"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 168 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 12, 82-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) 558 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 381 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |