Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 168 қаулысы.

Жаңартылған

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) 558 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы;

      2) 381 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.11.2017 № 795 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы 1 тамызға және 2018 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп ұсынсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев