Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 112 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу рындарының тізімінде:
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
17. | "Бәйтерек девелопмент" АҚ |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-жолмен толықтырылсын:
"
43. | "KazakhExport" экспортты сақтандыру компаниясы" АҚ |
".
2. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
"Ұлттық компаниялар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-жолмен толықтырылсын:
"43. "KazakhExport" экспортты сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы".
3. "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағанындағы "ҚЭГ" АҚ," аббревиатурасы алып тасталсын;
реттік нөмірі 26-жолдың 6-бағанындағы "ҚЭГ" АҚ (келісім бойынша)," аббревиатурасы және сөздері алып тасталсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2022 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.