫН" | "ҚАРСЫМЫН" | ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР | |
Кеңес төрағасы | ||||
Кеңес төрағасының орынбасары | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі |
Кеңес:
2 - мәселенің атауы | |
қарады.
Кеңес шешімі
1.
2.
Кеңес мүшелерінің қолдары:
Кеңес мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мәртебесі | "ҚОЛДАЙМЫН" | "ҚАРСЫМЫН" | ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР | |
Кеңес төрағасы | ||||
Кеңес төрағасының орынбасары | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес хатшысы ________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Егер Кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген жағдайда, "Түсініктемелер" бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
_____________ бастап ____________дейінгі ж. кезеңіндегі
субсидиялау туралы есеп
Банктің/даму банкінің/лизинг-тік компанияның атауы | Кәсіп-кер жүгін-ген орын | Кәсіпкер-дің атауы | IBAN коды* | БСН |
БҚШ | БҚШ/ҚЛШ (транш) күні |
Кредит/ли-зинг | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
Кредит/лизинг (транш) бойынша | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы | Кезең ішінде шегерілген субсидиялар сомасы |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кредит/лизинг бойынша мерзімі өткен төлемдер күндерінің саны | Кредитті (траншты) нысаналы қолданудың егжей-тегжейлі деректері |
14 | 15 |
Лауазымды тұлға _______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөрі)
Жауапты қызметкер ______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе:
* банктің/даму банкінің банк жүйесі жасайтын субсидиялау шартының бірегей сәйкестендіру коды
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға
____________ бастап _____________ дейінгі кезеңіндегі субсидиялау туралы есеп
Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның атауы | Кәсіпкер жүгінген орын | Кәсіпкердің атауы |
БҚШ/ | БҚШ/ҚЛШ (транш) күні |
Кредит/лизинг |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кредит/лизинг (транш) бойынша | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы | Кезең ішінде шегерілген субсидиялар сомасы |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
*Айналым қаражатын толтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау жобалары, сондай-ақ БЗЖҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша субсидиялау туралы есеп Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға ұқсас нысан бойынша жеке беріледі.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі кәсіпкерлердің өтінімдері туралы ақпарат
1 | Өтініш берушінің аты | |
2 | Жобаны іске асыру орны | |
3 | Құрылды | |
4 | Қызмет түрі | |
5 | Жобаның құны | |
6 | ЭҚЖЖ бойынша сала | |
7 | Бағдарламаның бағыты | |
8 | Қолдау түрі | |
9 | Кредит сомасы 750 млн.теңгеден/4,5 млрд.теңгеден аспауға тиіс | |
10 | Кредит сомасы | |
11 | Айналым қаражаты кредит сомасының 30%-нан аспауға тиіс | |
12 | Пайыздық мөлшерлеме | |
13 | Екінші деңгейдегі банк | |
14 | Кредиттің мақсаты | |
15 | Жоба бағыты: | |
16 | Қызметкерлердің нақты саны | |
17 | Құрылатын жұмыс орындары | |
| Меншікті қаражатпен (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік) қатысу 180 млн.тг кредит сомасынан асқан жағдайда 10 %-дан кем емес | |
19 | ЖИЖ (жаңа инвестициялық жоба) іске асыруға арналған кредит 1 жыл ішінде ӨҮК отырысына шығарылғанға дейін берілді | |
20 | Номиналды пайыздық мөлшерлемесі 19% жоғары (19%-ға дейін төмендеу) қолданыстағы кредит ӨҮК отырысына шығарылғанға дейін 12 ай өтпей берілді | |
21 | Басқа мемлекеттік қолдау шараларына қатысу | |
22 | Жетекшілік ететін ведомство, холдинг, ұлттық компания немесе бас компания | |
23 | Өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асырады | |
24 | Кредиттің нысаналы мақсаты акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды көздемеуге тиіс | |
25 | Ірі салық төлеушілер тізбесіне қосылған, минералды шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде жобаны іске асырады | |
26 | Акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (ӘКК және МЖС қоспағанда) тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдар құрылтайшылар (оның ішінде қатысушылар, акционерлер) болып табылады | |
27 | Пайыздық мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер | |
28 | Кепілдік беруді жүзеге асыру 360,0 млн.теңгеден аспайтын кредит сомасы | |
29 | Жоспарланатын субсидиялар сомасы | |
30 | Субсидиялар бойынша қалдық сомасы | - |
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес жоба Бағдарламаның өлшемшарттарына сай келеді.
Субсидиялау жөніндегі менеджер __________________
Өтініш берушінің атауы: ЖШС/ЖК _________________
200__ жылғы "_______" құрылды тіркеу _________________
201_, 201_ және 201_ жж. бойынша декларация нысанының көшірмелері ұсынылды
(мың теңге)
201_ | 201_ | 201_ | Жылдық орташа кіріс |
Жылдық орташа кіріс ______ АЕК-тен аспайды. Компания микробизнес/шағын бизнес/орта бизнес сегментіне жатады
Жұмыскерлер саны | 201_ | 201_ | 201_ |
1-жартыжылдық | |||
2-жартыжылдық | |||
Орташа |
Жұмыскерлер саны __ адамнан артық емес. Компания микробизнес/шағын бизнес/орта бизнес сегментіне жатады
Кәсіпкердің/Жобаның тиімділік өлшемшарттары бойынша кесте
(орта және ірі бизнес сегменттері бойынша толтырылады)
(мың теңге)
Жыл | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 |
Кезең | -3 | -2 | -1 | 0 |
Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері | ||||
Кіріс 1 | - | - | - | - |
өсу % | - | - | - | - |
1. Декларация нысаны – ___
2. kgd.gov.kz сайтынан
АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК КОДЕКСІНЕ СӘЙКЕС
Сегмент атауы | Жұмыскерлер саны | Жылдық орташа кіріс |
Микробизнес | ||
Шағын бизнес | ||
Орта бизнес |
*АЕК 201 ж. = _______ тг.
Жоба бойынша (шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің атауы - бұдан әрі ШОКС) кепілдіктің қажетті сомасын есептеу
Р/с № | Жоба атауы | Кредит сомасы, мың теңге | Кредит мерзімі, ай | Кепілдік қамтамасыз ету | Бағаланған құны, мың теңге | Кепілдік құны, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кепілдіктің қажетті сомасы, мың теңге | Кредит сомасына кепілдік сомасы, (%) |
8 | 9 |
Лауазымды тұлға ________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр)
Жауапты қызметкер ______________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Қайда: әкімдігі
Кімнен: _______________________
№ __________өтініш
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ___________ жылғы № ___ қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020"бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру бойынша кепілдік беру қағидаларына сәйкес ________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес Бағдарлама шеңберінде "____________" акционерлік қоғамы алдында кредитті ішінара кепілдендіру мүмкіндігін қарау туралы мәселені шығаруға бастамашылық етуіңізді өтінемін:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
ШОКС атауы | |
Құрылтайшы(лар) туралы деректер | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Пошталық мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік нөмірі | |
Қызмет түрлері | |
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания | |
БСН/ЖСН | |
Жұмыс тәжірибесі |
2. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Лауазымы | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, сериясы, берілген күні | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, сериясы, берілген күні | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген орны (тұратын жеріне тіркелу) | |
Жұмыс тәжірибесі |
Байланыс жасайтын адам
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны) |
3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін - акциялардың 5 және одан көп пайызына ие акционерлер)
Атауы/Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | % | Деректемелері |
4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат
Сала (ЭҚЖЖ сәйкес) | |
Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес) | |
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері | |
Жылдық айналым | |
Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын | |
Жұмыскерлердің нақты саны | олардың ішінде әйелдер |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) | |
Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала) | |
Жұмыс орындарының саны |
5. Банктік шоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
6. Кредиттік тарих
Заңды тұлға жұмысының процесінде пайдаланылған барлық банк қарыздарының өтелгендерімен қатар, қазіргі уақытта өтелмегендерінің барлығы көрсетіледі.
Кредитор | Сомасы | Берілген күні | Сыйақыны өтеу шарттары | Негізгі борышты өтеу шарттары | Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі | Нақты өтеу күні |
1. | ||||||
2. |
7. Қолданыстағы кредит туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы: ____/_____
Р/с № | Банк | Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні) | Сыйақы мөлшерлемесі, % | Кредит сомасы, теңге | Негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге | Кредит валютасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кредит мерзімінің аяқталу күні | Кредит мақсаты (қысқаша сипаттамасы) |
8 | 9 |
8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысу туралы ақпарат
Р/с № | Мемлекеттік бағдарламаның атауы/мемлекеттік қолдау шаралары | Мемлекеттік органның, ұлттық қордың/холдингтің атауы | Қосымша ақпарат |
1. | |||
2. |
9. Кепілдіктер мен келісімдер
Осы өтініште көрсетілген барлық деректер мен ақпарат анық және шындыққа толығымен сәйкес келетініне кепілдік беремін, көрсетілген деректер мен ақпаратта анық емес жағдайлар анықталған кезде көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталғанда бұл өтініштен кез келген кезеңде бас тартылуы мүмкін екеніне келісемін.
Осы құжат арқылы жергілікті атқарушы органға осы өтініште көрсетілген мәліметтер мен ақпаратты мүдделі үшінші тұлғаларға берулеріне қайтарылмайтын келісім беремін.
Қосымшалар:
Осы Келісімде көзделген құжаттар тізбесі.
______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)
ШОКС сараптама жүргізу үшін
қаржы агенттігіне банк беретін
құжаттар тізбесі
1. Жалпы құжаттар:
Р/с № | Құжаттар атауы | Нысан |
2 | 3 | |
Құжаттар тізбесіне ілеспе хат | түпнұсқа | |
Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-беру актісі | банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және банктің мөрімен/мөртаңбасымен расталған түпнұсқа | |
Банктен кредит алуға өтінім | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, кредиттік, кепілдік және заң басқармасының және банк тәуекелдері басқармасының сараптамалық қорытындылары | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Соңғы есептік күндегі жағдай бойынша (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланатын күнін және нысанын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешектің түсіндірмесі, негізгі құралдардың, ТМҚ түсіндірмесі, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін) ШОКС қаржылық құжаттары* | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Жылдың басындағы және соңғы есептік күндегі жағдай бойынша ШОКС мөрімен куәландырылған (заңды тұлғалар үшін) ШОКС қаржылық құжаттары (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланатын күнін және нысанын көрсете отырып, жылдың басындағы және соңғы есептік күндегі кредиторлық және дебиторлық берешектің түсіндірмесі, негізгі құралдардың, ТМҚ түсіндірмесі) * | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын түсіндіру – өткізу кірісі, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралып отырған кезеңде өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі* | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме немесе түпнұсқа | |
Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, қызмет көрсететін банктің несие берешегінің бар болуы (жоқтығы), соңғы 12 айдағы айналымдары, сонымен қатар құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№2 картотека) есептік құжаттар туралы анықтамасы | банк нысаны бойынша түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме қабылданады) | |
Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы мерзімі өткізілген берешектің (банктерден басқа, кредиттер болған кезде) бар болуы туралы анықтамалар | түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме қабылданады) | |
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені (бар болуы) туралы анықтама** | түпнұсқа (egov.kz анықтама) | |
Екінші деңгейдегі банктерде қолданыстағы барлық шоттар туралы мәліметтер | ШОКС хатының түпнұсқасы | |
Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т.б. (егер өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты жіберілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін іске асыру лицензияланатын жағдайда) | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Жобаны іске асыру бойынша құжаттар (бар болса): | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Бизнес-жоспар | түпнұсқа немесе банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және пысықталған келісімшарттар (бар болса) | көшірмелер | |
Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса) | көшірмелер | |
Банк атынан банк қарызы, кепілі және кепілдігі шартын жасайтын адамның өкілеттігін растайтын құжаттар. | банк мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасау сәтінде ұсына алады) |
* 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша
Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күні 6 айдан аспауға тиіс.
2. ШОКС құқықтық мәртебесі мен өкілеттілігін айқындайтын құжаттар
1. Егер ШОКС жеке кәсіпкер болған жағдайда:
Р/с № | Құжаттың атауы | нысан |
2 | 3 | |
Жеке басты куәландыратын құжат | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделеген жағдайларда патент** | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме (egov.kz анықтамасы қабылданады) | |
Қолтаңба үлгісі мен мөр бедері бар құжат | нотариат куәландырған түпнұсқа/ банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
ШОКС-тың кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі | түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі | |
ШОКС-тың жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі | түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі |
2. Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда.
Р/с № | Құжаттың атауы | Нысан |
2 | 3 | |
Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар | нотариат куәландырған көшірме/ банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама** | нотариат куәландырған көшірме (egov.kz анықтамасы қабылданады) | |
ШОКС уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі | түпнұсқа не банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Банкте және қаржы агенттігінде ШОКС атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжат, сонымен қатар оның өкілеттілігін растайтын құжаттар | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған ШОКС уәкілетті органының шешімі | қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа | |
Кредит алу туралы шешім қабылдаған ШОКС уәкілетті органының шешімі | банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа | |
Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолтаңба үлгісі және ШОКС мөрінің бедері бар құжат | нотариат куәландырған түпнұсқа/ банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
ШОКС кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі | түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі |
Ескертпе:
**"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберілген жағдайда бұл құжаттар сұратылмайды.
Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда мұндай құжат тігілуге және нөмірленуге не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолымен және мөрмен/ мөртаңбамен куәландырылуға тиіс.
"_____________________" акционерлік қоғамына
Алдын ала кепілдік хат
Бағдарламаның бірінші/екінші бағытын іске асыру шеңберінде Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін кепілдендіру бойынша серіктестік туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) _________ жобасы бойынша ЖК/ЖШС/АҚ қаржы агенттігінің кепілдік беруі туралы "___________"
өтінімін қарап, мақұлдады: __________
"_______________".
Қаржы агенттігі "__________"
ЖК/ЖШС/АҚ үшін __________ "_________________________" жобасы бойынша мынадай талаптармен кепілдік беруге дайын:
1) кепілдік сомасы: _____________ (________________) теңге, бұл кредит сомасының _____ % құрайды;
2) кепілдік мерзімі ______________;
3) кепілдік берудің өзге де талаптары Келісім талаптарына сәйкес жасалуға тиіс кепілдік шартында реттеледі.
*талаптарды кесте нысанында қосуға болады
Осы алдын ала кепілдік хаттың қолданылу мерзімі: ___.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін ішінара кепілдендіру түрінде мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда қаржы агенттігі кепілдік берудің жоғарыда көрсетілген талаптарын қайта қарауға және өзгертуге не оларды толығымен немесе ішінара күшін жоюға құқылы, бұл туралы банк кепілдік шартына қол қойылғанға дейін хабарландырылады.
Құрметпен,
___________ _____________ _____________________________________
(лауазым) (қолы) М.О. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
"_____________" акционерлік қоғамының
Бағдарламаның бірінші/екінші бағыты шеңберінде ШОКС жобаларын іске асыру барысын ағымдағы мониторингілеу туралы есебі
__________________ бастап __________________ дейінгі ж. кезеңі аралығында
Р/с № | Банктің атауы | ШОКС жүгінген орны (облыс, өңір) | Қарыз алушының атауы | Қарыз алушының ЖСН/БСН |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Заңды мәртебесі (ЖШС, ЖК, ШҚ, ӨК) | Банктік қарыз шартының / Кредит желісін ашу туралы келісімнің № | Банктік қарыз шартының / Кредит желісін ашу туралы келісімнің күні | Кредит мерзімі | |
6 | 7 | 8 | 9 | |
Кредит сомасы | Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі | Сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі | |
10 | 11 | 12 | 13 | |
Кредит (транш) бойынша берілген күні | Нақты берілген қаражат сомасы | Есептік күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы | Кепілдік шартының нөмірі | |
14 | 15 | 16 | 17 | |
Кепілдік шартының күні | Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы | Кепілдік бойынша қаржы агенттігінің міндеттемесін орындау сомасы | НБ бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыз сомасы | |
18 | 19 | 20 | 21 | |
НБ бойынша мерзімі өтіп кеткен күндер саны | Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өтіп кеткен күндер саны | Кредит беру нысаны (инвестициялық кредит/ айналымдағы қаражатты толықтыру) | ЭҚЖЖ бойынша коды | |
22 | 23 | 24 | 25 | |
Жоба бойынша бизнес (старттық/жұмыс істеп тұрған) | Банктік қарыз шарты/Кредит желісін ашу туралы келісім бойынша қолжетімділік мерзімі | Банктің уәкілетті органы шешімінің күні | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары бойынша жіктеу санаты | |
26 | 27 | 28 | 29 | |
Лауазымды адам ____________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр)
Жауапты қызметкер ______________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық
жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
мемлекеттік грант алуға өтінімі
Р/с № |
Қажетті ақпарат (өтінім беру кезінде өзектілендірілген) | Өтінім беруші туралы мәліметтер |
1. |
Ұйымның толық және қысқартылған атаулары: | |
Тіркеу деректері: | ||
Байланыс деректері: | ||
Банктік деректемелер | ||
Кредиторлық және салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер | ||
Жобаның атауы | ||
Қызмет түрі: (өндіру, сату, көрсетілетін қызметтер) | ||
Жоба командасының жұмыс тәжірибесі, оның ішінде ұсынылатын қызмет бағыты бойынша тәжірибе |
_____________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен
атынан өтініш берушінің атауы)
атынан
_____________________________________________________________
(лауазымның атауы, уәкілетті тұлғаның, басшының тегі, аты, әкесінің аты)
бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне грант ұсыну бойынша іріктеуге қатысуға келісетіні туралы хабарлайды.
Мен осы өтінімде көрсеткен барлық ақпарат анық және өтінім берілген кезде өзекті болып табылатынын растаймын.
Осы өтінімге ұсынылатын құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса беремін.
Өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (толығымен):______________________________________
Қолы: _________________ Күні: ____________
* өтінімнің әр бетіне қол қою қажет М.О.
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1. Жобаның атауы.
1.2. Өтініш берушінің атауы (толық және қысқартылған).
1.3. Жарғылық капиталды бөлу.
1.4. Орналасқан орны, заңды мекенжайы туралы мәліметтер.
1.5. Сайт (болған жағдайда).
1.6. Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы.
1.7. Шығаруға ұсынылатын өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) немесе
бизнес-процесс.
1.8. Грант алған кезден бастап жобаны іске қосудың болжамды мерзімі.
2. ЖОБАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
2.1. Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен өнім параметрлері).
2.2. Шешімдер жобаларында ұсынылған жаңалық.
2.3. Патенттердің және жоба тақырыбы бойынша өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы.
2.4. Жобаның бизнес-процесін не өнім жасаудың сипаттамасы.
2.5. Ресурстармен қамтамасыз ету.
3. КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1. Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау.
3.2. Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).
Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы келтіріледі (өндіру үшін ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтармен салыстырылған техникалық деңгейі мен құны, дереккөздерге сілтемелер):
1-кесте |
Көрсеткіштердің атауы | Көрсеткіштердің мәні | ||
Ұсынылатын үлгі | № 1 аналог | № 2 аналог | |
3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.
- Өткізу нарықтарының (экспорттық және ішкі) сипаттамасы, оның ішінде: нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы; бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы.
- Нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай мәндегі жылдық көлем, сұраныстың өсу немесе төмендеу үрдісі).
- Компанияның өнімдері иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі.
- Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер.
- Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары).
- Осы нарықта өнімді табысты түрде іске асыруға елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер).
4. ЖОБАНЫҢ КОМАНДАСЫ
4.1. Қызметкерлер саны, олардың қызмет бағыты және түйіндеме мен біліктілікті растайтын құжаттарды (диплом, сертификаттар) қоса берумен олардың біліктілігі.
4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.
4.3. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жаңа мамандар тарту схемасы.
5. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ
5.1. Тәуекелдердің ықтимал типі мен көздері, оларды азайту жөніндегі шаралар.
5.2. Кезеңдері, нақты алынатын нәтижелері, уақыт аралықтары және қажетті қаражаты көрсетіле отырып, жобаны іске асыру жоспары (жобаны қаржыландыру кезеңінде де, аяқталғаннан кейін де осы кезеңде жоспар жасалады) (2-кесте).
2-кесте |
Жобаны іске асыру кезеңдерінің атауы | Кезең мерзімі | Кезең құны | Сапалық және сандық нәтижелер |
6. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЫ
6.1. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, оның ішінде инвестициялардың немесе жеке қаражаттың көлемі, қаражат көздері мен оларды алу нысандары (3-кесте).
6.2. Жобаны іске асыру үшін бұрын тартылған қаржыландыру (осы көздерді көрсете отырып).
3-кесте |
Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар | Шығын сомасы (теңге) | Жұмыс-тар кезеңдері | Баға белгілеу бойынша түсіндірме | Қаржыландыру көздері | Есептерде қолданылатын дереккөздер |
Шығындар – Барлығы: | |||||
оның ішінде баптар бойынша: | |||||
Басқа да қаржыландыру көздерінің шығындары - Барлығы: | |||||
Олардың ішінде: | |||||
Жеке қаражат | |||||
Басқалар |
6.3. Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске жұмсалатын шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), Excel форматында көрсеткіштер есептеулері қоса беріледі.
6.4. Excel форматындағы кесте түрінде есептеулерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістер, шығыстар, ақша қозғалысы жоспарының болжамын есептеу. Қызмет түрлері бойынша таратып жазумен кірістер бойынша есептер, шығындар баптары бойынша таратып жазылған шығындар.
6.5. NPV, IRR, DPP, PI инвестициялық көрсеткіштерін есептеу, инвестициялық көрсеткіштер есептеулерін Excel форматында қоса беру.