1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үлбі металлургиялық зауыты" акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшада көрсетілген "Үлбі-ЖБҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына стратегиялық объектілерді иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 76-жолмен толықтырылсын:
"
76. |
"Үлбі-ЖБҚ" ЖШС қатысу үлесінің 51 % |
";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-жолмен толықтырылсын:
"
33. |
"Үлбі-ЖБҚ" ЖШС қатысу үлесінің 49 % |
".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|
2017 жылғы 10 ақпандағы | |
№ 46 қаулысына қосымша |
"Үлбі металлургиялық зауыты" акционерлік қоғамының "Үлбі-ЖБҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілетін стратегиялық объектілерінің тізбесі
Р/с | Стратегиялық объект |
Объектінің мекенжайы (орналасқан жері) |
1 | кадастрлық нөмірі 05:085:028:1009 жер учаскесiнде орналасқан жалпы ауданы 8684,5 шаршы метр ғимарат 600 бөлігі (А-М 32-44 осьтері), кадастрлық нөмірі 05:085: 1009:028:1009:1 | Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 1009, № 102/30 |
2 | ауданы 0,4636 га нысаналы мақсаты Солтүстік және Оңтүстік өнеркәсіптік алаңша орналастыру болып табылатын, бөлінетін, кадастрлық нөмірі 05:085:028:1009 жер учаскесі | Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 1009, ғимарат № 102/30 |
3 | ауданы 0,0650 га нысаналы мақсаты Солтүстік және Оңтүстік өнеркәсіптік алаңша орналастыру болып табылатын, бөлінетін, кадастрлық нөмірі 05:085:028:1015 жер учаскесі | Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 1009, ғимарат № 102/32 |