Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа және Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев