Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 470 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 4 тамыздағы
№ 470 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 151-құжат).

      2. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 373-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 және "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы" 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 840-құжат).

      4. "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 850-құжат).

      5. "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 898 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 521-құжат).