"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының құрылысы" объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектіге жатқызылсын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |