Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 179 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 7 сәуірдегі
№ 179 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 73-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 528-құжат).

      3. "Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 754 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 602-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 43, 413-құжат).