Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 457 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына өзгерістерді бекітуге енгізуді;

      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару, Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі, компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметі және Ақпараттық жүйелердің мониторинг орталығы жобаларын іске асыру үшін жабдықты беру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      90), 91), 92) тармақшалар алып тасталсын;

      184) тармақшада "Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және" деген сөздер алып тасталсын;

      17-тармақтағы 52), 53), 56), 76) тармақшалар алып тасталсын;

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      1) тармақша алып тасталсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев