Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 744 қаулысы.

Жаңартылған

      2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі жарғысының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 26.06.2020 № 408 қаулысымен.

      2. "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ алып тасталсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев