Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 915 Қаулысы.

Жаңартылған

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 915 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға бағытталатын резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсетілетін қызметтерді медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      2) күтпеген шығыстарды жабу кезеңі (бұдан әрі – жабу кезеңі) – "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайды тоқтатқан немесе күшін жойған күннен бастап 6 айдан аспайтын кезең;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      5) күтпеген шығыстар – жабу кезеңінде Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезеңінде және (немесе) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жойғаннан кейін халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерге қажеттілігінің өсуіне байланысты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі шығыстар мен іс-шаралардың ақысын төлеуге жұмсалатын, кенеттен туындауына байланысты тиісті қаржы жылына арналған шығыстарды қалыптастыру кезінде жоспарлау мүмкін болмаған және тиісті қаржы жылында дереу қаржыландыруды талап ететін шығыстар;

      6) қордың резерві – ай сайынғы негізде қалыптастырылатын жабу кезеңінде күтпеген шығыстарды қаржыландыру үшін қордың ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражаты;

      7) бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 77-бабына сәйкес қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Қордың резервін қалыптастыру

      3. Күтпеген шығыстарды жабу үшін қор ай сайын әр айдың бірінші күні мынадай формула бойынша қор резервінің есебін жүзеге асырады:



      мұнда:

      RRF – есепті күнге қор резерві;

      OT – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдар түсімдерінің көлемі;

      VZ – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жарналар түсімдерінің көлемі;

      R – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қор резервінің шекті пайыздық мөлшерлемесі.

      OT, VZ, параметрлері есепті күннің алдындағы соңғы 12 (он екі) айға есептеледі.

      Ай сайынғы резервтің аудару сомасы есепті күнгі резервтің және алдыңғы күнгі резервтің есептік мәндерінің арасындағы айырмаға тең.

      Қордың резервін есептеу жүргізілетін айдың бiрiнші күні есепті күн болып табылады. Қор резервінің есептеуі жүргізілетін айдың алдындағы айдың бірінші күні алдыңғы күн болып табылады.

      4. Күтпеген шығыстарды жабу үшін қор резервінің пайдаланылған сомасы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ай сайын аудару арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерге дейін толтырылады және ол пайдаланылған айдан кейiнгi айдан бастап аударылады.

      5. Ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған күтпеген шығыстарға арналған резерв қаражаты келесі қаржы жылына ауысады.

3-тарау. Қордың резервін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде пайдалану

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Денсаулық сақтау субъектілері әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тоқтатылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерге қажеттілігінің өсуіне байланысты медициналық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемдеріне ақы төлеуге өтінім (бұдан әрі – өтінім) қалыптастырады және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына келісуге жібереді. Өтінімге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің түрлері мен көлемдері бойынша қажеттілік сомасының есеп-қисабы қоса беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Жергілікті атқарушы органдар өтінім түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оны келіседі немесе медициналық көмектің түрлері мен көлемі бойынша келісуден бас тарту негізін көрсете отырып, келіспей қайтарады.

      Денсаулық сақтау субъектілері ескертулерді жойғаннан кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарына өтінімді келісуге қайта жібереді.

      8. Денсаулық сақтау субъектілері облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келіскеннен кейін, бірақ әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тоқтатылған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей өтінімді қорға жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қор осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген өтінімді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қор резервін пайдалану туралы шешім қабылдайды.

      Қор резервін пайдалану туралы шешім мынадай жағдайларда қабылданады:

      төтенше жағдай енгізілген мерзімі аяқталғанда;

      денсаулық сақтау субъектілері өтінімі/өтінімдері болғанда;

      медициналық көмектің өтінім берілетін түрлері мен көлемдерінің әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдаймен себептік байланысының негіздемесі;

      әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жойғаннан кейін халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерге қажеттілігі әрбір денсаулық сақтау субъектісі бойынша қаржы жылының тиісті кезеңіне жоспарланған медициналық қызметтің көлемінен кемінде 15%-ға өскенде;

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде уәкілетті орган бекіткен медициналық көмекті көрсету үшін денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілген қызметтерді сатып алу қағидаларында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау субъектілерінің арасында қор резервінің қаражатын бөледі.

      Денсаулық сақтау субъектілері күтпеген шығыстарды жабу үшін бөлінген қор резервінің қаражатын жабу кезеңінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетумен байланысты шығыстарды жабуға ғана пайдаланады.

4-тарау. Резервті төтенше жағдай кезеңінде пайдалану

      Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес төтенше жағдай кезеңінде 2 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға және халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, диагностикалық тестілер мен оларға шығыс материалдарының құнын төлеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қалыптастырады және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына келісуге жібереді.

      12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары өтінім келіп түскен күннен бастап оны 2 жұмыс күні ішінде келіседі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша жиынтық өтінімді Бірыңғай дистрибьюторға жібереді.

      13. Бірыңғай дистрибьютор облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарынан өтінімдер келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық өтінімді қалыптастырып, эпидемияға қарсы іс-шараларға және халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, диагностикалық тестілер мен оларға шығыс материалдарының құнын төлеу шартын жасасу үшін оны қорға жібереді.

      14. Қор осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жиынтық өтінім ұсынылған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьютормен эпидемияға қарсы іс-шараларға және халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, диагностикалық тестілер мен оларға шығыс материалдарының құнын төлеу шартын жасасады.

 
  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Өтінім

Жабу кезеңі:

басталу және аяқталу күні

Төтенше жағдайды енгізу туралы нормативтік құқықтық акт:

атауы, күні және нөмірі

Төтенше жағдайды тоқтатқаны немесе күшін жойғаны туралы нормативтік құқықтық акт:

атауы, күні және нөмірі

Күтпеген шығыстардың сомасы:

теңгедегі сома жазбаша

 
Қосымша:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісуі;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек түрлері мен көлемдері бойынша қажеттілік сомасының есебі - __ парақ.

      Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы: ______________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болса), күні)

      М.О.

  Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорының күтпеген
шығыстарды жабуға арналған
резервін қалыптастыру және
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Өтінім

Төтенше жағдайды енгізу туралы нормативтік құқықтық акт:

атауы, күні және нөмірі

Күтпеген шығыстардың сомасы:

теңгедегі сома жазбаша

Қосымша:

өтінім берілетін, эпидемияға қарсы іс-шараларға және халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, диагностикалық тестілер мен оларға шығыс материалдарының атаулары, саны бөлінісінде қажеттілік сомасының есеп-қисабы – ______ парақ.

      Басшы:

      ______________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса), күні)

  Қазақстан Республикасы
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорының күтпеген
шығыстарды жабуға арналған
резервін қалыптастыру және
пайдалану қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 182 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Өтінім

Төтенше жағдайды енгізу туралы нормативтік құқықтық акт:

атауы, күні және нөмірі

Күтпеген шығыстардың сомасы:

теңгедегі сома жазбаша

Қосымша:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісуі;
2) өтінім берілетін, эпидемияға қарсы іс-шараларға және халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, диагностикалық тестілер мен оларға шығыс материалдарының атаулары, саны бөлінісінде қажеттілік сомасының есеп-қисабы – ______ парақ.

      Басшы:

      ______________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса), күні)