Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 қаулысында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа және Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.";
      2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
      22-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) Үкімет тиісті шешім қабылдаған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев