"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 559 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коммуналдық меншіктен берілетін мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі – кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарамағына берілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағы іске асырылғаннан кейін кәсіпорындар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

      3. Осы қаулының 1 және 2-тармақтары іске асырылғаннан кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Академия) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген қайта аталған кәсіпорындарды оған қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2 және 3-тармақтарын іске асыру бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген Академияға қосылған кәсіпорындардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев




  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 559 қаулысына
1-қосымша

Мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылданатын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы "Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3. Атырау облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі облыс әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      5. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      7. Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. Қостанай облысы әкімдігінің "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      10. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы әкімі аппаратының "Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.






  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 559 қаулысына
2-қосымша

Коммуналдық меншіктен берілетін, қайта аталатын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы "Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      3. Атырау облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі облыс әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      5. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      7. Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      8. Қостанай облысы әкімдігінің "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      9. Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      10. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы әкімі аппаратының "Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      11. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      12. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 559 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 83-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438 және 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 34, 371-құжат).

      3. "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1091 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 59, 815-құжат).