Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысы.

Жаңартылған

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 933 қаулысымен
бекітілген

Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.04.2021 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.06.2021 № 379; 18.02.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Мынадай су объектілерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа гидротехникалық құрылыстар):

      1) Сырдария өзенiндегi Шардара су қоймасы;

      2) Ертiс өзенiндегi Бұқтырма су қоймасы;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.06.2021 № 379 қаулысымен.
      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.06.2021 № 379 қаулысымен.

      5) Есiл өзенiндегi Астана су қоймасы;

      6) Есiл өзенiндегі Сергеев су қоймасы;

      7) Есiл өзенiндегi Петропавл су қоймасы;

      8) Іле өзенiндегi Қапшағай су қоймасы;

      9) Шелек өзенiндегi Бартоғай су қоймасы;

      10) Сiлетi өзенiндегi Сілеті су қоймасы;

      11) Қоянды өзенiндегi Қоянды су қоймасы;

      12) Елек өзенiндегi Ақтөбе су қоймасы;

      13) Қарғалы өзенiндегi Қарғалы су қоймасы;

      14) Сазды өзенiндегi Сазды су қоймасы;

      15) Үйдене өзенiндегi Үйдене су қоймасы;

      16) Қандысу өзенiндегi Қандысу су қоймасы;

      17) Шар өзенiндегi Шар су қоймасы;

      18) Егінсу өзенiндегі Егiнсу су қоймасы;

      19) Қарақол өзенiндегi Қарақол су қоймасы;

      20) Ұлан өзенiндегі "Алебастр" су қоймасы;

      21) Терiс өзенiндегi Терiс Ащыбұлақ су қоймасы;

      22) Шу өзенiндегi Тасөткел су қоймасы;

      23) Көшiм өзенiндегі Киров су қоймасы;

      24) Көшiм өзенiндегi Бітік су қоймасы;

      25) Көшiм өзенiндегi Дөңгелек су қоймасы;

      26) Көшiм өзенiндегі Пятимар су қоймасы;

      27) Үлкен Өзен өзенiндегi Сарышығанақ су қоймасы;

      28) Кiшi Өзен өзенiндегi "Балықты Сокрыл" су қоймасы;

      29) Кiші Өзен өзенiндегi 1-Казталов су қоймасы;

      30) Кiшi Өзен өзенiндегi 2-Казталов су қоймасы;

      31) Шаған өзенiндегi Шаған су қоймасы;

      32) Шерубай-Нұра өзенiндегі Жартас су қоймасы;

      33) Шоқай өзенiндегi Шоқай су қоймасы;

      34) Нұра өзенiндегi Ынтымақ су қоймасы;

      35) Соқыр өзенiндегi Федоров су қоймасы;

      36) Есiл өзенiндегi Есiл су қоймасы;

      37) Ащысу өзенiндегi Ащысу су қоймасы;

      38) Ақтасты өзенiндегi Ақтасты су қоймасы;

      39) Жездi өзенiндегі Жездi су қоймасы;

      40) Тобыл өзенiндегi Жоғарғы Тобыл су қоймасы;

      41) Тобыл өзенiндегi Қаратомар су қоймасы;

      42) Тобыл өзенiндегi Қызылжар су қоймасы;

      43) Тобыл өзенiндегі Сергеев су қоймасы;

      44) Тобыл өзенiндегi Амангелдi су қоймасы;

      45) Бадам өзенiндегi Бадам су қоймасы;

      46) Тоғыз өзенiндегi Тоғыз су қоймасы;

      47) Шаян өзенiндегi Қапшағай су қоймасы;

      48) Бөген өзенiндегі Бөген су қоймасы;

      49) Жаңақорған өзенiндегi Сасықбұлақ су қоймасы;

      50) Қарашық өзенiндегi Қосқорған су қоймасы;

      51) Шерт өзенiндегi Шерт су қоймасы;

      52) Баба Ата өзенiндегi Баба Ата су қоймасы;

      53) Үлкен Шаға бұлағындағы Таушаға су қоймасы;

      54) Алмалы өзенiндегi Таскенсай су қоймасы;

      55) Үлкен Қарақұс өзенiндегi Шүкiрой су қоймасы;

      56) Келес өзенiндегi Ақылбексай су қоймасы;

      57) Үштөбе өзенiндегi Үштөбе су қоймасы;

      58) Нұра өзеніндегі Самарқанд су қоймасы.

      2. Мынадай су шаруашылығы құрылыстары:

      1) Сабыр Арыстанбаев атындағы Қызылорда су торабы;

      2) Сырдария өзенiндегi Қазалы су торабы;

      3) Сырдария өзенiндегi "Әйтек" су торабы;

      4) Сырдария өзенiндегі "Ақлақ" су торабы;

      5) Шелек өзенiндегi Шелек су торабы;

      6) Нұра өзенiндегi Преображенский су торабы;

      7) Ойыл өзенiндегі Ералы су торабы;

      8) Талас өзенiндегі Талас су торабы;

      9) Талас өзенiндегi Темiрбек су торабы;

      10) Талас өзенiндегi Жейiмбет су торабы;

      11) Талас өзенiндегі Ойық су торабы;

      12) Аса өзенiндегi Аса су торабы;

      13) Шу өзенiндегi Фурманов су торабы;

      14) Мерке өзенiндегі қосымша су беретiн трактiсi бар Мерке су торабы;

      15) Аспара өзенiндегi қосымша су беретiн трактісi бар Аспара су торабы;

      16) Ақсай өзенiндегi Ақсай су торабы;

      17) Көксай өзенiндегi Көксай су торабы;

      18) Шаған тармағындағы Көшiм су торабы;

      19) Кiшi Өзен өзенiндегі Варфоломеев су торабы;

      20) Кiшi Өзен өзенiндегi Мамай су торабы;

      21) Арыс өзенiндегi Қараспан су торабы;

      22) Шу өзенiндегi Тасөткел бөгетi;

      23) Ақкөл көлiндегi Ақкөл бөгетi;

      24) Солтүстiк Арал теңiзiнiң су көтеру бөгетi;

      25) Белая өзенiндегi су көтеру бөгетi;

      26) Орал-Көшiм суару-суландыру жүйесiнiң бас құрылыстары;

      27) Сырдария өзенiнiң Қараөзек тармағының бас құрылысы;

      28) Д.А.Қонаев атындағы Yлкен Алматы каналының бас құрылысы;

      29) Қ.И.Сәтпаев атындағы каналдың гидротехникалық құрылыстары;

      30) Сырдария өзеніндегі Көксарай су реттеуіші;

      31) Астана қаласының Есіл өзенін тасқын су басудан қорғау бөгеті;

      32) "Батыс" коллекторы бар Қызылқұм магистральды каналы.

      3. Мынадай қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететiн су шаруашылығы құрылыстары (cу жинағы құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары):

      1) Нұр-Сұлтан;

      2) Алматы;

      3) Ақтау;

      4) Ақтөбе;

      5) Атырау;

      6) Қарағанды;

      7) Көкшетау;

      8) Қостанай;

      9) Қызылорда;

      10) Павлодар;

      11) Петропавл;

      12) Талдықорған;

      13) Тараз;

      14) Орал;

      15) Өскемен;

      16) Шымкент;

      17) Семей;

      18) Түркiстан;

      19) Теміртау;

      20) Екiбастұз;

      21) Рудный;

      22) Жезқазған;

      23) Кентау;

      24) Балқаш;

      25) Жаңаөзен;

      26) Сәтпаев;

      27) Ақсу;

      28) Риддер;

      29) Арыс;

      30) Степногор;

      31) Шахтинск;

      32) Саран;

      33) Қапшағай;

      34) Арқалық;

      35) Лисаков;

      36) Приозер.

      4. Осы тізбенің 3-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.

      5. Құрылысы жоспарланған немесе құрылыс процесіндегі су шаруашылығы құрылыстары*:

      Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады бар су құбыры.

      Ескертпе:

      *Осы тармақта көрсетілген су шаруашылығы құрылыстары пайдалануға берілгеннен кейін олар осы тізбенің тиісті тармағына енгізілуге жатады.