Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 және 2005 жылғы 18 ақпандағы N 153 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 қыркүйектегі N 867 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 559 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 520 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КCPO Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 229-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:

      Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КCPO Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Наталья Артемовна министрi, төрайым

      Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Асқар Раушанұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары

      Есiмқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы

      Ерлан Тұрланғазыұлы министрлiгiнiң Үкiметтiк қарыздарды

      тарту департаментi халықаралық

      ынтымақтастық басқармасының бастығы,

      хатшы

      Сартбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi

      Медет Мақсұтұлы Төрағасының орынбасары

      Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және

      Самат Алпысұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi

      Инвестициялық саясат және жоспарлау

      департаментiнiң директоры;

      мына:

      "Исабеков - Қазақстан Республикасы Әдiлет

      Тимур Шамсатұлы министрлiгi мемлекеттiң мүлiктiк

      құқықтарын қорғау, шарттар және

      талап қою-қуыну жұмыстары

      басқармасының бастығы"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Исабеков - Қазақстан Республикасы Әдiлет

      Тимур Шамсатұлы министрлiгi Халықаралық құқық,

      мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарын

      қорғау, шарттар және талап қою-қуыну

      жұмыстары департаментiнiң директоры";

      көрсетiлген құрамнан Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Әрiпханов Айдар Әбдiразақұлы, Өтеғұлов Мәулен Амангелдiұлы, Байнақов Рахмет Ғазизұлы шығарылсын.

      Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      2-тармақта "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн " деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі