Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектіге жатқызу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 833 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының құрылысы" объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2019 № 600 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2019 № 600 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев