Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 669 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 2-бөлімде:
"Жалпы білім беретін мектептер" деген кіші бөлімде:
"Медбике" деген жол алып тасталсын;
"Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдар" деген кіші бөлімде:
"Медбике" деген жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |