Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 669 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 23 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов